кеші μткізілді. Аудандыќ мєдениет ‰йінде μткен мерекелік
шылыќ колледж студенттері ќатысты.
жігерлі ±рпаќтардыњ орны бμлек. Аудан єкімініњ орынбасары
жастарды Отанымыздыњ патриоты болуѓа шаќырды. Сμз со-
паттады.
єзіл-тапќырлар клубы ойынымен жалѓасын тапты. Жастарѓа
арналѓан мереке би кешімен аяќталды. Аудандыќ "Жастар
маќ ниетте.
Назым СЕРІКОВА.
Жастар кеші
кμњілді
6
16 ақпан 2016 жыл
(Басы газеттің өткен сандарында)
Дүние
мүккамал
Ей, перзентім, өзіңді дүние-мал жи-
наудан жырақ ұстама. Әр уақытта да
адал мал жинау үшін әрекет істе. Мал,
дүние деп өз басыңды қауіп-қатерге сал-
мағын. Мал тапсаң, оны жақсы сақтай
біл. Әрбір арзымайтын іс үшін қаржы-
ны шаша берме, өйткені жинаудан, оны
сақтау қиын. Егер керек кезде зәру іске
жұмсасаң, оның орнын тез толтырып
қой. Егер жұмсағаныңның орнын тез
толтырмасаң, Харунның байлығындай
дүниең болса да, бір күнде жоқ болады.
Мал, дүние баяндап тұра береді деп ой-
лама, бір күні болмаса бір күні малың
жоқ болып қалса, оған таңданбағын да.
Егер дүниең көп болса, оны қадірлеп,
есеппен бір қалыпта іске жаратқын.
Қадіріне жетіп, есеппен жұмсалған аз
дүние көп дүниеден жақсы. Егер дүниең
аз болса, оны ұқыптылықпен сақтауды
қажет деп білгін.
Мал, дүние қанша құнды болса да,
жаныңнан артық емес. Сонымен еңбек
етіп жинаған малыңды орнымен жұм-
сағын. Дүниеңді сараңдардың қолына
тапсырма. Шарапқор маскүнемдер мен
құмарпаздарға сенбегін. Жұрттың бәрін
ұры деп ойламасаң, мал, дүниең ұрыдан
аман болады. Дүние жинауда қателікке
жол берме.
***
Әрбір табыс қолыңа түссе, оны бес
бөліп, екі бөлігін үй қаражатына жұмса.
Бір бөлігін қартайып, мүгедек болатын
уақытыңа ықтияттап сақтап қойғын, бұл
іске көз жұмушы болма, қарттық үшін
сақталған дүниеңді пайдаланушы болма.
***
Уәдесінен шығатын болмаса, біреуге
қарыз бермегін. Дос адамдарыңа қарыз
беріп, оны сұрап алудан-бермегенің
жақсы. Егер қарыз берсең, қарызыңды
өз малым деп есептемегін, досыма бер-
генім деп ойлағын. Өзі әкеліп берген-
ше одан қарызыңды сұрама. Өйткені
қарызыңды сұрасаң, достығыңа нұқсан
келтіреді.
«Аманат»
Егер бай болсаң да, жомарт, шыншыл
болсаң да, өзіңді қайыршылар қатарын-
да деп есептеп, қарапайым болғын. Өйт-
кені жаман, кесапат, жалғаншы деген
атақтың түп қазығы жарлы болу екенін
білгін. Аманатқа қиянат жасама. Ама-
нат, мысалы, бір қолдағы жасанды алтын
сияқты. Егер де әрдайым шыншыл бол-
саң, шынайы өмір сүресің. Дүниедегі ең
қымбат байлық – шыншылдықты әдетке
айналдырған адамдардың үлесіне тиеді.
Біреуден алданба, алдауға әрекеттенбе.
Үй, жер,
үйлену
Өз көшеңдегі, ауылыңдағы адамдар-
мен тату-тәтті бол, ауырып қалса көңілін
сұрап, хал-жағдайымен хабарласып тұр,
азалы болса көңіл айт, қазасына қайғы-
рып, жәрдеміңді аяма.
Көршінің қуанышына сен де қуанғын.
Мүмкіндігі болса тәуір ас, киім-кешек
сияқты сый-сыяпат беріп, қуанышына
ортақ бол. Сол көшедегі ең құрметті
кісілердің бірі бол. Ауылдастарыңның
жас балаларын көрсең, бетінен сүйіп,
бауырыңа бас. Ауылыңдағы қарттармен
сәлемдесіп, олардың құрметіне лайықты
бол. Егер біреу жақсылық немесе жаман-
дық көрсе, өз пейіл-мінезінен табады,
демек, өзіңе лайықсыз іс істеме, жарам-
сыз сөз айтпа. Өйткені кімде-кім жаман
сөз айтса, жаман іс қылса, сол жағдай
өзінің басына қайтады.
***
Ескендір Зұлқарнайынға: «не үшін
Дараның қызына үйленбейсің? Дәулетті
де сәулетті, сұлу да емес пе?» – депті.
Сонда Ескендір Зұлқарнайын: «Олай ету
– мен үшін ұлы айып іс. Біз дүние жүзі-
не мәлім кісі болып, дәулетті, сұлу деп
бір қатынға тәуелді болуымыз ер жігітке
лайықты емес».
Ей, ұлым есіңде болсын, алған әйелің
балиғатқа жеткен болсын. Үй ішіңе және
көршілеріңе, дос-жарандарға қадірлі
болсын. Бойжетпеген өте жас қыз алма.
Өйткені, ер кісі әйелді отау құрып, оның
рахатын көру үшін алады, тек бетіне қа-
рап отыру үшін алмайды.
***
Ей, перзентім, егер сен перзент көр-
сең, оған жақсы ат қойғын. Ол нәресте
алдындағы атаның бірінші қарызы бо-
лады. Ендігі біреу –перзентіңді ақылды,
мейірімді тәрбиешіге тапсыру. Тәрбиеші
оны сан түрлі кәсіпке баулып, үйретсін.
***
Әйелді жат елден ал, өйткені өз қа-
рындастарың онсыз да саған ет пен сүй-
ек, қан мен тамырдай жақын. Басқа ру,
тайпадан әйел алсаң, бірің екеу болады.
Жат жұртты өзіңе жақын қыласың.
Дос және
достық
Ей, перзентім, хатшылықтың ендігі
бір шарты әрдайым падишаның маңай-
ында бола білу. Әрбір істі есте сақтағын,
әрбір істі өз тезіңнен өткізіп, тексеріп
көр. Әрбір өлкенің әл жағдайынан хаба-
рың болсын. Барлық қызметкерлердің
мінез-құлқын білгін, әрбір істі тексеріп
көр, оның пайдасы саған табанда көрін-
бегенімен, соңыра қажеті болады. Бірақ
білгендеріңді біреуге айтушы болма. Тек
қажет болған жағдайда ғана айтуыңа
болады. Уәзірдің ісін ашықтан ашық
тексермегін, бірақ барлық істен хабар-
дар болғанның артығы жоқ. Бір минут
жұмыссыз отырушы болма. Падишаның
сырын айтушы болма. Оның әрбір ісінен
хабарың болсын.
***
Адамның доссыз болғанынан
туысқансыз болғаны жақсы. Бір да-
нышпаннан: дос жақсы ма, туыс жақсы
ма? деп сұрағанда, дос жақсы деп жауап
берген екен.
Сондықтан достарыңның ісі туралы
ойлағын, оларға сый-сыяпат жіберіп,
қолыңнан келген жақсылығыңды істе.
Өйткені әрбір кісі достарын есіне ал-
маса, достары да оны есінен шығарады.
Ақырында ол адам доссыз қалады.
Сыйлай білмейтін, қадіріңе жетпей-
тін жандармен достаспа. Ондайлардың
қасиеті болмайды. Жақсы мен жаман
адамды білгін, екеуіне де достығыңды
аяма, жақсыға жан діліңмен достық
жаса, нәтижеде екеуі де саған достықпен
қарайды.
Достықты молшылықта, сырласуға
тұз-дәмдестік пен қиыншылықта, пай-
да мен зиянда сынап көр. Досың сенің
жауыңмен жау болмаса, оны дос деме-
гін, жай бір танысым дей сал. Досыңа
дос кезінде бір нәрсе де үйретпе. Өйт-
кені уақыты келіп досың саған дұшпан
бола қалса, үйреткенің өзіңе зиян болар,
өкінішке тап боласың.
Кедей болсаң, дәулеттімен дос
болма.
Дұшпаннан
құтылу
Ескендір Зұлхарнайын дүниені шар-
лап жер шарының көптеген мемлекет-
терін өзіне бағындырады, ақыры өз
еліне қайтып бара жатқанда Домған өл-
кесінде ажалы жетіп өлді. Өлер алдында
айтқан ақтық өсиетінде: «мені табытқа
салып, оның бір жағын тесіп қолымды
шығарып, алақанымды ашық күйінде
қойындар да, сонан кейін табытты кө-
теріңдер. Жалпы жиналған жұрт көр-
сін. Бүкіл дүниені билесем де, дүниеден
қолым бос кетіп бара жатыр. Жинадық,
тердік, тастап кеттік, сорымыз құрысын!
Иелендік, әурелендік, бірақ қолда еш
нәрсені де ұстап тұра алмадық. Менің
анама сәлем айтыңдар, егер ол менің
рухымды құрметтеп қуаттандырғысы
келсе, өлмейтін жақындарымен немесе
мәңгі өлмейтін кісіні іздеп тауып алып,
сонымен бірге мені жоқтап жыласын»,
– депті. Демек, ей, перзентім, я достық
болсын, я дұшпандық болсын бәрі де
орта дәрежелік қалыптан аспасын. Өйт-
кені орта дәреженің өзі ақылдың бір қа-
лыпты өлшемі деуге болады.
(Жалғасы бар)
НӨМІРДЕН – НӨМІРГЕ
қабуснама
«Маржан
жырдың
майталманы»
Мұқағали...Ақындардың ішіндегі ең
дарасы. Ол туған халқының өзіне деген
өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы
перзенті. Жаратушы оны тумысынан бөлек
жаратқан, дарынымен дараланған ақиық
ақын. Мұқағали ақынның балалығы әуелде
мұңсыз басталған. Өзінің бір өлеңінде:
...Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырыңда жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға бір, – деп
ауылын сағына еске алады. Бір топ жер-
лестерімен әкесі майданға аттанғанда ол
небәрі он жаста болатын. Алаңсыз күлкісін
соғыс ұрлаған өзге де құрбы-құрдастары
секілді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін
ерте татады. 45 жас қана өмір сүрсе де ар-
тына мол мұра қалдырған ақиық ақынды
биыл да аудан, ауыл оқырмандары сағына
еске алды.
9 ақпан күні Үрпек ауылдық округінде
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл
толуына орай ауыл және мектеп кітапха-
нашыларының ұйымдастыруымен әдеби
сазды кеш өтті. Бұл кештің мақсаты – оқыр-
мандарды ақын өлеңдері арқылы елі мен
жерін, табиғатын қастерлей білуге үйре-
ту. Жетпісбаева Жұмагүлсім ақын жайлы
естелік айтып, кешті бастап, «Арыз жазып
кетейін» әнімен Балахмет Заманбек кеш
шымылдығын ашты. Ауыл кітапханашы-
сы Нұржанова Майраш 3 бөлімнен тұра-
тын кітап көрмесін жасап, оқырмандарға
таныстырды. 1 бөлімде ақынның өмірі жай-
ында, 2 бөлімде ақын жайлы естеліктер, 3
бөлімде ақындыққа талапкер оқушылар
шығармашылығы жайында айтылды. Қа-
зақ тілі пәні мұғалімі Таласова Самал ар-
найы слайд жасап, өз сыныбының оқушы-
ларын кешке қатыстырып, ақын өлеңдерін
жатқа оқуына өз көмегін берді. Бұл кеште
ақын өлеңдерін жатқа, нақышына келтіре
орындаған оқушылар өте көп болды. Олар
Хайролла Талшын, Жансая Қуанышова,
Бекзат Қылышбаев, Бифатима Ерланқызы,
Аяулым Ақмырза, Сақан Айгерім, Дами-
ра Сейткамал, Нұрмұхан Ералхан, Сақан
Сұлушаш. Ақын әндерін домбырамен
нақышына келтіре орындаған оқушылар,
Серікболсын Балахмет, Құсайын Ақтұр-
сын, Жанерке Сәрсенғали, Сығаева Салта-
нат, Әлібекова Қарлығаш. «Жүрек арызы»
өлеңін орындаған Нұрислам мен Нұртөре
көпшілік көңілінен шыға білді. Хайролла
Талшын орындаған «Аққулар ұйықтаған-
да» поэмасы отырғандардың көзіне жас кел-
тірді. Кеш соңында 10 сынып оқушысы Кар-
бозов Қолғанат ақынға өз арнауын оқыды
және қыздар тобының әншілері орындаған
«Есіңе мені алғайсың» әні көрермендерге
ақынды еске салғандай әсер қалдырды. Осы
кештің өтуіне Жетпісбаева Жұмагүлсім, Та-
ласова Самал, Сарина Ақтоты, Жұмабеков
Серік ағайлардың ықпалы зор болды.
Ақын жайында бір бет қағаз мақала
жазып, бір сағатты кеш өткізу аздық етеді,
айтып тауысу мүмкін емес, қалың оқырман
Мұқағалиды әуел бастан-ақ мойындаған,
ақын мәңгілік мұрасының қасиетін сезін-
діріп дүниеден өткен. Кейінгі оқырман
қауым ға оның өлеңдерімен сусындап, там-
сана тамашалау ғана бұйырған.
Майраш НҰРЖАНОВА,
Үрпек ауылдық округінің
кітапханашысы.
Аманкелді ауданы.
Кейде ата-анасы бар адамдарға қарап
қызы ғамын, қызғанамын. Есейіп кетсең де
ата- анаға еркелеп, арқа сүйеп жүргенге не
жетсін! Мен әке-шешемнен ерте айырылдым.
Он төрт жасқа толғанымда әкем жол апатынан
қайтыс болды. Ал анам ота жасатып, енді оңа-
лып келе жатқанында аурухана төсегінде көз
жұмды. «Болған іске болаттай берік бол» де-
мей ме. Басқа түскен соң көнесің. Көнбегенде
не шара?! Арада ұзақ уақыт өтсе де ата-анама
деген сағыныш оты маздап, ұлғая түскендей.
Жастары елуден асса да ата-анасымен қатар
жүрген жандарды көргенде терең ойға бата-
мын. Сондай сәттері мендегі мәңгілік сағы-
ныш үдей түседі.
Халқымыз «Орнында бар оңалар» деген.
Алдымдағы аға-апаларым Жұмабек, Манаш,
Айжандар ата-анамның жоқтығын білдірмеуге
тырысты. Өмірдің бұралаң жолында арқамнан
қағып, сүйеу болған бір жан болса, ол – асыл
ағам Назымбек. Бауырларымның ішінде На-
зымбектің орны бір бөлек. Мен оны кішкентай
күнімнен «қорғаушы періштем» деп атаймын.
Қайда жүрсем де қасымнан табылып, ақыл-
кеңесін айтудан жалыққан емес. Сырлас дос,
жанашыр аға, ақылшы әке бола білген азамат
әрқашан бауырларының қамын ойлайтын. Ар-
дақты ағам бүгінде алпыс жасқа келіп қалып-
ты. Соңынан ерген балалары да ержетіп, өз
алдарына үй болды. Ұлдарынан немере сүйіп
отыр. Ұзағынан сүйіндірсін!
Қуанышым мен ренішімді Назымбекке
бүкпесіз жайып саламын. Одан ақыл-кеңес
сұраудан жалыққан емеспін. Көңілсіз жүрген
қалпымды көрсе «танауың төмен түсіп кетіпті
ғой, не болды?» деп сұрап алады. Ақылын ай-
тып, оң-терісін бағалап, дұрыс жолға сілтеп
отырады. Алпыс жасқа енді келсе де сөйлеген
сөзі, даналығы сексендегі қариядай. Назым-
бек пен Жұмабек сияқты байыпты, ақылды
ағаларыммен мақтанамын!
Марқұм әкеміз Ғалым Қоқышов еліне сый-
лы болған азамат еді. Әке-шешеден балаға қа-
латын мұра – оның жақсы аты, өнегелі игі ісі.
Осы күнге дейін үлкен кісілер әкеміздің атын
естісе «Қақаңның баласысың ба, шіркін жақсы
кісі еді» деп ерекше құрметпен еске алатын.
Көзкөргендердің мұндай әңгімесі балалары
үшін үлкен мәртебе. «Әке көрген оқ жонар,
шеше көрген тон пішер» деген халық мақалы
бар. Әке-шешеміздің бойындағы бар жақсы
қасиет Назымбекке дарыса керек. «Назекең
ер-азамат қой» деп, оның жақсы істерін ма-
дақтап, ақ батасын беріп жатқан үлкен кісілер
де жетіп артылады.
Мектеп бітірген жылы мені жетектеп
жүріп оқуға түсірген де Назымбек болатын.
Ауылдан әрі асып көрмеген адамға қала де-
ген алып шаһардың жұмбағы көп. Бейтаныс
ортаға бейімделіп, институтқа құжат тапсы-
руыма көмек берді. Емтихан тапсырар сәтте
қасымда болып, қолдап-қолпаштап отырды.
Бала күнімнен еркелетіп өсірді. Осындай
қамқоршы жанның арқасында әке-шешенің
жоқтығы аса байқалған жоқ.
Мен және менің замандастарымның сту-
денттік шағы таршылық кезеңмен тұспа-тұс
келді. Жатақханада тұрғанымда төсек-орын,
бөлмеге қажетті жабдықтарды ағам өз мойнына
алатын. Кем дегенде аптасына екі рет келіп,
керек-жарақтың бәрін алып беретін. Күзде
студенттер ауылшаруашылық жұмыстарына
жіберіледі. Облыстың аудандарында бір-екі
апта болып, жұмыс істейміз. Сондай кездері
киім-кешек, тамағын арқалап артымнан ағам
іздеп келеді. Аш құрсақ жүретін студенттер
менің ағамды қуана қарсы алады. Бәріміз жина-
ла қалып оның алып келген базарлығын бөліске
саламыз. Курстастарымның бәрі менің ағама
таңғалатын. Ал мен шат-шадыман күй кешіп,
ағамды мақтан тұтып жүремін. Бірге оқыған
құрбыларымды туған қарындасындай сыйлады.
Қатарластарым осы күнге дейін ағамның аман-
дығын сұрап, сәлем жолдап жатады.
Қыз – жат жұрттық. Тұрмысқа шығып, үй-
ден кетіп бара жатқанымда қатал мінезді аға-
тайымның мені құшақтап бала сияқты өкіріп
жылағаны әлі есімде. Кенжесін құтты жерге
қондырамын деп арманда кеткен анамызды
есіне алып жылаған болар.
Біз бес ағайындымыз. Екі апам, екі ағам
және мен. Бәріміз тонның ішкі бауындай
тату-тәтті болып өстік. Арамыздағы сыйлас-
тық әлі күнге жалғасып келеді. Бес саусақтай
болған біздің әрқайсымыздың өзіндік ерек-
шеліктеріміз бар. Бес жұлдыздың ішінде На-
зымбек ерекше нұрланып, жарқырап жүреді.
Оның бойына өнер де, білім де дарыған. Із-
денімпаз жан Алматыдағы С.М.Киров атын-
дағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң
факультетін тәмамдап көп жылдар тергеу са-
ласында жемісті еңбек етті. Талай ауыр қыл-
мыстарды ашып, елімізде құқықтық қоғам
орнатуға атсалысты. Ол жайында журналист
Сәлім Меңдібаев ағамыздың жазған мақала-
сында баяндалған.
Жігітке жетпіс өнер артық етпейді. На-
зымбектің көпшілікке беймәлім бір қыры
бар. Оның заңгерліктен басқа жазушылық
қарым-қабілеті ашылып, мақала, әңгімелер
жазып жүр. Соңғы жылдары облыстық «Қос-
танай таңы» газетіне бірнеше жазбалары ба-
сылды. Жуырда «Ғұмыр-белес» атты кітабы
жарық көрді. Ақжарқын, бауырмал мінезімен
достарының, туған-туыстарының арасында
сыйлы азамат өнерден де құр алақан емес.
Домбыра тартып, ән айтып, отырған орта-
сын думанға айналдырып жібереді. Қария-
лармен әңгімесі жарасып, құрдастары және
жеңгелерімен қалжыңдасып әзілдесе кетеді.
Жастарды да жатырқамай өзіне жақын тарта-
ды. Кез келген ортада өзін еркін сезінуі оның
ашық мінезі мен ақкөңілділігінен болса керек.
Құдаларын құдайындай сыйлайды.
Кеңпейіл мінезіне олар да риза. Назымбек
маған ағадан да артық, мен оны әкем деймін.
Өйткені оның маған жасаған жақсылығын аға
тұрмақ, кез-келген әке жасай алмайды. Қа-
наттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай
өсірген жанға деген ризашылығымды сөзбен
айтып жеткізу сондай қиын. Мен ағамның ал-
дында қарыздармын. Оның бір кәдесіне жарай
қалсам мәз боламын. Шаруасының бір шетіне
септігім тисе өзіме-өзім ризамын. Шынымды
айтсам, Назымбекті иемденіп алғаным сон-
дай, кейде өзінің балаларынан қызғанамын.
Мен кішкентай кезімнен Назымбекке
жақын болдым. Жазды күндері мені екі аяқты
велосипедтің алдына отырғызып алып бірге
серуендейтінбіз. Мені еркелеткені соншалық
айтқанымды екі еткен емес. Ол бір жаққа
кетсе қашан келгенінше жолына қарап күтіп
жүретінмін. Дәрігерлер егуге келгенде үйде-
гілерге бой бермей, Назымбектің айтқанына
ғана көнетінмін. Оның сөзіне құлақ аспасам
маған ренжіп Алматысына кетіп қалады деп
қорқатынмын. Күні бүгінге дейін оны екі күн-
де бір көрмесем сағынамын. Амандығын біліп,
ата-анамызды, балалық шақтың қызықты сәт-
терін еске алып бір марқайып қаламыз. Ап-
тасына кем дегенде екі-үш рет үйіне немесе
кеңсесіне барып, жағдайын сұрамасам ішкен
асым бойыма сіңбейді.
Бірде оның кеңсесінде екеуара әңгіме-дү-
кен құрып, үй-іші, бала-шағаның амандығын
сұрасып отырып, жаңадан алған көлігін көр-
сетпек болды. Екеуміз далаға шығып барамыз.
Әдеттегідей ол жол бастап алдыға шықты, мен
соңынан еріп келемін. Есіне бірнәрсе түскен-
дей кілт тоқтаған қалпы артына қарап «кіш-
кентай кезіңде велосипедке мінгізем десем
қуанып дәл осылай соңымнан томпаңдап еріп
жүруші едің, әлі еріп келесің» деді. Екеуміз
мәз болып бір күліп алдық.
Кейде ол маған «соңымнан ерген екі інім
бар, үлкені – Жұмабек, кішісі – Майра» деп
әзілдейді. Иә, біз асқар таудай ағамыздың
соңынан әлі күнге еріп келеміз. Алла аман-
дығын берсе ере береміз. Артыңдағы бауыр-
ларыңа бағыт-бағдар беріп, Дина жеңгеміз-
бен бақытты болып алдымызда жүре берші,
ағатай! Алдыңда ағаң болған қандай жақсы,
деген осы шығар.
Майра ҒАЛЫМҚЫЗЫ.
7
16 ақпан 2016 жыл
Назымбек курстас досыма
Жастық- ай, талай адам жаным деді-ау,
Байқайын, қате айтылса, әзіл де жау.
КазГУ-ге түскендей ек кеше ғана,
Алпысқа кеп қалдың ба, Назымбек-ау?!
Құрдаспыз, бұра сөйлеу неге қалсын,
Өкініп өткенді еске енді аларсың?!
Емессің полковник сен мен үшін,
Қашанда сен мен үшін генералсың!
Атақты Жазы бидің тұқымы едің,
Би болдың сен де кеше дүркіредің.
Жарқырап найзағайдай жарық шашып,
Жауынды күндей кейде күркіредің.
Елеулі күніміз көп еске алатын,
Сен емес бұл өмірде кеш қалатын!
Динаң бар жарқыратар жанарыңды,
Қасында келеді өсіп бес қанатың.
Жасыңнан талантты едің, талапты едің,
Халқыңның өсуін тек қалап келдің!
Тыныштық күзеті бұл оңай емес,
Өзгеріп кетті қазір характерің.
Бұрышқа, ұқсайды өмір жүзімге де,
Алпыс жас келіп қалған күзім деме!
Күлейік дәл бүгінгі тойдағыдай,
Жүрейік қалжыңдасып жүзіңде де!
Тілеген АХМЕТОВ,
Қостанай мемлекеттік педагоги
-
калық институтының проректоры,
профессор.
Құнды сөз құнарлы ойдан туатыны
анық. Өнерлі де өрелі, текті де абзал
азамат қана игеретін ерекше қабілет.
Оқырмандарын ойлантып жігерін жани-
тын, намысын қайрайтын, өжет, өрелі
шығармалар жазып жүрген, қос отызын
алқымдаған Назымбек бауырыма.
Толып, тулап жырым менің тасыды,
Жыр-шумақта – бауырымның асылы.
Барлық туыс қадір тұтқан азамат –
Алшы түскен Алдиярдың асығы.
Терең дарын, өмір нәрі – қос ұғым,
Уызына жарып өскен осы ұлың.
Мақсат-талап үдесінен шыққан ол,
Қабілет пен қасиетке қосып үн.
Бұлақ көзі ой-теңізге айналып,
Пары болмас парасаты байқалып,
Озсаң – күймей, тозсаң – сүймей тұрады ол,
Түпсіз терең кемеңгерлік ой салып.
Тым ерекше болмысы мен бітімі,
Дархандық деп соғар жүрек лүпілі.
Сарқылмайтын жігері бар, төзім бар
Тәнті болар танысыңның бүкілі.
Рухани байлық – құтың жиылған,
Қабілетің қол бұлғатқан қиырдан!
Мәнді лебіз, ойлы сөзді сабақтау
Табиғаты мінсіздерге бұйырған.
Биік өре – тектіліктің кепілі,
Өзің едің текті рудың өкілі.
Алға басқан ізгіліктің ізімен
Өр замандас, мықты бауыр, от іні.
Таудай болып көрінесің сен әман,
Ақиықсың – сенімдімін мен оған.
«Алпыс – тал түс» демеп пе еді бір кезде
Алып абыз, асалы қарт – Шер-ағаң!
Сондықтан да шуақты күн көп болсын,
Ұрпағыңның маңдайына бақ қонсын!
Дина екеуің құтын көріп өмірдің,
Алға басар әрбір қадам ақ болсын!
Дос, туыстың қадірлісі бол, інім,
Оқшау бөлек ортамызда орының.
Зая қалмас адал жүрген «Алла» деп –
Сыйлай бергін көркем сөздің көрігін!
Достарыңызбен бөлісу: