Қазақстан Республикасындағы теміржолшылар мен көлік



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#8213
  1   2   3   4   5

 

Қазақстан Республикасындағы 



теміржолшылар мен көлік 

құрылысшылары Кәсіподағы 

құрылтай съезінде 1992 жылғы 26 

наурызда бекітілген   

Қазақстан Республикасындағы 

теміржолшылар мен көлік 

құрылысшылары Кәсіподағының   

кезектен тыс съезінде

 

өзгертулермен 



және толықтырулармен1995 жылғы                         

6 желтоқсанда бекітілген 

«Қазақстан Республикасының 

теміржолшылар кәсіби одағы»   

қоғамдық бірлестігінің   IV съезінде 

өзгертулермен және 

толықтырулармен 2000 жылғы  21 

қыркүйекте бекітілген 

Қазақстан Республикасының 

теміржолшылар кәсіби одағы» 

қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс 

VIII съезінде толықтырулармен 2014 

жылғы 19 қараша бекітілген 

«Қазақстан Республикасының 

теміржолшылар кәсіби одағы»   

қоғамдық бірлестігінің IV съезінде 

өзгертулермен және 

толықтырулармен 2010 жылғы 29 

қыркүйекте бекітілген 

Қазақстан Республикасы көлік   

саласы кәсіби одағы Бірлескен   

съезінде толықтырулармен 2015 

жылғы 27 ақпанда бекітілген 

 

 

 

 

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе 



және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» 

қоғамдық бірлестігінің 

ЖАРҒЫСЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

1.Жалпы ережелер 

1.1.  Теміржол,  автокӛлік,  әуе  және  су  кӛлігі  қызметкерлерінің 

қазақстандық салалық

 

кәсіби одағы, мұнан әрі «Кәсіподақ» деп аталынады және 



ӛз  мүшелерінің  ӛндірістік  әрі  кәсіби  мүдделерінің  бірлігі  негізінде  құрылған 

салалык, тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік болып табылады. 

1.2. Кәсіподақ заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының 

Ата  заңына,  Заңдарына,  халықаралық  құқықтың  кӛпшілік  мақұлдаған 

нормаларына және осы Жарғыға сәйкес қызмет етеді. 

1.3.  Кәсiподақ  жарғыларды,  құрылымды  ӛз  бетінше  әзірлейді  және 

бекітеді,  қызметтің  басым  бағыттарын  айқындайды,  кәсіподақ  органдарын 

құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа 

да іс-шаралар ӛткізеді. 

Кәсіподақ  ӛз  қызметінде  барлық  деңгейдегі  мемлекеттік  органдардан, 

саяси  партиялардан,  жұмыс  берушілер  мен  олардың  бірлестіктерінен  тәуелсіз 

болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді. 

Кәсіподақтың  олармен  қарым-қатынастары  тең  ынтымақтастық  және 

әріптестік қағидаттары негізінде құрылады.   

1.4.  Кәсіподақ  басқа  кәсіподақтармен  қызмет  істеуге  құқы  бар, 

республикалық  және  халықаралық  кәсіподақ  қозғалыстарына  қатысады, 

ынтымақтастық  жӛнінде  келісім  негізінде  басқа  қоғамдық  ұйымдармен  және 

шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен іскерлік байланыстарға түседі. 

1.5. 


Кәсіподақ 

Қазақстан 

Республикасының 

жартысынан 

кӛп 

облыстарының аумағында қызмет жасайды.   



1.6.  Кәсіподақтың  банктерде  есептік  және  басқа  шоттары,  мӛрі,  мӛр 

табаны, бекітілген үлгідегі бланкілері болады. 

1.7.   Орналасқан  жері:  010000  ,Қазақстан  Республикасы,  Астана  қаласы,   

Есіл ауданы, Д. Қонаев кӛшесі, 6 үй.  

 

2. Кәсіподақ қызметінің мақсаттары және нысаны, олардың 



құқықтары мен міндеттері 

 

2.1. Кәсіподақтан кӛрсетілетін қызмет аясы: Кәсіподақ мүшелерінің жеке, 



ұжымдық, кәсіби және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүлдделерін 

білдіру,  кӛрсету  және  қорғау,  қайырымдылық  акцияларына  қатысу,  мәдени 

және спортты-денсаулықты жақсарту шараларын жүргізу. 

2.2.  Кәсіподақ  ӛз  мүшелерінің  еріктілігі,  тең  құқықтығы  мен 

ынтымақтастығы  негізінде  олардың  еңбек,  кәсіби,  сондай-ақ  басқа  да 

әлеуметтік-экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатында 

құрылады және қызмет етеді 

2.3. Кәсіподақ ӛзінің мүшелерін қорғау үшін ӛзінің сайланбалы органдары 

арқылы: 

-  кәсіподақ  ұйымдарының  қызметін  біріктіруге,  бағыттауға  және 

үйлестіруге; 

-  мемлекеттік  билік  органдарында  және  жұмыс  берушінің  алдында, 

соттарда ӛзінің мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін 


 

білдіруге  және  қорғауға,  прокурорлық  қадағалау  ӛрісіне  жататын  нормативтік 



құқықтық актілер бойынша қарсылық білдіру туралы ӛтініш жасауға; 

-  мемлекеттік  органдардың  ӛкілдерімен  және  жұмыс  берушілермен 

келіссӛздер жүргізуге, келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу кезінде әлеуметтік 

әріптестіктің тарапы болып әрекет ету және олардың орындалуына бақылауды 

іске асыруға; 

- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты заңнамалық 

және  нормативтік  актілерді  жетілдіру  мәселелері  бойынша  мемлекеттік 

органдарға  ӛтініш  жасауға,  олардың  құқықтарын  нашарлататын  нормативтік 

актілерді жоюға қол жеткізуге

-  әлеуметтік-еңбек  қатынастарына  қатысты  мәселелер  бойынша,  оның 

ішінде  еңбек  ақы  тӛлеуді  ұйымдастыру  және  нормалау,  бюджеттік  және 

салықтық  саясат,  жұмыспен  қамту,  еңбек  қорғау  және  еңбек  қауіпсіздігі 

мәселелері бойынша заң жобаларын, басқа да нормативтік құқықтық    актілерді 

жасауға  қатысуға  немесе  оларды  қарау  туралы  тиісті  мемлекеттік  органдарға 

ұсыныстар енгізуге; 

- ҚР кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдер мен ұжымдық 

шарттарда 

кӛзделген 

міндеттемелерді 

орындамайтын 

 

тұлғаларды 



жауапкершілікке тарту бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізуге; 

-  еңбек  туралы,  еңбекті  қорғау  және  еңбек  қауіпсіздігі  заңнамалардың 

сақталуына  қоғамдық  бақылау  жүргізуге,  ӛндірістегі  жазатайым  оқиғаларды 

тергеп-тексеруге қатысуға; 

- ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысуға; 

-  кәсіподақ  кадрларын  және  активін  оқытуды,  дайындауды  қайта 

дайындауды, соның ішінде медиация мәселелері бойынша, ұйымдастыруға; 

-  еңбек  жағдайлары  бойынша  ӛндірістік  нысандарды  аттестациялауға 

қатысуға; 

ӛмір 



сүру 

деңгейіне, 

отбасылық 

бюджетіне, 

инфляцияға, 

жұмыссыздыққа, еңбек қорғау мәселелеріне қатысты зерттеулер жүргізуді іске 

асыруға және осы мәселелер бойынша мемлекеттің экономикалық саясатының 

әлеуметтік бағыттылығына кол жеткізуге; 

-кәсіби  дайындау  және  қайта  дайындау,  медициналық  және  зейнеткерлік 

қамтамасыз  ету,  санаториялық-курорттық  емделу  мен  демалу  мәселелері 

бойынша Кәсіподақ мүшелеріне жәрдем кӛрсетуге; 

ӛзінің 



мүшелеріне 

және 


құрылымдық 

бӛлімшелеріне 

ұйымдастырушылық,  консультациялық,  құқықтық,  материалдық  және 

қайырымдылық кӛмек кӛрсетуге; 

-  қолданылып  жүрген  заңнамада  қарастырылған  тәртіппен  ӛз  ӛкілдерін 

жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарына ұсынуға; 

-  Кәсіподақ  мүшелерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  үшін 

Заңнамада  белгіленген  тәртіппен  жиналыстар,  митингтер,  демонстрациялар, 

кӛше шерулері, ереуілдер мен басқа кӛпшілік акцияларын ұйымдастыруға және 

ӛткізуге;   

-  шаруашылық  әрекетін  жүргізуге,  кәсіпорындар  құруға,  ақша  қорларын 

ұйымдастыруға,  акцияларды,  басқа  құнды  қағаздарды  сатып  алуға  және  осы 

Жарғымен қаралған міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік қызметті дамытуға; 


 

-  ақпараттық-кеңестік,  насихаттық  және  баспалық  қызметті  жүзеге 



асыруға 

2.4. Кәсіподақ ӛз қызметін жүзеге асыру үшін: 

-  ұжымдық  шарт,  салалық,  ӛңірлік,  бас  келісімдер  бойынша 

міндеттемелерді орындауға; 

-  ӛкілеттіктер  шегінде  әлеуметтік-еңбек  жанжалдарының  алдын  алу 

жӛнінде шаралар қолдануға; 

-  кәсiподақ  мүшелерінің  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және 

демонстрациялар ұйымдастыру және ӛткiзу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге; 

-  кәсiподақтар  мүшелері  арасында  олардың  құқықтық,  оның  ішінде 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасының  негіздері  бойынша 

сауаттылығын  арттыру,  еңбек  дауларында  келіссӛздер  жүргізе  алуды  дамыту 

және пәтуаға қол жеткізу жӛнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге; 

- қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, 

сондай-ақ  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  қағидаларын  сақтауына 

жәрдемдесуге; 

-  жарғыда  айқындалған  шарттар  және  тәртіп  бойынша  кәсіподақ 

мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге міндетті. 

 

3. Кәсіподаққа мүшелік 

 

3.1. Кәсіподаққа  мүшелік-кәсіподақ мүшелерінің жеке тұлға, ал мүшелік 



ұйымдардың- заңды тұлға болуын қамтиды. 

3.1.1. Жеке тұлға: 

-  Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  шетелдіктер,  азаматтығы  жоқ 

тұлғалар; 

- Кәсіподақ Жарғысын мақұлдайтын және мүшелік кәсіподақ жарналарын 

тӛлейтін  жұмыс  істеуші  немесе  уақытша  жұмыс  істемеуші,  зейнеткер, 

студенттер,  оқушылар.  Кәсіподақ  мүшесі  басқа  кәсіподақтарға  мүше  бола 

алмайды. 

3.1.2. Заңды тұлға-жергілікті кәсіподақ. 

3.2. Кәсіподаққа мүшелік ерікті түрде. Кәсіподақ мүшелігіне қабылдау және 

одан шығу тиісті кәсіподақ органына кірушінің берген жазбаша түрде

 

жеке арызы 



бойынша  жекеше  түрде  жүргізіледі.  Кәсіподаққа  қабылдау  және  одан  шығу 

туралы шешім: 

-  Кәсіподақ  мүшелерінің  саны  30  адамнан  кем  жағдайда-бастауыш 

ұйымының жиналысында; 

-  саны  30  адамнан  кӛп  болған  жағдайда  -  кәсіподақ  комитетінің 

отырысында,  бастауыш  ұйымының  жиналысын  (конференциясын)  кейіннен 

хабардар ете отырып қабылданады. 

Кәсіподақ  мүшесіне  қабылданған  адамға  белгіленген  үлгідегі  кәсіподақ 

билеті беріледі.   

Кәсіподақ  мүшелерін  есепке  алу  негізгі  жұмыс  орнында  есеп 

карточкалары  немесе  электронды  тасымалдаушы  арқылы  бастауыш  ұйымда 

жүргізіледі. 



 

3.3.  Кәсіпорында,  мекемеде,  ұйымда  кәсіподақтың  бастауыш  ұйымы 



болмаса,  Кәсіподаққа  қабылдау  не  одан  шығу  туралы  шешімді  Кәсіподақтың 

тиісті филиалы, Кәсіподақ қабылдауы мүмкін. 

3.4.  Кәсіподақтық  ӛтілі  Кәсіподақ  мүшесіне  қабылдау  туралы  шешім 

қабылданған  күннен  бастап  есептеледі  және  Кәсіподақ  беретін  жеңілдіктерді 

пайдаланған кезде ескеріледі. 

3.5.  Белгіленген  мӛлшерде  мүшелік  кәсіподақ  жарнасын  тӛлеп  отырған 

кәсіподақ мүшесінде кәсіподақ ӛтілі мен мүшелігі: 

-  кәсіпорын,  ұйым,  мекеме  таратылуына,  штаттың  қысқаруына   

байланысты  жұмыстан  уақытша  айрылғанда,  басқа  жұмысқа  қабылданғанға 

дейін; 


-  жасы  бойынша  зейнетке  шығуына,  мүгедектікке  байланысты  жұмыс 

істеуді тоқтатқанда; 

-Кәсіподақ мүшелігіне кіргендерде, егер ол бұрын басқа кәсіподаққа мүше 

болған  болса,  кәсіподақтар  арасында  ӛзара  кәсіподақтық  мүшелікті 

мақұлдайтын уағдаластық болған жағдайда сақталады. 

3.6. Кәсіподақ мүшесінің: 

-  Кәсіподақ  пен  оның  органдары  жағынан  ӛзінің  еңбек,  кәсіби, 

әлеуметтік-экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерінің  ӛкімет  органдарында, 

жұмыс берушінің алдында, сот және басқа органдарда қорғалуына; 

-  кәсіподақ  органдарынан  кеңес  сұрауға,  сонымен  қатар,  арызбен, 

ұсыныстармен жүгінуге және жүгіністің байыбы бойынша жауап алуға; 

-  еңбек  және  басқа  дауларды  шешу  кезінде  кәсіподақ  органдары 

кӛрсететін тегін құқықтық кӛмекті пайдалануға; 

 

- Кәсіподақ қаржысынан материалдық және қайырымдылық кӛмек алуға; 



- Кәсіподақ органдарын сайлауға және сайлануға; 

-  Кәсіподақ  қызметіне  қатысуға,  ұсыныстар  енгізуге  және  кез-келген 

деңгейдегі  Кәсіподақ  қызметіне  байланысты  мәселелерді  еркін  талқылауға, 

сайланбалы  органдардың  қызметіне  баға  беруге,  олардың  қызметі  жӛнінде 

ақпараттар алуға; 

-  Кәсіподақ  жасасқан  шарттарда  және  келісімдерде  және  келісімдерде 

қаралған қосымша жеңілдіктер мен ӛтемақыларға құқығы бар. 

3.7. Кәсіподақ мүшесі: 

-  Жарғыны  бұзбауға,  бастауыш  ұйымның  және  барлық  деңгейдегі 

кәсіподақ органдарының қабылдаған шешімдерін орындауға; 

-  белгіленген  тәртіп  пен  мӛлшерде  ай  сайын  мүшелік  жарналарды 

тӛлеуге; 

-еңбек  және  ұжымдық  шарттарда  (келісімдерде)  қаралған  міндеттерді 

орындауға; 

-  Кәсіподақ  мүшелерінің  құқықтары  мен  мүдделері  қорғалғанда  оларға 

тілектестік білдіруге, Кәсіподақтың ұжымдық іс-әрекеттерін қолдауға. 

-  Кәсіподақтық  қозғалысқа  зиян  келтіретін  әрекеттерге  кедергі  жасауға 

міндетті; 

3.8. Кәсіподаққа мүшелік одан шыққанда не шағарылғанда тоқтатылады. 

Кәсіподақтан шығу жӛніндегі мәселені Кәсіподақ мүшесінің жеке арызы 

негізінде Кәсіподаққа қабылдауға құқы бар органдар қарайды. 


 

Кәсіподақтан  шығару  жӛніндегі  мәселе  Кәсіподақ  мүшесінің  жарғылық 



міндеттерін орындамаған кезде, сонымен қатар Кәсіподақ тұтастығын бұзатын 

және оған зиян келтіретін іс –әрекет жасаған кезде қаралады. 

Кәсіподақ мүшесі үш ай мерзім ішінде жоғарғы ұйымдардың қабылданған 

шешіміне  шағымдана  алады.  Кәсіподақтан  шығарылып  тасталған  Кәсіподақ 

мүшелігіне жалпы негізде қабылдануы мүмкін. 

3.9.  Кәсіподақ мүшесі жарғылық міндеттерді орындамауына байланысты 

Кәсіподақ  беретін  жеңілдіктерден  алты  ай  мерзімінде  пайдалану  құқығынан 

айырылады. 

3.10.  Кәсіподақ  беретін  жеңілдіктерді  пайдалану  құқығынан  айыру 

туралы  шешім  және  кәсіподақтан  шығару  туралы  шешім  Кәсіподаққа 

қабылдауға құқығы бар органдар, сонымен қатар жоғарыда тұрған сайланбалы 

кәсіподақ  органдары,  кейін  бастауыш  ұйымын  хабардар  ете  отырып 

қабылданады. Аталған шешім кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады. 

Егер  ол  дәлелді  себепсіз  қатыспаған  жағдайда  мәселе  оның  қатысуынсыз 

шешіледі.   

Шешім, егер оған жиналысқа қатысушылар немесе сайланбалы органның 

отырысына қатысушы мүшелерінің үштен екісі дауыс берген жағдайда, кворум 

бар болғанда қабылданған болып саналады. 

3.11.  Кәсіподақ  мүшесі  Кәсіподақ  беретін    жеңілдіктерді  пайдалану 

құқығынан айырылғаннан, немесе Кәсіподақтан шығарылғанан кейін екі айлық 

мерзімде  қабылданған  шешімді  бұздыру  үшін  жоғарыда  тұрған  органдарға 

шағымдануға құқы бар. 

3.12.  Кәсіподақтан  шығарылған  адам,  Кәсіподаққа  мүше  болып  жалпыға 

бірдей негізбен шығарылғанына кемінде 6 ай ӛткен соң қабылдана алады. 

3.13. Жұмыстан шығуына не басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты 

бастауыш  ұйыммен  байланысын  жоғалтқан  Кәсіподақ  мүшесі  осы  бастауыш 

ұйымның  шешімімен  есептен  шығарылады.  Шешім  егер  оған  жиналысқа 

қатысушылардың  немесе  сайланбалы  органның  отырысына  қатысушы 

мүшелерінің үштен екісі дауыс берсе, кворум бар болғанда, қабылданған болып 

саналады. 

3.14. Жасы, мүгедектігі бойынша зейнетке шығуына байланысты жұмыс 

істеуді  тоқтатқан,  штат  қысқарғанына,  мекеме,  кәсіпорын  жабылуына 

байланысты  уақытша  жұмыстан  айырылған  кәсіподақ  мүшелерін  қоспағанда, 

дәлелді  себепсіз  үш    ай  бойы  мүшелік  жарна  тӛлемеген  Кәсіподақ  мүшесі, 

қарызын ӛтемегенше Кәсіподақ тарапынан қорғау құқығын жоғалтады. 

Бұдан былай оны Кәсіподақтан шығару туралы мәселе шешілуі мүмкін. 

3.15.  Кәсіподақтан  шыққан  немесе  шығарылған  адам  Кәсіподақтың 

қорғау,  кәсіподақ  меншігін  пайдалану  құқынан  айырылады.  Кәсіподақ 

жарналарының тӛленген сомалары оған қайтарылмайды. 

3.16. Кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқан Кәсіподақ мүшелеріне: 

- алғыс берумен; 

-  Кәсіподақ  белгісімен,  Кәсіподақтың  Орталық  Кеңесі  мен  құрылымдық   

бӛлімшелердің сайланбалы органдарының мадақтамаларымен; 

- ақшалай сыйақылармен, бағалы сыйақылармен, кәдесыйақылармен; 

-  демалыс  үйлеріне,  санаторий-курорттық  емделуге  жолдамалармен, 


 

туристік жолдамалармен кӛтермелеу шараларымен құрмет кӛрсетілуі мүмкін. 



 

4. Кәсіподақтың құрылуы мен қызметінің негізгі 

қағидаттары және оның құрылымы 

 

4.1.  Кәсіподақ  ӛндірістік-салалық  белгі  бойынша  құрылады  және  ӛзінің 



қызметін келесі қағидаттар: 

- салалық кәсіподақ қозғалысының бірлігі

- кәсіподаққа ӛз еркімен кіру және одан ӛз еркімен шығу; 

-  кәсіподақ  органдарының  тӛменнен  жоғарыға  дейін  сайланбалы  болуы, 

олардың  Кәсіподақ  мүшелерінің  және  жоғары  кәсіподақ  органдарының 

алдында есеп беруі; 

-  Кәсіподақтың  сайланбалы  органдары  жұмысының  алқалы  болуы, 

қабылданған 

шешімдер 

мен 


тапсырмалардың 

орындалуына 

жеке 

жауапкершілігі; 



-  әлеуметтік  әріптестік  органдары  мен  Кәсіподақтың  жоғарғы  органдары 

шешімдерінің  тӛменгі  органдар  мен  Кәсіподақ  мүшелері  және  мүшелік 

ұйымдары үшін орындалуының міндеттілігі;   

-  кәсіподақ  органдары  мен  ұйымдарының  Кәсіподақ  Жарғысын  бұзып 

қабылдаған  шешімдерін  Кәсіподақтың  жоғары  органдарының  күшін  жоюы 

және тоқтатылуы; 

- бірыңғай қаржылық саясат; 

- кәсіподақ кадрларын және активін оқыту, біліктілігін кӛтеру және кадр 

резервін  сапалы  дайындауға  негізделген  бірыңғай  кадрлық  саясат  негізінде 

құрады. 


4.2.  Кәсіподақ  ӛз  практикалық  іс-қызметінде  аумақтық  (облыс, 

республикалық дәрежедегі қала, астана деңгейіндегі) кәсіподақтар бірлестіктері 

және жергілікті кәсіподақтармен достық байланыс пен іскерлік ынтымақтастық 

негізінде қарым-қатынас жасайды; 

- Кәсіподақ құрамына кіретін кәсіподақ бастауыш ұйымдарына, жергілікті 

кәсіподақтарға  ұжымдық  келіссӛздер  жүргізуге  және  ұжымдық  шарттар  мен 

келісімдер  жасасуға,  еңбек  даулары  мен  шиеленістерді  шешуге  жәрдем 

кӛрсетеді; 

-  бірлесе  және  келісіп  аймақтық  мәселелер  бойынша  шешімдер 

қабылдайды, жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, кәсіподақ 

қызметкерлері  мен  кәсіподақ  мүшелерін  әлеуметтік  және  ӛзара  қолдау  үшін 

әлеуметтік әріптестік орнатады; 

Кәсіподақ 



ықпалын 

нығайтуға 

және 

сала 


мен 

аймақты 


әлеуметтік-экономикалық  бағдарламасын  іске  асыруға,  кәсіподақтың  орталық 

органдарының шешімдерін орындауға бағытталған шараларды іске асырады; 

- кәсіби одақтар мен кәсіподақтар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін 

қорғау үшін бірлескен акциялар ӛткізеді. 

4.3. Осы бірыңғай Жарғының шегінде Кәсіподақ құрылымына мыналар: 

- бастауыш ұйымдар; 

- филиалдар; 

- Кәсіподақ ӛкілдіктері; 



 

- жергілікті кәсіподақтар кіреді. 



4.4.  Бастауыш  ұйымдардың,  Кәсіподақ  филиалдары  және  олардың 

сайланбалы  органдарының  қызметі  Кәсіподақ  съезімен  бекітілген  осы 

Жарғымен және олар туралы Ережелермен реттеледі. 

4.5. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы. 

4.5.1.  Бастауыш  ұйым  Кәсіподақ  немесе  оның  филиалдарының, 

ӛкілдіктерінің және жергілікті кәсіподақтарының    ішкі құрылымына кіреді. 

4.5.2.  Бастауыш  ұйым  Кәсіподақ  мүшелері  ұйымдық-құқықтық 

нысандары мен меншік түрлеріне тәуелсіз бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда 

істейтін  немесе  бір  оқу  орнында  Кәсіподаққа  кіру  жӛнінде  арыз  берген 

азаматтар  саны  үштен  кем  болмаса    құрылтай  жиналысында  құрылады. 

Құрылтай  жиналысының  ӛтетін  күні  мен  орны  туралы  шешімді  тиісті 

филиалдың кәсіподақ органы    немесе Кәсіподақтың Орталық Кенесі (әрі қарай 

-Кәсіподақтың ОК) қабылдайды. 

4.5.3.  Бастауыш  ұйымның  ең  жоғары  органы  болып  жиналыс 

(конференция)  саналады,  ол  қажеттігіне  қарай,  бірақ  кемінде  жылына  екі  рет 

ӛткізіледі.  Жиналыстың  (конференцияның)  күні,  күн  тәртібі  және  ӛтетін  жері 

туралы  Кәсіподақ  мүшелеріне  белгіленген  мерзімнен  кемінде  екі  апта  бұрын 

хабарланады.  Кезектен  тыс  жиналыс  (конференция)  кәсіподақ  комитетінің 

(кәсіби  ұйымдастырушының)  бастамасымен,  ұйым  мүшелерінің  үштен  бірінің 

бастамасымен  немесе  жоғары  кәсіподақ  органының  ұсынысы  бойынша 

шақырылады.  Кезектен  тыс  жиналыстың  (конференцияның)  күні,  күн  тәртібі 

және ӛтетін жері туралы кәсіподақ мүшелеріне кемінде бір апта қалғанға дейін 

хабарланады.   

Жиналыс,  егер  оның  жұмысына  бастауыш  ұйымның  жартысынан  астам 

мүшесі қатысқан жағдайда құқылы болып саналады; 

Жұмысына  сайланған  делегатардың  кемінде  үштен  екісі  қатысқан 

жағдайда конференция құқылы болып саналады. 

4.5.4.  Жиналыс  (конференция)  бастауыш  ұйымның  қызметіне  қатысты 

кез-келген 

мәселені 

шешуге 

құқылы. 


Тек 

қана 


жиналыстың   

(конференцияның) құзырына жататындар: 

- бастауыш ұйым қызметінің басым бағыттарын анықтау; 

-  кәсіподақ  комитетінің,  ревизиялық  комиссияның  қызметі  туралы 

есептерді тыңдау және талқылау; 

-  бастауыш  ұйымның  тӛрағасын  (кәсіби  ұйымдастырушысын),  кәсіподақ 

комитетін және ревизиялық комиссиясын сайлау; 

-  Кәсіподақ  атынан  жұмыс  берушімен  ұжымдық  келіссӛздер  жүргізу 

жайлы шешім қабылдау және ұжымдық шарттың негізгі ережелерін анықтау; 

-  жұмыс  берушіні  немесе  оның  ӛкілдерін,  кәсіподақ  комитетін ұжымдық 

шарттың орындалуы туралы тыңдау; 

-  Кәсіподақ  мүшелерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  акцияларын 

ӛткізу жӛнінде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шешім қабылдау; 

- бастауыш ұйымның кәсіподақ бюджетін бекіту және оның орындалуын 

бақылау; 

-  қорлар,  сақтандыру  кассаларын  құру  және  олардың  қызметі  жайлы 

есептерді тыңдау. 


 

- филиал құрамына оның құрылымдық бӛлімшесі ретінде кіру не болмаса 



филиалдан шығу туралы шешім қабылдау.

 

4.5.5. Ағымдағы жұмысты жүргізу үшін бастауыш ұйымда: 



-  30-дан  кем  Кәсіподақ  мүшесін  біріктіретін  ұйымда  -  кәсіби 

ұйымдастырушы; 

-  30  не  одан  кӛп  Кәсіподақ  мүшесін  біріктіретін  ұйымда  -  тӛраға 

басқаратын кәсіподақ комитеті сайланады 

4.5.6.  Кәсіподақ  комитетінің  мәжілістері  қажеттілігіне  қарай,  бірақ 

тоқсанына  кемінде  бір  рет  ӛткізіледі.  Кәсіподақ  комитеті  тек  тікелей 

жиналысының  (конференцияның)  қарауындағы  мәселелерден  басқа  бастауыш 

ұйым қызметінің кез-келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы 

және  ӛз  қызметінде  жиналысқа  (конференцияға)  әрі  кәсіподақтың  жоғары 

органдарына есеп береді. 

4.5.7.  Кәсіподақ  комитетінің  шешімі  бойынша  кәсіпорындардың, 

мекемелердің,  ұйымдардың  құрылымдық  бӛлімшелерінде  кәсіподақ  топтары, 

цехтік  кәсіби  ұйымдар  құрылуы  мүмкін,  оларға  ӛз  бӛлімшесінің  шеңберіндегі 

ағымдық мәселелерді шешу үшін бастауыш ұйымының құқы берілуі мүмкін 

4.5.8.  Кәсіподақтың    бастауыш  ұйымы  сондай-ақ  Кәсіподақтың  немесе 

оның тиісті филиалының тіркелу құжаттарының негізінде белгіленген үлгідегі 

мӛрі, бланкілері және мӛртабаны болуға құқы бар. 

4.5.9.  Бастауыш  кәсіподақ  ұйымдарының  территориялық  бытыраңқы 

жағдайына байланысты тиісті филиалдың шешімімен кәсіподақтар Тӛрағалары 

кеңесі немесе тораптық кәсіподақ комитеттері құрылуы мүмкін. 

4.5.10.  Бастауыш  кәсіподақ  ұйымының  тӛрағасы  бастауыш  ұйымның 

ӛкілетті ӛкілі болып табылады және: 

кәсіподақ 



комитетінің 

және 


кәсіподақ 

жиналысының 

(конференциясының)  құзырында  болмаған  оперативті  сұрақтарды  ӛз  бетімен 

шешуге; 


-  ағымдағы  мәселелерді  пысықтау  және  кәсіподақ  комитеті  мен  жалпы 

жиналыстың  (конференциясының)  шешімдерін  дайындау  үшін  уақытша 

комиссиялар,  жұмыс  топтарын  құруға,  кәсіподақ  комитетінің  қызметіне   

сарапшыларды, мамандарды, кәсіподақ белсенділерін тартуға; 

- кәсіподақ комитетінің мәселелерін шақыру мен жүргізуге, мәжілістердің 

қабылданған шешімдері мен хаттамаларына қол қоюға; 

- кәсіподақ комитетінің штаттық қызметкерлерінің жұмысына басшылық 

етуге; 


-  заңды  тұлғаның  сенімхаты  бойынша  Кәсіподақ  атынан  ұжымдық 

шарттарға қол қоюға;   

-  бекітілген  сметаға  сәйкес  ақшалай  операцияларды  жүргізуге,  кәсіподақ 

комитетімен келісу арқылы басқа шарттар жасасуға; 

- сайланбалы активтің оқуын ұйымдастыруға;   

-  Кәсіподақ  мүшелерінің  келісімі  бойынша,  олардың  жеке  арыздары 

болғанда,  әкімшілікпен  келісім  негізінде  олардың  мүшелік  жарнамаларын 

қолма-қол жасалмайтын тӛлемдер және оны Кәсіподақ есеп-шотына Кәсіподақ 

Жарғысымен белгіленген мӛлшерде аудару туралы мәселені шешуге құқылы. 

-  мүшелік  кәсіподақ  жарналарын  Кәсіподаққа  уақытылы,  толық 



10 

 

мӛлшерде аудару үшін дербес жауапкершілікті болады. 



4.6. Кәсіподақтың филиалы: 

4.6.1  Кәсіподақ  Филиалы  бастауыш  ұйымның  жолданымы  бойынша 

Кәсіподақ Съезі шешімімен құрылады және филиал туралы Ереженің негізінде 

әрекет етеді. 

4.6.2. Кәсіподақ филиалы ол туралы Ереженің негізінде аумақтық әділет 

органдарында  есептік  тіркеуден  ӛткеннен  кейін,  банктерге  есеп  айырысу 

шотын ашуға, белгіленген үлгідегі мӛрінің, бланкілерінің, мӛртанбандарының 

болуына құқы бар. 

4.6.3.

 

Кәсіподақ  филиалының  ең  жоғарғы  органы  болып  конференция 



саналады,  ол  кемінде  бес  жылда  бір  рет  шақырылады.  Конференцияның  күні, 

ӛткізілу орны және күн тәртібі туралы оның ӛткізілуінен кемінде екі апта бұрын 

хабарланады.  Кезектен  тыс  конференция  сайланбалы  органның  бастамасы 

бойынша  филиал  құрамына  кіретін  бастауыш  ұйымдардың  кемінде  үштен 

бірінің талабымен не Кәсіподақ Орталық Кеңесінің ұсынысымен шақырылады. 

Күні, ӛткізілетін жері мен күн тәртібі оның ӛткізуінен кемінде бір апта бұрын 

хабарланады. 

4.6.4.


 

Кәсіподақ филиалының конференциясы: 

-  ӛзінің  сайланбалы  органының  және  ревизиялық  комиссияның  қызметі 

туралы есептерді тыңдайды

- филиал қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді; 

-  филиал  Кеңесінің  мүшелерін  сайлайды  не  олардың  ӛкілеттілігін 

растайды; 

- филиал тӛрағасын және ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды; 

-  филиалдың  тіршілік  етуіне  байланысты  кез-келген  басқа  мәселелерді 

шешеді. 


4.6.5. 

Конференциялар  аралығында  Кәсіподақ  филиалының  басқару 

органы болып филиалдың тӛрағасы басшылық ететін Кеңес саналады. Кеңестің 

мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет ӛткізіледі.

 

4.6.6.  Кеңес  ӛз  қызметін  Кәсіподақтың  алдында  тұрған  мақсаттар  мен 



міндеттерді ескере отырып ұйымдастырады, сонымен қатар: 

-  бастауыш ұйымдардың  қызметін үйлестіреді, оларға  тәжірбиелік  кӛмек 

пен  қолдау  кӛрсетеді,  олардың  мүдделерін  және  кәсіподақ  мүшелерінің 

мүдделерін  тиісті  мемлекеттік  және  сот  органдарында,  жұмыс  берушілердің 

алдында білдіреді; 

-  жұмыс  берушілермен  не  оның  ӛкілдерімен  келісімдердің  негізгі 

ережелерін белгілейді; 

- қажет болған жағдайда бастауыш ұйымдардың Кеңес құрамына сайлаған 

мүшелерінің ӛкілеттігін растайды; 

-  филиал  тӛрағасының  орынбасарын  (орынбасарларын)  және  атқарушы 

комитетті сайлайды; 

-  филиал  тӛрағасының  ӛкілеттігі  мерзімінен  бұрын  тоқтатылса,  қайта 

сайлау ӛткізеді; 

-  кәсіподақ  бюджетінің  сметасын  және  Кәсіподақ  ОК  Атқарушы 

комитетімен  келісу  арқылы    аппараттың  қызметкерлер  штатының  санын 

бекітеді; 



11 

 

-  тікелей  конференцияның  қарауындағы  мәселелерді  қоспағанда, 



филиалдың  және  оның  құрамына  кіретін  бастауыш  ұйымдардың  жарғылық 

қызметіне байланысты басқа мәселелерді шешеді; 

-  ӛз  қызметінде  Кәсіподақ  филиалының  конференциясына  және 

Кәсіподақтың Орталық Кеңесіне есеп береді. 

4.6.7. 

Ағымдағы  жұмысты  ұйымдастыру  үшін  Атқарушы  комитет 



сайланады, оның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ әр тоқсанда кемінде бір 

рет ӛткізіледі. 

4.6.8.

 

Атқарушы комитет: 



-  Кәсіподақтың  басқару  органдарының,  конференциалар  мен  филиал 

Кеңесінің шешімдерін, ӛзінің шешімдерін орындау жӛнінде нақты іс-әрекеттер 

жасайды және олардың орындалуын бақылайды; 

-  мемлекеттік  органдармен  және  жұмыс  берушілермен  келіссӛз  жүргізу 

үшін ӛз ӛкілдерін жібереді; 

- бастауыш ұйымдардың қаржылық қызметін, олардың Жарғыны, жоғары 

органдардың шешімдерін сақтауын үйлестіреді және бақылайды; 

-  кәсіподақтың  бастауыш  ұйымдарының  кәсіподақ  бюджеті  сметасын 

үйлестіреді;

 

- тӛменгі кәсіподақ ұйымдарының және кәсіподақ органдарының Жарғыға 



және  Кәсіподақтың  алқалық  органдарының  шешімдеріне  қайшы  келетін 

қаулыларының күшін жояды, Кәсіподақ мүшелерін осындай шешімдердің мәні 

бойынша хабардар етеді; 

- Жарғының және кәсіби органдар шешімдерінің орындалуына бастауыш 

ұйым  тӛрағасының  жеке  жауапкершілігі  туралы  мәселені  қарайды,  Кәсіподақ 

Жарғысы ӛрескел бұзылған жағдайда оны мерзімінен бұрын босату жӛнінде не 

кәсіподақ  комитетінің  бүкіл  құрамына  кезектен  тыс  сайлау  туралы  ұсыныс 

енгізеді; 

-  кәсіподақ  кадрлары  мен  активтерінің  оқуын  ұйымдастырады  және 

жүргізеді, жұмыс тәжірибесін зерделейді және таратады

-  филиалға  пайдалануға  берілген  Кәсіподақтың  мүлігін  және  ақшалай 

қаржысын пайдаланады; 

-  тікелей  конференцияның  қарауындағы  мәселелерді  қоспағанда,  филиал 

қызметінің кез-келген басқа мәселелері бойынша шешім қабылдайды; 

-  жұмыс  берушілермен  немесе  оның  ӛкілдік  ететін  тұлғаларымен 

келісімнің негізгі ережелерін белгілейді; 

ӛз қызметінде конференцияға, филиал Кеңесіне, Кәсіподақтың Орталық 



Кеңесіне және Атқарушы комитетіне есеп беруге міндетті.

 

4.6.9. Кәсіподақ филиалының тӛрағасы: 



- кәсіподақ сенімхаты негізінде әрекет етеді, материалды- жауапкершілікті 

тұлға болып табылады; 

-  филиал  қызметіне  басшылық  жасайды,  филиал  Кенесі  мен  филиал 

Атқару комитеті құзырына жатпайтын жедел мәселелерді ӛз бетімен шешеді; 

-  филиал  аппаратының  штаттық    қызметкерлерінің  жұмысын  басқарады, 

қолданып  жүрген  заңнамаға  сәйкес  олармен  еңбек  шарттарын  жасасады  және 

бұзады; 

- сенімхат бойынша жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен, 



12 

 

мемлекеттік  басқару  органдарымен,  кәсіподақ  бірлестіктерімен  және  басқа 



ұйымдармен  кейіннен  филиал  Кеңесінің  мәжілісінде  бекітумен  келісімге  қол 

қояды; 


-  филиал  Кеңесі  мен  Атқару  комитеті  және  Кәсіподақтың  жоғары 

органдары  белгілеген  ӛкілеттік  шегінде  қаржылық  қызметті,  ақшалай 

операциаларды жүргізеді; 

- жарғылық міндеттерді орындау үшін дербес жауапкершілікті; 

- лауазымы бойынша Кеңес пен филиалдың Атқару комитетін басқарады; 

-  филиал  Атқару  комитеті  атынан  кәсіподақтардың  босатылған 

тӛрағаларымен еңбек шарттарын жасайды және бұзады

филиал  Кеңесі  мен  Атқару  комитеті,  сонымен  қатар  кәсіподақтың 



Атқару  комитеті  мен  Орталық  Кеңесі  оған  берген  басқа  да  міндеттерді 

атқарады; 

4.6.10. 

 

Филиал тӛрағасының ӛкілеттік мерзімі-бес жыл. 



4.6.11.  Жиналыстар,  сайланбалы  органдардың  мәжілістері  олардың 

жұмысына  жиналысқа  қатысқандардың,  сайланбалы  органдар  мүшелерінің 

жартысынан кӛбі қатысқан кезде, ал конференциялар және съездер - сайланған 

делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы болып саналады; 

4.6.12.

 

Кворум  болған  жағдайда  съездерде,  конференцияларда, 



жиналыстарда,  Кәсіподақтың  сайланбалы  органдарында  және  оның 

құрылымдық 

бӛлімшелерінде 

шешімдер 

делегаттардың 

жиналысқа 

қатысқандардың,  сайланбалы  органдар  мүшелерінің  дауыс  кӛпшілігімен 

қабылданады, егер Жарғының басқа тармақтарымен басқадай қарастырылмаса. 

4.6.13.  Кез-келген  шешімдерді  қабылдаған  кездегі  дауыс  беру  тәртібін 

(ашық,  жабық)  съездердің,  конференциялардың  делегаттары,  жиналыстың, 

сайланбалы органдар мәжілістерінің қатысушылары белгілейді. 

4.7. Жергілікті кәсіподақтар 

4.7.1.  Жергілікті кәсіподақтар  заңды тұлға ретіндегі ӛзінің дербестігі мен 

құқықтарын  сақтайды,  Қазақстан  Республикасының  Заңнамасына  және  ӛз 

жарғыларына сәйкес іс-қимыл жасайды. 

-  кәсіподақ  мүшелерінің  әлеуметтік-еңбек  құқығы  мен  мүдделерін 

қолданыстағы 

заңнамалардың, 

салалық 

келісімдер 

мен 

ұжымдық 


келісім-шарттардың  негізінде  қорғайды,  кәсіподақтардың  кадрларын  нығайту, 

ұйымдастыру-қаржылық жұмысын мақсатты орындайды;   

-құрылымдық  бӛлімшелерінің  іс-қимылын  үйлестіру  жӛніндегі  жұмысты 

жүзеге  асыратын,   кәсіподақ  мүшелерінің  әлеуметтік-экономикалық,  еңбек 

құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.   

Жергілікті  кәсіподақтар  Жарғысы  Кәсіподақ  Жарғысы  белгілеген 

мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі қажет.   

4.7.2.Жергілікті кәсіподақтардың құрылымдық бӛлімшелері  

кәсіподақтардың    аумақтық  бірлестіктерімен ӛзара  іс-әрекетте  болуы 

тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет