АҢдатпа 12-бет 4-бет


Түйін  «Бір  шақырым  жол  салсақ  та



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата06.03.2017
өлшемі10,23 Mb.
#8100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Түйін 

«Бір  шақырым  жол  салсақ  та, 

сапалы  етіп  салуымыз  керек» 

дейді  мамандар.  Расында  да, 

жолдар  сапасыз  салына  берсе, 

бүгінгі  күні  жол  салуға  бөлінген 

қыруар  қаржының  желге  ұшқаны 

емес  пе?!  Айта  кетер  тағы  бір 

жайт, елімізде жол салу мекеме-

лері  мен  жылу  құбырларын  ауы-

стыратын  мекемелер  арасында 

өзара байланыс жоқ. Жаздай жол 

салынса, күзде жылу құбырларын 

ауыстыратын  мекемелер  көшені 

қазып,  салынған  жолдың  дымын 

қалдырмайды.  Нәтижесінде  ха-

лық жолдың рахатын көрмей жа-

тып ойдым-ойдым, жамау-жамау 

жолға қайта тап болады. Айналып 

келгенде,  мұның  бәрі  жол  салу 

саласында  жүйеліліктің,  тиісті 

бақылау мен құзырлы орындар та-

рапынан қадағалаудың жоқтығын 

байқатса керек.

Бір  сөзінде  Тәуелсіз  жүргі зу-

шілер одағының төрағасы Эдуард 

Эдоков:  «Жол  бюджетінің  үлкен 

бөлігі  жемқорлыққа  кетіп  жатыр. 

Әдейі сапасыз асфальт төселеді, 

келесі жылы мемлекеттен арнайы 

қаржы бөлініп, ол қайта жамала-

ды,  қайтадан  сапасыз  асфальт 

пайда  болады.  Осылайша  жолға 

қатысты  жемқорлық  жалғаса  бе-

реді», – деген еді. Сонысына қа-

рағанда,  жол  сапасы  жағынан 

артта қалуымызға жемқорлықтың 

да үлесі бар секілді. 

Жыл  сайын  тозығы  жеткен 

жолдарды  жөндеуге  миллион-

даған қаржы бөлініп жатса да, бұл 

саланың жыры әлі таусылар емес. 

Аймақты айтпағанның өзінде, Ал-

маты,  Астана,  Шымкент  секілді 

жедел  дамып  келе  жатқан  үлкен 

қалаларымыздың шеткі көшелері 

де  әлі  күнге  батпақ  күйінде  жа-

тыр. Өйткені, жыл сайын сапасыз 

болса да, магистральды күре жол-

дардың  жағдайы  күйттеледі  де, 

көше-көше арасындағы ішкі жол-

дар  тасада  қалып  қояды.  Соңғы 

11  жылда  автомобиль  жолдары 

саласын  дамытуға  1263,1  млрд 

теңге  жұмсалыпты.  Деректерге 

қарасақ,  Қазақстанда  бір  шақы-

рым  жол  құрылысына  3,7  млн 

доллар  қаржы  жұмсалады  екен. 

Ондай  көрсеткіш  АҚШ-та  –  2,4, 

Испанияда – 1,64, Финляндияда – 

1,35, Кытайда – 1,16 млн доллар. 

Осынша қаржы бөлінгеніне қара-

мастан,  еліміздегі  жол  сапасы 

атал ған елдердегі жолдардың са-

пасымен салыстыруға келмейтіні 

әмбеге аян. Демек, бұл мәселеге 

жауапты  жандардың  қызметін 

жүйелейтін кез жеткен секілді.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

Эдуард ЭДОКОВ, 

Тәуелсіз жүргізушілер 

одағының төрағасы:

– Жолда түнге қалып қой-

сам, амал жоқ, сүйретіліп, өте 

жай  жүремін.  Өйткені,  жол 

бойында  жарық  жоқ,    жаяу 

жүргінші   жү ретін  орындар 

көрінбейді,  жаяу  жүргіншіні  

алыстан көру мүмкіндігі  шама-

лы,  әсіресе ағаш ара сынан атып 

шығатын болса тіптен жаман. 

Бұған  қоса,  жолда  шұңқырлар 

өте көп. Кейбір жолдардың ені  

тар болғандықтан, көлік тығыз 

жүреді.  Кілт  тоқтаса  жол-көлік  оқиғасы  туындайды. 

Яғни,  жолдың сапасы көліктің қарқындылығына сай емес. 

Сондықтан, апат та жиі  болады. Шұрық-тесік жолдарда 

жылдамдық арттырып, жүйткіп келе жатқан жүргізушілер 

шоқалақтан қашамын деп қарсы бетке шығып кетіп, апат 

тудырып жатады. Жыл сайын еліміздегі  миллиондаған 

көліктен қаншама салық жиналады,  көлігімізден кішкене 

кемшілік табылса айыппұл салады. Сонда көлік иелерінен 

жиналған осы салықтар мен айыппұлдардың барлығы қайда 

кетіп жатыр? Бізден көлігіміздің талапқа сай болуын та-

лап етеді. Алайда, біз ешкімнен жолдың талапқа сай болуын 

талап ете алмаймыз. Жолдардың сапасыздығы салдарынан 

көлігіміз жиі  сынады. Бірақ, ол үшін ешкімнен оның сұрауын 

сұрай алмаймыз. Жолдардың шұрық-тесігін айтпағанның 

өзінде, олардың кеңдігі, жаңадан салынған жол айрықтары-

ның қозғалысқа ыңғайлылығы да талапқа сай емес.

Әбді ҚИЯЛБАЙҰЛЫ, 

Қазақ  автомобиль  жол-

дары  академиясының 

ғылыми өндірістік депар-

таментінің директоры:

– Жол сапасын жақсарту-

ды ойлау керек. Қазір сапалы 

жол салудың жолдары өте көп. 

Әлемде  тас  жолдардың  қыр-

тыстарын жақсарта отырып 

100  жылға  дейін  шыдайтын 

жолдар салынуда. Ал,  біз сапа-

сыз жолдың сырын көлік жүр-

гізушілерінен  іздейміз.  Қазір 

көлік  апаттары  да  өте  көп. 

Қит етсе оған да көлік жүргізушілерін кінәлаймыз. Жол-

дың сапасына мән бермейміз. Қазір жол салуда ғалымдар-

дың пікірі  ескерілмейтін болды. Ғалымдармен санаспайды. 

Әлемдік деңгейдегі  сапалы жол салуға қатысты тәжірибе 

алмасу жиындарына ғалымдар емес,  шененуніктер барады. 

Ал,  олар елге келген соң жол салу ісіне тікелей аралас-

пайды. Сосын ондай тәжірибелерден еліміз сырт қалуда. 

Негізінде,  тәжірибе алмасуға ғалымдарымызды жіберіп, жол 

салу кезінде сол ғалымдардың пікірін ескеруіміз керек. Жол 

халықтың ақшасына салынып жатыр. Сондықтан,  халық 

ақшасының  текке  шашылмауын  арнайы  жауапты  орган 

қадағалауы керек. Мәселен, батпақты жолдарға төселетін 

асфальт пен жері  қасаң жерге төселетін асфальт құрамы-

ның әрқайсысының ерекшелігі  басты назарға алынуы керек. 

Батпақты жердің ерекшелігі  алдын ала ескерілмесе, ол жерге 

төселген асфальт көп ұзамай жер қатпарының әлсіздігінен 

ыдырап кетеді. Шыны керек, бүгінгі  күні  біз жол салу ісін 

кім көрінгенге тапсыр дық. Соның салдарынан жол салушы 

компаниялар жер қыртысының мұндай ерекшеліктеріне көз 

жұма қарайды. Өйткені, мемлекет тарапынан жол салуға 

бөлінген ақшадан пайда табу үшін жол-құрылыс материал-

дарын үнемдеуге тырысады. Оның соңы сапасыз жолдардың 

пайда болып, кепілдік мерзіміне жетпей бұзылуына әкеліп 

соғады. Кеңес Одағы кезінде салынған жолдар 20-25 жылға 

шыдайтын, біз осы заңдылықты жол салушы компаниялар-

дан қайта талап етуіміз керек.

Амалбек ТШАН, 

қоғам қайраткері:

– Жол сапалы салын-

са, 25-30 жылға дейін жа-

рай береді. Мәселен, осы-

дан он шақты жыл бұрын, 

Олимпиада өтер алдын-

да  көрші   Қытай  еліне 

барғанымда  жолдарының 

тегістігін,  сапалылығын 

бірден  байқадым.  Менің 

таңғалысымды  байқаған 

олар «бұл жолға 22 жыл 

болған»  дегенде  тіпті  

не дерімді  білмедім. Біз-

де жиырма жыл қызмет 

ететін жолдар мүлдем жоқ. Мәселен, Алматы мен Астана 

қалаларының арасындағы жолдың салынғанына көп бола 

қойған жоқ. Бірақ, қазір сол жолдың быт-шыты шығып 

жатыр. Елімізде жыл сайын бір ғана жолды жөндей беру 

әдетке айналып барады. Қала ішіндегі  белгілі  бір жолмен 

шенеуніктер көп жүретінін біледі  де,  жыл сайын үлкен бір 

жолды қайтып айналып келіп жөндей береді. Тіпті, жол 

ескірмесе де,  қырып тастап қайта салады. Ал, қарапайым 

халық тозығы жеткен,  жиырма жылда бір жөндеу көрмей-

тін жолмен жүре беруге мәжбүр. Тіпті, жол жөндедік деп 

бір-екі  жолдың ой-шұңқырын жамаған болады да,  қаржыны 

өздері  қылғытады. Бүгінгі  жол саласында қалыптасқан 

жағдай осыны аңғартып отыр.

Мамандар не дейді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет