Реферат тақырыбы: Қазақстандағы электр энергиясын өндіру,пайдалану және жеткізу Орындаған: Туғанбаев Айдын



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.04.2023
өлшемі311,99 Kb.
#86569
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Физика реферат



Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 
Университеті КЕАҚ колледжі 
РЕФЕРАТ 
Тақырыбы:Қазақстандағы электр энергиясын өндіру,пайдалану 
және жеткізу 
Орындаған:Туғанбаев Айдын 
Тексерген:Аубакирова Асель Аубакировна 
Астана-2023 




Энергетика — шаруашылықтың энергетикалық қорды және әр 
түрлі 
энергияны
 өндіру, түрлендіру, жеткізу, пайдалану мәселелерін 
қамтитын саласы. Ол 
жел энергетикасы

жылу энергетикасы

су 
энергетикасы

ядролық энергетика
, т.б. болып бөлінеді. 
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторлардан 
тұрады: 
• 
электр энергиясын өндіру; 
• 
электр энергиясын жеткізу; 
• 
электр энергиясымен жабдықтау
• 
электр энергиясын тұтыну; 
• 
электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет. 
Электр энергиясын өндіру секторы 
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 207 
электр станциясы жүзеге асырады. 01.01.2023 жылғы жай-күй бойынша 
Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 24523,7 МВт, 
иелік қуаты 20761,7 МВт құрайды. 
Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өндірістік 
маңызы бар электр станциялары және өңірлік маңызы бар электр 
станцияларына бөлінеді. 
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына электр энергиясын өндіруді және 
Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында 
сатуды қамтамасыз етуші ірі жылу электр станциялары жатады:
• 
Б.Г.Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС; 
• 
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 
• 
ERG «ЕЭК» АҚ, «Евразийская группа» ЭС; 
• 
«Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС; 
• 
«Т.И. Батұров атындағы «Жамбыл ГРЭС-і» АҚ; 
Сонымен қатар қосымша ретінде және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін 
қолданылатын жоғары қуатты гидравликалық электр станциялары:
• 
«Қазцинк» ЖШС Бұқтырма ГЭК; 
• 
«AЭС Өскемен ГЭС» ЖШС; 
• 
«AЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС. 
Өндірістік маңыздылығы бар электр станцияларына ірі өндірістік 
кәсіпорындарды және жақын жерлердегі елді мекендерді электр-жылумен 
жабдықтауға арналған электр және жылу энергиясын аралас өндіруші ЖЭО-
лар жатады: 


• 
«Караганда Энергоцентр» ЖШС ЖЭО-3;
• 
«Арселор Миттал Темиртау» АҚ ЖЭО БАС, ЖЭО-2; 
• 
ERG «ССТБӨБ» АҚ ЖЭО, «Евразийская группа»; 
• 
«Kazakhmys energy» ЖШС Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО
• 
ERG «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО-1, «Евразийская группа» және 
басқалары.
Өңірлік маңызы бар электр станциялары – өңірлік электр желілік 
компаниялар және энергия жеткізуші ұйымдар арқылы электр энергиясын 
сатушы, сонымен қатар жақын арадағы қалаларды жылумен жабдықтаушы 
аумақтармен біріктірілген ЖЭО.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет