Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1302000 автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) Біліктіліктер



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата06.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.Автоматты  реттеу  теориясының  негіздерін,  автоматты  реттеу  жүйесін 

55
талдауды, реттеуді және есептеуді білу.
2.Метрология негіздерін, электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу 
әдістерін, өлшеу нәтижелерін талдау әдістерін білу.
3. Өлшеу жүйелерінің аспаптарды жұмысының  қағидалары мен негізгі түрлерін 
білу/ Өлшеу жүйелері аспаптарының жұмыс  қағидалары мен негізгі түрлерін білу
4.Технологиялық параметрлерді өлшеу аспаптарын жинай алу, жиынтықта 
аспаптардың  түйіндесу әдістерін және өлшеу тізбектерін есептеу әдістерін 
білу.
5.Автоматты реттеу жүйесін құрауда қолданылатын автоматтандыру құрал-
дарының  тағайындалуын  түсіну,  өнеркәсіптің  шығаратын  автоматтандыру 
құралдарының номенклатурасы мен түрлерін білу.
Модуль мазмұны
1.Автоматты  реттеу  теориясы  негіздерін,  автоматты  реттеу  жүйесін 
құру негіздерін талдауды және есептеуді білу
Реттеу нысандарының жіктелуі: сызықтық және сызықтық емес, статисти-
калық  және  астатистикалық,  үздіксіз  және  дискретті.  Реттеу  нысандарына 
әсер ететін қарсылықтар/: ішкі және сыртқы, үздіксіз және кезеңдік, өлше-
нетін және өлшенбейтін. Кешігетін және кешікпейтін нысандар. 
Басқару нысандарының статистикалық және динамикалық сипаттамаасы,  
жылдамдықты  үдету  қисығы.  Реттеу  нысандарының  кіріс  және  шығу  бел-
гілері. Туынды теңдеулермен нысанның динамикалық қасиеттерін сипаттау, 
туынды теңдеулер ретін анықтау. Лаплас түрленуі. 
Беріліс функция  түсінігі. Автоматты реттеудің тұйық және ажыратылған  
жүйесі. Автоматты реттеу жүйесінің құрама бөлшектері: автоматты реттегіш 
және реттеу объектісі. 
Автоматты түрде реттеудің тұйық  жүйесінің функционалдық-құрылымдық 
сұлбасы, оның элементтері: есептер жинағы, жинақ құрылғысы, функционал-
дық құрылғы, орындаушы механизм, реттеуші орган,  датчик. Типтік динами-
калық буындар түсінігі, олардың қасиеттері, негізгі көрсеткіштері  мен сипат-
тамалары. Жиілік сипаттамалар түсінігі: амплитудалы-жиілік, фазожиіліктік, 
амплитудалы-фазалық, логарифмдік. Годограф. 
Динамикалық буындардың жиілік сипаттамалары. Реттеудің үлгілік заңда-
ры: пропорционалды (П), интегралды (И), пропорционалды-интегралды (ПИ),  
пропорционалды-интегралды-туынды  (ПИД),    олардың  артықшылықтары 
мен кемшіліктері, реттеу жүйесіндегі тасымалдау амалдары, автоматты түрде 
реттеу жүйесіне реттеу заңдарын таңдау. 
Реттеуіштің күйге келтіру параметрлерін есептеу. Автоматты  реттеудің тұй-
ық және ажыратылған  жүйесінің /беріліс функциялары. Теңдеу сипаттамасы.  
Автоматты түрде реттеу жүйесінің жиілік сипаттамалары. Реттеудің сапасын 
тура және жанама бағалау. Реттеудің сызықты жүйесінің тұрақтылығы түсіні-
гі. Гурвицтің, Михайловтің, Найквисттің тұрақтылық критерилері.
2. Метрология негіздерін, электрлік және электрілік емес шамаларды 
өлшеу әдістерін, өлшеу нәтижелерін талдау әдістерін білу
Метрология және оның мақсатының негізгі түсініктері мен анықтамалары. 

56
Ақпаратты тасымалдау  құралы ретінде белгі түсінігі.Сигналдық физикалық 
табиғаты. Өлшеу шамаларының өлшеу бірліктері мен әріппен белгіленуі. Өл-
шенетін параметрлер туралы ақпаратты алу әдістері. 
Сигналдарды өлшеу әдістері, алғашқы өлшеу түрлендіргіші ұғымы, өлшеу 
аспабы  ұғымы. Электрлік өлшеу тізбектері. Метрологиялық стандарттар не-
гізінде талап етілетін өлшеу дәлдігі мен ақиқаттылыққа жету әдістері; өлшеу 
нәтижелерін талдау әдістері.
Өлшеу құралдары және олардың метрологиялық сипаттамалары. Қателік 
түрлері- динамикалық және статистикалық, абсолютті, салыстырмалы, кел-
тірілген. 
3. Өлшеу жүйелері аспаптарының жұмыс  қағидалары мен негізгі түр-
лерін білу
Негізгі түрлері, құру негіздері, жұмыс істеу принциптері мен сипатта-
малары,  өлшем тізбегіндегі белгілерді өлшем түрлендіруіштерін  қосу 
сызбасы,  өлшеу түрлендіргіштер үшін қуат көздері және  энергия түр-
лері. 
Электрлік өлшеу тізбектерін есептеу, өлшеу аспаптары мен өлшеу тізбектерінің 
электронды сұлбаларын талдау. Өлшеу түрлендіргішінің қоректендіру сұлбасы, 
талдау, құрастыру және есептеу. Өлшеу аспатары және электрлік өлшеу. 
Кеңейту термометрлері, кедергі термотүрлендіргіштер, термоэлектрлік түр-
лендіргіштер, термистрлар, пирометрлер. Қысымды және қысым айырымын 
өлшейтін  сұйықтық,  серіппелі,  мембраналық,  сильфонды,  деформациялық 
аспаптар.  Заттың  мөлшері  мен  шығынын  қысымды  ауыспалы  тасымалдау 
әдісімен өлшеу аспаптары, индукциялық шығын өлшеуіштер және тахометр-
лік, есептеуіштер және көлемдік шығын өлшеуіштер. 
Гидростатикалық,    қалтқылы,  буйкті,  акустикалық,  ультрадыбыстық, 
көлемдік, толқындық деңгей өлшегіштер. Заттардың физика-химиялық қа-
сиеттерін өлшеу аспаптары: ауа мен ылғалдылықты,  қатты және сусыма-
лы заттар,  ауаның шаңдануын, тығыздықты, тұтқырлығын,  сұйық орта-
лардың электрөткізгіштігін, химиялық құрамын, концентрациясын  өлшеу 
аспаптары. 
Шкаласыз аспаптар және өлшеу ақпаратын көрсету әдістері: көрсететін 
ұқсас шкалалы және тіркейтін екіншілік аспаптар, ақпараттар көрсететін 
кешендер.    Активті  кедергі  датчиктері:  реостаттар,  көмір,  тензомерлік 
және т.б.  Сызықтық және бұрыштық ауыстырудың электормагниттік дат-
чиктер: индуктивті, трансформаторлық. Пьезоэлектрлік, магниттік серпін-
ді датчиктер.
 
4. Технологиялық параметрлерді өлшеу үшін аспаптарды жиынтықтай 
алу, жиынтықта аспаптардың  ұштасу әдістерін және өлшеу тізбектерін 
есептеу әдістерін білу
Сигналдар түрлері: электрлі, пневматикалық, гидравликалық, үздіксіз және 
дискреттік,  импульстік,  табиғи  және  бірегейлендірілген,  олардың  параме-
трлері, өлшеу  ауқымы  және өлшеу,  тасымалдау  әдістері,сақтау,  көрсетулер, 
көзбен  шолулар.  Сигналдарды  арақашықтықтық  тасымалдау.  Сигналдарды 
түрлендіру  ұғымы:  біріншілік,  өлшемдік,  тасымалдаушы,  нормалаушы,  кү-

57
шейткіш, тұрақтандырғыш, трансформатор, түзеткіш, сүзбе, көбейткіш, ком-
паратор,  инвертор,  жиілікті  түрлендіргіші,  аналогты-сандық  түрлендіргіш, 
сандық-аналогты түрлендіргіш. 
Әр  түрлі  физикалық  шамалар  үшін  біріншілік  өлшеу  түрлендіргішті 
таңдау. Электрлік белгілермен аспаптардың түйіндесі тәсілдері және түй-
індесетін тізбектерді есептеу әдістері. Тұрақты және айнымалы тоқ тізбек-
тері үшін электротехниканың негізгі заңдары. Электромагнитті тізбектер 
және  түрлендіргіштер.  Аспаптардың  жиынтықталуы  –  датчик-екіншілік 
аспап, датчик-өлшеу түрлендіргіші, датчик-нормалаушы түрлендіргіш. Бір 
құрылғыда  өлшеу  ақпаратын  алу,  түрлендіру  және  көрсету  қызметтерін 
қоса атқару ұғымы. Талап етілетін метрологиялық сипаттамаларға сәйкес  
технико-экономикалық  көрсеткіштері  бойынша  тиімді  жиынтықты  мүм-
кін болатындар арасынан таңдау. Өлшеу аспаптарының орналасқан жерін 
анықтау және қалқан мен  технологиялық нысанда (орыны бойынша) көр-
сету.
5. Автоматты реттеу жүйесін құруда қолданылатын автоматтандыру 
құралдарының міндеттерін түсіну, өнеркәсіп шығаратын автоматтанды-
ру құралдарының номенклатурасы мен түрлерін білу
Технологиялық  параметрлердің  датчиктері  мен  сигнализаторлары  (реле). 
Реттеуіштер: позициялық, тік іс әрекетті, аналогты, релелік, сандық (микро-
процессорлық). Реттейтін параметрлерді енгізу тәсілдері: физикалық, бағдар-
ламалық.
Жетектер (атқарушы механизмдер): электрлі, пневматикалық, гидравлика-
лық, тұрақты және айнымалы токтың; синхрондық және асинхронды, жыл-
дамдық  жетекті,  қадамды  қозғалтқыштар,  олардың  құрылғылары  және  жұ-
мыс  істеу  принциптері.    Реле  және  қосқыштар:  қатты  денелі  және  электр-
магнитті. Басқару және қорғау аппаратуралары: басқару тізбегін ауыстырып 
қосқыштар, батырмалы бекеттер, ауыстырып қосқыштар, ажыратқыштар, ав-
томатты ажыратқыштар, сақтандырғыштар, жылулық реле. Жарықтық және 
дыбыстық сигналдаудың  элементтері.

58
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтаған-
нан кейінгі білім алушының оқы-
ту нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 Автоматты реттеу теориясы-
ның негіздерін, автоматты  реттеу 
жүйесін құру негіздерін, есептеу 
және талдай білу
1.1. Реттеу нысандарына сипаттама 
беру, объектіге әсер ететін ұйытқу-
ларды атау.
1.2. Тәжірибелі жолмен нысанның 
жылдамдығын үдету қисығын алуды 
түсіндіру
1.3. Беріліс функциясын жазу және 
объектінің беріліс  коэффициентін, 
уақыт тұрақтылығын, екпін қисығы 
бойынша кешігуді анықтау.
1.4.Автоматтандырылған элемент-
тердің жалпы сипаттамаларын түсін-
діру, олардың беріліс функцияларын 
жазу.
1.5.Буындар мен жүйелердің жиілік 
сипаттамаларын құрау.
1.6.Автоматты реттеу жүйесінің 
функциялық–құрылымдық сызбасын 
жасау.
1.7. Реттеу жүйесіне реттеуішті 
таңдау. Әр түрлі типті реттеуіштердің 
салыстырмалы сипаттамаларын жүр-
гізу.
1.8. Реттеуіштерді баптауды есептеу.
1.9. Реттеу сапасын бағалау.
1.10.Реттеудің тұйық жүйесін 
тұрақтылыққа/беріктікке талдау. 
1.11. Бақылау контурын жасауда және 
үрдістің көрсеткіштерін реттеуде 
реттеу жүйесін есептеу бойынша 
алынған білімдерді қолдану

59
ОН2 Метрология негіздерін, электр-
лік және эелектрілік емес шамалар-
ды өлшеу әдістерін, өлшеу нәтиже-
лерін талдау әдістерін білу
2.1. Өлшеу құралдарын көрсеткіштер 
мен шамаларды өлшеу үшін таңдау 
барысында  олардың метрологиялық 
сипаттамаларын бағалау. 
2.2.Электрлік және электрлік емес 
шамаларды өлшеуге арналған аспап-
тардың іс әрекет қағидаларын/жұмыс 
істеу принциптерін, олардың тағай-
ындалуын және  тәжірибеде қолда-
нылуын түсіну.
2.3. өлшеу әдістерін, өлшеу нәтиже-
лерін талдау әдістерін орындау.
2.4. Өлшенетін шаманың неғұрлым 
дұрыс көрсеткішін анықтау.
2.5.Абсолютті статистикалық, салы-
стырмалы және келтірілген ауытқу-
ларды/қателіктерді анықтау.
ОН3 Өлшеу жүйелерінің аспаптары 
жұмысының  қағидалары мен негіз-
гі түрлерін білу.
3.1. Физикалық шаманы өлшеуге ар-
налған біріншілік өлшеу түрленгішін 
таңдау жүргізу.
3.2. Өлшеу аспабын жұмыс істеу 
үшін қосу.
3.3.Өлшеу түрлендіргіштерінің ста-
тистикалық сипаттамаларын түсіру 
және талау. 
3.4. Аспаптарды баптау 
ОН4 Технологиялық параметрлерді 
өлшеу үшін аспаптарды жиын-
тықтай алу, жиынтықта аспаптар-
дың  ұштасу әдістерін және өлшеу 
тізбектерін есептеу әдістерін білу.
4.1.Өлшеу үшін аспаптар жиын-
тығын таңдау жүргізу.
4.2.Өлшеу контурында аспаптардың 
түйісуін түсіндіру. 
4.3.Өлшеу сызбасының/сұлбасының 
қуат көзін таңдау жүргізу.
4.4.Өлшеу сызбасын және аспаптар-
ды түйістіру сызбасын есептеу.
4.5.Өлшенетін жиынтықты аспапты 
таңдау барысында оның нысанда 
және өлшеу қалқанында орналасу 
жерін есепке алу.
4.6. Екінші реттік  аспаптарды бап-
тау. 
4.7.Өлшеу нәтижелерін көрсету үшін 
көзбен көру құралдарын қолдану.

60
ОН5 Автоматты реттеу жүйесін 
құрауда қолданылатын автоматтау 
құралдарының міндеттерін түсіну, 
өнеркәсіпте шығаратын автоматтан-
дыру құралдарының номенклатура-
сы мен түрлерін білу.
5.1. Шығу белгісінің/сигналының та-
лап етілетін көрсеткіштеріне байла-
нысты тетіктерді/датчиктерді таңдау.
5.2 Басқарушы белгінің талап 
етілетін түріне реттеуіштерді таңдау.
5.3 Реттеуіштің типіне байланысты 
талап етілетін көрсеткіштерді/пара-
метрлерді тапсыруды түсіндіру. 
5.4. Реттеу  жүйесіндегі жетектің 
типін қолдануды түсіндіру.
5.5. Жетектердің сипаттамасы мен 
оларды іс әрекеттері қағидаларын 
білу.
5.6.Реле және қосқыштың жұмыс 
қағидалары  мен тағайындалуын 
түсіндіру, оларды реттеу жүйесіне 
таңдау жүргізу.
5.7 Тартпалармен басқару мақсатын-
да басқару және қорғау аппаратура-
ларын қолдану.
КМ.07 «Жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, нәтижелерді бағалау»
Мақсаты және міндеті
Берілген модуль білім алушылардың  өндірістік кәсіпорынның құрылымын 
негізгі қағидалармен тиімді   құруды, басқару әдістерін және бірінші реттік 
еңбек ұжымы-учаске, бригада жұмысын жоспарлауды таныстырады.
Модульге кіріспе 
Кәсіпорын,  жеке  құрылымдық  бөлімшелерден  тұратын,  осы  жүйенің  да-
муын қамтамсыз ететін, біртұтас экономикалық жүйе болып табылады. Зама-
науи кәсіпорындар құрамына өндірістік бөлімшелер мен цех, учаске кешені, 
кәсіпорын жұмысшыларына қызмет көрсету бойынша ұйымдар мен басқару 
органдары кіреді. 
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелер құрамы, олардың саны, және олар-
дың арасындағы  өндірістік аудандарының көлемі  жағынан өзара қатынасы, 
қызметкерлер саны және өткізу қабілеттері кәсіпорынның жалпы құрылымын 
сипаттайды. 
Модульдің  бірінші  бөлімінде  білім  алушылар  кәсіпорынның  өндірістік 
құрылымының негізгі элементтерімен, өндірістік үрдісті ұйымдастыру қағида-
ларымен, жұмыс орындардағы еңбекті ұйымдастыру бағыттарымен танысады.   
Кәсіпорынның қосалқы қызметінің (энергошаруашылық, БӨҚжА қызметі) 
жұмысын  жоспарлау  жоспарлы-сақтандыру  жөндеу  жүйесінде  негізделген.  
Кез  келген  кәсіпорынның  нәтижелі  жұмысының  шарттарын  бірі  жөндеу 
жұмыстарын  орындауда  жөнделген  механизімінің  болуы  болып  табылады. 
Өнімнің өзіндік бағасында жабдықты бабында ұстау, қызмет көрсету, жөн-

61
деу шығындарың меншікті салмағы неғұрлым аз болса, өндірістің тиімділігі 
соғұрлым жоғары болады. 
Модульдің екінші бөлімінде білім алушылар жоспарлы-сақтандыру жөн-
деу жүйесі ұғымы негіздерімен танысуы қажет, өндірістік учаскеде жұмысын 
жоспарлау үшін жүйе нормативтерін қолдануды үйренуі керек немесе норма-
тивті-анықтама әдебиеттерін қолданулары қажет.
Модульдің қорытынды бөлімінде оқушылар жұмыс орындардағы еңбекті 
нормалауды ұйымдастыру мен нормалаудың негізгі әдістерімен, жұмыс уақы-
ты шығынын оқу тәсілдерімен, сондай –ақ еңбекақы төлеудің заманауи түр-
лерімен танысуы қажет.
Оқыту нәтижелері 
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрудың негізгі қағидаларын білу.
2. Жөндеу, қызмет көрсету, баптаудың жоспар-кестесін құра білу.
3. Уақыт  және қызмет көрсету нормаларын есептей білу.
4. Әр түрлі түрде және жүйелерде  еңбекақы төлеуді есептеу әдістерін білу. 
Еңбекке қатысу бірлігін (ЕҚБ)  пайдаланып бригадада еңбекақыны үлестіре алу.
Модуль мазмұны
1. Өндірістік кәсіпорынның құрылымын құрастырудың негізгі қағи-
даларын білу
Кәсіпорынның  өндірістік  құрылымы  түсінігіне  оны  құрайтын  учаскелер, 
цехтар және кызметтер, өнімді өндіру үрдісінде олардың өзара байланыс түр-
лері  кіреді.  Кәсіпорынның  өндірістік  құрылымында  негізгі  элемент  болып 
жұмыс орындар, аумақтар, шеберханалар саналады.
Кәсіпорын  жұмысының  соңғы  нәтижелері  жұмыс  орынның  ұйымдасты-
рылу  деңгейіне,  олардың  санының  дәлелді  анықталуы  және  маманданды-
рылуына, уақыт бойынша жұмыс істеу келісіміне, өндірістік аудандағы тиімді 
орынына айтарлықтай тәуелді. 
Еңбек өнімділігі өсуінің негізгі факторлар нақты жұмыс орын деңгейінде 
қолданылады. Жұмыс орындары учаскелерге бірігеді.
Өндірістік аумақтар егжей-тегжейлі және технологиялық мамандандыры-
лады. Өндірістік учаскені шебер (мастер) басқарады. Аумақтар өзара тұрақты 
технологиялық байланыстармен байланысады, шеберханаларға біріктіріледі. 
Цех  белгілі  бір  өндірістік  және  шаруашылық  дербестігімен  бөлінеді.  Әр 
шеберхана басқарушы заводтан орындалатын жұмыс көлемін белгілейтін, са-
палық көрсеткіштер және жоспарланған жұмыс көлеміне шектеулі  жұмсау-
лар бірдей жоспарлы тапсырма алады.
Өндірістік процесс – шикізат мен материалдарды тапсырылған саны, сапа-
сы, түрлері және белгіленген уақытта дайын өнімге айналдыруға бағытталған 
еңбектің жеке үрдістерінің жиынтығы болып табылады. 
2. Жөндеу, қызмет көрсету, баптаудың жоспар-кестесін құруды білу
Кәсіпорынның  қызметінің  жақсару  факторларының  бірі    өндірістік 
құрылымды жетілдіру болып табылады. Жөндеу шаруашылығы қызметінің 

62
негізгі  міндеті  жабдықтарды  сонымен  қоса  автоматика  құралдары  үзіліссіз 
пайдалануды  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Кәсіпорынды  басқару  жүй-
есінде жөндеу шаруашылығының қызметі бас инженерге бағынады. 
Жоспарлы-сақтандыру  жөндеу  жүйесі  –жабдықтарды  неғұрлым  тиімді 
пайдалануды ұйымдастыру мақсатында алдын ала құрылған жоспар бойын-
ша  жүргізілетін  қондырғыларды  жөндеу  және  техникалық  күтім  бойынша 
әр  түрлі  жұмыстар  жиынтығы.  Қызметкерлердің  қажеттілігін  есептеу  үшін 
оқушылар жұмыс уақытының балансын есептеу әдісімен танысады, жұмыс 
уақытының бастапқы және тиімді қорын анықтайды. 
Қатысу құрамы- белгіленген уақытта тапсырманы орындау үшін күнделік-
ті  жұмысқа  келуге  қажетті  жұмыскерлер  минималды  саны.    Тізімдік  -  бұл 
кәсіпорында есептелінетін қазіргі уақытта жұмысты атқарып жатқан, кезекті 
демалыстағы, іссапардағы, ауырып қалуына бойынша немесе басқа да да се-
бептер бойынша келмейтін барлық тұрақты және уақытша жұмыскерлер.
3. Уақыт  және қызмет көрсетудің нормаларын есептей білу
Еңбекті нормалау үшін нормативтер және бірыңғай (типтік) нормалар қол-
данылады. Кәсіпорында уақыт, өндіру, кызмет көрсету, басқару  нормалары 
сондай – ақ тапсырмаларды нормалау есептелінеді және бекітіледі. 
Жұмысты нормалау әдістері: тәжірибелік- статистикалық және аналитика-
лық. Аналитикалық әдіс бойынша жұмыс уақытын жұмсауды оқудың негізгі  
әдістеріне: хронометраж, жұмыс күнінің фотосуреті, фотохронометраж жа-
тады.  Хронометраж, жұмыс күнінің фотосуретін жүргізудің қорытындысы 
еңбек нормаларын бекіту және жұмыс уақыты
 
шығынын жою бойынша іс ша-
ралар жасау, еңбек /нормасын бекіту болып табылады.  
4.  Тарифсіз  жүйе  бойынша  еңбекақыны  төлеуді  есептеу  әдістерін 
білу. Еңбекке қатысу бірлігін (ЕҚБ) қолданып  бригадада еңбекақыны 
үлестіре алу.
Еңбекті материалдық ынталандыру жүйесіне еңбек ақы, ақшалай
 
сыйақы 
жатады.  Кейде  материалдық  ынталандыру  құралы  ретінде  жұмыскерлердің 
кәсіпорын кірісіне қатысу жүйесі қолданылады. Еңбек ақы - бұл жұмыскер 
еңбегінің соңғы нәтижесі үшін оның сыйақысы. Еңбекақы функциясы: ұдайы 
өндірістік, ынталандырушы, әлеуметтік.
Кәсіпорынның тарифтік жүйесі – бұл еңбек шарттарына, қарқындылығы-
на, күрделілігіне байланысты еңбек ақыны саралап қамтамасыз ететін норма-
лар мен нормативтер жиынтығы.
Тарифтік жүйенің элементтері:
-  тарифтік- біліктіліктік анықтамалықтар;
-  1 разрядты тарифтік жүктемелер;
-  тарифтік кестелер;
-  еңбектің қалыпты шарттарынан ауытқуы үшін үстемақылар және қо-
сымша төлемдер.
Еңбекақыны төлеудің негізгі түрлері: кесімді және уақытына қарай. Еңбекақы-
ны  төлеудің  тарифсіз  жүйесі  кезінде  жұмыскердің  төлемақысы  кәсіпорынның 
қызметінің нәтижесіне байланысты құралған еңбекақының ұжымдық қорындағы 
оның үлесін көрсетеді. Бұл жүйе нарықты экономика жағдайында едәуір тиімді.

63
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы  модульді  табысты  аяқтаған-
нан кейінгі білім алушының оқыту 
нәтижелері
Бағалау критерийі
Білім алушы міндеттері
ОН1 
Кәсіпорынның 
өндірістік 
құрылымын  құрудың  негізгі  қағида-
ларын білу.
1.1 Өндірістік құрылымды және өн-
дірістік  процесті  құру  элементтері 
мен қағидаларын анықтау.
1.2  Өндірістік  құрылымға  және  өн-
дірістік  үрдіске  ішкі  және  сыртқы 
факторлардың ықпалын түсіндіру. 
1.3  Өндірістік  құрылымның  тиімді 
құрылуы мысалын кесте түрінде көр-
сете алу.
ОН2  Жөндеу, қызмет көрсету, баптау 
жоспар-кестесін құра білу.
2.1 Жоспарлы – сақтандыру жөндеу-
лер  жүйесінің  негізгі  нормативтерін 
білу.
2.2  Жұмыстың  жоспар-кестесін 
құрау,  еңбек  көлемін  және  қызмет-
керлер санын   есептей білу.
2.3  Жоспарлы  –  сақтандыру  жөнде-
улер  жүйесі  бойынша  нормативті-а-
нықтама әдебиеттерін қолдана алу. 
ОН3 Уақыт  және қызмет көрсетудің 
нормаларын есептей білу.
3.1  Жұмыс  күнінің  хронометражы 
мен фотосуретін жасай алу.
3.2 Аспаптарға кызмет көрсету және 
жөндеу  уақытының  нормаларын 
есептей алу.
ОН4  Әр  түрлі  нысанда  және  жүйе-
лерде еңбекақы төлемін есептеу әді-
стерін білу. Еңбекке қатысу коэффи-
циентін (ЕҚБ) қолданумен бригадада 
еңбекақыны үлестіре алу.
4.1 Әр түрлі тәртіп және жүйе бойын-
ша еңбекақыны төлеуді есептей алу
4.2  Еңбекке  қатысу  коэффициентін 
есептей алу.
КМ.08 «Автоматтандырылған басқарудың микропроцессорлық жүйе-
лерін жобалау»
Мақсаты және міндеті
Модульді  оқытудың  мақсаты  студенттің  бағдарламаланатын  логикалық 
контроллерлер (БЛК) негізіндегі технологиялық үдерістерді басқарудың ав-
томаттандырылған жүйелерін жобалау негізінде білімі, біліктілігі мен дағды-
сын қалыптастыру болып табылады. 
Модульге кіріспе
Аталған модуль білім алушыларға автоматтандырылған микропроцессор-
лық жүйелер мен кешендерді жобалау міндеттері мен техникасын түсіндіреді. 
Заманауи технологиялық үдерістерді және өндірісті басқару жүйелері са-

64
тылық қағида бойынша құрылады, мұнда басқару жүйесіндегі әрбір деңгей 
жоғары  тұрған  деңгейге  бағынышты  болады.  Осындай  құрылым  бағдарла-
малық  жабдықтама  мен  компьютерлік  микропроцессорлық  техниканың  да-
муымен байланысты маңызды және мүмкін болып отыр. ТҮ АБЖ сатылық 
қағида  құрылым  бағдарламаланатын  логикалық  контроллерлерді,  басқару 
бағдарламаларын әзірлеуді, жүйе деңгейлері арасында ақпарат беруді қара-
стырады. 
Модульде  технологиялық  үдерістерді  таратылған  басқару  жүйесінің 
құрылымы (Distributed Control System - DCS) қарастырылады, мұнда дерек-
терді өңдеу, басқару және есептеу төмен деңгейдегі өнеркәсіптік контроллер 
арасында бөлінген; олар өз учаскелеріндегі басқаруға жауапты болады; жүйе 
элементтері  арасындағы  ақпарат  алмасуға  қатысатын  өнеркәсіптік  желілер 
мен интерфейстер түрлері қарастырылады, оларды параметрлері мен жүзеге 
асыру әдістері қаралады. 
Модуль құрамында таратылған басқару жүйелерін пайдалану және қызмет 
көрсету саласындағы білікті мамандарды дайындау үшін қолданылатын өнер-
кәсіптік бағдарламаланатын контроллерлер туралы ақпарат болады. 
Модуль  тарату  жүйелерінің  барлық  құрылымдық  сызбалары  үшін  та-
лап  етілетін  техникалық-экономикалық  сипаттамаларын  талдау  негізінде 
құрылымдық  сызбаларды  құрастырудың  тәжірибелік  дағдыларын  қалыпа-
стырады. Білім алушы бағдарламаланатын логикалық контроллерлерді (БЛК) 
пайдаланып таратылатын басқару жүйелерін ұйымдастыру бойынша шешім 
қабылдау, таратылатын басқару жүйелерін жүзеге асыруға арналған жобалық 
құжаттаманы құрастыру мен ресімдеу, оның ішінде функционалдық ақпарат-
тандыру сызбалары және принциптік
 
электрлік сызбалар бойынша тәжірибе 
жинақтайды, электрлік механизмдер мен пневматиканы басқару, реттеу және 
дабылдама,  ұстанымдық  қорек,  монтаждау  сызбалары  мен  қалқандардың 
жалпы  түрлерінің  сызбалары,  электрлік  және  құбырлық  сымдарды  сыртқы 
жалғау сызбаларын үйренеді. 
Модуль AutoCAD және/немесе КОМПАС графиктік редакторларын және 
Microsoft  Office  жинағын  «Бақылау  және  автоматтандыру  жүйелерін  жоба-
лау»  модулін  зерттеу  барысында  алынған  жобалық  құжаттаманы  дайындау 
үшін пайдалануға негізделеді.  
Модуль металлургия, электр энергетика және басқа да өнеркәсіп салала-
рындағы циклдық және үздіксіз-циклдық технологиялық үдерістерді басқару 
жүйелерін дайындау, қызмет көрсету және пайдалану үдерістерімен айналы-
сатын мамандарды дайындау үшін пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет