Ф-ОБ-012/062
33
2. Науқасты ұзақ уақыт Д витаминімен емдегеннен кейін сүйектері сынғыш, қанда Са
2+
-ді мөлшері 12
ммоль/л, болуының себебі неде? Бұл неге әкеліп соғуы мүмкін?
3. Науқастың сынған сүйегінің жазылуы баяу жүруде. Емдеу үшін қандай гормон қолдануға болады?
4. Жас бала кретинизммен ауырады. Бұл қай бездің қызметінің бұзылуымен байланысты? Жас
баланың ойлау қабілеті мен дене бітімінің жетілуінің бұзылуын түсіндіріңіз.
5. Дене қызуының жоғарылуы мен тердің көп бөлінуі қай гормонның әсер етуімен пайда болады?
Осы құбылысты молекулалық деңгейде түсіндіріңіз.
6. Науқас адамның салмағы артық, жоғары әлсіздік, тез шаршайтындығы байқалады, денесінің қызуы
төмен, терісі мен тілі ісінген. Зәр бөлінуі төмен. Бұл симптомдар
қай гормон жетіспегенде
байқалады? Организмдегі судың мөлшерінің көптігінен ісіктің болуын қалай түсіндіресіз.
7. Қалқанша безінің гормонының аз (гипо-) және көп (гипер-)бөлінуі
әлсіздікке және тез
шаршағыштыққа әкеліп соғады. Осы жағдайды тудыратын себептерді түсндіріңіз. Осы процестің
негізін құрайтын молекулалық механизмдерін түсіндіріңіз.
8. Науқас адамның тілі ісінгендіктен өте үлкен,
ауыз қуысына симайды, тілдің
бетінде тістердің ізі
бар. Қай эндокринді бездің бұзылуында бұл өзгеріс байқалады? Ісіктің
биологиялық механизмін
түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: