Тазалық. Айтуға оңай болғанымен, салмағы ауыр, МӘні терең, мазмұны кең



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.03.2017
өлшемі11,06 Mb.
#8006
1   2   3   4

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

Сонымен. Аудан тұрғындарының тазалыққа қатысты сана 

мәдениеті қалай қалыптастыруға болады? Қайткен жағдайда тазалық 

салтанат құрады? Тазалақтың қоршаған ортаға әсері қандай? Осы 

сұрақтарды көтерген дөңгелек үстелде бас редактордың міндетін 

атқарушы Нұрлат Байгенже модетарорлық етті.

– Көктем келіп, күн нұрын шашып, тіршілік атаулы жаңаша оя-

нуда. Көктем дегенде кез-келген жанның көзіне құлпырған дала 

мен жайқалған жасыл желек еске түсері анық. Алайда, біздің өлкеде 

көпшілік қауым айналасының тазалығына баса мән бере бермейді. 

Тіпті, қажетсіз қоқысты көпшілік шоғырланған орталық аймақтарға да 

тастап, кент көркін қашырғандарды күнделікті өмірден көріп жүрміз. 

Аудан әкімінің тапсырмасымен басталатын «Тазалық айлығының» ал-

дында тазалық мәселелерін талқылап алғанды жөн санадық, – деді 

басылымның тізгінін ұстаған азамат.

Ермағанбет ИБРАГИМОВ, аудан әкімінің кеңесшісі:

– Мен үш түрлі тазалықты жөн көремін. Ең бірінші, әр адамның 

жүрегі таза болуы керек. Екінші, тұла бойды таза ұстау – жеке 

бастың гигиенасы. Үшіншіден, әр отбасының мүшесі өз ауласын таза 

ұстауға міндетті. Міне, осыдан барып, бүкіл ауылдың не ауданның 

тазалығы құралады. Кір қожалақ, лас болып жүрген адамның ау-

ылы тұрмақ, ауласы да жиналмайды. Сондықтан, тазалықты әркім 

өзінен бастаса игі. Ислам дінінде адамзатты түрлі тыйымдар арқылы 

тазалыққа үндеген. «Есіктің алдына кірдің суын, күл төкпе» деген 

тыйымның түбінде де ұрпақ пен ұлттың тазалығы жатыр. Ендеше, 

әлімсақтан мұсылман болып жаратылған қазақ баласының қайсысы 

үшін де ластық деген жат әдет болуы тиіс. Ал, енді аудан тазалығын 

арттыруға келер болсақ, аудан әкімінің бастамасымен тындырымды 

тірліктер атқарылуда. Мәселен, кент орталығындағы «Тәуелсіздік», 

«А.Иманов» көшесіне және Шалқия кентіне шыға беріс жол бойына 

2500 мың түп ағаш егілді. 

Биыл да ауданды көркейтіп, көгалдандыруға байланысты 

«Шұқырой» жақта егістік жер мен агроиндустриялық зона ашылмақ. 

Міне, осының барлығы аудан тұрғындарының таза тіршілік кешуі үшін 

жасалынған жағдай. Ал, тұрғындар мұндай қолдаудың қадірін біліп, 



Ермағанбет 

ИБРАГИМОВ

Мәжит 

БАЛҚОЖАЕВ

Найрахман 

ФАЗЫЛОВ

Әділмырза 

ТӘЖДИНОВ

Мұхамеджан 

РҮСТЕМОВ

ҚАЙТСЕ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Баянбай 

ДОСПАНБЕТОВ

Мүсілім 

АСАНОВ

ТАЗАЛЫҚ


МӘДЕНИЕТІ

өз үйіне, ауласына, көшесіне, кентке жанашырлықпен қарап, қоқыс 

тастап, ластаудан аулақ болғаны абзал. 

Бір ағаш маусымында 99 литр оттегі шығарса, терек ағашы 

120 литр оттегіні шығарады екен. Бір адам 44 литр оттегімен дем 

алса, бір ағаш 13-14 литр шаңды көмірқышқыл газын сіңіреді. Де-

мек, бір ағаш екі адамның өмірін қорғайды деген сөз. Олай болса, 

біздің ауданда тіршілік кешкен халық үшін әлі сан мыңдаған көшет 

егіліп, аудан жасыл желекке айналуы тиіс. Бұл үшін тазалыққа 

қатысты тұрғындар санасын арттыруға күш салған абзал. Ал, 

оның жолы – озат көшелер мен тазалық жанашырларын ма-

рапаттап, өзгелерге үлгі ету қажет. Әрі қоғамдық орынды 

ластаушыларға айыппұл салуды ұмытпау керек.

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ, «Нұр Отан» партиясы 

аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі». 

Бұл ықылымнан алаштың ұстанған қағидасы. Осы сөздің мән-

мазмұнын жастардың бойына сіңіріп, тазалық – мәдениеттіліктің 

белгісі екенін ұқтырды. Алайда, табыс табуды бірінші кезекке 

қойған нарықтық қоғам өкілдері атадан балаға сабақтасып келген 

мәдениеттіліктен, яғни, тазалық сақтаудан арылып барамыз. Оны 

әрбір сенбілік өткен сайын байқап, бағамдап жүрміз. 

Жасыратыны жоқ, қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар та-

залайтын көшелер болмаса қалған көшелердің жағдайы мәз емес. 

Жолшыбай шашылған тұрмыстық заттардың қалдықтары мен шыны 

бөтелкелерге көз сүрінеді. Әрине, тұрғындар ауласын таза ұстауға 

тырысқанымен, өзі жүріп-тұратын көшенің тазалығына көп мән бере 

бермейді. Ал, сана мәдениетін өзгерту үшін үгіт-насихат жұмыстарын 

жандандыру қажет. Қоғамдық орындарда, адам көп жүретін жер-

лерде бейне бақылау қойып, қоқыспен ластағандарға айыппұл са-

луды жолға қойса, жағдай оңалар еді. Біздің тұрғындар Сингапур-

де тұратын болса бар тапқан ақшасына айыппұл төлеп өтетін шығар. 

Себебі, Сингапурде бөтелкені қоқыс жәшігіне тастамағаныңыз үшін 

құны 500 Сингапур доллары болатын айыппұл төлеуге тура келеді. 

Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде тамақтану, сағыз 

шайнау рұқсат етілмейді. Темекіні тартуға рұқсат етілген жерлер-

де темекенің түтінін түтетсеңіз 1000 Сингапур доллары тұратын 

айыппұл төлейсіз. Бұл жағдай қайталанса, айыппұл мөлшері 

көбейеді. Тіпті, нәтиже болмаса, қатаң түрдегі жаза шығарылады. 

Түрмеге қамайды. Заң солай.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысына тазалық мәселесімен 

«Тазалық мекемелері» айналысу қажеттілігін көтеріп, хат 

жолдағанын естіп, біліп отырмыз. Егер мәселе оң шешімін тапса, 

тазалықтың шырайы кіретін шығар. Дегенмен, аудан келбеті ажар-

ланып, күнделікті қадағалаудың арқасында таза аймаққа айналаты-

нын ескерген жөн. Сондай-ақ, насихат жұмысы мен көше комитетінің 

қызметін де күшейткен абзал.



Мұхамеджан РҮСТЕМОВ, «Жаңақорған тазалығы» ЖШС 

мекемесінің директоры: 

– Кент тазалығы, көркейту-көгалдандыру жұмыстары бұрын 

біздің мекеменің қызметіне кіретін. Ал, қазір бұл міндеттің барлығы 

бәсекелестік ортаға беріліп, мемлекеттік сатып алу арқылы 

тазалықпен айналысатын кәсіпкер анықталатын болды. Бізде 

қажетті техниканың барлығы жетерлік. Алайда, тендерден жеңімпаз 

атанған кәсіпкерлер салдарынан жұмысшыларымыз да, техника-

мыз да жұмыссыз бос тұр. Біздің тендерге түсуге де, техниканы 

жалға беруге де құзыреттілігіміз жоқ. Конкурста жеңімпаз атанып, 

не күрегі, не көлігі жоқ кәсіпкерлер ауданға келген соң, бөлінген 

қаржыны өз еркімен игеріп, бастаған ісін нәтижесіз тастап кетіп жа-

тыр. Ақыр соңы, халықты шулатқан дауға ұласып, тендер жеңімпазы 

кім екенін де таппай қалып жүргеніміз жасырын емес. Әрине, ел 

қаржысын сырттан келіп, бейтаныс жандар мақсатсыз игеріп кетсе, 

аудан тазалығы қайдан оңалсын? Сондықтан, жоғарғы тарап арқылы 

болса да бұл мәселе шешіліп, тазалық қызметі жергілікті мекемеге 

берілсе дұрыс болар еді. Өйткені, тазалық мекемесі жұмыс жасамай, 

аудан келбеті ажарланбақ емес.

Баянбай ДОСПАНБЕТОВ, кент әкімінің орынбасары:

– «Мемлекеттік сатып алу» заңы бойынша электронды ашық 

портал арқылы тазалық қызметін, көркейтуді жеке кәсіпкерлер 

жеңіп алады. Біз аудандағы кәсіпкерлерге тікелей бере алмай-

мыз. Бізге мұндай құзыреттілік берілмеген. Сосын мемлекеттік 

сатып алу конкурсына қатысушының арнайы техникасы бар-

жоғын білу бізге қиын. Тендер жеңімпазы қажетті техника-

ны жалдап жұмыс жүргізуге құқылы. Бұл – нарықтың тала-

бы. Оған біздің тарапымыздан шектеу қоятын құзыреттілік 

жоқ.


Негізі, тазалық – өте күрделі мәселе. Ең бастысы, 

халықтың санасын көтеру керек. Жұрттың ластануға 

деген пиғылы теріс болып, тазалыққа жаны құмар 

болуы керек. Бұл орайда, ауданнан нәпақа тауып, 

ісін өрге дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге де ар-

тылар жүк ауыр. Себебі, солардың кәсіпкерлік 

нысандарының тазалығы еш оңалмай келеді. 

Әсірсе, сауда орындарының, базар маңдарының 

ластығы көңілді қынжылтады. Мұндай ірі 

кәсіпкерлік 

нысандар өз 

жерін таза ұстаса, 

аудан тазалығына да 

әжептеуір әсер етер еді. 

Кентте 119 көше бар. Оның 

бәрін бюджет қаражатымен немесе 

арнайы сенбіліктер арқылы мемлекеттік 

қызметшілер арқылы тазарту мүмкін емес. 

Тіпті, қазір халықтың жалған түсінікке ергені 

сонша, апта сайын сенбілік жасайтын мұғалімдер 

мен мекеме қызметкерлері көшені жинап кетеді де-

ген оймен қоқыстарын көшесіне шығарып, одан әрі шашу-

ды әдетке айналдырып барады. Бұл – санасы сергек, көзі ашық, 

көкірегі ояу кез-келген азамат үшін өте ұятты іс. Сондықтан, бұл 

мәселе жалпы халық болып күресетін іс.

Әділмырза ТӘЖДИНОВ, №110 мектеп-лицей директоры:

– Өзбек халқы қала берді көршілес түркістандық ағайынның 

санасына сіңген мынадай керемет қасиет бар. Кез-келген адам 

таңертең ұйқысынан ояна салып, өз ауласын, көшесін сыпырып, су 

сеуіп, жайқалтып қояды. Мұндай тәрбиені жастайынан көріп өскен 

жеткіншек өмір бойы сол ұстанымды алға қойып, тазалықты жаны 

сүйіп өседі. Міне, осының арқасында түркістандық жамағаттың 

қайсысының болсын ауласынан жайқалған жасыл желек пен 

тазалықтың тамаша үлгісін көруге болады. Ал, бізде ше? Біздің 

тұрғындардың олардан қай жері кем? Біздің де мұндай жетістікке 

жетуге мүмкіндігіміз, материалдық жағдайымыз жетерлік. Менің 

ойымша, тазалық – аса көп қаражат жұмсауды талап ететін күрделі 

шаруа емес. Бұл – әке-шеше, ата-әже, мектеп мұғалімдері, әулет 

ақсақалдары мен көше комитеті, билік басшылары болып бірлесе 

күресетін шаруа. Баланы жастайынан табиғатты сүюге баулып, тал 

егуге қызықтыру керек. Бұл орайда, мектеп жанынан сабақтан тыс 

уақытта арнайы үйірмелер жұмыс жасаса игі. Тазалықтың игілікті 

әдет екенін біліп өскен бала, үйге барып, ата-ананы да тазалыққа, 

тал егуге күштейтіні анық. Демек, өмірдің алғашқы баспалдағы сана-

латын мектеп халыққа тазалық мәдениетін сіңдіру керек. Қысқасы, 

мектепте «Жасыл экология» үйірмесі үздіксіз жүйелі жұмыс жасағаны 

дұрыс.


Сингапурлік тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» қағидасын 

ұстанады. Өйткені мектеп табалдырығын аттаған әрбір сингапурлікке 

бұл туралы арнайы дәріс өткізіледі. Әрі қарай ол жоғары оқу орын-

дарында жалғасады. Қанаттары қатпай тұрып саналарына сіңірген 

қағидаға сәйкес, сингапурліктер үй, қоғамдық орындардағы тазалық 

шараларын ерекше сақтауға тырысады. Бір жағы, заңға бағынады. 

Мұндай тәжірибені бізде қолдануға болады.

Найрахман ФАЗЫЛОВ, Төменарық ауылдық округінің әкімі:

– Тазалық – үлкен мәдениет. Осыдан үш жыл бұрын 

әкімгершіліктің балансындағы қаражатпен трактор көлігін сатып 

алдық. Ауылдардың ішіндегі тіректі ауыл саналатын бірден-бір аймақ 

біз болғандықтан, тракторды тазалыққа пайдаланып, жұмыс жасап 

жатырмыз. Менің ойымша, насихаттың ең күрделісі – мектеп арқылы 

оқушымен жұмыс жасау. Әрбір үйде ең кем дегенде бір оқушы бол-

са, олардың санасына тазалықты айтып, түсіндіріп, қолына арнайы 

қағаздар ұсынып, отбасын таза болуға үгіттеп, тал егуге шақыру 

керек. Себебі, Елбасы Н.Назарбаев: «Тазалық ұдайы жинастыра-

тын жерде емес, тазалық – ластамайтын жерде сақталады» – де-

ген болатын. Міне, осы сөздің мәні мен мазмұнын жастардың бой-

ына сіңіруге күш салуымыз қажет. Біздің ауылда бүгінгі таңда ауыл 

ақсақалдарының салихалы сөздері арқылы көпшілік үйлер өз аула-

сын жинауға, көшесін таза ұстауға дағдыланып келеді.

Мүсілім АСАНОВ, Хорасан ата көшесі комитетінің төрағасы:

– Ешкім өзгенің ауласын, өзгенің көшесін жинауға міндетті 

емес. Әрбір тұрғын өз үйінің тұсына, өз көшесінің тазалығына 

жанашырлықпен қарауы тиіс. Тазалыққа жанашыр жандарды көптің 

алдында марапаттап, арнайы сый-сыяпат табыстап, еңбегін елеген 

жөн. Тұрғындар арасында тазалықпен айналысуды бәсекеге айнал-

дырып, қоғамдық ұйымдардың жұмысын, жұма намазындағы уағызды 

тазалыққа қатыстырып айтсақ нұр үстіне нұр болар бәлкім. 



P.S:. Иә, сан түрлі сана мен қоғам жанашырларының көкейінен 

тазалыққа қатысты осындай озық ойлар ақтарылды. Қызу 

талқыланған тақырыптың тартымдылығы сол, тазалық қай қоғамның 

болсын құнын жоймас құндылығы екенін дәлелдеді. Ақиқат дін ис-

ламда да Пайғамбарымыз (с.а.с) «Тазалық – иманның жартысы» 

деп, аталмыш ұғымның қасиетін айғақтаса, дана қазақ «Тазалық 

– табыстың 

кілті», «Тазалық – 

саулық негізі, саулық 

– байлық негізі» деп 

өрімді ой қалдырған. Қорыта 

айтқанда, ауданды ажарландыру 

– сізге де, бізге де, халық пен билікке 

де тікелей байланысты. Әрбір жан өз орта-

сына, қоғамына мейірім, махаббатпен қарап, 

қоқысты тастағанды мезетінде тоқтатып, өз елінің 

тазалығымен күрессе кент келбеті көркейіп, ауыл-

дар әдемі күйге еніп, аудан ахуалы арта берері анық. Біз 

дөңгелек үстелден кейін осындай ой түйдік...

КӨЗҚАРАС


Қызылорда 

облыстық радио-

телехабарлар та-

рату дирекциясы  

сандық хабар тара-

ту инфрақұрылым 

құрылысына  

жөндеу жұмысының 

жүргізілетіндігіне 

байланысты 

Жаңақорған ауда-

нында 2017 жылдың 

9-10 наурыз күндері 

аралығында сағат 

09.00-ден 18.00-ге 

дейін эфирлік те-

лехабар тара-

ту станциясының 

жұмысы уақытша 

тоқтатылатынын ха-

барлайды. Болатын 

уақытша үзілістерге 

түсініспеншілікпен 

қарауға шақырамыз.



ТҰРҒЫНДАР 

НАЗАРЫНА!

(Жалғасы. Басы 1-бетте)



ЖҰМЫСШЫ

 

ҚҰҚЫҒЫ 

БҰЗЫЛМАЙДЫ

ЖҮРЕККЕ ЖАҚЫН 



ЖОЛДАУ

Жаңақорған  кенті  Май  бекеті 

Ә.Әбутәліпов 

көшесіндегі 

№16 

жаңадан тұрғызылып жатқан 7 бөлмелі 



үй  құрылысы  сатылады.  Жер  көлемі 

0,10  га,  коммуникация  жүргізілген. 

Бағасы  келісімді.  Алам  деушілер 

87022647737, 87473347375 ұялы теле-

фон арқылы хабарласуға болады.

***

Түршеков көшесі №105 үй сатыла-

ды. Қасында времянкасы, ошақ қорасы 

бар. Суы кіріп тұр. Бағасы келісім бой-

ынша.  Хабарласу  телефоны:  23-2-15, 

87014503808.



***

Илялетдинов  №34  үй  15  соттық, 

монша,  ошақ  қора,  сарайы  бар.  7 

бөлмелі  үй  сатылады.  Суы,  газы 

кіргізілген. 

Тел: 


87026488850, 

87752620431. 

Үй 

иесі: 


Аметов 

Қасымхан.



***

Сатылатын 

«Енисей» 

марка-


лы  1  комбаин,  1  жатка  бар.  Бағасы 

келісім  бойынша.  Ұялы  байланыс: 

87021216979.

САТЫЛАДЫ

– Бұл құнды құжаттың бұрынғы Жолдаулардан 

өзгешелігі сонда, Ұлт Көшбасшысы Қазақстанның 

осы уақытқа дейінгі өткен белестерін баян-

дады. Оған талдау жасалып,  елдің жаңғырту 

кезеңдеріне баға берілді, – деген «Нұр Отан» пар-

тиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Мәжит Балқожаев, «Қызылқұм» ЖШС 

қызметкерлері алдында Елбасы Жолдауына жан-

жақты түсіндірді. Ол сөз соңында саяси құжаттағы 

бес басымдықты орындауда атқарылар жаңа жо-

баларды атомшыларды абыроймен атқарарына 

сенім білдірді.

Жолдаудың тарихи маңызы жөнінде серіктестік 

қызметкері Қалжан Құлтасов пен серіктестіктің бас 

директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы 

бастауыш ұйымының төрағасы Пернебай Өтебаев  

кеніште Жолдаудағы басымдықтарды жұмысшы-

қызметкерлер арасында тақылағандарын айтып 

өтіп, соңынан өздерін толғандырған сауалдарын 

жолдады. Оған аудандық филиал төрағасының 

бірінші орынбасары қарапайым тілмен жан-жақты 

жауап қайырып, түсінік берді. 


3

4 наурыз, 

2017 жыл

Ызғар елді мекенінде тұрып, 

қара малға қарайтын малшы 

керек. Хабарласу телефоны: 

87014688595.

***

Пластик, аллюминиден есік-

терезе жасаймыз. Витражға тап-

сырыс қабылдаймыз. Бұрынғы 

Құрманғазы №54 үйден Май 

бекетіне «Еркошпласт» жұмыс 

орнына ауысты. Май бекеті 

6-көше. Жасалған тапсырысқа 

кепілдік беріледі.

Ұялы телефон: 87759049601, 

87473926308.

***

Жаңақорған кенті, 

Алдамжар-Құрманғазы көше 

қиылыстарындағы басты 

жол – Алдамжар көшесі бо-

лып өзгертілген, С.Қожанов 

– темір жол өткелінен бара-

тын жол қиылысындағы басты 

жол – С.Қожанов көшесі болып 

өзгертілді.



Кент әкімдігі.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жалюздің алуан түрлері бар. 

4 терезе жалюзиге 1 терезе жа-

люзи сыйлыққа беріледі. Тап-

сырыс 2-3 күнде орындалады. 

Өлшеу, орнату тегін.

Хабарласу телефоны: 

87028207078, 87076877525.



ЖАЛЮЗДЕР 

ЖАСАЙМЫЗ

Төреқұлов Шәріптің аты-

на берілген үйдің құжаттары, 

жер учаскесіне берілген актісі 

№0014145 кадастрлық нөмірі 10-

149-009-174 жоғалуына байланы-

сты жарамсыз деп табылсын.

***

Жаншораева Пати-

ма Токбергеновнаның атына 

берілген үйдің құжаттары жер 

туралы актісі 0216383 28.01.2004 

жылғы, техникалық құжаты, 

кадастрлық нөмірі 10-149-016-

147 жоғалуына байланысты жа-

рамсыз деп табылсын.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП 

ТАБЫЛСЫН

Қазақстан Республикасының «Нотариат» ту-

ралы заңының 60-бабы негізінде қайтыс болған 

Тасбулатова Умсынның, Калмурзаев Кенестің, 

Құрмамбаев Абдрашиттің, Жасыбеков Жан-

бай Кенбаевичтің атындағы қалған мұралық мүлікке 

мұраның ашылғандығы туралы өтініш түсуіне байланы-

сты мұрагерлері болып танылатын туыстары мұрагерлік 

куәлік алу үшін Жаңақорған ауданының нотариусы 



Әлайдар Әбушахма Өсербайұлына өтініш беруіне 

болады. Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі №134.



МҰРАГЕРЛІК КУӘЛІК

Қазақстан Республикасының «Нотариат» ту-

ралы заңының 60-бабы негізінде қайтыс болған 

Бегалиев Галымжан Тилегеновичтің атындағы 

қалған мұралық мүлікке мұраның ашылғандығы тура-

лы өтініш түсуіне байланысты мұрагерлері болып таны-

латын туыстары мұрагерлік куәлік алу үшін Жаңақорған 

ауданының жекеше нотариусы Ержанова Ботагоз 

Таженовнаға өтініш беруіне болады. 

Қазақстан Республикасының «Нотариат» ту-

ралы заңының 60-бабы негізінде қайтыс болған 

20.12.2016 жылы Дүйсен Сағынбайдың атындағы 

қалған мұралық мүлікке мұраның ашылғандығы тура-

лы өтініш түсуіне байланысты мұрагерлері болып таны-

латын туыстары мұрагерлік куәлік алу үшін Жаңақорған 

ауданының нотариусы Әлайдар Әбиболла 

Әбушахмаұлына өтініш беруіне болады. Жаңақорған 

кенті, Хорасан Ата даңғылы №6.

Ақиқат айнасы

рухани-тағлымдық бет

Бүгінде жас жеткіншектердің басым 

бөлігі сайттарға еркін кіріп, желіде отыра-

тыны жасырын емес. Әрине, қолжетімді 

ғаламторды игілігіне икемдесе қуанамыз. 

Алайда сан алуан ақпараттың ішінде ада-

сып, сайтани сілтеменің соңынан еріп кет-

се, бұл үлкен қатер. Осы орайда, жастар ара-

сында дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы 

иммунитетті қалыптастыру мақсатында 

аудандық ақпараттық насихат тобы ауылдар-

ды аралады. «Дәстүрлі емес жат ағымдар: 

олардың теріс идеологиясы» тақырыбын 

арқау еткен насихат тобы аудандық ішкі сая-

сат және аудандық білім бөлімі мен облыстық 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығының» 

аудан бойынша бөлімшесінің біріккен ма-

мандары негізінде жасақталды. Бекітілген 

кестеге сәйкес бүгінгі таңға дейін кент 

орталығындағы 7 мектеп пен ауылдық 

округтердегі 9-10-11 сынып оқушыларымен 

жүздесіп, желідегі ақпараттық қауіпсіздік 

жайлы насихат өрбітті. Жасақталған қос на-

сихат тобы құрамында дінтанушы мамандар 

мен имамдар, білім бөлімі қызметкерлері бар. 

Атап айтқанда; Ш.Айдаров, Е.Сейтжаппаров, 

Ж.Ахметжанов, Ж.Ашимов, М.Баймұратов, 

Ш.Оразбеков Ғ.Сәрсенов. Наурыз айының 

соңына дейін жалғасатын ақпараттық топ 

ауданға қарасты 26 кент, ауылдық округтерді 

түгел аралап шығады.  

НАСИХАТ ТОБЫ 

ЕЛ ІШІНДЕ

Жақында  республикалық  «Ислам  және 

Өркениет» газетінің №4(410) санында құдайы 

ас мәзіріне қатысты мақала жарық көрді. Онда 

Ақтөбе  қаласындағы  «Нұр  Ғасыр»  облыстық 

мешіті жалпыға ортақ садақа мәзірін әзірлеуді 

бастағаны  айтылған.  Яғни,  алдағы  уақытта 

Ақтөбе  аймағындағы  мешіттерде  құдайы 

астарда  берілетін  тағам  түрлеріне  шектеу 

қойылуы  мүмкін.  Мешіт  жанындағы  асха-

наларда  аста-төк  дастархан  жасап,  артық 

шығындану шариғатқа қайшы деген имамдар 

ас  мәзірін  бектітуді  қолға  алған.  Бүгінде  ел 

арасында сауалнама жүргізілуде екен.

Бар  мақсаттары  –  қуаныш  пен  қазаның  арасын 

ажыратып, мейлінше қарапайым дастархан мәзіріне 

үндеу. Иә, бұл игі бастама бұған дейін Павлодар об-

лысында  да  көтеріліп,  бір  ізге  қойылыпты.  Бүгінде 

Кереку  өңіріндегі  мешіт  асханаларындағы  құдайы 

ас мәзірінде: құрт, қант, газдалған, газдалмаған су-

сын, май, бауырсақ, шелпек, бір ыстық тамақ беру 

бекітілген.  Әрине,  алғашқыда  бай-бағландардың 

бағынбауы  мүмкін,  уақыт  өте  барлығы  да  қалыпты 

жағдайға түседі. Десе де, діндарлардың діттегені – 

ас беру мәдениетін қалыптастыру. 

Иә,  тіршілік  бар  жерде  қаза  бар  екендігі  хақ. 

«Өлім  байдың  барын  шашады,  жоқтың  артын 

ашады».  Алайда  бұл  мақалдың  мән-маңызы  за-

ман  талабына  сай  өзгерді.  Яғни,  бәсекеге  түскен 

қазіргі  қауым  қолында  қаражаты  жоқ  болса  да 

қарызданып,  құдайы  астың  дастарханын  жайна-

тып  жібереді.  Байқағаным,  бүгінгі  таңдағы  құдайы 

астың тойдан екі ғана айырмашылығы бар. Бірі ан-

самбль,  екінші  асаба  жоқ.  Яғни,  дастархандағы 

дәмнің  арасында  құстың  сүтінен  басқаның  бәрін 

табасыз.  Бірінші  кезекте,  ниетіне  ортақтасып  кел-

ген  қонақты  төріне  шығарамыз.  «Бісміллә»  деп, 

бауырсақтың  бір  бұрышын  үзгеннен  кейін  терлеп-

тепшіп  сүт  ақтаған  шәй  ішіледі.  Егер  оған  дейін 

бір-екі  үйге  пейшембілікке  кірген  болса,  ет  қорыту 

үшін  қайғырып  қара  жамылып  отырған  үйден  көк 

шәй  сұратады.  Қазы-қарта,  жал-жаяны  жартылай 

тістеп, енді бірі жамбастап жата бергенде дастархан 

төріне ауқат келеді. Одан әрі үйітілген бас мүжіліп, 

табақтағы  қамырдың  түбі  көріне  бастайды.  Кенет, 

«біздің  тағы  баратын  жеріміз  бар  еді.  Ас  қайырып 

жіберсеңіздер»,  –  деген  өтініш  түседі  төр  жақтан. 

Соңыра, Құран оқылады. Міне, осылай бір тістелген 

қазы-қарта, алма, банан, самса, бауырсақ, тағысын 

тағы  сол  күйі  қалады.  Келесі  ниетіне  ортақтасып 

келген кісілер әлгі жартылай желінген жеміс-жидек 

пен тағам түрлеріне тиіспейді. Үй иелері дастархан 

жаңғыртып,  жинап  алынғанын  малдың  жеміне  та-

стайды. Әрбір пейшембілік пен ас садақаларда көріп 

жүрген көрініс осы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет