болатын, біздерді ең қадірлі қонақтарындай қошеметпен қарсы алып,
дәмхананың төріндегі орындарға жайғастыратын, ал даяшылардың
бізді – мәртебелі қонақтарды қалай күтетіні айтпаса да түсінікті...
кейін тағдыр бізді жақын тоғыстырып, екі мәрте құда
боларымыз ол күндері менің ойыма да келмеген. естен кетпес,
әдемі сол бір кештерде біздер ол кісіге шын көңілімізбен риза едік.
оңласбек қулакеев
құдасы, Шолпан мен Айманның әкесі
147
Жұмысбастылығына қарамастан біздің әрқайсымыздың көңілімізге
қарап, мәрттік көрсеткені Жәкеңнің жомарт пейілдің адамы екенін
ұқтырғандай.
сол кезеңдегі кейбір басшыларға тән өркөкіректік, менменсіген
тәкаппарлық Жәкеңде жоқ еді ғой, қазір ондайлардан аяқ алып жүре
алмайтын күйге жеттік.
қазақтың үйлену, қыз-ұзату тойларында: «күйеу жүз жылдық,
құда мың жылдық» деген киелі сөздер көп айтылады. қызымыз
Шолпанды Жәкеңнің шаңырағына ұзатқанда, әрине әке-шеше болған
соң, баламыз қандай босағаны аттайды, көңіліне кірбің түспесе екен
деген ой толғандырғаны рас. құда-құдағимен аралас-құралас өзара
қарым-қатынасымыз қалай өрбиді, әңгіме өзегі не болар екен деген
сауалдардың көңіл түкпірінде болғаны рас. қайткенменде Жәкең
екеуміздің жас айырмашылығымыз бір мүшелдей әжептәуір еді. сол
күндері әкеммен арадағы әңгімені жиі есіме алдым. мен оқуымды
бітірген соң, хирургия кафедрасында тәжірибеден өтуіме ұсыныс
жасалды, кейін аспирантураға түсуіме мүмкіншілік бар еді, бұл
ойыма әкем бірден қарсы болды. Әкем ойын бүкпесіз ашық айтты,
қарағандыда ұзақ уақытқа қаласың, сол жердің қызына үйленесің,
ол болашақ құда-құдағимен танысып-білісіп, тонның ішкі бауындай
араласуға жер шалғай, қарағанды мен Шымкенттің арасы біраз жер...
Жасы жер таянған әкем, келіннің өзіміздің туып-өскен аймақтан
болғанын қалады, тұрмыс-тірлігі, жөн-жоралғысы ұқсас, әрі болашақ
құдасымен жақын танысып-білісуге де мүмкіндік мол. Әкем мұндай
құдалықты – құдай қосқан, мың жылдық құдалық деп риза көңілмен
айтып отыратын. Әкемнің қалауын орындадым, дер кезінде ақыл-
кеңесін берген әкенің тілегі бүгінде мені желеп-жебеп жүргендей.
көпті көрген Жақия бұхарбайұлы біздің сыйластығымызға,
құдалық
қарым-қатынасымызға
жас
айырмашылығымызды
білдіртпеуге барын салушы еді. Жасы үлкен Жәкең маған үнемі қолдау
көрсетіп жүрді, өзі бірінші болып қоңырау шалатын, жұмысымды
сұрап-біліп, кейбір шешуі күрделі мәселелерге ақыл-кеңесін
айтатын. бізді үнемі қонаққа шақырып, тіпті демалыс күндерінде
жақсылап тынығуымызға жағдай жасайтын. Әсіресе, докторлық
148
диссертациямды дайындап-қорғау кезінде Жәкең мені рухани желеп-
жебеп қана қойған жоқ, қаржылай да көмек көрсетті. ғылымдағы
менің жетістіктеріме туған-туыс, дос-жаранның бәрінен де Жәкең
шын ниетімен қуанған еді. ол кісінің пейіліне, жанашырлығына
менде адал көңіліммен жақсы көріп, құрмет тұттым.
Жақия құда мен әкемнің тағдыры, өмір жолы бір-біріне қатты
ұқсайтын. екеуі де әке-шешеден тым ерте айрылып, тұлдыр жетім
болып өсті, бала күндерінен жетімдіктің кермек дәмін татты, жұмысқа
да ерте араласты. қатардан қалмай өмір сүруге деген құштарлық
оларды оянбай тер төгіп еңбек етуге үйретті, өз тірліктерімен оқыды,
отау тікті, балалы-шағалы болды, еңбегімен елге сыйлы азамат
атанды.
Уақыт өте келе, Жәкең мен изада құдағиды жақын танып-
біліскеннен кейін, біздер бірге туғандардай болып кеттік. осындай
инабатты, парасатты жандармен құдандалы болғанымызға өзімізді
бақытты санадық.
Жәкеңнің алға қойған мақсатына жетудегі талап-жігері,
көпшілікпен емін-еркін араласа білуі мені қайран қалдырып қана
қойғай жоқ, мен ол кісіден көп нәрсені үйренген едім.
ұлым Заңғар үйленгенде, құдам асқардың жасы Жәкеңнен де
үлкен болып шықты.
асқар құдама ағыммен жарылып, Жәкеңнің өмір мектебінен
өткенімді, балаларымыздың бақытты болуы үшін біздердің
жарасымды сыйластықпен араласуымызға жасымыздың кедергі
болмайтынын айттым. бүгінгі күні де Жақия сәрсеновтен жайсаң
азаматтан үйреніп-білгенімді жолсерік етіп келемін.
балалық шақтан жетімдік көріп, басынан небір
қиыншылықтарды өткерсе де Жәкең өзінің кісілігімен, ақ жарқын
мінезімен тек біздерді ғана емес, дос-жарандарымыз бен туған-
туыстарымызды да тәнті қылды.
қызым айжан тұрмысқа шыққанда Жәкеңнің азаматтығына
тағы да көзіміз жеткен еді. айжанның болашақ жары мұхамәлінің
ата-анасы ташкентте тұрды. құдамыз қонаққа шақырғанда жолға
жиналғандарды бастап баруды Жәкеңе ұсындым. бұл жолы да Жәкең
149
өзінің бай жандүниесімен, сырт келбетінің ерекшелігімен ташкенттің
қазақтарын да өзіне баурап алды. Жиналғандардың бәрі Жәкеңнің әр
сөзін қалт жібермей, үнсіз ғана тыңдаған.
кейінірек үш құда жиналып, қазақ үшін ең қасиетті ордабасына
шықтық. абылайханның үш жүздің басын қосып, Жоңғарды тас-
талқан етіп жеңетін жерде сәтін салып үш жүзден шыққан үш құда
бас қостық. ойланып-толғанып жатпай-ақ қарсыбай құда екеуміз
ойын-шыны аралас ойымызбен Жәкеңді ақкиізге көтеріп, хан тағына
отырғызу дәстүрін жасадық. көп жылдардан бергі құда-жекжат
болып араласуымыз біздің Жәкең туралы ізгі ниетіміздің бір жерден
шығуына себепкер болған еді.
Жақия бұхарбайұлының тағы бір керемет қасиеті – оның әдемі
әзілін айтпау мүмкін емес, ол өз алдына бөлек әңгіме.
бірде Жәкең екеуміз жұбайларымызды, яғни екі құдағиды
демалып қайтуға алматыға жібердік. олар жол жүріп кеткен соң,
Жәкең екеуміз дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, арқа жаздық.
бұл отырысымыз өзімізге ұнап, осылай бір-екі аптаны өткізетін
болып келістік. алайда изада құдағи аяқ астынан қайтып келетін
болды. сөйтсек, Жәкең менің жұбайыма: «не болды сонша асығып,
медеуді, театрларды тамашалаңдар», – десе, изадаға: «тезірек
қайтшы, сағындым», – деп асықтырады екен. онысын құдағиына
сездірмейді, яғни менің жұбайымның қаперіне де кірмейді, ал изада
құдағи қайтып келмекші болғанда, балаша қуанды.
Жәкең осындай ғажап адам еді...
150
Жан еді оЛ – ЖақсыЛықтан
тартынбаған
Жақаңның табиғатына берген бір қасиеті оның адамгершілігі
мен әділеттілігі. Жастардың жолын ашып қол ұшын беруді, қамқорлық
жасауды өз парызы санайтындығы еді. бұндай қасиеттер рухани
байлығы мен кісілігі жоғары, адамгершілігі салиқалы тұлғада, үлкен
жүрек иесінде ғана болады.
туған жердің қадірін сыртта жүрген ер біледі дегендей,
Жақаңның елім деп соққан жүрегінің дүрсілін есітіп, оның еміренген
сәттерінің куәгері болған кезім болып еді. соны баяндап бергім келеді.
1995 жылдың жазы болатын. Жақаң мен құдағиымыз изекең
балаларымен елдеріне барып, әруақтарға құран бағыштап қайтпақшы
болды. құдандалы болғанымызға жарты жылдан біраз ғана асқан.
гүлшат қулакеева
құдағи, Айман мен Шолпанның анасы
151
оңласбек екеумізге бірге жүріңдер, менің елімді көріп қайтасыңдар,
– деді. Жұмыс жағдайымен ерім жолға шыға алмады да, мен баратын
болдым.
ел-жұртына деген сый-сияпатын, азық-түлік тиелген үш
машинамен “алла жолымызды берсін” деп, жолға шықтық.
алдымызда екі мың шақырым жол. Әңгімемен жол қысқартып, арал
қаласына жеттік. сол жерде құдағиым изаданың ата-бабаларына атап
мал сойылып, сондағы ел-жұртты жиып ас берілді. танитыны бар,
танымайтыны бар сый-сияпатқа ризашылықтарын білдіріп, өскен
елді ұмытпаған азаматқа “өркенің өссін” деп баталарын беріп жатты.
халықтың әл-ауқаты нашарлаған кезде Жақаңның бұл істегенін олар
ерлікке балады.
сонымен бір түн қонып тағы жолға шықтық. алған бетіміз
ақтөбе облысының “қарабұтақ” ауылы. алдымыз ми дала, ешқандай
ел көрінбейді. Шымкент облысында туып-өскен маған бұл біртүрлі
көрінген болса, Жақаңның жаны керісінше рақаттанып келеді. келбеті
нұр-нұр жайнап, демін терең алып қояды. оқтын-оқтын машинаны
тоқтатып, жерді аяғымен басып көреді. бізге: “қараңдаршы анау
селеу шөпті”деп көрсетеді. расында да мұндай теңіздей толқыған,
беліңнен келетін шөпті көргенім осы болатын. айна-қатесіз теңіз
толқындары бір-біріне ілесіп кете барады. сол толқынға қарап
тұрған Жақаңның көзінен жас көрдім. мұңды жас! сол кезде бұл
сапардың Жақаң үшін туған жерінде соңғы боларын біз білмеппіз. ия,
мұңаймағанда қайтсін!? бір жаста әкесінен, екі жасында шешесінен
қалған Жақаңның есіне жалаңаяқ балалық шағы түсті ме, тағдырлары
белгісіз болып кеткен бауырлары түсті ме, әйтеуір, Жақаңның жүзінде
толғаныс. балапан кезінде балалар үйінде өскен, сұрапыл соғыстың
кезінде қарны тойып ас ішпеген, қасірет пен қайғыны көп көрген
Жақаңның жүрегінің қатайып кетпей, сезімшіл пәктікті сақтағанына
таң қаласың.
ал жүзінің нұрланғанын көргенде, кіндік қаны тамған жердің
көрінісіне қуанып, өзінің жеткен жетістігін еске алып, бала-шағасының
бақытына қуанып, нұрланады екен-ау дейсің. сөйтіп, бір қуанып, бір
мұңайып қарабұтақ еліне де жеттік. алдымен Жақаң ел басшыларына
152
кіріп сәлем беріп, келген шаруасын айтып шықты. басшылар елді
жинап құдайыға алып барамыз деп уәде етті. құдайыны кесенесінің
басына барып өткіздік. кесенені он жылдай бұрын барып, жергілікті
тұрғындардың көрсетуімен орын белгілеп тұрғызған екен. Жақсы
сақталыпты. Шағын ауыл екен, бәрі түгел келді. Шалқыған селеу
шөптің ортасына киіз төсеп, дастарқан жайып, оңтүстіктің үрдісімен,
сорпа-палауымызды беріп, сый-сияпатымызды тараттық. ешқайсысы
танымаса да риза болып Жақаңның азаматтығына таңқалып,
рақметін жаудырып жатты. Өйтпегенде ше, туған ауылынан жастай
кетіп қазақстанның әр жерінде өсіп-жетілген баланың кіндік қаным
тамып еді -ау деп, аруақ сыйлап келіп, ас беріп жатқаны, Жақанның
жүрегінің кеңдігі, отан сүйгіштігі еді. құдайыға келгендер осыны
түсінді, бағалады.
сол сапарынан кейін Жақанның арманы еліне келесі жолы
бала-шағаларын, келіндері мен немерелерін алып бару еді. бірақ,
ол арманына жете алмады. сұм ажал ортамыздан алып кетті. бірақ,
Жақанның перзенттік қайырымдылығын жалғастыратын – қазынасы,
асыл жары изадасы, бақытты балалары қасымханы, Жанболаты мен
гүлжаны, мараты мен динарасы, құтты келіндері, жүрек-бауырлары
мен немелері бар. атам қазақ айтқан ғой: “бір бала болады, әкеге
жете туады, енді бір бала болады, әкеден өте туады”, – деп. тіл-көзден
сақтасын, үлкен жүректі Жақаңның тәрбиесін көрген балалары бақ-
дәулет, ырыс-береке дарыған отбасыларының иелері. ағайын-жекжат,
туған-туысқандарына қамқорлықтарын аямайтын жандар.
153
мен атамныҢ еркесі едім
мен атамның бірінші немересі болдым. менен кейін Әмина
сіңілім өмірге келді. бізде атам, апам және үлкен әжем мамық
болды. ол кезде әкем алматы қаласында жоғарғы оқу орнында
оқиды екен. кейін оқуды бітіріп Шымкентке жұмысқа орналасты.
анам дәрігерлік оқуды тәмамдады. содан соң өмірдің ағымы басқаша
болып, әкем мен анамның дәм-тұзы жараспай, ажырасып кетті. бұл
уақытта мен мектеп оқушысы болатынмын. кейін өмірдің тауқыметі
оңай болған жоқ. Әкемнің бауырлары: ағаларым мен әпкелерім
бізден қамқорлығын аяған жоқ. оқытты, жетілдірді және көп нәрсеге
көмектесті. қазір өнім-өсіп, үй-жайлы, балалы болдық. осының
барлығы біздің атамыздың берген ақылы мен айтқан өсиеттері.
Әкемнің жанұясында жақсы сіңілілерім өсіп жатыр. мен
алматы қаласында, ал Әмина астанада үш балалы жанұя болып өмір
сүріп жатырмыз. біздер әжемнің қарауында өстік, әлі де қасындамыз.
тек бір жайт атамның жоқтығы қабырғамызға батады. атам бізді
көп еркелететін. енді, әкем, ағаларым мен әпкелерімнің амандығын
тілеймін.
айлина қасымханқызы
немересі
154
атамды сағынамын
менің атам балаларын жақсы тәрбиелеуді мақсат етіп қойған
адам болатын. оның себебі өзі әке-шешесіз жетім өскен. атам біз
сияқты ата-ана мейірімін көрген жоқ. оны өмірдің өзі тәрбиледі.
оған өмір бәрін үйретті дейтін.
атам сабырлы еді, бұлай істеуге болмайды дегенді білетін.
бірде мен тоңазытқыштағы тәттіні көріп, жемекші болдым. бірақ
атам оған рұқсат бермеді. мен өкпелеп, жер тепкілеп, жыладым.
сөйтсем тәттіні тамақтан кейін жеу керек екен, бәрі бір ол тәтті маған
арналған екенін кейін барып білдім. мен ол кезде кішкентаймын,
солай болу керек екенін, атамның маған тек жақсылық ойлайтынын
ол кезде терең түсіне бермейтінмін.
тағы есімнен кетпейтіні ол атамның бізден асты түгел ішуімізді
қадағалайтындығы. ол:
– тамақты тауысып ішіңдер. содан соң қасықпен бос табақты
тақылдатып маған естіртіңдер, – дейтін.
мәдина қасымханқызы
немересі
155
атамнан алған тағы бір сабақ – бірде сіңілім камиля, атам
– үшеуміз қолжуғыштың алдына бірдей келіп қалыппыз. сіңіліммен
екеуміз жарыса қол жуа бастадық. сонда атам жәйлап маған:
– алдымен үлкенге жол берулерің керек, – деді. мен атам
қолын жуып болғаннан кейін, қолымды жуып кете бергенде, маған
тағы:
– енді сен сіңіліңе көмектес, – деп ақыл берді.
қазір атамның жоқтығын қатты сезінемін. ол әрдайым бізге
олай істе, былай жаса деп кеңес беріп отырушы еді. біздің бүгінгі
өміріміз бір маңызды бөлігі жетіспейтін түрлі-түсті шыныдан
құралған мозаика сияқты болып көрінеді.
156
іV бӨЛім
ескерткіШ
боЛып қаЛды
Әр ЖҮректе
Жолдастары мен
замандастарының естеліктері
ықыЛасына риЗа едім
мен 1965 жылы мүгедектігіме байланысты Шымкенттегі
мүгедектер мектебінде оқып жүргенмін. бірде мені аралда біргe
ойнап, қатар өскен сермағамбетов мұхамедияр деген досым іздеп
келді. ол да осы Шымкентте сырттай оқиды екен. ауылдың амандық-
саулығын біліп біраз сөйлескеннен кейін: «мен сені ағайыныңмен
таныстырайын, ол сенің руыңнан – төртқарадан, сәрсенов Жақия
деген жігіт. Жақиямен екеуміз армияда үш жыл бipгe болдық. қазір
мен сол Жақаңның үйінде тұрып жатырмын», – деді. Жарайды
танысқанымыз бөтен болмас дедім.
сонымен жаздың бір кешінде нестеров көшесіндегі Жақияның
үйіне келдік. орта бойлы, аққұба келген ажарлы жігіт қарсы алып,
қол беріп амандасты. бұрымы беліне түскен, қолаң шашты, жазық
маңдайлы, ақжарқын бip келіншек, күлімсіреп келіп сәлемдесті.
ішімнен түсі жылы жандар екен дедім. Өзімнің мүгедектігіме
ыңғайсызданып, екі аяғым да протез болатын, қысылыңқырап
отырғанымда, үй иесі: «Ciз қысылмаңыз, еркін отыра беріңіз», – деп
сәндібек сүлейменов
ағайын, досы
158
көңілімді жұбатты. сол күні қонақ болдым, жақсы күтті. түннің біраз
уақытына шейін ұйықтамастан әңгімелесіп, жақынырақ таныстық.
ертеңгісін, кетерімде, «ал енді сәке, үйді көрдің, жиірек келіп
тұр, ағайын боламыз», – деп біраз жерге шейін шығарып салды. менің
Жақаңмен алғашқы таныстығым осылай басталып еді.
1976 жылы мен осы Шымкентке біржола көшіп келдім. содан
кейің Жақаңмен аға-інілігіміз қайта жалғасты. Жакаңның маған деген
ықыласы мен жақсылығын айтып толық жеткізе алмаймын. қысқаша
болса да, айтайын. көшіп келгеннен кейін, әйелім төсек тартып
ауырып, 1989 жылдың жаз ортасында қайтыс болды. сол уақыттарда
қатты қиналдым. бәрі сол жетіспеушіліктің салдары ғой. Cол кезде
Жақаң жағдайымды жасап, үлкен көмек берді. Өзі айтатын: «келген
адамның мұктажын өтеу – ол адамның көңілін шат етумен бірдей, әрі
өзіңе сауап және абырой», – дейтін.
осылайша мен Жақиямен, бірге туыспасам да, өзінің бір аяулы
ағасындай болып кеттім. рақметтен басқа не айтам, марқұм Жақияға.
алла-тағала алдынан жарылқасын, иманды болсын.
Тағдырға пенде бар ма көнбей жүрген,
Келеміз ағынға еріп ыққан селдей,
Тірлікте не көрмейді пенде байғұс,
Өмірдің бір жағы шөл, бірі көлдей.
Дүниенің арман, үміт тиянағы,
Жұп тұрған жүрегінде еш бөлінбей.
Жаның жайсаң Жақия інім едің,
Еске алсам көзіме жас іркілгендей.
Қолыма қалам алып жаздым өлең,
Бір шабыт көңілімді кернегендей.
Бұл ағаң ақын емес, я жазушы,
Төселген өлең жазып кемеңгердей.
Лайық ықыласыңа ырза едім,
Жөн көрдім сөз етуді міндетімдей.
Сырласқан жас шағыңнан хабарым бар,
Есіткен көңілі босап егілердей.
159
Жан еді оЛ – баЛа мінеЗ, ер кӨҢіЛді
Жақаң, жарықтық: “адамның тіршілігі өмір талабына сай
болмаса, не үшін өзін тірімін деп есептейді? адам өзінің іс-әрекетіне
және мінез-қылығына баға бермесе ол адам – надан”, – деп отыратын.
осы қағиданы Жақаң өмірбойы өзінің жүрегінің түбінде сақтап,
өзін-өзі қай жағынан да қамтамасыз ете білген нағыз азамат еді ғой,
жарықтық.
Жақаң “Шымкент”, “росинка” ресторандары кіретін 9-ші
комбинатты 18 жылдан астам басқарған іскер азамат болатын. Жоғары
қабілетті, өз ісіне өте ұқыпты қарайтын маман, мықты есепші,
инабатты, таза жан еді. Жасы менен үлкен болса да, маған әрдайым
будан асанұлы деп сөйлейтін. Жасым кіші ғой “будан” дей беріңіз
десем де, “будан асанұлы”деуін бір қоймады. бір күні менің үйімде
отырғанда:
будан Әбибулаев
жақын досы, әріптесі
160
– Жақа, басшыңыз болғандығымнан жұмыстағыңызды мақұл
дейік, енді үйде маған “сіз” демей-ақ, “сенге” көшіп “будан” деп атай
беріңізші дедім.
сондағы жауабы әлі күнге дейін есімнен кетпейді. ол кісі
маған қарап:
–
ия, жасың кіші екені рас, бірақ мен сені әкеңнің атымен
атайтын себебім, әкең жиырма үш жасында отанымыз үшін опат
болған асыл жан. бұрыңғылар айтқан ғой: “адам бұл дүниеден екі рет
өтеді, бірінші рет, дәм-тұзы таусылып көз жұмғанда, екінші рет, аты
ұмытылып елдің есінен шыққанда”, – деп. ол кісінің есімін күніне
бірнеше рет аузыма алып, аты өшпесін деп, сені будан асанұлы деп
атайтыным да сондықтан, – дегені...
Жақаң “Шымкент” ресторанына директор болып тұрып, түскі
үзілісте үйіне баратын. “Жақа, мұныңыз не?” деп әзілдейміз ғой,
баяғы. Уәжі “жеңгелерің даярлаған асқа жететін дәмді ас бар дейсің
бе, өмірде?”, – деген жалғыз жауап болатын. бірде, қызмет бабымен
Жақаң екеуміз балтық жағалауы елдеріне іссапармен барғанбыз.
Жасыратыны жоқ, ол елдердің сауда мәдениеті өте жоғары. соны
көріп қатты қызыққан Жақаңнан маза кетті, ондағы жаңалықтарды
елге жеткізуге асықты. екі сөзінің бірі “біздің қазақтардың несі кем?”,
– дейтін еді.
161
Өмірі кӨпке ҮЛгі боЛған
2011 жылы желтоқсан айының ортасында ұзақ және ауыр
сырқаттан кейін мен емханадан шығып, үйге келгенде ең бірінші көзіме
түскені, бұл менің үстелімде тұрған сәрсенов Жақия бұқарбайұлы
жөніндегі болашақ кітабының электрондық нұсқасы еді.
сол кеште-ақ мен бұл кітапты басынан аяғына дейін көз
жүгіртіп оқып шықтым. Және бұл кітапта біздің ағамыз жөнінде
оның жақындары мен туысқандары, жолдастары жазған естеліктері
мені қуантпай қоймады. Әсіресе, мені қатты толғандырған нәрсе
кітаптың ең басында менің әкем ермекбаев байұзақтың есімі аталып,
ол жайлы жылы сөздер айтылған еді. сол кезде менің әкем Шымкент
педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалған еді.
Және анамыз жағынан жақын туыс болып келетін, біздің мамық
апамыздың жолдасы абдолла Жұмашевті әкімшілік шаруашылық
бөліміне жұмысқа алған еді. бұл Жәкеңнің жұмысқа орналасуына
үлкен түрткі болып, осы сұрақ бойынша ермекбаев байұзақпен
кәміл байұзақұлы ермекбаев
профессор
162
ақылдасуға барады. мен байұзақ ермекбайұлының үлкен ұлы
ретінде ол жөнінде айтылған «ұлы тұлға, дарынды ұйымдастырушы,
үлкен адамдық қасиеттерге ие үлкен басшы» сөздерімен толық
келісемін. Әкем Жәкеңнің сөзін бөлмей, оны тыңдап алды да, оны сол
кездегі жалпы тамақтандыру трестін басқарып отырған жолдасына
табыстайды. бұл Жақия бұқарбайұлының үлкен ғұмырлық
жолындағы жасаған алғашқы қадамдарының бірі еді. сонымен қатар,
өзінің ғұмырлық серігін де табу қажет болды. бұл жерде Жәкеңе үлкен
көмек көрсеткен оның туған апайы даража еді. ол Жәкеңді жас, әрі
әдемі изадамен таныстырады. изада апамыз мен, кәміл байұзақұлы
және Жәкең сияқты әлім руынан, туған жылдарымыз да бір болып
шықты – 1940 жыл. осылайша бақытты да берік жанұя құрылды.
олардың қызық ғұмырының біразы біздің көз алдымызда өтті.
Жәкең үш ұл, екі қыз өсіріп, өз өмірін толығымен соларға
арнаған. немерелерінің де қызығын көрді. Жәкеңнің үш ұлының
ішінен маған жақыны ортаншы ұлы Жанболат еді. ол да, Жәкең де мен
сияқты ұзақ жылдар бойы Ленинградта тұрған. мен өзім Шымкент
Достарыңызбен бөлісу: |