Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
77
ӨНЕРДІҢ
ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ
АДАМДАРДЫҢ
ҚАРТАЮ
ҚҰБЫЛЫСЫНА
БЕЙІМДЕЛУІНЕ
ӘСЕРІ
CSCSTI 13.11.28
UDC 37.035
DOI 10.47940/cajas.v6i2.420
ART S
TUDIE
S
Қанатбек Тауенов
1
,
Майдан Әбiшев
1
,
Толқын Еспенова
2
1
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
1
Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ
Ұлттық өнер академиясы
(Алматы, Қазақстан)
Аңдатпа. Өнердің жас ұрпақты тәрбиелеуге әсері тек өнертану ғылыми тұрғысынан ғана
емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан да қарастырылады,
өйткені адам
осы өнердің жаратушысы. Оның гүлденуі мен дамуы қоғамның білімділігіне және ең бастысы
жоғары мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, халықтың
көркем мәдениеті және осы
шығармалар негізінде немесе солардың әсерімен түсірілген кинемотографияның шедеврлері –
елдің болашағын тәрбиелеудің қуатты құралы.
Егде жастағы адамдар қоғамның белсенді тобы ретінде өмірлік тәжірибесінің арқасында
қоғам эволюциясы үшін не қажет екенін жетік түсінеді. Сапалы зерттеу жүргізу мақсатында
геронтология, әлеуметтік бейімделу және өнертану мәселелері
бойынша ғылыми мақалалар
іріктеліп, талданды. Мақалада ұсынылған мысалдар қазіргі заманғы көркем әдебиет
пен киноматографияның келбетін ашады және бұл аға буын өкілдеріне деген құрметті
қалыптастыруға ықпал етеді.
Жас
ұрпақтың даналыққа, білімге, рухани мәдениетке құрметпен қарауы мемлекеттің
өркендеуінің негізі болып табылады. Мемлекет – оның халқы, тілі, дәстүрлері.
Ұлттың мәдени
кодын жаңғырту және сақтау кез келген посткеңестік мемлекеттің негізгі басымдығы.
Сыншылар мен сарапшылар жоғары бағалаған кейбір шығармаларды талдау осы
шығармалармен танысқан жастардың көзқарастары мен сенімдеріне әсер еткен оң мысалдар
ретінде негізге алынды.
Көркем әдебиет пен киноматография призмасы арқылы тәрбиелеу үдерісінің
тиімділігі
отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерінде атап өтілді. Олардың қарт адамдардың кәрілікке
бейімделудегі және жас ұрпақмен қарым-қатынас орнату қиыншылықтарын анықтауға қосқан
үлесі өнердің қоғаммен байланысын зерттейтін әлеуметтанушылар
мен өнертанушылардың
барлық зерттеулерінің негізі болып табылады.
Көптен күткен Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың біртұтас Тәуелсіз мемлекет туралы арманын
орындауға апарар жол. Оның болашақ тағдыры жас ұрпақтың қолында, ол
осы туды биік ұстап,