Афирмациялар
Қазір көптеген психологиялық əдебиеттер шығарылуда. Əр түрлі мəселелерді
шешуде көмектесетін афирмациялар ойлап табыңыз.
Мысалы:
бір адамның ісі алғабасса, өзіңіздің жұмысыңыз жүрмесе өзіңізге
деген
қатынасыңызды өзгертіп, «ол жасаған іс менің қолымнан келеді»
афирмацияны қолданыңыз. «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым
күннен-күнге жақсаруда» т.с.с.
Рефлексия: кімде қанша сəйкестік бар жəне жаңадан басқаның көзімен қанша
қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
Жаттығу
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады.
Нұсқаулық: «Қазір мен сіздерге түстердің аты жазылған екі рет
қайталанатын карточкалар таратамын, егер сізге, мысалы, «қызыл» деп
жазылған карточка келсе онда сіз тура сондай карточка кімге келгендігін
біліңіз. Мен жемістер мен көкіністердің атын атаймын жəне сол
айтылғанмен сəйкес келетін түстерді əрқайсыларыңыз көрсетуілерңіз керек.
Кейде мен көкініс те жемісте те болмайтын заттардың атауын атаймын.
Бұл кезде барлықтарыңыз отыруларыңыз қажет. Жаттығу болып жатқан
кезде қалған қатысушылардың іс-əрекетін бақылауға тырысыңыз. Кімде
қандай түс келгенін түсінуге тырысыңыз».
Жаттығуды аяқтағаннан кейін тренер бірдей түс келгендерге жұп болуға
ұсыныс жасайды. Жұптасу үнсіз өтуі қажет.
Жұптар қосылғаннан кейін, əр
жұп кезекпен өздерінді қандай түс екендігін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: