Түйіндей айтқанда, «Жерге еткен еңбек, жерде
қалмайды». Осы тәмсілді алға тартып, маңдай термен
еңбек етудің жемісін білетін аудан халқы қашанда іске
келгенде ширақ, әрі қауқарлы. Сондықтан, биылғы
меже өз көрсеткішін жақсартады деген ниеттеміз.
ДИҚАНДАР ЖАҢА
(Жалғасы . Басы 1-бетте)
БЕТБҰРЫСҚА
ДАЙЫН БА?
Меншік иесі:
жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Жаңақорған аудандық
«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы
Бас редактордың міндетін атқарушы
Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ
Телефондар:
Бас директор -8(7242) 70-00-36
Бас редактор -21-4-35
Бас редактордың орынбасары -21-9-71
Жауапты хатшы -79-1-35
Тілшілер -22-2-44
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде
19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.
«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009
«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.
Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді
және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті
көзқарасын білдірмейді.
Газет редакцияның компьютер орталығында
теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-
да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан
көшесі, 4 А. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы
бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-
на хабарласуға болады.
Таралымы 6502 Тапсырыс № 287
Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru
СЫР
МЕДИА
4 наурыз, 2017 жыл
4
Көш. Көш қазақ халқының құрамдас бір бөлшегі
іспеттес. Сондықтан, қазақтан көшті, көштен қазақты ажы-
ратып айтуға, сірә, болмас! Жалпы, жыл он екі ай – көктем,
жаз, күз, қыс сынды жылдың әр мезгілінде қазақ жұрты
өз шаруашылығының, малының күйісі мен жағдайына
қарай қоныс ауыстырып отырған. Біз де көктеуге көшкен
шопандық мехнаттың қыр-сырын тану мақсатында
қойшының бір күндік өмірін барладық.
Сырдарияның батыс бетіндегі «Бестерек» деген жерде отырған
«Төлеу» шаруақожалығының шопаны Жандос Ибраевтың үйіне
ақшамның уақыты кіре бардық. Қасымда қожалық төрағасы
Оразкелді Төлеуов бар. Байкенже ауылына жақын жерде орналасқан
қыстау сексеуіл мен қалың жыңғылдың арасында екен. Мекеннің бір
шеті бүйірқұмға шектесе орналасыпты.
Қыстауда алдымыздан үріп қарсы алған иттер шықты. Адам
қарасын көрген жасы отызды алқымдаған шопан бізге қарай бет
алды. Ол өрістен қайтқан қойға шөп шашып жүр екен. Малдың жай-
ын білетін шопанның отарындағы уақ малдың қоңы жақсы көрінді.
Тіптен, арық-тұрақ мал байқалмайды.
Қотан шетінде енесінің сүтіне тойған 20-30 қозы асыр салу-
да. Төлдер жақта шопан жігіттің 2-3 жасар қызы жүр, қолында
кішкене шыбығы бар. Бәрі де керемет жарасып тұр. Жандос бізге
қонақжайлылық көрсетіп төрге озуға шақырды. Қонақ келгенін
көрген шопанның әйелі Ақнұр дереу дастархан мәзіріне кірісті.
Пеш жанындағы бесікте тәтті ұйқыда жатқан сәби көрінеді. Ша-
масы 5-6 айлық болар. Қойшының өзі малды жайғауға сұранып
тысқа шықты. Арада 5-10 минут өтпей-ақ екі иінінен буы бұрқыраған
самауыр алдымызға келді. Қағілез келіншек дастарғанға ыстық нан
мен сары майды қойып, сүт қатқан күрең шай құйылған кесені бізге
ұсына бастады. Сүт пісірім уақытта дағдылы шаруасын бітірген
Жандос та үйге еніп:
– Сіздер бүгін асықпаңыздар. Бір көрпелдес қозы бар еді соны
сойдырып жатырмын. Бізге күнде қонақ келе бермейді, оның үстіне,
ертең тау беткейге көшкелі жатырмыз. Жаңалықтың арасында
жүргендіктен елдегі ақжолтай ақпараттармен бөлісіңіздер... – деді.
Қою шайға қанған біз әңгімеге де кірісіп кеттік.
Мен Жандосқа қанша уақыттан бері мал бағатыны, қысты қалай
өткізгендігі жөнінде сұрақ қойдым.
– Ертеңнен бастап қырға қарай көшпекшіміз. Алда төл алу
науқаны келе жатыр, малдардың көбі енді наурыз айында төлдей
бастайды. Сол себепті жылда мал төлдетіп жүрген «Қаратөбеге»
барып қоныстанбақпыз.
Биылғы қыс қарлы болғанымен малдың қоңын аларлықтай
суық бола қойған жоқ. Құмдағы сексеуіл мен жыңғылдың арасы
өте жылы болады. Оның үстіне, құмдағы қалың жантақ пен жүзген,
карабарқын мен торғайоты, құм жусаны бар. Жалпы, оты жақсы.
Дегенмен, күнделікті таңертең және кешкілік қойға шөп шашамыз.
Сондықтан малдың қоңы жақсы, – деді шопан.
Оның айтуынша, әкесі Ыбырай да Кеңестік заман кезінде ұзақ
жылдар шопан болыпты. Ол жастайынан жазғы демалыс кезінде
әкесіне қолқанат болып жүріп, шопандық жұмыстың қыр-сырын
меңгере бастайды. Есейе келе әкесі мал бағуды сеніп тапсырып-
ты. Жандостың айтуынша шопан болу екінің бірінің қолынан келе
бермейді.
– Шопан болу үшін де қабілет керек. Малдың жатыс тұрысы,
жайылымы жөнінде көп ізденуің керек. Мұның үстіне малға жау да
көп, ит-құс дегендей. Өткен жылы отаға шағал мен бөріден қауіп
көп болып еді. Әлгінде алдарыңыздан шыққан төбеттің үлкені бір
бөріні алды. Құдайға шүкір, биыл одан дін аманбыз, – деген Жандос
төбетін мақтап та қойды.
Осы арада шаруашылық төрағасы Оразгелді Әнуарұлы сөзге
араласып, осы шаруашылықты осыдан 11 жыл бұрын ашқаны, со-
дан бері қаракөл тұқымдас қойды асылдандырып келе жатқандығы
туралы әңгіме өргітті. Бүгінде шаруашылықта 900 бас аналық бар
екен, асылтұқымды қошқарды «Ақсеңгір» шаруа қожалығынан
әр екі жыл сайын 30 бастан алып отыратын көрінеді. 10 жылдан
бері өзі «Қамқоршы» несие серіктестігне мүше екен. 2007 жылы 10
млн. теңге несие алып, тіршілігін бастаған көрінеді. Міне, қазір сол
несиенің 60 пайыздан астамын серіктестікке қайтарып үлгеріпті.
Ал, мемлекет тарапынан асыл тұқымды қаракөл қой түлігін өсіргені
үшін, әр басқа 1500 теңгеден және олардың жем шөбі үшін 2300
теңгеден субсидия алып отыр екен.
Әңгіме қызуымен отырғанда алдымызға шопанның келіншегі
қазаннан жаңа түскен семіз ет толы табақты әкеп қойды. Түн ұзақ
әңгіме соғып, ой мен шұңғырды оймен аралап, біраз жайдың басын
қайырып, ұйқыға кеттік...
Таңертеңгісі отанасының қою шайын ішіп болғаннан кейін тысқа
шықтық... Жандостың інілері отарды үлкен жолға қарай бастап
кетті. «Бестерек» аталатын жерден өте Жандостан бұл жердің қыр-
сырын сұрадық. Шопанның сөзін бақсақ, бұл жерде осыдан 40-50
жыл бұрын бақша егетін алқап болған екен. Өзіңізге белгілі, гек-
тарлап егіс егетін адамдардың көбі кәрістер мен өзбектер болған.
Цой есімді кәріс диқаны күркесінің жанына бестеректің көшетін
отырғызыпты. Сол теректер 90 жылдардың ортасына дейін өсіп
тұрыпты. Осыған байланысты «Бестерек» деп атаса керек, – деді
шопан.
«К-2» каналының көпірінен өткен мал жылдағы дағдысы бой-
ынша тауға қарай бет алғанын сезгендей, бірінің ізінен бірі шұбыра
жөнелді. Отар басын топ серке бастап барады. Бұл күні мал бірнеше
жерде жарты сағаттан тоқтап, аялдап, жайылып, кешқұрым Сырда-
рия өзенінен өтті. Жаңақорғаннан өте бере Жандостан ендігі бет
алысын сұрадық.
– Аға, мынау жаңа «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы бір
жарым шақырымында «Қаратөбе» деген жер бар. Бұйыртса сон-
да жетіп тоқтаймыз. Бұл жер менің төрт жылдан бері көктемде төл
алып отырған мекенім. Осында мамыр айына дейін отырып малдың
жүнін қырқып, Жаңақорғаннан 60 шақырымдай жердегі «Қарасаз»
деген Қаратау қойнауындағы жайлауға барып тұрақтаймыз. Жаздай
осында болып, 2-3 қоныс аударып, өріс өзгертеміз. Осында бүкіл
жазды өткізіп, тамыз айының соңына қарай етекке түсеміз, – деді.
– Ал, Жандос сенің еңбекақыңды қожалық төрағасы қалай
төлейді. Жалақыдан өзге қандай көмектер беріледі?
– Орекең ай сайын 70 мың көлемінде жалақы төлейді. Ай сайын
қант-шайымызды, ұнды жеткізіп беріп тұрады. Мұнан өзге жыл сай-
ын қой қырқын біткеннен кейін сол жылғы төлдің 15 пайызын маған
береді. Яғни, бұл 140-150 бас қозы деген сөз, – деді аспанға шыға
бастаған жұлдыздарға ұзақ қарап:
– Шынын айту керек, бұған дейін де бірнеше шаруа қожалықта
шопан болдым. Бірақ, ондағы шаруамыз оңала қоймады. Ал, қазіргі
табысыма Құдайға шүкір деймін! – деді.
Біз шопанмен қоштасып, соңынан ұзақ қарадық. Малдың алды
Тайпақкөлге жетіп, ен суға бас қойып жатты. Суға қанған отар қарсы
алдынан ескен тау желінің самалынан жас жусанның исін сезгендей
ширай басып, «Алтынсарин» мөлтек ауданы тұсынан өтіп, теміржол
өткелін кесе солтүстік шығысты бетке алып бара жатты...
Бұл қазақтың кезекті көші болатын. Әрине, Сырдан Сібірге
бет алған бұрынғы көш ғасырлардың еншісінде қалды. Дегенмен,
ешкі-қойын маңыратып, сиырын мөңіретіп, тазысы мен төбетін
үргізіп, қарт тауды бетке алған шопандардың керуен көшінен ата-
баба аманатының исі аңқиды. Осы көш тиылмаса қазақ өмір сүруін
тоқтатпайды. Мұны уақыттың өзі дәлелдеді. Олай болса, көштің
мәні жойылмасын...
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
– Біздің қоғам үшін адамның рөлі өте жоғары. Ұлыларымыз
"Мен үшін әрбір қазақ қымбат" деп айтып кеткен. Ел
Конституциясының 1-бабында да мемлекет үшін әр азаматтың
қымбат екендігі айтылған.Адамның өмірдегі орны, оның
қасиеттері туралы қандай ой түйдіңіз?
– Әрбір ата-ана баласы дүниеге келген соң, ол келешекте қандай
азамат болады, қандай кәсіпті меңгеріп шығар екен деп қам жейді.
"Осы балам елге қызмет ететін адам болса арманымыз жоқ" деп оты-
рады. Біз де бала күнімізден ата-анамыздың осындай үмітін арқаланып,
соны ақтай алсақ деп талпынып өстік. Әкеміз ұзақ жыл шаруашылықты
басқарды. Ата-анамыз отбасында 7 ұл-қызды ізгілікке, адалдыққа
тәрбиелеу жолында өз бойларындағы бар жақсы қасиеттерін сарқып,
тамаша тағылымдарымен үлгі-өнеге көрсетіп, өмірден өтті. Өзім әкемнің
жолын жалғастырғанымды мақтаныш санаймын. Өмір жолыма кел-
сем, "Қыркеңсе" ауылындағы №213 орта мектебін тәмамдап, одан әрі
шаруашылықта түрлі жұмыс атқарып, Кеңес армиясы қатарында екі жыл
әскери борышымды өтеп қайттым. Содан соң Қарағанды қаласындағы
есеп-кредит техникумына оқуға түсіп, оны 1992 жылы тәмамдап, жолда-
мамен Жаңақорған аудандық жинақ банкісінде кассир болып еңбек жо-
лымды бастадым. Одан әрі аға кассир, бухгалтер болып істедім. Басшы-
мыз Жамбыл Ыдырысовтың тәрбиесін алып, алған білімімізді тәжірибе
жүзінде жетілдірдік. Кейін келе мекеменің атауы да, жұмыс жүйесі де
өзгерді. 2004 жылдан бастап банк басшысы ретінде уақыт талабымен
салаға енген жаңа тынысты бағдарламалардың табанынан нық тұрып,
табысты дамуына ұжым болып қажырлы еңбек етіп келеміз.
– Басшы ретіндегі ұстанымыңыз қандай? Қызмет-
керлеріңіздің қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?
– Адамда ең бірінші әділдік болуы керек. Әділдікті жаны сүйетін адам
ешуақытта шалыс қадам баспайды. Әріптестерімнен халықпен жұмыс
жасағанда ең бірінші адалдықты талап етемін. Біздің жұмысымыздың
алға басуының, елдің көңілінен шығып, алғысқа бөленуінің ең басты
кілті сонда жатыр. Екінші, тәртіп мәселесін қалт жібермеуге тырысамын.
Тұрғындардан басы артық арыз-шағымның болмауы, жүйкеге артық
салмақ түсіретін берекесіздіктердің орын алмауы да қызметкерлеріміздің
жауаптылығынан деп есептеймін. Үздік еңбегімен танылғандарды мара-
паттап отыруға да басшылық тарапынан үлкен мән беріп келеміз.
– Тәуелсіздік алғаннан бергі түбегейлі жаңарулар елдің
сана-сезіміне де үлкен өзгеріс әкелді. Халықтың тұрмысы
да күннен-күнге жоғарылап келеді. Аудандағы бүкіл
бюджеттік мекемелердің жалақысы, азаматтарды зейнетақы,
жәрдемақы, басқа да әлеуметтік төлемдерімен қамтамасыз
етумен қатар заңды және жеке тұлғаларды несиелендіруді
бір ізге қойған аудандағы бірден-бір акционерлік банкті
аймақ экономикасының айнасы деуімізге де болар. Бүгінгі
қаржылық хал-ахуалымызға қандай баға бересіз? Банктен не-
сие алушылардың төлем қабілеті қандай? Қандай жеңілдіктер
бар?
– Жалақы төлеу мәселесінде мекемелердің айма-ай есептесуі бір
ізге түсіп келеді. Несие алушылар қатары да артып отырғанын жасыруға
болмайды. Көпшілік несиені баспана мәселе бойынша рәсімдейді. Оған
өкініш білдірген емес. Қайта жұмыстарын бітірген соң, арнайы соғып,
"Сіздердің көмектеріңіздің арқасында үйімізді салып, бітіріп алдым,
өздігімше ақша жинақтап, қор қалыптастыруға шамам келмес еді" деп
рахметін айтып жататындар көп. Тиісінше, мекемемізде жиі-жиі ак-
ция ұйымдастырып отырамыз. Кеше, жаңа-жыл қарсаңында 10 пайыз
жеңілдікпен несие берсек, осы күндері сәуір айына дейін 15-16 пай-
ызбен несие беріп отырмыз. Тағы бір мәселе, клиенттерімізді ішкі
қаржыландырумен қоса сыртқы қаржыландыруға, яғни өзге де ІІ
ЕЛДІҢ ЖАҢАРЫП, КӨРКЕЮІМЕН БІРГЕ ЕЛІМІЗДІҢ
БАСҚАРУ БАҒДАРЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАНК
ЖҮЙЕЛЕРІ ДЕ ӨЗГЕРДІ. АУДАННЫҢ ЭКОНОМИ-
КАСЫН АРТТЫРУҒА, ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ДАМУЫНА
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖАҒЫНАН ӘЛЕУЕТТІ ЖӘНЕ
СЕНІМДІ ӘРІПТЕС БОЛЫП ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТІП ОТЫРҒАН ҚАЗАҚСТАН "ХАЛЫҚ БАНК"
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ
ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫ ЕРБОЛ ЕРКІШОВПЕН
СҰХБАТТАСЫП, МЕКЕМЕНІҢ БҮГІНГІ ХАЛ-АХУАЛЫ
ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК ЖОСПАРЛАРЫМЕН ОЙ БӨЛІСКЕН
ЕДІК. ТӨМЕНДЕ СОЛ СҰХБАТТЫ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
ҰСЫНАМЫЗ.
«НАҒЫЗ адамның
белгісі - КІСІЛІК»
Ербол ЕРКІШОВ:
Көш...
деңгейлі, коммерциялық банктерден (Каспи банк, Хоум кре-
дит секілді) алған несиелерін жауып, Халық банктен несие
алуына жағдай жасап отырмыз.
– Мекемеңіздегі мерзімінде жабдықталған
цифрлық технологияның нәтижесінде көзге ұрып
тұратын ұзын-сонар кезек мәселесі түбегейлі
шешілген тәрізді.
– Дұрыс айтасыз. Бүгінде кент ішінде 7 банкомат, 2
төлем терминалы жұмыс істеп тұр. Жаңа технологияның
тиімділігі қызметкерлеріміздің ғана емес, тұрғындардың да
уақытты ұтып, қалаған жағына ақша аударуына жағдай жа-
сап отыр.
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында ІТ білімді,
қаржылық сауаттылықты қалыптастыруды бұқара алды-
на міндет етіп қойды. Жас демей, кәрі демей, осы бағытта
машықтануға талап еткен жөн дер едім.
– Алдағы мақсаттарыңыз қандай?
– Қазір бәсекелестік заманы. Біз үшін ең бастысы -
халықтың көңілінен шығу. Көпшілік болған соң біреуге
жақсаң, біреуге жақпай қаласың. Барлығына да түсіністікпен
қарауға тырысу керек. Бұл үшін кәсіби біліктілік аз,
мінез байлығы да қажет. Адамның бағасын айқындайтын
көрсеткіштер өте көп. Оның адамгершілігі, білімі мен алған
тәрбиесі, іскерлігі, еңбекқорлығы бірінші кезекте сынға
түседі. Өз басым, өзінің таңдаған мамандығын айрықша
сүйіп, өз қызметін беріліп атқаратын адамды жоғары
бағалаймын.
Кезінде ақиық ақын Төлеген Айбергенов "Адамдар"
атты әйгілі өлеңінде: Не кездессе өздеріңнен көрмекпін,
қарапайым адамдары еңбектің. Барлығын да бағыштар ем
сендерге, махаббатын маған берсе жер-көктің!, – деп еңбек
адамдарын құрметтеудің шынайы үлгісін көрсетіп берді.
Сондықтан амал-айласымен емес, адал еңбегімен таныла
білгендердің жүзі жарқын боларына сенімдімін.
– Бос уақытта немен айналысасыз?
– Шынын айтқанда, бізде бос уақыт деген бола
бермейді екен. Қарамағымдағы қызметкерлеріммен
уақытпен санаспай жұмыс жасап, аудан тұрғындарына
толықтай дерлік қызмет көрсету талаптарында мін жіберіп
алмау үшін, екіншіден күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан
уақыт ағымынан қалып қоймас үшін үздіксіз ізденіс үстінде
жүреміз. Қолым қалт еткенде отбасының шаруашылығы де-
ген бар, соған көңіл бұрамын. Спорттың волейбол, баскет-
бол түрлерінің жанкүйерімін. Келешек осындай спортшы
жастарға демеуші болу да ойымда бар.
– Отбасыңыз туралы тоқталсақ.
– Бір ұл, бір қызым бар. Келіншегім Гүлнар, қазірде
СКЗ-U мекемесінде кадр бөлімінің меңгерушісі. Қызым
Жансая әке жолын таңдады. Тұрар Рысқұлов атындағы
Қазақ Экономика Университетін тәмамдаған, қазір осы оқу
орнының магистранты.
– Сұхбатыңызға рахмет, еңбектеріңізге тек та-
быс тілейміз.
Әңгімелескен Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
ОҚШАУ
ОЙ
ЗЕР ҚАДІРІН
ЗЕРГЕР БІЛЕР
Баян
ҮСЕЙІНОВА
Күн жұма болатын. Менен гөрі теле-
дидарды көбірек қадағалайтын жолдасым
таңатпастан «Бүгін дүниежүзі жазушыларының
күні екен» деген жаңалықты жеткізді. Одан
өзге бұл туралы кешке дейін жақ ашқан ешкімді
кездестірмедім, көп күндердің біріндей елеусіз
өте шықты.
Жалпы, құм ішінен маржан іздегендей сұлу
сөз іздеп сарылып, кейде бір теңеу үшін сана-
сы санға, ойы онға бөлініп, қиял теңізін кешіп,
күнді күнге, түнді түнге ұрып еңбектенер
жазушының тауқыметке толы бейнетін біреу
бағаласа, біреу бағалай бермейтіні рас.
Тегінде, кез-келген заттың құны, бағасы бола-
ды. Зияткерлік еңбектің қандай өнімі болмасын
базарға шығарып сататын тауар емес, оның
құнын қалай белгілемексің? Мұның бағасын
біліп, құнын қадірлеу үшін де озық сана, өрелі
кеуде, биік интеллектуалдық қажет сияқты.
Сөзіміздің дәлелі ретінде мына төмендегі
жайды келтірейік:
Туған
жеріміздегі
көрнекті
жазушы-
мыз Адекеңнің отбасына соғып, Шәрипа апа-
мен әңгімелескенімде, өзара сыр етіп мына
жағдайды қынжыла жеткізді: Адекеңе бір
кісілер ғұмырнамалық кітабын жаздырыпты.
Мәліметтерінің көбін берген. Бірақ толықтай
жинақтап, көркемдеп, өңдеп, жазушының
өзі баспаға дайындаған екен. Адекеңнің бір
әдеті, ешқашан еңбегін пұлдап, алдын-ала
есептескен жан емес. «Өздерің білерсіңдер»
дейді де қояды. Осылай талай күйіп те қалып
жүрген жағдайына куә болып жүрген ек. Бұл
жолы кітаптың егесі жазушының шаңырағына
келіп болғанша Адекең жарық өмірден атта-
нып та кеткен. Әлгі тапсырыс беруші мырзамыз
Шәрипа жеңгейдің қолына қаламақысы деп
жүз мыңды ұстатқан екен, алты ай көз майын
тауысып, шимай қолжазбалардан бас алмаған
жолдасының енапат еңбегіне арзымағанына
жаны ауыра, қапаланып, не дерін де білмепті.
Құдіретті қаламның қадірін білмес қаражаяулар
осылай тағы да қапы қалдырды.
Осы жерде мына тәмсілді келтірейік: «Алыс
шаһарға білім қуып барып, үлкен ғұламадан ілім
жинаған жігіт қайтарында «Осыншама уақыт
алған білімімнің қаншалықты құны бар екен?»
деп толғанады. Ойын ұстазына жеткізеді. Сон-
да ұстазы қолындағы жүзікті шешіп беріп: «Мы-
наны апарып өткіз, қаншаға бағаласа, сенің
іліміңнің құны да сонша тұрады» - дейді. Мұны
естіген шәкірттің көңілі қоңылтақсып қалыпты.
Сонда да ұстаздың тапсырмасымен бір дүкенге
келіп, жүзікті саудалайды. Саудагер жүзікті
ары-бері аударып қарап, болмашы бағаға
сұрайды. Бұл бергісі келмейді. Екіншісіне барып
еді, ол да маңдытпады. Тағы бір ұста дүкеніне
бас сұққан, шебер алдында жатқан кенепке
сақинаны үйкеп-үйкеп жіберіп қарап, көзі жай-
нап, пәлен динарға бересің бе? - деп қомақты
қаржыға сұрайды. Бұл басын шайқайды. «Онда
осы жердегі бүкіл дүниеліктеріме ауыстырайық,
келісесің бе?» - дейді, Бұл «жоқ» деп келіспей,
сақинаны қайта егесіне алып келеді. Сонда
ғұлама: «Міне, көрдің бе, сенің алған іліміңнің
құны да осындай» деген екен. «Зер қадірін зер-
гер соққан біледі» деген осындайдан қалған.
Зиялылар
туралы,
оларды
қадірлеу
мәселесі туралы ойлағанда менің ойыма осы
тәмсіл түседі.
СЕНБІЛІК СҰХБАТ