«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті



Pdf көрінісі
бет47/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

Бақылау сұрақтары
1.Майды,белокты,көмірсуларды ыдырататын ферменттерді ата? 
2.Балалардағы ерекшеліктері қандай? 
3.Тамақты толық шайнап жұтудың маңызы


4.Оқушылардың тамақ гигиенасы
Лектор___________________ Сембаева Р.С 
Оқытушы_________________ Мейманбаева С.С. 


Ф.7.03-23 
 
 
5-дәрістің 
тақырыбы: 
Қанның 
физиологиясы,мектеп 
жасындағы 
балалардың ерекшеліктері.Қан топтары 
Жоспар: 
1. Организмнің ішкі ортасы.
2. Қанның құрамы мен қызметтері. 
3. Қанның ұюы. Қан топтары.
1.Қан - жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің 
тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы 
сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің 
қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы 
өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған 
организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да 
пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, 
фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады. 
Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен 
оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың 
шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н 
атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың 
алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. 
Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, 
организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін 
гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы "тіршілік өзені" деп 
бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: 
қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды 
қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне 
байланысты. 
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның 
жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы 
салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 
% болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып 
сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл 
мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, 
тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады. 
Қан ө н д і р у ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, 
бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері 
кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі 
басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 
апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, 
кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады. 
Б а у ы р ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған 
сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін 
алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың 


аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы 
жалпы денесінің 4,33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2,85 %-ға тең. 8-10 айда 
бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады. 
Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, 
қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Ұрықтық кезде бауырдың қан 
өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол 
қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бұл қызметі 
тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі әлсіз 
болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады. 
Ұрықтың 14 апталық өмірінде көк б а у ы р д а қан өндіру басталады. 
Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған 
сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен 
ұзындығына байланысты болады. Баланың денесі өсе келе, көк бауырының 
салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 
жаста 3 есе, 10 жаста 10 есе артады. 
С ү й е к т і ң қ ы з ы л к е м і г і ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете 
бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар 
кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан 
клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май 
клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік 
сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады 
деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. 
Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі 
қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру 
қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады. 
Л и м ф а т ү й і н д е р і үрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары 
жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері бала туғаннан кейін 
түзіледі.4-8 жас арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері 
күшті дамып, 8-12 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық 
жетіледі.Лимфа түйіндерінің құрылысы баланың денесінің барлық жерінде 
біркелкі емес, олардың құрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан 
лимфа түйіндерінен горі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек 
болады: Дененің тұла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты 
күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары 
көбірек болады. "Лимфа түйіндерінің аумағы баланың жасы ұлғая келе өседі 
Лимфа түйіндері тікелей қан өндіру қызметінен басқа қорғаныс, сүзгіш, 
фагоцитарлық және лимфа сүйықтығының қозғалысын реттеу қызметтерін де 
атқарады.
Қан өндіру мүшелері қанды кан клеткаларымен қамтамасыз етеді және 
бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан 
өндіру мүшелерінің бері құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше 
клеткалардың 
көмегімен 
қанды 
бактериялардан, 
елі 
клеткалардан
тазартады.Ұрықтың алғашқы апталарында сары денеде түзілген қан 
клеткаларында пигмент болмайды, кейіннен ғана гемоглобині бар эритроциттер 
түзіледі. Сары денеде лейкоциттер өндірілмейді. Бауырда ядролы және ядросыз 


эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер өндіріледі. Лимфа түйіндері мен 
көкбауырда эритроциттер, дәнді лейкоциттер, сүйек кемігінде эритроциттер мен 
тромбоциттер өндіріледі.Қан өндіру мүшелерінің қызметі жүйке жөне 
гуморальдық жолдармен реттеледі.Балалардың қан өндіру қабілеті сыртқы және 
ішкі орталардың жағдайларына байланысты болады. Тамақ, оның құрамыңдағы 
витаминдердің мөлшері, ауру, дене шынығу қалпы, сыртқы ортаның экологиялық 
жағдайларының қан өндіру қызметіне әсері күшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет