Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
85
қатынастар иерархиясының мүлткісіз
жұмыс істеуіне кедергі жасайды.
Егде жастағы адамның қоғамдағы
және отбасындағы орны мен роліне
арналған ғылыми жұмыстарда қартаюдың
адам психологиясына әсері мен қоғамның
қарттарды қабылдау спецификасы иерең
зерттелген. Ол зерттеулердің қатарына
С. Т. Толеуханованың, Ю. О. Булуктаевтың,
А. К. Ешманованың, В. В. Юрицинның,
Р. Г. Ивановтың жұмыстарын жатқызуға
болады. Бұл салада ерең еңбек атқарып
келе жатқан ғалымдар еңбектеріне біздің
үлесіміз, қарттаю үдерісіне қоғам, оның
ішінде әсіресе жастардың көзқарасының
қалыптасуына өнер арқылы әсер етудің
өзектілігін көтерумен байланысты.
Қорытынды
Өнер халықтың рухани қазынасы. Өнер
туындылары қай уақытты алмасаңыз
ұрпақ тәрбиелеуде ерекше маңызға ие
болған. Халық ауыз әдебиеті арқылы
халқының рухын сезінген сәби, өсе
келе оның материалдық мәдениетімен
танысып, оны келесі ұрпаққа жеткізеді.
Дәстүрді мықты ұстанған қазақ халқы
ауыл үлкендерін әрқашан құрметтеп,
төрін берген. Сол сабақтастықты
жалғастыру бүгінгі өнердің демеуімен
де іске асып жатыр. Өнер туындылары
бетінде қарт бейнесін жоғарыда аталған
әдіс-тәсілдермен сомдау болашақ
ұрпақтың тәрбиесін дұрыс бағыттауға
және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты
жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Өнермен қарым-қатынастағы негізгі
құндылықтар қатарына–элитарлы өнер
ретінде әдебиетке, отандық кино өнеріне
қызығушылық пен құрмет сезімін ояту,
рухани мәдениеттің дамуына ықпал
еті, ұлттық кодты түсінудің жолдарын
игеру, тұтас көркем шығарманы, кино
туындысындағы философиялық ойды
қабылдауды жатқыза отырып, көркем
әдебиет пен киноның ерекше ықпал етуші
құрал ретіндегі маңыздылығын көтеру
идеясы бүгінгі жұмыстың басты мақсаты.
Бір мақала көлемінде мұндай өзекті
мәселені тарқату мүмкін болмағанымен,
оны болашақ диссертациямның
беттерінде толықтай ашу жұмысын одан
әрмен жалғастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: