Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Болдырев В. И. Основные сведения об Организации Объединенных Наций:  

     


Справочник.  М.: Международные отношения, 2000. 

2.

 



Бейсенбина А. Механизм реализации инвестиционного потенциала  

     


Казахстана в условиях модернизации экономики // Саясат. 2007. № 11.  

3.

 



Вильбертс Р. "Новый дух" сотрудничества // Новости НАТО. 2004. № 3. 

4.

 



Иванова Е. И. Международный терроризм // Вестник НАТО. 2003. № 2. 

5.

 



Кузнецова Е. НАТО. Тенденция к размыванию альянса // Международная  

     


жизнь. 2004. №4.  

6.

 



Международное право: Учебник. 3-е изд., доп. и перераб. / Отв. ред. Ю.М.      

     


Колосов, В.И. Кузнецов. М., 2003. 

7.

 



Митрофанов А.В. Шаги новой геополитики. М., 2000.  

8.

 



Научная программа НАТО // Промышленность Казахстана. 2003. №3.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35 


Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіндегі 

халықаралық экономикалық және қаржы институттары   

 

Қарағанды мемлекеттік  

техникалық  университеті  

«Қазақстан тарихы» кафедрасының  доценті, 

т.ғ.к.   

Даниярова А.Е.  

 

Жаңа  заманғы  Қазақстан  біртіндеп  нарықтық  түрлену  жолымен  келеді. 



Практикалық  түрде  жекешелендіру  аяқталды,  мүлдем  жаңа  салықтық  заң 

қабылданды,  жаңа  заманғы  банктық  жүйе  негізделді,  отандық  кәсіпкерлік 

қалыптасты,  ауылдарда  экономикалық  қатынастар  қайта  құрылды,  тұрғын  үй 

коммуналдық  шаруашылығы  реформасы  жүргізілді,  жинақтаушы  зейнетақы 

жүйесі құрылды.  

Қазақстанның  тиімді  экономикалық  дамуы  мақсатында  республикада, 

оның  егеменді  мемлекет  ретінде  дамуының  басынан  бастап  заң  шығару 

шаралары мен ашық демократиялық саяси жүйелерді қалыптастыру  көмегімен 

ақиқатқа  негізделген  инвестициялық  климат  қалыптастыру  жөнінде  шешім 

қабылданды.  Осы  мақсатта  Қазақстан  қаржылық,  көліктік  және 

телекоммуникациялық  секторларда  құрылымдық  реформалар  қолданды. 

Инвесторлар үшін Қазақстанның қуатты минералдық-шикізат базасы, сондай-ақ 

ауыр  өнеркәсіп  және  жеткілікті  түрде  маманданған  еңбек  ресурстары 

анағұрлым тартымды болып табылады.     

 

1998  ж.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  кезінде  Қазақстан 



биліктері мен шетел инвесторлары арасында сұхбаттасу құралы ретінде Шетел 

инвесторлары  кеңесі  (ШИК)  құрылды.  ШИК  мүшелеріне  тиісті  мәселелер 

өзінің пішіні мен мазмұны бойынша әр түрлі: 

 

1.  Ең  алдымен,  бұл  –құқықтық  және  сот  климатымен  байланысты 



мәселелер. Әдетте оларға әрекеттегі және құрастырудағы заңдарды, сондай-ақ 

заң ішілік актілерді талдау енеді; 

2.  Салық  салу  да  ШИК  мүдделерінің  негізгі  салаларының  бірі  болып 

табылады;  

 

3.Жұмыс 


істеуге 

тура 


келетін 

инвестициялық 

климат 

қызығушылықтарының  басқа  да  салаларын  табиғи  түрде  қамтитын  тағы  бір 



анағұрлым  кең  аясы  болып  табылады.  Үнемі  көңіл  бөлінетін  басты  мәселесі 

мұнда келісімдердің мызғымастығы болып отыр;  

4.  Имиджін  жақсарту  ШИК  қызметінің  маңызды  мәселесі  болып 

табылады.    Әкімшілік  тиімділік,  инвесторлар  үшін  визалық  рәсімдерді 

жеңілдету  және  сыбайластықпен  күрес  –  осы  салада  қарастырылатын  негізгі 

мәселелер болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының сәйкес халықаралық ұйымдармен байланыс 



арнасы ретінде Қаржы министрлігі белгіленді.  

 

36 


«

Қазақстан  Республикасының  Халықаралық  валюта  қорындағы, 

Халықаралық  қайта  құру  және  дамыту  банкіндегі,  Халықаралық  қаржы 

корпорациясында,  Халықаралық  даму  қауымдастығында,  Инвестиция 

кепілдігінің  жан-жақты  агенттігінде,  Еуропалық  қайта  құру  және  даму 

банкінде,  Халықаралық  инвестициялық  таластарды  шешу  жөніндегі 

орталығында,  Азия  даму  банкінде,  Ислам  даму  банкіндегі  мүшелігі  туралы» 

Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 



– 

ХВҚ  қаражатын,  олармен  сатып  алу  түрінде  айналысуға,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасы  атынан  ХВҚ  сомасымен  төлем  жүргізуді  Қазақстан 

Республикасының ХВҚ-дағы мүшелігіне және ХВҚ келісім баптарына жататын 

резолюция  шарттары  мен  ережелеріне  сәйкес  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасының  ХВҚ  қарыз  алудың  арнайы  құқығы 

департаментінің  қызметіне  қатысуына  байланысты  төлемдер  жүргізуге   

уәкілетті; 



– 

ҚР  Үкіметімен  келісім  бойынша  басқа  халықаралық  ұйымдардан 

қарыздар  алуға,  қарыздарды  алудың  қаржылық  жағдайларын  анықтауға  және 

осындай қарыздар бойынша өз бетінше келісімге отыруға құқықты; 



– 

ХВҚ  келісім  баптарына  сәйкес  бірінен-біріне  берілмейтін  кез  келген 

қарыздық міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының ХВҚ-дағы мүшелігіне 

қажетті немесе сәйкес болуы мүмкін сыйақысыз жіберуге уәкілетті; 



– 

Қазақстан  Республикасы  атынан,  ХВҚ  келісімі  баптарының 

ережелерінде қарастырылған  барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға 

уәкілетті; 



 

ХВҚ, ХҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИКЖА құру жөніндегі Конвенция, ЕҚДБ, АДБ 

құру  жөніндегі  келісімі,  ИДБ  Құрылтай  келісім-шарты  баптарының 

ережелерінде  қарастырылған    барлық  операциялар  мен  мәмілелерді  жүзеге 

асыру  кезінде  Қазақстан  Республикасының  төлеміне  немесе  Қазақстан 

Республикасына төлеуге жататын сомаларды аударуды жүзеге асырады; 



– 

Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірлесіп Қазақстан Республикасы 

міндеттемелерін орындау кезінде туатын мәселелер жөнінде қажетті шараларды 

қабылдайды. 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасы  келесі  халықаралық  қаржы 

ұйымдарының мүшесі болып табылады: 

1.

 

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ); 



2.

 

Халықаралық қайта құру және дамыту банкі (ХҚДБ); 



3.

 

Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК); 



4

 

Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ); 



5

 

Инвестиция кепілдігінің жан-жақты агенттігі (ИКЖА); 



6

 

 



Халықаралық  инвестициялық  таластарды  шешу  жөніндегі  орталық 

(

ХИТШО); 



7

 

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ); 



8

 

 



Азия даму банкі (АДБ); 

9

 



 

Ислам даму банкі (ИДБ). 

  


 

37 


Халықаралық  валюта  қоры  (ХВҚ)  –  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

(БҰҰ) арнайы агенттігі. Бұл, мүше мемлекеттер арасында валюталық-кредиттік 

қатынастарды  реттеуге  және  төлемдік  баланстың  жеткіліксіздігінен  туатын 

валюталық  қиыншылықтар  кезінде  шетел  валютасымен  қысқа  және  орташа 

мерзімдегі  кредиттер  беру  жолымен  оларға  қаржылық  көмек  көрсетуге 

арналған  үкімет  аралық  ұйым.  Қор,  практикалық  түрде,  әлемдік  валюта 

жүйесінің институционалдық негізі болып қызмет етеді.  

ХВҚ  1945  жылы  27  желтоқсанда,  1944  жылы  22  шілдеде  БҰҰ  валюта-

қаржылық  мәселелер  жөніндегі  Конференциясында  жасалған  келісімге  28 

мемлекет қол қойғаннан кейін құрылды. ХВҚ Жарғысына 44 елдің өкілдері қол 

қойды.  1946 жылы қор  өзінің  қызметін  бастап,  Бреттон-вуд  валюта  жүйесінің 

органикалық бөлігі болды. ХВҚ штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан.  

Бас кезінде ХВҚ бекітілген валюта курстары жүйесін бақылау механизмі 

ретінде  ойланды,  бірақ  біртіндеп  халықаралық  ұйымға  ауысты,  оның  негізгі 

мақсаты  –  халықаралық  экономикада  тұрақтылыққа  қол  жеткізу  болды.  ХВҚ 

қызметі  экономикалық  қызметті реттеуге  монетарлық  тәсілге  негізделген,  бұл 

ұйымға келесі негізгі қызметтерді орындауымен қол жеткізіледі: 

1)

 



ақша саясатында халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету;  

2)

 



әлемдік сауданы кеңейту; 

3)

 



кредиттеу; 

4)

 



ақша айырбастау курстарын тұрақтандыру. 

Сонымен  қатар,  ХВҚ  қызметтері  -  валюта  курстарын  бекіту  аймағында 

және  мүше  елдер  саясатын  және  онымен  байланысты  макроэкономикалық 

саясатты  бақылауды  жүзеге  асыру  құқығын  ұйымдастыруды  қарастыратын 

қадағалау; төлемдік балансты қаржыландыруда қиыншылық түскен және ХВҚ-

ға  үкіметтің  осы  қиыншылықтарды  жеңу  жөніндегі  ниеттерін  байқататын 

реформа  бағдарламасын  тапсырушы  мүше  елдердің  ХВҚ  қаржылық 

ресурстарын қолдануы ретінде түсіндірілетін қаржылық көмек және ХВҚ-ның 

ақша, валюта саясаты мен банктық қадағалау, бюджеттік және салық саясаты, 

статистика,  қаржылық  және  экономикалық  заңдар  дайындау,  әрі  кадрлар 

даярлау саласында мүше елдерге ықпал ету болатын техникалық көмек болып 

табылады. 

Қазақстанның    Халықаралық  валюта  қорымен  ынтымақтастығы  1992 

жылы,  республика  егемендігін  жариялап,  өз  бетінше  халықаралық  аренаға 

шыққан  кезде  бастау  алды.    Қазақстан  ХВҚ-мен  жүйелік  өзгертулерді 

қаржыландыру бағдарламасы (STF),  «Стэнд-бай», кеңейтілген кредиттеу (EFF) 

бойынша  келісімге  келді.  2000  жылдың  мамырында  Қазақстан,  ТМД  мен 

Шығыс Еуропада жалғыз өзі ХВҚ алдындағы өзінің қарыздарын өтеді. Қазіргі 

кезде Қазақстан ХВҚ-мен экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша 

өзара  түсіністікке  қол  жеткізді  және  ХВҚ-мен  ынтымақтастықты  жалғастыру 

елімізде  инвесторлар  мен  кредиторлардың  жақсы  қарым-қатынасына  ықпал 

ететін қосымша құраушысы болып табылады.  

Бүкіл әлемдік банк тобына -  Халықаралық қайта құру және дамыту банкі 

(

ХҚДБ),  Халықаралық  даму  қауымдастығы  (ХДҚ),  Халықаралық  қаржы 



корпорациясы  (ХҚК),  Инвестиция  кепілдігінің  жан-жақты  агенттігі  (ИКЖА) 

 

38 


енеді,  ол  саяси  қауіптерден  сақтандыруды  қамтамасыз  етеді.  Қазақстан  1993 

жылы қыркүйекте ХҚДБ, ХДҚ, ИКЖА,  ХҚК мүше болды.  

 

Халықаралық  қайта  құру  және  дамыту  банкі  (ХҚДБ)  –  Біріккен 



Ұлттар  Ұйымының  мамандандырылған  қаржы  мекемесі  болып  табылатын, 

Бүкіл  әлемдік  банкке  енетін  халықаралық  кредиттік  ұйым.  ХҚДБ  негізгі 

міндеттері:  мүше  елдердің  экономикалық  дамуын  ынталандыру,  халықаралық 

сауданың дамуына ықпал ету, төлемдік баланстарды қолдау болып табылады.  

Банк қаражаты мүше елдердің оның акциясына, қарыз қаражатына, несие беру 

капиталдарына  жазылу  жолымен  жасалған  жарғылық  капиталынан  тұрады.  

ХҚДБ-ның  негізгі  қызметі  –мемлекеттік,  сондай-ақ  жеке  кәсіпорындарға  да 

олардың басқару кепілдігі болуына қарай ұзақ мерзімді кредиттерді беру.  

 

Банк  институционалдық  негіздерді  нығайтуға,  мемлекеттік  секторды 



дамыту  үшін  әлеуметтік  қызметтердің  тиімділігін  арттыруға  күш  салуда, 

орташа мерзімдік болашақта институционалдық реформаны және құрылымдық 

түрленулерді дамыту процесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазақстанда 

жүзеге  асырылатын  Институционалдық  реформа  мен  денсаулық  сақтау 

саласына  жаңа  технологияларды  енгізу  жобасы  осы  қызмет  аймағында 

халықаралық стандарттарды енгізуге жәрдем етті.   

ХҚК  басымдық  міндеттерінің  санына  инвестиция  көлемінің 

инфрақұрылымға  ұлғаюы  және  агроөнеркәсіптік  кәсіпорындар,  микро,  кіші 

және  орта  кәсіпорындардың  қаржыландыру  көздеріне  кеңінен  қол  жеткізуі, 

климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді жеңілдету, тұрақты дамуға ықпал 

ету және аймаққа инвестиция ағылуына түрткі болу жатады.    

30  маусымда  аяқталған  2008  қаржы  жылы  бойы  ИКЖА  Орталық  Азия 

аймағы  елдері  мен  Кавказ  аймағына  кепілдік  немесе  саяси  қатерлерден 

сақтандыру  түрінде  1,2  млрд.  АҚШ  долларын  бөле  отырып,  тоғыз  жобаны 

қаржылауға қатысты. Осы жобалардың ішінде – Қазақстан банктарының біріне 

қолдау  көрсету  лизингтік  қызметтің  дамуына  ықпал  етуі  және  елімізде  орта 

және ұзақ мерзімдік қаржыландыруды ынталандыруы керек еді.   

 

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 1991 жылы Орталық 

және Шығыс Еуропада коммунистік режим талқандалып жатқанда, ал кеңестік 

блоктың  бұрынғы  елдеріне  демократия  жағдайында  жаңа  жеке  сектор  құруға 

қолдау  қажет  болған  кезде  құрылды.  Бүгінгі  күні  ЕҚДБ  инвестициялық 

құралдары  –  Орталық  Еуропадан  бастап  Орталық  Азияға  дейін  30  елде 

нарықтық экономика мен демократияны орнату мақсатында қолданылады.  

 

ЕҚДБ  рөлі  –  Қазақстанның  экономикалық  түрленуіне  инвестициялық 



қаржыландыру  мен  кеңес  беру  арқылы    ықпал  етумен  шектеледі.  ЕҚДБ  үшін 

маңызды  басымдық  -  Қазақстанның  кіші  және  орта  бизнесін  қолдау 

бағдарламасы сияқты бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.  

Банк көрсететін техникалық көмек, ережеге сай, ЕҚДБ акционер елдерден 

берілетін арнайы ресурстардан алынған грант түрінде қаржыланады.  Табысты 

мысалдар  ретінде  аймақтық  электрэнергетикалық  тарату  компанияларын 

жекешелендіруде ЕҚДБ-нің кеңес беру техникалық көмегі, сондай-ақ ҚР Көлік 

және  коммуникация  министрлігіне  телекоммуникациялық  қызметтің 

нормативтік базасын жетілдіру жөнінде көмегі болып табылады. 


 

39 


Ислам  дамыту  банкі  (ИДБ)  -  1973  жылы  желтоқсанда  Джидда 

қаласында 

(Сауд 

Аравиясының 



Корольдігі) 

өткізілген 

мұсылман 

мемлекеттердің Қаржы министрлері конференциясында қабылданған Ниеттері 

туралы  декларациясына  сәйкес  құрылған    халықаралық  қаржы  институты 

болып  табылады.  Қазіргі  кезде  55  ел  банк  мүшесі  болып  табылады.  2003  ж. 

қыркүйекте Ислам даму банкі басқармаларының жылдық жиналысы Алматыда 

өткізілді. ИДБ валютасы ислам динары болып табылады.  

 

 

ИДБ  миссиясы  –  ИДБ  мүше  және  ИДБ  мүше  емес  елдердегі   

экономикалық даму мен әлеуметтік жетістіктерге ықпал ету; ИДБ мүше елдер 

арасындағы  тілектестік  пен  өзара  ынтымақтастықты  көтермелеу;  ислам 

экономикасының,  қаржысы  мен  банктік  ісінің  дамуына  ықпал  ету.  ИДБ 

техникалық  көмегі  техника-экономикалық  негіздемелерді  дайындауға  немесе 

жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету, мамандандырылған зерттеулер жүргізу, 

сондай-ақ  ұлттық  агенттіктер  мен  ұйымдардың  институционалдық 

мүмкіндіктерін  нығайту  мақсатында  көрсетіледі.  Техникалық  көмек  грант 

немесе  жеңіл  қарыздар  түрінде  бөлінеді.  Арнайы  көмек  ИДБ  мүше  болып 

табылмайтын елдерге ғана беріледі.  

Банкте Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) 

және  Алматы  қаласында  -  үш  аймақтық  өкілдік  бар.  Алматы  қаласындағы 

аймақтық  өкілдігі  1997  жылы  тамызда  ашылды  және  ИДБ  мүше  елдерде  - 

Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Түрікменстан,  Әзербайжан,  Албания, 

Өзбекстанда  ИДБ  мүддесін  қорғайды,  сондай-ақ  Ресей  Федерациясында, 

Украинада арнайы техникалық көмек жобасына қызмет көрсетеді.    

 

ИДБ Алматы қаласындағы аймақтық өкілдігі және Астана қаласындағы 



өкілдігі  аймақтағы  осы  топтың  біріккен  қаржыландыру  және  жобаларды 

орындау  мониторингі  мәселесіндегі  қызметіне  ықпал  етеді.  АКГ-ның 

Қазақстандағы  бірлескен  алғашқы  жобасы  ИДБ-ның,  Сауд  Аравиясы  даму 

қорымен, Абу-Даби даму қорымен бірлесіп қаржылауымен Астана –Қарағанды 

жолын  салу.  ИДБ  Қарағанды  облысының  ауылды  сумен  жабдықтау  жобасын 

қаржыландырады.  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  ресми  сапарларының 

қорытындысы  бойынша  БАЭ  және  КСАға  СФР  мен  ФРАД  Астана-Бурабай 

жолдарын  2-категориядан  1-ге  қайта  құру  жобасын  бірге  қаржыландыруға 

қатысуы жоспарланған (жол төсемдерін кеңейту).  

Ислам  даму  банкымен  бұрын  қол  қойылған  келісімді  жүзеге  асыру 

жөніндегі жұмыс жалғасуда.  Қазіргі кезде бірқатар Қазақстан жобалары жүзеге 

асырылды  немесе  аяқталу  кезеңінде  тұр.  Мына  жобалар  жүзеге  асырылды: 

Қазкоммерцбанк, Халық банкі, «ТұранӘлем» банкі арқылы Сызғанов атындағы 

институтқа (он миллион доллар), Гүлшат — Қарағанды автожолы (он миллион 

доллар),  Осакаровка  —  Вишневка  автомобиль  жолының  бөлігін  салу  (20 

миллион доллар), кіші және орта бизнесті қолдау (15 миллион доллар).  

 

Банк басшылығымен байланыс - олардың республикамен өзара пайдалы 



қатынастарын  дамытуға  мүдделілігінің  көрнекті  куәсі.      Ислам  даму  банкінің 

ынтымақтастықты  нығайту  жөніндегі    шынайы  ниеті  –  2003  жылы  Алматыда 

Ислам  банкінің  басшыларының  28-отырысы  өткенінің  дәлелі,  ол  «Ислам 

конференциясы»  ұйымының  және  Ислам  даму  банкінің  ТМД  елдеріндегі 



 

40 


осындай  деңгейдегі  алғашқы  іс-шаралары  болып  табылды.  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Ислам  банкінің  президенті  М.Әлимен 

кездесуінде  атап  өткендей:  «Қазақстан  Ислам  банкымен  экономиканы 

индустрияландыру  жоспарларын  жүзеге  асыру  жөніндегі  үміттерін  дамыту 

арқылы  байланысқан.  Біз  инфрақұрылым  құрылысында  және  еліміздің  ауыл 

шаруашылығын көтеруде де осындай ынтымақтастықты қалар едік».  

    

ӘТЖ  байланысты  мәселелер  бойынша  көмек  маңайында  Ислам  даму 



банкі  ӘТЖ  жөнінде  келісім  бойынша  семинар-кеңес  берулер,  сондай-ақ  ИДБ 

мүше елдерінің, Қазақстанмен қоса, үкімет өкілдеріне арналған сауда саясаты 

бойынша  курстар  өткізеді.  ИДБ  тағы  да  «Қазақстанға  ӘТЖ  енуге  ықпал  ету» 

жобасы бойынша техникалық көмек көрсетіледі.  

    

Азия  даму  банкі  (АДБ)  –  Азия  Тынық  мұхиты  аймағында  даму 

жобаларын  ұзақ мерзімді кредиттеуге арналған аймақтық қаржы ұйымы. БҰҰ 

ұйымының  бастамасымен  1965  жылы  Азия  Тынық  мұхиты  аймағындағы 

елдерге көмектесу мақсатында, ең алдымен кедейлікпен күресу үшін құрылған. 

АДБ штаб-пәтері Манилда (Филиппин) орналасқан.  

    


Бас кезінде АДБ 31 мемлекет мүше болды. 2005 ж. қарай олардың саны 64 

дейін  өсті.  БҰҰ  экономикалық  және  әлеуметтік  мәселелер  жөніндегі  Азия 

Тынық мұхит елдерінің Комиссиясы  және Азия аймағындағы басқа елдер үшін 

(басқа  аймақтардағы  дамыған  елдер),  олар  БҰҰ  немесе  мамандандырылған 

агенттіктердің бірінің мүшесі болса, АДБ-ға да мүшелікке жол ашық.  

АДБ  жоғары  органы    -  әрбір  мүше  елден  бір  басқармадан  (өкілден) 

болатын    басқармалар  кеңесі.  Басқармалар    кеңесі,  сессияға  жылына  бір  рет 

жинала  отырып,  АДБ  президентін  5  жыл  мерзімге  сайлайды,  үнемі  қызмет 

ететін директорлар (12 мүше) кеңесінің жұмысын бақылайды, оны басқармалар 

кеңесі 2 жыл мерзімге тағайындайды. Банк Жарғысы бойынша президент пен 

он екі директордың сегізі аймақ елдерінен болуы керек.   

Қазақстан    1994  ж.  бастап  АДБ  мүшесі  болды.  АДБ  Қазақстанның 

Орталық  Азия  аймағында  экономикалық  ынтымақтастығы  жөніндегі  күшін 

қолдайды.  АДБ  ауыл  шаруашылығы,  білім,  тұрғындарды  әлеуметтік  қорғау, 

көліктік инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен 

қамтамасыз  ету  саласындағы  инвестициялық  жобаларын  қаржыландыруда 

белсенді  араласады.  Азия  даму  банкі  (АДБ)  Қазақстан  Республикасына 

Қазақстан  шекарасында  Хоргостан  бастап  Алматы  мен  Шымкент  арқылы 

Қытайдан бастап Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейін ірі автомобиль 

жолын қайта құруға көмек көрсету үшін 700 миллион доллар бөлді. Сонымен 

қатар,  АДБ  Солтүстік  Қазақстан,  Ақмола  және  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарында  ауылды  сумен  жабдықтау  жобасын  қаржыландырады.  Қазіргі 

кезде 

Бурабай-Көкшетау-Петропавл 



жолдарын 

АДБ-мен 


бірлесіп 

қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда.   

 

Осылайша,  әлемдік  қаржылық  дағдарыс  жағдайында  халықаралық 



қаржылық-кредиттік  институттардың  әлемдік  экономикадағы  рөлі  төмендеп 

қана қоймай, анағұрлым маңызды болып келеді. Олардың қызметі валюталық-

есептеу  қатынастарының  қызмет  етуіне  қажетті  реттеуші  бастау  және  белгілі 


 

41 


тұрақтылық  енгізуге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  олар  елдер  арасында  

валюталық-есептеу қатынастарын жайғастыру құралы ретінде қызмет етеді.  

 

Елімізде жүргізілетін реформалар мен халықаралық экономикалық және 



қаржы  институттарының  қызметіне  тиімді  араласу  арқасында  Қазақстан 

тұрақтылығын  сақтап  қалды.  Өзінің  инвестициялық  саясатында  шетел 

инвесторларына  қолайлы  жағдай  жасауға  бейімделе  отырып,  Қазақстан 

Республикасы соңғы он жылдықта инвестициялау процестерін өзгерту жолына 

түсті 

– 

инвестицияны 



қалыптастыру 

көздері, 

қызықтырудың 

ұйымдастырушылық  түрлері  және  тарату  әдістері  немесе  қаржы 

ресурстарының  қайта  құйылуы  өзгерді,  инвестициялық  қызметті  жүзеге 

асырудың  барлық  тәсілдері  мен  принциптері  түгелдей  қайта  құрылды,  осы 

процеске  қатысушылар  саны  көбейді.  Осының  бәрі  әлемдік  қаржы 

дағдарысының  жағымсыз  салдарын  жеңуге  ықпал  етті.  Еліміздің  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Дағдарыс  арқылы  жаңару  мен  дамуға»  атты  Қазақстан 

халқына Жолдауында: «Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен 

жағдайының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін маңызды үш тұғырлы міндеті 

болып қалады. Бүгінгі мәселелер және біз оларды қалай атқаратынымыз - бұл 

біздің қоғам мен мемлекеттің кемелденуі мен тұрақтылығының емтиханы. Біз 

бұл  емтиханнан  өтеміз  деп  ойлаймын.  Бізге  өз  дамуымыздың  жаңа  кезеңіне 

кіру  және  өз  жетістіктерімізді  еселеу  алдымызда  тұр.  Қойылған  мақсаттарға 

жету үшін біздің халқымыздың бірігуі қажет… Біз бүкіл әлем болып жаһандық 

әлемдік дағдарысқа ендік, енді осы жаһандық Кілтті дағдарыстан бұрып әкету 

үшін  біз  тағы  да  бүкіл  әлем  болып  бірігуіміз  қажет.  Бәрі  тек  өзімізге 

байланысты». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет