Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет53/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

 


81 
Кәсіби этика кодексі 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшыларына қойылатын кәсіби этика 
талаптары арнайы құжатта (кодексте) бекітіледі.
Кодекстің «Қызмет көрсету мәдениеті жөнінде ережелерін» қарастырайық: 
 әрбір келуші (қонақ) оған қонақ үйде (мейрамханада) қуанышты екенін 
сезіну керек; 
 әрбір келуші- ықтимал қонақ; 
 жылы шырайлы көзқарас, жақсы күлімсіреу іскерлік тәртіппен бірге 
келушімен байланыс түзуге көмектеседі және қызмет көрсетуді 
жеңілдетеді; 
 қонақ қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз, онымен бірнеше минут 
сөйлесуде өзгертуге тырыспаңыз. Әдепті, сыпайы және жарқын болыңыз, 
бірақ сыпайылық жағымпаздыққа айналмау керек. сыпайылық әртүрлі 
жастағы, мінезді, темпераментті адамдармен сөйлесуде ең сенімді құрал. 
 Байланыс аймағы жұмысшысы ілтипаттылығы – қызмет көрсету 
мәдениетінің жоғарғы деңгейін орнатудың бір шарты. Ықылассыздық – 
келушілермен өзара қатынастағы ең үлкен жамандық. 
 Немқұрайлы көзқарас келушіні соншалықты психикалық жаралайды, 
қапаландырады, мейірімсіз етеді. 
 Өз-өзіңізді ұстаңыз, шыдамды болыңыз. Өзіңізді сақтаңыз, артық қозуға 
мүмкіндік бермеңіз. 
 Дөрекілікке ұстамды пен сыпайы жауап беріңіз. 
 Қонақтар шағымы мен қарсылықтарын назарсыз қалдырмаңыз. 
 Шын көңілден және уақытылы кешірім сұрау – қорлану емес, белгілі-бір 
кінәні түсіну және мәдениет белгісі. 
 Қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшысының әрбір қылығы 
мотивацияланған болу керек және әділеттілігі келушіде күмән тудырмау 
керек. 
 Көпшілік көз алдында болғанда немесе келушілермен сөйлесу кезінде 
басыңызды төмен түсірмей тік ұстаңыз.
 Өзіңіздің физикалық және психикалық жүктемеңізді біртекті таратуға 
тырысыңыз, келушілердің негізгі ағыны уақытын ұмытпаңыз. 
 Қонақ үй немесе мейрамхана және өз қызметтестеріңіздің намысын 
сақтаңыз. 
Қонақ үй немесе мейрамхана жұмысшыларына бұл ережелерді жаттап алу 
жеткіліксіз. Бұл ережелер оның нанымына өтіп, оның «екінші натурасына» 
айналу тиіс. 
Бірақ кейбір жұмысшылар кәсіби этика талаптарын қадағаламайды. 
Келушілерге қаттылықпен, жансыздықпен, өзіне деген менменшіл қатынаспен, 
алдаумен, төлем артығын қайтармаумен және т.б. кездесуге тура келеді. Барлық 
бұндай ауытқулармен әкімшілік және тәрбиелік әдістермен күресу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет