ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


гетика деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің  шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика өз-өзін қалыптастырудың



Pdf көрінісі
бет37/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47

гетика деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің 

шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика өз-өзін қалыптастырудың 

теориясы ретінде қарастырылады. Оның негізгі постулаттары:

1.  Ғаламда бір-бірімен өзара байланысты екі үдеріс бар: біріншісі – 

бүліну,  ыдырау,  энтропия,  бейберекеттікке  ұмтылу;  екіншісі  –  келі-

сілген әрекеттер арқылы тәртіпке ұмтылу, күрделену, қайта өрлеу.

2.  Тәртіпке  ұмтылудың  және  күрделенудің  реті  (алгоритм)  

төмендегілерді қажет етеді:

а) дамушы жүйе ашық болуға, өне бойы қоршаған әлеммен заттар, 

энергия және ақпараттар алмасуы арқылы байланыста болуға тиіс;

ә)  жүйе  әртүрлі  болуға  тиіс,  яғни  онда  термодинамикалық  тепе-

теңдік  болмауы  керек,  әйтпесе  ол  ыдырайды.  Теориялық  физикада 

қаралатын жабық жүйелер дәріптеу болып табылады, шынайы әлемде 

іс жүзінде барлық жүйелер – ашық.

Синергетика ашық, тең салмақты емес, ашық жүйелерде өне бойы 

ары  қарай  реттелу  және  күрделену  үдерістері  болып  жататынына 

сендіреді.  Басында  оқиғалардың  орын  алуы  барысын  болжауға  бо-

лады.  Бірақ  уақыт  өте  келе,  жүйе  өзінің  орнықсыз  жай-күйіне,  би-



фуркация  деп  аталатын,  яғни  оның  ары  қарайғы  дамуының  векторы 

айқындалатын  нүктесіне  жетеді.  Ал  ол  векторды  «Ұлы  мәртебелі 



кездейсоқтық»  айқындайды.  Есепсіз  мүмкіндіктердің  ішінен 

кейіннен  жүйенің  бейнесін  қалыптастыратыны  жеңіп  шығады.  Жүйе 

күрделенуінің жаңа айналымы басталады.

Алайда жүйені қалыптастырудың деңгейін көтеру үшін, қоршаған 

ортадан  мүмкіндігінше  көп  энергия  мен  ақпарат  алу  қажет,  яғни 

соңғыны берекетсіздендіруді іске асыру керек.

Бір  немесе  басқа  ұйымдасқан  жүйе  үнемі  әлдебір  сыртқы 

күштердің  бүлдіргіш  әсерін  сезеді  және  сол  себепті  өз-өзін  сақтау 

үшін, қарсы әрекет көрсетеді. Бірақ кез келген жүйе шектеулі, ал оны-

мен  салыстырғанда,  Әлем  –  орасан  үлкен.  Өзінің  қарсы  әрекет  ету 



335

әлеуетін сарп етіп болғанда, ол сөзсіз ыдырайды. Бірақ бейберекеттік 

шектерінде  тәртіпке,  күрделенуге  және  жетілуге  ұмтылатын  жаңа 

құрылымдар пайда болады...

Сөйтіп,  синергетика  тек  жанды  табиғаттың  дамуын  ғана  мойын-

дап  қоймайды,  сонымен  бірге  ол  осының  бәрі  жансыз  табиғатқа  да, 

қоғамға да, рухани өмірге де тән деп санайды. Бұл үдерісте «кездейсоқ 

жағдайдың» маңызы орасан және сондықтан ешкім ешқашанда Әлем-

нің  болашақтағы  дамуын  болжай  алмайды.  Әлем  ешқашан  өзінің 

мүлтіксіз  жетілуіне  жетпейді,  сол  себепті,  бір  жағынан,  тәртіп  пен 

күрделенуге ұмтылу, екінші жағынан, ыдырау мен күйреу болып жа-

тады.


1.5. ғылыми танымның дамуы

Ғылымның  дамуы  мәселесі  ғылым  философиясының  ең  негізгі 

мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Ғылыми  таным  деректер  және, 

тиісінше, теориялар қорын сан жағынан кеңейту арқылы жай  эволю-



циялық жолмен дами ма немесе секіріс, түбегейлі өзгерту, бұрынғы 

сатыда  қол  жеткен  көзқарастар  мен  ұстанымдарды  терістеу  арқылы 

жаңа сапаға өту жолымен дами ма? 

Ғылым  ғылыми  білімдерді  бірте-бірте  жинақтау  арқылы 



кумулятивтік жолмен дами ма немесе бұрынғы тұжырымдамаларды, 

постулаттарды, түсініктерді теріске шығару арқылы кумулятивтікке 



қарсы жолмен дами ма?

Ғылыми  білімнің  дамуын  ғылымның  өзінің  ішкі  логикасына  (ин-



тернализм) сүйеніп немесе ғылымға қатысты әлеуметтік-мәдени және 

басқа  факторлардың  сыртқы  әсері  (экстернализм)  арқылы  түсінуге 

бола ма?

Барлық осы жоғарыда көрсетілген сұрақтарға ғалымдар әртүрлі жа-

уаптар береді.

Кумулятивтік  тұжырымдаманы  жақтаушылар  ғылымның  дамуын 

тұрақты  үдеріс  деп  қарайды:  И.Ньютонның  ойшылдар  туралы  және 

алыптардың иығында отырған ергежейлілерге қатысты кең танылған 

ойын  еске  түсіріңіз.  Неміс  классикалық  философиясынан,  Гегельдің 

шығармашылығынан  біз  Дара  идеяның  қоғам  адамы  арқылы  өз-өзін 

тануының  қалай  болып  жататынын  айқын  көреміз.  Позитивизмнің 

негізін  салушы  О.Конт  та  соған  ұқсас  көзқарастарды  ұстанып,  адам 

рухы  дамуының  үш:  әлемдегі  барлық  үдерістер  Құдай  берген  күш-

қуат арқылы түсіндіріледі дейтін теологиялық (діни); ұлы философтар 


336

барлығын  қамтитын  метафизикалық  жүйелерді  құрған  метафизика-



лық  (философиялық)  және  оң  (ғылыми)  сатыны  мойындайды.  Ғылым 

дамуын  кумулятивтік  түсіну  –  жаңа  ғылым  қашанда  ескіден  гөрі 

жетілген  және  дәл  дегенге  саяды.  Олай  болса,  бұрын  жинақталған 

(кумулятивтік)  білімдер  бүгінгі  ғылымның  алдыңғы  тарихы  ретінде 

әрекет  етеді.  Бұл  жағдай  алдыңғы  мыңжылдықтарда  өмір  сүрген 

адамдардың  өмірі,  күйзелістері,  ашқан  жаңалықтары,  қуаныштары 

мен  қасіреттері  осы  жетілген  қоғамдағы  тұлғаның  гүлденуіне 

арналған  құнарлы  топырақ  ретінде  ғана  қаралатын  коммунизм  идея-

сын есімізге түсіреді. Осындай көзқарас болғанда, әлеуметтік-мәдени, 

психологиялық,  тұлғалық  және  басқа  да  факторлар  ғылым  дамуында 

өзінің  мағынасын  жоғалтып,  ішкі  сана-сезімінен  айырылады.  Міне, 

осы  жағдайларды  алғаш  рет  Э.Барт  айқын  көрсеткен-ді.  Оның  ойын-

ша,  әрбір  ғалым  әрдайым  өз  заманының  әлем  жайындағы  идеяларын 

бөліседі  және  адамның  сана-сезімінің  өзінде  метафизика  элементтері 

қашанда бар. Ғылыми танымның философиямен өзара байланысы ту-

ралы  бұл  идея  ғылыми  таным  дамуының  жолдарын  ары  қарай  жете 

ойластыруда елеулі рөл атқарды.

  XX  ғасырдың  ортасына  қарай  ғылыми  танымға  біртіндеп  және 

үздіксіз  жүретін  үдеріс  ретінде  қарайтын  көзқарас  қабылданбайтын 

көзқарасқа  айналды  –  ғылымдағы  революция  идеясы  пайда  болды. 

Алғаш рет ол идеяны өзінің «Галилей этюдтері» деп аталатын еңбегінде 

а.койре  айтқан-ды.  Оның  пікірі  бойынша,  Жаңа  дәуірдің  ғылымы 

аристотельдік метафизикадан жаңа (сол заманғы) метафизикаға өтудің 

нәтижесінде секіріс, яғни революция жасады. Ғылымның бірқалыпты 

және  дәйекті  дамуы  фактілердің  жинақталуы  есебінен  емес,  ішкі 



оқиғалылық  есебінен  болады.  Бұндай  көзқарас  ғылымның  дамуын 

түсінуде интернализмнің бұрқ етуіне түрткі болды.



Интернализм  ғылыми  таным  дамуының  ішкі  заңдылықтарымен 

басқарылатын  ғылым  тарихы  ретінде  түсініледі.  Оның  үстіне, 

әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдениеттанушылық, психологиялық 

сияқты  факторлар  ескерілмейді,  жоқ  дегенде,  олардың  ғылым 

дамуындағы шешуші фактор ретіндегі рөлі теріске шығарылады. Ин-

терналистерге А.Койре, И.Лакатос, К.Поппер және басқалары жатады. 

Мысалы,  К.Поппер  өзінің  үш  әлем  туралы  ілімінде  білімдер  әлемін 

адам  қолымен  жасалған  өзгеше  әлем  деп  таниды.  Белгілі  бір  сәттен  

бастап, бұл әлем өзінің ішкі мүмкіндіктері негізінде дамитын тәуелсіз, 

объективті  әлемге  айналады.  Әлбетте,  әлеуметтік  факторлар  оған 

ықпал етпей қоймайды. Алайда олар шешуші факторлар болмайды.


337

Интернализм  эмпириялық  және  ұтымды  (рационалдық)  деп 

бөлінеді.

Эмпириялық  интернализм  ғылымда  жаңа  фактілердің  ашылу-

ын  бірінші  дәрежелі  маңызды  іс  санайды,  өйткені  олар  –  ғылыми 

танымның  негізгі  бастауы.  Теориялық  білімге  келсек,  ол  ашылған 

фактілерді қорыта және жүйелей отырып, оның соңынан келеді.



Ұтымды  интернализм  ғылымның  дамуына  ғалымдардың  басында 

болып жататын шығармашылық үдерістер немесе ашылған идеялардың 

тәртібін және реттілігін өзгерту себеп болады деп есептейді. Бірақ біз 

не  айтсақ  та,  ұтымды  интернализмнің  терең  тамырлары  зияткерлік 



преформизмге  –  ғылымның  бар  мазмұны  априорлық  сипаттағы 

белгілі бір идеялардан шығады дейтін сенімге кетеді.



Экстерналистер  ғылыми  таным  дамуындағы  әлеуметтік-мәдени 

детерминанттың шешуші рөлін мойындай отырып, тура қарама-қарсы 

көзқарас  ұстанады.  Бұндай  көзқарастың  болатын  жөні  бар:  өйткені 

ғалым – елсіз аралда өз зертханаларымен өмір сүрген Робинзон емес, ол 

қашанда өз заманының әлеуметтік-мәдени, саяси, психологиялық және 

басқадай  қатынастарының  түйініне  еніп  кеткен.  Экстерналистердің 

ойынша, ғалымның танымдық мүдделерін асыра бағалауға болмайды. 

Таным  қашанда  қоғам  мүдделерінен  келіп  шығатын  міндеттерді  ше-

шуге бағытталған. Экстерналистерге Дж.Бернал, Д.Нидам, Т.Кун және 

басқалары жатқызылады. 

Тарихи  тұрғыда  экстернализм  Жаңа  дәуірдің  тууымен  бірге  пай-

да  болған.  Капитализм  адамдарды  сословиелік  заңдарға  тәуелділік 

бұғауынан  азат  етіп,  экономикадан  тыс  мәжбүрлеуді  экономикалық 

мүддемен ауыстырды. Нәтижесінде, өндіргіш күштер жедел қарқынмен 

дамып,  машина  индустриясы  пайда  болды.  Ф.Бэконның  аузымен: 

«Ғылым – күш» болып жарияланды. XIX ғасырда марксизм бұл идея-

ны толық қолдап шықты. Ф.Энгельстің ойынша, егер қоғамда әлдебір 

қажеттілік  туса,  онда  ол  ғылымды  ондаған  университеттің  бірлесе 

ілгерілеткенімен салыстырғанда, он есе жылдам дамытқан болар еді.

Қоғам  қажеттіліктерінің  ғылым  дамуындағы  рөлін  мойындай 

отырып,  ғалымдар  мәселені  нақтылауда  әртүрлі  жауаптар  береді. 

Біреулері  экономиканың,  техникалық-технологиялық  факторлардың 

(Дж.Бернал)  шешуші  рөлін  мойындаса,  екіншілері  мәдениеттің  ба-

сым  рөлін  (О.Шпенглер),  үшіншілері  қоғамның  рухани  әлеуеті  – 

діннің,  философияның,  өнердің,  ұлттық  сана-сезімнің  шешуші  рөлін 

көрсетеді.


338

Екінші  мәселе:  әлеуметтік  факторлар  ғылыми  ізденістердің 

қарқыны мен бағыттарына ғана ықпал ете ме, әлде зерттеу әдістері мен 

олардың ғылыми нәтижелеріне де әсері бола ма? XX ғасырдың 70 жыл-

дарына дейін ғалымдар сұрақтың бірінші бөлігіне ғана оң жауап беріп 

келді  (жаратылыстану  қоғам  құндылықтарына  бейтарап  қарайды). 

Олар  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  ғана  әртүрлі  таптардың, 

әлеуметтік  топтардың  мүдделері  мен  мақсаттарының  билігінде  бола-

ды деп санайды (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ю.Хабермас және басқалары). 

Алайда кейінгі онжылдықтарда жаратылыстанудағы ғылыми зерттеу-

лер мен заман құндылықтарының өзара байланысы байқалды (Т.Кун, 

П.Фейерабенд).  Соның  түйінінде  ғана  әр  кездері  ғылымда  болып  жа-

татын  сапалы  өзгерістерді,  сондай-ақ  ғалымдардың  ғылыми  револю-

циялар кезіндегі әртүрлі құндылық ұстанымдарын; сан түрлі ғылыми-

зерттеу бағдарламаларының бір-бірлерімен күресін түсінуге болатыны 

белгілі болды.

Алайда  бұл  жердегі  қиындық  ғылым  дамуында  нені  ішкі,  ал  нені 

сыртқы  факторлар  деп  санауға  болатындығында  жатыр.  Мысалы, 

К.Поппердің  пікірі  бойынша,  ғылымда  жаңа  заңдарды  ашу  ғылыми 

таным дамуының сыртқы факторы болса, ал Дж.Гилберт оларды ішкі 

фактор деп айқындайды. Бір ғалымдар әлеуметтік және психологиялық 

факторларды  ішкі  деп  санаса,  Т.Кун  мен  М.Полани  ішкі  факторлар 

деп  есептейді.  Егер  К.Поппер  фактілерді  ғылымның  кумулятивтік 

әсері бар дара құндылығы санаса, Т.Кун салыстырмалы құндық дейді, 

өйткені  олардың  мазмұны  зерттеудің  алдын  ала  берілген  үлгісімен 

айқындалады.  Бұл  жағдайды  «Қазаншының  еркі  бар,  қайдан  құлақ 

шығарса» деген қазақ мәтелі әбден дұрыс түсіндіреді.

Біздің: «Шындық қайда?» – деген заңды сұрақ қоюымызға болады 

ғой.

Шындық,  сірә,  әдеттегідей,  ортада  жатқан  сияқты.  Егер  қоғамда 



сұраныс  болмаса,  ғылыми  қауымдастық  орын  мен  уақыттың  нақты 

жағдайларында бір немесе басқа ғылыми мәселеге көңіл аудармауы да 

ықтимал. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, бұл жаңалық ашылуы мүмкін, бірақ 

көрсетілген  уақытта  ол  «terra  incognito»  (игерілмеген,  бейтаныс  жер) 

болуы  да  мүмкін.  Әлеуметтік  сұраныс  және  тапсырыс  дегендердің 

мағынасы ғалымдардың осы бағыттағы ізденістері үшін түрткі себеп 

ретінде әрекет ететіндігі болса керек. Бірақ, екінші жағынан, егер бір 

немесе басқа ғылыми қауымдастықтың ғылыми жетістіктерінің деңгейі 

төмен күйінде қалса, онда ғылыми мәселенің шешімі де орындалмаған 

болып шығады. Бейнелі түрде айтқанда, ғылым жаңа идеяға «жүкті» 



339

болуға,  ал  оның  дүниеге  келуі  үшін,  қолайлы  әлеуметтік  жағдайлар 

жасалуға тиіс.

Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясы  ғылымның  өркендеуі 

мәселелерін  жете  ойластыруда  ғылыми  революциялар  тұжырым-

дамасының  негізін  салушы  бола  отырып,  үлкен  рөл  атқарды,  өйткені 

өрлеу идеясы өркендеу идеясымен алмасты. Ал XX ғасырдың басын-

да жаратылыстануда орын алған тоқырау, жалпы, танымның ғылыми 

сипатына қатысты күмән келтіре отырып, бірқатар сұрақтар туғызды. 

Шындығында,  әлемнің  жүзжылдықтар  бойы  қалыптасқан  ғылыми 

бейнесінің  барлық  негіздері  өзгерсе,  қандай  ғылыми  таным  туралы 

сөз  болуы  мүмкін?  Әлемнің  Қайта  өрлеу  және  Жаңа  дәуір  алыпта-

ры  (Г.Галилей,  Н.Коперник)  құрған  механикалық  бейнесі  көз  алды-

мызда  күл-талқан  болды.  Жоғарыда  аталған  факторлардың  барлығы 

ғылымда ғылыми революциялар тұжырымдамаларының пайда болуы-

на  келтірді.  Оның  жете  ойластырылуына  американдық  ғалым  томас 



кун үлкен үлес қосты.

Т.Кунның  пікірі  бойынша,  ғылымның  дамуы  біркелкі  емес: 

белгілі  бір  уақыт  өткенде,  дамудың  біртіндеп,  қалыпты  келе  жатқан 

кезеңдері  оның  парадигмалық  негіздерінің  өзгеруіне  байланыс-

ты  күрт  революциялық  секірістерге  ауысады.  Неге  олай  болады? 

Мәселе  кез  келген  қалыпты  ғылымның  белгілі  бір  үлгілер  негізінде 

дамитындығында. Сол деп ғалым: барлық жерде бірдей қабылданған, аз 

уақытқа болса да, мәселелер мен олардың шешімдерінің парадигмасы 

солардан  қалыптасатын,  осы  салада  зерттеумен  айналысатындардың 

барлығының көңілінен шығатын ғылыми жетістіктерді түсінді. Оның 

үстіне, ғылыми парадигма (кейіннен бұл терминді ол «тәртіп үлгілері» 

деген ұғыммен ауыстырды) бәсекелестік күрес жағдайында, сондай-ақ 

қоғамның  бүкіл  әлеуметтік-мәдени  өмірінің  ықпалымен  қабылданды. 

Парадигма  ғылыми  зерттеулердің  негізгі  бағыттарын,  пайда  болған 

мәселелерді шешудің әдістері мен жолдарын айқындайды.

Алайда  уақыттың  әлдебір  кезеңінде  бар  фактілердің  аясын-

да  бұрын  алынған  жаңа  фактілердің  түсіндірілуінде  белгісіздік, 

қиындық  жағдайы  туады.  Ол  ғылыми  қауымдастықтың  бір  бөлігінің 

іс  жағдайына  қанағаттанбауына  әкеліп  соқтырады,  нәтижесінде, 

зерттеудің жаңа балама үлгілерін іздеу арқылы жеңуге болатын ғылым 

тоқырауы  орын  алады.  Бәсекелес  күресте  ғылыми  қауымдастықтың 

көпшілігі  үшін  қабылдауға  тұрарлық  болған  тұжырымдама  (ғылыми 

болжам,  идея)  жеңіске  жетеді;  содан  кейін  ол  зерттеудің  жаңа  пара-


340

дигмасына  айналады.  Нәтижесінде,  тоқырау  еңсеріліп,  ғылымның 

қалыпты дамуының жаңа кезеңі басталады.

Айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ғылыми  таным  ғылыми 

қауымдастық  санасының  аясында  өзгереді  деп  тұжыруға  болады. 

Сонымен  бірге  ғылыми  танымның  мазмұны  сыртқы  объективтік 

шындықтың әсерімен қалыптасады.

Ғылыми  таным  диалектикалық  тұрғыда  дамиды,  демек,  өз 



дамуының  бағыттылығы  және  кері  дамымайтын,  бұрылмайтын  си-

паты  бар.  Лобачевскийдің  немесе  Риманның  геометриясының  Ев-

клидов  геометриясынан  бұрын  пайда  болғанын  көзге  елестету  қиын. 

Сонымен  қатар  қазіргі  заман  білімі  тұрғысынан  алғанда,  біз  Евкли-

дов  геометриясының  заттардың  кеңістіктік  сипатын  «қарапайым 

өлшеуде»  қарабайыр  екенін  түсінеміз.  Евклидов  геометриясы  бойын-

ша,  бір  нүктеден  екіншісіне  қарай  бір  ғана  параллель  сызық  жүргізе 

аламыз,  ал  үшбұрыштың  үш  бұрышының  қосындысы  180  градусқа 

тең.  Лобачевскийдің  геометриясы  бойынша,  бір  нүктеден  екіншісіне 

қарай бірнеше параллель сызық жүргізуге болады, ал үшбұрыштың үш 

бұрышының қосындысы 180 градустан кем. Ал Риманның геометрия-

сында – бәрі керісінше.

Бұл айтылғандар ғылымдағы секірістерді мойындаудың қажеттігін 

көрсетеді,  ал  секіріс,  жаңа  сапаға  өту  бар  жерде  –  даму  да  бар,  ол 

соңғыға терістеу ілесе жүреді, ол, өз кезегінде, өткен кезеңнен өмірге 

барша  бейімділікті  сақтап,  оны  жаңа  деңгейге  шығара  алады.  Онсыз 

дамудың жібі үзілген болар еді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, ғылым дамуының қозғаушы күштері 

мәселесін  қарай  отырып,  интернализмді  де,  экстернализмді  де  қатар 

алып  жүру  керек.  Басымдықтар,  артықшылықтар  жайында  айтсақ, 

онда,  әлбетте,  әлеуметтік  сұраныс  ерте  ме,  кеш  пе,  міндетті  түрде 

әртүрлі  ғылыми  мәселелердің  шешілуіне  жеткізеді.  Ал,  ақырында, 

ұлы  Альберт  Эйнштейннің:  «Ғылым  ешқашан  да  аяқталған  кітап 

болмаған  және  болмайды  да.  Әрбір  маңызды  жетістік  жаңа  сұрақтар 

тудырады.  Уақыт  өте  келе,  кез  келген  даму  жаңа  және  тереңірек 

қиындықтар  тауып  отырады»,  –  деген  сөздерін  есте  сақтау  керек 

(«Симфония разума» кітабы бойынша дәйексөз. – М.; 1976. – 292-бет).


341

2-тарау. ғалым маманДығы: 

әлеуметтік сипаттама

2.1. ғалым мамандығының ерекшеліктері туралы

«Мамандық»  ұғымы  Жаңа  дәуірде  еуропалық  қала  мәдениетінде, 

яғни әртүрлі шеберханалар шығып, оларда адамдар еркін жалдамалы 

жұмыспен  қамтылған  кезде  пайда  болған.  Одан  кейінгі  даму  кәсіби 

қызметтің  үлгілерін  қалыптастыруға  келтіріп,  содан  кейін  ол  үлгілер 

тиісті  әлеуметтік  және  ұйымдастырушылық-техникалық  нормаларда 

бекітілді.

Бүгінгі  таңдағы  әлемде  серпінді  дамып  жатқан  қоғамның  ұлғайып 

отырған  барлық  талаптарын  қанағаттандыруға  бағытталған  мыңдаған 

әртүрлі  мамандықтар  бар.  Оның  үстіне,  әрбір  мамандықтың  өзіне  тән 

парасат-пайымдық құрамдас бөлшектері, іс-әрекет үлгілері және қызмет 

технологиясы, қарым-қатынас нормалары, дәстүрлері және т.б. бар.

Соған байланысты: «Ғалым мамандығының ерекшелігі неде?» – де-

ген сұрақ туады.

Қолда  бар  әдебиетте  оның  төмендегідей  ерекшеліктері  ажыра-

тылады:  біріншіден,  ғалымның  бойында  (қолында  десек  те  болады) 

шындықтың  бір  немесе  басқа  көрінісін  зерттеу  барысында  адамзат 

қол  жеткізген  арнайы  білімдер  жиынтығы  бар.  Ертеректе  Ф.Бэкон 

айтқандай, ғалымның әлемге «өз үңгірінің» терезесі арқылы қарауына 

болмайды, ол заманға сай биік жетістіктердің шыңына көтерілуге тиіс. 

Ал  ол  үшін  кез  келген  қазіргі  заманғы  қоғамдарда  жоғары  білімді, 

жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтитын, әртүрлі кітапханалары, 

мұрағаттары, зертханалары және т.б. бар арнаулы білім беру институт-

тары жұмыс істейді. Сол институттардан өткенде ғана, студент, магис-

трант  немесе  аспирант,  докторант  бола  отырып,  тыңғылықты  еңбек 

нәтижесінде адам ғалым мамандығын иеленеді.

Екіншіден,  ғалымның  қызметін  бағалағанда,  оның  туған  жері, 

ұлты,  саяси,  эстетикалық  және  басқадай  көзқарастары  маңызды 

емес.  Бастысы  –  өз  мамандығының  мәселелерін  терең  игеру,  оларды 

өмірде,  тәжірибеде  қолдана  білу;  білімнің  тиісті  саласына  қомақты 

үлес  қосуға  мүмкіндік  беретін  шығармашылық  әлеует.  Ғалымның 

қызметіне,  оның  ғылыми  қауымдастықтағы  рөлі  мен  орнына  бағаны 

«билік иеленушілер», бюрократтық құрылымның немесе әлдебір басқа 

ұйымның  басқарушылары  емес,  –  әріптестері,  ал  кең  ауқымда  осы 



мамандықтың өкілдері береді. Бұдан ғалымдар алуан түрлі ғылыми 

мамандықтардың дербес сипатын көреді.



342

Үшіншіден,  ғалым  еңбегінің  ақысын  төлеу,  шығармашылық 

еңбектің материалдық және моральдық ынталандырылуы формала-

рын айтқан жөн. 

XII  ғасырдың  өзінде-ақ  Ахмед  Иугнеки  ең  жоғарғы  әділет-

сіздіктердің бірі өнер адамдарының (ол кезде өнер адамдары дегеннің 

ішінде  ғылыми  қызмет  те  түсінілетін)  еңбегін  төлеудің  төмен  екенін 

өкінішпен  айтқан-ды.  Сол  алыс  заманнан  бері  қарай  істің  жай-күйі 

тіпті  де  өзгерген  жоқ.  Адамды  ғылым  жолына  итермелейтін  бас-

ты  фактор  –  еңбекақы  төлеудің  деңгейі  емес,  ғылымға  бейімділік, 



шығармашылық  дарынын  көрсетуге  ұмтылу.  Өкінішке  қарай, 

лайықты  өмірді  қамтамасыз  ету  үшін,  адамдар  кейде  күш-қуаттарын 

әлдебір  кертартпа  қызметке  сарп  етіп,  «қосымша  жұмыспен  ақша 

табуға»  мәжбүр  болады.  Ал  бұл  кейде  жоғары  оқу  орнының  кейбір 

қызметкерлерін  моральдық  ахуалды  бұзып,  қоғам  алдында  ғылым 

адамдарының әлеуметтік мәртебесін төмендете отырып, пара алудың 

қитұрқы түрлеріне баруға итермелейді.

Соңғы  онжылдықта,  жаңбырдан  кейін  қаптаған  саңырауқұлақтай, 

қайдағы бір «академиялар» пайда болып, белгілі бір ақы үшін солар-

дың  құрамына  кіргісі  келетін  «мүше-корреспонденттердің»  немесе 

«академиктердің»  атағы  беріліп  жатыр.  Соның  нәтижесінде  ғылымға 

танылып үлгірмеген «қайраткерлер» кенет «академиктер» болып шыға 

келеді,  ал  шынайы  ғалымдар  көлеңкеде  қалып  қояды,  бұл  да  ғалым 

беделіне нұқсан келтіреді. Соған байланысты қоғамда шығармашылық 

зияткерлік еңбектің лайықты орны жайында мәселе көтеріледі.

Ал, ақыр соңында, төртіншіден, ғалымның жемісті шығармашылық 

қызметі  ғылыми  мекемелер  дамыған  ақпараттық  қор  иелен-

ген  жағдайда  ғана  мүмкін  болады,  өйткені  ғылыми  мамандық 

жүзжылдықтар бойы жинақталған білімдерсіз мүмкін емес.

Әлбетте, ғылымдағы жаңалықтарды тарих сахнасында туынды жа-

сап  жатқан  нақты  тірі  тұлғалар  ашады.  Алайда  ол  жаңалықтардың 

маңыздылық дәрежесі, бір немесе басқа ғалым қосқан үлестің маңызын 

анықтау  –  ғылыми  қауымдастықтың  бағасына  байланысты.  Ал  ол 

үшін  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелері  және  олардың  жетістігіне 

жеткізген әдістер мен амалдар ғылыми басылымдарда жариялануға 

тиіс.


Зерттеуші  жаңалықты  «таза  парақтан»  тудырмайтын,  білімдердің 

алдыңғы  қорларына  сүйенетін  болғандықтан,  ол  тиісті  бастауларға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет