№6 (163), наурыз 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.03.2017
өлшемі8,15 Mb.
#8293
1   2   3   4

Эрол Гюнейлигиль,

Зерттеуші- түрктанушы, сәулетші,

 

Газиантеп қаласы, Түркия

АНАДОЛЫДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТУРАЛЫ  АҢЫЗ БЕН ӘҢГІМЕЛЕР

жағып,  отқа  май  құйған;  жаңа 

жеті  дәнге  қарап  болашақты 

болжаған;  жеті  ақ  кесемен 

дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» 

ұсынған; 

ескі 

киімдерін 



тастаған;  ескірген  шыны  аяқты 

сындырған;  22-наурызға  бір 

күн  қалғанда,  күл-қоқыстардан 

құтылған; 

бір-біріне 

гүл 


сыйлаған,  үйге  күн  символын 

салу  дәстүрі  де  болған.  Бір 

сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, 

мен  де  жаңарсам  деген  тілек. 

Халық  бұл  күнде  жетім-жесір, 

жоқ-жітіктерге  қол  ұшын  беріп 

көмектеседі.  Олардың  ұлы 

күнге сай шат-шадыман, көңілді 

жүруін 

қамтамасыз 



етуге 

тырысады»  дейді  философия 

ғылымдарының 

докторы, 

профессор Алтай Тайжанов.

Ал  қазақ  ұлысы  болып 

қалыптасқалы  Наурыз  тойы 

ешбір қазақ хандығында елеусіз 

қалған  емес.  Қайта  қазақ 

ұлтының  ең  ұлы  мерекесінің 

бірі  болып  тойланып  келді. 

Және  бұл  туралы  көптеген 

деректерді  келтіруге  болады. 

Жалпы «Самарқанның көк тасы 

еріген  күн»  қазақ  даласы  үшін 

құт-берекенің басы.

Ал қазіргі кезеңде 22 наурыз 

қалай  тойланып  жүр?!  Наурыз 

десе,  жұрт  тек  қана  ішіп-жеу 

мен  ас  мәзірін  ғана  тілге  тиек 

етеді.  Одан  қалса,  атам  қазақ 

Алтыбақан 

теуіп, 

ақсүйек 


ойнап қарсы алған дейтін сыңар 

жақты көзқарас бар. Әрине, 22- 

наурызда бұл дәстүрлі ойындар 

мен  ас-тағамдар  тарихтан  бері 

жалғасып  келе  жатыр.  Дей 

тұрғанмен, біз Наурыз тойының 

ең  басты  ерекшелігін  ұмытып 

бара  жатқан  сияқтымыз.  Ол  – 

қамқорлықтың,  мейірімнің  айы 

болған  Наурызды  ізгі  тілек, 

ізетті  қамқорлықпен  қарсы  алу 

еді.  Бұл  дегеніміз  ошақтың  үш 

бұтындай  болған  ұлыстың  кем-

кетігін толтыру, аш-жалаңашын 

тойындыру  еді.  Әз  Наурыз 

мерекесін    тойлап,  дәл  осы 

күні  үлкен  қайырымдылықпен 

айналысып 

жатқан 

қазақ 


бар  ма  қазір?!  Ескі  жылдан 

қалған  сарқытты  сарқып  ішіп, 

жаңа  жылға  жаңа  тебінмен 

жетер  бабалар  мұрасын  қазір 

кім  ұстанып  жатыр?!  Ұлы 

мейірімділіктің  айын  біз  дұрыс 

бағытта тойлай білсек екен!

Тәуелсіз  елімізде  жылқы 

жылы  енді  туып  келеді.  Жыл 

басы  22  Наурыз  құт-береке 

әкелсін!


8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Биыл Алаштың арыстарына 

120 жыл толады

Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист Сұлтанбек 

Қожанов  Түркістандағы  4  сыныптық  орыс  түзем  бастауыш  мектебін 

(1910),  3  сыныптық  қалалық  мектепті  (1913),  Ташкент  мұғалімдер 

семинариясын  тәмамдаған.  Мәскеуде  БК(б)П  ОК  Марксизм-ленинизм 

курсын (1927) бітірген.

Саяси  қызметін  Ташкент  қаласында  семинария  оқушыларынан 

құралған «Кеңес» атты астыртын жастар ұйымын құрудан бастаған. 1917 

жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, 

С.Ақаевпен  бірге  “Бірлік  туы”  газетін  шығарды.  Аштықпен  күресетін 

орталық  комиссияның  мүшесі  ретінде  1918  жылғы  қарашадан  бастап 

Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан 

адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды.

1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер 

халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары 

болып  тағайындалды.  Оқу-ағарту  саласында  білім  беруді  жергілікті 

халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап 

етті.


Түркістанда  баспасөздің  және  ұлттық  театрдың  өркендеуіне  елеулі 

үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы 

редакторы болды. 1922 – 1924 жылы Түркістан КП кентінің хатшысы, 

атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының 

мүшесі  болды.  1924  жылы  қарашада  РК(б)П  Қазақ  обкомының  екінші 

хатшысы қызметіне жіберілді.

1925  жылы  қарашада  БК(б)П  орталық  кентіне  шақырылып,  ұлт 

республикалары  бойынша  жауапты  нұсқаушы  лауазымымен  Кавказда, 

1928  жылы  Ташкентте,  Орта  Азия  Бюросында  қызметтер  істеген. 

Қожанов  негізгі  міндеттерін  қоғамдық,  ғылыми-шығармашылық 

жұмыстармен  ұштастырып  отырды.  Мектепке  арналған  “Есептану 

құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының 

онжылдығына”  атты  орыс  тіліндегі  зерттеуі  (1928)  жеке  кітап  болып 

шыққан.


СҰЛТАНБЕК 

ҚОЖАНОВ 


Өмір келбеті өзгерген 

сайын қоғам тарапы-

нан жоғары оқу орында-

рына қойылатын талап 

та жаңарып келеді. Ел-

басы Н.Назарбаевтың 

мемлекетіміздің болашақ да-

муына арналған «Қазақстан 

-2030» бағдарламасында 

жоғары білімнің сапалығы 

мен адамның тәрбие сапа-

сына, мәдениеттің жоғары 

болуына ықпал ететін 

интеграциялық рөлге ере-

кше мән берілген болатын. 

Заманның жаңа даму сапасында білім беру 

жүйесі әлеуметтік және интеллектуалдық 

деңгейге сай келуі тиіс. Қоғамымызда білім 

беру мәселесі ешқашанда күн тәртібінен 

түскен емес. 

Білім  беру қай уақытта болса да,үнемі 

жаңашылдылықты қажет ететін іс. Ең 

қажеттісі, студент бойындағы сұранысты 

қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Жаңа 

уақыттың жаңа талаптарының мүддесінен 

шығып, туған ел болашағы үшін нағыз ма-

ман иесін қалыптастыруда университетте 

жүргізіліп жатқан  түрлі әсерлі кештер, 

диспут, үйірме жұмыстарының тигізер 

әсерлері мол. Сабақтан тыс уақыттарында 

студентерді қызықтыру мақсатында Жа-

ратылыстану ғылымдары факультеті 

химия кафедрасында «Б.А.Бірімжанов 

атындағы химия үйірмесі» жұмысының 

кезекті отырысы өткізіліп отырыла-

ды. Кафедрадағы ұйымдастырылған 

«Б.А.Бірімжанов атындағы химия 

үйірмесі» жұмысының негізгі міндеттері 

студенттердің ғылыми, оқу-әдістемелік 

жұмыстарын толық жетілдіруге жағдай 

жасау, студенттердің өндірістерде жаңа 

технологияларды енгізуге белсенділіктерін 

арттыру, жоғары тәжірибелі, үгіт-насихат 

жұмыстарына қатынасу, студенттер ара-

сында ғылыми-техникалық шығармашылық 

жұмыстарын ұйымдастыру болып табы-

лады. «Б.А.Бірімжанов атындағы химия 

үйірмесі» жұмысының өздеріне арналған 

эмблемалары, ұрандары бар. Үйірме 

жұмысына  техника  ғылымының канди-

даты, доцент З.Нуркина жетекшілік етеді. 

Жақында Жаратылыстану ғылымдары 

факультетінде Б. А.Бірімжанов атындағы 

химия үйірмесі жұмысының кезекті 

мәжілісі өтті. Үйірменің мәжілісіне жа-

ратылыстану ғылымдары факультетінің 

деканы Н.Л. Шәпекова және химия 

 

кафедрасының меңгерушісі А.К.Ташенов 



қатысты. Үйірмеде 5В0606-химия, 

5В0608-география, 5В0607- биология 

мамандықтың студенттері айналысады. 

Үйірменің мәжілісінде инновациялық 

парк директоры Владимир 

Михайлович Ким баянда-

ма жасады. Ол студенттерді 

инновациялық парктың жаңа 

жобаларымен таныстыр-

ды. Мәжіліс отырысынан 

кейін студенттерді үйірме 

жетекшісі З.С.Нуркина 

Пәнаралық ғылыми зерттеу 

кешеніне алып барды. Кешен 

қызметкерлері студенттерді 

зертханалармен таныстырды.

Химиялық үйірменің 

мақсаты, осы заманға сай 

мамандарды сапалы даярлау, оларға қажетті 

жағдай жасау:   университеттің ғылыми-

зерттеу жұмыстарына,  жобаларына 

студенттерді қатыстыру,  сонымен қатар 

олардың ғылымға деген қызығушылығын 

арттыру болып келеді.

Тәрбиелік мәні зор, студенттердің 

ғылымға деген сүйіспеншіліктерін  оята 

білетін «Б.А.Бірімжанов атындағы химия 

үйірмесі» жұмысының отырыстары 

жоғары деңгейде жиі өткізіліп 

отыратынына сеніміміз  мол.



Химия ғылымдарының 

кандидаты,  доцент  

 М.Ж. ДҮЙСЕМБИЕВ

ҒЫЛЫМҒА  ХИМИЯМЕН  ҮН  ҚОСАМЫН



Оқу  ордамыздың  пікірсайысшылары 

наурыз  айының  басында  Семей  қаласы 

Шәкәрім 

атындағы 

мемлекеттік 

университетінде  болып,  республикалық 

пікірсайыс турниріне қатысып қайтты.

Турнир мақсаты – Қазақстан Республикасы 

Президентінің  Қазақстан  халқына  арнаған 

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ» атты Жолдауын жастар арасында 

кеңінен  насихаттау  және  жүзеге  асыруға 

атсалысу.

Шәкәрім 


университеті 

ректорының 

арнайы  кубогына  арналған  сайыстың  негізгі  ұйымдастырушысы  –  семейлік  «Конгресс» 

интеллектуалды  дебат  клубы.  Жоғарғы  дәрежедегі  додаға  Астана,  Қарағанды,  Павлодар, 

Шымкент, Балқаш қалаларының ЖОО-ларынан 80-ге жуық пікірсайысшылар қатысты. Турнир 

АПФ  (Американдық  Парламент  Форматы)  және  ЛД  (Линкольн  -  Дуглас)  форматтарында 

ойнатылған  болатын.  Екі  күнге  созылған  тартысты  дебат  ойындарында  студенттер  бүгінгі 

таңда  өзекті  болып  отырған  «Қазақ  елі»  атауын,  ЭКСПО-2017  көрмесін  өткізу  мәселесін, 

теңге девальвациясын шешу жолдарын талқыға салды. Сонымен қатар әлемдік маңызы бар – 

термоядролық реактор, Украина мемлекетіндегі жағдай, тағы да басқа ауқымды тақырыптар 

тілге  тиек  етілді.  Турнир  қорытындысында  озық  идеясымен,  шешендік  шеберлігімен  көзге 

түскен  Еуразия  ұлттық  университеті  студенттері  қос  жүлдені  қанжығасына  байлады.  Атап 

айтсақ,  «Жеті  жарғы»  пікір-сайыс  клубының  мүшелері  Аңламас  Маржан  мен  Тұрсынов 

Бақытжан  екінші  орынды,  «Парасат»  пікір-сайыс  клубынан  Ықылас  Жеткер  мен  Тұрғазы 

Ерназар  үшінші  орынды  иеленді.  Сонымен  қатар  Құрметұлы  Абылай  мен  Аманжолов 

Бекарыстан «Конгресс» интеллектуалды дебат клубының арнаулы сыйлығымен марапатталды. 

Аманжолов Бекарыстан мен Тұрсынов Бақытжан «Үздік спикер» номинациясына қол жеткізді. 

Жеңімпаздар мен номинанттарға ұйымдастырушылар тарапынан кубок және бағалы сыйлықтар 

табысталды. Орайы келгенде, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті турнирді өте әділ 

және үлкен дәрежеде өткізгендігін айта кеткіміз келеді

Үздіктердің  үздігі  атанған  ЕҰУ-дің  пікірсайысшылары  осылайша  әрдайым  алда 

екендіктерін  тағы  да  бір  дәлелдеді.  Еуразия  ұлттық  университетіндегі  дебат  клубтарының 

жетістіктері мен жоғары нәтижелері – алған білімдерін сөзбен шебер жеткізіп, ойын ашық айта 

алатындықтарының айқын көрінісі.



Пікірсайысшылар Семейден олжалы оралды

9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

Биыл Алаштың 

арыстарына  120 жыл толады

Бейімбет 

Май­

лин  –  қазақтың  көр­



некті 

жазушысы, 

қа  зақ  әдебиетін  қалып­

тастырушылардың  бірі. 

Ол  Троицк  қаласындағы 

Уәзифа 


медресесінде, 

Қос та найдағы  орысша­

қазақша  мектепте,  Уфа­

дағы  Ғалия  медресесінде 

оқып, білім алған.

1916­1919 

жылдары 

мұғалім 


болады, 

жазушылықпен  шұғылдана  бастайды.  «Қазақ», 

«Ауыл»  газеттері  мен  «Айқап»,  «Садақ» 

журналдарына  жазып  тұрады.  Бейімбет  Майлин 

«Еңбекші  қазақ»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан») 

газетінде қызмет істеген (1922 ж.). Қостанайдағы 

губерниялық  «Ауыл»  газетін  шығарған  (1925). 

30­жылдарда  «Социалистік  Қазақстан»  (қазіргі 

«Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, 

редактордың  орынбасары,  «Ауыл  тілі»,  «Қазақ 

әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып 

қызмет істеген.

Қазақ  прозасында  әңгіме  жанры  Бейімбет 

шығармалары арқылы кемелдене түсті.

Б.Майлин  он  беске  тарта  повесть,  «Азамат 

Азаматович»  атты  роман  жазған.  Оның  «Қызыл 

жалау»,  «Қоңсылар»  атты  романдары  аяқталмай 

қалған. Мұның сыртында ол ірілі­ұсақты 25 пьеса, 

либретто, сценарийлердің авторы.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН 



Дарын иесінің сыршыл әңгімесі

КЕЗДЕСУ

"Жалпы адамға екі түрлі 

жақсылық бар.  Бірінші жақсылық  

–  Құдайдан. Екіншісін адамның 

өзі жасайды. Адамның өзі 

жасаған жақсылығының мол 

болғаны жөн. Сонда адам шын 

мәнінде қоғамдағы барлық 

кеселдерге қарсы күресе алатын 

тұлғаға айналады".  Бұл – 

қазақтың көрнекті жазушысы, 

ҚР Мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты – Төлен Әбдіктің 

ұстанатын өмірлік қағидасы. 

"Ілім – іштегі нұр, Өнер сыртқа 

салынған түр" деп қазақ атамыз 

айтпақшы, әдеби әлемнің сыршыл 

болмысына қанығуға ниеттенген  

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 

студенттері "Жас азамат" 

интеллектуалдық клубының 

қолдауымен  үстіміздегі жылдың 

қаңтар айының 28 жұлдызында 

белгілі қаламгер Төлен Әбдікпен 

шығармашылық кездесу өткізді.

Шығармашылық кеш 

клубтың белді мүшесі Ишанбеков 

Мадиярдың алғы сөзімен 

басталып, сөз тізгіні жазушының 

өзіне берілді. 

"Әдебиет – халықтың ең үлкен 

рухани азығы. Әдебиет пен өнер-

халықтың жаны. Олар жанды 

тазартады. Әдебиетке әркім әр 

түрлі қарайды. Біреулер үшін 

ол-заман ағымына сай саясатты, 

үкіметті насихаттау болса, енді 

біреулеріне қоғамдағы болып 

жатқан түйткілді мәселелерді 

көтеру болып табылады. 

Адамның сана-сезіміне ықпал 

жасау үшін өзінің бар сырын 

әдебиет арқылы көрсету деген 

бар. Әдебиетті оқығанда жақсы 

мен жаманын айыра білу шарт", – 

деп жазушы алдымен әдебиеттің 

түлеуін, жетілу болмысын, 

қоғамдағы орнын айта келе, 

–  "Бүгінгі әдебиетте біреулері 

Мемлекеттік сыйлық, орден 

алып жатса, осылар жақсы, 

кемеңгер жазушы деп ойлау –

әбестік. Өмірде ештеңе көрмей, 

жақсы атақ, құрмет, абырой 

алмай өткен ұлы тұлғалар да бар. 

Соған мысал ретінде өзіміздің 

Мұқағали ақынды алуға болады. 

Оның өлеңдерінде кемеліне 

келген үлкен философиялық 

пайымдаулар бар. Ол ешқашан 

ақыл үйретуге тырысқан емес. 

Қазіргі ХХІ ғасырда біреуге 

ақыл айту жат қылық", – деп, 

жазушы қауымының  шынайы 

дарындылығын көрсетіп, оны 

мұзбалақ ақын Мұқағалимен 

салыстыра отырып, кештің 

шымылдығын ашты.

Білмегендерге құлаққағыс 

ретінде айта кетейін, Төлен Әбдік 

1942 жылдың 4 қыркүйегінде, 

Қостанай облысы Жангелдин 

ауданы Еңбек ауылында туған. 

Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері (2002). 1965 жылы 

Қазақ Ұлттық университетін 

бітірген. 1965-70 жылдары 

"Қазақстан пионері" (қазіргі 

"Ұлан") газетінде әдеби 

қызметкер, бөлім меңгерушісі 

болып жұмыс істеген. 1970-77 

жылдары "Жалын" альманағында 

бөлім меңгерушісі, бас 

редактордың орынбасары, 

1977-79 жылдары "Қазақфильм" 

киностудиясында бас редактор, 

1979-90 жылдары Қазақстан 

Коммунистік партиясының 

орталық комитетінде жауапты 

қызметте болды. 1990-92 

жылдары "Қазақ әдебиеті" 

газетінің бас редакторы, 

Қазақстан Жазушылар одағының 

екінші хатшысы болды. 1993 

жылдан Қазақстан Республикасы 

Президенті әкімшілігінде сектор 

меңгерушісі. 1997 жылдан 

бастап Қазақстан Республикасы 

Президенті аппаратының ішкі 

саясат бөлімі меңгерушісінің 

бірінші орынбасары. Төлен 

Әбдіковтың шығармалары 1964 

жылдан жариялана бастады. 

Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 

жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 

1971 жылы жарық көрді.  1974 

жылы  "Ақиқат" атты повестер 

мен әңгімелер жинағы дүниеге 

келді.  1979 жылы "Айтылмаған 

ақиқат" әңгіме-повестер 

жинақтары, 1980-1981 жылдары 

орыс тілінде "Истина" әңгімелері 

мен повестері деген атпен жарық 

көрген. 1985 жылы "Өліара", "Біз 

үшеу едік" пьесасы республикалық  

театр сахналарында қойылды. 

Грек аңыздары "Эллада ерлерін"  

қазақ тіліне аударған. Бірнеше 

шығармалары шетел тілдеріне 

аударылған. 1987 жылы 

"Ақшоқыда қыс қатты" және 

2002 жылы "Парасат майданы" 

жазылған. «Парасат майданы» 

повесі тосындылығымен 

ерекшеленіп, бұл туынды 

ПЕН-клубтың сыйлығын 

иеленіп, Халықаралық Франц 

Кафка атындағы орденімен 

марапатталды. Халықаралық Ф. 

Кафка атындағы Қазақстандағы 

ПЕН клуб сыйлығының лауреаты 

(2003). Еуропалық алтын 

медальдің (2003), Қазақстан 

 

мемлекеттік сыйлығының 



иегері (2004). Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты  (2004) 

болып табылады. 

Шығармашылық кеш 

ке тек 


Еуразия ұлттық университетінің 

студенттері ғана емес, сонымен 

қатар Ұлттық Өнер 

университетінің де 

әдебиет сүйер жас 

өрендері, студенттері, 

келіп қатысты. 

Талантты жазушының 

жан-дүниесіне үңі-

ліп, сыршыл әң-

гімесінен өздеріне 

өмірлік сабақ, 

шығармашылық ша-

быт, талпыныс ал-

ды деп ойламын. 

Көкейде жүрген жазушының 

шығармашылығына қатысты 

сан түрлі сауалдардың қойылуы 

осының дәлелі іспетті. Қойылған 

сауалдардың арқасында дарын 

иесінің рухани болмысын, өмірлік 

көзқарасын аңғарғандай болдық.

Сұрақтардың алғашқысы 

жазушының "Қойшығұл" 

әңгімесіне қатысты қойылды. 

Әңгімеде Қойшығұл атты 

кейіпкердің рухы мығым, өшпес 

берік екендігі түсіндіріле келіп, 

біздің, қазіргі жастардың сондай 

рухын ояту үшін қандай амал 

қолдану керектігін тілге тиек етті. 

Жазушы бұл сауалдың жауабын 

нақты дәйектермен дәлелдей 

келе, қарымды жауап қайтарды. 

Сондай-ақ, Төлен ағаның 

"Таласпай", "Оң қол", "Біз үшеу 

едік", "Өліара" шығармаларына 

қатысты да бірнеше сұрақтар 

қойылды. Жауаптың парқы 

арқылы дарын иесінің терең 

философиялық, мистикалық ой-

жүйріктігіне таңырқай қарап, 

таңданумен болдық. Төлен 

Әбдік осындай философиялық 

ойларының арқасында елді 

елең еткізді. Халқымызда 

бұндай жанрда жазатын 

жазушылар кемде-кем. Өзіндік 

шығармашылық ерекше жанрын 

қалыптастыра білген жазушы деп 

санаймыз.

"Қазір әр ұлттың әдебиетінде 

өз символы бар. Мысалы, 

Англия туралы еске алсақ, бірден 

Шекспир ойға оралады. Немістер 

жайлы сөз қозғасақ, Гетенің 

тілге тиек болғанын аңғармай да 

қаламыз. Ал бізде Абай бар. Абай 

менің жанымда. Абай арқылы 

өстік, өмірдің мәнісін ұғындық",-

деп Ұлы ақынның даралығын 

көрсетіп, келер ұрпақтың сондай 

кемеңгер тұлғадан үйренері көп 

екендігін жеткізіп, сөз мәйегін: 

"Қазақтың бақытсыздығы тек 

өзінен ғана" деген принципке 

мен қарсымын. Қашанда, қай 

жерде, қандай ортада болмасын 

БАТЫЛ ОЙ АЙТУ ҚАЖЕТ!",-

деп қорытындылады.   Иә..."Тәтті 

өтіріктен ащы шындық артық" 

демей ме?! 

Кеш соңында жиналған 

студенттер қауымы жазушыға 

алтын уақытын бөліп, сыршыл 

әңгімесімен бөліскені үшін 

алғыстарын айтып, естелікке 

фотосуретке түсті. 



 Назым КЕНЖЕБАЕВА,

"Әділет" газетінің штаттан 

тыс тілшісі

Ол   рас, «атадан ұл туса құл болам деп тумайды, анадан қыз туса күң 

болам деп тумайды», болудан аулақпыз да. Дегенмен терең тыныстап, 

азат адымдау үшін халық алдында құрдай жорғалап, құлдай қызмет 

ету керек боп тұр. Елдің абыройы ерінің ерен еңбегінен көрінетінін 

жақсы білеміз. Хош делік, пікірімізді ортақ ету үшін мәселені пілтелей 

отырып, мағынасын ашуға тырысайық. Билік басындағылар мен халық 

қасындағылардың барлығы дерлік халықтың жалдамалы қызметкері 

болып табылады. Бұл үкімде ар мен заң қатар жүреді. Дамыған 

экономика кімге қандай жалақы беріп жатқанын көзбен көріп жүрміз. 

Осыдан кейін екіұшты пікір қалыптасады.  Қарапайым халықтың 

айлығы шайлығынан аспаса, жоғарыдағы шенеуніктің айлығы 

байлығына бағыт болып тұр.  Жоғары және төмен деп сөйлейтін 

болдық қой. Бұған өкпеңіз болмасын, біздегі қоғамдық тенденция 

осылай деуімнің демеушісі, немесе бірден-бір себепшісі. Әйтпесе ұлт 

үшін тебінгісін  терлетіп жүрген талай ат төбеліндей азаматымыз біз 

айтып отырған орта таптың қатарында. Бұл әрине қалтасының өлшемі 

бойыншы ғана. Экономикалық немесе пендешілік деп айтуыма да 

болады. Қауашағы ілімді тереңнен қаузап жүрсе де, нарықтың заманы 

санаулы уақытын саналы бағытқа пайдалануға кері әсерін тигізіп отыр. 

Әңгіме сол білімділер жайында екенін аңғарған шығарсыз. «Ақылды 

болсаң неге байымайсың» деген Жапон мақалын біздің адамдар көп 

айтып жүр. Қалтасы жұқалар ақылына сеніп өздерін жұбатып қояды, ал 

ақшасы барлар, оларға енді жетіспей жүргені де осы сөз еді. Сонысына 

мәз болып байлығын үстемелей түседі. Ол қаржының қайдан келіп 

жатқаны тағы белгісіз. Демократия ұрыларға берілмеуі керек-ті. 

Кешірім етіңіз, жоғарыдағы Жапон мақалы қазақ қоғамына жүрмейді. 

Егер ақылды болсаң Жапонияда байитын шығарсың, ал бізде солай ма? 

Сәл кідіріс жасап, таныс-тамырыңызды еске түсіріп көріңіз. «Арсыз 

болмай атақ жоқ». Менің пікірім емес екенін білетін шығарсыз. Бірақ 

сол арыңды сақтап тұру құралы ретінде қу дүниенің дәурені жүріп тұр. 

Таза ой еңбегімен шұғылдануы тиіс хәкімдеріміз әр неге бір алаңдап, 

өзінің бағдарынан жаңылуға айналды. Сөзіміз мәйекті болу үшін 

дәйегін келтіріп көрейік. 

Әлеуметтанушы ғалым Айдос Алтынбековтың айтуынша, 

еңбекақыға қанағаттану деңгейі туралы сауалға ғалымдардың 

7,11 пайызы «артық шығынсыз өмір сүруіме жетеді» деп жауап 

берген. 37 пайызы «тек өмір сүруім үшін ғана жетеді» десе,   16,7 

пайызы «азық-түліктен басқаға жетпейді» деп отыр.  Ал 2,5 пайызы 

«айлығым мүлде жетпейді» дегенді айтқан. Тағы бір деректерде 

ғалымдардың 50 пайыздан жоғарысы қосымша жұмыс атқаратыны 

көрсетілген.   Бұл деректерді де нақты көрсеткіш деп айту қиын әрине. 

Ұлттық университетте қызмет қылатын профессор-оқытушылардың  

жалақысы ай сайын  120  мың теңгеден келеді екен. Ондай мәртебелі 

оқу орындары Астана мен Алматы сияқты шаһарларда екенін ескере 

отырып, өз түйініңізді жасай беріңіз. «Көз қорқақ, қол батыр» деген 

мақалды мектептен жаттап өстік. Ал енді қорқақ көздің майын тауысып, 

жүйкесін жұқартқан ой алыбынан, батыр қолдың көмегімен кірпіш 

қалаған құрылысшылар жалақысы көп екен. Бұл бір жағынан қуантады. 

Дені қарапайым халықтың атқаратын жұмысы  жемісті болғанына   

ешкім қарсы болмас. Бірақ  ертеңгі үміт артқандарымыз машахатты, 

жемісі аз «ғылымды» емес, соқпақсыз жолды таңдаса санымызды соғып 

қалып жүрмелік.  Әлем бәсекеге түсіп бәйге алып жатқанда, жаһандану 

майданына біз де өз атымызды қостық. «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа 

жүнін қампайтардың» кейпі сол. Ғаламның көшін бастап тұрған 

мемлекеттердің ішкі көшін ғылым бастайды. Эволюциялық төңкеріс 

жасау да сол киенің қолындағы шаруа болып тұр. Осы орайда әлемдік 

классик  Грен  Гриннің «көлемді қаржы жұмсамай, өз мақсатыңа 

ұмтылуға болмайды» деген пәлсәпасы еске түседі . Ғалымның қалтасын 

толтырмай   ғылымның дамуын күтпегеніміз абзал. Күткіңіз келсе, тағы 

өз еркіңізде.

Түйінді Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың сөзімен аяқтағым 

келеді. « Кімде-кім ғылымды және ғалымды сүйсе, жанатта сол менің 

көршім болады»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет