АҢдатпа 12-бет 4-бет



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата06.03.2017
өлшемі10,23 Mb.
#8100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Журналистік қызметті 

регламенттеу

Бүгінгі  таңда  БАҚ  саласындағы 

қолданыстағы  заңнамамен  мемле-

кеттік  органдардың  ресми  хабарла-

маларын  тарату  реттеледі.  Алайда, 

квазимемлекеттік  сектор  мекеме-

лерінің және басқа да мекемелердің  

ақпараттық  хабарламалары  заңна-

мада  көрсетілмеген.  Осылай  бола 

тұра, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 

заңға  сәйкес,  жоғарыда  көрсетіл-

АҚпАрАТТыҚ САлА хАлыҚАрАлыҚ 

СТАндАрТТАрғА жАҚындАМАҚ

ген  мекемелер  ақпаратты  таратушы 

болып  саналады  және  оның  қол-

жетімділігін қамтамасыз етуге міндет-

ті.  Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама 

барлық  меншік  түріне  жататын  ме-

кемелерден  БАҚ-тың  ауызша  және 

жазбаша  сұраным  арқылы  ақпарат 

алуындағы  қоғамдық  қатынастарды 

реттемейді. «Ақпараттық хабарлама» 

және  «міндетт  і  хабарлама»  ұғымда-

рын енгізіп, сондай-ақ, БАҚ-тың ауы-

зша  және  жазбаша  сұранымдарына 

ақпарат ұсыну процестеріне қойыла-

тын талаптарды заңнамалық тұрғыда 

бекіту ұсынылады.

Бұл  ретте  журналистік  қызметке 

қажетті  ақпаратты  алудың  жеделді-

гін  қамтамасыз  ету  үшін  ақпаратты 

Кенжеш ОРАЛОВА:

—  «Ақпарат  және  коммуникациялар  мәселелері 

бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама-

лық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу 

туралы» тұжырымдамаға байланысты Қызылорда об-

лысы журналистері Өңірлік коммуникациялар қызметі 

орталығында  кездесу  өткізді.  Оған  ҚР  Жазушылар 

одағы  Қызылорда  филиалының  директоры,  ҚР  Жур-

налистер  одағының  мүшелері,  республикалық  БАҚ-

тың меншікті тілшілері, бас редакторлар, жергілікті 

журналистер қатысты. Күн тәртібінде тұжырымда-

маның  5-6  баптарын  талқылап,  өзара  пікір  алысты. 

Төменде кездесуден туындаған ұсыныстар жолданып 

отыр. 1. БАҚ-тың жаңа түрлерін құқықтық реттеу 

бойынша  5-баптың  2-тармағына  сәйкес,  «интернет- 

ресурс»  түсінігін  «блогерлерге»  сәйкес   қайта  қара-

стыруды қолдау; 2. Интернет-ресурс БАҚ ретінде 

толық  құқықтық  субъектілік  алу  принципі  бойынша 

толық заңнамалық тұрғыда бекітілетін жағдайда ин-

тернет-ресурстың, яғни, блогердің ҚР «БАҚ туралы» 

(өзге  де  заңнамалық  актілердегі)  заң  талаптарына 

журналистермен  теңдей   жауапкершілікте  болуын 

қадағалау; 3. Журналистік қызметті регламенттеу 

бойынша 6-баптың 1-тармағына сәйкес, меншік түріне 

қарамастан, БАҚ-тың ауызша және жазбаша сұраным 

арқылы ақпарат алуын толық қамтамасыз ету және 

ашық, шұғыл ақпараттарды алуға кедергі жасамау; 4. 

Журналистік қызметті регламенттеу бойынша 6-бап-

тың 1-тармағында көрсетілген «тұлғаның жеке өмірі 

мен жеке басы» деген жолдарды тарқатып, нақтылап 

көрсету; 5. Осы журналистік қызметті регламент-

теу бойынша 6-баптың 1-тармағында жазылған «жур-

налист  міндетті  түрде  тұлғадан  жазбаша  рұқсат 

алуы тиіс» деген жолдарды мүлдем қарастырмау.



Мырзантай ЖАҚЫП:

—  «Ақпарат  және  коммуникациялар  мәселелері 

бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама-

лық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу 

туралы»  заң  жобасында  біз  ең  алдымен  бұқаралық 

ақпарат құралдарының (БАҚ-тың) қызметкерлері де-

геніміз кімдер, олар «әнші-жұлдыздар» ма, актерлер ме, 

әлде журналистер ме деген мәселені анықтап алға-

нымыз  жөн  сияқты.  Біздің  білуімізше,  2016  жылдың 

23 шілдесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 

мен  Ақпарат  және  коммуникациялар  министрлігі 

шығармашылық  бағыттағы  жоғары  оқу  орындары-

ның базасында бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) 

саласындағы  мамандарды  даярлау  туралы  кезде-

су  өткізген.  Осы  кездесудің  қорытындысы  бойынша 

түзілген хаттамада телевизия саласындағы жоғары 

білікті  мамандардың  қажеттілігін  ескере  отырып, 

Қазақ  ұлттық  өнер  университеті  мен  Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режис-

сура», «Сценография», «Арт-менеджмент», «Шешендік 

өнер»,  «Актерлік  шеберлік»  мамандықтары  бойынша 

жаңа оқу бағдарламаларын дайындау туралы шешім 

қабылданған.  Біздің  түсінгеніміз  –  бұдан  былай  бо-

лашақ  телевизия  мамандары  өнер  саласындағы 

жоғары  оқу  орындарында  оқытылмақшы.  Бұған  қоса, 

жоғарыда  аталған  екі  министрліктің  басшылары 

БАҚ деп негізінен телевизияны ғана атап отырған 

сияқты.  Бүгінде  «әнші-жұлдыздар»  мен  «айтыскер 

ақын-жұлдыздар» жаулап алған телеарналарымыздың 

редакцияларын бұдан былай актерлер толықтырады 

деген  сөз.  Осыған  дейін  арнайы  мемлекеттік  білім 

гранты  бойынша  «Журналистика»,  «Қоғаммен  байла-

ныс», «Баспа ісі» мамандықтары бойынша жыл сайын 

100-ден  астам  жоғары  білімді  маман  оқу  бітіріп 

келді.  БАҚ  саласындағы  жас  мамандарды  жұмысқа 

орналастыру  мәселесін  қадағалап  отырған  ешкім 

жоқ.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  болашақ 

журналистерді  жұмысқа  орналастырыңдар  деп  уни-

верситеттен, ал, университет кафедралардан талап 

етеді.  Ал,  кафедралардың  «біздің  мамандықтарды 

бітірген жас журналистерді жұмысқа қабылдаңыздар-

шы» деген өтінішін Ақпарат және коммуникациялар 

министрлігіне қарайтын «Қазмедиа орталығы» ЖШС, 

«Қазақстан», «Хабар» секілді телеарналардың басшы-

лары жүре тыңдайды. Тіпті, студенттерді мұндай 

медиа алыптарға іс-тәжірибеге жіберу де оңай емес. 

Бұл жағдайды күн сайын кафедрадағы қызметімізде 

көріп-біліп  отырмыз.  Қазақ  журналистері  қоғам-

дық  өткір  мәселелерді  көтерген  кезде  батылдық 

танытқанымен,  өздерінің  әлеуметтік-тұрмыстық 

ахуалының қиындығы жайында айтып, жазудан ұялып 

қысылады. Журналистердің жалақысы аз екені, тұрғын 

үймен  қамтамасыз  етілмейтіні  туралы  анда-санда 

болмаса,  мүлдем  сөз  қозғалмайды.  Болашақ  журна-

листерді оқытып, білім беріп жүрген оқытушылардың 

әлеуметтік  жағдайы  да  керемет  деуге  келмейді. 

«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойын-

ша  Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне  толықтырулар  мен  өзгертулер  енгізу 

туралы»  заң  жобасында  «Журналистика»,  «Қоғаммен 

байланыс», «Медиакоммуникация» және т.б. ұғымдарға 

берілетін заңдық-құқықтық анықтамаларды нақтылап, 

осы салалардағы жоғары білікті мамандар даярлау, 

журналистика және ақпарат қызметкерлерінің әлеу-

меттік-тұрмыстық жағдайының қорғалуы т.б. мәсе-

лелерге де ерекше назар аударылуы қажет.



Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, 

«Шабыт» шығармашылық орталығының 

директоры, халықаралық журналист:

Құрметті Дәурен Әскербекұлы!

Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

және  мемлекеттік  ақпарат  саясатын  талапқа  сай 

әлемдік стандарт негізінде жүзеге асыру үшін атал-

мыш салада мамандарды сапалы оқыту, қайта даярлау, 

біліктіліктерін арттыру мәселесі өзекті де маңызды 

факторға  айналып отыр. Аталмыш факторды не гіз-

ге ала отырып,  сіз басқаратын министрлікке қарасты 

ұлттық  статусы  бар  «Ақпарат  және  масс-медиа 

коммуникация  академиясын»  ашып,  құрылымдаудың 

жолын  қарастыруларыңызды  сұраймыз.  Мұндай 

тәжірибе  әлем  елдерінің  бірқатарында  бар  және  өз 

еліміздегі Президент жанындағы Басқару академия-

сын, СІМ жанындағы Дипломатия академиясын және 

ҚР МСМ-не қарасты Қазақ ұлттық өнер универси-

теті,  Би  академиясын  атап  айтсақ  та  жеткілікті.  

«Ақпарат  және  масс-медиа  коммуникация  акаде-

миясын»  ашуға  практикалық  база  болатын  сіздің 

министрлікке  қарасты  ақпарат  құралдарының 

сыртында  «Қазконтент»  АҚ,  «Қазмедиа  орта-

лығы»  секілді  салалық  құрылымдар  да  баршылық. 

Бакалавриат-магистратура-докторантура  үш  са-

тылық  білім  беру  жүйесін  қазіргі  таңдағы  Гумилев 

атындағы  ЕҰУ  журналистика  және  саясаттану 

факультетіндегі  профессор-оқытушылар  құрамы 

мен  білім  гранты  және  ақылы  негізде  оқитындарды 

сол  оқу  орнынан  босатып,  түгелдей  тарту  арқылы 

академияны  толықтай   жасақтауға  мүмкіндік  бар.  

Ұсынысымызға  мұқият  назар  аударып, 

мәселенің оң шешім табуына және жаңа-

дан  талқыланып  жатқан  заң  жобасына 

да  енгізу  жағын  қарастыруларыңызды 

сұраймыз.

сұрату  өтініміне  міндетті  түрде  бас 

редактордың қолы қойылуы жөніндегі 

талапты алып тастау ұсынылады. Бұ-

дан  бөлек,  журналистердің  шынайы 

ақпаратқа жүгініп, ақпаратты тексеруі 

міндеттеледі. Тұлғаның жеке өмірі мен 

жеке басына қатысты ақпаратты алу 

үшін журналист міндетті түрде тұлға-

дан жазбаша рұқсат алуы тиіс.

Құқық қолдану 

тәжірибесін жетілдіру

БАҚ  саласындағы  бақылау  бо-

йынша  өкілетті  орган  мен  оның  ау-

мақтардағы  органдары  арасындағы 

құзыреттілігіне  шектеу  қою.  Бүгінгі 

таңда шығыс деректердің орналасуы-

на  талаптар  қойылмайды.  Басылым 

иелері  шығыс  деректерді  өнімнің 

әртүрлі  беттерінде  орналастырады. 

Бұдан басқа, заңнамада қандай тираж 

туралы  (бір  реттік,  апталық,  айлық) 

сөз қозғалғаны айтылмайды, бұл БАҚ-

ты және тұтынушыларды, мониторинг 

жүргізетін  ведомствоны  да  жаңылы-

суға алып келеді.

Заңнамалық талаптарды бір мәнде 

түсіндіру  мақсатында  және  монито-

рингті  жүргізуде  өкілетті  орган  мен 

БАҚ арасындағы даулы жағдайларды 

жою үшін Қр «Телерадио хабарларын 

тарату туралы» және «жарнама тура-

лы»  заңдарына  бірқатар  өзгерістер 

енгізу қажет.

жекелей  алғанда,  анықтауды  қа-

жет ететін мәселелер:

- жарнамаға қатысты «теле-радио-

бағдарлама» түсінігі;

-  хабар  тарату  операторларына 

шетелдік  телеарналар  контентіне 

«жарнама кесінділерін» орналастыруға 

рұқсат етілген бе немесе жоқ па (бір 

жағынан операторлар шетелдік арна-

лардың мазмұнын өзгертпей ретранс-

ляциялау  қажет,  ал,  екінші  жағынан, 

заңға қайшы ақпараттың таратылуына 

жол бермеу керек);

-  отандық  өнім  көлемі  бойынша 

нор ма  (отандық  бағдарламалардың 

саны  және  олардың  уақыт  бойынша 

көлемі);


- «қосымша ақпарат» ұғымы;

-  қазақ  тіліндегі  жарнаманы  тең 

көлемде орналастыру жөніндегі нор-

масы (уақыт интервалында);

-  ағартушылық  және  діни  теле-

бағдарламаларды жарнамамен бөлуге 

тыйым салу, сондай-ақ, балалар теле-

бағдарламаларын  демонстрациялау 

нормасы.

Ақпараттық 

қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету

Ақпараттық  қауіпсіздікті  қамта-

масыз  ету  мониторингі  ең  алдымен 

ақпараттық-коммуникациялық  ин-

фрақұрылымның  қауіпсіздігін,  ақпа-

раттық  қауіпсіздік  ахуалын  бақылау 

үдерісінің  үздіксіздігін  қамтамасыз 

етуге, ақпараттық қауіпсіздіктегі оқиға-

ларға әрекет ету мәселелері бойынша 

халықаралық  қоғамдастықтың  сенім 

рейтингін  көтеруге,  сондай-ақ,  ха-

лықтың  ақпараттық  қауіпсіздік сала-

сындағы жалпы сауаттылық деңгейін 

арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік  органдар  мен  жер-

гілікті атқарушы органдардың қорғалу 

ахуалын  интернетке  қолжетімділіктің 

бірыңғай шлюзі (ИҚБШ) және «Элек-

тронды  үкіметтің»  электронды  пош-

тасының  бірыңғай  шлюзі  (ЭпБШ) 

ар қылы  ұдайы  мониторингтеу  және 

ақпараттық қауіпсіздік деңгейінің жет-

кіліксіздігін дер кезінде түзету аясын-

да  инциденттерді  басқару  үдерісінің 

(мониторинг, анықтау, хабарлау, әре-

кет ету және түзету үшін көмек көр-

сету)  үздіксіздігін  қамтамасыз  етуді 

оңтайландыру ұсынылады.

Осыған  байланысты  келесідей 

мәселелерді іске асыру қажет:

–  компьютерлік  инциденттерге 

әрекет ету, нақты мақсатын айқындау 

және  күтіп-ұстау  жөніндегі  іс-шара-

лар түсінігінің болмауына байланысты 

қолданыстағы заңнамада пайдаланы-

латын  «Компьютерлік  инциденттерге 

ден қою» түсінігінің мағынасын ашу;

– «Электронды үкіметтің» ақпарат-

тандыру нысандарының функционал-

дылығын және қызмет ету шартының 

өзгермеуін  мониторингтеуді  жүзеге 

асыру спецификасын ақпараттандыру 

саласындағы уәкілетті органның тиісті 

Ережелерді ақпараттық қауіпсіздік та-

лаптарына сәйкес бекіту жөніндегі құ-

зыретін орнықтыру арқылы нақтылау; 

мониторингтің аталмыш түрі ақпарат-

тық  қауіпсіздікті  басқару  үдерісінің 

үздіксіздігін,  тұтастығын  және  ақпа-

раттың  қолжетімділігін    қамтамасыз 

етудің тиімді құралы болуға тиіс.

П

і

К

і

Р

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың көпшілікті қоғамдық талқыға шақыр­

ған үндеуінен кейін бұл мәселеге қатысты министрдің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасына 

өзінің ұсыныс, тілегін ұсынушылар көбейген. Солардың бір парасы мынадай:


№116/1 (2894/1) 

20 қазан 2016

9

zangazet@mail.ru



заң-тәпсір

Сарап


Әрине,  жұртшылықтың  түсінбеу­

шілігін тудырып жатқан баптар да бар. 

Мәселен, Еңбек кодексінің 

52­бабында  еңбек  шартын 

жұмыс берушінің бастамасы 

бойынша бұзу негіздері қөр­

сетілген. Нақты айтқанда, ең­

бек шарты «Жұмыс берушінің 

экономикалық  жай­күйінің 

нашарлауына әкеп соққан өн­

діріс, орындалатын жұмыстар 

мен  көрсетілетін  қызметтер 

көлемі төмендеген кезде» бұ­

зылуы  мүмкін.  Яғни,  өндіріс 

төмендесе, жұмыс беруші жұ­

мысшыларды қысқарта алады. 

Бұл, бір жағынан, дұрыс. Бірақ, 

мұндай  қиын  сәт  туындаған 

күннің өзінде заңда мәселе бой­

ынша жұмыс берушінің жұмыс­

шылармен  ақылдасуы  керектігі 

айтылған.

Ең  маңызды  жетістіктердің 

бірі – жаңа кодекстің 68­бабын­

да  «Жұмыс  уақытының  қалыпты 

ұзақтығы  аптасына  40  сағаттан 

аспауға  тиіс»  деп  көрсетілген. 

Егер де 40 сағаттан асатын болса, 

заңнаманың 108­бабын қолдануға 

болады.  Яғни,  «Үстеме  жұмысқа 

ақы төлеу», қосымша айлық төлеу, 

сонымен қатар, 77­бапта көрсетіл­

гендей, «Үстеме жұмыстарға тартуға жұ­

мыскердің жазбаша келісімімен ғана жол 

беріледі»  дегенді  азаматтар  қаперінде 

ұстағаны жөн.

Ал,  кәсіподақ  ұйымдары  елде  ең­

бекақы мөлшері әлі де аз екенін айтып 

отыр.  Дұрысында,  Еңбек  кодексі  де­

геніміз  –  еңбек  конституциясы.  Сон­

дықтан,  онда  екі  жақтың  да  құқығы 

бірдей болуы керек. Заңнамада жұмыс 

берушінің де, жұмысшының да, кәсіпо­

дақтың  да  мүддесі  ескерілуі  шарт. 

Қазіргі заң жүйесінде жұмыс берушінің 

құқығы  жоғары  тұрады.  Жұмыс  беру­

ші  мен  жұмысшының  арасында  да 

тепе­теңдік  ешқашан  болмайды.  Қай 

заңменен оны қалыптастырып биік қой­

сақ  та,  бәрібір  жұмыс  беруші  жұмыс­

шыдан  биік  тұрады.  Еңбекақыны  сол 

береді,  жәрдемақыны  жұмыс  беруші 

жасайды.  Сондықтан,  бұл  жерде  еш­

кімге жоғары құқық берудің керегі жоқ. 

Егер де жұмысшының жағдайы болмаса, 

ұжым қалай дамиды, экономика қалай 

көтеріледі?

Айта кету керек, жаңа кодексте ең­

бек  қатынастарын  ырықтандыру  қа­

растырылып,  ұжымдық­келісімдік  қа­

тынастарға  баса  көңіл  бөлініп  отыр. 

Өздеріңізге  белгілі,  бүгінде  жаһанда 

қалыптасқан  экономикалық  жағдай 

өте  күрделі.  2008  жылдан  басталған 

қаржылық қыспақ жаңа экономикалық, 

саяси үрдістерді қажет етіп отыр. Осы 

ретте Елбасының бастамасымен жүзеге 

асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдар­

ламасы,  индустрияландыру  картасы 

және «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт 

жоспары  елімізді  қаржылық,  экономи­

калық дағдарыстан алып шығуға бағыт­

талғанын айта кеткен жөн. Соның ішінде 

Ұлт  жоспарының  83­қадамы  бойынша 

еңбек  қатынастарын  ырықтандырудың 

мақсаты  кәсіпкерлікті,  еңбек  нарығын 

дамыту және инвестициялардың келуіне 

қолайлы жағдай жасаумен байланысты­

рылып  отыр.  Ал,  қолданыстағы  Еңбек 

кодексі мен енгізілген өзгерістер айыр­

машылығына  тоқталатын  болсақ,  ол 

жұмысшылардың  еңбек  жағдайларын 

өзгерту процедурасын жеңілдету, жұмыс 

берушінің бастамасымен еңбек шартта­

рын тоқтату негіздерінің ұлғаюы, жұмыс 

берушілерге кез келген категориядағы 

жұмысшыларға сынақ мерзімін белгілеу 

құқығын беру болып табылады.

Сол секілді заң жобасына сай, мүм­

кіндігі  шектеулі  тұлғаларды  жұмысқа 

қабылдау мәселелерін шешуде кешенді 

тәсіл және жұмыс берушінің өз бетімен 

(актілерді  қабылдау  арқылы)  немесе 

жұмысшылардың бастамасымен (ұжым­

дық шартта белгілеу арқылы) еңбекақы 

төлеуді нормалау, оның нысандары мен 

жүйелерін  белгілеу  мәселелерін  шешу 

жөніндегі  нормалар  көзделіп  отыр. 

Сондай­ақ, қоғамдық бақылау саласын 

да күшейту мәселелері көрініс тапқан, 

яғни,  кәсіподақ  ұсынған  өкілдерден 

тұратын  техникалық  инспекторлар  ин­

ститутын енгізе отырып, олардың құзы­

реті  кәсіпорындарда  паритетті  негізде 

құрылған қауіпсіздік және еңбекті қорғау 

кеңестерінде қарастырылатын болады. 

Жалпы, жаңа Еңбек кодексінің талқы­

лануына барлық кәсіподақтар қатысып, 

өздерінің  ұсыныстарын  беріп,  нәтиже­

Сауал – сізден, жауап – бізден

Байланыс

телефондары:

+7 713 251-04-13

+7 702 226 07 35

+7 771 187 47 31

+7 705 383 96 31

+7 707 892 55 14

sultan.ns@mail.ru

*

Оқырман 


сауалдарына заңгер

Серік ЖОЛДЫБАЙ

жауап береді.



айыппұл қалай қамаумен 

ауыстырылады?

Кейінгі жылдары қылмыстық және әкімшілік 

заңнамада ауыс-түйістің көбейіп кетуінен қан-

дай айыппұлдың қандай жағдайда салынатынын 

ажыратудан қалдық. Әйтеуір, екі заңдылықта да 

жасалған құқық бұзушылықтар үшін салынатын 

айыппұлдар өріп жүр. Оны уақытылы төлемесе, 

қамауға алады дейді. Сонда қамау уақыты айып-

пұл мөлшерімен үйлестіріле ме? Төлем қабілеті 

жоқтарға осы шара екі заңнамада да бірдей қолда-

ныла ма?

рүстем Қалмағамбет

(сауал электронды поштамен келген)   

Құқық бұзушыға қолданылатын жаза ретінде айыппұл 

салу Қылмыстық кодекстің 41-бабында, ал, Әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы кодекстің 44-бабында көздел-

ген. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыппұл – сол 

заңда көзделген шекте, қылмыстық әрекет жасалған 

кезде қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi 

бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара (иә, кәдімгі 

пара!) сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде 

тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу. Әкiмшiлiк айып-

пұл да сол заңда көзделген жағдайларда және шекте 

әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, осы туралы 

іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес бел-

гiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерi-

не сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу болып 

табылады. Соңғы жағдайда айыппұл мөлшерi ҚР қаржы 

заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргiзiлген 

операция  сомасының  пайызымен  көрсетiлсе  және 

мұндай операция шетел валютасымен жүргiзiлсе, ай-

ыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкiмшiлiк құқық 

бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде Ұлттық банк 

белгiлеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік 

және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар 

және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді. Қыл-

мыс үшін айыппұл салудан бастап, бостандығын шектеу, 

бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрін-

дегі жазалау қатері төнсе, қылмыстық теріс қылық деп 

қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген 

не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін 

айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға 

тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген іс-әрекет 

(әрекетсіздік) танылады (ҚК-нің 10-бабы).

Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін айлық 

есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі, 

қылмыстар үшін – бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде, 

ал, ҚК-нің 366 (пара алу), 367 (пара беру) және 368 (па-

рақорлыққа делдал болу)-баптарында көзделген қыл-

мыстар үшін осы баптардың санкциясында көзделген 

мөлшерде белгіленеді. Айыппұл мөлшерін жасалған 

қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын және сот-

талған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот 

айқындайды.

Ал, жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұлдың 

мөлшерін бес жүз, лауазым иесіне, жекеше нотари-

усқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын 

кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ, коммерциялық 

емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъ-

ектiлеріне – бір мың, ірi кәсiпкерлiк субъектiлеріне са-

лынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк 

көрсеткiштен асыруға болмайды. Алайда, заңда ар-

найы көрсетілген жағдайда айыппұл осы белгiленген 

мөлшерлерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде 

белгiленуi мүмкiн. ӘҚБтК-нiң 729-бабына сәйкес, жер-

гілікті атқарушы органдардың – аудандық маңызы бар 

қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округ-

тердiң әкiмдерi салатындарын қоспағанда, айыппұл 

заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет 

кiрiсiне өндiрiп алынады.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін тағайын-

далған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда заң-

ның тиісті баптарының ережелері ескеріле отырып, ол 

бір айлық есептiк көрсеткiш үшін қоғамдық жұмыстардың 

бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не 

төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін бір тәулікке қамаққа 

алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады.

Ал, қылмыстық теріс қылық емес, қылмыс жасаға-

ны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жал-

тарған жағдайда заңның тиісті баптарының ережелері 

ескеріле отырып, ол төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін 

бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас 

бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бұл ретте ҚК-

тің жоғарыда көрсетілген 366, 367 және 368-баптарында 

көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыппұл тиісті 

баптың санкциясы шегінде бас бостандығынан айыруға 

ауыстырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам салынған 

айыппұлды өтеуге шамасы келмеген немесе өтеуден 

жалтарған жағдайда оны әкімшілік жазаның балама 

түрлерімен ауыстыру мәселесі қолданылымдағы заң-

дылықта көзделмеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет