ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


  12  жылдық  оқытуға  көшу  экспериментіндегі  сыныптарда  оқу



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#8315
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

10  12  жылдық  оқытуға  көшу  экспериментіндегі  сыныптарда  оқу 
үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері 
 
  «12 жылдық жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнына жетілдіру 
бойынша  эксперимент  өткізу  туралы»  Ережелер  туралы»    Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы   1 тамыздағы  № 593 
бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2014  жылғы  29  сәуірдегі  №  132  бұйрығына  сәйкес                            
2014-2015  оқу  жылында  эксперименталдық  сыныптардағы  оқушыларды 
оқытудың одан арғы траекториясы анықталды. 
2013-2014 оқу жылын аяқтағаннан кейін:  
–  8-ші  эксперименталды    сыныптың  оқушылары  11  жылдық  мектептің                  
9-сыныбына көшіріледі; 
– 9-шы эксперименталды  сыныптың оқушылары негізгі орта білімі туралы 
куәлік  алу  үшін  11  жылдық  мектептің  10-шы  эксперименталды  сыныбына 
көшіріледі; 
–  10-шы  эксперименталды    сыныптың  оқушылары  11  жылдық  мектептің 
11-сыныбына көшіріледі; 
–  11-ші  эксперименталды    сыныптың  оқушылары  эксперименттің  толық 
аяқтау  және  аяқтайтын  сыныптың  жаңа  білім  мазмұнын  апробациялау 
мақсатында 12-сыныпқа көшіріледі.   
8-ші  және  10-шы  эксперименталдық  сыныптардың  оқушылары  2014-2015 
оқу  жылында  ата-аналарының  өтініші  және  педагогикалық  кеңестің  шешімі 
негізінде  11  жылдық  мектептің  8-ші  және  10-шы  сыныптарына  көшірілуі 
мүмкін. 
Осыған байланысты, 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперимент  
ҚР  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  10-шы  және  12-ші  сыныптарында  
жалғасатын болады (2-қосымша).  
Эксперименталдық 
 
және 
жалпы  білім  беретін 
мектептердің 
сыныптарының  мазмұнындағы  айырмашылықты  оқытылатын  тақырыптың 
аясында  пәннің  мазмұнын  тереңдетіп  оқыту,  типтік  оқу  жоспарының 
вариативтік  компоненті  есебінен  қолданбалы  курстар  мен  таңдауы  бойынша 
курстар  жүргізу  есебінен  жою  ұсынылады.  Оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
тиімді  формалары  бағдарлама  материалдарын  блок-модульдік  әдіс  арқылы 
оқыту қажет жеке-өзіндік сипаттағы сабақтар болуы мүмкін (кеңес беру, өзіндік 
жұмыстар,  рефераттар,  оқу  конференциялары,  коллоквиумдар,  мектеп 
жобалары т.б.). 
12-ші 
эксперименталдық 
сыныптардағы 
білім 
мазмұны                                               
11-ші  эксперименталдық  сыныптардағы  білім  мазмұнының  тікелей  жалғасы 
болып  табылады  және  ол  ҚР  БҒМ  вице-министрі  2014  жылғы  30  қаңтарда 
бекіткен оқу жоспарында іске асырылған. 
12-сыныпқа арналған оқу жоспары: 
–  іргелі  мектептік  білімге  қол  жеткізу  үшін  қажетті  жоғары  мектепке 
арналған базалық барлық жалпы білім беретін пәндерді зерделеуді қамтамасыз 
етуге (1.1. т. Оқу жоспарының жалпы білім беретін пәндері); 

160 
 
– мектепті аяқтау кезеңінде білім беруді  қоғамдық-гуманитарлық бағыты 
мен  жаратылыстану-математикалық  бағытына  қарай  бейіндеу  (1.2.т  қараңыз. 
Оқу жоспарының бейіндік пәндері); 
–  білім  алушыларды  жоғары  білім  беру  жүйесіне  бейімдеу  мақсатында              
12 жылдық мектеп мазмұнына жоғары оқу орнының компонентін кіріктіру; 
– Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату  және жоғары сынып 
оқушыларын  кредиттік  технология  бойынша  оқытуға  дайындау  және  жобалау 
әрекетінің дағдыларын қалыптастыруға (тілдік пәндердің, информатика пәнінің 
мазмұнын  жаңарту,  «Қазақстан  тарихы»  пәні  мазмұнына  «Қазақстан  қазіргі 
әлемде» компонентін қосу, «Жобалау әрекетінің негіздері» қолданбалы курсын, 
«Жобалау  жұмысы»  таңдау  курсын,  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу) 
бағытталған. 
Тілдік  пәндердің  мазмұнын  сұрыптауға  жаңа  тұрғыдан  келу  көптілдікті 
дамыту  мақсатында  бірыңғай  сөйлеу-тақырыптық  негізде  тілдерді  оқытудың 
(T1, Т2)  коммуникативтік бағдарын күшейту арқылы жүзеге асырылады (тілді 
меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне сәйкес В2 деңгейіне қол жеткізу). 
12  жылдық  мектептің  мазмұнына  ЖОО  компоненттерін  кіріктіру  жаңа 
пәндерді мынадай көлемде енгізу арқылы жүзеге асырылады: «Әлеуметтану» - 
2  кредит,  «Экология  және  тұрақты  даму»  -  2  кредит,  «Алғашқы  әскери 
дайындық  және  ӨҚН»  кіріктірілген  курсы  -  2  кредит;  «Орсы  тілі/  қазақ  тілі 
(Т2)»  -  3  кредит,  «Ағылшын  тілі»  -  3  кредит,  «Қазақстан  тарихы»  -  3  кредит,   
«Информатика» - 3 кредит. Осыған сәйкес, бір кредит 45 сағатқа тең, мектептегі 
оқу  үдерісінің  ерекшелігін  ескере  отырып    аудиториялық    сабақтар  34  сағат 
беріледі (оқу жылындағы 34 оқу аптасы), сабақтан тыс уақытта оқушылардың 
өзіндік  жұмысына  11  сағат  беріледі  (өзіндік  жұмысқа  үй  жұмысы,  зерттеу 
сипатындағы  жеке  тапсырмаларда  кіреді).  Білім  алушылардың  өзіндік 
жұмысына берілетн сағат мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізілмейді. 
12-сыныпқа арналған жаңа оқу пәндері  мазмұнының ерекшеліктері: 
1)  «Технология,  графика  және  жобалау»  кіріктірілген  пәні  оқушыларда 
графикалық 
кескіндерді 
белгілеудің, 
көрген 
ақпаратты 
өзгертудің, 
коммуникацияның,  жобалаудың;  құрастырудың;  жобалау  мен  бұйымды 
жасаудың,  компьютерлік  технологияларды  кескіндемелік  бейнелерді  жасауға 
қолданудың  және  жоба  құжаттарын  құрастырудың  әмбебап  құралы  ретінде 
қолданудың практикалық біліктерін қалыптастыруға арналған. 
2)  «Әлеуметтану»  пәні  оқушыларға  әлеуметтік  үдерістерді  түсінуді, 
зерттеудің  ұқсас  әдістерін  таңдай  білуді,  тапсырмаларды  құрастыру  мен 
шешуде  сыни  және  тәуелсіз  тұрғыдан  келу  қабілеттілігін  қамтамасыз  етеді. 
Пәннің  маңыздылығы  –  әртүрлі  бағыттар  бойынша  жобалау-зерттеу 
қызметіндеәлеуметтік  статистикалық  деректерді  есепке  алу  үшін  қажетті 
алғашқы біліктерді қалыптастыру. 
3)  «Экология  және  тұрақты  даму»  пәні  жоғарғы  сынып  оқушыларында 
адамзат үшін қауіп тудырып отырған жаңа қиындықтар – Өмірлік экологиялық 
негіздерінің  бұзылу  проблемалары  және    оны  шешу  жолдары,    экологиялық 
жағдаяттарды    талдау  және  бағалау  дағдыларын  дамыту,  сондай-ақ  қоршаған 
ортаға адамдардың әрекеті туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға арналған.  

161 
 
4)  «Қазіргі  заманғы  жаратылыстану»  кіріктірілген  курсы  (ҚГБ  үшін)  
әлемді  жаратылыстану  ғылыми  тұрғысынан  өзара  байланысқан  нысандардың 
жүйесі  ретінде  түсіну  үшін  енгізіледі  және    «Биология»,  «Химия»,  «Физика», 
«География»  дәстүрлі  пәндерінің  мазмұны  шеңберінде  оқушылар  білімінің 
тұтастығын,  жүйелілігін  және  іргелілігін  қамтамасыз  етуге  арналған  (бұл 
пәндер  ЖМБ  бейіндік  пәндері  ретінде  жеке  оқытылады).  Курс  оқушыларда 
мынадай біліктер қалыптастыруды көздейді: жаратылыстану ілімінің жекелеген 
салаларының  арасында  тұрақты  байланыс  орнату;  меңгерген  біліміне  сүйене 
отырып,  табиғатта  болып  жатқан  үдерістер  мен  оқиғаларды  тануы,  түсіндіруі  
және сипаттама беруі; адамзат қоғамының Жердің табиғатына жасаған ықпалы  
мен  оның салдарларына талдау жасау; қоршаған ортада өзін ұстау ережелерін 
қолдану;  құндылықтарды  және  «табиғат-қоғам-адам-техникалық  сала» 
мегажүйесін  тұрақты  және  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ету  мақсаттарын 
басшылыққа  алу;  Қазақстанның  индустриалды-инновациялық  дамуы  үшін 
оларды қолдана білу тұрғысынан өндірістің неғұрлым белгілі технологияларын 
түсіне  білуі;  адам  және  оның  мәдениетін  дамытудың  өнімді  қызметін 
ұйымдастыру  құралы  ретінде  жаратылыстану  ілімін  және  заңдылықтарын 
қолдана алу.  
 5)  «Жобалау  қызметінің  негіздері»  қолданбалы  курсы  мен  «Жобалау 
жұмысы»  таңдау  курсы  НЗМ  тәжірибесін  тарату  аясында  енгізіледі,  білімді 
шығармашылықпен 
түсіндіруді 
білігін, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдана отырып, процестерді жобалау мен үлгілеуді, ғылыми-
зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  деген  уәждемені  қамтамасыз  етуге  
бағытталады. Бұл курстар жоба жұмыстарын  дайындау және көпшілік алдында 
қорғау кезінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамын тартуға есептелген. 
Жоба  жұмыстарының  тақырыптары  әрбір  оқушының  сұраныстары  мен  жеке 
қабілеттеріне сәйкес анықталатын болады. 
6)  «Алғашқы  әскери  дайындық  және  өмір  қауіпсіздігі  негіздері» 
кіріктірілген  пәніндегі  өмір  қауіпсіздігі  негіздері  компонентінің  мазмұны    
ЖОО-ның  осы  аттас  пәнінің  бағдарламасына  сәйкес  келеді  және  ол 
оқушылардың  салауатты  өмір  салтын  ұстануына  және  насихаттауына  керекті 
қабілеттерді  қалыптастыруға,  табиғат  өзгерісі,  техногендік  және  басқа  да 
апатты  жағдайларында  оқушылардың  қауіп-қатерді  бағалауға  және  дұрыс 
шешім  қабылдауға,  өз  басының  қауіпсіздігін  қорғау  ережелерін  сақтауға 
бағытталады. 
Пәндер  бойынша  оқу  бағдарламаларының  мазмұнында  кредиттік  оқыту 
технологиясының  ерекшеліктері  ескерілген,  тапсырмалар  оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға,  пәнаралық  байланыстар 
барынша 
айқындауға, 
оқушылардың 
әлемді 
тұстастай 
қабылдауын 
қалыптастыру  мақсатында    жаратылыстану  ғылыми  пәндер  мазмұнында 
оқушылардың  Қазақстанда  экономика  мен  әлеуметтік  өмірдің  даму 
перспективасына бағдарланған. 
Бір  тақырып  бойынша  немесе  тұтас  тақырыптық  блок  бойынша 
сабақтарды  (сабақ  циклін)  жоспарлау  кезінде  мұғалім  10-кестеде  көрсетілген 
мынадай  тапсырмалар    түрлерінің  ара  қатынасын  басшылыққа  алуды  орынды 

162 
 
деп санаймыз. 
 
10-кесте.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға 
арналған  тапсырмалар түлерінің  пайыздық ара қатынасы 
Білу мен түсіну  20% 
Репродуктивтік 
қолдану  20% 
Продуктивтік 
қолдану 45% 
Жүйелеу және 
топтастыру, 
жаңадан ойлап 
жасау 20% 
Ұғымдарды меңгеруі 
...  
Ұғымдармен 
операциялар жасауы   
Ұғымдарды 
салыстыру  
негізінде талдау  
Алған  білімін  сызба, 
диаграмма, 
карта, 
кесте  т.б.  түрінде 
көрсете алуы 
 
Жіктеме жасау … 
Теориялық 
қағидаларға 
үлгілерді іріктеуі 
  
Өмірлік  
жағдаяттарда 
қолдану  оқиғаларын 
таба алуы  
Тақырып 
бойынша 
реферат әзірлеу  
 
 
Белгілер 
мен 
қасиеттері … 
Нысанды  жіктемеде 
бар белгілі бір типке 
жатқыза алуы  
 
Жаңа  жағдаяттарда 
қолдану 
мүмкіндіктерін 
анықтау 
Ғылыми мақала жазу 
 
 
Ақпараттан басты ой 
мен  жанама  ойды 
анықтай алуы 
 
Берілген 
нысандардағы 
белгілер 
мен 
қасиеттерді 
қайта 
толықтыру 
Теориялық 
тапсырмаларды 
шешу  үшін  білімді 
қолдана алуы 
 
Лабораториялық 
сынауларды  сипаттап 
жаза алуы 
 
Түрлі 
 
дерек 
көздерінен  алынған 
ақпараттарды  
белгілеу 
(салыстыру, 
ортақ 
және 
айрықша 
белгілерін анықтау) 
Негізгі 
ақпаратты, 
қайта 
жаңғырту, 
ақпаратты 
толықтыру, кеңейту 
Әртүрлі 
тілдерде 
монологтік 
айтылымдарды 
түрлі  тілде  қайта 
туындату 
(барлық 
пәндер 
бойынша 
эссе жазу) 
 
Өнімнің 
макетін 
әзірлеу 
 
 
Баламалардан белгілі 
бір нұсқаны таңдау 
 
Таныстыру, көрсету 
 
 
12-ші  эксперименталдық  сыныпқа  кредиттік  оқыту  технологиясының 
енгізілуіне  байланысты  ағымдағы  және  қорытынды  бағалау  жоғары  оқу 
орындарында да 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. 
Нақты  пәннің  мазмұнын  ескере  отырып  анықталған  бағалаудың  типтік 
өлшемдеріне  сәйкес  күтілетін  нәтижелер  әр  сабақта  100  балмен  бағаланады.               
Ең  шекті  100  балл  алдын  ала  білу  мен  түсінуге,  репродуктивтік  қолдануға, 
продуктивтік  қолдануға,  жүйелеу  мен  топтастыруға,  ойлап  табуға  бөлінеді 
(таңдауы бойынша 2-3-і нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты 
болады).  
Бағалау  кезінде  мұғалім  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша 

163 
 
бағалаудың жалпы қабылданған шкаласын басшылыққа алады (11-кесте). 
 
11-кесте. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде бағалау  
Пайыздық 
мазмұны 
Балдардың 
сандық 
эквиваленті 
Әріптік 
жүйе 
бойынша 
бағалау  
 
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау 
Емтихан, сараланған сынақ  
Сынақ  
95-100 


Өте жақсы 
Сынақ 
90-94 
3,67 
A- 
85-89 
3,33 
B+ 
Жақсы 
80-84 


75-79 
2,67 
B- 
70-74 
2,33 
C+ 
қанағаттанарлық 
65-69 


60-64 
1,67 
C- 
55-59 
1,33 
D+ 
50-54 


0-49 


қанағаттанарлықсыз 
Сынақ емес 
 
Мектептің  үлгірім  журналдарында  әрбір  сабақта  бағалаудың  0-ден  100-ге 
дейін балдары қойылатын болады.  Үлгірім табелінде тоқсан үшін 100 балдық 
шкала  бойынша  балдар  санының  эквиваленті  болып  табылатын  5  -  «өте 
жақсы», 4 - «жақсы», 3- «қанағаттанарлық», 2- «қанағаттанарлықсыз» дәстүрлі 
бағалары қойылатын болады.      
 
 
 
 
 
 
 
 

164 
 
11  Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері 
 
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  (бұдан  әрі  –  БДМБ)    орта  білім  беру 
ұйымдарын  (шағын  жиынтықты  мектептерден  басқа)  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыруға көшіру көзделген.   
Жан басына нормативтік қаржыландырудың міндеттері: 
– республикадағы мектептерде білім беру процесін іске асыруға мемлекет 
бюджетінің  шығыстарын  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандартының (МЖМБС) бірыңғай талаптарына сәйкес мөлшерлеу
–  Білім  беру  қызметтеріне  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  етуге 
бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.   
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  білім  беру 
процесіне  (МЖМБС-ны  іске  асыруға)  шығыстарды  республикалық  деңгейде 
орталықтандыруға және пилоттық мектептерге бюджет қаражатын бір жылға 1 
оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.  
Бөлінетін  бюджет  қаражатының  көлемі  мектептердегі  оқушылар  санына 
байланысты.  
Білім  беру  процесіне  шығыстар  мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы 
төлеумен,  оқу  шығыстарымен  байланысты  шығындарды,  сондай-ақ 
мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың қызмет нәтижелері мен 
білім беру қызметтерінің сапасы бойынша сыйлықақылар мен ынталандыратын 
үстемеақыларды қамтиды.   
Мектептердің  білім  беру  ортасын  қамтамасыз  ету  бойынша  қызметтер 
(коммуналдық  қызметтер,  ағымдағы  жөндеу  жұмыстары,  ғимаратты  күту, 
оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) аймақтарда 
орта  білім  беру  ұйымдары  желілерінің  жағдайы  мен  дамуына,  материалдық 
базаны  қолдау  және  мектептердің  инфрақұрылымы  үшін    жауапкершілікті 
сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. 
Жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  еңбекақы  төлеудің  жаңа  нысаны 
емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын 
бөлу  тетігі  болып  табылады.  Мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу 
саласындағы  барлық  кепілдіктер  сақталады.  Мектеп  қызметкерлеріне 
еңбекақыны  есептеу  және  төлеу  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік 
бюджет  қаражаты  есебінен  ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне, 
қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  29  желтоқсандағы  №  1400 
қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.  
Білім  беру  процесін  жан  басына  қаржыландыру  нормативінің  мөлшерін 
(яғни 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – 
БҒМ)  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  30  қазандағы  № 
440бұйрығымен  бекітілген  Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру әдістемесінің негізінде бір жылға есептейді.  
 

165 
 
1  оқушыны  оқыту  құны  білім  беру  бағдарламасының  түріне,  деңгейіне 
және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.  
Жан  басына  шаққандағы  нормативті  және  мектептердегі  білім  беру 
процесін  қаржыландырудың  жалпы  көлемін  есептеу  кезінде  БҒМ  мыналарды 
ескереді:   
–  мектеп  қызметкерлеріне  жұмыс  жағдайлары  үшін  төленетін  барлық 
қосымша ақылар мен үстемеақылар;  
–  қалалық  (24  адам)    және  ауылдық  (20  адам)  сыныптардың  нормативтік 
толымдылығы;  
–  сыныптардың  шекті  толымдылығы  (25  адам).  Сыныптардың  шекті 
толымдылығынан тыс оқушыларды оқыту құны азаяды.  
Жан  басына  шаққандағы  нормативтің  мөлшері  мен  жергілікті  атқарушы 
органдарынан сыныптар бойынша оқушылар саны туралы  ұсынылған деректер 
негізінде БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептегі оқушылар 
санына  көбейту  жолымен  әрбір  мектепте  жан  басына  қаржыландыруды  іске 
асыруға    (білім  беру  процесін  қаржыландыруға)    республикалық  бюджет 
қаражатының жалпы көлемін (білімнің деңгейіне, білім беру бағдарламасының 
түріне байланысты) есептеуді жүргізеді.  
Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан 
жүреді»  қағидасының  негізінде  құрылған.  Мектептерде  жан  басына 
нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижесі мыналар болмақ:    
–  оқу  орындары  арасында  бәсекелестік  дамиды,  өйткені  оқушылар  мен 
олардың  ата-аналары  ең  жақсы  мектепті  таңдау  мүмкіндігіне  ие  болады,  ал 
мектепке ақша оқушымен бірге келеді;  
–  білім  беру  процесінің  сапасы  жоғарылайды,  өйткені  оқушылардың 
мектептен  кетіп  қалу  мүмкіндігі  мектеп  әкімшілігі  мен  жергілікті  билік 
органдарын  мектептегі  мұғалімдер  құрамын,  материалдық  базаны  және  оқу 
жағдайын жақсартуға ынталандырады.  
– мектептер арасындағы оқушылар мен жақсы педагогтар үшін талас білім 
беру  сапасынжоғарлатуға  маңызды  талап  болады.  Жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру  жағдайында  мектеп  білім  берудің  сапасын  арттыру  үшін 
мыналарды ұсынады:  
– педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және өзінің біліктілігін арттыруға 
мүмкіндік;  қызметінің  нәтижелері  мен  білім  беру  қызметтерінің  сапа 
көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша  сыйлықақы және үстемеақы алу;   
– оқушыларға: әр түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі  байқауларға 
және  жарыстарға  қатысуға  мүмкіндік;  сапалы  педагогикалық  құраммен,  оқу 
материалдарымен, оқу құрал-жабдықтарымен және жаңартылған материалдық-
техникалық базамен қамтамасыз етілу.   
Мектептер деңгейінде жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан 
өткізуді  ұйымдастыру  және  мониторингілеу  «Қаржы  орталығы»  АҚ-ға 
жүктелді.  
2013  жылғы  1  қыркүйектен  республиканың  4  (Ақтөбе,  Алматы,  Оңтүстік 
Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан  облыстарындағы)  облысындағы  пилоттық  50 
мектептің  негізінде  орта  білім  берудің  жан  басына  нормативтік 

166 
 
қаржыландырылуын сынақтан өткізу басталды.  
2014  жылғы  1  қаңтардан  бастап  сынақ  өткізілетін  мектептер  қатарына  
Ақмола облысынан тағы 13 мектеп қосылды.  
Пилоттық  мектептердегі  оқушылардың  жалпы  контингенті  шамамен  50 
мың адамды құрайды.   
Сондай-ақ,  пилоттық  мектептерде  мектептерді  басқарудың  жаңа 
алқаластық органы ретінде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін сынақтан 
өткізу жүргізілуде (3-қосымша).  
Орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан 
өткізуге  және  кейін  оны  іске  асыруға  дайындау  мақсатында  мынадай 
нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:  
1)  «Білім  беру  ұйымдарындағы  қамқорлық  кеңестердің  жұмыс  істеуін 
сынақтан  өткізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2012  жылғы  27  желтоқсандағы  №  573  бұйрығына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыз № 350); 
2)  «Орта  білім  беруді  жан  басына  қаржыландыру  қағидаларын  бекіту 
туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 
жылғы 30 қазан № 439);  
3) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін 
бекіту  туралы»Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  
бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 440);  
4) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын 
өткізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 
бұйрығы (2013 жылғы 4 қараша № 447); 
5)  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен 
ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың 
қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2014  жылғы  31  мамыр  №  598 
қаулысы;  
6) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан 
өткізу  мәселелері  бойынша  жұмыс  тобын  құру  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2014 жылғы 14 шілдеде 
№ 279). 
Пилоттық  мектептерде  білім  беру  процесін  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру  ҚР  БҒМ  мен  жергілікті  атқарушы  органдарының  арасында 
келісім  жасасу  арқылы  республикалық  бюджеттен  бөлінетін  ағымдағы 
нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.  
2013-2014  оқу  жылы  сынақтан  өткізудің  нәтижесі  бойынша,  пилоттық 
мектептердің  директорлары  педагогтардың  әрбір  оқушыға,  оқыту  сапасын 
жоғарылатуға  мүдделерінің  едәуір  артқанын,  «ұйқыдағы»  мұғалімдердің  
жұмысқа  ынта-ықыласы  оянып,  мұғалімдердің  жеке  және  кәсіптік  тұрғыда 
өсуге ынтасы жоғарылағанын байқаған.   
 

167 
 
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыруды  енгізудің 
басты мақсаты орта білім берудің сапасын жоғарылату болып табылады.  
Бір-ақ  жылда  сынақтан  өткізудің  нәтижелеріне  және  жан  басына 
нормативтік  қаржыландырудың  басты  мақсатына  жету  деңгейіне  дұрыс  баға 
беру  қиын.  Алайда,  сынақтан  өткізудің  аралық  нәтижелерін  талдау  мынадай 
нәтижелер көрсетті.   
Соңғы  оқу  жылы  пилоттық  мектептерде  13%-дан    21%-ға  дейін  өз 
біліктілігін арттырған қызметкерлер қатары көбейді.  
2013-2014 
оқу 
жылы 
пилоттық 
мектептердегі 
педагогикалық 
қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 72,0 мың теңгеден 105,0 мың теңгеге 
дейін, немесе инфляция деңгейін есептемегенде 33,0 мың теңгеге өсті.   
Пилоттық  мектептердегі  балаларды  дамытуға  арналған  үйірмелер  мен 
секциялар  156  бірлікке  көбейді.  Мектеп  үйірмелері  мен  секцияларының 
жұмысына  қатысатын  оқушылардың  қатары  да  оқушылардың  жалпы  санынан 
57% құрады.  
2013-2014  оқу  жылы  пилоттық  мектептерде  оқитын  және  түрлі  байқаулар 
мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, лауреаттары атанған оқушылар 
қатары 17%-дан 22%.-ға дейін артты. 
Жыл  сайынғы  оқушылардың  үлгерімін  бақылаудың  нәтижелері  де 
жақсарды:  орташа  алғанда,  білімнің  барлық  деңгейлері  бойынша  орташа  балл 
54-тен  56-ға  дейін.  Ақмола  облысында  пилоттық  мектептердегі  оқушылар 
үлгерімінің ең жоғарғы орташа балы – 72.  
Соңғы оқу жылындағы ҰБТ-ның орташа балы 71-ден 76-ға дейін көбейді. 
Оның  ішінде,  Ақмола  облысындағы  пилоттық  мектептердің  оқушылары  бұл 
оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Олардың  ҰБТ-дағы орташа балы – 84. 
Жан  басына  нормативтік  қаржыландыруды  іске  асырудың  негізгі 
қиындықтары мыналар:  
1)  мектептердің  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысаны  («мемлекеттік 
мекеме»),  қолданыстағы  еңбекақы  төлеу  жүйесінде  мектеп  қызметкерлерінің 
лауазымдық  еңбекақысының  шекті  мөлшері,  мектептердің  қаржыландырудың 
айлық жоспарын сақтауға тәуелділігі; 
2)  оқу  орындарының  тапшылығы,  мұның  салдары  еңбекақы  төлеу 
бойынша үнемдеуге  әкеледі  және  пилоттық  мектептердің  ағымдағы  нысаналы 
трансферттерді игеруі кезінде қиындықтар тудырады
3) пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналытрансферттерді жоспарлауы 
және  жұмсауы  барысында  жан  басына  қаржыландыруды  іске  асыру 
процестерін қосымша реттеу қажеттілігі; 
4)  пилоттық  мектептердің  білім  беру  процесіне  шығыстар  тізбесін 
кеңейтужәнеоғанмектептердіңтолыққандыжұмысістеуі 
мен 
жабдықталуынқамтамасызетумен байланысты шығыстарды енгізу қажеттілігі; 
5)  мектеп  директорларының  басқару  білімінің  және  іскерлік  пен 
дағдысының,  мектеп  бухгалтерлерінің  бюджеттік  заңнама  бойынша  білімінің 
жетіспеушілігі; 
6)  мектептерде  қамқоршылық  кеңестерінің  жұмысы,  ағымдағы  нысаналы 
трансферттердің жұмсалу процесі жеткілікті деңгейде ашық емес

168 
 
7)  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  шарттарының  бұзылуы:   
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы  бұзу,    республика  бюджетінің 
қаражатын мақсатқа сай пайдаланылмаужағдайлары бар. 
Жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  тетігінің  нәтижелілігін  арттыру 
бойынша мәселелерді қараумен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан 
арнайы құрылған Жұмыс тобы айналысады.  
2015 
жылы 
орта 
білім 
берудің 
жан 
басына 
нормативтік 
қаржыландырылуын сынақтан өткізу 63 пилоттық мектепте жалғастырылмақ.  
 
 
 
 
 

169 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет