5. Білім берудің және оқытудың әдістері: (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып
жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.).
6. Әдебиет 1. Оқулық. Медициналық және клиникалық биохимия. 2016ж. С.О. Тапбергенов.
2. Оқулық Биохимия. 2015.Е.С.Северин
3. Оқулық Биохимия. 2022.Р.Дилбарканова
4. Биологиялық химия Оқу-әдістемелік құрал.2013ж. Р.Дильбарканова, Б.Ж.Шырынбекова
Электронды оқулықтар: 1.
Биохимия : Оқулық. 2020.
http://Elib.kz/
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) Ситуациялық есептер 1. Зәрде креатиннің анықталуы, қай кезде байқалады және бұндай жағдай қалай аталады?
2. Өт пигменттеріне сапалық реакция оң көрсеткіш көрсетті. Қандай патологиялық жағдай деп
ойлауға болады? Зәрде қандай билирубин түзіледі? Оның химиялық табиғатын жазыңыз.
3. Зәрде 0,22г/л белок табылды. Қандай патология деп ойлауға болады? Бұл жағдай қалай аталады?
Түзілу себептері.
4. Науқас адамның зәрінің мөлшері 300 мл, тығыздығы 1,006 1 тәулікте. Қандай диагноз. Қандай
жағдайды көрсетеді.
5. Науқас адамда зәрінің мөлшері өзгерген, әр тәуліктегі зәрдің тығыздығы өзгермеген. Бұл жағдай
қалай аталады? Бүйректің қай функциясы бұзылғандығы байқалады?
6. Жаңадан бөлінген зәр бұлыңғыр түске айналды. Не себепті? Түсіндіріңіз
7. Пробиркадағы зәрді қатты шайқаған кезде сары түсті көпірік пайда болды. Бұл жағдай нені
айтады?
Құрастырғандар: б.ғ.д., профессор, Дильбарканова Р.
аға оқытушы, Шырынбекова Б.Ж.
аға оқытушы, Еримова А.Ж.
магистр-оқытушы, Б.А. Ашимбекова