Теруге: Редактор Г. Айманбетова «Экономикалық шолу»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#8069
1   2   3   4   5

Орташа мерзімді кешенді 

болжам 

 

Міндеттер: 

- негізгі макроэкономикалық 

көрсеткіштердің  инфляцияға 

ықпалын модельдеу жəне 

болжау; 

- болжамдағы тəуекелді жəне 

белгісіздікті бағалау; 

- АКС жөніндегі ұсынымдар  



 

Қысқа мерзімді жəне 

орташа мерзімді ілеспе  

болжам 

Міндеттер: 

- базалық модельдің 

макрокөрсеткіштерін бөліп 

алу; 


- экономиканың əлуетті 

мүмкіндіктерін бағалау; 

- жекелеген макрокөрсеткіш-

терді бағалау; 



 

 

7

-тоқсан сайынғы 



инфляциялық шолу; 

 

Құрал: 

-стандартты кестелер мен 

диаграммалар 



 

 

 

Құрал: 

-базалық тоқсандық 

трансмиссиялық тетіктің 

моделі 


 

 

 

 

Құрал: 

 -серіктес  модельдер  (топтан 

бөліп 

алу 


модельдері, 

сигналды  модельдер  жəне 

басқа да ілеспе модельдер) 

 

 

Орташа мерзімді 

баланстық болжам 

Міндеттер: 

-ақша-кредит саясатының 

негізгі көрсеткіштерін 

модельдеу; 

- АКС жөніндегі 

ұсынымдар; 



 

 

Құрал: 

-Excel кестелерінің негізінде 

баланстық болжамдық 

модельдер 



 

Орташа мерзімді 

құрылымдық болжам 

Міндеттер: 

- сектораралық динамиканың 

негізгі көрсеткіштерін  

модельдеу; 

 

 

  



 

Құрал: 

-оңтайландырушы 

динамикалы көпсекторлы 

модель 



Кəсіпорындар  

мониторингі 

Міндеттер: 

-экономикалық 

конъюнктураның  жəне ел 

экономикасының нақты 

секторының қаржы 

жағдайына талдамалық 

шолуларды қалыптастыру 

 

Құрал: 

 -автоматтандырылған 

«Экономиканың 

нақты 


секторы  кəсіпорындарының 

мониторингі» шағын жүйесі 



 

Оперативті  бағалау  оперативті  (апталық)  деректерді  жүйелеуді  жəне  олардың 

негізінде  ақша-кредит  саясаты  жөнінде  басшылықтың  оперативті  шешімдер  қабылдауына 

көмектесуге  арналған  таяу  аптадағы  макроэкономикалық  көрсеткіштердің  динамикасы 

туралы сараптамалық пікірлерді қалыптастыруды білдіреді. Оперативті болжам үшін, əдетте, 

өте  егжей-тегжейлі  ақпарат  (көбінесе  эпизодтық)  пайдаланылады.  Бұл  ақпарат  апта  сайын 

Техникалық  комитеттің  отырыстарына  дайындалады  жəне  ақша-кредит  саясаты  жөнінде 1 

апта бұрын оперативті шешімдер қабылдауға негіз болуға арналған.

 

Орташа  мерзімді  кешенді  болжам  жасаудың  шағын  жүйесі.  Əр  түрлі 

макроэкономикалық  көрсеткіштер  мен  ақша-кредит  саясатының  құралдары  арасындағы 

өзара байланысты қамтитын жəне орташа мерзімді кезеңге бағдарланған құрылымды тоқсан 

сайынғы  макроэкономикалық  модельдердің  көмегімен  экономиканың  экономикалық 

саясатты  сезіну  сипатын  барынша  толық  түсінуге  қол  жеткізуге  болады.  Трансмиссиялық 

тетік  моделі (ТМ моделі, базалық модель) орташа мерзімді кешенді болжам жасау құралы 

болып  табылады.  Бұл  модель  ақша-кредит  саясаты  қабылдайтын  шешімдердің 

макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда, инфляцияға тигізетін жиынтық ықпалын   

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Алайда,  бірде-бір  модельдің  өте  дəл  болжам  жасауға    шамасы 

келмейтінін  ескеру  керек.  Модельдің  нақты  күші  тəуекелдерге  жəне  болжамдағы 

белгісіздікке қарсы мəселелерді шешуді көмектесуге мүмкіндігі бар екендігінде. Осылайша, 

базалық  модельдің  түпкілікті  мақсаты  орташа  мерзімді  болжаммен  қатар  тəуекелдің  жəне 

болжам белгісіздігінің бағаларын құру,  ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың стратегиясы 

бойынша ұсынымдар əзірлеу болып табылады. Қазіргі  уақытта базалық модель шеңберінде 

болжам  тəуекелдерін  бағалау,  болжамдар  белгісіздігін  бағалау,  инфляцияны  таргеттеудің 

жəне басқа да мəселелердің жалпы схемасын əзірлеу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.  

Ұлттық Банкте əзірленген трансмиссиялық тетік моделі мөлшері жағынан шағын болып 

табылады. Негіз ретінде кішілеу модельді таңдау жақсы тармақталған қарапайым модельдің 

өзінің  болжам  жасағыштық  сапалары  бойынша  айқын  емес  жəне  көп  ресурстарды  қажет 



 

8

ететін  кешенді  модельден  асып  түсетіні  жөніндегі  кең  таралған  пайымдауларға  негізделді. 



Əрине,  базалық  модель  уақыт  оза  келе  дамитын  болады,  бірақ  бұл  жағдайда  біз  модельдің 

анықтығын барынша сақтауға тырысатын боламыз. 



Қысқа  мерзімді  жəне  орташа  мерзімді  ілеспе    модельдердің    (серіктес  модельдер 

немесе  спутник  модельдер)  шағын  жүйесі  осы  модельдердің  əрқайсысының  өз  төл 

мақсаттары  бар  болу  есебінен  базалық  модельдің  кішігірім  мөлшерлерінің  орнын  толтыра 

алады  жəне  балама  болжамдар  бере  алады.  Тұтастай  алғанда  модельдердің  бұл  тобы  кең 

ауқымды  мақсаттарды  қамти  алады.  Егер  барлық  осы  мақсаттарды  бір  модельде  қамтуға 

тырыссақ,  онда  мұндай  модель  тым  күрделі  болып  шығар  еді  де,  мұның  өзі  болжамдық 

мақсаттар үшін оны пайдасыз еткен болар еді.  

Модельдердің бұл тобы өзінің мақсаты бойынша былайша жіктеуге жатады.  

Біріншіден,  «топтан  бөліп  қарау»  модельдер  тобын  жатқызуға  болады.  Мұндай 

модельдер,  əр  түрлі  макроэкономикалық  көрсеткіштер  арасындағы  тарихи  қалыптасқан  

байланыстарды  пайдалана  отырып,  базалық  модель  бойынша  табылған  қандай  да  бір 

біріктірілген  макрокөрсеткіштің  болжамы  бойынша  азырақ  біріктірілген  көрсеткіштердің  

динамикасын  құруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  егер  базалық  модель  жиынтық  тұтынуды 

анықтаса,  онда  тарихи  қалыптасқан    байланыстарды  пайдаланып,  оны  қызмет  көрсетуді, 

күнделікті  пайдаланылатын  тауарларды,  ұзағырақ  пайдаланылатын  тауарларды  тұтынуға 

бөлуге  болады.  Көрсеткіштерді  топтан  бөліп  алу  сектордың  талдаушыларын  өздеріне 

түсініктірек деректермен қамтамасыз ететін болады, олар мұны алдыңғы тəжірибесін ескере 

отырып тексеруіне болады. 

Екіншіден, оған экономиканың ықтимал шығарылым, NAIRU (инфляцияның күшеюіне 

əкелмейтін  жұмыссыздық  деңгейі)  жəне  басқалары  секілді  əлуетті  (тең  келетін)  

мүмкіндіктерін  бағалайтын  сигналды  модельдер  деп  аталатын  топты,  сондай-ақ  əр  түрлі 

күтілетін модельдерді жатқызуға болады. Соңғы модельдердің маңыздылығы инфляцияның 

қалыптасуына  ақша-кредит  саясаты,  Үкіметтің  бағаны  төмендетуге  бағытталған  шаралары 

ғана  емес,  сонымен  қатар  агенттердің  инфляциядан  күтетіндері  де  ықпал  ететінімен  

айқындалады.  Ақша-кредит  саясатының  маңызды  құрамдасы  күтілетіндерді  қалыптастыру 

бола алады деп керісінше айтсақ та дұрыс болады. 

Ең  соңғы,  үшінші  топқа  қалай  болғанда  да  базалық  модель  бойынша  алынған 

болжамдарды анықтайтын, толықтыратын немесе баламалы болжамдар беретін барлық басқа 

модельдерді жатқызуға болады. 

Қысқа мерзімді болжам үшін, əдетте, барынша егжей-тегжейлі ақпарат пайдаланылады. 

Бұл болжамдар, əдетте, макроэкономикалық көрсеткіштердің қысқа мерзімді динамикасына, 

қарапайым (бір өлшемді) эконометрикалық модельдерге негізделген.  Бір өлшемділік қызмет 

көрсетудегі  қарапайымдылыққа  себін  тизізеді,  алайда  тұтас  алғанда,  экономиканың 

жүргізіліп  отырған  экономикалық  саясатты  сезіну    сипатын  толық  түсіндірмейді.  Олар  тек 

макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын түсінуді қамтамасыз етуге арналған.  

Орташа  мерзімді  баланстық    болжамның  шағын  жүйесі  Ұлттық  Банкте,  базалық 

модельмен 

қатар, 

ақша-кредит 



саясаты 

құралдарының 

ақша-кредит 

саясаты 


макрокөрсеткіштерінің    динамикасына  ықпалын  модельдеудің  негізгі  құралдарының  бірі 

болып  табылады.  Ол  Ұлттық  Банктің,  банк  жүйесінің  активтері  мен  пассивтерінің  негізгі 

баланстық ара қатынастарын көрсететін Ұлттық Банктің, банк жүйесі шолуының баланстық 

кестелеріне негізделген жəне оның нəтижелері ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына 

кіретін болжамдардың негізін құрайды.  

Орташа мерзімді құрылымдық  болжам Ұлттық Банк магистратурасының жанындағы 

талдаушылар тобы əзірлеген

 

тоқсандық көпсекторлы модельге негізделген, ол



 

мынадай бес 

сектордағы: үй шаруашылықтары, кəсіпорындар, қаржы секторы, сыртқы сектор жəне қаржы 

реттеу  секторы,  негізгі  көрсеткіштердің  сектораралық  динамикасын  модельдейді.  Егер 

трансмиссиялық  тетік  моделі  негізінен  ақша-кредит  саясаты  импульстарының  қалай  да 

болмасын  инфляцияға  ықпал  ететін  макроэкономикалық  көрсеткіштерге  берілу  жолдарын 



 

9

модельдесе, онда сектораралық модель тұтас алғанда экономиканың жұмыс істеуінің толық 



көрінісін жасау үшін пайдалы. 

Ұлттық  Банкте  əзірленетін  «Экономиканың  нақты  секторы  кəсіпорындарының 



мониторингі»  автоматтандырылған  шағын  жүйесі  болашақта  болжам  жүйесінің 

маңызды құрамдас бөлігі болуы тиіс. Оны құрудың мақсаты экономикалық конъюнктураның  

жəне  ел  экономикасының  қаржылық  емес  секторының  аймақтық,  салалық  бөліктеріндегі 

қаржы  жағдайының  талдамалық  шолуларының  оперативтілігі  мен  қалыптастыру  сапасын 

арттыру  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  берілетін  бағалар  деңгейінің  жеткіліксіздігінен 

(əдетте,  бағалау  деңгейі  ағымдағы  тоқсанмен  шектеледі)  модельдеу  кезінде  оны  қолдану 

қиынға түседі. 

Жоғарыда  аталған  барлық  модельдердің  жиынтығы  мына  сұраққа  жауап  беруге 

көмектесуі  тиіс:  инфляциялық  жəне  тұрақтандыру  мақсаттарына  жету  үшін  ақша-кредит 

саясатының  қандай  шаралары  қажет?  Бұл  орайда  бағалау 1 айға  дейінгі  кезеңді  қамтиды,  

қысқа мерзімді болжам 1 айдан 1 жылға дейін, ал орташа мерзімді болжам 3 жылға дейін. 

Қазіргі кезде шағын жүйе автономды режимде жұмыс істейді, болжам жүйесін дамыту 

бағыттарының бірі олардың арасында байланыстар орнату болып табылады.  

 

 2. Болжам жасаушылар командасы. Болжам жасаудың əрбір шағын жүйесі шегінде 



болжам жасау əдістемелеріндегі түбірлі айырмашылықтарды есепке алу болжам жасаушылар 

командасын тиісті топтар санына бөлуді талап етеді.  

Бағалауды  жəне  қысқа  мерзімді  болжамды,  сондай-ақ  ілеспе  модельдердің  кейбір 

түрлерін  жүзеге  асыратын  болжам  жасаушылар  топтарында  əрбір  болжам  жасаушы 

мониторинг жүргізуі жəне арнайы сектордың маманы болуы тиіс. Бұл əдетте ұлттық шоттар 

жүйесі, төлем балансы, баға жəне инфляция, ақша жəне кредит, қаржы нарықтары, сыртқы 

ортаның 

жай-күйі  тарапынан, 

осылайша, 

бүкіл 


экономиканы 

қамти 


отырып 

ұйымдастырылады.  Сектор  мамандарының  қолында  біріктірілген  модельді  болжамға 

қарағанда, қысқа мерзімді болжам жасау мақсаттары үшін тар ауқымды мəселелер бойынша 

əлдеқайда жан-жақты  ақпарат бар.  

Егжей-тегжейлі  ақпаратты  азырақ,  бірақ  неғұрлым  ауқымды  спектр  бойынша  талап 

ететін  базалық  модель,  баланстық  жəне  сектораралық  модель  бойынша  болжамды  жүзеге 

асыратын  болжам  жасаушылардың  топтарына  күшті  біріктірілген  көрсеткіштері  бар 

манипулиляция техникасын меңгерген көп салалы мамандар қамтылуы тиіс.  

Сектораралық модельге қызмет көрсету жəне дамыту тобына сектор мамандары да, сол 

сияқты көпсалалы мамандар да қамтылуы тиіс. 

Болжам  жасаушылар  командасының  жұмысының  негізгі  нəтижесі  мыналар  болып 

табылады: 

 -басшылыққа  мезгіл-мезгіл берілетін  мерзімді хабарлар (апта сайын, ай сайын, тоқсан 

сайын), 


-үнемі жəне ара-тұра берілетін талдамалық хабарлар мен мəліметтер, 

-Техникалық  комитетке  арналған  стандартталған  кестелер  мен  диаграммалар  жиыны 

түріндегі апта сайынғы ақпарат, 

-тоқсан сайынғы инфляциялық шолу, 

-  жыл  сайынғы  Ақша-кредит  саясатының  негізгі  бағыттарының  жобаларына  жəне 

стратегиялық  сипаттағы  басқа  да  құжаттарға  кіргізуге  арналған  талдамалық  ақпарат  жəне 

болжамдар, 

-қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу туралы тоқсан сайынғы ұсыныс, 

 -  «Қаржы  секторының  ағымдағы  жай-күйі  туралы,  алтынвалюта  резервтері  туралы 

жəне басқалары туралы» баспасөз релиздері, 

-кəсіпорындардың тоқсан сайынғы мониторингі. 

 

3.  Деректер  базалары.  Тиімді  деректер  базалары  болжам  жүйесін  құрудың  қажетті 

шарты  болып  табылады.  Деректердің  сипатына,  олардың  кезеңділігіне  жəне  келіп  түсу 


 

10

көздеріне  қарай,  статистикалық  деректерді  бірнеше  базаға  ұйымдастыруға  болады.  Алайда, 



бір деректер базасын болжам жасаушылардың бірнеше шағын тобы пайдалануы мүмкін жəне 

де болжам жасаушылардың бір тобы деректерді əр түрлі деректер базасынан іздеуі мүмкін. 

Ресми  деректер  базасы  бірнеше  түрге  бөлінеді:  Тарихи  деректер  базасы,  Қысқа  мерзімді 

бағалау деректер базасы, Арнаулы деректер базасы  (болжам жасаудың нақты модельдеріне 

арналған),  кəсіпорындар  мониторингінің  деректер  базасы,  жіберілетін  есептердің, 

нысандардың  жəне  болжамдардың  деректер  базасы.  Деректер  базасының  əрбір  түрі  төл 

қажеттіліктерге қызмет көрсетеді. 

Тарихи деректер базасы. Тарихи деректер базасында сыртқы дерек көздерінен тікелей 

алынған    деректер:  Статистика  Агенттігінің,  Қаржы  министрлігінің  деректері,  Ұлттық 

Банктің өз деректері болады. Бұл типке статистика басқармасының  барлық жалпы деректер 

базасы  жəне Finmark-тегі  ДИС  базалары  жатқызылады.  Барлық  деректер  сериясның 

сипаттамалары  бар,  сондықтан  кез  келген  əлуетті  пайдаланушы  осы  деректердің  қалай 

құрылғанын  түсіне  алады.  Олардың  деректердің  енгізілуіне  жəне  методологияның 

жақсаруына  жауап  беретін  өздерінің  арнайы  «меншік  иесі»  бар.  Тарихи  база  арнаулы 

деректер базасын қалыптастыруға арналған деректер базасы болып табылады. 



Арнаулы  деректер  базасы.  Арнаулы  деректер  базасы  нақты  модель  (базалық, 

баланстық,  сектораралық,  ілеспе  модельдер)  үшін  енгізу-шығаруды  автоматты  түрде 

дайындауды  қамтамасыз  етеді.  Бастапқы  дерек  көздерінен  алынатын  деректерге  қол 

жетісімен  бірден  жаңаратын  тарихи  базадан  айырмашылығы  арнайы  деректер  базасы 

модельді  ағымдағы  жаңартудың  жəне  ағымдағы  болжамға  дайындаудың  алдында  ұдайы 

(апта  сайын)  жаңартылады.  Деректер  базасы  келіп  түскен  ақпаратты  қажетті  нəтижелер 

нысандарына  автоматты  түрде  өзгертетін  стандартталған  кестелер  жиынтығы  болып 

табылады. Олар нақты экономиканың жəне инфляцияның үрдістерін бағалау мен болжаудың 

негізін  қалыптастырады  жəне  уақытша  қатарлар  ретінде  қысқа  мерзімді  болжамдарды 

қамтуы тиіс.    

Бұл  деректер  базасы  құрамдас  элемент  ретінде  автоматты  түрде Eviews-ке  арналған 

деректерді қалыптастыратын модульдерді, сондай-ақ жіберілетін нысандарды (кестелер мен 

графиктерді)  есептеулердің  нəтижелері  бойынша  автоматты  түрде  қалыптастыратын 

модульдерді қамти алады. 



Жіберілетін  есептердің,  нысандардың  жəне  болжамдардың  деректер  базасы. 

Өткеннің  тəжірибесін  зерделеу  үшін,  сондай-ақ  жаңа  қызметкерлерді  үйрету  үшін 

басшылыққа  жіберілетін  хабарлардың,  болжамдардың  жəне  басқа  да  жіберілетін 

құжаттардың мұрағаты болуы қажет. Бұдан басқа, экономикадағы аса маңызды оқиғалардың 

мұрағатын  жүргізу  пайдалы,  себебі  уақыт  өте  келе,  ол  уақыт  қатарларының  динамикасын 

талдау  кезінде  баға  жетпес  қызмет  көрсетуі  мүмкін.  Бұл  деректер  базасы  оларды  ара-тұра 

талдап тұру үшін үнемі сақталуы тиіс. Олар белгілі бір уақыт ішінде қысқа мерзімді болжам 

жүйесін  жақсартуға  жəне  қысқа  мерзімді  болжамдағы  белгісіздікті  төмендетуге  арналған 

нақты шаралар қолдануға бола ма, соны анықтауға көмектеседі.  

Деректер базасының арасындағы біріктірілген байланыс  2-суретте көрсетілген. 

Деректер  базасын  қалыптастырған  кезде  деректерді  өңдеуді  жəне  есептерді  шешуді 

автоматтандыруды  қамтамасыз  етуге  арналған  ақпараттық  технологиялар  ресурстарын 

пайдалану  қажет,  мұның  өзі  адам  жіберетін  қателерді  мүлдем  азайтуға  көмектеседі.  Бұдан 

басқа,  мұның  өзі  деректерді  техникалық  өңдеуге  қарағанда  экономикаға  көбірек  уақыт 

бөлуге мүмкіндік береді.  

Қорыта келгенде, инфрақұрылымды дамыту бойынша өзін əлі де болса жетілдіре түсуді 

талап ететін сəттерді атап өтеміз: 

1. 

Оперативті  бағалау  (Техкомға  арналған  деректерді  дайындау)  тобы  іс  жүзінде 



қалыптасқан жəне табысты жұмыс істеп отыр. Топтың күшімен қысқа мерзімді болжам 

мақсаттары  үшін  қазіргі  кезде  белгіленіп  отырған  сараптамалық  болжамдарды 

растайтын кейбір өте қарапайым эконометрикалық модельдерді əзірлеу ұсынылады. 


 

11

2. 



Ілеспе  модельдерді  əзірлеуші  топ  қазір  құрылған.  Ол  модельдерді  құру  жəне  талдау 

жөнінде  базалық  білім  алды  жəне  қазіргі  кезде  ілеспе  модельдерді  əзірлеу  сатысында 

тұр.  Осы  мамандар  əзірлеп  жатқан  модельдер  бұрыннан  бар  модельдермен  (ықтимал

 

ЖІӨ моделімен жəне PSTAR инфляциялық қысым моделімен жəне басқаларымен) бірге 



серіктес модельдердің негізін құра алады. 

3. 


 Базалық  жəне  баланстық  модельдер  тобының  жұмысы  тиісінше  бұрын  əзірленген 

трансмиссиялық  модель  моделіне  жəне  бұрыннан  жұмыс  істеп  жатқан  баланстық 

модель  бойынша  болжау  əдістемесіне  негізделе  алады.  Осы  модельдердің  ықшамды 

болуынан  жəне  төл  мақсаттарының  болуынан  осы  модельдердің  əрқайсысы  негізінен 

алғанда қызмет көрсету үшін 1 адамды қажет етеді, алайда олардың сабақтастығы мен 

одан əрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында, əрқайсысына тағы да 1-2 адамнан қосуға 

болады. 

 

4. 



Көпсекторлы  модельді  қабылдау,  қолдау  жəне  оның  өзімен  əрі  оның  ҚРҰБ 

магистратурасы  жанындағы  талдаушылар  тобы  əзірлеген  деректер  базасымен  жұмыс 

жүргізуге  арналған  болжам  жасаушылар  тобын  құру    көкейтесті  міндет  болып 

табылады.  Көпсекторлы  модельге  арналған  деректер  базасы  енгізу-шығаруды 

автоматтандыру,  ИДБ-мен  байланыс  орнату  мақсатында,  одан  əрі  жетілдіруді  талап 

етеді. 


5. 

Инфляцияны  таргеттеуді  пайдаланудың  халықаралық  тəжірибесіне  сəйкес,  болжам 

жасаушы шағын топтардың құрамын, олардың жетекшілерін, сондай-ақ болжам жасау 

тобының  жетекшісін  (мүмкіндігінше  Техникалық  комитеттің  мүшесін)  ресми  бекіту 

қажет. 

6. 


Əрбір  шағын  топтың,  сондай-ақ  болжам  жасау  тобының  жетекшісі  бастаған  шағын 

топтар  басшыларының    мерзімді  кездесулерінің  күнтізбесін  анықтаудың  маңызы  бар. 

Мерзімділігін топтың міндеттеріне сүйене отырып анықтау керек. Бұл кездесулер əрбір 

болжам  жасаушының  өз  міндетін  жəне  оның  Ұлттық  банк  бойынша  ортақ  зерттеу 

жұмысындағы орнын жете түсінуін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ұлттық 

банктің  басшылығы  осы  кездесулер  арқылы  зерттеу  тобының  алдына  қойылған 

міндеттерді жандандыра алады.  

7. 


Біздің  ойымызша,  деректер  базасын  əзірлеу  қазіргі  кезде  тиісті  деңгейде  жүргізіліп 

отыр.  Маңызды  оқиғалардың,  сондай-ақ  болжамдардың  жəне  хабарлардың  базаларын 

дамытуды бастаған пайдалы. Оның үстіне, аталған базаларды болжам жасаушы барлық 

топтар  қалыптастыруы  жəне  көпшіліктің  қолы  жететін  болуы  тиіс.  Қалған  басқа 

деректер  базасына  қол  жеткізу  деңгейі  басшылықтың  тиісті  шешімдерімен  реттелуі 

тиіс. 


8. 

Қазіргі  уақытта  болжам  жасаудың  əрбір  шағын  жүйесі  автономды  режимде  жұмыс 

істейді.  Болжам  жасау  жүйесін  дамыту  бағыттарының  бірі  олардың  арасында 

байланыстар орнату  болып табылады. 

9. 

Деректерді  өңдеуді  жəне  міндеттерді  шешуді  автоматтандыруды  қамтамасыз  ететін 



ақпараттық технологияларды əзірлеу мəселелерін қазіргі уақытта болжам жасаушылар 

командасына жүктеген жөн. Дегенмен, олар өздері шешетін міндеттерді, болжамдардың 

жекелеген  деңгейлері  арасындағы  байланыстарды  толық түсінуге  қол  жеткізген  кезде, 

ақпараттық технологияны оңтайландыру үшін мамандарды тартуға болады. 

 

Еңбекте  Ұлттық  Банкте  қолданылып  жүрген  болжам  жасау  жүйесінің 

инфрақұрылымы талданды, оны одан əрі дамыту жөнінде ұсынымдар жасалды. 

Əдебиет 


1. On developing a structured forecasting and policy analysis system designed to support 

inflation-forecast targeting (IFT). Douglas Laxton and Alasdair Scott. 



 

12

 



2-сурет 

Деректер базаларының жүйесі 

 

Тарихи деректер базасы 

 

 

 

Экономиканың нақты 

секторының 

кəсіпорындары 

мониторингінің деректер 

базасы 

Маңызды экономикалық 

жəне саяси оқиғалардың 

деректер базасы 

 

 



 

 

                                                                                 Арнайы деректер  



                                                                                              базалары 

Сектораралық модель базасы 

Ілеспе модельдер базасы 

Баланстық модель базасы 

Базалық модельге арналған база 

Оперативті бағалауға арналған база 

 

 

 



Жіберілетін нысандардың,  

болжам нəтижелерінің жəне басшылыққа 

хабарлардың деректер базасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет