Ғы, -гі қ
осымшасыны
ң сөзжасамдық және форма тудырушылық сипаты Ы.Маманов
еңбектерінде арнаи ы қарастырылған. Қазақ тілінде бұл қосымша қатыстық сын есім
тудырушы аффикс ретінде қаралып келді. Ол екі формада кездеседі: бірі – мезгіл мәнді
сөздерге тікелеи жалғанып, сын есім тудыруы (қысқы, жазғы, күзгі, көктемгі, биылғы,
бүгінгі т.б.); екіншісі -
-да, -де жатыс септігінен кеи ін жалғануы (үи дегі, даладағы,
мектептегі т.б.).
Ы.Маманов жоғарыда сөз болған қосымшалардың сөзжасамдық, форма жасаушылық
қызметтерін анықтауда олардың көпшілігін форма жасаушы
қосымшалар қатарында
көрсетсе
, ал
-ғы, -гі қосымшасын екі
функциялы аффикс деген
пікір аи тады. Демек,
ғалымның пікірінше, бұл қосымша түбір сөздерге жалғанғанда сөз жасаса, жатыс
септігінен кеи ін жалғанғанда форма ғана тудырады. Бұл пікір Қ.Шаяхметовтің
зерттеуінде де осындаи сипат алған. Қ.Шаяхметовтің пікірінше де,
-ғы, -гі қосымшасы
мезгіл, мекен мәнді зат есімдер мен үстеулерге қосылып, сөз жасаушы функция
орындаи ды, мұнысы оның бірінші функциясы. Ал ілік септігі мен жатыс септігінен соң
жалғанғанда форма жасаушы қызметте болады.
-Ғы, -гі аффиксін меншіктілік қатынасты
білдіретін грамматикалық форма деп анықтаи ды.
Ы.Маманов –
-шы, -ші аффиксі туралы да тың пікір аи тқан ғалым. Ғалым
-шы, -
ші қосымшасы түбір сөздермен ғана шектелмеи , етістіктің кеи бір грамматикалық
формаларына (барушы, келуші) жаппаи жалғанатынын аи та отырып, олардың сөздік
құрамға енбеи тін сөи лемде уақытша қолданылатын сөздер деп көрсетеді. Ғалым осы
қосымшаның жалғануы арқылы жасалған
тергеуші, оқушы, жазушы, сатушы т.б. зат
есімге аи налған сөздерді, басқа грамматикалық еңбектерде көрсетілгендеи , сөздік
құрамға енетін лексикалық бүтіндерге жатқызады. Бірақ осы сөздердің қалыптасуын
-
шы, -ші қосымшасының сөз тудыру қызметінен паи да болған сөздер емес, олар белгілі бір
ұғымда ұдаи ы қолданылу нәтижесінде қимыл иесі формасынан семантикалық тәсілмен
зат есімге аи налған сөздер деп түсіндіреді. Сондаи -ақ, -
шы, -шіқосымшасының
есімшенің
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек формасына жалғанғанда да (бармақшы,
келмекші), оның грамматикалық мағына тудыратындығын аи тады.
Қазақ тіл білімінде Ы.Мамановтың пікірімен үндес пікір аи тқан Қ.Шаяхметов
-шы, -
шіқосымшасының зат есім түбірлеріне жалғанғандағы қызметін сөзжасамдық, ал қимыл
есім, мақсатты келер шақ формасына жалғанғандағы қызметін форма тудырушы қызмет
деп көрсетіп,
-ушы формасын осы шақ есімше деп анықтаи ды
Осы қосымша туралы пікір аи тқан А.Жаңабекова «
Қойшы, малшы, жылқышы, тігінші
егінші сөздері о баста қои ды бағушы адам, жылқыны бағушы адам, тігіс тігуші адам, егін
егуші кісі түрінде аи тылып, кеи ін келе, осы тіркестердегі қимыл мәнді сөз түсіп қалады
да,
-шы, -ші қосымшасы сөздің түбіріне жалғанып жұмсалады. Олаи болса,
-шы, -
шіқосымшасының өзінің бастапқы тұлғасы
-ушы, -ушіформасы деуге болады.
-Шы, -
ші қосымшасы қимыл иесі формасынан біртіндеп сөз тудырушы тұлғаға аи нала
бастаған» деп, оны
қимыл иесі формасы деп атаи ды [44]
Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері 3
Шаяхметов Қ. Екі функциялы аффикстер. Канд. дисс. – Алматы, 1973. 32
Жаңабекова А.Ә. Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық
ерекшеліктері. Канд. дисс. – Алматы, 2001. 44
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998.
– 303 б. 28
33
Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. – Алматы: Мектеп, 1971.