Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Параграф 2. Келіп түскен және шығарылған мұрағаттық құжаттарды есепке алу тәртібі



Pdf көрінісі
бет10/43
Дата06.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#8384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

Параграф 2. Келіп түскен және шығарылған мұрағаттық құжаттарды есепке алу тәртібі

262. Мұрағатқа келіп түскен мұрағаттық құжаттарды есепке алу төмендегілер негізінде жүзеге асырылады:

1) құжаттарды сақтауға қабылдау-тапсыру актісі;

2) жеке тектік мұрағаттық құжаттарды сақтауға қабылдау актісі. 

Мұрағаттық құжаттар осы Қағидалардың 268-тармағында ескерілген іс-әрекеттердің қорытындысы бойын-

ша да есепке алынады.

263. Мұрағатқа қабылданған барлық мұрағаттық құжаттар қабылданған құжаттарды есепке алу кітапшасына 

енгізіледі. Мұрағатқа бірінші рет қабылданған мұрағат қорын, біріккен мұрағат қоры, мұрағаттық коллекциялар қор 

тізіміне енгізіледі, оған қор парағы толтырылады, қор парағы бойынша карточка және қор ісі жүргізіледі. Дыбыс-

бейнелік құжаттардың қор жинағы ұйымдастырылмаған жағдайда кинофотобейнеқұжаттарға және фоноқұжаттарға 

есепке алу парақтары толтырылады. Бірінші қабылданған істер, құжаттар тізімдемесі істер, құжаттар тізімдемесінің 

тізіліміне есепке алынады.

Тиісті есепке алу мәліметтері белгіленген тәртіппен ДБ-да есепке алынады. 

264. Мұрағаттан мұрағаттық құжаттарды шығарып тастау мыналар негізінде:

1) сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт;

2) құжаттардың қайта қалпына келмейтіндей етіп зақымданғаны туралы акт;

3) құжаттарды сақтауға қабылдау-тапсыру туралы акт;

4) іздеуі аяқталған, жолымен, құжаттың табылмағандығы туралы акт;

5) мұрағаттық құжаттарды иесіне қайтару актісі;

6) сақ. бір., құжаттардың түпнұсқасын шығару туралы акт осы Қағидалардың 55-қосымшасына сәйкес 

жүзеге асырылады.

Мұрағаттық құжаттар мұрағатта жүргізілген жұмыстардың жекелеген түрлерін жүргізу нәтижесінде де осы 

Қағидалардың 267-тармағында көзделген есептен алынады.

265. Қажетті өзгерістер мұрағаттың негізгі (міндетті) және қосалқы есепке алу құжаттарына енгізіледі. Бұл ретте:

1) барлық құжаттар, істер тізімдемесінің мұрағаттық құжаттары шығарылып қалғанда, олардың нөмірі басқа 

құжаттар, істер тізімдемесіне берілмей бос қалады;

2) тізімдеме тізілімінде тиісті белгі жасалады;

3) мұрағаттық қордың қор тізімінен шығып қалғанда «Шығу белгісі» бөлігіне шыққандығы туралы белгі 

қойылады, мұрағат қорының қайда шығарылғандығы, ненің негізінде шығарылғандығы туралы акт көрсетіледі.

266. Мұрағаттық қор бір мұрағаттан екінші мұрағатқа берілген жағдайда құжаттар, істер тізімдемесінің және 

қор ісінің 3 данасы беріледі. Құжаттар, істер тізімдемесінің көшірмесі тапсырушыда қалады және құжаттарды 

қабылдау-тапсыру актісіне қосымша ретінде тапсырушы мұрағаттың мұрағат қорына қосылады.

267. Мұрағат қорының барлық құжаттары жоюға бөлінген жағдайда құжаттар, істер тізімдемесінің және қор 

парағының бір данасы қор ісіне орналастырылады. Қор ісі мұрағаттың мұрағат қорына қосылады.

268. Мұрағаттағы мұрағат құжаттарының саны мыналар нәтижесінде:

1) есепке алу құжаттарын салыстырудың нәтижесінде, егер сақтаудағы мұрағаттық құжаттарды санау кезінде 

қателер анықталған болса;

2) мұрағаттық құжаттардың бар болуын және жай-күйін тексеру барысында есепке алынбай қалған сақ. бір./

ес. бір. болған жағдайда;

3) мұрағаттық құжаттарды қайта өңдеуден өткізу кезінде бір іс бірнеше істерге бөлінген жағдайда;

4) мұрағаттық құжаттарды бейнелеу, құжаттар, істер тізімдемесін қайта жасау барысында сақ. бір./ес. бір. 

бірігуі немесе бөлектенуі мүмкін жағдайда өзгереді.

269. Көрсетілген жұмыстардың нәтижесі бойынша есепке алу құжаттары мен ДБ-на өзгеріс енгізу үшін негіз 

мыналар:


1) есепке алу құжаттарындағы техникалық қателіктер туралы акт;

2) белгілі бір мұрағатқа, мұрағаттық қорға жатпайтын, ескерілмеген және тағы басқа құжаттар табылғандығы 

туралы акт;

3) осы Қағидалардың 56-қосымшасына сәйкес іске жаңа құжаттың қосылғандығы туралы, істердің бөлінгендігі, 

біріккендігі туралы акт;

4) осы Қағидалардың 57-қосымшасына сәйкес құжаттарды сипаттау, тізімдемені қайта жасау туралы акт 

болып табылады.

Параграф 3. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылық объектісіне жататын 

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және аса құнды құжаттарды есепке алу тәртібі

270. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылығы объектісіне жататын Ұлттық мұрағат қорының 

құжаттары арнайы мемлекеттік есепке алуға жатады.

Бұл құжаттарға есепке алу парақтары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық игілік объектілері қатарына 

жатқызылған қатарына сипаттамасы жасалады.

271. Аса құнды құжаттарды есепке алу:

1) аса құнды құжаттары бар қор тізімі бойынша;

2) аса құнды құжаттар, істер тізімдемесі бойынша немесе аса құнды істердің нөмір (нөмірлік) тізімі бойын-

ша жүргізіледі.

Аса құнды құжаттар, істер тізімдемесінде олардың алдыңғы есепке алу нөмірлері сақталып қалады.

272. Аса құнды істердің, құжаттардың тізімдемесі мұрағат қорындағы істер мен құжаттардың бір немесе 

бірнеше тізімдемесіне, аталмыш тізімдемедегі аса құнды сақ. бір./ес. бір. санына байланысты, мұрағатқа қажет 

данада аса құнды құжаттарға жасалады.

Егер құжаттар, істер тізімдемесіндегі мұрағаттық құжаттардың көптеген бөлігі аса құнды болып саналатын 

болса, аса құнды құжаттардың, істердің жеке тізімдемесі жасалмай, алдыңғы тізімдеме көшіріледі. Бұл жағдайда 

оған нөмірлік жасалады.

273. Сақтандыру қорын жасау мақсатында аса құнды құжаттарды, істерді көшіру туралы мәліметтер тиісті 

құжаттар, істер тізімдемесіне немесе олардың сақтандыру көшірмелерін жүргізгеніне қарай нөмірліктерге енгізіледі.

Қорытынды  жазбада  тізімдемеге  немесе  нөмірлікке  енгізілген  аса  құнды  сақ.  бір./ес.  бір.  жалпы  саны 

көрсетіледі. Барлық сақ. бір./ес. бір. көшіріліп біткен соң берілген тізімдеме немесе нөмірлікке - «Барлық сақ. бір./

ес. бір. көшірілді, уақыты, қызметі, қолы» көрсетіледі.

274. Аса құнды құжаттар тізімдемесі, нөмірліктер, аса құнды құжаттар (бұдан әрі – АҚҚ), істер тізімдемесінің 

тізілімінде есепке алынады.

Мұрағаттық құжаттарды аса құнды құжаттарға жатқызғанда тізімдемеде «Ескертпе» бағанында сақ. бір./ес. 

бір. тұсына «АҚҚ» белгісі қойылады. 

Басқа есепке алу құжаттарында «АҚҚ» белгісі мұрағаттық қордың нөміріне, құжаттар, істер тізімдемесі 

нөміріне қойылады, бұл белгі қызметтік болып табылады және сақ. бір./ес. бір. мұрағаттық шифрына кірмейді.

Параграф 4. Құпия және құпиясыздандырылған 

мұрағаттық құжаттарды есепке алу тәртібі

275. Құпия мұрағаттық құжаттарды есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы 

заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Сақ. бір./ес. бір. есепке алу құжаттары мен мұрағаттық шифрларында құпия 

мұрағаттық қорлар, құжаттар, істер тізімдемесі, сақ. бір./ес. бір. «қ» (құпия), «ақ» (аса құпия), «ем» (ерекше 

маңызды) көрсеткіштері жазылады.

276.  Мұрағаттық  құжаттардың  құпиялықтан  шығып  қалғандығы  қорытындысы  бойынша  есепке  алу 

құжаттарына  өзгеріс  құжаттардың  құпиялықтан  шығуы  туралы  акт  негізінде  осы  Ереженің  58-қосымшасына 

сәйкес енгізіледі.

277. Мұрағаттық қорлар, құжаттар, істер тізімдемесі және сақ. бір./ес. бір., құпия құжаттардың қатарындағы 

құпия емес (құпиялықтан шығып қалған) құжаттар, есепке алу құжаттарында және сақ. бір./ес. бір. мұрағаттық 

шифрында «жқ» (жартылай құпия) деген көрсеткіш қойылады.

278. Құпия құжаттар, істер тізімдемесіндегі сақ. бір./ есепке алу бір. құпиялықтан шығарған жағдайда берілген 

тізімдеме де құпиялықтан шығарылады, ашық сақтауға беріледі және қор парағында сол нөмірмен тіркеледі, бірақ 

қаптамасы мен титулдық парағында көрсетілетін «қ» көрсеткіші қойылмайды. Құжаттар, істер тізімдемесінің ти-

тулды парағы мен қаптамасының оң жақ жоғарғы бұрышында «Құпиясыздандырылған» деген штамп қойылады.

279. Құжаттар, істердің құпия тізімдемесінен мұрағаттық құжаттар мен істердің бөлігін құпиясыздандырылған 

жағдайда мұрағаттық құжаттар мен істерге бөлек құжаттар, істер тізімдемесі жасалады, сақ. бір./ес. бір. нөмірлері 

өзгеріссіз қалады. Ондай сақ. бір./ес. бір. жалпы нөмірлеу үшін құжаттар, істер тізімдемесінің 2-бағаны қолданылады. 

Құжаттар, істердің жаңа тізімдемесі құпиясыздандырылған істер мен мұрағаттық құжаттармен бірге ашық сақтауға 

беріледі, қор парағында құпия кезіндегі нөмірімен тіркеледі, бірақ «қ» көрсеткіші қойылмайды.

280.  Құпия  құжаттар  мен  істер  тізімдемесінің  мұрағаттық  құжаттар  мен  істердің  көп  бөлігі 

құпиясыздандырылғанда, берілген тізімдеменің көшірмесі түсіріледі, көшіру кезінде құпия сақтауда қалған сақ. 

бір./ес. бір. атауы жабылады. Құпиясыздандырылған істер мен мұрағаттық құжаттар тізімдемесінің көшірмесі ашық 

сақтауға беріледі. Құпия сақтауда қалған құжаттар, істер тізімдемесінің данасында олардың нөмірлері сақталады. 

Қор парағында ондай тізімдемелер екі рет есепке алынады - құпия сақтауда қалған данасында – құпиялыққа сәйкес 

индексі қалады, ашық сақтауға берілген көшірме данасында - «қ» индексі қойылмайды.

281. Құпия құжаттар, істер тізімдемесінде жеке сақ. бір./ес. бір. құпиясыздандырған жағдайда, олар ашық 

сақтаудағы сәйкес құжаттар, істер тізімдемесіне енгізіледі. Оларға әріптік нөмір беріледі немесе жалпы реттіліктегі 

нөмір беріледі.

282. Құпия сақтауда қалған құжаттар, істер тізімдемесінде «Ескерту» бағанында құпиясыздандырылған сақ. 

бір./ес. бір. қарсысына «Құпиясыздандырылды» деген мөртабан басылады. Құпиясыздандырылған сақ. бір./ес. бір. 

ашық сақтаудағы құжаттар, істер тізімдемесіне енгізілген жағдайда (әріптік нөмірлермен немесе жалпы реттілікпен), 

құпия тізімдеменің «Ескертпе» бағанында олардың нөмірлері көрсетіледі.

283. Құпиясыздандырылғаннан кейін, ашық және құпия сақтаудағы құжаттар, істер тізімдемесіне факт жүзінде 

тіркелген сақ. бір./ес. бір. көлемі туралы қорытынды жазба жасалады.

284. Құпия істердің құрамындағы бір немесе бірнеше мұрағаттық құжаттарды құпиясыздандырғанда, ол 

құпия сақтауда қала береді. Іс қаптамасындағы мұрағаттық шифрдың «қ» көрсеткішіне «ж» көрсеткіші қосылады. 

Құпиясыздандырылған мұрағаттық құжаттардың парақтар нөмірі «Ескерту» бағанында тіркеледі, сонымен қатар 

істің ішкі тізімдемесінде де есепке алынады. 

Істе ішкі тізімдеме болмаған жағдайда құпиясыздандырылған мұрағаттық құжаттар туралы мәлімет тиісті 

парақтың нөмірі көрсетіліп куәландыру парағында көрсетіледі.

285. Құпиясыздандырылған құжат қаптамасының оң жақ жоғарғы бұрышында «Құпиясыздандырылды» деген 

мөртабан басылады. «қ», « ақ», «ем» деген көрсеткіштер іс нөмірінде сызылып тасталады.

Параграф 5. Жеке тектік және жеке құрам бойынша

мұрағаттық құжаттарды есепке алу тәртібі

286. Меншік иесінің мемлекеттік меншікке тапсырған жеке тектік мұрағаттық құжаттары сақтауға қабылдауға 

келіп түскендігін есепке алу актісі негізінде . жүзеге асырылады. Актіге құжатты қабылдап алғандығы туралы 

мұрағаттың (жергілікті атқарушы органның) СТК-ның шешімі немесе құжаттарды мұрағатқа қабылдағандығы тура-

лы құжаттарды тапсыру тізімдемесі қоса беріледі.

287. Меншік иесінің шарт бойынша мұрағатқа берген жеке тектік мұрағаттық құжаттарын есепке алу осы 

Қағидалардың 292-296-тармақтарына сәйкес жүзеге асады. 

288. Жеке тектік мұрағаттық құжаттарды сипаттау нәтижесінде құрамы мен саны өзгеретін болса, олар 

құжаттарды сипаттау актісімен құжаттандырылады, оның негізінде есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізіледі.

289. Мұрағатта сақтауға жатпайтын құжаттар үшін құжаттарды иесіне қайтару туралы екі дана акт жасалады, 

бір данасы құжаттармен бірге меншік иесіне қайтарылады.

Есепке алынбаған жеке тектік мұрағаттық құжаттарды мұрағатта сақтауға болмайды.

290. Жеке құрам бойынша құжаттарды есепке алу жалпы негізде осы Қағидалардың 262-269-тармақтарына 

сәйкес жүргізіледі.

291. Мұрағатта сақтаудағы жеке құрам бойынша құжаттарды есепке алу қорды парақтап және істі тізімдеме 

бойынша қарап жүргізіледі және әрбір қор және мұрағат бойынша жиынтық мәлімет есепке алу кітапшасына (еркін 

нысанда) тіркеледі.

Жеке құрам бойынша құжаттардың құндылық сараптамасының нәтижесі бойынша 75-жылдық сақтау мерзімі 

өткеннен кейін есепке алу құжаттарына сәйкес өзгерістер енгізіледі.

Параграф 6. Шарт бойынша мұрағатқа сақтауға қабылданған жеке меншік иесіндегі мұрағаттық 

құжаттарды есепке алу тәртібі

292. Қабылдау-тапсыру актісі негізінде шарт бойынша мұрағатқа сақтауға алынған Ұлттық мұрағат қорындағы 

құжаттарды есепке алу мұрағаттың есепке алу құжаттары негізінде жүзеге асырылады және төмендегі ерекшеліктер 

сақталады:

1) келіп түскен құжаттарды есепке алу кітапшасында меншік иесі немесе құжаттардың иесі көрсетіледі 

(3-баған), қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі және уақыты (4-баған), шартқа қол қойылған күн және шарттың ұзақтығы;

2) мұрағат қорын қор тізіміне енгізгенде, оның нөміріне «Ш» («шарт») деген көрсеткіш қойылады, және ол 

барлық есепке алу құжаттарында және сақ. бір., есепке алу бір. мұрағаттық шифрында сақталады, қор тізіміндегі 

«Ескерту» бағанында меншік иесі немесе мұрағаттық құжаттардың иесі, шарт жасалынған уақыт және оның 

ұзақтығы көрсетіледі.

293. Шарт бойынша мұрағатқа сақтауға қабылданған мұрағаттық қордың саны, келіп түскен мұрағаттық 

құжаттарды есепке алу кітапшасына, қор тізімінің қорытынды жазбасында бөлек қатарда көрсетіледі.

Меншік иесімен немесе мұрағаттық құжаттардың иесімен жасалған шарт қордың ісіне енгізіледі.

294. Шартқа сәйкес мұрағат қорындағы мұрағаттық құжаттардың мерзімі біткен жағдайда оның нөмірі басқа 

мұрағат қорына берілмейді.

295. Мұрағатқа сақтауға келісім шарт бойынша қабылданған меншік иесіндегі және заң негізінде мемлекет 

меншігіне өткен Ұлттық мұрағат қорының құжаттары, мұрағаттың басқа құжаттарымен бірдей тіркелінеді. Есепке 

алу құжаттарында және сақ. бір., есепке алу бір. мұрағаттық шифрында «Ш» көрсеткіші сызылып тасталады, қор 

тізімінің «Ескерту» бағанында мәліметтер жазылады.

296. Белгіленген ереже бойынша Ұлттық мұрағат қорының құрамына енбеген мұрағаттық құжаттар, сонымен 

қатар мұрағатқа сақтауға алынған жеке құрам бойынша құжаттар Ұлттық мұрағат қоры құжаттарынан бөлек есепке 

алынады. Оларды есепке алу үшін жеке қор тізімі, құжаттардың келіп түскенін тіркейтін кітапша, қор парағы және 

басқа да есепке алу құжаттары жүргізіледі.

Параграф 7. Түпнұсқа құқығындағы мұрағаттық құжаттар көшірмелерін есепке алу тәртібі

 

297. Белгіленген тәртіппен Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізілген түпнұсқа құқығындағы мұрағаттық 

құжаттардың көшірмелері мыналар болып табылады:

1) қолданыстағы нормативке сәйкес қор құрушымен дайындалған және рәсімделген мұрағаттық құжаттар 

микрофильмі;

2) түпнұсқасы жоғалған немесе мұрағатқа тұрақты сақтауға берілмейтін заңды немесе жеке тұлғаның 

меншігіндегі мұрағаттық құжаттардың көшірмесі;

3) түпнұсқалары шыққан елінде қалған, шетелден келіп түскен мұрағаттық құжаттардың көшірмесі.

298. Қор құрушының мұрағатқа тапсырған түпнұсқа құқығындағы мұрағаттық құжаттардың көшірмесі жеке 

тектік мұрағаттар, істер тізімдемесімен мұрағат қорының құрамына есепке алынады. Бұл ретте берілген тізімдеменің 

«Парақтар саны» бағанына сызықша арқылы бір істен түсірілген кадрлар саны да көрсетіледі.

299. Жоғалған немесе заңды немесе жеке тұлғадағы, түпнұсқадан түсіріліп алынған, түпнұсқа құқығындағы 

мұрағаттық құжаттардың көшірмесі, сондай-ай түпнұсқасы шетелдегі құжаттардан жасалынып алынған көшірме 

мұрағаттың коллекциясын құрайды. Мұрағаттық коллекциялар қор тізімінде белгіленген ереже бойынша тіркеледі.

300. Қағаз негіздегі мұрағаттық құжаттардан электрографикалық немесе машинкалық жазба тәсілімен 

дайындалған түпнұсқа құқығындағы мұрағаттық құжаттардың көшірмесі, сонымен қатар дыбыс-бейнелік құжаттардың 

көшірмесі сақ. бір./ес. бір. құрайды, олар тиісті тасығыштарда мұрағаттық құжаттардың түпнұсқасымен бірдей 

құжаттар, істер тізімдемесінде есепке алынады.

301. Микрокөшірме түрінде жасалған, түпнұсқа құқығындағы мұрағаттық құжаттар көшірмесінің сақ. бір. 

түсірілген істер мен мұрағаттық құжаттардың санына қарамастан микрофильмнің физикалық оқшауланған руло-

ны немесе микрофиштар кешені қабылданады. Әрбір сақ. бір. істер, құжаттар тізімдемесінде дербес нөмірмен 

есепке алынады. 

Құжаттар, істер тізімдемесінің қорытынды жазбасында микрокөшірмелік сақ. бір. санымен бірге оларды 

құратын кадрлардың жалпы саны көрсетіледі.



Параграф 8. Дыбыс-бейнелік құжаттарды, сақтандыру қоры мен пайдалану қорын есепке алу тәртібі

302. Істегі парақтар санын және дыбыстық-бейнелік құжаттардағы ес. бір. құрамындағы сақ. бір. нөмірлері 

негізінде есепке алынады және:

1) іс парақтарына – куәландыру парағына және құжаттар, мұрағатта дайындалған тұрақты сақтаудағы істер 

тізімдемесінің, ұйымдағы тұрақты сақтаудағы істер тізімдеменің, электрондық құжаттар тізімдеменің тиісті бағанына

2) фотоальбомдағы фототаңбаға – фотоальбомның ішкі тізімдемесіне, сонымен қатар фотоальбомдар 

тізімдемесінің тиісті бағанына;

3) басқа дыбыс-бейнелік құжаттардың сақ. бір. – осы құжаттар тізімдемесінің тиісті бағанына белгіленіп 

алынады.

303. Дыбыс-бейнелік құжаттардың ес. бір. құрамындағы сақ. бір. есепке алу барысында:

1) диафильмдердің сақ. бір. рулонның нөмір реттілігімен орналастырылады;

2) киноқұжаттардың сақ. бір. ішіндегі бөлімдер реттілігімен нөмірленген жинақ элементі бойынша орнала-

стырылады;

3) фоноқұжаттардың сақ. бір. өндірістік нөмір реттілігімен орналастырылады.

304. Сақтандыру қоры және пайдалану қорының көлемі сақ. бір./ес. бір., сондай-ақ:

1) фотоқұжаттар мен қағаз негіздегі мұрағаттық құжаттардың көшірмесі үшін – кадрлармен;

2) киноқұжаттардың көшірмесі үшін – метрмен;

3) фоноқұжаттардың көшірмесі үшін – дыбысталу уақытымен;

4) электронды құжаттардың көшірмесі үшін – мегабайтпен өлшенеді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени құндылық объектілеріне жататын және аса құнды 

құжаттарға жататын құжаттардың сақтандыру көшірмелері, қағаз негіздегі мұрағаттық құжаттардан түсіріліп алынған 

пайдалану қорының көшірмелері (микрофишқа және рулонды үлдірге бөлек), киноқұжаттардың, фотоқұжаттардың, 

фоноқұжаттардың, бейнефонограммалардың, электронды құжаттардың көшірмелері жеке есепке алынады.

305. Есепке алу сақтандыру қорының және пайдалану қорының келіп түскенін тіркейтін кітапша бойынша және 

сақтандыру қорының тізімдемесі бойынша жүргізіледі. Сақтандару қорының келіп түскенін немесе шығарылғанын 

есепке алу сақтандыру қорының және пайдалану қорының көшірмесін дайындауға тапсырыс негізінде, сақтандыру 

көшірмелерін арнайы сақтауға қабылдау-тапсыру актісі және басқа актілердің негізінде жүзеге асырылады. Жыл 

сайын келген құжаттарды есепке алу кітапшасына қорытынды жазба жазылады.

306. Сақтандыру қорының тізімдемесі 3 дана болып жасалады. Бірінші данасы сақтандыру көшірмелерімен 

бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына тапсырылады, екінші және үшінші данасы мұрағатта қалады. 

Сақтандыру көшірмелерін көшіріп және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына тапсыру сақтандыру 

қорының тізімдемесіне осы Қағидалардың 253-тармағына сәйкес жаңадан қорытынды жазба жасалады. 

307. Құжаттар, істер тізімдемесіндегі «Ескерту» бағанында көшірмесі жасалынған сақ. бір./ес. бір. қарсысына 

«СҚ» мөртабаны басылады. Егер көшірмесі жасалынған барлық құжаттар, істер тізімдемеге енгізілген болса, «СҚ» 

деген мөртабан тек титулдық параққа және құжаттар, істер тізімдемесінің қаптамасының сыртына қойылады.

308. Қазақстан Республикасының Ұлттық мәдени құндылық объектілеріне және аса құнды құжаттарға жата-

тын сақтандыру қорындағы қағаз негіздегі рулонды үлдірдегі құжаттардың сақ. бір./ес. бір. физикалық жекелеген 

микрофильмнің рулоны қабылданады.

Рулонды үлдірдегі сақтандыру қоры және пайдалану қоры жалпылама (құжаттың қай қорға жататындығына 

қарамастан) келіп түскенде сақтандыру көшірмесін жасауға тапсырыс негізінде сақтандыру қорының әрбір сақ. 

бір. енгізіледі. Келіп түскен құжаттарды тіркеу кітабы бойынша (1-баған) сақтандыру қорының сақ. бір. мұрағаттық 

шифр құрамының бөлігі болып табылатын есепке алу нөмірі беріледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мәдени құндылық объектілеріне және аса құнды құжаттарға жататын 

құжаттардың барлық сақтандыру көшірмелеріне қандай қорға жататынына қарамастан сақтандыру қорының 

тізімдемесі жасалады, келіп түскен құжаттарды есепке алу кітапшасында берілген нөмірге сәйкес сақтандыру 

қорының ес. бір. нөмірі беріледі.

Сақтандыру қорының ес. бір. мұрағаттық шифрі – мұрағат атауы, сақтандыру қоры тізімдемесінің нөмірі, 

сақтандыру қорының «СҚ» көрсеткіші көрсетілген сақ. бір. тіркелген нөмірі.

309. Сақтандыру қорының ес. бір. микрофиштағы қағаз негізіндегі құжаттары үшін бір істен түсірілген бір не-

месе бірнеше микрофиштар қабылданады, ал сақ. бір. үшін микрофиш қабылданады.

Микрофиштағы сақтандыру қоры мен пайдалану қорының келіп түскенін тіркейтін кітапша бойынша келіп 

түскен әрбір қорға реттік нөмір беріледі.

Көрсеткіштер  саны  көшірмесі  жасалған  әрбір  мұрағат  қоры  және  істер,  құжаттар  тізімдемесі  бойынша 

көшірменің қай қорға жататындығын есепке ала отырып жеке енгізіледі. 

Микрофиштағы сақтандыру қорының тізімдемесі әрбір мұрағат қорының бір немесе бірнеше тізімдемесінің 

сақтандыру көшірмелеріне бөлек жасалады.

Қағаз негізіндегі, микрофишта дайындалған құжаттардың сақтандыру қоры мен пайдалану қорының ес. бір. 

есептік нөмірі болып көшірмесі түсірілген істің есептік нөмірі саналады, ал мұрағаттық шифры болып көшірмесі 

түсірілген істің мұрағаттық шифры саналады және оған сақтандыру қорына «СҚ» ал пайдалану қорына «П» (Позитив), 

«Д» (Диазокөшірме) деген индекс көрсетіледі.

310. Дыбыс-бейнелік құжаттардың сақтандыру қоры мен пайдалану қорының сақ. бір./ес. бір. дыбыс-бейнелік 

құжаттардың сақ. бір./ес. бір. ұқсас.

Кино- және фотоқұжаттардың сақтандыру көшірмелері, кино-және фотоқұжаттардың түріне қарамастан келіп 

түскен құжаттарды есепке алу кітапшасында және сақтандыру қоры мен есепке алу қорының тізімдемелерінде 

есепке алынады.

Магниттік таспадағы және грамтүпнұсқаны фоноқұжаттардың сақтандыру көшірмесі, олардың жеке сақталуын 

есепке ала отырып әртүрлі келіп түскен құжаттарды есепке алу кітапшасы мен тізімдемелерде есепке алынады.

311. Келіп түскен құжаттарды есепке алу кітапшасының қорытынды жазбаларында және кинофотоқұжаттардың 

сақтандыру қоры мен пайдалану қорының тізімдемелерінде аралық позитив пен контратиптерге, позитивтер 

және дубльнегативтерге, тақ (I) және жұп (II) грамтүпнұсқаларға сәйкес сақ. бір. саны қосымша көрсетілуі мүмкін. 

Кинофотофоноқұжаттардың сақтандыру көшірмесінің тізімдемесінің қорытынды жазбасында олардың метр, 

кадр көлемі, дыбысталу сағаты көрсетіледі.

Кинофотофоноқұжаттардың  сақтандыру  қорының  ес.  бір.  нөмірі  келіп  түскен  құжаттарды  есепке  алу 

кітапшасынан тізімдемеге ауыстырылады. Кинофотофоноқұжаттардың сақтандыру қорының ес. бір. мұрағаттық 

шифры – сақтандыру қорының ес. бір. «СҚ» индексі көрсетілген нөмірі, мұрағат атауы.

312. Пайдалану қорына енгізілген және оларды пайдалану барысында пайда болған мұрағаттық құжаттардың 

көшірмелері, мұрағатта ол құжаттарды көшірмесін жеке есепке алу кітапшасында жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет