Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікті
ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды
есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:
• операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа
да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;
• қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі
мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;
• қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық
қызметіне қатысты заңдық
құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
• жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің
нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой-
пікірін тұжырымдай алатындығын.
Енді аудиторлық қорытынды жасауға болатын шығар. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша
клиент басшылығына ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.
Клиент басшылығына хат - бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне,
қатысушылардың
(акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы,
айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық
қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы
толық
мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, және
аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.
Хаттың нысаны және жасалу (құралу) тәртібі фирмаішілік стандарттарда қарастырылуға тиісті.
Басшылыққа хат төмендегілерден түрады:
• аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшылыққа хат");
• адрес иесінің атауы (аты);
• кіріспе бөлім;
•
талдамалық бөлім;
• қорытынды бөлім.
Басшылыққа хат аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті
реквизиттерін көрсете отырып, жіберіледі.
Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйымның реквизиттері, оның ішінде
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі,
аудиторлық тексеруге қатысушы аудитор және басқа тұлғалар туралы мағлұматтар, сонымен
бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын
қызметінің жалпы сипаттамасы
жазылады.
Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит
стандарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:
• экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;
• бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу
нәтижелері;
• қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіңде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу
нәтижелері;
• салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру
нәтижелері;
• активтердің жағдайын тексеру нәтижелері.
Клиент басшылығына хат анық, әрі қыска, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға
тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке
хаттар жасалынуы мүмкін.
Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген
мәселелер бойынша болжанған іс-әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап
шешім қабылдауға құқықты тұлғаның (бірінші басшы, қаржы директоры, бас бухгалтер) қолы
қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін.
Басшылыққа хаттағы ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: