Ф-ОБ-012/062 30
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып
жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.).
6. Әдебиет 1. Оқулық. Медициналық және клиникалық биохимия. 2016ж. С.О. Тапбергенов.
2. Оқулық Биохимия. 2015.Е.С.Северин
3. Оқулық Биохимия. 2022.Р.Дилбарканова
4. Биологиялық химия Оқу-әдістемелік құрал.2013ж. Р.Дильбарканова, Б.Ж.Шырынбекова
Электронды оқулықтар: 1.
Биохимия : Оқулық. 2020.
http://Elib.kz/
Ситуациялық есептер 1. Қан сары суында азот мочевинасы 89
, қалдық азот санының барлығы 0,75 г/л тең. Сіздің қояр
диагнозыңыз?
2. Науқас адам белок мөлшерінің аз кездесетін диетасында отыр. Зерттеу кезінде қан сары суында
мочевинаның мөлшері 11,33 мМоль/л тең екені анықталды. Қандай патологиялық өзгеріс деп ойлауға
болады.
3. Асқазан сөлін зерттеген кезде, сүт қышқылының көбейгені байқалады. Бұл қай патология кезінде
болады.
4. Анализ кезінде асқазан сөлінен күкіртті сутегінің иісі сезілді және тұз қышқылының мүлдем
кездеспейтіні анықталды. Науқастың іші өтеді, асқазан аймағында ауыр салмақ сезімі байқалады. Бұл
жағдай асқазанның қандай патологиясы екенін білдіреді?
5. Науқас асқазан аймағының ауырсынуына шағымданады. Асқазан сөлін зерттеу барысында асқазан
сөлінде қан бар екені және жалпы қышқылдықтың 90-ға тең екені анықталды. Сіздің диагнозыңыз.
6. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдылығы энтеральды белсендіруден кейін 85 мм/л, ал бос тұз
қышқылы НСІ - 65 мм/л болды. Бұл жағдай қалай аталады және асқазан сөлінде қандай патологиялық
құрам бөліктері табылуы мүмкін.
7. Зерттелген зәрде көп мөлшерде индикан бар екені дәлелденді. Бұл өзгеріс қай жағдайда
байқалады?
8. Зерттелген қан сары суында креатиннің мөлшері 1,2ммоль/л. Қай органның жұмысы бұзылды деп
ойлауға болады?
9. ГАМҚ-ң қандай физиологиялық әсерін орталық нерв жүйесінің ауруларын (эпилепсия, қозғыштық)
емдеуге қолданады.
10. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі кезінде түзілген биологиялық активті заттарды
жазыңыз.
11. Креатинфосфат және креатиннің түзілуін жазыңыз, олардың түзілетін орны, креатинфосфаттың
маңызы.
12. Белок алмасуы кезінде бауырдағы өтетін реакцияларды жазыңыз.
13. Қай органдарда креатин биосинтезінің сатылары жүреді.