Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата06.03.2017
өлшемі20,78 Mb.
#8193
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
 

Жақия келіні, Қасымханның жұбайы

118


ұстамын  сақтай  жүріп,  мәдениеттілік  пен  қазіргі  өмірдің  талабына 

сай жаңалықты, әсемділікті  үйлестіре білуі маған ерекше әсер етті.

 Әсіресе, ол кісінің де ата-анасының басына барып құлпытас 

орнатып,  перзенттік  борышын  өтеуі  кімге  болса  да  үлгі  боларлық 

нәрсе. Әрі бұл ойын ол елдің жағдайы біршама  ауырлаған шақта, сол 

қиыншылыққа  мойымай  іске  асырғаны  таңғаларлық  құбылыс  және 

ұл-қыздарына,  немерелеріне,  келіндері  –  мына  біздерге  ұлы  сабақ. 

қала  берсе,  атамдай  азаматтардың      жасаған  осындай  үлкен  істері 

жалпы  елдікті  көрсететін  құбылыс.  біреулердің  өмірі  жәй,  тірлік 

болса,  ал біреулердің  өмірі басқаларға үлгі болады. себебі, адам тек 

істеген ісімен ғана адам атанады. сондықтан менің атамның өмірін 

ұлағатты өмір деуге әбден болады. Және өмірі аңызға айналған адам 

жан жомарттығымен қанша адамды бақытты қылған. 

 Жаңадан жанұя құрған біздерге айтып жүрген нақыл сөздері 

өмірімізге  көп  мағына  берді.  көбінесе.  күнделікті  тіршілікте  көз 

қырынан  қалып  қоятын,  немесе  білместіктен  істелмеген  заттарды 

адамға  намысына  тимей  ескерте  білетін.  сонымен  қатар  осы 

кісінің ерекше сезімділік пен алдын ала адамға қажеттілікті аңғару 

адамгершілігін сипаттайды. сондықтан азда болса да қасында болған 

маған өнеге еді.

 осындай зейінділік қасиеті ұл-қыздарына да  тола дарыған. 

бұл  да  осы  әулетке  дарыған  құдірет  деп  ойлаймын.  осы  себепті 

мен өзімнің осындай керемет адамның келіні болғанымды әрдайым 

мақтан тұтамын.

119


Әкем ЖаЙЛы бір ҮЗік сыр

мен  1961  жылы  21-ші  қарашада  өмірге  келіппін.  Әкемнің 

айтуынша сол күн бір қызық сияқты. Шымкент қаласының бір шетінде 

нестерова  көшесінде  41-ші  үйде  тұрады  екенбіз.  сол  үйде  әкем-

анам, Жеткерген нағашым  және  қасымхан ағам үйде болған. бірақ 

қасымхан ағаны абдолла аға мен мамық апа біздің үйге қалдырып 

,  өздері  тойға,  қазіргі  нұрлан  ермекбаевтің  әке-шешесінің  тойына 

кеткен  екен.  содан  түнде  мамық  апа  баласы  қасымханды  алып 

кетуге  келсе,  менің  анамның  ұйықтамай  отырғанын  көреді.  содан 

не болды деп сұрағанда, ішім ауырып отыр деген. содан балаларды 

оятып, жедел жәрдем шақыртуға  жібереді. Жеткерген мен тағы бір 

бала қалаға шығып, победа көлігін алып келеді, анам сол көлікпен 

перзентханаға  барады,  ол  полтарацкий  көшесінде,  ол  жерде  бірақ 

қабылдамайды.  анамның  босануына  жақын  қалып,  шыдай  алмай 

тұрады.  сол  сәтте  жүргізуші  айқайлап,  неге  қабылдамайсыңдар, 

Жамболат Жақияұлы

120


жауап  бересіңдер  дегесін  қабылдап,  босанғаннан  кейін  баланы 

орап  қаланың  басқа  шетіндегі  перзентханаға  жібереді.  ол  жақта 

да  қабылдамаған  соң,  тағы  бір  перзентханаға  жібереді  бұл  үшінші 

перзентхана болатын. содан соң таңертен әкем мен Жеткерген бізді 

іздеп  шығады.  таңғы  сағат  алтыда  жолкөлігі  енді  жүрген  кез  екен. 

Үш перзентханаға барып, зорға анам екеумізді табады.

кейінірек,  әкем  сен  туылған  күні  барлық  қаланы  аралап 

шықтық, сенің өмір жолың бір басқа деп айтатын. маған 1 жас 10 

ай  болғанда,  әкем  Ленинград  қаласына  оқуға  бармақшы  болады. 

сол кезде қорғасын заводта орс деген мекеме болатын. Әкем сонда 

бухгалтер  болып  жұмыс  жасайтын    Ленинградтағы  бухгалтерлік 

6  айлық  білім    жетілдіру  курсына  жолдама  береді.  Әкем  келісімін 

береді.  Жол  ақы  төленеді,  80  сом  айлығы  бар.  Үйде  анам  жұмыс 

істемейді, базарға киім тігеді. Жеткерген ол уақытта студент, 18 сом 

стипендия алады. қыркүйек айында әкем оқуға кетеді. содан тағы бір 

жағдай болады. мен ойнап жүрген кезімде, үйдің сыртында қазылған 

құдыққа  түсіп  кетіппін.  көрші  үйдің  артында  үйдің  сыртын  сылап 

жүрген Жеткерген, жылаған баланың дауысын естиді. қараса менің 

дауысым құдықтан шығады. Лезде төрт-бес бала жабылып құдықтың 

қақпағын ашып, ішіне түсіп, мені көтеріп алады. мен бір бұрышта 

жылап  отыр  екенмін.  анам  да  үйден  жүгіріп  жеткен  күйі,  үсті 

басымды сүйектері аман ба деп сипалап қарайды. ештеңе болмаған 

екен, құдай сақтаған деп үйге алып келеді. Жеткерген нағашым бұл 

оқиғаға көпке дейін таң қалып жүрді.

 Әкем оқуға барып, білімін көтеруге кіріседі. оқып жүргенде 

үлкен қаламен танысып, көп нәрсеге үйренеді. Ленинград өте әдемі 

қала,  мәдениеттің  орталығы  деп  жақсы  көретін.  оқып  жүргенде 

ұстаздармен  танысып,  араласып  үлкен  абыройға  ие  болады.  бізде  

қолымыздағы бар нәрсені әкеме посылка қылып салып отыратынбыз. 

сол  жылы  ұн  мен  нан  тапшы  болды.  анам  аздап  ұн,  күріш  салып 

жібереді.  бірде  соның  арасына  салған  50  сом  ақша  жоғалып  кетіп, 

әкем  сол  уақытта  таршылық  көреді.  бізге  ақша  салып  жіберіндер 

десе, абдолла аға 50 сом салады. Әкем бір үйде пәтерде тұрады, сол 

үйдің егесінің анасы жақсы адам болып кездеседі. Әкеме көп жағдай 

121


жасайды. содан соң 1963 жылдың наурыз айында әкем оқуын бітіріп 

елге қайтады. абдолла аға мен қасымхан екеуі ташкент қаласынан 

күтіп алады. Әкем келген сәтте, мен оны жатырқап, бармай қойыппын. 

кейіннен әкеме үйреніп, қасынан қалмайтын болдым.

Ленинградта  оқуын  жақсы  бітіріп  келген  соң,  бұрынғы 

жұмысын  жалғастырды.  Әкемді  оқуға  жіберген  басбухгалтер 

кісі  біздің  үйге  кейде  келіп,  қонақта  болатын.  ол  уақытта  жерде 

отыратынбыз,  мен  ойнап  жүріп  анам  әкеліп  қойған  самаурынның 

оттығына  қасықты  салып  жіберіп,    қасық  қайда-қайда  деп  жүгіріп 

ойнап жүргенде, ол кісі де қайда-қайда  Жанболат, – деп күледі екен. 

Әкем сол кісінің жақсылығын көп айтатын еді.

Әкем  кейінде  Шымкенттегі  кооператив  техникумында  оқып, 

әрі  жұмысын  жалғастырып  жүрген  кезінде,  бір  күні  оқуды  бітірдік 

деп, орынбасар аға екеуі қуанып, көңіл көтергендері есімде.

ол  оқуды  бітіргеннен  кейін  алматы  қаласындағы  халық 

шаруашылық  институтына  түсуге  ынталанып,  сол  білім  ордасында 

оқыды. Әкем, жанұяны да, жұмысты да, оқуды да  бірге алып жүрді. 

оқу  ордасында  абыроймен  оқып  жүрді.  елге  сыйлы  профессор,  

кафедра  меңгерушісі  радостовец  деген  кісімен  танысып,  араласты. 

біраз адамдарға көмектеседі. Өте жоғары абыройда болады. халық 

Шаруашылық  институтының  –  бухгалтер-экономист  мамандығын 

алады  да,  осы  білім  ордасының    аспирантурасына  тапсырады. 

бухгалтерлік есеп және анализ кафедрасына түседі.

«бухгалтерлік есеп және анализ» деген  диссертация тақырыбын 

алады.  диссертация  жетекшісі  –  бутин  мажекен  есенович  деген 

профессор  болады.  осы  диссертация  жұмысымен  үйге  көптеген 

қағаздар алып келгені есімде.

Жұмысын,  оқуын,  балаларын  жеткізуді  мақсат  тұтқан,  бәрін 

ойлаған қандай еңбекқор. Әкем өзін-өзі тәрбиелеген азамат!

Жылдар өтіп, мен де онжылдық мектепті бітіріп оқуға кеттім. 

бірақ бірінші жылы жоғарғы оқу орнына түсе алмадым. Үйге келіп, 

жұмысқа  орналастым.  Үйде  жүрген  қандай  жақсы,  бір  жыл  өте 

шықты. келесі жылы алматы қаласына оқуға түстім. мен Ленинград 

қаласында  дәрігерлік  оқуға  баруым  керек  еді.  бұйрық  сол  жаққа 

122


шықты.  Үйімізбен  қуанып  кеттік.  Әкем  өзі  Ленинградқа  апаруы 

керек болды, сөйтіп екеуміз жолға шықтық. москва арқылы ол кезде 

жол жүру билетіде тапшы еді, жол болса да алыс, осыны байқаған 

әкем  төлқұжаттың  арасына  10  сом  ақша  салып,  билетті  алады.  

Ленинградтық  санитарлық-гигиеналық  оқу  орнына  орналастырып, 

барлық жайды реттеп, үйге қайтатын болды. ал балам жақсы оқы, 

ауылға қайтқан кезде сабаққа қарыз болушы болма, үштік деген баға 

алма, ол екіге жақын тұрады, тек 4 пен 5 ке оқы деп, ақылын айтты. 

мен қаражат тауып жіберіп тұрамын дегені есімде.

сонымен біраз уақыттан кейін оқуды бітіріп, киев қаласына 

аспирантураға  құжаттарымды  тапсырдым.  аспирантураны  аяқтай 

бергенде    алып  мемлекет  ел-елге  бөлініп  кетті.  түрлі  себептермен 

оқуым  аяқталмай  қалды.    еңбек  ете  бастадық,  жанұялы  болдық. 

оғанда  әкемнің  ақыл-кеңесі  ықпал  етті.  менің  40  жасқа  толған 

күнімді қызым аружанмен, жанұямен және әке шешем бәріміз бірге 

тойладық.  осы  кезде  әкем  өз  тілегін  айтты:  ақылын  көп  айтатын 

адамға  жақсылық  жаса,  бауырларыңмен  ешуақытта  бөлінбе,  ауыз 

біршіліктерің  болсын деді.

  сол  әкеміздің  айтқан  ақылымен,  берген  батасымен  жүріп 

жатырмыз. біз үшін әкеміз қандай ақыл, қандай жол көрсетіп кетті. 

қазірде сол айтқан ақыл-кеңесі әлі де естен кетпейді. алдымда ақыл 

айтып тұратындай көзіме елестейді. бір өкініштісі арамызда жоқтығы 

байқалады.

 көптеген қызықтарды бірге көргенде арман болмас еді. енді 

әкеміздің алды жарық, иманы мол болсын дейміз.

123


рУхы биік Жан еді

Өзім  келін  болып  түскен  қасиетті  қара  шаңырақ  маған  бой 

жете бастаған күнімнен таныс еді. менің алдымдағы әпкем Шолпан 

да осы үйдің оң босағасын аттаған. оның жары марат маған алдымен 

жезде, кейіннен қайным болды.

1998  жылы  медицина  институтын  тәмамдағаннан  кейін 

алматыдағы  марат  пен  Шолпанның  үйінде  тұрып,  жұмыс  істедім. 

ол кезде қайынсіңілім динара да тұрмысқа шықпаған. екеуміз тез тіл 

табысып кеттік. түсіністік үлкен достыққа ұласты.

Жанболат сол жылдары динара екеумізді жиі-жиі қыдыртатын, 

дискотекаға  алып  баратын.  бірде  ыстықкөлге  барғанымыз  есте. 

Жанболаттың бізбен бірге баруға қолы тимейтін болды да қасымызға 

берікті қосып жіберді.

мен Жанболатты аға деп жүрдім. арамыз 14 жас еді.

2000  жылдың  10  қыркүйегі  менің  тағдырымды  мүлде  жаңа 

айман сарсенова



 

Жақия келіні, Жанболаттың жұбайы

124


арнаға  бұрып  жіберген  кезең  болды.  сол  бір  күн  мәңгі  жадымда. 

ертесін  Жанболат  телефон  шалды.  «айман,  бүгін  үйге  қонақтар 

келетін еді, соған көмектесіп жіберсең», – деп өтініш айтты. бардым. 

Жанболаттың үйінде «қалыңдық» деп аталатын әдемі сурет бар еді. 

сол суреттің алдында бәріміз суретке түстік. осы сәт мен күтпеген 

оқиға  болды.  Жанболат  «бұл  «қалыңдық»  деп  аталады,  біз  мұның 

алдында  жәйдан-жәй  тұрған  жоқпыз.  мен  айманға  үйленемін»,  – 

деді. Және айтып қоя салған жоқ, қолыма сақина салды.

бұл үйге осылайша келін болып түстім. атам мені өз қыздарынан 

кем көрген жоқ. мен үшін ол кісінің орны әлемдегі ең қасиетті орын 

болып табылады. Өзі дүниеден өткен соң жақсы қасиеттерінің бәрі 

көз алдымнан  тізбектеліп өтіп жатыр. бір байқағаным, атам қасиетке 

өте бай адам болды. мәселен, ол кісі әр нәрсенің өз орнында тұрғанын 

қалайтын. Әдемі әзіл-қалжыңды айта да білетін, қабылдай да білетін. 

ол өте мінезді адам еді. қай ортаға кіріп келсе де оның ерекше 

адам екендігі бірден сезілетін. оны айтасыз, атамның мықтылардың 

ішіндегі мықты екендігі де тез аңғарылушы еді. тіпті көп сөйлемесе 

де,  жүрген  жүрісі,  киген  киімі,  сәлемдесуі,  атамның  рухының 

мықтылығын білдіріп тұрушы еді.

туыстарының бәрі де атамның алдында тік тұратын, алладан 

ол кісінің саулығын тілейтін, бір сөзбен айтқанда, бәрінің «командирі» 

атам еді!

ең өкініштісі – атамыздың арамыздан ерте кетіп, аружанның 

мектепке барғанын, Жантемір мен Әлкеннің ат жалын ұстап мінген 

сүндет тойын көре алмай кеткені...

                                                                                       

125


мен бҮгін Әкемді оЙЛап, тоЛғанамын

бала өмірге келгеннен кейін ата-ананың қамқорында болғаны 

бір  бақыт.  менің  әкем  өзінің  айтуынша  әке-шешеден  ерте  қалған. 

бір жарым жаста әкеден, екі  жаста анадан қалдым дейтін. ал мен, 

аллаға шүкір, әкенің тәрбиесінде өстім, кішкентай кезімнен әкемнің 

жанында қалмастан жүретінмін. мені көп нәрсеге үйрететін. Уақыт 

өте келе мектепті бітірдік, жоғарғы оқу орнына түстік. 

оқып  жүрген  кезімде  әскер  қатарына  алынып  әскери 

борышымды фрунзе қазіргі бішкек қаласының сырт жағында өтедім. 

Әскерде  жүрген  кезімде  қарындасым  динара  мен  әкем  екеуі  іздеп 

келетін. Әкем келген кезде бізде жиналыс болып тұратын. біздің әскер 

басшыларымыз  жас  сарбаздарға  ағалық  ақылыңызды  айтыныз  деп 

өтінген болатын. сонда әкем ақыл кеңес айтатын. Әскерге барғанда 

бір  бақыт.  көп  нәрсеге  үйренесің,  шынығасың,  үйіңді  сағынасың. 

марат Жақияұлы

126


содан, абыроймен қайтуды ойлаңдар, жаман атақ алмаңдар дейтін. 

артымнан  іздеп  келгендері  мен  үшін  қандай  қуаныш!  Әскерден 

ауылға келіп, оқуымды жалғастыру керек болды.

мен  оқуды  москвада  жалғастырдым.  Әкем  апарып 

орналастырды. ұлты басқа бір кісінің шаңырағында тұрдым. ол кісі 

жеке басты болатын. Әкем оған көмектесіп тұруды маған тапсырды. 

мейрамдарда  құттықтап,  бір  шөлмек  алып  бер,  –  дейтін.  соның 

барлығын ойласам, әкем адамға жақсылық жасауды ана сүтімен бірге 

бойына сіңірген екен. біздерге өзінің жетім өскендігін көп айтатын, 

мен  көп  қиындық  көрдім,  сол  қиындықты  көре  тұра  біреудің  бір 

нәрсесін  ұстамадым,  рұқсатсыз  алмадым,  таза  болдым  дейтін. 

сендерде адал және таза болыңдар, жерде алтын жатса да алмаңдар, 

өйткені ол сенікі емес, деп ақыл айтатын. маған  құдай көмектесті, 

ақыл айтатын ешкімім болған жоқ. сонда да жаман болғаным жоқ. 

Өстім,  оқып  білім  алдым  және  жақсы  жұмыс  жасадым.  бір  жағы 

үкімет пен партияның арқасы болды. тәртіп-тәрбие өте қатал болатын 

бұрынғы кезде, – деп айтатын.

Әкем алғашқы кезде қоғамда болып жатқан күрт өзгерістерге 

күдікпен қарап, өндіріс салаларының қатты дағдарысқа ұшырағанына 

налып,  өлместің  күнін  кешкен  жұртқа  жаны  ашып,  нарықтық 

экономиканы қабылдамай жүрді. оның үстіне жастайынан санасына 

сіңіп қалған коммунистік идеологиның көзбояушылығынан, кеңестің 

популистік  ұрандарының    ықпалынан  шығу  да  оған  оңайға  түскен 

жоқ. бірақ, уақыт өтіп, егемен болған еліміздің ептеп есін жиып, нанға 

тойына бастаған шағында, көп нәрсені ұғынып «қап, осы замандағы 

мүмкіншіліктер менің жас кезімде болғанында», – деп жаңа заманды 

шын пейілмен мойындады...

127


ЖҮрегі іЗгіЛікке тоЛы еді

Жасыратыны  жоқ,  алғаш  келін  болып  түскенде  қазақшаға 

барынша шорқақ едім. енді бізді де түсінуге болады, қала тәрбиесімен 

өстік, мектепте де, жоғары оқу орнында да орысша білім алдық.

атамыз, біз ол кісіні папа дейтінбіз, мені бірден өзіне баурап 

алды.  мейірімі,  қамқорлығы  сыр  тұнған  жанарынан-ақ  аңғарылып 

тұратын. «келін» демейтін, «қызым» дейтін. күндердің бір күнінде 

атам маған «қызым, есіңде болсын, біздің үйде тек қазақша сөйлейді», 

– деді. амал жоқ, қазақша үйрене бастадым.

Үйге  қонақтар  келе  қалса  атам  маған  тост  бергізетін  және 

қазақша сөйлеуімді талап ететін. осының барлығы ана тілімді қысқа 

мерзімде  үйреніп  алуыма  жәрдемін  тигізді  ғой  деп  ойлаймын.  ал, 

бүгін  араға уақыт салып ойланып отырсам атамның осы әрекеттерінің 

барлығы да бізге деген жанашырлығы екен ғой.

Шолпан сарсенова 

Жақия келіні, Мараттың жұбайы

128


атам  өте  қайырымды  жан  еді,  сонымен  қатар,  өте  қатал  да 

болатын.  бір  басына  қайырымдылық  пен  қаталдық  қалай  сиып 

тұрғанына  таң  қалушы  едім.  осы  егіз  қасиеті  ол  кісіні  ерекше 

тұлғаландырып жіберетін.

енемізге  «келіндерге  жақсы  қара,  жақсы  қарасаң  ертең 

қартайғанымызда  олар  да  бізге  жақсы  қарайды»,  –  дегенді  айтып 

отырудан  жалықпайтын  еді.  Және  бұл  сөздерді  оқыстан  оқыс  айта 

салмайтын,  әдемі  әзілге  орап,  ешкімнің  көңіліне  тимейтіндей  етіп 

ретімен, орнымен айтатын. осы қасиеті де есте қалды.

ал, ең кереметі, біздерді, келіндерін алыс сапарлардан оралсақ 

әуежайдан бір құшақ гүл ала шығып, өзі күтіп алатын. біреулер үшін 

мұның бәрі ертегі шығар, ал, біз үшін күнделікті өмір шындығы еді.

демек, мұндай үлкен жүректі адамды сағынбау мүмкін емес 

деп ойлаймын!

129


мендеЙ етіп еШкімді 

еркеЛеткен Жоқ Шығар

рас айтамын, әкем дәл мендей етіп ешкімді де еркелеткен жоқ 

шығар. мені ылғи «алтын қызым», «әппақ қызым» деуші еді. мектепке 

барғанша  мойнына  мінгізіп  жүрді.  тіпті,  көбінде  балабақшаға  да 

өзі  апаратын.  сол  кездер  еміс-еміс  есімде  қалып  қойыпты.  мені 

балабақшаға апара жатқанда жолда таныс кісілер  кездесіп қалатын. 

олар  әкеммен  ерекше  шыраймен  амандасып,  «Жақа,  сіз  маған 

осындай үлкен қамқорлық жасадыңыз, балама, ініме көмектестіңіз, 

сол үшін үлкен рақмет!» деп жататын. мен әкемнің осындай қасиетін 

көріп өстім, оны орынды мақтаныш тұтып өстім.

Әкемнің  істеген  тірліктеріне  таң  қалмау  мүмкін  емес  еді. 

басқасын айтпай-ақ қояйын, мәскеуде оқып жүргенімде туған күніме 

посылкамен қуырдақ, чак-чак жіберетін. чак-чагы мақұл, қуырдақты 

гүлжан Жақияқызы

біЗдер ҮШін ұмытыЛмас есімдер

130


жіберу  үшін  почтада  отырғандардың  тілін  қалай  тапты  екен  деп 

ойлаймын, осы күнде. Әкемнен сәлем-сауқат келгенде айналамыздағы 

еврейлер таң қалатын.

тұз-дәм көтеріліп, англияда да тұрдық. сенесіздер ме, сонда 

әкеміз артымыздан Шымкенттен картоп, ет таситын. «келер кезіңізде 

алдын  ала  хабарлаңыз,  күтіп  аламыз»  –  дегенді  тыңдамайтын,  өзі 

келетін.  бір  ауыз  ағылшынша  білмейтін  адамның  адаспай,  бізді 

қалай  тауып  алатынына  таң  қалушы  едім.  тіл  білмесе  де  такси 

жүргізушілерімен  танысып  алатын  және  олармен  жолдас  болып 

кететін.  ал,  кейінірек...  кейінірек  сол  такси  жүргізушілері  бізді 

танып, бізге төмен бағамен қызмет көрсететін. бұл оқиға алматыда 

өтіп жатса «е, онда тұрған не бар?!» дер едіңіз. алайда, мұның бәрі 

англияда өтіп жатыр ғой.

Әуежайдан түсіп, үйге таксимен келетіні өз алдына, қызықтың 

бәрі,  таң  қалудың  бәрі  келгеннен  кейін  болады.  біз  ағылшын 

көршілерімізбен күнделікті жәй ғана амандаса саламыз ғой, ал, әке-

шешеміз келсе өйтпейді. олармен міндетті түрде танысады. танысып 

қана қоя салмайды, оларды міндетті түрде қонаққа шақырады. Өздері 

де олардың үйіне меймандыққа барады. тіл білмесе де олармен қалай 

сөйлеседі, қалай түсініседі, осыған әлі күнге дейін ақылым жетпейді.

сөзім дәлелді болсын, бір мысал айтайын. кэмбриджде тұрып 

жатқан кезімізде мен 35-ке толатын мерейтойым болатын еді. менің 

туған  күнімді  атап  өтуге  папам  мен  мамам  артынып-тартынып 

кэмбриджге  келді.  «сенің  туған  күніңді  тойлаймыз»,  –  дейді.  мен 

бірден  қарсылық  білдірдім.  «бұл  жерде  кімге  тойлаймыз,  ешкімді 

танымаймыз,  біздің  елдің  салты  бұл  жерде  жоқ  сияқты»,  –  деп 

жатырмын.

папам бетіме бір қарады, сосын үндеген жоқ.

таңертең  ұйықтап  жатсақ  папам  мен  мамам  екеуі  ерте 

тұрыпты да дүкен аралауға шығып кетіпті. Әлден уақытта келіп тұр. 

қолдарында  бір  десте  гүлі,  екі  шампаны  бар.  тағы  да  таң  қалдық. 

ешқандай  тіл  білмейді,  дүкендерді  қалай  тапқан?  ал,  әкем  менің 

таң қалғанымды елеген де жоқ. тек «жолдастарыңды шақыр» деді. 

осылайша  35-ке  келген  туған  күнімді  ата-анамның  арқасында 

131


чилиден,  аргентинадан,  оңтүстік  америка,  европа,  африканың 

басқа  да  бірқатар  мемлекеттерінен  келген  аспиранттармен  бірге 

тойладық.  біздің  таң  қалғанымыз  жәй  әншейін  екен,  ата-анамның 

келгеніне олардың таң қалғанын көрсеңіз... келгеніне ғана таң қалып 

жатқан жоқ, қазақ даласының бүкіл салт-дәстүрін алыстағы альбион 

еліне арқалап келгеніне таң қалысып жатыр.

бүгінде мұның бәрі өкінішке қарай, тек естелік болып қалды. 

алайда,  қандай  естелік  десеңізші!  тәтті  естелік.  Өнегелі  естелік. 

ұрпаққа ұлағат болар естелік.

міне, біздің әкеміз осындай жан болған еді...

ақ  ЖаУЛықты ӘЖені сағынамыЗ

Әкем жайлы әңгімелегенде ол кісіні туған баласындай жақсы 

көріп, өмір бойы тілекшісі болған нағашы әжем – күлпатша жайлы 

айтпай кету мүмкін емес. Әкем ол кісіні өз анасындай қадірлейтін, 

өмірлік  серігі,  шын  жанашыры  бола  білген  жұбайын  жақсы 

тәрбиелеген  үшін  құрмет  тұтатын.  біздің  анамыздың  шыдамды, 

отбасының берекесі, әрі кез-келген қиындыққа мойымай, қарсы тұра 

білетіні әжеміздің тәрбиесі еді. 

біздер  ержетіп,  барлығымыз  оқу-білім  іздеп  жан-жаққа 

кеткенімізде  үйде  ата-анамыз  ғана  қалды,  сол  кездері  әкем  үнемі 

нағашы әжемді үйге шақырып әкелетін, себебі ол кісінің жүрген жері 

берекелі  болатын.  менің  бала  күнімнен  есімде  қалғаны  күлпатша 

әжемнің  Жамбыл  облысынан  Шымкентке  көшіп  келген  кезі.  ата-

анамыз  демалуға  бір  жаққа  сапар  шексе  әжем  біздің  үйге  келетін. 

Әрине,  бұл  ол  кісіге  де  оңай  соқпайтыны  түсінікті,  үйінде  де  төрт 

немересі бар ғой. ал біздің үйде төрт еркетай немеренің күтімімен 

қоса  үй  шаруашылығымен  де  айналысуы  керек.  бірақ  әжем  ата-

анамның өтінішін ести сала, «құстай ұшып» жететін. 

осылай біздер әр жаз сайын әжеммен бірге болатынбыз, сол 

кездері мен нағашы әжемді өте жақсы көріп кеттім. Әжем өмір бойы 

132


бел жазбай, еңбек еткен адам. сөйте тұра өз өміріне мүлде шағымданып 

көрген емес, жұмыстың ең ауырын өз міндетіндей қабылдайтын. ол 

жастай жесір қалды, 1942 жылы, ері кеулімжай майданға аттанғанда 

әжем бар болғаны жиырма төрт жаста еді. қолында кішкене қызы, 

яғни біздің анамыз изада, ал құрсағында еріне көруді жазбаған ұлы 

қалды.


Әжемнің бір сәт дамылдап отырғанын көрген емеспін, ол қол 

қусырып  отыру  дегенді  білмейтін.  көп  нәрсені  әжемнің  тірлігінен 

көрген едім. бидайдан ұн тартып, тарыдан талқан түйгенді әжемнен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет