Ескерту - Білім беру бағдарламасының мақсатын заман сұранысына
сай жағырту мақсатында отандық білікті филолог мамандарды арнайы
дәрістерге тарту жүйелі түрде қолға алу.
Стандарт 3. Студенттер
Студенттерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің нормативті құжаттары негізінде жүргізіледі. Типтік
ережелерге сәйкес талапкерлерді іріктеу Ұлттық бірыңғай тестілеу және
кешенді тестілеу түрінде анықталады. Талапкер емтихан қорытындыларымен
келіспеген жағдайда апелляциялық шағым өтініш бере алады.
Студенттер әр жыл сайын типтік оқу жоспары мен элективті пәндер
каталогіне сүйене отырып, оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын өз
бетінше құрастырады. Жеке оқу жоспарында студент тіркеліп қойылған оқу
пәндерінің тізімі мен кредиттер саны немесе академиялық сағаттар саны
көрсетілген. 1 курс студенттері жеке оқу жоспарларын әр жыл сайын тамыз
айында толтырса, ал онан кейінгі курстарда наурыз айында толтырту үрдісі
сақталған. Эдвайзерлер элективті пәндер жөнінде консультациялар жүргізіп,
студенттерге түсіндіру шараларын өткізеді.
Студенттер аймақтық «Ыбырай оқулары», республикалық «Төлегенов
оқулары»
және
халықаралық
деңгейдегі
ғылыми-тәжірибелік
конференцияларға қатысып, ғылыми жинақтарда мақалаларын жариялап
келеді. Мысалы, 2009-2011 оқу жылы халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары жинағында 8 студенттің, аймақтық және
республикалық жинақта 22 студенттің ғылыми мақаласы жарық көрген.
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
14
2013-2014 оқу жылында «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығында оқитын 3 курс студенттері Қызылорда қаласында өткен
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, студент Тоқтарбай Елдос эссе
жазудан, Ұ.Әліқұл тілдік талдаудан Алғыс хатпен марапатталды.
Студенттер білімін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 16.03.2011 жылғы №94 «ЖОО-да білім алушылардың
ағымдық бақылауын, үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясын
жүргізудің типтік ережесін» негізге ала отырып жүзеге асырылған. Күндізгі
бөлім студенттері академиялық бір семестрде бакалавриат бағдарламасы
бойынша 18-ден 22 кредитке дейін, ал сыртқы бөлім студенттері 12-ден
15 кредитке дейін игереді.
Студенттердің білім беру бағдарламасын игеруіне тиісті құрылымдық
бөлімдер қызымет көрсетеді. Институттағы оқу бөлімі білім беру
бағдарламасындағы пәндердің сапалы игерілуін бақылап отырады. Оқу орны
ғимараттары, оқу үдерісі жүргізілетін дәрісханаларға бейнебақылау
камералары орнатылған.
Студент құзыреттілігін бағалау нәтижелері ЖОО-дағы оқыту үрдісін
ұйымдастырудың дұрыс жолға қойылғанын көрсетеді. Студенттердің білім
беру бағдарламасы негізінде оқыған пәндер бойынша алған білімдерінің
сапалық деңгейі, кәсіптік құзыреттіліктері, күнделікті сабақ үлгерімінің
барысы семестр бойынша бағаланып отырады. Оқу үрдісінің жетінші
аптасында және семестр соңында аралық бақылау алынады. Қорытынды
бақылау кезінде аралық бақылаулардың нәтижелері есептеліп, оған СӨЖ
нәтижелері мен емтихан нәтижесі қосылады. Осыдан барып арнайы формула
негізінде қорытынды бағасы шығарылады. Ең жоғарғы балл 100 балдық
көрсеткішпен есептеледі.
Эдвайзерлер студенттердің білімін бағалау ақпаратымен таныстырады.
Семестр соңындағы қорытынды бақылауды кафедра профессор-оқытушылар
құрамы күндізгі бөлім студенттерінен билет бойынша ауызша қабылдайды.
Әр пәннің емтихан сұрақтары мен билеттері әр оқу жылының басында
кафедра мәжілісінде талқыланып бекітіледі.
Институтта студенттердің өзіндік ізденістеріне барлық қажетті жағдайлар
жасалған. Соның ішінде оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми
әдебиетер және мерзімді басылымдармен қамтамасыз етілген ғылыми
кітапхана, отандық және шетелдік базалары бар электронды кітапхана мен
тегін ғаламтор жүйесі, спорт залы сапалы қызмет көрсетеді.
Кафедраның
профессорлық-оқытушылық
құрамы
тарапынан
студенттерге үнемі әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Кафедра құрамының
ұсынысымен бірқатар студенттер ақылы оқу түрінен мемлекет тарапынан
қаржыландыру арқылы тегін білім алу түріне ауыстырылғанын атап
көрсетеміз.
Ұсыныстар
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
15
Студенттерді
ғылыми-зерттеу
және
ғылыми-әдістемелік
жұмыстарына тереңірек бейімдеу үшін студенттердің ғылыми кеңесін
(немесе үйірмесін) ашу.
Стандарт 4. Білім беру нәтижелері, тиімділігі
Институттың 2013-2020 оқу жылдарына жасалған стратегиялық даму
жоспары бар. Осынау маңызды іс-шараларды жүзеге асыруда «Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығындағы бойынша дәріс оқып, семинар сабақтарын
жүргізетін профессор-оқытушылар құрамның алар орыны зор.
Кафедраның білікті оқытушылары жетекшілігімен студенттер ғылыми
жұмыстармен айналысуда. Болашақ мамандардың ғылыми әлеуетін арттыру
бағытында маңызды істер атқарылып келеді. Студенттердің ғылыми
ізденістерін жандандыру мақсатында білім беру бағдарламасы аясында
кафедраға қарасты «Ізденіс» атты үйірме жұмыс істейді. Үйірме мүшелері
ғылыми тақырып бойынша жұмыстар жүргізуді үйреніп, оның түйінді
мәселелерін жариялауға баса назар аударып келеді. Бұл ретте кафедра
оқытушыларының жетекшілік етуімен соңғы бес жылда еліміздегі түрлі
дәрежедегі республикалық және аймақтық ғылыми-теориялық, ғылыми-
тәжірибелік
конференция
материалдары
жинағында
студенттердің
27 мақаласы жарияланды.
Мамандық бойынша кәсіби біліктілікке ие болған түлектерді жұмысқа
орналастыру нәтижелері өз тиімділігін танытуда. Мәселен соңғы бес жыл
көлемінде оқуды тамамдаған мамандардың 95,5% жұмыспен қамтылған.
Нақты айғақ ретіндегі анықтама құжаттары кафедрада тіркелген. Осының
барлығы білім беру бағдарламасындағы кәсіби және ғылыми талаптардың
әлеуметтік және кәсіби сұраныстарға сай екендігін, сапалы орындалып
жатқандығын аңғартады.
Білім беру бағдарламасы мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартының талаптарына толық сай келеді. Мамандық бойынша оқуға
қабылдау қажетті құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Орта мектептерді
бітірген талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен келеді. Ондағы
балл санының көрсеткіші 50 балдан кем болмауы қатаң түрде ескеріліп
отырған.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға қабылданып, білім беру
бағдарламасы аясында білім алуы үшін 50 балдық меже туралы арнайы
сертификат міндетті түрде талап етіліп отырылған. Талапкерлерді оқуға
қабылдауда еңбек нарығындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына
деген сұраныс деңгейі үнемі ескеріліп келеді. Еңбек нарығында аталған
мамандыққа деген сұраныстың жоғары болуы білім беру бағдарламасының
Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жүргізіліп келе
жатқанын танытты. Сондай-ақ білім беру бағдарламасы нәтижелерін
бағалауда жұмыс беруші тараптың пікірлері үнемі ескеріліп келеді. Арнайы
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
16
сұхбат кезінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған
түлектердің білік-дағдысы жөнінде жұмыс берушілер оң пікірлерін білдірді.
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
бітірушілердің білім деңгейі Қазақстан Республикасы МЖМБС көрсетілген
талаптарға сай.
Жүргізілетін пәндер кезегі нақты анықталып, негізгі талаптар оқу
жоспарлары мен білім беру бағдарламасында көрсетілген. Оқу үрдісін
жетілдіру мен оқу жоспарларын қайта қарау сондай-ақ профессор-
оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру жүйесін жаңарту мақсатында
бақылау жұмыстары ұйымдастырылған.
Білім
беру
бағдарламалары
шегіндегі
білім
нәтижелерінің
мониторингісі төмендегідей қағидаттар негізінде жүргізіледі:
а) мамандықта оқытылатын жалпы білім беру, базалық және
кәсіптендіру пәндерінің негізгі циклдары бойынша оқыту үздіксіз және өзара
байланыста өткізіледі;
ә) мамандық бойынша бақылау жұмыстарын ұйымдастырудың барлық
түрі басшылыққа алынған және арнайы құжаттармен жүйеленіп берілген;
б) мамандық бойынша білім алушылардың білімін бағалауда ағымдық,
аралық және қорытынды бақылау түрлері жоғарыда аталған ережелер
негізінде жасалып, әрбір пәннің жұмыс бағдарламасы, силлабусында
нақтылы көрсетілген. Ол «Платонус» бағдарламасы арқылы ғаламторға
орналастырылған. Бақылаудың барлық түріндегі бағалармен білім алушылар
мен олардың ата-аналарының танысуына мүмкіндік жасалған.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру сапасын бағалау тетігін
сабақтарға қатысу, білім беру үдерісіне қатысушылардың әлеуметтік
сауалнама жүргізу, ішкі іс-тәжірибе жетекшілерінің пікірлері, Мемлекеттік
аттестациялау комиссиясы тұжырымдамасы, дипломдық жұмысқа сын-
пікірлер, оқу үлгерімдері, қорытынды мемлекеттік аттестация, МАБ немесе
ОЖСБ нәтижелерінің көрсеткіштері құрайды.
Өзара сабақтарға қатысу кафедра меңгерушісі, факультеттің әдістемелік
комиссия мүшелері, институт Ғылыми-әдістемелік кеңесі мүшелерінің
қатысуымен жүзеге асырылып отырылған. Сабаққа қатысу нәтижелері
кафедраның арнайы журналдарына тіркелген. Олар ғылыми-әдістемелік
кеңесте, сабаққа қатысу нәтижелері тыңдалатын кезекті есеп беру
отырыстарында талқыланған.
Оқу-әдістемелік
басқармасы
мен
педагогика
және
филология
факультетінің деканаты, студенттері мен оқытушылар, жұмыс берушілердің
арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілген. Сауалнама нәтижесінде
студенттердің білім беру қызметінің сапасына қанағаттанушылықтарын
арттыру жөнінде ұсыныстар мен есептер беріліп келген.
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілікті арттыру курстарына
қатысуы әр оқу жылы бойынша кафедраның жылдық жоспарына енгізіліп
отырылған. Сондай-ақ ниет білдірген оқытушылардың біліктілікті арттыру
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
17
курстарынан жоспардан тыс өтуіне толық жағдай жасалған. Оқытушылар
Қазақстан Республикасындағы өзге ЖОО-ларда, сондай-ақ шетелдік жетекші
оқу орындарына барып біліктілігін жетілдіріп тұрады.
Стандарт 5. Профессор-оқытушылар құрамы
5В01170 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру
бағдарламасы білім беру ісінің жетекші мамандарының атсалысуымен жүзеге
асырылады. Профессор-оқытушылар құрамының сыртқы аудит кезіндегі
пайыздық дәрежесі білім беру бағдарламасының лицензиялық талаптарымен
толық сәйкесе бермейді. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
құрамының ғылыми әлеуеті 33,3%-ды құрады.
Кафедра оқытушыларының кәсіби біліктілігі білім беру бағдарламасы
аясында оқытылатын пәндерге сәйкеседі. Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі тарапынан ұсынылатын көрсеткіштер мен талаптар
толық ескерілген. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
талабына сай маман дайындауға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
профессор-оқытушылар құрамының тиісті деңгейде үлес қосып келе жатқаны
байқалады.
Кафедра штаты толық, пәндер саны мен студенттер контингенті
тұрғысынан оқу жүктемесі нормаға жауап береді. Десе де «Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығына сабақ беретін жалпы профессор-оқытушылар
құрамының ғылыми әлеуетін арттыруды барынша жандандыру қажет.
Соңғы бес жыл көлемінде білім беруші профессор-оқытушылар
құрамының сандық - сапалық құрамы.
Оқу жылы
Ж
алпы профе
сс
ор оқыт
уш
ыл
ар
құра
мы
(бар
лы
ғы
)
Шт
ат
тық профе
ссс
ор оқыт
уш
ыл
ар
құра
мы
Олард
ың
ішінде
қызмет
істейт.
негізгі (штаттық
профессор,оқытушыл
ар) қызметшілер:
Ак
аде
миялық дә
ре
ж
е,м
аг
ис
тр
Қыз
мет
ш
і,ш
ат
ат
ты
қ қ
осымша
жағ
дай
да
ен
гі
зіл
ген
Ғ
ыл
ым
и дә
реж
е
Оқы
туш
ыл
ар шт
ат
ы
0,5
жүк
тем
е
0,25
жүк
тем
е
Ғылыми
дәрежесі
Ғылыми
атағы
Ғ
ыл
ым
док
торы
Ғ
ыл
ым
кан
дида
ты
Проф
есс
ор
Доцен
т
2010-2011
17
8
-
-
-
5
-
-
-
-
29,4
100
2011-2012
19
10
-
-
-
5
-
-
-
-
26,3
100
2012-2013
19
10
5
-
-
-
26,3
100
2013-2014
15
9
-
-
-
5
-
-
-
-
33,3
100
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
18
Оқытушылардың біліктілігі олардың атқарып отырған қызметтеріне
лайық. Бұл оқытушыларды конкурстық іріктеуден өткізу жүйесінің
тиімділігін және институтта оқытушылардың кәсіби біліктілігін дамыту үшін
қолайлы жағдай жасалғандығын көрсетеді.
Білім беру сапасын уақыт талабына орай жүйелі қамтамасыз ету
мақсатындағы ПОҚ құрамы шақырылған оқытушылармен, мамандық
бойынша сәйкес келетін түрлі мәдени салаланың жетекші мамандарымен
толықтырылып отырады.
Кафедрада сапалы да заманауи білім беру бағдарламасы аясында
жетекші мамандарды шақыртып, студенттерге жүйелі түрде дәрістер өткізу
дұрыс жолға қойылған. Атап айтқанда, ф.ғ.д., профессор Т.Жұртбай
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), ф.ғ.д., профессор
Ж.Ә.Аймұханбетова (ЕҰУ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті), ф.ғ.д., профессор Ж.Смағұлов (Е.А.Букетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті), ф.ғ.д., профессор А.Абсадық
(А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) сынды
білікті әдебиетші ғалымдар дәріс оқыды.
Оқу, әдістемелік, ғылыми зерттеу, тәрбие жұмыстары, топ тәлімгері
жұмыстарын қамтитын ПОҚ жұмыстарының жеке жоспары мен есебі талап
деңгейінде.
Кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының
жоспары сапа менеджменті негізінде жасалған. Ғылыми-әдістемелік семинар
әр оқу жылына жоспарланған, мәжілістері уақытында өткізілген. Ғылыми-
зерттеу жұмысының негізгі бағыттары қазіргі қазақ тіл білімі мен сөз
өнерінің өзекті мәселелеріне негізделген.
Топ кураторлары өздеріне жүктелген міндеттерін толығымен атқаруда.
Студенттердің замануи білім алуына, қазіргі соны оқу-әдістемелік ізденістер
негізінде біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылып отырады. Оған оқу
жұмысы жоспарына жаңадан енгізілген «Қазақ тілін оқытуда жаңа
технология негіздері», «12 жылдық білім беру жүйесінде қазақ тілі
сабақтарында халықтық педагогиканы қолдану» пәндері нақты дәлел болып
табылады.
Профессор-оқытушылар
құрамының
шетелдік
және
отандық
басылымдарда мақалалар жариялауы, ғылыми зерттеулері нәтижелерін оқу
үдерісіне енгізуі талап деңгейінде.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы отандық және шетелдік
басылымдарға әр жыл сайын мақала жариялап келеді. Кафедра құрамы
тарапынан атқарылған ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу
үдерісіне енгізіліп келеді. Кафедра профессор-оқытушылар құрамы
тарапынан соңғы жылдары 7 монография, 20 оқу-әдістемелік құрал,
105 ғылыми мақала жарық көрген. Десе де импак факторлы басылымдарда,
білім және ғылым саласындағы бақылау және қадағалау комитеті тарапынан
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
19
бекітілген ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар жариялауды барынша
жандандыру қажет.
Профессор-оқытушылар құрамы айтарлықтай жетістіктерге қол
жеткізуде. Кафедра профессоры Валиханов Шаридияр Асфандиярұлы «ҚР
ЖОО–ың 2013 жылғы Үздік оқытушысы» атағының иегері атанды. Қостанай
меценаттар Клубының «Ғылым» номинациясының, «Қазына» сыйлығының
лауреаты болды. Арқалық қаласының «Жыл адамы» атағының иегері
(«Білім» номинациясы) атанды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. Ал доцент Базар Рахметова
«ҚР ЖОО–ың 2014 жылғы Үздік оқытушысы» атағының иегері болды.
Ескерту-
Профессор-оқытушылар құрамының импак факторлы басылымдарда
ғылыми мақала жариялауын және электронды оқулықтар дайындауын
жандандыру
Стандарт 6. Материалды-техникалық база және ақпараттық
ресурстар
Жоғары оқу орынында 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығы бойынша білім беру үрдісін ұйымдастыруға керекті материалды-
техникалық база және ақпараттық ресурстар талап деңгейінде. Жоғарғы білім
беру стандартының талаптарына сай институтта оқу үрдісін сапалы түрде
жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. 2 лингафон кабинеті,
компьютерлермен жабдықталған 9 кабинет, арнайы жабдықталған 8 оқу
залы, соның ішінде электронды ресурсты орталық бар. Wi – Fi аймағымен
қатар әрбір компютерлі сынып Интернетке шығу желісіне қосылған.
Дене шынықтыру сабақтары спорт кешендері мен спорт залдарында,
ашық спорт алаңдарында өтеді. Студенттер үшін медициналық пункт жұмыс
істейді.
Басқа қалалардан келген студенттерге жан-жақты жабдықталған 2
жатақханада тұруға мүмкіндік жасалған.
1 студентке шаққандағы аумақ көлемі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген талаптарына сай. 15669 : 1340=
11,7 шаршы метр.
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқу аумағы
өртке қарсы және санитарлық талаптарға сай келеді. СЭС және өртке қарсы
қызметтің қорытындылары бар. Барлық аудиториялық қор жаңа оқу жылы
қарсаңында жөндеуден өткізілген.
Институтының материалдық-техникалық базасы жаңа компьютер,
зертханалық жабдықтар, оқу және кеңсе жиһаздары, спорт жабдықтары,
мультимедиа және типографиялық жабдықтармен жеткілікті деңгейде
қамтылған.
Компьютерлік техникамен жабдықталудың өсу динамикасын төмендегі
кестеден көруге болады:
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
20
Атауы
2009-2010
оқу жылы
2010-2011
оқу жылы
2011-2012
оқу жылы
2012-2013
оқу жылы
2013-2014
оқу жылы
Компьютер
40
63
73
80
85
Көбейткіш
техника
3
5
6
6
7
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы лицензияланған
талаптарға сай ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілген. Мамандық
бойынша білім беру үдерісі ҚР МЖМБС және ҚР Үкіметінің 2013 жылдың
23 тамыздағы №1080 қаулысына сай жүзеге асырылып келеді.
Оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында № 204, 203, 225, 226, 223
компьютерлік сыныптары мен кітапханадағы оқу залы қолданылады.
Аталған кабинеттер арқылы студенттер мен кафедра қызметкерлері (локальді
жүйе, Интернет) сынды ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады.
Институттағы барлық компьютерлер бір локальдік жүйеге біріктірілген
және барлығы Интернет желісіне қосылған.
Қазіргі таңда институтта интернет жүйесі 4 кезекке біріктірілген. Олар:
бас ғимаратта орналасқан 1 кезек желісі (Әуелбеков, 17), интернет
жылдамдығы 16 бит/с, тариф көлемі-лимитсіз; №2 ғимраттағы 1 кезек желісі
(Шақшақ Жәнібек, 91), интернет жылдамдығы 16 Мбит/с,тариф көлемі-
лимитсіз және институттың басты ғимараты мен жатахана, №2 ғимарат
арасындағы жылдамдығы 50 Мбит/с IP-VPN .
Институтта барлығы 7 компьютерлік сынып, 2 портотивті
компьютерлік сынып, 5 оқу залы бар. Барлығы да интернет желісіне
қосылған сонымен қатар 3 лингофон сыныбы да бар. Институтта Wi-Fi
желісі,
корпоративтік
желі
және
Интернет
желісі,
IP-телефон,
бейнеконференцияға лайықталған байланыс жүйесі жұмыс істейді. Институт
жатаханасының әр бөлмесіне Wi-Fi желісі тартылған. Ол студенттердің
қажетті ақпараттық рестурстарымен, Интернет желісімен еркін жұмыс
жасауына толықтай мүмкіндік береді.
Институттың иинтертет желісін пайдалану барысында «AISPlatonus»
электронды жүйесі арқылы әр студенттің, профессор-оқытушылар
құрамының жеке кабинеті, қашықтықтан оқыту сайтының Логині, Пароль әр
студен пен оқытушыға беріледі. Оқытушылар осы арқылы студенттің сабаққа
қатысуын, білім сапасын анықтауға мүмкіндік алады. Сабақ кестесі мен оқу
үдерісінде болып жатқан барлық іс-шараладан хабардар болып отырады.
Институт өмірінде болып жатқан сан алуан өзгерістерді, яғни түрлі
ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбиелік іс-шаралар, оқу үдерісін жүзеге асыратын
әрбір оқытушыға қатысты керекті мәліметтерді және де оқу жылы барысында
атқарылатын
іс-шаралар
туралы
ақпараттардың
үнемі
жаңарып
отыратындығын Web-сайттан көруге болады.
БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп
21
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
қашықтықтан оқыту үдерісі ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілген.
Студенттердің өз бетінше білім алуына, жетілдіріп отыруына барлық
мүмкіндіктер жасалған. Компьтерлік техникамен қамтамасыз етілген
компьтерлік сыныптар, оқу залдары мен мультимедиалық құрылғылармен
жабдықалған кабинеттер олардың сапалы да терең білім алуына, ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік сабақтарын өткізулеріне зор мүмкіндік береді.
1 компьютерге орташа есеппен күндізгі оқу бөлімінде 3 студенттен келеді.
Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесі
жасалған.
5В011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы студенттерінің оқу
және ғылыми әдебиеттермен қамтылуы туралы мәліметтер.
Жыл
Студент саны
Оқу
және
ғылыми
әдебиетт
ердің
жалпы
саны
Соның ішінде
1
студентке
шаққандағ
ы әдебиет
саны
Оқулық
Оқу –
әдістемелік
ғылыми
бар
лығ
ы
Қаз
ақ
тілі
нде
қ/б о/б с/б
Бар
лығ
ы
барлығ
ы
Қазақ
тілінд
е
барлы
ғы
Қазақ
тілінд
е
барлы
ғы
Қазақ
тілінд
е
2009-
2010
79
-
69/
0
96
17939
11928
11466
3836
1236
2175
776
187
140
2010-
2011
92
-
57/
0
106
19401
12759
11609
4333
1325
2309
832
183
130
2011-
2012
89
-
65/
0
105
21097
13707
12078
4870
1646
2520
963
201
140
2012-
2013
94
-
47/
0
106
23535
14926
12201
5813
1720
2796
1008
222
141
2013-
2014
92
-
45/
0
103
25147
15732
12854
6427
2207
2988
1167
244
158
Институт кітапханасында студенттерге қажетті көркем және ғылыми
әдебиеттерді, жекелеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың
электронды нұсқасын жедел табу мақсатында электронды каталог жұмыс
істейді.
Институттың материалды-техникалық базасы және ақпараттық
ресурстармен қамтылуы жоғары деңгейде.
Достарыңызбен бөлісу: |