12
Әр ұлттың өзіне тән отбасылық дәстүрі бар.Тақырыпқа сай мына мәселені де
айту керек. Сол отбасылық дәстүр, жоғарыда айтқанымыздай, уақыт ұзара келе бір
өңірдің, ұлттың, керек десеңіз, бір мемлекеттің отбасылық әдет-ғұрпына айналады.
Мәселен, Америка, Италия, Франция, Германия сияқты елдерде қазақ ұлты секілді
ата-анасына қарасып, қартайған тұста бағу міндеттелмеген. Керісінше, бала кәмелет
жасына толған соң өз
күнін көріп, ата-анасы жеке өмір сүрулері дағдыланған. Көп
жағдайда жастар арасында қазағы болмыс, ділімізге жат осы тектес ой-пікірлер де
орын алуы өкінішті.
Қазақы дәстүрге сай кез келген ата-ата атам қазақ қызын
құтты ұясына
қондыруға асыққан. Сондықтан да қыз перзентті басқа әулеттің, өзге шаңырақтың
адамы деп мәпелеп, ерекше құрметтеген. Қара шаңырақта бабалар рухын бізге
жеткізетін
тылсым күш бар. Жігітке қуат беретін екі күштің бірі – кіндік қаны тамған
туған жерінен алатын энергиясы болса, енді бірі – осы қара шаңырақтан алатын
жігер-қасиеті. Әрине, қазіргі нарық заманында қызмет, кәсіп жағдайымен ата-анадан
алыста, қара шаңырақтан ұзақта жүрсек те, бұл киелі ұғым алдындағы жауапкершілік
пен ата-ана алдындағы перзенттік парыздың
күнкөріс қамымен өлшенбейтінін
түсінгеніміз дұрыс.
(Мәлiмeт мына aқпaрaт көзiнeн өңделіп aлынды: https://www.astana-akshamy.kz/qara-shangyraqtyng-
qasieti-kemimesin/).
Достарыңызбен бөлісу: