Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Жангуттина Г. Социально-экономические факторы динамизации и  

     


интеграционных процессов в Казахстане: Научное издание // Транзитная  

     


экономика. 2003. №4. 

2.

 



Искандаров А. Классические теории европейской политической интеграции  

     


и возможность их использования в интеграционных процессах в регионе  

     


ЦА: Научное издание // Казахстан спектр. 2006. № 4. 

3.

 



Кулешова Б. Интеграционные процессы в Республике Казахстан как  

     


факторы формирования интегрированных хозяйственных структур :   

     


общественно-политическая литература // Қаржы-Қаражат = Финансы  

      


Казахстана.  2003. № 5. 

4.

 



Ларионова М.В. Интеграционные процессы в образовании. Европейский  

     


опыт. Статья первая: Научное издание // Высшее образование сегодня. –  

     2006. 

№ 2. 

5.

 



Онжанов Н. Республика Казахстан в интеграционных процессах на  

      


пространстве СНГ: Научное издание // Экономист. 2003. №11. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

52 


                             

Қазақстан және ЕурАзЭҚ  

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік  

                                                                          

техникалық университетінің 

                                                                                 

«Қазақстан тарихы» 

 

кафедрасының аға оқытушысы   

Әбдірахманова А.А. 

 

 

Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  (ЕурАзЭҚ)  –  бұл  бірыңғай 

экономикалық  кеңістікті  құру  және  өзара  ұтымды  ынтымақтастықты  жан-

жақты  дамытуды  елдердің  өркендетуін  біріктіру  арқылы  қамтамасыз  етуге 

шақырған  посткеңестік  кеңістікте  барынша  тиімді  және  динамикалы  даму 

үстіндегі интеграциялық құрылым. 

ЕурАзЭҚ халықаралық құқықтың басқа субъектілерімен өзара әрекеттесуге 

әрекет етуге мүмкіндік жасайтын заңды құқығы бар. ЕурАзЭҚ қауымдастыққа 

мүше  елдердің  мүдделерін  қорғай  отырып,  біздің  елімізді  халықаралық  сауда  

рыногына  шығаруды  және  үшінші  елдермен  және  олардың  бірлестіктерімен 

өзара ұтымды келісім-шарттар жасауға мүмкіндік береді. 

Аталған  халықаралық  ұйым  оның  құрамына  енген  жалпы  кедендік 

шекараның  қалыптасуына,  бірыңғай  сыртқы  экономикалық  саясат    құруына, 

әлемдік  экономикаға  интеграциялау  кезіндегі  тәсілдерді  үйлестіру  және 

халықтың  өмір  деңгейін  арттыру  мүддесінде  олардың  әлеуетін  тиімді 

пайдалану  кезінде  әлеуметтік-экономикалық  келісімдерге  байланысты 

функциялар бөлінген. ЕурАзЭҚ бұрын аталған мақсаттар мен міндеттерді іске 

асыру  құралы  ретінде  экономикалық  өзара  әрекеттесуге  және  біздің 

азаматтарымыздың әл-ауқатының өсуіне жаңа қарқын беруі тиіс. 

2000  жылы  10  қазанда  Астана  қаласында  Еуразиялық  экономикалық 

қауымдастықты  құру  туралы  келісім-шартқа  Қазақстан,  Белоруссия,  Ресей, 

Тәжікстан  және  Өзбекстан  басшылары  қол  қойды.  Келісім-шартта  келесі 

міндеттерді шешу қарастырылған: 

а)  сыртқы  сауда  және  кеден  саясаты  саласында  –  еркін  сауда  режимінің 

толық  көлемін  ресімдеуді  аяқтау,  бірыңғай  кедендік  тарифті  қалыптастыру; 

ДСҰ және басқа халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қатынастарды  

келісілген  тұрғыда  құру;  валюталық  реттеу  және  валюталық  бақылаудың 

бірыңғайланған  тәртібін  енгізу;  кедендік  реттеудің  жалпы  бірыңғайланған 

жүйесін құру; сыртқы шекаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 

сыртқы шекараны нығайту және көркейту. 

б)  экономикалық  саясат  саласында  –  экономиканың  келісілген 

құрылымдық  саясатын  жүргізу;  әлеуметтік-экономикалық  дамытудың 

бірлескен  бағдарламаларын  әзірлеу  және  іске  асыру;  жалпы  төлеу  жүйесін 

құру;  валюталық-қаржылық  жүйенің  өзара  әрекеттесуін  қамтамасыз  ету; 

өндірістік  және  кәсіпкерлік  қызметтер  үшін  тең  жағдайлар  жасау;  көліктік  


 

53 


көрсетілетін  қызметтердің  жалпы  рыногын,  бірыңғай  көліктік  жүйені  және 

жалпы энергетикалық рынокты қалыптастыру; 

в) әлеуметтік-гуманитарлық салада – білім, ғылым мен мәдениеттің ұлттық 

жүйесін,  әлеуметтік  стандарттарды  қамтамасыз  етудің  ұлттық  жүйесін 

үйлестіру; 

г) 


құқықтық 

салада 


– 

ЕурАзЭҚ 


шеңберінде 

тараптардың 

міндеттемелерінен  туындайтын  мәселелер  бойынша  мүше  мемлекеттердің 

ұлттық  заңнамалық  және  басқа  құқықтық  нормативтік  актілерін  келісіп 

қабылдау  механизмін  құру;  ЕурАзЭҚ  шеңберінде  жасалған  келісім-шарттар 

бойынша  мемлекет  ішілік  рәсімдердің  орындалу  мерзімдерін  синхрондау; 

қауымдастық  шеңберінде  жалпы  құқықтық  кеңістікті  құру  мақсатында 

қатысушы  мемлекеттердің  құқықтық  жүйелерінің  өзара  әрекеттесуін 

қамтамасыз ету. 

ЕурАзЭҚ  осыған  ұқсас  құруларға  қарағанда  келешекке  бағытталған 

саяси  шешімнің  нәтижесі  болды.  Сарапшылар  ЕурАзЭҚ  елдерімен 

экономикалық  байланыс  тығыз  орнатылмаса  да  құрылымның  даму  әлеуеті 

өте жоғары деп бағалайды. Әзірше негізгі жобалар мемлекет қатысуымен 

ірі корпорациялар мен қаржылық-өнеркәсіптік топтар деңгейінде жүзеге 

асырылуда. Бұл жерде көп нәрсеге қол жетті және алда да көп міндеттер тұр. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Еуразиялық  экономикалық  форумда  сөз 

сөйлегенде,  ЕурАзЭҚ  шеңберінде  интеграцияның  бес  түйінді  проблемасын 

атап  өтті.  Ол  әлемдік  рынокта  қауымдастықтың  қатысушы  елдерінің 

өнімдерінің  «бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға,  біздің  әлсіздігімізді  жоюға 

қабілетті  неғұрлым  маңызды  артықшылықтарға  бірге  ие  боламыз»  деп  атап 

көрсетті.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  ЕурАзЭҚ  барлық  елдері 

үшін  энергетикалық  салада  әлемдік  рынокқа  шығудың  ұтымды  бірыңғай 

саясатын  бірлесіп  әзірлеу  және  бірізділікті  жүзеге  асыру  қажеттілігін 

көрсетті.  Бұл  жерде  Мемлекет  басшысының  пікірі  бойынша  энергетиканың 

инфрақұрылымын құру тиіс, яғни ЕурАзЭҚ-қа қатысушы барлық елдер үшін 

ұтымды  болып  табылатын  бірдей  тарифтік  мөлшерлемесі  бар  газ 

құбырларын,  теңіз  порттары  мен  терминалдарын  салу  және  дамыту  болып 

табылады.  Н.Ә.Назарбаев  транзитті  әлеует  туралы  айта  отырып,  ЕурАзЭҚ 

елдері  арасындағы  үйлестірілген  саясаттың  жоқ  екендігін  атап  өтті. 

Сарапшылардың  берген  бағасы  бойынша,  бүгінгі  күні  Еуропа  мен  Азия 

арасындағы    жүк  ағыны  100  миллион  тоннаны  құрайды.  Сондықтан,  

Н.Ә.Назарбаев  атап  өткендей,  бұл  жерде  «осы  ағынды  өзіне  қарай  тартатын 

барлығына  пайдалы  үйлестірілген  қуатты  саясат  қажет».  Президент 

интеграция  проблемасына «өзара сауданың меншікті салмағын азайту және 

өзара бірлестіру жағын біртіндеп арттыру» деп қарайды.  

ЕурАзЭҚ шешетін осы үлкен проблемаларға басқа өте маңызды міндеттер 

қосылады.  Қауымдастыққа  қатысушы  елдер  алдында  шағын  және    орташа 

экономикалық 

құрылымдарды 

белсендіру 

мәселесі 

тұр, 


онысыз   

интеграциялық  процестер  толық  болмайды.  Қазіргі  күні  ЕурАзЭҚ  ұлттық 

экономика  жағдайын  топтастырады,  жандандыру  мен  өсу  ірі 

корпорациялардан  басталады,  онда  шағын  және  орташа  бизнес  саласы 



 

54 


сияқты    қажетті  даму  деңгейіне  көтерілген  жоқ.  Демек,  ЕурАзЭҚ  болашағы 

көбінесе өзіне байланысты, қатысушы елдердің экономикасындағы шағын және 

орта  кәсіпкерлік  саласы  қаншалықты  дамығанына  және  тұтастай  осы  сектор 

экономикадан қандай үлес алатынына байланысты. 

Еліміздің  даму  Стратегиясы  шеңберінде  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың 

басшылығымен – жақын арадағы он жылда әлемнің барынша дамыған бәсекеге 

қабілетті  50  елінің  қатарына  кіру  мақсаты  қойылды  және  бұл  мақсатқа  қол 

жеткізу  үстінде.  2000  жылдан  бастап,  біздің  экономикамыздың  орташа  өсімі 

10% құрайды, ал халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өсімі  40%-ға 

артты.  Экономиканың  өсуінің  жоғары  қарқыны  2008  жылы  2000  жылмен 

салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің екі есе ұлғаюын есептеуге мүмкіндік береді, 

ал 2015 жылға қарай оның үш есе өсуіне қол жеткізу қажет.  

Қазақстан  бәсекеге  қабілеттілікті  арттыру,  ДСҰ-на  кіру,  индустриалдық-

инновациялық даму проблемасын шеше отырып, өз жоспарын осы бірлестіктегі 

серіктестерінің  жоспарларымен  байланысын  қарай  отырып  ЕурАзЭҚ 

тәжірибесіне  және  әлеуетіне  сүйенеді.  Республика  үшін  маңызды  принцип  – 

Қауымдастықтың  барлық  елдері  үшін  нақты  ұтымды  болатын  және 

экономикалық өсуіне мүмкіндік туғызатын интеграцияның деңгейіне ұмтылу.  

Сірә, Қауымдастықтың табысты дамуы меншікті заңнамалық-нормативтік 

базасыз,  ұлттық  заңнамаларды  үндестіруге  және  бір  ізге  салуға  ұмтылмай 

мүмкін  емес.  Бұл  тиімді  интеграцияның  тиісті  шарттарының  бірі  болып 

саналады.  

Бұл бағытта ұлттық заңнамаларды жақындастыру және үйлестіру бойынша 

белсенді жұмыс жүргізетін ЕурАзЭҰ Парламент аралық Ассамблеясы табысты 

жұмыс  істеуде.  Бірыңғай  кедендік  тарифтерді  қалыптастыруда  және  тарифтік 

емес  реттеу  шараларының  бірыңғай  жүйесін  құруда,  тауарлар  саудасы  мен 

көрсетілетін  қызметтердің  және  олардың  ішкі  нарыққа  қатынасының  жалпы 

ережелерін  белгілеуде,  көліктік  көрсетілетін  қызметтердің  жалпы  рыногын 

және  бірыңғай  көліктік  жүйені  құрудағы  оның  үлесі  және  интеграциялық 

процестерді дамытудың басқа нормативтік-құқықтық негіздерін бағалау қажет.  

Парламент  аралық  Ассамблеяда  құқықтық  қатынастардың  барлық  негізгі 

салаларында  34  модельді  заң,  22  заңнама  актісінің  типтік  жобасы,  34  ұсыныс 

әзірленді  және  қабылданды.  ЕурАзЭҚ-қа  мүше  мемлекеттер  үшін 

экономикалық  және  гуманитарлық  қатынастардың  әртүрлі  салаларында 

құқықтық реттеуден бастап бірыңғай белгіленген - көліктік заңнама, энергетика 

туралы  заң,  кедендік  және  бюджеттік  заңнама,  білім  туралы  заң  сияқты  Заң 

негіздерінің бірқатар басым Тұжырымдамасы әзірленді.   

Өткен  жылдарда  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  шеңберінде  93 

халықаралық келісім-шарт жасалды. Оның 74-і мемлекеттер ішіндегі рәсімдер 

орындалды, көбінесе, ратификациялау рәсімдері жүргізілді, осыған байланысты 

олар  заңды  күшіне  енген.  Тек  2006  жылы  ғана  бірқатар  келісімдерге  қол 

қойылды,  соның  ішінде  ЕурАзЭҚ  елдерінде  өндірілген  өнімдердің  бірыңғай 

тауарлық  белгісін  енгізу  туралы  келісімдер  бар,  ол  тауар  тасымалы  үшін 

транзитті  оңайлатады  және  интеграцияланған  валюталық  рынокты 

ұйымдастыру 

бойынша 


ынтымақтастық 

туралы 


келісімдер 

бар. 


 

55 


Қауымдастықтың заң шығарушы органдары өз қызметін жүзеге асыра отырып, 

бір-бірімен кеңінен байланысады, осыған байланысты оның қызметін ЕурАзЭқ 

ПАА қызметімен қарастырады.  

Бұл жұмыс Қазақстанда да жүргізілу үстінде, құқықтық реттеудің бірыңғай 

принциптері  негізіндегі  заңнамаларды  жетілдіруге  басты  назар  аударылуда. 

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобаларын қарау кезінде ЕурАзЭҰ 

Парламент  аралық  Ассамблеясының    нормативтік-құқықтық  актілерінде 

қарастырылған  негізгі  ережелер  мен  нормаларға  басты  назар  аударылады. 

Ассамблеяның ұсыныстары біздің еліміздің көптеген заңдарында, соның ішінде 

«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»,  «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауыл 

шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Электр энергетикасы 

туралы», «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Техникалық 

реттеу  туралы»,  «Терроризммен  күрес  туралы»,  «Сараптық  бақылау  туралы», 

«Бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есеп  туралы»,  «Электрондық  құжат  және 

электрондық цифрлық қол қою  туралы»  заңдарында, Қазақстан  Республикасы 

Кеден  кодексінде  және  басқа  құқықтық  актілерде  толықтай  немесе  жартылай 

қолдау тапты.  

«Инновация  туралы»  Модельді  заңы  Қазақстан  Республикасы 

Парламентінің  «Инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  заңын 

қабылдайтын кезде пайдаланылды. Ол заң индустриалдық-инновациялық даму 

Стратегиясын  іске  асыру,  біздің  экономикамызды  оның  диверсификациясы 

арқылы  дамытудың  қарқынын  үдету  және  сапалы  жақтарын  арттыру,  оның 

шикізаттық бағытын жеңу, жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құру және 

дамытуды қарастырады. Сол заңдармен Қазақстандағы инновациялық қызметті 

ынталандырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру негіздері белгіленеді 

және оны мемлекеттік қолдау шаралары анықталады.  

Негізгі  заңнама  актілерінің  бірі  –  Қазақстан  Республикасы  Бюджеттік  

кодексінде  –  ЕурАзЭҚ  мүше  елдердің  бюджеттік  заңнама  негіздерінің 

Тұжырымдамасымен анықталатын бірыңғай принциптер белгіленген.  

Осылайша,  модельді  заңнамалармен  қатар,  Қазақстан  Республикасының 

Парламенті  өзінің  заң  шығару  қызметінде  ЕурАзЭҰ  Парламент  аралық 

Ассамблеясының  тұжырымдамасы мен ұсыныстарын пайдаланады. Қазақстан 

Республикасының  Парламент  депутаттары  ЕурАзЭҚ  ПАА  барлық  іс-

шараларына:  оның  тұрақты  комиссиясымен  жұмыстарға,    конференцияларға 

және  семинарларға,  шығармашылық  тәжірибе  алмасуларға  белсене 

қатысатынын атап өту керек.  

Ұлттық заңнамаларда жеке модельді заңдардың нормалары көрініс табады, 

оларды  Қазақстан  тарапы  әзірледі.  Демек,  ЕурАзЭҚ  ПАА  Қазақстан 

Республикасының  Парламентіне  «Салық  заңнамасының  негіздері»,  «Бәсеке 

және  монополиялық  қызметті  шектеу  туралы  заңнама  негіздері»  әзірлеу 

міндетін  жүктеді.  Қазақстан  тарапынан  кеден,  сыртық  сауда  саясаты, 

әлеуметтік-гуманитарлық салалар да негізгі әзірлеуші ретінде анықталды. Бұл  

«Валюталы  рынокты  ұйымдастыру  және  жұмыс  істеуінің  жалпы 

принциптеріне»,  «Көрсетілетін  сауда  қызметтерінің  жалпы  принциптеріне», 



 

56 


«Білім  туралы  заң  негіздеріне»,  «Дәрілік  құралдар  туралы»  заңнамаларға  да 

қатысты.  

Біздің  елімізде  кедендік  заңнаманы  жетілдіру  мәселесіне  басты  көңіл 

аударылады.  Біздің  Кедендік  кодекске  ПАА  бұрынғы  заң  жобалары 

ұсыныстарының  біршамасы  енгізілген.  Онда  біздің  негізгі  сауда  серіктес 

мемлекеттердің  кеден  заңнамаларының  тәжірибесі,  сондай-ақ  кедендік 

рәсімдерді  үйлестіру  және  оңайлату  бойынша  Киот  конвенциясының  негізгі 

стандарттары мен ережелері ескерілген.  

2004 жылы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің басшылары соңғы жылдардағы 

Қауымдастық  дамуының  басым  бағыттарын,  соның  ішінде  кедендік  және 

көліктік  одақты,  энергетикалық  рынокты,  әлеуметтік-гуманитарлық  саладағы 

ынтымақтастықты қалыптастыруды белгіледі.  

Нақты Кедендік одақтың қажетті шарты Кедендік одақтың құрылуы болып 

табылады,  көліктік  инфрақұрылымсыз  тауардың,  көрсетілетін  қызметтердің, 

капиталдың,  адамдардың  еркін  жылжуын  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес. 

ЕурАзЭҚ-қа  мүше  мемлекеттер  өз  географиялық  жағдайымен  маңызды 

транзитті  әлеуетке  ие,  бірақ  бұл  әлеует  толық  көлемде  іске  аспаған.  ТМД 

Мемлекет  аралық  статистикалық  комитеттің  деректері  мен  ТМД  бойынша 

орташа алғанда жүктерді тасымалдау көлемі 1991 жылдан кейінгі уақыт ішінде 

шамамен үштен бір бөлікке ғана өскен. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде бұл 

өсім  әлі  де  аз    (Қазақстаннан  басқа,  онда  61%-ға  ұлғайды).  ЕурАзЭҚ 

шеңберінде кедендік ережелерге және көліктік тарифтерге бірыңғай тәсілдерді 

қарастыра отырып, біздің әлеуетімізді толық шамада пайдалануға болады.  

Энергетика  және  энергетикалық  қауіпсіздік  мәселелері  әлемдік  дамуда 

түйінді  ұстанымды  орын  алады.  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  та 

бұдан  шет  қалмайды.  Біз  энергетикалық  саланы  дамыту  мәселесіне, 

Қауымдастық  ішінде  энергоресурстарды  өркениетті  саудасы  мен  өркениетті 

қатынастарын ұйымдастыруға жан-жақты қарап, прагматикалық және оңтайлы 

жолын табуға қаншалықты қарайтын болсақ, біздің интеграциямыздың деңгейі 

ғана  емес,  біздің  мемлекет  аралық  қатынастарымыздың  беріктігі  де  артады. 

Әзірше  бұл  саладағы  қажетті  амалдарға  әлі  жеткен  жоқпыз.  Қауымдастыққа 

кірген  жекелеген  елдер  арасында  энергия  тасымалы  және  оларды  тасымалдау 

мәселелеріне  байланысты  түсініспеушіліктер  пайда  болады.  Алайда,  бұл 

мәселелер өте күрделі болса да, біз ерікті күш-жігермен жеңетін боламыз. Бұған 

ЕурАзЭҚ-қа  мүше  мемлекеттер  және  ТМД  басшылары  қызығушылық 

танытуда.  Жақында  олардың  арасында  Қауымдастық  шеңберінде  жалпы 

энергетикалық  рынокты  құру  идеясы  қолдау  тапты,  Орталық  Азияда  сауда-

энергетикалық  ынтымақтастықты  дамыту  мәселелері,  сондай-ақ  атом 

энергетикасы саласында өзара әрекет ету мәселелері қаралды.  

Осыған  байланысты  Қазақстанда  Республиканың  электр  энергетикалық 

кешенінің  сенімді  және  тұрақты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуге,  электрлік 

және  жылу  энергиясы  рыногы  қатысушыларының  құқықтарын  қорғауға 

бағытталған «Электр энергетикасы туралы» заңды әзірлеу кезінде ЕурАзЭҚ-қа 

мүше  мемлекеттердің  энергетика  туралы  заң  Негіздерінің  Тұжырымдамасы 



 

57 


және  энергетика  бойынша  ЕурАзЭҚ  заңдарының  негіздері  бойынша  заң 

жобаларының ұсыныстары ескерілгенін атап өту керек.  

Интеграция  флагмандары  –  инновация  және  жастар.  Соңғы  жылдары  

Еуразиялылық    идеяны  посткеңестік  елдердің  көптеген  интеллектуалдары 

қабылдады.  Ғалымдардың  еуразиялық  клубы  құрылды.  Жалпы  ақпараттық 

кеңістікте Еуразиялық Медиа-форум және Еуразиялық телевидение мен радио  

академиясы,  Еуразиялық  университеттердің  білім  қауымдастығы  жұмыс 

істейді.  Мемлекеттің  қазіргі  күнгі  міндеті  –  интеллектуалдық  бай  мұраны 

байыту және барлық аймақ үшін инновациялық дамудың жинақталған білімін 

пайдалану.  Қазіргі  кездегі  төтенше  маңызды  үшіншісі  -  еуразиялық 

интеграцияның  мәдени-гуманитарлық  өлшемі  болып  табылады.  Негізгілердің 

қатарына білім мәселелері бойынша заңнамалық актілерді бірыңғайлау туралы 

мәселелер  жатады.  2004  жылы  қабылданған  білім  туралы  заң  Негіздерінің 

Тұжырымдамасы  білім  саласында  құқықтық  реттеудің  жалпы  бастамаларын  

белгілеу мақсатында осы саладағы мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерін 

тұжырымдау және мемлекеттік білім стандартын бірыңғайлау міндетін қойды. 

Сондықтан  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  жалпы  және 

кәсіптік  білім  жүйесі  осы  Тұжырымдамада  ұсынылған  бірыңғай  білім 

бағдарламасымен үйлеседі.  

Экология саласында Еуропалық одақ және әлемнің көптеген елдерінің заң 

шығарушы тәжірибесі, сондай-ақ ТМД ПАА әзірленген модельді Экологиялық 

Кодекстің  беделді  халықаралық  ұйымдардың  ұсыныстары  Республиканың 

Экологиялық  Кодексін  қалыптастырған  Қазақстанның  экологиялық  заңдарын 

әзірлеу  кезінде  ескерілді.  Кодекс  экология  және  экологиялық  қауіпсіздік 

мәселелерін  кешенді  түрде  шешуге  деген  амалдарды  көрсетеді,  табиғи 

ресурстарды  аялап  мұқият  қарауды,  экологиялық    талаптарға  деген  жаңа 

стандарттарды  қарастырады,  осы  саладағы  мемлекеттік  бақылау  жүйесін 

күшейтеді.  

Біздің  еліміздегі  әртүрлі  бағыттарды  біріктіруде  өзара  әрекет  етудің 

жоғары  деңгейі  мен  интеграция  қазіргі  заманның  үндеулеріне  сенімді  жауап 

беруге мүмкіндік береді. Біз қазір еуразиялық инновациялық бұзып жаруды іске 

асыруға, балансталған еуразиялық рынокты құруға, біздің еліміздің дамуының 

жоғары  деңгейіне  жету  үшін  гуманитарлық  ресурсты  пайдалана  алуға 

қабілеттіміз.  

Оң  жетістіктерге  қарамастан,  ЕурАзЭҚ  қызметінде  бірқатар  проблемалар 

бар,  ол  проблемаларды  жеңу  жолдарын  еліміздің  президенті    Н.Ә.  Назарбаев 

ұсынды: 

1. 


Инновациялық дамуға жылдам көшу. Біз ғылыми қауымдастықтың осы 

міндеттерді іске асыруына көмектесуіміз керек. Сондықтан 2010 жыл  ТМД-да 

Ғылым  және  инновация  жылы  деп  жариялануы  тиіс.  Еуразиялық  ғалымдар 

клубы  шеңберінде  ғылым  қайраткерлерінің  өзара  әрекет  етуін  дамытуымыз 

қажет.  Жоғары  технологиялар  орталығы  және  Жоғары  технологиялар 

Еуразиялық  Банкі  ТМД  кеңістігінде  барлық  қызығушылық  танытқан  зерттеу 

орталықтарымен ынтымақтастық жасауға жол ашық болуы тиіс. 


 

58 


2. Бірлесе отырып, білім саласын жаңа сапалы деңгейге көтеру – іс жүзінде 

бірыңғай еуразиялық білім кеңістігін құру қажет. Осылайша, Қазақстан жоғары 

білікті  мамандар  дайындауға  басты  назар  аударады.  Біз  тек  «Болашақ» 

бағдарламасы аясында жыл сайын үш мыңға тарта студентті әлемнің жетекші 

жоғары  оқу  орнына  жібереміз.  Қазіргі  кезде  Ресейде  -  422  стипендиат, 

Украинада – 28 стипендиат білім алуда. Ресейде 12 мыңнан астам қазақстандық 

білім  алуда.  Қазақстандық  ЖОО  да  өз  кезегінде  ТМД  студенттері  үшін  есігі 

ашық.  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Түркіменстан  азаматтары  үшін  біз  жыл 

сайын оқуға квота бөлеміз. Еуропалық одақта «Эразмус Мундус» бағдарламасы 

кең  танымдылықпен  пайдаланылады.  Ол  жоғары  білім  беру  саласында 

ынтымақтастықты  дамытуға  және  студенттер  мен  аспиранттар  қозғалысының 

еркіндігіне бағытталған. Біз Еуразиялық кеңістік үшін осыған ұқсас бағдарлама 

жасай аламыз. Ол Лев Николаевич Гумилев деп аталады. ТМД елдерінің ЖОО-

да  «осы  бағыт  бойынша  маманданып  жатқан  ғалымдар  мен  студенттерді 

біріктіре  алатын  еуразиялық  кафедралар»  құру  идеясын  іске  асыруға  болады. 

Еуразиялық Ұлттық университет әріптестеріне қажетті әдістемелік көмек бере 

алады. Классик: «Әлем тұтас алдыға жылжыса да, жастарға барлығын жаңадан 

бастауға тура келеді» деп айтқан.  

3. Жастармен атқарылатын жұмысқа басты назар аудару керек.  

Осы  бағытта  біздің  еліміздің  жас  ұрпағы  ешқандай  күштерсіз  біздің 

халқымызды  біріктіретін  көпір  болуы  мүмкін.  Сондықтан  2009  жыл  ТМД-да 

Жастар  жылы  деп  жарияланған.  Біздің  елдердің  арасындағы  жастар 

алмасуларының  әртүрлі  нысандарын,  жастар  ұйымдары  арасындағы  және 

жастар  көшбасшыларының  өзара  әрекет  етуін  жүйелі  негізде  қолдау  қажет. 

Біздің университеттерімізде ТМД халықтарының тілдерін неге оқытпайды? Бұл 

барлық  еуразиялық  кеңістіктегі  мәдениеттің  бай  қабатын  біздің  артымыздан 

келе жатқан ұрпақ жалғастырады деп сенемін! 

4.  Бірыңғай  еуразиялық  сәйкестендірудің  мәдени  және  тілдік  әр 

түрліліктерінің  жалпы  құндылықтары  негізінде  қалыптастыру  керек  екенін  

ұмытпау  керек.  Бұл  дегеніміз  –  еуразиялық  өлшемдердің  әртүрлі  мәдени 

жобаларын  алға  жылжыту:  фестивальдар,  шебер-кластар,  көрмелер, 

конференциялар.  Біздің  қоғамда  жоғары  рухани  және  адамгершілік 

құндылықтарды нығайтуға қамқор болудың жалпы маңызы бар. Бұл үшін тиісті 

бірлестік өкілдерінің кездесулері үшін диалогтық алаңдар құру қажет.  

5.  Біздің  еліміздің  азаматтарының  алға  жылжу  еркіндігін  максимум 

қамтамасыз  ету  қажет.  Қазақстан  өз  кезегінде  «Қарапайым  адамдарға    қарай 

қарапайым он қадам» бастамасын көтерді. Жақын арада біздің мемлекетіміздің 

халықтары  өзара  еркін  әрекет  етулері  үшін  тосқауылдарға  жол  бермеу  үшін 

барлық  қажетті  шараларды  қабылдау  қажет.  Бұл  элементарлық  ұсақ-түйек 

сияқты, бірақ іс жүзінде біздің еліміздің әрбір жеке азаматтары үшін маңызды: 

шекараны  еркін  қиып  өту,  барлық  елдердің  білім  және  медициналық 

қызметтеріне, ақпарат көздеріне қол жеткізу.  

Қазақстан үшін ЕурАзЭҚ интеграция – дамудың барынша перспективалы 

жолы. Халықаралық интеграция экономикалық даму қарқынына оң әсер етеді, 

халықаралық  сауда  және  өндіріс  факторларының  еркін  қозғалуына  қатысудан  


 

59 


түсетін  пайданы  қамтамасыз  етеді,  өндіріс  масштабында  үнемдеуге  жол 

беріледі,  ең  алдымен  шығындар  қысқарады,  еңбек  өнімділігінің  өсуіне  және 

еңбекті  халықаралық  бөлу  мен  мамандануды  тереңдету,  бәсекелестік  пен 

әлемдік  масштабта  инновацияларды  үздіксіз  енгізу  нәтижесінде  өндіріс 

тиімділігінің  артуына  мүмкіндік  туғызады,  шетелдік  инвестицияларды  тарту 

салдарынан табиғи ресурстарды неғұрлым толықтай игеруді қамтамасыз етеді, 

еліміздің  индустриалдық-инновациялық  дамуын  және  жаңа  өндірістерді 

ұйымдастыру кезінде технологиялық бұзып өтулерді қамтамасыз ететін жоғары 

технологиялар  орталығын  құру  саласында  халықаралық  ынтымақтастықты 

нығайтады. 

Интеграцияның  ең  жоғары  саяси  және  экономикалық  инфрақұрылымы, 

егер ол белсенді тұлғалардың күш-жігеріне бағытталмаса, іске жарамсыз болып 

табылар  еді.  Атап  айтқанда,  ол  мемлекетті  мыңдаған  берік  салалармен 

байланыстырады.  Бұл  күш-жігерді  сақтап  одан  әрі  дамыту  –  біздің    басты 

міндетіміз.  Теңдікке,  еріктілікке,  прагматикалық  мүдделерге  негізделген 

Еуразиялық  қауымдастық  XXI  ғасырдағы  әлемдік  экономика  және  саясаттың 

жаһандық факторы болуы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет