Білім беру бағдарламасын арнайы аккредитациялау аясында білімді ұйымдастырудағы өзіндік есептер мен аудитті тексерістен сонғы бссқЕ



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#8288
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4

         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Білім  саласындағы сапаны қамтамасыз ететін  

(IQAA)  Қазақстандық  тәуілсіз агенттік 

 

 



Білім беру бағдарламасын арнайы аккредитациялау аясында білімді 

ұйымдастырудағы өзіндік есептер мен аудитті тексерістен сонғы БССҚЕ 

ҚТА (білім саласындағы сапаны қамтамасыз ететін) (IQAA) Қазақстандық 

тәуелсіз агенттіктің сараптау тобы тарапынан дайындалған Ы.Алтынсарин 

атындағы Аркалық мемлекеттік институтындағы 5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ 

МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығы бойынша арнайы сыртқы аудит 

ЕСЕБІ 


 

аудит мерзімі: 18 – 19 наурыз 2015 ж. 

IQAA сараптау тобының алдын ала дайындалған есебін ұсыну мерзімі –  _____ 

IQAA  тарапының  аккредитациядан  өткізіліп  отырған  жоғары  оқу  орынынан 

түсініктемелер алу мерзімі –  _____ 

 

Аудит  бойынша  сараптау  тобынын  өзіндік  анықтау  жұмыстары  бырысында 



әрбір стандарттың нақтылы сәйкестік деңгейін 

Оң дауыс берушілер саны - 6 

Қарсы дауыс берушілер – 0 

Қалыс қалғандар – 0 

 

 

 



 

Арқалық 2015ж.

 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



 

Сараптау комиссиясының құрамы 

 

 

 



Жумагулов Сагынбай Ботпаевич 

Руководитель группы 

 

профессор  кафедры  казахского  языкознания,  Евразийский 

национальный 

университет 

им.Л.Гумилева, 

доктор 


филологических наук 

 

 



 

ҚыдырТөрәлі 

Эксперт 

 

доцент  кафедры  ирановедения  и  арабоведения,  кандидат 

филологических 

наук, 


Казахский 

Национальный 

университет им.аль- Фараби 

 

 



 

 

Бубнова Ирина Александровна 

 

международный эксперт 

заведующая кафедрой зарубежной филологии Московского 

городского 

педагогического 

университета, 

доктор 


филол.наук, профессор 

 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



 

Абдрахман Гүлнар Қабылқалымқызы 

 

Эксперт 

начальник  центра  аккредитации  и  системы  менеджмента 

качества  Таразского  государственного  педагогического 

института, к.фил наук, доцент 

 

 

 



 

 

Катарбекова Айтжан Әуезбекқызы 

Представитель работодателей 

директор 

основной 

школы 


общего 

образования                               

п. «Целинный» 

 

 



 

 

 



 

Казбекова Меруерт Казбековна 

Представитель студенчества 

магистрантка  2  курса  специальности  6М011900  -

Иностранный язык: два иностранных  языка» Евразийского 

Национального университета им. Л.Гумилева 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………………6 

Стандарт 1. Білім беру бағдарламасының мақсаты.....................................10 

Стандарт 2. Білім беру бағдарламасының мазмұны....................................15 

Стандарт 3. Студенттер..................................................................................17 

Стандарт 4. Білім беру нәтижелері, тиімділігі.............................................18 

Стандарт 5.  Профессорлық-оқытушылық құрам........................................20 

Стандарт 6. Материалды-техникалық база  

және ақпараттық ресурстар...........................................................................23 

Стандарт7. Ақпаратты басқару.....................................................................26 

Қорытынды......................................................................................29

 

Қосымша 1.......................................................................................................32 



Қосымша 2.......................................................................................................35 

 

         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



Сараптау комиссиясының сыртқы аудит есебі 

 

Кіріспе 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 

 

Ы.Алтынсарин  атындағы  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық 



институты  1972  жылғы  сәуір  айынан  бастап  отандық  білім  беру  саласында 

қызмет атқарып келеді. 

 

Ы.Алтынсарин  атындағы  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық 



институтына  заңды  тұлғаны  тіркеу  туралы  куәлік  берілген  (2012  жылғы  3 

қыркүйегінде  берілген  заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлік, 

тіркеу  нөмірі  №  323-1937-25-МК  (серия  В  №  0600563).  Педагогикалық 

кадрларды  даярлау  бойынша  миссия  жүктелген  жоғары  оқу  орыны 

«Ы.Алтынсарин  атындағы  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық  институты» 

шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорын 

деп аталады. 

 

Педагогикалық институтта  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 



министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан 

2012  жылғы  14  ақпанында  (мерзім  шектелмеген)  берілген  №  12019120 

лицензиясына  сәйкес  жоғары  білімнің  19  білім  беру  кәсіби  бағдарламалары 

жүзеге асырылып келеді. 

 

2005  жылы  институт  сапа  менеджменті  жүйесі  бойынша  халықаралық 



сертификаттаудан  өтті.  Сертификациялық  аудит  нәтижелері  Ы.Алтынсарин 

атындағы  Арқалық  мелекеттік  педагогикалық  институты  әзірлеген  сапа 

менеджменті  жүйесінің  ИСО  9001:2000  халықаралық  стандарттың 

талаптарына  сәйкес  келгенін  айқындап  берді.  2013  жылдың  мамыр  айында 

институт  мемлекеттік  аттестаттаудан,  2013  жылдың  қарашасында  барлық 

мамандықтардың  білім  беру  бағдарламалары  түрғысында  ұлттық 

институционалды аккредиттеуден өтті. 

 

5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша 



мамандарды  даярлауды  «Педагогика  және  филология»  факультетінің 

құрылымына  енетін  «Қазақ,  орыс  тілдері  және  әдебиеті»  кафедрасы  жүзеге 

асырады.  Бітіруші түлектерге қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының «білім 

бакалавры»  академиялық  дәрежесi  берiледi.  Түлектер  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  мамандығы  бойынша  білім  бакалавры»  біліктілігін  алып  шығады. 

Мектеп  бітірген  түлектер  институт  қабырғасында  4 жылдық  (мектеп 

түлектері)  бакалавр  бағдарламасы,  3 жылдық  бағдарлама  (колледж 

түлектері),  2 жылдық  бағдарлама  негізінде  (жоғарғы  білімі  барлар)  өз 

білімдерін жалғастыра алады. 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

2014-2015 оқу  жылында  5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 



мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер контингенті 125 адамды 

құрайды. Олардың 103-ы күндізгі бөлімде, 22-і сырттай бөлімде білім алады. 

Кафедрадағы  профоссор-оқытушылар  құрамының  саны  –  14 адам. 

Күндізгі және сыртқы бөлімдегі студенттерді қоса есептегенде ПОҚ саны әр 

студентке шаққанда 11,2% ға тең.  

Институттың  оқу,  әкімшілік  ғимараттары  және  жатақханасы  түгелдей 

тегін WI-FI желісіне қосылған. Ол ПОҚ, студенттердің оқу үдерісіне қажетті 

материалдармен  танысуына,  электронды  кітапханалар  мен  танымдық-

ақпараттық  сайт-порталдарын  еркін  пайдалануына  мүмкіндік  береді.

 

Білім 



беру  бағдарламасы  бойынша  оқитын  білім  алушыларға  арналған 

дәрісханалар талапқа сай жабдықталған.  

Білім  бағдарламасы  бойынша  білім  алушыларға  институттың 

материалдық-техникалық базасы жан-жақты қамтамасыз етілген. Студенттік 

асхана,  санитарлық  норма  талаптарына  сәйкес  келетін  жабық  спорт  және 

жаттығу залдары, кітапхана, оқу залы, мультимедиалық кабинеттер мен оқу 

аудиториялары  білім  алушылар  игілігіне  сай  жабдықталған.  Оқу  орынының 

материалдық-техникалық  базасы  замауи  білім  беру  талабына  сай  сонғы 

үлгідегі озық техникалық, технологиялық құралдармен қамтылған.  

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша  білім  беруде  талап 

етілетін  кітап  қоры  жеткілікті  деңгейде.  ПОҚ  ғылыми-зерттеу  еңбектерінің 

(мақала,  оқулық,  оқу  құралы,  монография)  басылып  шығуына  институт 

әкімшілігі  тарапынан  қолдау  көрсетіледі.  5В0117000  –  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  мамандығында  оқитын  студенттердің  ғылыми  әлеуетін 

қалыптастыру, дамыту мақсатында жыл сайын жас ғалымдар конференциясы 

өткізіліп келеді.  

Ы.Алтынсарин 

атындағы  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық 

институты  еліміздің  байырғы  білім,  рухани  және  мәдени  ошағы  болып 

табылатын  Торғай  өңірін  білікті  мамандармен  қамтамасыз  етуде  өзіне 

жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. 

 

 



         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

 



Стандарт 1. Білім беру бағдарламасының мақсаты 

Білім  беру  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  және  институт  миссиясына 

толықтай  сәйкес  келеді.  Білім  беру  бағдарламасы  негізінде  игерілген  білім 

нәтижелері  және  мамандық  бойынша  қамтылған  студенттік  топтар 

сипаттамасы бағдарламаның өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес келеді.   

Институт  миссиясы  –  бітірушілердің  кәсіби  бәсекеге  қабілеттілігі  мен 

ұтқырлығын  қамтамасыз  ететін  сапалы,  қолжетімді  және  сан  салалы  терең 

білім  беру,  ұлттың  зияткерлік  және  рухани  әлеуетін  қоғамның  тұрақты 

дамуының  ресурсы  және  кепілі  ретінде  барынша  терең  арттыру  болып 

табылады. 

Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының білім беру бағдарламасы 

аясында 

атқарылатын 

жұмыстары 

институт 

миссиясымен 

тығыз 


сабақтастықта  ұштастырып  алынған.  Аталмыш  оқу  орынының  қазіргі  оқу 

жүйесінің  сапалық  деңгейін  арттыруға  бар  күш-қуатын  салатын  білікті 

педагог  мамандар  сонымен  қатар  аймақтың  рухани  дамуына  ерекше  үлес 

қоса  алатын  мәдениет  саласы  қызметкерлерімен  қамтамасыз  етудегі  өзіндік 

миссясы да ерекше назар аудартады.  

Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  мен  мақсаты  қазіргі  қоғам  және 

еңбек нарығының сұранысына сай бейімделіп берілген. Кафедрада білім беру 

бағдарламасы  үнемі  талқыланып,  еңбек  нарығының  сұранысына  орай 

толықтырулар енгізіліп, жетілдіріп отыруға ерекше мән беріледі. 

5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  білім  беру 

бағдарламалары  бойынша  студенттердің  элективті  пәндер  негізінде 

теориялық,  практикалық  терең  білім  алуына  мүмкіндіктер  жасалған. 

Элективті  пәндер  каталогы  жұмыс  берушінің  сұраныстарын  ескере  отырып 

жасалған.  Жұмыс  берушілер  талабы  бойынша  білім  алушыларға  қосымша 

құзыреттіліктер  мен  дағдыларды  меңгертетін  жекелеген  пәндер  енгізілген. 

Бұл  пәндер  студенттердің  кәсіби  бағыттағы  ізденістерін,  біліктілігін 

дамытып отыруына өрісті ықпалын тигізеді. 

Элективті  пәндер  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 

мен  типтік  оқу  жоспарының  мазмұнына  сәйкес  келеді.  Базалық  пәндер 

бойынша  44  кредитті,  кәсіптендіру  пәндері  бойынша  27  кредитті  құрайды. 

Элективті  пәндер  каталогі  білім  алушылардың  еңбек  нарығында  бәсекеге 

қабілетті білікті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.  

Профессор-оқытушылар  құрамы,  студенттер,  кафедра  меңгерушілері, 

институттың  басшылық  құрамы  және  қызметкерлерімен  жүргізілген  сұхбат 

барысында  олардың  білім  беру  бағдарламасының  мақсат,  міндеттерімен 

толық та жүйелі таныс екеніне көз жеткізілді.  

Білім  нәтижесін  анықтау  мақсатында  білім  беру  бағдарламасы 

қаншалықты дәрежеде тиімді жүзеге асырылып жатқаны бақылауға алынып, 

студенттер  үлгеріміне,  оқытушылардың  педагогикалық  жүктемелерін 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



 

орындауына талдау мониторинг жасалады. Мониторинг нәтижесі ректоратта, 



Ғылыми  кеңесте,  кафедра  мәжілісінде  тыңдалып,  талқыланады.  Оқу 

бағдарламаларының  сапасын  кафедра  меңгерушісі,  оқу  ісінің  проректоры, 

оқу-әдістемелік  кеңес  басшысы,  институт  ректоры  тікелей  қадағалайды. 

Берілетін баға мен сапа деңгейінің шынайы әрі объективті болуы мақсатында 

студенттерден сауалнама алынып отырылады. 

Білім  беру  бағдарламасы  аясындағы  білім  нәтижесінің  мониторингісі 

талап деңгейінде жүзеге асырылған. Білім беру бағдарламасы аясында білім 

беру  үрдісі  үзіліссіз  жүргізіледі,  оларда  жүйелілік  сақталған;  жұмыс 

берушілер  тарапынан  түлектердің  құзыреттілігіне  қатысты  келіп  түскен 

талаптар ескеріліп отырады; бақылау жүйесі бекітілген белгілі бір құжаттық 

негізде  жүзеге  асырылады; білім  беру  нәтижесі  мен  бақылау  нәтижелерін 

бағалау критерийлері мүдделі тараптарға тұтастай жария етіледі.  

Талапкерлерді мамандыққа тарту үшін жыл бойы кафедра оқытушылары 

тарапынан 

Арқалық 

қаласы 


және 

Торғай 


аймағындағы 

мектеп 


оқушыларымен кәсіби бағдар жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Сонымен қатар 

еліміздің  Оңтүстік  аймақтарының  қазақ  мектептерін  бітірген  түлектерді 

мамандыққа  тарту  бағытында  игілікті  істер  атқарылып  келеді.  Соның 

нәтижесінде  2011-2012  оқу  жылында  5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

мамандығы  бойынша  қабылданған  студенттердің  60  пайызын  оңтүстік  өңір 

түлектері құрады.  

Білікті  мамандар  дайындауда  білім  беру  нарығының  қарқынды  өзгеруі 

әрі білім берудің қазіргі заманғы инновациялық талаптары ескерілген. Білікті 

мамандар дайындауда, сапалы білім беруді қамтамасыз етуде және де жұмыс 

берушілермен тікелей байланыс орнатуда «Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті» 

кафедрасы маңызды қызметтер атқырып отыр.  

Кафедраның  кәсіби  бағдар  беру  жұмыстары  жоспары  бойынша 

атқырылып  келеді.  Атап  айтқанда  кәсіби  бағдар  беру  жұмыстары  

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Ш.Уалиханов атындағы №1 орта мектеп, 

№4  орта  мектеп,  А.Құнанабаев  атындағы  №6  орта  мектеп,  №10  орта 

мектептерде  жүйелі  түрде  атқарылып  келеді.  Институтта,  факультетте 

«Ашық  есік»  күндер  өткізіледі.  Қала  және  аймақ  мектептері,  білім 

мекемелеріне арнайы бару барысында мәдени-ағартушылық, тәлім-тәрбиелік 

іс  шаралар  өткізу  ұйымдастырылып,  жас  өспірімдердің  әдеби-эстетикалық 

әлемін  байыту,  рухани  кемелденуі  басты  назарға  алынған.  Осы  мақсатта 

2013 жылдың 21 – 22 мамырында  Аманкелді,  Жанкелді аудандарына  іс – 

сапар жасалған.  

Кәсіби  бағдар  беру  барысында  мектеп  оқушылары,  колледж 

студенттерін институттың білім беру бағдарламаларымен, заманауи бәсекеге 

қабілетінен  туындайтын  мүмкіндіктерімен,  институт  түлектерінің  еңбек 

нарығындағы сұранысына қатысты жан-жақты мағлұматтар беріледі. Жоғары 

оқу орынындағы білім беру жүйесіне, сапалық деңгейіне орай туындаған сан 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



10 

 

алуан  сауалдар  мен  сұрақтарға  жауап  беріледі,  пікір  алысылады.  Институт 



тарапынан  жыл  сайын  әр  мамандық  туралы  мәлімет  тарататын  ақпараттық 

буклеттер шығарылып келеді.  

Инститтутта  студенттерге  оқу  ақысын  жыл  бойына  бөліп  төлеу, 

жатақхана  төлемақысына  қатысты  жеңілдіктер  беру  жүйесі  дұрыс  жолға 

қойылған.  Студенттердің  бұл  мәселелерге  қатысты  талап-ескертпелері  жіті 

назарға алынған. 

Білім  беру  бағдарламасының  мақсаты  туралы  ақпарат  қолжетімді. 

Институттың  www.api.kz  сайты,  сондай  ақ 



arkgpi  @mail.  ru

.  (АркМПИ)  



administrator@api.kz

    электронды    пошталары    бар.    Жоғары  оқу  орынының 

қашықтықтан оқыту, студенттің жеке кабинеті, электронды кітапхана жүйесі 

орналасқан    api.kz  атты  білім  сайты  жұмыс  істейді.  Аrkgpi@mail.ru 

(АркГПИ),  administrator@api.kz  .  электронды  поштасы  талап  деңгейінде 

қызмет  көрсетіп  отыр.  Оқу  орынының  студенттері,  олардың  ата-аналары 

«Платонус»  бағдарламасы  арқылы  оқу  үдерісінің  барысы,  білім  алушының 

білім  деңгейінің  сапалық,  сандық  көрсеткіші  бойынша  қажетті 

мәліметтермен  таныса  алады.  Институттың  көрсетілген  ресми  сайтында 

ректордың  арнайы  блогы  бар.  Онда  білім  бағдарламасының  мақсаты  мен 

ерекшелігі  жөнінде  немесе  оқытушылар  мен  студенттерді  оқу  жүйесіне 

қатысты  мазалаған  басқа  да  өзекті  сұрақтарға,  сауалнамаларға  дер  кезінде 

жауап беріліп отырылады.  

 

 

Стандарт 2. Білім беру бағдарламасының мазмұны 

 

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру 

бағдарламасының  мазмұны  қазіргі  заманауи  талаптарға  сай  келеді.  Ол 

толыққанды  және  сапалы  кәсіптік  білім  беруді,  білім  алушыларға 

педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  биік  деңгейде  меңгертуді,  оларды  жеке  тұлға 

ретінде  қалыптастыруды,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуды  сонымен 

қатар  қазіргі  еңбек  нарығы  талабындағы  бәсекеге  қабілетті  маман  болып  

шығуын,  ұлт  мүддесі  мен  ел  игілігіне  адал  қызмет  ететін  отаншыл  азамат 

ретінде жетілуін көздейді. 

Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымы  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативті  талаптарына 

және  институтының  ішкі  ережелеріне  сәйкес  жасалған.  Білім  беру 

бағдарламасын  қалыптастыру  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартының  қазіргі  ережелеріне  сәйкес  жүзеге  асырылып  келеді  (ҚР 

МЖМБС  6.08.073  –  2010).  Бұл  стандартта  оқуға  міндетті  курстардың 

концепциясы  сипатталып,  түлектердің  кәсіби  құзыреттіліктері  мен 

біліктіліктері  анықталған.  Типтік  жоспар  базалық,  кәсіби  және  жалпы  білім 

беру циклдарының өзара сәйкестігін реттеп, элективті курстардың ауқымын 

белгілейді.  Білім  беру  бағдарламасындағы  оқу  құжаттары,    оқу  жұмысы 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



11 

 

жоспары,  оқу-әдістемелік  кешендер,  әдістемелік  нұсқаулықтар  Типтік 



жоспар мен Типтік бағдарлама негізінде жасалған. Мемлекеттік стандарттар, 

типтік  бағдарламалар,  оқу  жұмысы  жоспарлары  және  оқу-әдістемелік 

кешендер жүйелілігі сақталған.  

Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  және  оқу  жоспарларының 

жасалуы модульдік принциппен жүзеге асырылады. 

Институтта білім берудің модульдік формасы 2014-2015 оқу жылынан 

бастап жүзеге асырылуда. 5В01170 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығы 

білім  беру  бағдарламасын  құрастыруда  модульдік  қағидат  негізге  алынған. 

Пәндерді  түзуде  курсы  мен  семестрі  және  мақсат-міндеті  мен  құзыреттілігі 

сәйкес  келетін  пәндерді  біріктіру  қағидатын  ұстанатын  оқу  бағдарламасы 

пәндерді  семестрлерге,  міндетті  және  таңдау  компоненттеріне  бөлуден, 

жалпы білім беру, базалық, кәсіби пәндерден және іс-тәжірибелерден тұрады.    

Модульдік  ұстаным  оқу  бағдарламасы  әрқайсысы  15 аптаны  құрайтын 

8 семестрде 

кезең-кезеңімен  игеруге  негізделген.  Семестр  дәрістер, 

семинарлар, консультациялар, аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар, оқу және 

кәсіби  іс-тәжірибелерден  құралған.  Модульді  игеру  барысында  студенттер 

әдіснамалық ойлауға негізделген кәсіби құзыреттіліктерді меңгереді (жалпы 

білім беру модулінің пәндері), теориялық білімдерді игереді (базалық модуль 

пәндері), сондай-ақ кәсіптік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алады. 

Міндетті  компонент  бойынша  білім  беру  бағдарламасы  ҚР  МЖМБС 

талаптарына толық сай. 

Элективті пәндер мазмұны жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып 

жасалған. 

Білім  беру  бағдарламасының  сапасын  арттыру  мақсатында  еңбек 

нарығының  сұранысы,  жұмыс  берушілердің  ұсыныстары  үнемі  ескеріліп, 

соған орай элективті пәндер каталогіне толықтырулар мен өңдеулер енгізіліп 

отырылған.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  бакалавры  мамандарын  дайындауға 

арналған  оқу  бағдарламасы  жұмыс  берушілердің  талаптарына  толығымен 

сәйкеседі. 

5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  аясында 

құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған  таңдау  компоненті  қамтылған. 

«Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияның негіздері», «12 жылдық білім беру 

жүйесінде  қазақ тілі сабақтарында халықтық педагогиканы қолдану» пәндері 

соны  айқындайды.  Аталған  пәндерді  енгізу  қазіргі  білім  беру  жүйесінің 

ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарына  сүйене  отырып  жасалған. 

Бұл  ретте  мемлекеттік  тілді  оқытуда  жаңа  технологияларды  біліктілікпен 

ұштастыру, он екі жылдық білім беруде халықтық педагогиканы қолданудың 

тиімділігін  арттыру  көзделген.    Ол  педагогикалық  технологияларды  қазақ 

тілі  сабақтарын  оқытуда  қолдану  маңызын  танытумен  қатар  қоғамдық 

танымды,  тұтас  әлеуметті  ізгілендіруді  көздейді.  Оқушылардың  рухани 

көкжиегін,  танымдық  қарым-қабылетін,  шығармашылық  іскерліктері  мен 

дағдыларын жаңа сапалық деңгейге көтеруді діттейді.     


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



12 

 

Қазіргі  білім  беру  бағдарламасы  форматы,  оқу  үдерісін  жоспарлау 



жүйесі,  пәндерді  оқыту  әдістемелері  институтта  кредиттік  оқыту 

технологиясына  негізделген.  Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты  және  «Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін 

ұйымдастыру ережелерінің» (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 

министрлігінің  №152,  20.04.2011 ж.  бұйрығы.)  4  бөлімінде  көрсетілген 

кредиттерді ECTS бойынша қайта есептеу коэффициенттері есебінен отандық 

және  шетелдік  бағдарламалармен  сәйкестендіріліп  берілген.  Институтта 

студенттердің  оқу  жетістіктерін  есепке  алу  тәжірибесі  қалыптасқан.  Атап 

айтқанда  кредит  көлемі,  академиялық  көрсеткіші  сынақ  кітапшасы  мен 

жоғарғы  білім  туралы  дипломға  қосымша  ретінде  берілетін  транскрипте 

көрсетіледі.  Сонымен  бірге  игерілген  кредиттер  студенттің  курстан  курсқа 

өтуін  (GPA  негізінде)  қамтамасыз  ететін  және  келесі  оқу  деңгейіне,  соның 

ішінде магистратураға түсуіне қажетті мүмкіндіктер туғызатын жинақтаушы 

қызмет атқарады.  

Кредиттік жүйе ЭПК кіретін пәндерді таңдауға ықпал жасап, жеке оқу 

жоспарын құруды қамтамасыз етеді, білім алушыларға оқытушыларды және 

эдвайзерлерді таңдауға мүмкіндік береді. 

Кредиттік 

технологияны 

қолдану 

барысында 

оқу 

үрдісін 


ұйымдастырудың міндетіне жеке тұлғаның білім алуына жағдай жасау және 

студенттің  өзіндік  жұмысының  тиімділігін  арттыру  жүктелген.  СӨЖ 

студенттердің  өз  бетінше  жұмыс  жүргізуіне,    оқу-әдістемелік  әдебиет  және 

нұсқаулармен  қамтамасыз  етуге  лайықталған  белгілі  жүйе  негізінде 

өткізіледі.  СӨЖ  бақылауда  тест,  бақылау  жұмысы,  коллоквиум  басқа  да 

білімді  игеру  мен  сапалық  деңгейін  айқындайтын  жұмыс  түрлері 

қолданылады.  Ағымдық  бақылау  үлгерімі  100  баллдық  жүйе  бойынша 

жүргізіліп,  дәріс  пен  практикалық  сабақтар,  СӨЖ  нәтижелері  Platonus 

бағдарламалық жүйесі бойынша шығарылады.   

         Семестрлік  негізде  ұйымдастырылған  бір  академиялық  кезең  әр 

семестрде  15  аптаны  құрайды.  Аралық  аттестаттаудың  мерзімі  1  аптадан 

аспайды. Әр академиялық  мерзімнен кейін демалыс беріледі. Оқу  жылының 

демалыс  мерзімі  4  аптадан  аспайды.  1  академиялық  сағат  50  минутты 

құрайды.  

         Жоғарғы  білім  берудің  міндетті  компоненті  кәсіби  практика  болып 

табылады.  «5В011700  –  қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығында  өндірістік, 

педагогикалық  және  оқу  практикалар  қамтылған.  Мамандықтар  бойынша 

практиканың  көлемі  20  несие.  Практиканың    ұзақтығы  жұмыс  уақытының 

көлеміне сай жасалып,  30 сағатты бір аптаға бөлу арқылы есептеледі. 

Нормативті  құжаттарға  сәйкес  аудиториялық  және  өзіндік  жұмыс  45 

сағатты  құрайды.  Аптасына  1  сағат  болып  бөлінген  студенттің 

аудиториялық  жұмысы    академиялық  мерзімі  бойынша  семестр  түрінде 

өтеді. Сонымен қатар зерттеушілік, кәсіби практика кезіндегі студенттердің 


         

 

БСҚТҚА-IQAA сараптау тобы сыртқы аудит бойынша есеп 



13 

 

оқытушымен  жұмысы,  диплом  жұмысын  жазу  және  қорғау  жұмыстары, 



студенттің өз мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханды дайындалу және 

тапсыруға  дайындық  жұмыстары  белгіленген  құжатар  талабына  сай 

жүргізіледі. 

Сабақ  екі  ауысымда  ұйымдастырылған.  1,2,3  курстар  бірінші 

ауысымда (8.00 ден – 14.00 ге дейін), 4 курс екінші ауысымда (14.00 – 18.00) 

оқиды. 


Жалпы  оқу  мерзімі  «5В011700  –  қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы 

бойынша  студенттің  жинақтайтын  кредит  саны  129  несие,  қосымша  оқу 

түрлері 40 несие көлемін құрайды. 

Жоғарғы  білім  беру  бағдарламасы  студенттердің  оқу  жүктемесіндегі 

еңбек  сиымдылығын  есептеуде  пән  бойынша  сынақ  және  курстық 

жұмыстардың  еңбек  сиымдылығы  жалпы  пәндердің  еңбек  сиымдылығына 

енуі  негізге  алынған.  Бір  семестрлік  емтихан  (үш  күн  дайындық,  бір  күн 

емтихан) бір сынақ бірлігі болып есептеледі. 

  

Тұтастай  алғанда  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  талап 



деңгейінде болып табылады.   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет