БАУЫР ТАЗАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
КЕШКЕ
18.00: Үш таза су құйылған 200 граммдық стакандағы
суды 1 литрлік банкаға құйыңыз. Сонан кейін үлкен қа-
сықпен төрт қасық ағылшын тұзын (магний сульфаты)
осы суға қосып ерітіңіз. Осы ерітінді суды төрт стаканға
бөліп құйыңыз (мөлшері 180 мл).
Бірінші стакандағы ерітіндіні ішіп алыңыз. Кермек
ащы дәмнен құтылғыңыз келсе, артынан лимон шырыны
қосылған суды аз-аздап ішіңіз. Кейбір адамдар тұздың
ащы дәмі білінеуі үшін, ертіндіні түтікше арқылы ішеді.
Ағылшын тұзының басты міндеті – запыран жүретін
арнаны кеңейту. Осы кеңейген арнамен бауырдан түскен
тастар бөгетсіз сыртқа үлкен дәретпен шығарылып та-
сталынады. Сондай-ақ, бауырды тазалауға бөгет жасап
тұрған ағзадағы қоқыр-соқыр қалдықтарды шығарады.
20.00: Екінші стакандағы ағылшын тұзы ерітілген
тұнбаны ішіп алыңыз.
21.30: Егер осы уақытқа дейінгі 24 сағаттың ара-
лығында сіз үлкен дәретке отырмаған болсаңыз, клизма
жасап ішіңізді тазалаңыз.
104
VІI БӨЛІМ
21.45: Лимон, апельсинді мұқият тазалап жуыңыз.
Сізге стаканның 2/3 бөлігіндей ғана шырын қажет. Ли-
моннан не апельсиннен сығып алған шырынды 0,5 ли-
трлік банкаға құйыңыз. Бұған жарты 0,5 стакан оливка
майын құйыңыз.
Банканың қақпағын тығыздап жауып: шырын мен
май біркелкі болып араласып кеткенше 20 рет шайқаңыз.
Осы тұнбаны сағат 22.00-де ішу керек. Бірақ, дәретха-
наға бару қажет болса, онда бұл шараны 10 минутқа ше-
гере тұруға болады.
22.00: Төсектің жанында түрегеп тұрыңыз, отыр-
маңыз! Енді қолыңыздағы апельсин шырыны мен оливко
майы қосылған тұнбаны бірден ішіп алыңыз. Егер бірден
жұта алмай қиналсаңыз, жұтым-жұтымның аралығында
аздап бал жеуіңізге болады.
Адамдардың басым бөлігі бұл сұйықты қиналмай
қылқ еткізеді. Енді 5 минуттың аралығында төсегіңізге
жата қалыңыз.
БІРДЕН ТӨСЕГІҢІЗГЕ ЖАТЫҢЫЗ! БҰЛ ТАСТАР-
ДЫҢ ШЫҒУЫНА ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. Шамды өшіріп,
шалқаңнан түсіп жатыңыз. Басыңыз ішіңізден жоғары
болуы тиіс, сондықтан бір немесе екі жастық жаста-
ныңыз. Егер шалқадан жату ыңғайсыз болса, екі тізеңізді
бауырыңызға тартып, оң қырынан жатыңыз.
20 МИНУТ ТЫПЫР ЕТПЕЙ ЖАТЫҢЫЗ, ҚОЗҒАЛ-
МАҢЫЗ! ЖАН БАЛАСЫМЕН СӨЙЛЕСУШІ БОЛ-
МАҢЫЗ!
Барлық ынта жігеріңізді, санаңызды бауырыңызға
105
бағыштаңыз. Осы сәтте Сіз запыран жүретін арнамен та-
стардың жылжып келе жатқанын сезуіңіз мүмкін. Ауыр-
сыну болмайды. Себебі, ағылшын тұзының құрамындағы
магнийдің арқасында запыран жүретін арнаның клапаны
– қақпағы ашық, болбырақ бос болады.
Осы арнамен тастармен қоса аққан запыран арнаны
жып-жылмағай етіп майлайды (қолайсыз жағдай, тастар
қозғалған кезде магниий жеткіліксіз болса ғана байқала-
ды). Ұйықтап қалуға тырысыңыз.
Егер түн жарымында үлкен дәретке шыққыңыз кел-
се барыңыз. Осы сәтте үлкен дәретіңізден тастар шығып
жатыр ма (жасыл не қоңыр түстес) тексеріңіз.
Тексеру үшін үлкен дәретке горшокқа не легенге оты-
рыңыз. Сонда бауырыңыздан бөлініп шыққан тастар-
ды санап, жиып алып, сақтай аласыз. Әр тазаланғанда
шыққан тастарды санап, күні мен айын, жылын жазып
қойыңыз Бұл өзіңіз үшін қажет. Тастар шыққан сайын
денсаулығыңыз жақсарып, ауруыңыздың себебін тауып,
талдауға болады.
Түн ортасында не таң ата жүрегіңіз айнуы мүмкін. Се-
бебі, бауырдан, өттен қуылып шыққан тастар мен улар –
сіз ішкен май мен шырынның қоспасын қайта асқазанға
айдайды. Таңертең жүрегіңіздің айнығаны басылады.
ТАҢЕРТЕҢ
6.00–6.30: Ояна салысымен сағат 6-дан кейін ағыл-
шын тұзы қосылған үшінші тұнбаны ішіңіз. (Егер шөлдеп
тұрсаңыз алдын-ала бір стакан жылы су ішуге болады).
Демалыңыз, рухани кітап оқыңыз, ұюмен (медитация)
106
VІI БӨЛІМ
шұғылданыңыз. Тік жүріп. Тік тұруға тырысыңыз. Егер
ұйқы қысып бара жатса, амал жоқ жатыңыз. Адамдардың
басым бөлігі осы кезде өздерін өте жеңіл, жақсы сезініп
жеңіл жаттығулар жасайды.
8.00–8.30: Соңғы төртінші стакан 3/4 тұнбаны ішіңіз
(ағылшын тұзы қосылған су).
10.00–10.30: Бір стакан жеміс шырынын ішіңіз. Жар-
ты сағаттан кейін 1-2 жеміс жеңіз. Тағы бір сағаттан
кейін жеңіл түскі тамақ ішіңіз. Кешке таман немесе ер-
теңгісін қалыпты жағдайыңызға келесіз, денсаулығыңы-
здың жақсара бастағанын сезесіз. Бірнеше күн тамаққа
қомағайланбаңыз. Ұмытпаңыз, сіздің бауырыңыз бен
өтіңіз жанама әсері жоқ өте күрделі операциядан өтті.
ҚАНДАЙ НӘТИЖЕЛЕР КҮТУГЕ БОЛАДЫ?
Бауырыңыз бен өтіңізді тазалап болғаннан соң, үл-
кен дәретіңізден байқайтыныңыз: бастапқыда тастар мен
тамақ қалдықтары шығады, соңынан тастар мен су ғана
шығады. Тастардың көпшілігінің түстері жасылдау суға
батпайды. Себебі, запыран (желчной) қышқылы – хо-
латтан құралады. Тастар әр түрлі түсте және пішінде бо-
лады.
Жаңадан құралғандары – ақ түстес, ең ескілері –
қара түстес. Кейбіреулерінің көлемі тарыдай, енді біре-
улерінің диаметірі 2-3 см. Қоңыр және ақ түске де назар
салыңыз. Үлкендері суға батып кетеді. Олар кальций –
фосфор қышқылымен қосылғандағы – фосфаттан пайда
болғандар. Бұларда салыстырмалы түрде холестерин аз,
есесіне улы ауыр қалдықтар көп. Барлық жасыл және
107
сарғыштау өңдес тастар алма қышқылының әсерінен
жұмсақ болады.
Сіз үлкен дәретіңізден ақ не қоңыр түстес көбік бай-
қауыңыз мүмкін. Бұлар ұсақ арналарды зақымдайтын,
өткір жақтаулары бар холестериннің миллиондаған қиы-
ршық кристалдары. Бұлардан да құтылған абзал.
Мөлшермен болса да өзіңізден бөлініп шыққан та-
старды санаңыз. Арқаңыздың ауруынан, аллергиядан,
т.б. аурулардан біржола құтылу үшін бауырыңыздағы та-
стардан толық тазалауыңыз шарт.
Бұл үшін аралығы екі апта не бір айда – алты рет таза-
лануыңыз қажет (екі аптадан жиі емес). Егер бауырыңы-
зды жартылай ғана тазалап, ұзақ уақыт бойы тазалама-
саңыз (үш ай не одан ұзақ) Сізге бастапқыдан да ауыр,
мүшкіл халге ұшырауыңыз мүмкін.
Бірінші тазаланудан кейін-ақ бауырыңыз жақсы жұ-
мыс істей бастайды. Денсаулығыңыз бірнеше сағаттан
кейін күрт жақсарып кетуі мүмкін. Ауруыңыз бәсең-
деп, өзіңізге күш-қуат құйылып, ойларыңыз мөлдірлене
бастайды.
Бірнеше күннен кейін бауырыңыздың артына жи-
налған тастар алдыға жылжып, осы мүшенің запыран
ағатын екі арнасына бағыт алады. Осы кезеңде бастапқы
кездегідей ыңғайсыз жағдай болуы мүмкін. Осы сәтте
сіздің түңіліп кетуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл әлі бауыр та-
стардан толық тазаланбағанының дәлелі. Келесі тастар-
дың топтамасы шығуға дайын.
Бауырдағы ұсақ тастар жіңішке арналармен жылжып
108
VІI БӨЛІМ
келгенде, үлкен тастар бірігіп қомақты кесекке ай-
ланғанда бұрынғы бас ауруыңыз, арқаңыздың ауруы,
құлағыңыздың шыңылы, асқазаныңыз, ішіңіздің кебуі,
кінәмшылдығыңыз, ашушаңдығыңыз т.б. толып жатқан
келеңсіздіктер бас көтереді.
Егер кезекті тазалануда тастар түспесе онда бауы-
рыңыз толық тазаланғаны. Қалыпты жағдайда бұл 6–8
рет тазаланғаннан кейін байқалады. Бауыр тасқа толып
кеткен жағдайда 10–12 рет тазалану қажет, сонда ғана ба-
уырыңыздағы тастардан толық арыласыз.
Толық тазаланып болғаннан кейін алты ай сайын бір
рет жуып-шайып тұру шарт. Әрбір тазалану – бауырды
жиналып, қорланып қалған улардан тазалайды.
Ескерту: Қатты ауырып жүрсеңіз, тіпті кәдімгі тымау
тисе де бауырыңызды тазалаушы болмаңыз! Егер ауы-
руыңыз созылмалы болса, бауырды тазалау – таптырмай-
тын ем!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Бауырды тазалау – денсаулықты қалпына келтіретін
әрі көп қаражат тілемейтін және сауатсыз дәрігердің,
бақсы-балгердің көмегін қажет етпейтін бірден-бір қа-
уіпсіз сенімді әдіс.
Егер жоғарыда жазылған нұсқауларды мүлтіксіз
сақтасаңыз, ешқандай қауіп-қатер жоқ. Бірақта, келесі
нұсқауларға ерекше көңіл аударыңыз. Кейбір пенделер
бауырды тазалауды интернет арқылы немесе таныстары
арқылы шала-пұла түсініп, тазаланғаннан соң келеңсіз
жағдайларға ұрынып жатады. Олардың ойынша бауыр-
109
дағы тастарды түсірсем болды, атша шауып кетемін дей-
ді.
Тазалану барысында кейбір тастар тоқ ішекте тоқтап
қалуы мүмкін. Бұл тастарды тезірек ішекті жуып түсіру
қажет. Бұны тазаланып болған соң 2-3 күннің аралығын-
да істеу керек. Егер тастар тоқ ішекте ұзақ жатып қал-
са, онда инфекция, бас ауруы, ашушаңдық, іш кебу, адам
жақтырмау т.б. толып жатқан кеселдердің себебі болады.
Бұл тастар бүкіл ағзаны улайды. Егер сумен арнайы
тазалайтын орындар жоқ болса онда ең тиімдісі 1 стакан
жылы суға 1 үлкен қасық ағылшын тұзын салып таңаер-
тең ішіп алыңыз. Сонда күні бойы ішіңіз сарылдап өтіп,
ішегіңіз толық тазаланатын болады. Тастар түгелдей
түсіп қалады.
ІШЕК ПЕН БҮЙРЕКТІ ТАЗАЛАУДЫҢ МАҢЫЗ-
ДЫЛЫҒЫ
Бауырдағы тастарды түсіру керемет нәтиже берсе де,
бұл тазалауды алдымен ішек пен бүйректі тазалап алып
барып кірісу шарт. Ішекті тазалағандағы мақсатымыз
– бауырдан шыққан тастар ішекте тұрып қалмас үшін
жасалады. Бүйректерді тазалағандағы мақсатымыз – ба-
уырдан шыққан улар, шығару жүйесінің мүшелерін зо-
рықтырып жібермеу үшін жасалады.
Егер бүйрегіңізде, қуығыңызда шырғалаң жоқ бол-
са онда бүйрегіңізді тазаламай бірден ІШЕК – БАУЫР
– ІШЕК кезегімен тазалана беруіңізге болады. Сонда да,
екі бүйрегіңізді жуып-шайыңыз, тазалаңыз (бұған кей-
інірек тоқталамын. Автор). 2-3 рет бауырыңызды таза-
110
VІI БӨЛІМ
лағаннан кейін бүйректеріңізді тазалаңыз немесе бір қо-
рап бүйрек шәйін ішіңіз.
Ішегі дұрыс шығармайтын немесе жиі-жиі бітеліп
(запор) қалатын адамдар бауырын тазаламас бұрын іше-
гін алдын-ала 2-3 қайтара жуып-шайып алсын. Тағы қай-
талаймын, бауырды тазалауға 3 күн қалғанда ішегіңізді
жуып-шайып толықтай тазалаңыз. Әйтпесе, бауыр мен
өттен шыққан тастар тоқ ішекте тұрып қалулары мүмкін.
МҮМКІН БОЛАТЫН ШЫРҒАЛАҢДАР:
1. АЛМА ҚЫШҚЫЛЫНА АЛЛЕРГИЯ
Белгілі бір себептермен алма қышқылын жақтырма-
саңыз онда ВЕРЕБЕЙНИК (GOLD COIN GRASS) неме-
се ВОЗДУШКА (БУПЛЕРУМ) шөптерінің тұнбасымен
алмастыруға болады. Бұл шөптер дәріханаларда және
интернет дүкендерде сатылады.
Алма қышқылы тастарды жұмсартып, запыран-
ның қалдықтарын жақсы ерітеді. Жоғарыда айтылған
шөп тұнбалары да осындай қасиеттерге ие. Бұл шөп тұн-
басын таңертеңмен аш қарынға тамақ ішерге 30 минут
қалғанда үлкен қасықпен ішіңіз. Күніне 1 рет. Бауырды
тазалар алдында 8-9 күн ұдайы ішіңіз.
2. СІЗ ӨТІҢІЗДІ АЛЫП ТАСТАҒАНСЫЗ БА? НЕ
БОЛМАСА ӨТІҢІЗДЕГІ ТАСТАРДАН ЗАПА ШЕГІП
ЖҮРСІЗ БЕ?
Егер өтіңізде тас толып тұрса немесе өтіңізді алды-
рып тастаған болсаңыз ВЕРЕБЕЙНИК шөбінің тұнбасын
бауырды тазалау алдында 2-3 апта ішіңіз. (Бұған дайын
111
250 мл тұнбаның 1 қорабы кетеді).
3. КІМГЕ АЛМА ШЫРЫНЫН ІШУГЕ БОЛМАЙ-
ДЫ?
Сусамыр – қант диабеті, гипогликемия, кандидоз,
асқазанының жарасы барларға, рак ауруларына алма
шырынын ішуге болмайды. Бұл жағдайда олар алма шы-
рынын – ұнтақ не капсула түрінде шығарылған алма
қышқылымен (яблочная кислота) алмастыра алады. Дай-
ындық 6 күнге созылады.
Әр күні 2 стакан жылы суға ертілген 1500-2000 мг
алма қышқылын дайындайсыз. Бұл тұнбаны аз-аздап
ұрттап күні бойы ішесіз. Келесі тазаланғанда ВЕРЕБЕЙ-
НИК шөбінің тұнбасын ішіп көріңіз. Қайсы жақсы, соны
таңдайсыз. Алма қышқылы (магний т.б. қоспалар қосыл-
маған) арзан, барлық дәріханаларда сатылады.
4. ТАЗАЛАНҒАННАН КЕЙІН БАСТЫҢ АУРУЫ,
ЖҮРЕКТІҢ АЙНУЫ
Бұл нұсқауды толық сақтамағаннан болады. Кейбір
жағдайларда тазаланып болғаннан кейін де тастар шыға
береді. Осы тастардан бөлінген улар қанға араласып кетіп
келеңсіздік туғызады. Бұл жағдайда 7 күн үзбей жарты
стакан алма шырынын таңғы асқа жарты сағат қалғанда
ішіп тұрыңыз. Ішегіңізді тағы толықтай тазалаңыз.
5. ТАЗАЛАНУ БАРЫСЫНДА ӨЗІҢІЗДІ ЖАМАН
СЕЗІНУІҢІЗ
Егер барлық нұсқауларды мүлтіксіз сақтап, сонда
да тазалану барысында өзіңізді жаман сезінсеңіз шұрқ
112
VІI БӨЛІМ
етпеңіз. Сирек жағдайларда тазаланғаннан кейін құса
бастайсыз. Осы сәтте өтіңіз запыран мен тастарды сон-
дай күшпен лақтырады, ішкен майыңыз бен шырыныңыз
ішекпен жоғары өрлеп асқазанға түседі. Осы сәтте жүрек
айниды. Бірақ, тастардың шығып жатқанын сезесіз. Бұл
сәтте еш жеріңіз ауырмайды, тек жеңіл толғақ келгендей
болады.
Бұндай жағдай сізбен болса шыдаңыз. Бір түнгі жай-
сыздықты өтіңді сылып алып тастаған оперпциямен са-
лыстыруға келе ме?
ТАЗАЛАНУ КҮТКЕН НӘТИЖЕНІ
БЕРМЕГЕН ЖАҒДАЙДА
Өте сирек болса да бауырды, өтті тазалау күткен нәти-
жені алып келмейді. Төменде осылардың себебіне және
қалай қалпына келтіруге болатынына тоқталайық:
1. Запыран ағатын арнаның бітеліп қалғаны сонша,
алғашқы тазалануда алма шырынын ары жібермейді,
өткізбейді. Бұл тоспа бітеуді «КИТАЙСКАЯ ГОРЕЧЬ»
шөп тұнбасымен тазалауға болады. Осы шөптер ГОРЕ-
ЧАВКА және ВОЛОДУШКА шөп тұнбалары деп дәріха-
наларда сатылады.
Шөп тұнбасын таңғы астың алдында үлкен қасықпен
ішіңіз. Бұны 3 апта ішесіз, күнделікті алма шырынын
қосып. Алма шырыны жақпаса жоғарыда айтылған шөп-
терді қосасыз. Осыдан соң барлық келеңсіздіктер 3-6
күннен кейін жоғалады.
2. Сіз нұсқауды толық сақтамадыңыз. Нұсқаудың
бір шартын бұзсаңыз болды нәтиже ала алмайсыз. Сон-
113
дықтан жоғарыда айтылған нұсқауларды бұлжытпай
сағат-сағатымен, минут-минутымен мүлтіксіз орындауға
тиіспіз. Кейбір кездерде ішекті алдын-ала тазаламасаңыз
ешбір нәтиже бермейді.
Тоқ ішегіңізде толып кептеліп тұрған қоқыр-соқыр
қалдықтар, газ – оливко майы мен лимон шырыны қоспа-
сының еркін жүруіне, жылжуына, ағуына бөгет жасайды.
Әсет Ризаұлының кітаптарын мына кітапханалар-
дан алып оқуға болады: Алматы қаласындағы Абай мен
Абылайхан даңғылының қиылысындағы Қазақстан Ре-
спубликасының Ұлттық кітапханасында, Алматыдағы
Ауылшаруашылық университетінің кітапханасында,
Астана қаласында: «Бәйтеректің» жанындағы «Достық»
көшесіндегі № 11 үйде орналасқан Қазақстан Респу-
бликасының Ұлттық Академиялық кітапханасында,
Астанадағы Гумилев универистетінің кітапханасында,
Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола агро-
техникалық университетінің кітапханасында, Қызылор-
дадағы облыстық кітапханада, Шымкенттің облыстық,
Қарасай аудандық, Ұржар аудандық кітапханаларында
бар. Ғаламтордан: «www.asetkz.ru» жеке блогынан және
«proza.ru» сайтындағы Асет Мукашбеков блогынан оқи
аласыздар. Осы кітапты автордың өзінен және Алматы
қаласындағы Абылайхан мен Гоголь көшесінің қиылы-
сындағы «Ата мұра» кітап дүкенінен сатып алуға бола-
ды.
114
VІI БӨЛІМ
Қазақстан бойынша осы кітапты
сататын адамдардың тізімі
Жауынбай Текебайұлы Айдаров
1959 жылы 1 қаңтарында Түркменстанның Красно-
водск қаласында дүниеге келген. Руы адай – тобыш – ше-
гем – қызыл – Азнабай – Тоғызбай – Манабай – Қожық
–Сүйін – Айдар – Текебай – Жауынбай. Қазір Жаңаөзен
қаласында тұрады. Үйленген. Жұбайы бала-шағасы бар.
Мекенжайы: Жаңаөзен қаласы, Көктем шағын
ауданы, 4-ші үй, 69-пәтер. Тел: 8 (72934) 59-4-86;
ұялы: 8 701 297 91 57.
Ақтайлақ Өмірқұлұлы Ыбырайтегі
1966 жылдың 13 қазанында Қарағанды облысы Нұра
ауданы Сарыөзен ауылында(бұрынғы Ақмола облысы
Теңіз ауданы) дүниеге келді.
Ататегі: Арғын тайпасының Бес Мейрам тар-
мағы:Арғын-Мейрам-Қуандық-Өмір-Темір-Те-
меш-Тағай-Сойылғас-Құттыбай-Тастемір-Қашқын-
бай-Өжікей-Аяпберген-Ыбырай-Өмірқұл-Ақтайлақ.
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ
ауылында (сол облыстың бұрынғы Краснознамен ауданы
Калинин кеңшары) орта мектепті бітірген соң,1983 жылы
Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агроно-
мия факультетіне түсіп,1988 жылы ойдағыдай тәмәмдап,
«ғалым агроном» мамандығын алып шықты. Мектеп,
институт қабырғасында жүргенде шығармашылықпен
айналысып, көптеген мәдени шараларға ұйытқы болып,
айтыстар, конкурстарға қатысып, бүкілодақтық, респу-
бликалық, облыстық деңгейде жүлделі орындар иелен-
115
ді. Өлеңдері, мақалалары республикалық, облыстық,
қалалық басылымдарда жарияланды («Балдырған», «Са-
рыарқа» жорналдары, «Жас Алаш», «Ана тілі», «Арқа
ажары», «Астана ақшамы» газеттері). 1988 жылдан
бастап күні бүгінге шейін ауылшаруашылық саласында
өз мамандығы бойынша еңбек етуде.
2009 жылы «Сарыарқа» баспасынан жарыққа шыққан
«Темеш руының шежіресі» кітабының негізгі авторла-
рының бірі.
Әйелі Гүлнар Айткенқызы – акушер. Үш ұлы
бар. Үлкені Бауыржан – жеке кәсіпкер, ортан-
шысы – Тоқтар – Денсаулық сақтау министрлі-
гінде заңгер, кенжесі – Ұлықбек мектеп оқушы-
сы. Келіні – Нұржұлдыз немересі Мәдимен үйде.
Мекенжайы: Астана қаласы. Е-mail: 560256@mail.ru.
Тел: 8 705 414 70 37; 8 747 054 47 1; 8 7171 33 14 34.
Мадина Алпамысқызы Сәрсенбаева
1972 жылы ақпан айының 5 жұлдызында Қызылорда
облысы Жанақорған ауданы Екпінді ауылында дүние-
ге келген. Қызылорда мемлекеттік универсетінің түлегі.
Мамандығы мұғалім. Қазір жеке кәсіпкер.
Әкесі Алпамыс Тәжібайұлы еңбегін миханизатор-
дан бастап зейнетке шыққан, атамыздың алпыс жа-
сында көрген жалғыз тұяғы. Анам Құрбангүл Тайға-
рақызы сауда саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан.
Анамыз әулетінімізге сыйлы рухани емші. Алты
ағайынды Ержан, Нұржан, Наржан, Мадина, Әмина,
Маржан. Руы – Найман. Жеті атасы: Сүтемген – Бек-
берді – Нәлібек – Көшекәлі – Сәрсенбай – Тәжібай
116
VІI БӨЛІМ
– Алпамыс. Күйуі Сағындық Ыдырысұлы. Руы кіші
жүз Қара тамыр. Рүстем, Дастан атты ұлдары бар.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, «Жайна» базары
Телефоны: 8 775 297 26 06.
Раушан Бахияқызы Шахмағанбетова
1968 жылы 4-ші наурызда Ұлытау селосында дүниеге
келді. Жезқазған педагогикалық институтын тәмамдады.
Тұрмысқа шығуына байланысты Қарағанды об-
лысы Шет ауданы, Айғыржал ауылына қоныс аудар-
ды. Қазір Маясар Жапақов атындағы мектепте мұғалім
болып жұмыс істейді. Ширек ғасыр бойы мектеп-
те география, биология пәндерінен сабақ беріп ке-
леді. Күйеуі Мейірхан 1957 жылы 1 қарашада туған.
Мекенжайы: Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Оспен селосы, Айғыржал ауылы. Май көшесі 14 үй.
Тел: 8 775 790 37 45; 8 – 710 – 42 – 40 – 2 – 61.
Зағипа Қайратқызы Иманғазиева
1978 жылы мамыр айының 5 жұлдызында Қызылор-
да облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінде дүниеге кел-
ген. Отбасын құрған, бір қыз тәрбиелеп отыр. Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
«Дәстүрлі музыкалық өнер-жыр» мамандығын үздік ди-
пломмен тәмамдаған. Дәстүрлі әнші, термеші, компози-
тор. Астана қаласы мемлекеттік филармониясының және
«Наз» мемлекеттік театрының дәстүрлі әншісі.
«Жас толқын» - фестивалінің лауреаты. Марабай Құл-
жабайұлының 165 жылдығына арналған Республикалық
термешілер байқауының лауреаты.
117
«Елім менің» патриоттық ән байқауының «Аманат»
номинациясы бойынша лауреаты, I жүлде иегері. «Дала
дауысы» халықаралық радио фестивалінің жеңімпазы.
Сүйегі: Әлім-Шекті-Жақайым-Игілік-Мыңбай-Тү-
бек-Ситемір-Тасқара-Меңдәлі-Мәмбетрза-Иманға-
зы-Қайрат. Жетінші атам Мыңбайдан он ұл туған. Үл-
кен ұлы Түбек, оныншы ұлы Толыбай жау жүрек батыр
болған. Бізді «Батыр ауылдың» ұрпағы дейді. Әсіресе,
Толыбай батыр қыздарына қатты разы болып, ақ бата-
сын берген көрінеді. Содан ұлдарына қарағанда қыздары
өнерлі, жүректі, өткір келеді екен.
Нағашы әжесі (арғын) Орыншаның тәрбиесін-
де болды. Әжесінің аса дәулетті әкесін, бауыр-
ларын репрессия тұсында өлтіріп, Орынша апа-
сын арқадан, кіші жүздің жеріне жер аударған.
Мекенжайы: Астана қаласы. Тел: 8 775 159 2873.
Руслан Мұратұлы Мұратов
1991 жылдың 14-ші ақпанында Жаңаөзен қаласында
дүниеге келді. ПСК - коледжінің (Атырау қаласы) мұнай-
газ факультетін бітірді. Орал қаласындағы З.К.И.Т.У –
университетинде оқуын жалғастыруда. 2013 жылдан
бастап рухани китаптарды оқи бастады. Отбасында бес
ағайынды. Әке-шешесі бар. Бойдақ.
Мақсаты: рухани байлық пен материялдық бай-
лықтың қанатын тең ұстау.
Миссиясы: адамзатқа көмек көрсету, қоғамға қызмет
ету.
Руы: Шеркеш. 1.Мурат – 2. Мақсот – 3.Елеусінбай
118
VІI БӨЛІМ
– 4.Азбанбет – 5.Сақау – 6.Қойыс – 7.Бөтік – 8.Шеркеш –
9.Қыдырсыйық – 10.Он екі ата Байұлы
Сізге алғыс білдіремін:
Мен сізбен танысқаныма және кітабыңызды оқыға-
ным үшін өте қуаныштымын. Менің жүрегімнің, сан
сезімімнің өзгеруіне себепші болған «Бүгін мен: Иман-
дылыққа, бақытқа, молшылыққа, махаббатқа толы
жаңа өмірімді бастаймын» атты кітабыңыз. Менің
санам тазаланып, өмірге құлшынысым артып, руха-
ният жолындағы ілімдерге деген қызығушылығым
оянды. Мен өмірлік арман, мақсатыма барар нұр-
лы жолды таптым. Ең бастысы өз миссиямды біл-
дім. Сіздің кемеңгер ойларыңыз маған бағыт-бағдар
берді. Сізге алғысым шексіз, Алланың нұры жаусын!
Мекенжайы: Атырау облысы, Құлсары қаласы.
Тел: 8 702 668 66 44.
Достарыңызбен бөлісу: |