Әсет ризаұлы мұҚашбеков бақыт қҰСЫҢды басыңА Қондырудың ҚҰпиялары


-ші әдіс: «Қарама-қарсы ойлау әдісі»



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8021
1   2   3   4   5   6   7   8

2-ші әдіс: «Қарама-қарсы ойлау әдісі»
«Өз нәпсіңе ие болу – рухтың немесе таза ақылдың 
қасиеті. Өз-өзіңе ие болғаннан, нәпсіңді бағындырғаннан 
артық жоғары билік жоқ».
Бальтасар Грасиан, испан жазушысы ХVІІ ғасыр.
Мазасыздық пен келеңсіз ойлардан құтылатын екінші 
әдіс. Қарама-қарсы ойлау. Табиғаттың ұлы заңына сәй-
кес сана тек бір-ақ ойды ұстап тұра алады. Осы ілімді 
қолданып, адам қысқа мерзімде өзінің шабытты жақсы 
ойларын дамыта алады. Бұл әдіс өте қарапайым: санаңа 
жаман ойлар ұялап алса, бірден көңіл-күйіңді көтеретін 
ойлармен алмастыр. Келеңсіз ойларды жағымды ойларға 
айырбаста. 
Бұған  тәсбих  жақсы  көмектеседі.  Егер  санаңды  жа-
ман ойлар жаулап алса, тасбихтың бір тасын бөлек алып, 
кішкене дорбаға сақтап қоясың. Олардың саны көбейіп 
жиналған сайын, ол маған санамды толық тазалау үшін 
әлі қаншама ұзақ жол жүру керек екенін есіме салып оты-
рады. Ойлау жүйеме жақсы ойлардың ұялауының жауап-
кершілігін жүктейді. Уайымның орнын қуанышпен тол-
тыр. Ойыңды қуанышқа шоғырландыр. Өзіңді бақытты 
сезін! Бір қалыпты терең тыныстап, түзу отыр. Осы кез-
де жымия бастайсың. Көңілді болған кезде не істейсің, 
соны істе!

20
ІІ БӨЛІМ
Ойыңды  жақсы  жаққа  шоғырландыр.  Бір  минуттан 
кейін сезіміңде керемет өзгерістер басталғанын байқай-
сың.  Қарам-қарсы  ойлау  әдісін  басыңа  келген  барлық 
жаман  ойларға  бағышта.  Бір  аптадан  кейін  кері  кеткен 
келеңсіз  ойлар  миыңда  тұрақтап  тұра  алмайды.  Саған 
жаман әсерін тигізе алмай жөндеріне кетеді. Ой қуаттың 
кішкентай бөлініп кеткен бөлшегі. Ол тірі нәрсе. Пенде-
лердің басым бөлігі басына біресе анау ой, біресе мына 
ой  неге  келетінін  түсінбейді.  Ақиқатында  сенің  ойлау 
жүйеңнің  сапасы  сенің  өміріңнің  сапасын  анықтайды. 
Ой  көл,  көше  сияқты  материалды  бар  нәрсе.  Сен  онда 
жүзесің, малтисың, жүресің. 
Нашар, әлсіз ой нашар әлсіз істер істейді. Мықты әрі 
тәртіпке  салынып,  тізгінделген  ой  ғажайыптар  жасай-
ды. Әркім күнделікті жаттығулар жасап, неше түрлі ке-
реметтерді іске асыруына болады. Мысалы: қарызынан 
құтылу, денсаулығын қалпына келтіру, молшылыққа ке-
нелу,  тұрмысқа  шығу,  өзіне  лайықты  құдай  қосқан  қо-
сағын табу, қайыршылықтан, жоқшылықтан құтылу, шет 
тілін меңгеру, бала сүю, балаларына дұрыс тәрбие беру, 
мәдениетті болу, өз бетінше іздену, рухани кітаптар оқу, 
екі дүниенің қанатын тең ұстау, ешкімнен еш нәрседен 
қорықпау, алған мақсатына жетпей тынбау, табанды, қай-
тпас қайсар болу, мейірімді бауырмал болу, әдемі, сұлу, 
сұңғақ  болу,  арықтау,  маскүнемдіктен,  темекі  шегуден, 
қызғаншақтықтан,  нәпсі  құмарлықтан,  дүниеқоңыз-
дықтан, ақымақтықтан, жынды сүрейліктен, менмендік-
тен, даңғойлықтан, есерсоқтықтан, ішмерездіктен, арам-
дықтан, т.б. толып жатқан келеңсіздіктен құтылу. 
Осылардың бәрін саған басқа біреу әкеліп, жапсырып 

21
қойған  жоқ.  Осы  келеңсіздіктердің  бәрін  өзіңнің  ойлау 
жүйең арқылы санаңа сіңіріп алдың. Өмірдің ұлы құпия-
сы сен не ойлайсың солсың!
Егер  толыққанды  бақытты  өмір  сүремін  десең  ең 
қымбатты  асыл  затыңа  қарағандай  ойыңа  қамқорлық 
жаса. Ішкі мазасыздықтан құтылу үшін ерінбей енбектен. 
Күнделікті санаңды тазалайтын осы кітапта баяндалған 
жаттығуларды жаса. Нәтижесінде керемет марапатқа ие 
боласың. Адамдар тек қана мөлдір, таза ойлармен ойла-
уға тиіс. Бұған жоғарыда баяндалған жаттығу әдістерін 
жасап,  қол  жеткізуге  болады.  Егер  де  сенің  санаңа  бір 
жаман  ой  ұялай  қалса,  еңбегің  еш  кетеді.  Келеңсіз  бір 
жаман ой санаңа ұялап алса, ол өсіп, өрбіп ары қарай өз 
өмірімен өмір сүре бастайды. Бүкіл санаңды жаулап ала-
ды. Осыдан құтылу үшін «раушан гүлінің жүрегі» және 
«қарама-қарсы ойлау» жаттығуын күнделікті жасап, са-
наңды тазала. 
Тағы бір құпия: Барлығы екі рет құралады. 
Бастапқыда санаңда, сонан соң нақтылы өміріңде. Ой 
материалды зат. Осыны біз қоршаған материалды әлемге 
жібереміз. Сенің жіберген ойдарыңды материалдық әлем 
қабыл етіп, сұрағаныңды береді. Өстіп, ойың іс жүзіне 
асады. Шын ниетіңмен сұрасаң болды. Келеңсіз жаман 
ойлар жамандықты, таза мөлдір ойлар жақсылықты әке-
леді. 
Біздің  қазақтың  басым  көпшілігінің  жамылған  көр-
песі, басына жетсе, аяғына жетпейді, тұрмыстары төмен, 
денсаулықтары нашар. Неге?   

22
ІІ БӨЛІМ
Мысалы: тойда, не болмаса, жаназада отырса да әң-
гіме тақырыптарының ауаны былай: Бір кемпір немесе 
бір шал өзінің ауруын айта бастайды. Оған жамырай бәрі 
қосылады. Бұл тақырып біте бастағанда енді біреу өзінің 
қарызын, кедейшілігін, қайыршылығын айтып зарлайды. 
Оған бәрі шибөрідей шуылдап, қостай ала жөнеледі. 
Бұл нені білдіреді? Рухани надандықты, топастықты. 
Ауруларын  айтып  зарлап  отырғандар  ауруының  үстіне 
ауыру  жамап  жатқандарын,  кедейшілігін  айтып  қақсап 
отырғандар, өздеріне қайыршылықтың қақпасын айқара 
ашып,  қойғандарын  ұқпайды.  Себебі,  бұлардың  ойлау 
жүйесінің деңгейі төмен, лас жиіркенішті. Сонан соң ма-
териалдық әлем олардың тілектерін қабыл етіп, сұраған-
дарын береді. 
Бар бәле өздерінің ішкі жан дүниесінде. Ойлау жүй-
есінің дұрыс еместігін сезбейді. Онымен қоймай бәлені 
ағайын-туысынан, өкіметтен т.б. іздейді. Соларды жазғы-
рады. Көреалмаушылық, іштарлық, қызғаншақтық, біре-
уді сыртынан сынау, өсек айту. Осы пенделердің санасы-
на сіңіп кеткен. Себебі, басқаша ойлай алмайды. Ойлау 
жүйелері жұтаң, таяз, арам, лас. Неге? 
Сондықтан сыртқы қоршаған әлемді, өзіңнің тұрмы-
сыңды өзгерткің келсе, жөндеуді өзіңнің ішкі әлеміңнен 
баста. Ойлау жүйеңді түбегейлікті басқа бағытқа өзгерт: 
бақытқа,  байлыққа,  сыңғырлаған  денсаулыққа,  махаб-
батқа,  имандылыққа,  қуанышқа,  шатыққа,  мамыражай-
лыққа, т.б. толып жатқан ізгі істерге. 

23
3-ші әдіс: «Шалқар көлдің құпиясы» 
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналар өздерінің ой-
лау  жүйесінің  тазалығын  сақтаудың  керемет  әдістерін 
білген.  Бұл  әдіс  бәріне  жарайды:  Қарызға  белшесінен 
батып  жүргенге,  байлық  пен  молшылық  іздегенге,  үй-
ішінің берекесін сақтаймын деген анаға, саудасы жүрмей 
тұрған сатушыға, жолы болмай жүрген жас мамандарға, 
тұрмысқа  шыға  алмай  жүрген  кәрі  қыздарға,  үйленбей 
жүрген сүр бойдақтарға, сырқатынан арыла алмай жүр-
ген науқастарға т.б. 
Бұл әдісті «Шалқар көлдің құпиясы» дейді. Бұл әдісті 
іске асыру үшін таң бозынан тұрып, ауылдың жанындағы 
ағып жатқан өзенге, бар болса, көлдің жағалауына, тіпті 
болмаса, тоғайға, жазық жапан далаға, яғни табиғат ая-
сына оңаша кетіп, арманының орындалғанын көз алды-
на елестетеді. Егер өзін тәртіпке баулығысы, ерік жігерін 
шыңдағысы  келсе,  қатаң  ас  мәзірін  ұстап,  жаттығулар 
жасайды. 
Егер  өмірден  қуаныш,  шаттық  алғысы  келсе,  өзінің 
рахаттанып күліп тұрғанын, мейірімді болғанын көз ал-
дына  елестетеді.  Бірнеше  ойдан  кейін  ішікі  жан  дүни-
еңмен  көз  алдыңа  елестеткен  тұлғаға  айналасың.  Ой-
лаған жақсы ойыңның бәрі іс жүзіне аса бастайды. Сен 
осы  арқылы  кім  болғың  келетінін,  қандай  жетістікке 
жеткің келетінін, жаратушыға хабарлайсың. Санаң таза, 
ойың  мөлдір,  жүрегің  пәк  болса,  тілегің  міндетті  түр-
де қабыл болады. Есіңде болсын сана бейнелер арқылы 
ойлайды!  Елестеткен  бейнелерің  арқылы  өзіңнің  кім 
екеніңді,  не  сезетініңді,  іс-әрекетіңді,  мақсатыңа  қалай 

24
ІІ БӨЛІМ
бара жатқаныңды түгелдей жақсы жаққа қарай өзгертеді. 
Осы әдіске күнделікті аз болса да уақытыңды бөл, істе. 
Табиғатқа  шыға  алмасаң,  үйіңде,  жұмыс  орныңда 
оңаша бөлме тауып алып істе. Есікті құлыптап жап, те-
лефоныңды өшір, көзіңді жұм. Бірнеше рет терең дем ал. 
Екі-үш минуттан кейін денеңнің босағанын сезесің, со-
нан кейін ойша кім болғың келетінін, қандай жетістікке 
жеткің келетінін, неге ие болғың келетінін елестет. Пә-
тер алғың келсе, үйіңді, бай болғың келсе, байлығыңды, 
жетекші болғың келсе, ел басқарып отырғаныңды, тұр-
мысқа шыққың келсе, болашақ жігітіңді немесе қалың-
дығыңды,  жақсы әке  болғың  келсе,  балаларыңды  ерке-
летіп жүргеніңді т.б. 
Осы  әдісті  үнемі  қолдансаң,  бақытқа  да,  байлыққа 
да  шомыласың.  Себебі,  сен  қалауыңды  Алладан  сұрап 
отырсың.  Елестеткен  бейнең  арқылы  осылай  болғым 
келеді деп хабарлап отырсың! Осы кезде Жаратушы ба-
сыңа  бақыт  құсыңды  қондырып,  тілегіңді  түгелдей  қа-
был етеді. 
Біліп ал! Адамның санасында магниттік күш бар. Осы 
күш тілегіңді тартып береді. Қалаған қандай болмасын 
қалауыңды орындайды. Егер өміріңде бірдеңе жетіспей 
тұрса,  сол  бейнені  санаңда  елестете  алмай  отырсың. 
Саған осы жетіспей отыр. Көз алдыңа елестеген көркем 
бейнелерді сақтай біл.
Есіңде болсын! Бір жаман бейненің өзі миыңды улап 
жібереді.  Осы  әдістің  қуанышты  нәтижесін  көріп,  сезе 
бастағанда  өзіңнің  ақылыңның  шексіз  мүмкіншілігін 
білесің. Бойыңдағы булығып, шыға алмай жатқан қуатты 

25
шығарасың. Нәтижесінде рухани әлемнің де, материал-
ды әлемнің де байлығына ие боласың. Қазақ атам бата 
бергенде  «екі  дүниенің  қанатын  тең  ұста»  дейтіні  сон-
дықтан. Біз миымыздың 5-ақ пайызын пайдаланамыз. 
Адамға  басқадан  озғаны  емес,  өзінен  озғаны  маңы-
зды. Адам өзінің ойын ойлауы керек. Басқалардың сен 
туралы  айтқаны  керек  емес.  Қазекең  бұны  «Ит  үреді, 
керуен көшеді» дейді. Басқалар сені көре алмайды, іші 
күйеді, күндейді. Өзін түзей алмай жүрген жарыместің 
пікірі саған қажет пе? Өзіңнің жүрегіңді тыңдап үйрен. 
Егер өзіңнің істеп жатқаныңды дұрыс десең жалтақтама, 
ұялма, аршындап алға қарай адымдай бер! 
Басқалар сияқты бәрін тиын-тепшікпен есептеме, жа-
ман, пасық әдеттерді жаныңа жолатпа. Біреуді күндеме! 
Ешқандай мақсаты жоқ адам жалқау, шаршағыш болады. 
Шаршау  ақылдан  туындайды.  Егер  жұмысың  ұнамаса, 
қызықсыз болса, түк бітірмей-ақ шаршап жүресің. Осы 
әдістерді қолданғаннан кейін сенің ойың «өліп қалған» 
өткен  күнге  де,  бұлдырлаған  болашаққа  да  қаңғырып 
кетіп  қалмайды.  Ол  осы  сәтке  ғана  шоғырланады.  Сен 
біртіндеп ойыңды осы сәтке ғана жұмыс істетсең, шексіз 
қуатқа ие боласың. Оған бәрібір күн бе, түн бе. Сенің ай-
тқаныңа көніп, айдауыңа жүреді. 
Қорытынды: 
1.  Өз ойыңды ауыздықта.
2.  Өз ойыңа қамқоршы бол. 
«Раушан  гүлінің  жүрегі»,  «Қарама-қарсы  ойлау», 
«Шалқар көлдің құпиясы» әдістерін қолданып, ақылың-
ды  тізгіндеп  ал.  Сонда  саған  ойлау  жүйең  таңғажайып 

26
ІІІ БӨЛІМ
кереметтерін  көрсетеді.  Басыңа  бақыт  құсың  қалықтап 
келіп қонады. 
3.  Сенің  өміріңнің  сапасы  ойлау  жүйеңнің  таза-
лығымен, мөлдірлігімен өлшенеді. 
4.  Қателік деген болмайды. Тек сабақ алып, тәжірибе 
жинайсың.  Сүрінген  сәтіңді  рухани  жетілуіңнің  жолын 
ашатын қақпа деп бағала.  
Бақыт құсын басыңа қондырудың құпиясы қарапай-
ым:  жаның  қай  жұмысты  қалайды  соны  істе.  Барлық 
күш-қуатыңды, ойлау жүйеңді өзің ұнататын іске шоғы-
рландырсаң, қалауың, арманың, мақсатың орындалады.
ІІІ БӨЛІМ
Өзіңді-өзің таны
«Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір Тәңіріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да Оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын».  
Абай
  «Өзіңді-өзің таны...» Дельфий храмының маңдай-

27
шасына жазылған осы формуланы дұрыс талқылай ала-
тын пенде некен-саяқ. «Мен өзім» деген не? Біз өзіміздің 
ішкі жан дүниемізден не білуіміз керек? Әңгіме не жай-
лы болып жатыр? Әңгіме: біздің мінезіміз, әлсіздігіміз, 
кемшілігіміз бен жетістігіміз туралы ма?... Жоқ, егер тек 
осыларды ғана айтсақ, өткен ғасырларда тіршілік кешкен 
адамзат  даналары  ешуақытта  «Өзіңді-өзің  таны»  деген 
өсиетті храмның маңдайшасына қашап жазбас еді. 
Бұл білім өте қажет. Бірақ, әлі жеткіліксіз. Өзіңді тану-
дың ауқымы бұдан да кеңірек. Өзіңді тану – өз денеңнің 
тығыз бөлігінен бастап, ең нәзік денелеріңнің құрылымы 
туралы және осы денелерге өмірді кім беретіні, олардың 
қажеттілігі бізді қалай сынайтынын, осыған байланысты 
санамыздың деңгейінің өзгерістері туралы терең түпсіз 
ойға  шому.  Бірақта,  пенделер  бұл  жайында  түк  те  біл-
мейді. Әркім өзін аз-аздап бақылайды да, өзіндегі жақ-
сы және келеңсіз құбылыстарды байқап: «О! Мен өзімді 
білемін!», – дейді. Жоқ, ол өзін әлі білмейді.
Негізінде өзінің керемет күрделі жан иесі екеніне есеп 
беретін пенде баласы мүлдем жоқ. Сондықтан да әртүр-
лі дін, философиялық (даналық ілімі) жүйелердің әртүр-
лі  болуына  таң  қалуға  болмайды.  Адамның  құрылымы 
жайлы бір ортақ көзқарас, түсінік жоқ. Үнділер мен те-
ософтар  (Құдай  туралы  Ілімді  зерттейтіндер)  адамның 
құрылымын  7  бөлікке  бөледі.  Астрологтар  (жұлдызна-
машылар) жыл құбылысының 12 айына сәйкес 12 бөлік-
ке,  ал  алхимиктер  4  элементке  бөледі.  Каббалистер  4 
және 10:4 яғни әлемнің 4 жағы (шығыс, батыс, оңтүстік, 
солтүстік) пен 10 сефиротты негізге алған. Көне парсы-
лар, маздеизмдер, манихейлер адамды 2 бөлікке бөледі: 

28
ІІІ БӨЛІМ
қайырымдылық пен жауыздық, жарық пен түнекке. Хри-
стиандарда көбінесе 3 құрылымға бөлінеді: тән, жан, рух. 
Енді кейбір тылсым – эзотерика Ілімін зерттейтіндер 
адамның құрылымын 9 бөлікке бөледі. Себебі, 3-ті (жан, 
рух, нәзік денелер) үш әлемде: фәни, нәзік, рухани әлем-
дерде қайталайды: 
I.  Заттық  фәни  әлем  –  жер  бетіндегі  жалған  дүние. 
Бұнда  пенделер,  жан-жануарлар  т.б.  жан  иелері  өмір 
сүреді 
II.  Нәзік  әлем  –  әруақтар  әлемі.  Бұнда  пенде  тәнін 
жерге  қалдырып  өзінің  жаны,  рухы  мен  нәзік  денелері 
бірігіп әруақтарға айналады. Тіршілігін бақи әлемде не-
месе о дүниеде жалғастыра береді. 
III.  Рухани  әлем.  Бұнда  періштелер,  пайғамбарлар, 
әулиелер мекендейді. Тіршіліктерін бақи әлемде немесе 
о дүниеде жалғастыра береді. 
Кімдікі  дұрыс?  Бәрінікі  де  дұрыс.  Барлығы  адамды 
қай  қырынан  қарағанға  байланысты.  Сондықтан  да  біз 
осы көзқарастардың ешқайсын да теріске шығармаймыз. 
Ыңғайлы болу үшін біз адамның құрылымын 2 бөлікке 
бөлеміз:  төменгі  табиғаты  немесе  жеке  басы,  жоғарғы 
табиғаты – жеке тұлғасы. Бұлай бөлу кейбір күрделі құ-
былыстарды  түсіндіруге  ыңғайлы.  Түсіндіру  барысын-
да  біз  3-6-7  бөлікті  таңдап  алдық.  Бұлардың  ешқайсы 
бір-біріне  қайшы  келмейді,  қайта  бірін-бірі  толықтыра 
түседі.
Адам анатомиясын оқығанда түсіндіруге қарапайым 
болу  үшін  түгелдей  көрсетпейді,  неше  түрлі  кестелер 

29
арқылы: сүйек, бұлшық ет, қан айналымы, жүйке... т.б. 
жүйелерге бөледі. Географияда да көптеген карталар: фи-
зикалық, саяси, экономикалық, геологиялық т.б... болып 
жіктеледі.  Қандай  бөлікте  болмасын  біздің  көретініміз 
бірақ нәрсе. Анатомия мен географиядағы сияқты руха-
ни Ұстаз әртүрлі сызбаларды қолданып, мәселенің мәні 
бойынша құрылымды жеке бөліп алып тереңірек түсін-
діреді.
Синоптикалық кесте 
Негізгі
элементтер
Мақсаттары
Қорегі
Алатын 
сиақысы, 
марапаты
Істейтін жұмысы
Рух
Мәңгілік 
Азаттық
Ақиқат
Жаратушымен 
бірігуге ұмтылу
Жан
Шексіздік
Тұлға-
сыздық
Ләззат
Ішкі жан дүниеңе 
үңілу, Құдайға 
жалбарыну. 
Намаз оқу
Зерде, Таным
(Интеллект)
Білім, нұр,
білгенді қылу
Ой
Даналық
Ойды шоғырлан-
дырып ұю 
(медитация)
Жүрек
Бақытқа 
шомылу,
Жылылық
Сезім
Сүйіс-
пеншілік
Махаббат
Үйлесімді 
және шабытты 
белсенділік
Жігер
Тау қопара-
тындай 
үздіксіз 
қимыл 
Күш,
Қайрат
Тындыр-ған 
шаруасы, 
Тыныс алуы
Тыныс алу,
гимнастикалық 
жаттығуларын 
үзбей жасау
Адамның
тәні
Денсаулық,
Салауатты 
өмір салты
Тамақ
Ақша
Күнделікті жұмыс 
істеп, пұл табу

30
ІІІ БӨЛІМ
«Төменгі  жоғарғыға  сәйкес,  жоғарғы  төмендегіге 
сәйкес»,  –  деген  түсінік  бар.  Адамның  қажеттілігі  мен 
атқаратын  міндеттерінің  әртүрлі  нәзік  бастауларының 
барлығын адам тәнінің атқаратын міндеттері мен қажет-
тілігін  негізге  ала  отырып  түсіну  оңай  болады.  Осыны 
қазір біз тәніміз бен психикалық өміріміздің негізгі эле-
менттерін  синоптикалық  кестенің  көмегімен  көрсету 
арқылы түсіндіріп береміз.
Алдымен тәнімізден бастайық. Ол нені қажет етеді? 
Әрине денсаулықты. Дені сау болу үшін оған тамақ қа-
жет: тән тамақтануы керек. Тамақ табу үшін ақша болуы 
шарт. Ақша табу үшін жұмыс істеуің керек. Бәрі қарапай-
ым. 
Заттық  –  фәни  әлемдегі  тәніміздегі  құбылыстар 
жоғарғы рухани әлемде яғни нәзік денелерде де қайта-
ланады. Білу шарт: осы ағымдар негізгі адам құрылымы-
ның элементтері: жігерінде (воля), жүрегінде, зердесінде, 
жанында, рухында толықтай қайталанып жүреді. Әрбір 
элемент белгілі бір мақсатқа ұмтылады. Нәтижеге жету 
үшін олардың қоректенуі қажет. Тамақ табу үшін ақша 
керек; ақшаны тек еңбектенсең ғана табасың.
Жігерді  (воля)  алайық:  оның  мақсаты  –  тау  қопара-
тындай үздіксіз қимыл-қозғалыс, ол дегеніңіз – күш-қай-
рат. Жігер – міндетті түрде заттарға, адамдарға, жағдай-
ларға  әсер  етіп  оларды  басқаша  құрып  өзгертуі  керек. 
Бірақ, ол қуатты қоректі тілейді. Жігердің қорегі – күш; 
жігер  тамақтанғанда  ғана  өзін  білдіре  алады.  Өзіне  та-
мақ сатып алу үшін ақша қажет. Оның ақшасы – әрекет, 
іс-қимыл; өзінің қуатын арттыру үшін жігер әркез бой-

31
күйездіктен,  қимылсыздықтан,  іс-әрекет  қылмаудан  ау-
лақ болуы шарт. Тек қана іс-әрекет, тау қопаратындай ты-
нымсыз қимыл-қозғалыс жасауға әдеттеніп барып қана, 
жігер  өзіне  күш-қайрат  «сатып»  алып,  құдіретті  күшке 
айналады. Қандай болмасын денелік қозғалыс, іс-әрекет, 
тынымсыз қимыл сіздің жігеріңізді арттырады.
Келесі  жүрек.  Жүрекке  не  қажет?  Жүрекке  өзінің 
кеңдігін,  жылылыққа  ұмтылуын,  қуанышқа,  бақытқа 
бөленуін сезінуі қажет. Оның тамағы – сезім, алатын си-
ақысы – махаббат, сүйіспеншілік. Сіз сүйген кезде, маха-
ббат оның «сатып» алатын «ақшасы» болып неше түрлі 
сезімдерге бөленіп құлпырып, түлеп кетесіз. Егер сіз сүй-
іспеншіліктен  айырылсаңыз,  онда  бақытты  жоғалтып, 
ызғардың тұңғиығына батасыз. Махаббат пен сүйіспен-
шіліктің  баға  жетпес  байлығын  қалай  ғана  сақтап  қа-
луға болады? Ол үшін күнделікті бүкіл әлемдегі жан ие-
лерімен араңыздағы үйлесімділікті (гармония) сақтаңыз.
Зердеге  (разум)  не  қажет?  Оған  жан-жақты  терең 
рухани  Ілім  қажет.  Зерде  –  Жаратушының  нұрына  шо-
мылып, білім алуға ұмтылады. Оның тамағы – ой. Жақ-
сы ойларды сатып алатын ақшасы – даналық. Даналықты 
әкелетін іс-әрекет – ойды шоғырландырып ұю (медита-
ция). Тек даналық қана сіздің зердеңізді жақсы ойлармен 
қоректендіре алады.  Осының нәтижесінде  зердеңіз Жа-
ратушының  нұрымен  нұрланады.  Сізге  Алланың  нұры 
жауады.
Жанның жаршысы (идеал) – кеңістік және шексіздік. 
Адамның жаны – Бүкіл әлемдік жанның тозаңдай бөлініп 
кеткен бөлшегі. Ол өзін адам тәнінде мүсәпір, езіліп-жан-

32
ІІІ БӨЛІМ
шылған, шектелген қалыпта сезініп, оның бар қалауы – 
шексіз кеңістікке сіңіп, әлемдік болмыспен бірігіп кету. 
Осы қалыпқа жету үшін оған арнайы қорек: жоғарғы са-
наның барлық қасиеттері – тұлғасыздық (безличность), 
өз-өзінен  бас  тарту  (самотречение),  өзін  құрбандыққа 
шалуы (жертвенность) қажет. Бұл тамақты сатып алатын 
ақша – ләззаттанып (экстаз) барып рухани әлеммен бірі-
гіп кету. Бұны іске асыратын жұмыс – Ішкі жан дүниеңе 
үңілу,  намаз  оқып  Жаратушыға  жалбарыну,  Оның  ша-
пағат нұрына бөлену.
Рух деген – мінсіз таза ақыл
«Дін айтты: «Маған нан», – дейді,
Адасқан дінді пән дейді.
Мағнасын анық біле алмай,
Рух деген сөзді жан дейді,
Осыдан жаман әуре жоқ.
   
 
 
Рух деген – мінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес,
Аз ғана сөзім – аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң».    
Шәкәрім әулие
Рухтың  жаршысы  –  мәңгілік.  Рух  дегеніміз  уақыт 
шеңберіне симайтын, одан тыс мәңгіліктің негізі – таза 
ақыл (квинтэссенция). Мәңгілікке жету үшін рухқа қорек 
керек. Оның тамағы – азаттық. Егер жан ұлғаюға, кеңе-
юге тәнті болса, рух керісінше өзін шырмап-матап, ұстап 
тұрған  байланыстардан  құтылуға  тәнті.  Өзіне  бостан-

33
дықты сатып алатын рухтың ақшасы – ақиқат. Әртүрлі 
себептермен Сізге ашылатын қандай да болмасын ақиқат 
– азат болуыңызға мүмкіншілік береді. 
Иса пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан: «Ақиқатты таныңыз, 
ақиқат сізді азат етеді», – деп. Иә, ақиқат бостандық 
әкеледі.  Ақиқатты  тануға  бағытталған  іс-әрекет  –  Жа-
ратушымен  пара  пар.  Кім  де  кім  Жаратушымен  бірігіп 
алса, онда оған ақиқат ашылып, азаттық алады.
Жалпы көріністі беру үшін біз жоғарғы кестеде тән-
дік  және  басым  бөлігінде  психикалық  өмірдің  негіз-
гі  элементтерін  жинақтап,  өзара  байланыстырып  беріп 
отырмыз.  Бұл  түсініктерді  шексіз  дамыта  беруге  бола-
ды. Бұл кестеге бар тылсым құбылысты сидыру мүмкін 
болмағандықтан сананың әр түрлі деңгейлерін жіктейік: 
санасыз  (бессознательность),  түпкі  сана  (подсознания), 
сана  (сознания),  өзіндік  сана  (самосознания),  жоғарғы 
сана (сверхсознания).
Көптеген  философтар,  психологтар  мен  психотал-
даушылар  сананың  әртүрлі  деңгейлеріне  ой  жүгіртті. 
Олардың пікірлері өте қызық, бірақта күнделікті өмірде 
қолдануға  ыңғайсыз.  Сондықтан,  біз  сананың  әр  түрлі 
деңгейлері жайлы қарапайым мысал келтірейік. Көз ал-
дыңызға  елестетіңіз,  құлағанда  басың  тасқа  тиіп  есің-
нен танып қалдың: сіз санасыз жағдайдасыз. Біртіндеп 
есіңізді  жинап,  өзіңізге  келе  бастадыңыз,  көзіңізді  әлі 
ашқан жоқсыз: бұл кезде түпкі сана яғни ғаиз жаныңыз 
іске қосылды. Біраз уақыттан  кейін көзіңізді ашқаннан 
кейін жерде сұлап жатқаныңызды, айналаңызда адамдар-
дың топырлап тұрғанын көресіз, бірақ не болғанын біл-

34
ІІІ БӨЛІМ
мейсіз:  бұл  саналы  жағдай.  Өзіңізге  толық  келгеннен 
кейін  шүйдеңіздің  ауырғанын  сезесіз  де,  өзіңізбен  не 
болғанын  толықтай  есіңізге  түсіресіз:  бұл  өзіндік  сана 
жағдайы. Есіңізді толық жинап, қалпыңызға толық кел-
геннен  кейін  тірі  қалғаныңызға  шүкіршілік  айтып  Жа-
ратушыға  алғыс  айтасыз:  бұл  жоғарғы  сана  жағдайы
Көрдіңізбе, бәрі қарапайым.
Сіздің  құрылымыңызды  құратын  әр  түрлі  элемент-
тердің сананың түрлі деңгейіне сәйкестігін анықтайық: 
1.  Тәніңіз санасыз қалпыңызға сәйкес.
2.  Тәніңіздегі  барлық  физиологиялық  ағымдар  (ты-
ныс алу, қан айналуы, ас қорту, қалдықтарды шығару, өсу 
т.б.) түпкі санаға сәйкес.
3.  Жүрек пен Жігерге саналы қалып сәйкес.
4.  Зерде  мен  таным  деңгейінде  (интеллект)  өзіндік 
сана дами түседі.
5.  Рух  пен  Жан  деңгейіне  жоғары  сана  сәйкес.  Рух 
кей  кездерде  Жаратушының  жоғары  санасы  деңгейіне 
сәйкес болуы мүмкін. 
Бұл  кестеден  барлық  элементтермен  қалай  жұмыс 
істеуге  болатынын  айқын  аңғаруға  болады.  Тек  қана 
өзінің  тәнімен,  жігерімен,  жүрегімен,  зердесімен,  жа-
нымен,  рухымен  күнделікті  жұмыс  істеп,  ыждағат-
тылықпен оқып үйренсе күндердің күнінде ол адам то-
лық қанды өмір сүре алатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет