Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


Талқылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Аудитордың жоспарлау қызметіне әсер ететін факторлар қандай ?.
2. Аудиторлық жоспарлау қандай кезеңдерден тұрады ?.
3. Алдын-ала жоспарлау мәні неде ?.
4. Алдын-ала жоспарлаудың мақсаты қандай ?.
5. Аудиторлық жоспарлаудың кешенділік принципін қалай түсінесіз ?.
6. Аудиторлық жоспарлаудың үздіксіздік принципін қалай түсінесіз ?.
7. Аудиторлық жоспарлаудың ұтымдылық принципін қалай түсінесіз ?.
8. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау маңызы қандай ?.
9. Жалпы жоспарлаудың маңызы қандай ?.
10. Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсетудің мәні неде ?.
Әдебиеттер:1
7-тақырып. Аудит сапасын бақылау 
Жоспар:
1. Жүргізілген аудиттің нәтижесі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісінің
басшысына аудиторлық жазбаша ақпарат. 
16 лекция. 
2. Аудиторлық қорытынды және оны әзірлеу тәртіптері. 
3. Аудиторлық қорытындылық құрылымы және түрлері.
1. Жүргізілген аудиттің нәтижесі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісінің
басшысына аудиторлық жазбаша ақпарат. 
Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит
бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге
материалдық қателер мен бұзушылықтарды анықтау құралы ретінде бағдарламаның өзінің
орындылығын айқындайды.
Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің
орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық қызметтің белгіленген
стандарттарының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу
процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін
барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.


Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікті
ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды
есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:
• операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа
да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;
• қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі
мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;
• қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық
құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
• жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің
нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой-
пікірін тұжырымдай алатындығын.
Енді аудиторлық қорытынды жасауға болатын шығар. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша
клиент басшылығына ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.
Клиент басшылығына хат - бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың
(акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы,
айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық
қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы
толық мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, және
аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.
Хаттың нысаны және жасалу (құралу) тәртібі фирмаішілік стандарттарда қарастырылуға тиісті.
Басшылыққа хат төмендегілерден түрады:
• аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшылыққа хат");
• адрес иесінің атауы (аты);
• кіріспе бөлім;
• талдамалық бөлім;
• қорытынды бөлім.
Басшылыққа хат аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті
реквизиттерін көрсете отырып, жіберіледі.
Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйымның реквизиттері, оның ішінде
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі,
аудиторлық тексеруге қатысушы аудитор және басқа тұлғалар туралы мағлұматтар, сонымен
бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы
жазылады.


Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит
стандарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:
• экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;
• бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу
нәтижелері;
• қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіңде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу
нәтижелері;
• салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру
нәтижелері;
• активтердің жағдайын тексеру нәтижелері. 
Клиент басшылығына хат анық, әрі қыска, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға
тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке
хаттар жасалынуы мүмкін.
Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген
мәселелер бойынша болжанған іс-әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап
шешім қабылдауға құқықты тұлғаның (бірінші басшы, қаржы директоры, бас бухгалтер) қолы
қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін. 
Басшылыққа хаттағы ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет