«сырттай және кешкі, ҚашықТЫҚтан оқыту» факультеті


Бүйрек қызметінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет60/75
Дата21.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#85147
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75
Байланысты:
«сырттай ж не кешкі, ашы ТЫ тан о ыту» факультеті

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан 
афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық 
жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына берілеці. Ал 
эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін 


реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс 
жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады. 
Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) 
реттейці. Вазопрессин гиалуроницаза ферментінің белсеңділігін жоғарьшатып, 
несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын 
ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы 
өткізеді. 
Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын 
өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді. 
Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыстарына әсер ету 
арқылы судың және натрий тұзының мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін 
қадағалайды. 
Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, 
гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ 
олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген. 
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері 
Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 
г, 1 жаста - 36-37 г, 5 жаста - 55-56 г. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 
3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары 
болып, өсіп жетіледі. 
Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа 
қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің 
қыртыс қабатының қалыңдығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм 
болады. 
Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу 
қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, 
қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет