көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған
қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы
орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен
орталықтан тепкіш нервтері
арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады,
сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді.
Өйткені несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.
Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфиктер еті жетілмеген, сондықтан несеп
жиі жене еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің
эпителий клеткаларының зат өткізгіш қасиеті
жоғары болғандықтан несеп
қүрамында лактоза, аздаған (аз мөлшерінде) мелшерде белок, мочевина,
фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа
жақындағанда лактоза мен белок мүлде
болмайды, ал қалғандарының мөлшері
азаяды.
1 жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының
тетіктері толық жетіледі.
2 жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу жөне иірім каналдардағы кері
сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын
болады.
Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін
реттейтін вазопрессин
мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің
эпителий
клеткаларының
және
қан
тамырларының
қабырғасындағы
рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде
мүндай мәліметтер әлі белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: