Адам. Қоғам. Құқық.
Пәнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен
құбылыстардың, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысы, адам
мен қоғам дамуы үдерісі туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық
позицияны, жоғары адамгершілік қасиеттер мен отанға деген сүйіспеншілікке
85
тәрбиелеу.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген
пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту барысында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Елбасының
«Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек
қоғамына
қарай
20
қадам»
бағдарламалық
мақаласында
берілген
тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарындағы 28-тармағын
басшылыққа алу қажет.
Білім алушылардың қазақстандық құқық жүйесі туралы тұтастай түсінігін
қалыптастыру, құқықтық білімін өмірлік жағдаяттарда және болашақ кәсіби
қызметтерінде тиімді қолдануды күшейту керек.Аталған пәнді оқыту кезінде
оқушылар тез өзгеретін әлем жағдайында барлық нақты жағдаяттар
проблемасын шешу дағдыларын игеретін болады, онда қызметтің жаңа
салалары мен жаңа жағдаяттар пайда болады. «Адам. Қоғам.Құқық» пәнін
оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, қарым-қатынас жасау мен IT-
технологияларды қолдану дағдылары дамыйтын болады.Мәтін мазмұны
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, басқа адамдармен қарым-
қатынас жасай алып, топта диалог жүргізуге бағытталу керек.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, тұлғалық-
бағдарлы және құзіреттілік тәсілдерге негізделген. «Адам. Қоғам. Құқық.»
пәнінің
мазмұны
жалпы
адамзаттық
құндылықтарға,
демократизм
принциптеріне, гуманизм мен ғылымилыққа негізделген. Бұл пәнді оқытуда
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту үдерісінің әдістемесі мен
ұйымдастырылуын анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.
Оқу пәнінің негізгі ерекшелігі ол аталған пәннің алдыңғы сыныптарда
оқытылған басқа да қоғамдық – гуманитарлық пәндермен тығыз байланысы
болып табылады. «Адам. Қоғам. Құқық» пәні шеңберінде бұрын алынған
білімге жүйелеу мен жалпылау жасалады.
Оқу жүктемесінің көлемі: 9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34
сағатты құрайды.
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері:
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері:
86
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде
шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы
болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу
және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудағы маңызды мәселе
«Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық»
сияқты әдістемелік тәсілдер арқылы сабақтарда салауатты орта құру болып
табылады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісі арнайы жабдықталған
кабинеттежүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-
көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.
Оқу жүктемесінің көлемі: 5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат); 6-
сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1 сағат); 7-сынып (барлығы 34 сағат,
аптасына 1 сағат); 8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат); 9-сынып
(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат).
3.5 «Өнер» білім саласы
Музыка
Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың
қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына
ықпалын тигізеді. «Музыка» пәнінен білімді игеру нәтижесінде оқушы ұлттық
және әлемдік мәдениет мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана
білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады.
«Музыка» оқу пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық
мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның
шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде қолдана
білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін,
жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.
«Музыка» оқу пәнін оқытудың міндеті:
– дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен
байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы
білім беру;
– оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық
шығармаларды бағалай білу;
87
–
түркі және шығыс халықтарының музыкалық мәдениетіне деген
қызығушылығын арттыру;
– музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;
– музыка өнерінің әр түрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық
қабілетін қалыптастырып, ән, терме айту және аспапта ойнау біліктерін дамыту.
Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті,
шығыс және батыс классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы
Қазақстан музыка өнері болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін
ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста
оқытуды көздейді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып,
бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік
айқындалады. Басты тақырыптар мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық
ұғымдары мен көркемдік талғамы кеңейеді. Дербестік принципін ұстана
отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі
құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы
арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады.
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағаттан,
жылына барлығы 34 сағаттан құрайды.
Бейнелеу өнерi
Жалпы білім беретін мектепте бейнелеу өнері негізгі пән болып табылады,
өйткені бейнелеу өнері оқушылардың елестету және шығармашылық қиялын
дамытады,
онсыз
жеке
тұлғаның
толыққанды
психикалық
және
интеллектуалдық дамуы мүмкін емес.
Оқыту мақсаттары:
- эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;
өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту;
адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі
халықтардың мәдениетін құрметтеу;
- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
- өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу;
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
- оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ орындалған
жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік
талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
Оқыту міндеттері:
- өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында
көрсете білу қабілетін дамыту;
88
- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен
таныстыру;
- жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы
өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет,
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін
дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау,
қиял, елестету;
- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;
- өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-
кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру
элементтерімен таныстыру.
5-6-сыныптарға
арналған
бейнелеу
өнері
бастауыш
мектеп
бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара
байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады.
Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз
ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларын пластикалық
өнердің әртүрлі материалдар мен техникаларды қолданып көркем бейне
жасауға бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі
бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау»,
«Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және
сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».
Білім беру тәжірибесінде «бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін
сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді
қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, картинада
немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын
түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері
мен бағыттарын айыра білуі; өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің
шымаршылығымен танысуы; әйгілі шығармаларды білуі - сабақтың маңызды
нәтижесі болып табылады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын
білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен
танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге
ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты
пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік
талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық
тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып
қалыптасады. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық
жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке
немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау
89
күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек
еркіндік беріледі.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен
адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Өнер мен
көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің
рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне»,
«Әсем өнер түрлері мен жанрлары».
Осылайша блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу
материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың
құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік,
эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші олардан бала
көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен
шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік,
құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге)
әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуға келесідей
оқу жүктемесінің көлемі бөлінген: 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны –
34 сағат; 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
3.6 «Технология» білім саласы
Технология
Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың
заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі
кәсіптік
білім
алуға
және
еңбек
етуге
қажетті
дайындықтарын
қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның
қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін
ескере отырып белгіленген.
«Технология» оқу пәнін оқытудың мақсаты техника мен технология
саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің
нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру,
сонымен
қатар,
технологиялық
ойлау
қабілетін,
болмысқа
деген
шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімді қалыптастыру;
құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық
көзқарасын дамыту;
оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек
90
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту
барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, орта білімді
сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын
көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып:
пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
Осыған байланысты 5-9 сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер
бойынша тақырыптар беріледі (5-кесте):
5-кесте – 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника
және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен
және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Металды қол және механикалық өңдеу
технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
6.
Электротехника
және
электроника
негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық
кәсіби білім.
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен
және
механикалық
өңдеу
технологиясы.
3. Металды қолмен және механикалық
өңдеу технологиясы.
4.
Сәндік
қолданбалы
өнерінің
элементерімен
көркем
материалдарды
өңдеу технологиясы.
5.
Электротехника және электроника
негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық
кәсіби білім.
Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс
әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау
әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын,
электромонтажды, құрлыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық
жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.
Мұғалім
бар
мүмкіндіктеріне
сәйкес
бағдарламада
ұсынылған
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын
таңдай алады. Сонымен қатар оқушының жасының шамасына сәйкес еңбек
нысанын таңдағанп, оның қоғамдық және жеке мқұндылығы ескеріледі.
Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды,
91
экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке
эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын
қосуға құқысы бар.
«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып)
жаңа бөлім техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби
іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және
жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері,
аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы
мәселелер қарастырылады.
Сабақтар ағаш, метал өңдеу шеберханасында, немесе құрамдастырылған
шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларын орындау
барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен назар
аударылуы керек. Электрқауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын
сақталуына ерекше назар аударылу тиіс.
Сабақта
қолдан
жасалған
электромеханикалық
құралдар
мен
технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген
сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде
құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен
геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен,
машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда
физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих пен
өнермен байланыстырылады.
Қала, ауыл және шағынжинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына
бөлі сыныптың толықтандыруына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (6-кесте):
6-кесте - 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік
техникасы
ережелері,
санитарлық-гигиеналық
талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы.
Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау,
дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше,
шалбар) Мата түлерімен танысу. Киімді күту.
Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс
өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы.
10. Жоба.
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау,
қауіпсіздік
техникасы
ережелері,
санитарлық-гигиеналық
талаптар
және
еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен таныс. Мата өңдеу
технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс
жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және
көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар)
Мата түлерімен танысу. Киімді күту
Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас
гигиенасы.
8. Жоба.
9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
92
«Технология» пәні бойынша 5-9-сыныптарында оқу жүктемесінің көлемі
аптасына 1 сағатты, оқу жылы ішінде 34 сағатты құрайды.
Сызу
«Сызу» – білім алушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына,
кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына
бағытталған курс. Графикалық мәдениет деген адамзаттың ақпарат
алмастыруға арналған графикалық әдістер игеруіндегі жетістіктер жиыны.
Мектепте білім беруге қатысты алатын болсақ, графикалық мәдениет дегеніміз
білім алушының сызба орындауы және оны оқи білу сапасымен бағаланатын
графикалық әдіс-тәсілдері мен ақпарат алмастыру әдістерін игеру деңгейі.
Техникада, ғылымда, өндірісте, дизайнда және басқа салаларда қолданылатын
графикалық тілді игеру оқушының графикалық мәдениетін қалыптастыратын
процесс болып табылады.
Сызу курсын оқытуда келесі мақсаттарға жету көзделеді:
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын
дамыту;
еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және
интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Бұл мақсаттарға сәйкес мынадай оқыту міндеттері шешілуі тиіс:
бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым
сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық
суреттерін орындауды және оқуды үйрету;
нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау
арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және
ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып,
статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді,
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;
кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
Пәннің ерекшелігін ескере отырып, сабақ уақытын тиімді пайдалану және
сабақтан тыс жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін сызу сабақтарын жұптап
өткізген қолайлы болады.
Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция
93
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық
денелерді, тетікбөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.
Проекциялауды үйрету бір, екі және үш проекциялар жазықтығына
біртіндеп күрделендіре отырып кескін тұрғызу арқылы ұсынады.
Графикалық жұмыстын өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек
(мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды
орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.
Сызбаның орындалуына да оқуына да ықыласпен қарау керек.
Аксонометриялық проекцияны орындаудын ұтымды әдістерін тандап
алуға көңіл бөлген жөн. Уақытты үнемдеу үшін кей кезде изометриялық
проекцияны техникалық суретпен алмастыруға болады.
Құрылымдарды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет
алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де
өзекті мәселе болып табылады.
Білім алушыларды құрастыру сызбасын оқуға үйрету барысында бұйым
туралы ақпаратты оқудын белгілі жүйелілігін қалыптастыру арқылы бұйымның
геометриялық пішіні туралы, тетікбөлшектердің өзара орналасуы мен біріктіру
түрі және басқа да техникалық және технологиялық сипаттамалары туралы
қажетті мәліметтерді алуды үйрету керек.
Құрастырылған бұйымның құрамына кіретін тетікбөлшектердің эскизін
немесе сызбасын орындау құрастыру сызбасын оқудың және бөлшектеудің
ептілігін қалыптастырады. Оқу уақытының көбі тәжірибелік жұмыс орындауға
бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында
түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс.
Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-
тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге
асады.
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін
(дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың
интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.
«Сызу» курсының аяқталған өзгешелігі мынада: сызба геометриясының
негіздері мен геометриялық объектерді проекциялау әдістері берілген, сызбаны
орындау мен оны рәсімдеу ережелерінен құралған КҚБЖ стандарттары
қарастырылған, машина жасау және құрылыс пен топографиялық сызудың
жалпы мәліметтерінен туратын техникалық сызу негіздері жүйелі түрде
берілген.
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса
маңызды бағыты ол білім алушылардың графикалық редакторларды (AutoCAD,
Компас және т.б.) пайдалану негізінде ақпараттық технологиялардың
мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту.
Графикалық жұмыстардың барлығы А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы
қарауына) орындалуы тиіс.
Міндетті графикалық жұмыстармен қоса білім алушылар дәптерінде
машықтандыратын жаттығулар және тәжірибелік тапсырмалар орындалуы
94
керек.
«Сызу» пәніне 9-сыныпта сағат саны аптасына 2 сағат, оқу жылына 68
сағат қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |