ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет28/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47

штейн  (1889-1951).  Ойшылдың  «Логикалық-философиялық  трактат» 

атты  еңбегінің  негізіне  «барлық  тілдердің  ортақ  логикалық  формасы 

бар,  одан  өзге,  ол  –  әлемге  де  ортақ  форма»  деген  сенім  алынған.  Іс 

жүзінде бұл ортақ форма сөйлемдерге бірдеңе «айтуға» мүмкіндік те 

береді. Сөйлемнің айтқаны – оның әлемнің қисынды суретін салғаны 

болып  табылады.  Сөйлемді  әлемнің  суреттері  деп  түсінудің  өзі  – 



көрсету мен айтудың арасын ажыратуға келтіреді. Сөйлемдер әлемнің 

суретін  береді,  бірақ  олар  өз-өздерінің  суреттерін  беруге  қабілетсіз. 

Олар  өздеріне  де,  әлемге  де  де  ортақ  форманы  көрсетеді,  бірақ  айта 

алмайды.  Сөйлемдердің  өздерінің  қисынды  формасын  ғана  көрсете 

алатын  себебі  –  оны  айтуға  мәжбүрлеу  әрекеті  тілді  мағына  шека-

расынан  асырып  жібереді.  Витгенштейннің:  «Менің  тілімнің  шека-

расы  менің  әлемімнің  шекарасын  құрайды»,  –  дегені  бүгінгі  күні  де 

өзектілігін  жойған  жоқ,  өйткені  кез  келген  тіл  сол  тілдің  иесі  болып 

табылатын  халықтың  әлемді  сезінуі,  әлемді  қабылдауы  және  әлемді 

танып білуінің негізінде жатыр. Қазір ол «халықтың ділі» деп атала-

ды. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы – ғылыми ізденістерімізде және 

күнделікті  өмірімізде  сөздерді  құнттап,  мұқият  зерделеп  пайдалану 

керек,  әйтпесе  адам  дерексіз  ұғымдардың,  алуан  түрлі  қиялдардың 

тұтқынына түсіп қалуы мүмкін.



сараптамалық (аналитикалық) философия да таным теориясының 

ары қарай дамуына өз үлесін қосты. Философиялық мәселелерді шешу 

үшін,  оның  жолын  қуушылар  тілді  логикалық  және  лингвистикалық 

талдау әдістерін кең қолданды. 



252

Сараптамалық философияның бастапқы мәселелері мен түсініктері 

неміс философы Готлоб Фрегенің «Мән мен мағына» (1892) мақаласында 

баяндалған.



г.Фреге  (1848-1925)  логика  құралдары  арқылы  математика-

ны,  әсіресе  әртүрлі  тосын  пікірлер  мен  қарама-қайшылықтарға 

толы  математикалық  дәлелдеулерді  жетілдіруге  ұмтылған  көптеген 

зерттеушілердің  бірі  болды.  Ал  ол  үшін,  оның  ойынша,  логиканың 

өзін айтарлықтай жетілдіру, кемшіліктері көп табиғи тілді лайықты ау-

ыстыра алатын, бір түрге келтірілген тіл жасау керек.

Бірақ  Фреге  сараптамалық  философияның  негізгі  идеясын  ғана 

белгілеп берді, ал нақты іске асуы Англияда (Кембридж) орын алды. 

Оның  негізін  қалаушылар  –  Джордж  Эдуард  мур  (1873-1958)  және 

бертран Рассел болды.

Мур  сыртқы  нысандардың  тәуелсіз  өмір  сүруін  және  олардың 

танылатын  нысанға  тікелей  берілуін  мойындайтын  ағылшындық-

американдық  неореализмнің  негізін  қалаушылардың  да  бірі  болды. 

Неореализм  неогегельшілдіктің  дара  идеализміне  және  американдық 

прагматизмнің  эмпиризміне  қарсы  болды.  Дж.Мурдың  нақ  сол 

«Идеализмді  терістеу»  (1903)  деген  еңбегінде  ағылшын  неореализмі 

айқын көрініс тапты.

Ал  алдында  айтылып  кеткен  Бертран  Рассел  де  логикалық 

талдаудың  негізін  салушы  болды.  Оның  математикалық  логика  және 

математика  негіздері  бойынша  жаңашыл  идеялары  мен  еңбектері 

XX  ғасырдың  ғылыми  ойы  мен  философиясын  дамытуда  маңызды 

мәселеге айналды. Ол – «Батыс философиясының тарихы» деген тама-

ша еңбектің де авторы.

Егер  Расселдің  назары  қарапайым  логиканың  және  математика 

негіздерін  зерттеудің  сараптамалық  мүмкіндіктеріне  бағытталса,  ал 

Мурдың  көңілі  философиялық  ұғымдар  мен  мәселелерді  қарапайым 

тіл және дұрыс мағына құралдары арқылы талдауға ауды.

Сараптамалық  философияның  барлық  өкілдері  философияның 

қандай  да  бір  нақтылық  туралы  мазмұнды  ғылым  еместігіне,  басты 

екі  мақсатты  көздейтін  іс-әрекеттің  бір  түрі  екеніне  сенімді.  Ол  іс-

әрекеттер:

–  ғылымнан барлық жалған мәселелерді және тілді дұрыс қолдан-

баудан немесе идеологиядан шыққан ой-пікірлерді алып тастау;

–  математикалық  логика  құралы  көмегімен  жете  ойластырылған 

ой-пікірлердің  мақсат-мұратқа  сай  үлгісін  құруды  қамтамасыз  ету. 

Жаңа философияның негізі осындай болмақ.


253

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап, неопозитивизмнің әдебиетте 



постпозитивизм  деген  ат  алған  соңғы  бағыты  пайда  болды.  Оның 

негізгі  өкілдері:  карл  Раймунд  поппер  (1902-1994),  томас  самуэль 



кун  (1922-1996),  имре  лакатос  (1922-1974),  пол  Фейерабенд  (1924-

1994).


Поппер  Венада  дүниеге  келіп,  білімді  де  сонда  алды,  1928  жылы 

«Ойлау  психологиясының  әдісі  туралы»  деген  тақырыппен  дис-

сертация  қорғады.  Австрия  мен  Германияның  қосылуы  (аншлюс) 

қарсаңында,  еврей  болуы  себепті  оған  Жаңа  Зеландияға,  ал  кейіннен 

Англияға  қоныс  аударуға  тура  келіп,  онда  ол  «Король  қоғамының» 

мүшелігіне өтті.

Жаңа  Зеландияда  ол:  «Тарихтың  қайыршылығы»,  «Ашық  қоғам 

және оның жаулары» деп аталатын аса көрнекті шығармаларын жазды, 

бірақ  оларды  Екінші  Дүниежүзілік  соғыс  аяқталған  соң,  1945  жылы 

ғана жарыққа шығара алды. 

Ғылым  философиясы  бойынша  өз  зерттеулерінің  нәтижелерін  ол 

екі  томдық  «Ұсыныстар  және  терістеулер»  (1963)  және  «Объективтік 

таным» (1972) атты еңбектерінде жариялады.

Осы  және  басқа  жұмыстарында  Поппер  өз  философиялық 

ұстанымын  –  сыни  критицизмді,  неопозитивистердің  эмпиризміне 

қарама-қарсылық (антитеза) ретінде ғылыми білімді жетілдіру теория-

сын құрды.

Поппер  қазіргі  заманғы  ғылыми  білім  дамуындағы  верификация 

қағидасының  жеткіліксіздігін  көрсетеді.  Бір  немесе  басқа  ғылымның 

дамуы барысында пайда болатын кез келген теория «соңғы кезеңдегі» 

шындық болып табылмайды. Қайсыбір реті келген күні теория теріске 

шығарылуы мүмкін. Ал ғылым тарихы ондай мүмкіндікті көрсете ала-

ды. Олай болса, ғылыми пікірлердің терең табиғаты – олардың ғылыми 

болжам  бола  алатындығында,  яғни  қателердің  жіберілуі  мүмкін 

екендігінде.  Оны  ол  фаллибилизм  деп  атайды.  Сондықтан,  ғылым 

дамуы тұрғысынан алғанда, болжамдардың көп санын және олардың 



бұрмалануын  алға  шығару  қажет.  Жалпы  түрде  бұл  қағида:  ғылыми 

теорияларға олардың әлеуетті бұрмалаушыларын анықтау мүмкін бо-

латындарды,  яғни  оларға  қайшы  келетін,  шынайылығы  тәжірибелер 

жасаудың  жалпыға  бірдей  шаралары  көмегімен  ғана  анықталатын 

ережелерді  жатқызу  керек.  Бұл  мәселені  шешу  барысында  Поппер 

индуктивизмді  теріске  шығарды,  логикалық  позитивистердің  тар 

импиризмінен және білімнің дара айқын негізін іздеуден бас тартты.

Оның  теориясына  сәйкес,  білімнің  эмпириялық  және  теориялық 

деңгейлері  өзара  байланысты;  батыл  болжамдарды  алға  тарту  және 


254

оларды теріске шығару кезінде кез келген ғылыми білімнің алдын ала 

болжанатын  сипаты  болады.  Бұл  идеяларды  Поппер  алғаш  рет  1934 

жылы «Ғылыми жаңалық логикасы» кітабында жария етті. Әрине, олар 

Поппердің  қарсыластарының  сыни  пікірлерін  туғызды.  Алайда  автор 

басқаша  санайтын.  Италиядағы  басылымының  (1970)  алғы  сөзінде 

ол:  «Сөздер  мен  мағыналарды  қазбалаудың  енді  қажеті  жоқ,  сынға 

ұшыраған  теорияларды,  олардың  негіздемелері  мен  құндылықтарын 

білсек, сол әлдеқайды маңызды болмақ», – деп жазды. Алғаш қарағанда, 

индукцияға осылай қатқыл көзқарастың болуы, жоқ дегенде, таңданыс 

тудырады.  Бірақ  бұл  жағдайды  Р.Рассел  ұтқыр  түсіндіріп  берді:  бір 

күркетауық  жақсы  жағдай  жасалған  фермаға  келіп  орналасқан  бойда 

жемнің  дәл  сағат  тоғызда  берілетінін  байқайды.  Алғыр  индуктивист 

болғандықтан, ол көптеген әртүрлі жағдайларды есепке алуға ерінбеді: 

сәрсенбі мен жұмада, ыстықта да, суықта да, жауын-шашын болғанда 

және ашық күнде де жем беру сағаты өзгермей, тұрақты болды. Алай-

да «Мені әрдайым сағат тоғызда жемдейді» деген тұжырым таңертеңгі 

кепілді  жемін  күткен  құс  аспазшыларға  боршалауға  берілген  сочель-

ник күні, яғни діни мейрамдардың бірінде күшін жойды.

Сөйтіп,  индуктивтік  қағиданы  әлдеқалай  негіздеу  үшін  жасалған 

әрекетінің кез келгені іс жүзінде сәтсіз болып, зерттеуші шексіз регрес-

ке (шегіну жолына) түсіп кетті.

Осыған  сүйеніп,  К.Поппер  зерттеу  бақылаулардан  емес,  қиын 

жағдайға  тап  болған  практика  мен  теория  мәселелерінен  басталады 

деп  санады.  Ғылыми  идеялардың  артықшылыққа  ие  бастаулары  жоқ 

және болуы мүмкін емес, дегенмен, әрине, миф, метафизика, түс және 

елестер жаңалықтар тудыруы мүмкін, бірақ ол кезде олар фактілермен 

расталуға, негізді болуға тиіс.

Өзінің  жалпыдүниетанымдық,  онтологиялық  құрылымдарында 

К.Поппер  «үш  әлем»  тұжырымдамасын  құрды.  Біріншісі  –  ол 



«физикалық  әлем»,  яғни  бізді  қоршаған  табиғат.  Екіншісі  –  «діл 

әлемі» – Платонның «идеялар әлеміне» ұқсас бірдеңе. Ал үшіншісі – 

мыңжылдықтар  бойы  адамзат  жинақтаған  «білімдер  әлемі»  (Ибн-

Рушдтың «адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты» сияқты әлдене).

К.Поппердің  пікірінше,  философия  –  ғылым  емес,  өйткені  оның 

негізгі  қағидаларын  бұрмалауға  болмайды.  Алайда  ол  адамға  осы 

әлемдегі оның болмысының мағынасын ашып береді және оған өмірден 

өз орнын табуға көмектеседі. Сол себепті ол философияның маңызын 

жоғары бағалайды.

Әлеуметтік  философияда  К.Поппер  адамзаттың  әлемдік  тари-

хында  қандай  да  бір  заңдылықтардың  бар  екенін  теріске  шығарады. 



255

Осы  тұрғыдан  ол  марксизмді,  әсіресе  коммунизм  идеясын,  –  оның 

моральдық  және  ақыл-ой  тартымдылығын  мойындаса  да,  –  өткір 

сынға салады.

Поппер  жасаған  «адымдық  әлеуметтік  инженерия»  әдістемесі 

(әлеуметтік  жобақұмарлыққа,  яғни  бос  әурешілікке  қарсы)  XX 

ғасырдың  екінші  жартысында  еуропалық  елдердің  әлеуметтік-

реформистік  ұйымдарының  теориясы  мен  практикасында  кең  пайда-

ланылды. 

Венгриядан шыққан американдық философ, «сыни рационализмнің» 

жарқын  өкілдерінің  бірі  имре  лакатосқа  да  Поппердің  ықпалы  зор 

болды.


Ол  ғылыми  рационализм  теориясының  әдістемелік  негізі  ретінде 

бұрмалау ұстанымын жаңа мазмұнмен толықтырды.

Ғылымның  дамуы  тарихын  зерттей  келе,  ол  «ғылыми-зерттеу 

бағдарламасының»  танымдық-әдістемелік  тұжырымдамасын  алға 

шығарды.  Кез  келген  жетілген  ғылымда  мейлінше  терең  теориялық 

құрылымдарды  алға  шығару  орын  алады  және  олар  бір-бірлерін 

бірізділікпен  ауыстырып  отырады.  Бірақ  ол  кезде  олар  осы  ғылымда 

қабылданған  «зерттеу  ережелеріне»  байланысты.  Егер  бір  ере-

же  келешегі  зор  бағыттарды  көрсетсе  (оң  эвристика),  ал  екіншілері 

тығырыққа  тірелген,  олардан  аулақ  болуды  қажет  ететін  бағыттарды 

(теріс эвристика) көрсетеді.

Кез  келген  ғылыми-зерттеу  бағдарламасының  өзіне  тән  ішкі  өзегі 

бар. Оған жүзжылдықтар бойы жасалған, шынайылығына ешкім күмән 

келтірмейтін барлық түсініктер кіреді. Өзекті айнала саны көп болжам-

дардан  тұратын,  ғылым  өзегін  қорғауға  арналған  «қорғаныс  белдігі» 

байланады. Қорғаныс белдігінің ерекшелігі – ғылымда ашылған жаңа 

фактілердің  қысымымен  кез  келген  теорияның  бұрмалауға  ұшырауы 

мүмкін  екендігі.  Сол  кезде  ескі  болжамдардың  орнына,  ғылым  жаңа, 

үндестіруге  бағытталған,  табиғатты  түсіну  және  жаңа  теорияларды 

жасау үшін жаңа фактілерді бере алатын сызбанұсқалар әзірлейді.

Бір  немесе  басқа  ғылыми-зерттеу  бағдарламасының  келешектегі 

табыстылығын  қалай  айқындауға  болады?  И.Лакатостың  пікірінше, 

егер  бағдарламаның  теориялық  тұжырымдамалары  тәжірибе  дерек-

терін басып озса, онда теориялық тұрғыда бір немесе басқа фактілердің 

болашақта  ашылуы  мүмкіндігі  жорамалданады,  сонда  бағдарлама 

биікке өрлейді. Бірақ егер ғылымда ашылған жаңа фактілер теориялық 

деңгейде  әрең-әрең  түсіндірілсе,  ол  бұл  бағдарламаның  күні  біткенін 

көрсетеді.  Сол  кезде  ғалымдар  ескі  бағдарламаларды  ғылым 



256

мұрағатына  жөнелтіп,  жаңа  ғылыми-зерттеу  бағдарламасын  құруды 

жанталаса қолға алады.

Ғылым  дамуының  тарихы  –  ол  әртүрлі  бағдарламалардың 

бәсекелестігі,  олардың  эвристикалық  мүмкіндіктерінің  ашылуы. 

Ғылымның өзінің ішкі және сыртқы тарихы бар. Ғылымның ішкі та-

рихы – бұл идеялар мен әдістемелік ұстанымдардың жүйелі ауысымы, 

ал ол кезде оның сыртқы тарихы ғылымның ұйымдастырушылық фор-

маларын және ұлы тұлғалардың қызметін ауыстырумен айналысады.

Лакатостың  әдістемесі  ғылымды  ұтымды  талдаудың  құралы,  XX 

ғасыр ғылымының аса маңызды жетістіктерінің бірі болды.

Постпозитивизмнің  көрнекті  өкілі,  ғылым  философиясындағы 

тарихи-эволюциялық бағыттың көшбасшыларының бірі – американдық 

тарихшы және философ томас кун болып табылады.

Ол ғылыми ұтымдылық теориясының негізіне алынған, ғылым ту-

ралы логикалық-позитивистік және «сыни-рационалистік» көзқарастан 

түбегейлі  айырмашылығы  бар  ғылыми  білімнің  тарихи  серпіні 

тұжырымдамасын жасады.

Кун  ғылым  деп:  бір  немесе  басқа  теорияларды,  әдістемелік 

қағидаларды, дүниетанымдық ұстанымдарды, нақты ғылыми нормалар 

мен этикалық құндылықтарды мойындайтын, ғылыми қауымдастықты 

біріктіретін  әлеуметтік  институтты  түсінді.  Осының  бәрі  ғылымның 

әлдебір парадигмасын – үлгісін (грекше – paradigma – үлгі) құрайды. 

«Ғылыми  революциялар  құрылымы»  атты  еңбегінде  (1963)  ол  пара-

дигма  деп  ғылыми  қауымдастық  таныған,  белгілі  бір  тарихи  уақыт 

шектеріндегі ғылымда жасалған зерттеу үлгілерін түсінеді. Ол: «Осы 

терминмен  мен  барлық  жерде  қабылданған,  азғантай  уақытқа  болса 

да, олардан мәселелер мен шешімдердің осы салада зерттеумен айна-

лысып жүргендердің көңілінен шығатын үлгісі қалыптасатын ғылыми 

жетістіктерді  белгілеймін»,  –  деп  жазды.  Парадигма  ғылымдарды 

әдістермен  қаруландырады,  белгілі  бір  уақыт  шектерінде  ғылымдағы 

бір немесе басқа жағдайдың ішкі өзегін құра отырып, іздену жолдарын 

көрсетеді. Ғылыми теория парадигмадан анағұрлым тарлау, өйткені өзі 

соның ішінде пайда болады. Басқа парадигманың шектерінде бұл тео-

рия жарамсыз. Оны жарамды ету үшін, қайтадан қарау керек.

Кейіннен  Т.Кун  парадигма  ұғымын  «пәндік  матрицаға»  (негіз) 

ауыстырады.  Сол  ретінде  философ  символикалық  қорытындылау 

үлгілерін,  тұжырымдамалық  үлгілерді,  әртүрлі  мәселелердің  ғылыми 

шешімін, сондай-ақ ғылыми қауымдастық қабылдаған құндылықтарды 

түсінеді.  Ғылымда  бір  немесе  басқа  үлгінің  басымдық  алуы  оның 


257

дамығанын  дәлелдейді.  Ашылған  жаңа  фактілер  қорытындыланады 

және  жүйеленеді,  зерттеу  шаралары  нақтыланады  және  т.б.  Алайда 

уақыт  өте  келе,  қолданылып  жүрген  парадигма  шектерінде  ғылымда 

ашылған  жаңа  фактілердің  табиғатын  түсіну  мүмкін  болмай  қалады. 

Ғылыми  қауымдастық  арасында  айтыс-тартыстар,  күмәндану  пай-

да  болып,  бұрынғы  құндылықтар  енді  қызмет  етуін  тоқтатады.  Бұл 

ғылымның  тоқырауына  әкеліп  соқтырады  және,  тиісінше,  жаңа 

үлгілерді іздеуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, құндылықтарын ғылыми 

қауымдастық таныған жаңа үлгілер пайда болады. Жаңа өнімді зерт-

теулер басталады.

Ғылымның дамуына осындай тарихи көзқарас постпозитивизмдегі 

жаңа сөз болды.

Т.Кун  енгізген  екінші  жаңалық  –  бір  немесе  басқа  үлгі  аясында 



тәжірибеге  негізделген  білімді  қарастыру.  Ғылымда  үлгіге  тәуелді 

болмай  өмір  сүретін  фактілер  жоқ.  Бір  немесе  басқа  үлгіні  игерген 

ғалым  барлық  фактілерді  соның  жарығымен  «көреді».  Фактілер  бір 

немесе  басқа  теориядан  тыс  өмір  сүре  алмайды,  ал  ол  кезде  теория 

фактілерді  қорытады  және  оларды  өмірде  қалай  пайдалануға  және 

қолдануға болатынын айқындап береді.

Кун  ұсынған  ғылым  үлгісі  –  ол  классикалық  рационализмнен 

шегіну, ұтымдылықты адамның ынтызарлықтары мен нақты мәдени 



дәуірлердің  ерекшеліктері  қатарына  сыйдыру  әрекеті.  Ұтымдылық 

қажетті  мүдделерді  ғана  көздейтін  (прагматикалық)  мағынамен 

толығады: адам өне бойы өзінің ұтымды әрекеттерін шынайы пайымға 

сілтеме  жасамай,  қызметіндегі  табыстары  арқылы  дәлелдеп  отыруға 

мәжбүр. Сондықтан табысқа жеткен соң, ол бәсекелес көзқарастардың 

алдында іс-әрекеттерінің пайымдылығы мен сәттілігі туралы пікірінен 

таймай,  өзінің  қызметін  пайымды,  ақылға  сыйымды  деп  атауға 

құқылы.  Әрбір  «ғылыми  қауымдастық»  өзінің  ұтымдылығына  өзі 

баға бере алады. Бірақ жекелеген тұлғаның еркіндігі мен ұтымдылығы 

«қауымдастықтың» ұжымдық әрекетімен және ақылымен шектелген.

Ғылым  философиясындағы  «тарихи»  бағыттың  негізін  салушы-

лардың бірі – британдық ғалым, физикалық химия саласының көрнекті 

маманы майкл полани (1891-1976).

Ғылым  және  адам  танымының  басқа  да  түрлері,  Поланидің  ойын-

ша,  таным  үдерістерінің  барлық  мүмкін  болатын  қайта  құрылуының 

(реконструкция) ішінен субъектінің түбегейлі жойылмайтындығынан 

тұратын тұтастық алған. Сол арқылы Поланидің ғылым философиясы 

өз идеялары мен әдістері арқылы әлеуметтануға жақын жанаса отырып, 


258

позитивизмге де, «сыни рационализмге» де, яғни XX жүзжылдықтың 

60-70  жылдарындағы  ғылым  философиясының  беделді  бағыттарына 

балама болды.

Полани  позитивистердің  негізгі  қағидаларын  –  «эмпиризм  бағдар-

ламасын» сынға алды. Сонымен қатар ол Поппердің таным үдерістерін 

мәдени-тарихи,  әлеуметтік  детерминациядан  (яғни  осы  құбылысты 

болдыруы мүмкін себептерден) алшақтатып, логикалық-рационалдық 

тұрғыда қайта құру мүмкіндігі туралы идеясына да қарсы шықты.

Поланидің  ойынша,  әлеуметтік-мәдени  тұжырым  факторлары 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруға  ғана  емес,  сонымен 

бірге оның мазмұнына да маңызды ықпал етеді. Ғылыми теорияларды 

бағалау үшін, ғалымдардың өзара қарым-қатынасында ғана алынатын 

және игерілетін «айқын емес білімнің» де ерекше маңызы бар. Бұл білім 

іс жүзінде айқын формада – суреттеу, диаграмма, нұсқаулықтар неме-

се оқулықтардағы мәтіндер түрінде көрінбейді. Ол қашанда зияткерлік 

пікірсайыстар  өтіп  жататын  сахна  «пердесінің  сыртында»  қалады, 

бірақ олардың мазмұны мен сипатына айтарлықтай ықпал етеді.

Ғылыми білім туралы Поланидің және оның ізбасарларының осын-

дай көзқарасы «сыннан кейінгі рационализм» деп аталды. Ол ғылыми 

ұтымдылықтың икемділеу түсінігін іздеуге бағытталу дегенді білдіреді. 

Ғылымның  алға  басуы  –  бәріне  ортақ,  «тұлғасыздандырылған» 

әлдебір  білімге  қарай  жүру  емес,  таным  үдерістеріне  жеке  қатысу 

мүмкіндіктерін  арттыру,  білім  беру  жүйелерін  кеңейту  және  кәсіби 

зерттеу қызметі болып табылады.

Постпозитивизмге және оның негізгі бағыттарына талдау жасауды 

аяқтай келе, тағы бір белгілі тұлға – ағылшын философы және ғылым 

әдіскері  пол  Фейерабендтің  шығармашылығына  тоқталмай  өтуге 

болмайды.  Өткен  ғасырдың  50-60  жылдары  ол  «эпистемологиялық 



жарылыс» жасады. Бұл нені білдіріп еді?

Ол  логикалық  эмпиризмнің  әдістемелік  бағдарламаларын  сынға 

алды. Сын нысанасына бәрінен бұрын ғылым дамуының кумулятивтік 

үлгісі, яғни ғылыми білімнің артуын барлық жаңа шынайы білімдердің 

бұрыннан  бар  дәл  сондай  шынайы  білімдер  жиынына  қосылуының 

үздіксіз  үдерісі  деп  жорамалдайтын  үлгі  ілікті.  Полға  бұл  ұнамады. 

Оның ойынша, кумулятивтік (шоғырландырушы) үлгінің негізінде екі 

жаңсақ ұстаным жатыр. Олар:

а)  жүйелі  түрде  бір-бірін  ауыстырып  отыратын  ғылыми  теорияға 

кіретін терминдер мағыналарының инварианттылығы (өзгермеушілігі, 

бір нәрсеге тәуелді болмауы немесе басқа нұсқасының болмауы);



259

ә)  алдыңғы  теорияның  қабылдаушы  теориядан  логикалық 

(қисынды) шығарылуы.

Ал  Фейерабендтің  пікірінше,  бір-бірін  ауыстыратын  теория-

лар  арасында  логикалық  қатынастар,  бірінші  кезекте  логикалық 

шығару  қатынастарын  белгілеуге  болмайды.  Ғылыми  терминдердің 

мағынасы  теорияның  бар  тұжырымымен  айқындалған,  сол  себепті 

бәсекелесуші  теориялар  терминдерінің  мағынасы  бірдей  болмауы  ке-

рек. Ол ғылымдағы әрбір теория өзінің санат (ғылыми ұғым) құралына 

сүйенетініне сенімді болды. Егер бір немесе өзге ұғым басқа теорияға 

ауысса,  онда  оның  мазмұны  дереу  өзгереді.  Сондықтан  теорияларды 

бір-бірімен салыстыру мүмкін емес. Олай болса, әр ғалымның өз тео-

риясын  құру  мүмкіндігі  бар.  Бір  немесе  басқа  теория  бәсекелестікте 

өзінің шындыққа жақынырақ болғаны үшін жеңбейді, оны ғылыми 



қауымдастықтың  насихаттауы  нәтижесінде  жеңіске  жетеді.  Енде-

ше, ғылым – ғылым өмір сүріп жатқан институттар, яғни: дін, мифоло-

гия, философия және басқаларының бір түрі ғана болып табылады. Сол 

себепті олар әлемді танып білуде теңдей болуға тиіс. Бұндай ұстаным 



«әдістемелік плюрализм» деп аталды, өйткені ол постпозитивизмнің 

шығармашылық әлеуетінің енді сарқылғанын көрсетті.

Дегенмен постпозитивизмнің әр ағымының қазіргі заманғы ғылым 

философиясында кең пайдаланылатынын атап өткен жөн.



8.4. структурализм

Позивитизмнің негізгі бағыттарына структурализм өте тығыз жа-

насады.  Бұл  –  XX  ғасырдың  гуманитарлық  танымындағы  бірқатар 

бағыттардың ортақ атауы. Олар құрылымды, яғни әртүрлі өзгертулер 

мен  түрлендірулер  барысында  орнықтылықты  сақтауға  қабілетті 

бірбүтіннің  элементтері  арасындағы  көпдеңгейлі  қатынастардың 

жиынтығын айқындауға байланысты. 

Структурализмнің даму үдерісі бірқатар кезеңдерді қамтиды:

–  әдістің қалыптасуы – бәрінен бұрын құрылымдық лингвистикада;

–  әдістің барынша кең таралуы;

–  әдісті барлық ғылымдық тұжырымдарға енгізу нәтижесінде оны 

айқындықтан айыру; 

–  сынау және өз-өзін сынау, постструктурализмге өту.

Бағыттың өзі Францияда пайда болды және ол швейцарлық тіл ма-

маны  Фердинанд  де  Соссюрге  (1857-1913)  байланысты  еді.  Ол  алғаш 

рет тілді жүйе (құрылым) ретінде қарауды ұсынды, тіл лингвистикасы 



260

мен  сөйлеу  лингвистикасының  шекарасын  ажыратты,  синхрония  (гр. 

sinchronis  –  бірмезгілдік,  дәл  сәйкестік)  мен  диахронияны  (гр.  –  dia  – 

арқылы, chronos – уақыт – тілдің уақыт ішінде ауысуы) бөліп көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет