Тәуелсіздік бізге тұрақты экономикалық дамыған қоғам құру жолында кездескен барлық кедергілерді күшті стратегия мен мақсатты әрекеттер арқылы жеңуге мүмкіндік берді



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,36 Mb.
#8517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әнуарбек ӘЙмЕН, 

 м.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университетінің                

профессоры, э.ғ.д., «құрмет» 

орденінің иегері, Тараз қаласының 

құрметті азаматы.

прОгресс пен гүлДену 

ЖОлынДағы ширек ғасыр

Орта Азия магистранттарының арасында өткен байқаудың 

грант жеңімпазы, І орын иегері, «АГПЗ» №1  ЖШС ауы-

сым басшысы  Дәулет Егембердиевтер шараның құрметті 

қонағы болды. 

Акция «Біздің мектептің түлектері», «Мен сізді мақтан 

етемін!», «Елімізге танымал мектеп түлектерімен кездесу», 

«Менің сүйікті мектебіме тартуым!» атты  кезеңдерден 

тұрды.

- Мұндай акцияның өтуі жастардың сапалы білім алу-



ына, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына көмегі зор. 

Әсіресе білім алып жүрген жастардың шығармашылыққа 

ұмтылып, ой-өрісінің кеңеюіне зор ықпалын тигізеді,- 

деді  аталмыш  колледж  директоры,  Тараз  қалалық 

мәслихатының депутаты Жанар Орынбаева.

Жамбыл политехникалық колледжін 1991-2016 жыл-

дар аралығында 10865 түлек  бітіріпті. Ұстаздар қауымы 

тәуелсіздік  жылдары    бітірген  түлектердің    жеткен 

жетістіктерінің бірқатарына тоқталды. Олардың арасында 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасы директорының орынбаса-

ры, бас редакторы болып қызмет атқарып жүрген Алпамыс 

Қазыбаев, «Хабар» телеарнасының шеф-редакторы, бло-

гер, jagsy.kz  порталының жетекшісі Өркен Кенжебектің 

есімдері ерекше аталды. Сонымен қатар,  әлемдік аре-

наларда Қазақстан Туын көкке желбіретіп жүрген осы 

колледждің спортшы түлектері туралы да сөз қозғалды.

Жиын соңында  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  

«25 қарағай ағашын егейік!» атты акция аясында колледж 

түлектері мен белсенді жастар білім ордасының маңына 

қарағай ағаштарын отырғызды.  Күзде отырғызылған 

қарағайдың көктемде жапырақ жайып, ел ертеңі өскелең 

ұрпақпен бірге көктей түсері сөзсіз.     



 

„

егеменді қазақстанның басымдық 



мақсаттарын Тұңғыш президент 

назарбаев нұрсұлтан Әбішұлы айқын 

анықтап берді. Тұрақты экономикалық 

дамыған қоғам құру жолында кездескен 

барлық кедергілерді күшті стратегия 

мен мақсатты әрекеттер арқылы жеңуге 

мүмкіндік жасады. бүгінгі жағдайымызды 

кешегімізбен салыстыру арқылы 

қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін 

айқын көруге болады. 

көктей бер, көгере бер!   



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1333), 9 қараша  2016 Жыл  //

ОРТа


7

Индира БАЙқоНЫС

Ақиқатында, діни экстремизмнің басымызға 

салған  қасіреті  -  қазақты  қазаққа  жау  етуі. 

Діни  фанатизмге  берілген  жастардың  санасы 

уланғаны  соншалық,  халықтың  тыныштығын 

көздерінің қарашығындай сақтап жүрген полиция 

қызметкерлерін жын-шайтандай көріп, оларды 

өлтірулерінің  сыры  неде?  Бұл  сауалдың  жауа-

бын өз қандас бауырына  ойланбастан оқ атқан 

қаныпезерлердің өздері ғана беретін шығар. Ал 

ел басына күн туған шақта, кеудесін оққа төсеген 

бейбіт күннің батырларының ерлігі мәңгілікке ел 

есінде қалары сөзсіз. Себебі күнделікті өмірде 

күйбең тіршілікпен алысып жүретін, еңбектері әр 

кез елене бермейтін тәртіп сақшылары осындай 

сын сағатта нағыз отансүйгіштіктің ерен үлгісін 

көрсетіп келеді. Сөзімізге нақты дәлел ретінде 

айтатын болсақ, осыдан бес жыл бұрын қараша 

айының он екінші жұлдызы тараздықтар үшін 

«Қаралы қараша» деген атпен есте қалды. Бейбіт, 

қоңыр тіршілік кешіп жатқан Тараз жұрты бір сәтте 

дүрбелеңге түсті. Жихад идеясына шырмалған, 

соқыр  сенімге  көзсіз  берілген  Мақсат  Қариев 

бір  өзі  бүкіл  қаланы  аяғынан  тік  тұрғызып, 

қаншама адамның өміріне қауіп төндірді. Осы 

сәтте  қарапайым  халық  терроризмнің,  діни 

экстремизмнің  қаншалықты  қауіпті  екендігін, 

теріс ағымдардың қоғамға қаншалықты дендей 

енгендігін түсінді. Осы оқиғада қарапайым поли-

ция капитаны Ғазиз Байтасов ерлікпен қаза тауып, 

өз өмірін құрбан етті.

Бұл қанды оқиғадан 7 адам қаза тапты.  Егер 

Ғазиз  Байтасов  болмағанда,  адам  өлімі  бұдан 

да  көп  болуы  әбден  мүмкін  еді.  Көшедегі 

бейнебақылау  камерасы  түсірген  жазбадағы 

оқиғадан Байтасовтың лаңкес Қариевпен ашық 

айқасқа түскенін анық көруге болады. 

Бұл көзсіз ерлік еді! Дәл сол сәтте полиция 

капитаны ата-анасы, отбасы жайлы, өзі жайлы не 

ойлағанын ешкім тап басып айтып бере алмас, сірә. 

Бір анығы, ол елге қалтқысыз қызмет етуге  бер-

ген антына адалдық танытты, қанқұйлы қанішер 

Қариевтің  қоғамға  қауіп  төндіріп  тұрғанын 

өмір  өлшемімен  таразылай  келе,  өзінің  емес, 

өзгенің амандығын бәрінен биік қойды. Сөйтіп 

ол  тағдырын  тәуекелге  тігіп,  қылмыскерді 

құрықтадым-ау деген сәтте, жазмыштың дегенімен 

ажалдың келіп араласқаны қандай өкініш әрі ая-

ныш десеңізші?!

Алайда  әріптестеріне  батырлық  үлгісін 

көрсеткен жерлесіміз бейбіт күнде ғұмыр кешіп 

жатқан біздің және болашақ ұрпақтың жадында 

мәңгі сақталып қалары сөзсіз. 

Бала  күнінен  полиция  болуды  армандаған 

Ғазиз  Байтасов  өз  кәсібіне  және  туған  еліне 

деген  шексіз  махаббатының  арқасында  арты-

на өшпес із қалдыра білді. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жарлығымен батырға ең жоғарғы 

«Халық  қаһарманы»  атағы  берілді.  Батырдың 

ерлігін өскелең ұрпақтың есіне ұдайы салып тұру 

үшін  қанды оқиға орын алған Тараз қаласындағы 

Қазыбек би көшесі бойына мемориалдық тақта 

орнатылса,  Байзақ ауданына қарасты Түймекент 

ауылының орта мектебі, облыс орталығындағы 

көшелердің біріне Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. 

Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментінің 

ғимаратында  мемориалдық  тақта  орнатылып, 

мекеме алдына Халық қаһарманының жоғарғы 



ер ЖігіТ ел үшін ТуаДы,

ел үшін өлеДі 

 

„

бүгінде әлем халқының тыныштығын бұзып отырған терроризм мен экстремизм 



талай жазықсыз жанның өмірін жалмап, адамдарды ұдайы қорқынышта өмір сүруге 

мәжбүрлеп отыр. өкінішке орай, бұл қауіп-қатер бейбітшілік салтанат құрған қазақ 

елін де айналып өткен жоқ.  елімізге дендеп келе жатқан қауіптің алдын алуда  

Халық қаһарманы ғазиз байтасовтай асыл ұлдарымыздың ерлігін ұмытуға бола ма? 

бұл момын қазақтың жат ағымға қарсы соққысы еді. 

 

„

өркениетті дамудың белгілі бір кезеңіне аяқ басқан қоғам үшін ардагерлер мен мүмкіндігі 



шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, қамқорлыққа алу - басты міндет. Әлеуметтік қорғау 

жүйесі қызметкерлерінің қамкөңіл жандардың көңілін аулап, дәтіне қуат, жанына демеу болып 

жүргені әрбір жүрекке жылылық сыйлары сөзсіз. міне, осы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетер 

сала қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, үздіктері 

марапатталды.  

 

„

қайырымдылық - қазақ 



халқының ең ізгі де асыл 

қасиеттерінің бірі. кемтар, 

қамқорлыққа алынған 

қарияларға жүрек жылуын 

ұсыну, сауабы мол іске 

атсалысу - әрбір адамның 

азаматтық парызы.

марапат иесі - әлеуметтік қызметкерлер

қайырымдылық - 

ізгілік бастауы

құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ

1991 жылдың 21 маусымында қабылданған 

«Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді 

әлеуметтік  қорғау  туралы»  Заң  талаптарын 

жүзеге  асыру  мақсатында,  биылғы  жылы 

мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту үшін 

облыстық, Тараз қаласы мен аудандық бюджет-

терден бөлінген 1218,9 млн. теңгеге әлеуметтік 

қолдаумен  қамтамасыз  етуге  жоспарланған 

12579 адамның, бүгінгі күнге 9334 мүмкіндігі 

шектеулі жан әлеуметтік көмекпен қамтылыпты. 

Әсіресе  тәуелсіздік  алған  жылдан  бастап, 

жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге арнаулы 

әлеуметтік қызметтерді ұсынатын мекемелердің 

желісі  кеңейіп,  стационарлық  үлгідегі  2 

мекеме,  жартылай  стационарлық  5  мекеме, 

уақытша болу жағдайындағы 2 мекеме  және үй 

жағдайында қызмет көрсету үшін 19 бөлімше 

ашылып, оларда 3,5 мыңнан аса өмірлік қиын 

жағдайға  тап  болған  азаматтар  жыл  сайын 

қызмет алуда. 

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің 

күніне арналған салтанатты басқосу №1 жүйке 

аурулары  интернат-үйінің  акт  залында  өтті. 

Қызмет алушылардың қолынан шыққан сан 

түрлі қолөнер бұйымдары жиынға келушілердің 

назарынан тыс қалмады. Мұнда қазақы нақышта 

тігілген сан алуан кәдесыйлардан бастап, киізден 

жасалған төрт түліктің бейнелері мен көңілге 

көктем сыйлар жауқазын гүлдердің қағаз, қайыс, 

матадан жасалған түр-түрі жайқалып тұрды. 

- Біздің мекемеде мемлекет қамқорлығындағы 

азаматтардың  саны  -  560.    Барлық  жағдай 

толық жасалған. Әлеуметтік салада 8 бағыт 

бойынша қызмет жүргізіледі. Еңбекке баулу, 

мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, спортпен 

шұғылдануына жағдай жасалған. Мұнда әрбір 

уақытты тиімді өткізуге атсалысамыз. Жақында 

қалалық бастауыш партия ұйымдары арасында 

өткізген  байқауда  жеңімпаз  атанып,  облыс 

бойынша БПҰ 100 партия ұжымының саны 

100  адамға  дейінгі  номинациясы  бойынша 

1-орыннан көріндік. Ел бойынша өткен «Үздік 

әлеуметтік медициналық мекеме» номинациясы 

бойынша  алғашқы  үштікке  іліндік.  Мұндай 

жетістіктер барша қызметкерлердің мерейін 

өсірері сөзсіз, - деді жүйке аурулар интернат- 

үйінің директоры Мұрат Бердалиев

Шарада  Жамбыл  облысы  әкімдігінің 

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар  басқармасы  басшысының 

міндетін  атқарушы  Сейдахмет  Сейітбеков 

алғашқы  болып  сөз  алып,  қызметкерлерді 

мерекесімен құттықтады. 

Одан кейін әлеуметтік салада аянбай еңбек 

етіп, зейнет жасына жеткен ардагерлерге сый-

сияпат көрсетілді. Ән-күйден шашу шашылған 

кеш  барысында  ҚР  Денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет гра-

мотасы,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

Алғыс хаты, облыс бойынша әлеуметтік сала 

жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі 

үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасы, 

облыс әкімдігінің  жұмыспен қамтуды үйлестіру 

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 

Алғыс хаты мен Кәсіподақ ұйымының Құрмет 

грамотасы және «Әлеуметтік сала жүйесін да-

мыту мен жетілдіруге елеулі жеке үлесі үшін» 

«Нұр  Отан»  партиясы  Жамбыл  облыстық 

филиалының Құрмет грамотасымен біршама 

қызметкерлер марапатталды. 

мемлекеттік  белгісі  бейнеленген  сәулетті 

монументі қойылды.

Сонымен қатар, осы қанды оқиға болған күні 

ерлік танытып, лаңкесті тұтқындауға атсалысқан 

күзет  батальонының  атты  әскер  полицейлері 

Данияр  Құрманбаев  және  Мәлік  Молдақасов, 

жол  полициясы  батальонының  инспекторы 

Самат Алашев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне 

ие  болды.  «Ерлігі  үшін»  медалі  шұғыл  әрекет 

ету жеке взводының полиция қызметкері Қанат                                                     

Мырзалиевке табысталды. Ал қарулы лаңкестің 

қолынан  қаза  тапқан  Арнайы  күзет  қызметі 

басқармасы қалалық шұғыл әрекет ету взводының 

полицейі, полиция аға сержанты Полат Аянқұлов 

пен сол взводтың жүргізуші-полицейі, полиция аға 

сержанты Жақсыбек Байсейітов те ұмыт қалмай, 

лайықты марапатқа ие болды.

«Ерлік  -  тәрбиенің  жемісі»,  «Жауынгерлік 

тәрбие  әскери  киімде  емес,  жөргекте  жатыр» 

деген екен батыр Баукең. Халық қаһарманы Ғазиз 

Байтасовтың өшпес ерлігі  келер ұрпақ үшін, елдің 

тыныштық күзетінде жүрген әрбір азамат үшін үлгі 

болып қала берері анық.

Ең бастысы, біз терроризм, діни экстремизмге 

тиімді  қарсы  тұрудың  ең  басты  шарты  қоғам 

мен  биліктің  өзара  келісімі,  ұлттық  бірлікте 

жатқанын ұмытпауымыз керек. Осы зұлымдықпен 

ондаған жылдар бойы күресіп келе жатқан басқа 

елдердің  тәжірибесін  зерттеп  қарасақ,  бірден 

байқайтынымыз, бірлігін шайқалтып, әртүрлі се-

бептермен іштей бөлініп, жіктеліп отырған қоғам, 

ел, мемлекет қана осы қауіптің құрбанына айналуы 

ықтимал.  Сондықтан  осы  да,  басқа  да  қазіргі 

заманның сынақтары мен қатерлеріне қарсы тұру 

үшін, ең алдымен, қоғамның жіктелуіне, бөлінуіне 

жол бермеу керек.

3  қарашада    Жамбыл  политехникалық 

колледжінің «Құқықтану» циклдық-әдістемелік 

комиссиясы жастарды рухани адамгершілікке, 

мейірімділікке,  қайырымды  істер  жасауға, 

көмек беруге баулу мақсатында, Тәуелсіздіктің 

25 жылдығы аясында Тараз қаласындағы №2 

қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-

үйінде  «Тәуелсіздіктің белсенді жастары» атты 

акция өткізді. Оқытушылар мен студенттер мекеме 

ауласында шаруашылық жұмыстарын жүргізіп, 

қарттар  мен  осы  мекеме  әкімшілігінің  көңіл 

үдесінен  шықты.  Қоғамдағы  қайырымдылық 

идеяларына қолдау көрсетуге бағытталған шара 

соңында қариялар  батасын беріп, алғыстарын 

жеткізді.



Л.СЕЙТАЛИЕВА,

 «құқықтану» циклдық-әдістемелік 

комиссиясының оқытушысы, заңтану 

ғылымдарының магистрі.

көктей бер, көгере бер!   



ҚазыНа

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1333), 9 қараша  2016 Жыл  //



Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан 

тысқары  жерлерде  де  сенімді  беделге  ие  бола  бастады. 

Өндіріс дамыған сайын, елге шетел капиталының ағыны 

ұлғайып,  отандық  ірі  инвесторлар  пайда  болған  сайын 

ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая 

түсті.Дербес ақша - кредиттік және бюджеттік-салықтық са-

ясатты және тиісінше неғұрлым тиімді макроэкономикалық 

тұрақтылық саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Әрине 

бәрі  оңайшылықпен  орнығып,  қиын-қыстау  кезеңдерсіз, 

кедергісіз болған жоқ. 90-жылдардың ортасында еліміздің 

экономика саласында үлкен қиындықтар болды. Сол кезде 

ескі жүйедегі өндіріс орындары тоқтап жатты. Халықтың 

қаражаты тапшы, қазіргідей көптеген жәрдемақылардың 

түрлері жоқ еді ол кезде. 1997-1998 жылдары бюджеттің кіріс 

бөлігінің тапшылығынан әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар 

уақытылы  төленбеген  кезеңдер  болғаны  жасырын  емес. 

Ол кезде Ұлттық қор жоқ. Дегенмен мемлекет тарапынан 

жүргізілген  бюджеттік-салық  саясатының  нәтижесінде 

түйінді мәселелер толығымен шешімін тауып, қиындықтар 

артта қалды.

Сондай-ақ жаhандық қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық 

валютаның тұрақтылығы мен орнықтылығын  сақтаудағы 

мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізудегі Үкімет тара-

пынан жасалған антикризистік іс-шараларын атап өткеніміз 

жөн. Оның ішінде қаржы секторын тұрақтандыру, шағын 

және орта бизнесті қолдау, инновациялық, индустриялық 

және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Дағдарыс 

салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі қалыптасты. 

Әлеуметтік салаға аса назар аударылды. «Жұмыспен қамту 

жол  картасы»,  «Әлеуметтік  жұмыс  орындары»,  «Бизнес 

-2020»  сынды ілкімді жобалар жүзеге асты.

Соның нәтижесінде отандық экономикамыздың жүйесі 

орнығып, теңгеміз тұрақтанып, инфляция ауыздықталды. 

Екінші деңгейлі банктер тұрғындарға қайтадан несие бере 

бастады. Бүгінде қаржы саласының ахуалы жақсарып, бюджет 

көлемі жылдан-жылға ұлғайып, әлеуметтік-экономикалық 

саланы жақсартуға мол мүмкіншілік қалыптасты.

Тараз қаласына келетін болсақ, бюджет көлемі жылдан-

жылға артуда. Атап айтқанда, мәселен, осыдан 5 жыл бұрынғы 

бюджет көлемі 17,6 млрд. теңгені құраса, бүгінгі күні 37,2 

млрд. теңгеге жетіп отыр. Осының нәтижесінде көптеген 

әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік 

пайда  болды.  Қаланың  инженерлік  инфрақұрылымдары 

жаңартылып, көптеген көшелер күрделі және орта жөндеуден 

өтті.  Бюджет  қаражатының  қомақты  көлемі  және  басым 

бағыты білім, әлеуметтік салаға жұмсалды.

2015  жылмен  салыстырғанда  қаланың  негізгі  ірі 

кәсіпорындары өнім шығару көлемін «Қазфосфат» ЖШС-і 

1,1 есе, «KAZFERRO» ЖШС-і 2,8 есе, «Запчасть» АҚ-ы 

1,6 есе, «Тараз металлургиялық және құрылғылар зауыты» 

ЖШС-і 1,0 есе, «ТаразКожОбувь» ЖШС-і 14,0 есе, «Жамбыл 

керамзит компания» ЖШС-і 1,5 есе, «Центральноазиатская 

сахарная корпорация» ЖШС-і 2,4 есе, «ЖЭС» ЖШС-і 1,1 есе 

және «Темір жол-Жылу» КММ-і 1,13 есе өсірген. 2015 жылы 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен 

10 нысанға 7 млрд. 225 млн. теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы 

жылы  17  нысанға  7  млрд.  630,4  млн.  теңге  ірі  көлемде 

инженерлік инфрақұрылым, білім беру объектілерін салу 

және реконструкциялау жұмыстары атқарылды.

ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының  2015-

2019 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасы  аясында 

Тараз қаласында Индустрияландыру картасына жалпы құны 

11,4 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба еніп, 

бағдарлама қабылданғалы бері (екі жыл аралығында) Тараз 

қаласында 1 жоба пайдалануға беріліп,қалған 5 жобаның 

ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосылуы жоспар-

лануда. Бір жоба бойынша 27 

жаңа  жұмыс  орны  ашылса, 

5  жоба  бойынша  95  жұмыс 

орнының ашылуы күтілуде.

Теңге  –  дербестік  тірегі, 

экономикалық  дербестіктің 

кепілі.  Теңге  өзінің  тари-

хи  функциясын  толығымен 

орындап шықты, әлі де өзінің 

құндылығын  дәлелдей  бер-

мек. Ал теңгеміздің орнықты 

болуы, сонымен қатар, қаржы 

саласының  тұрақты  болуы 

тәуелсіздігімізді  арттыра 

түсетіні хақ.Ұлттық валютаға байланысты Әулиеата жерінде 

орын алған тарихи дерек бар. Ол тұңғыш ұлттық валюта Жам-

был облыстық Ұлттық Банкімен қабылданып, осы жерден 

1993 жылдың 15 қарашасында сағат 8.00-де республиканың 

барлық  аймақтарына  таратыла  бастады.  Осыған  байла-

нысты  Ұлттық  Банктің  облыстағы  филиалының  ұйытқы 

болуымен, қаладағы барлық екінші деңгейдегі банк фили-

алдары ұжымдары бірлесіп «Желтоқсан скверінде» тұңғыш 

валютаның жиырма жылдығына арналған стелла орнатып, 

бүгінде ол қаланың архитектуралық және эстетикалық сәніне 

жарасып, халық сүйсіне қарайтын жеріне айналып отыр.

15  қараша  -  ұлттық  валюта    Теңге  күні.  Қазақстан 

Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби 

мерекесі болып белгіленген. Сондықтан барша қаржы сала-

сында еңбек етіп жатқан қызметкерлерді аталған мерекемен 

құттықтап, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

                

 жеңіс ПӘРІмБЕКоВ, 



Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.

 

„

мемлекеттің тұрақты ұлттық валютасының болуы нарықтық қатынастардың дамуы 



мен елдің экономикалық тәуелсіздігінің негізгі критерийлерінің бірі болып есептеледі. 

1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – Теңге айналысқа енгізілді. бұл 

мемлекетіміздің экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болды. Теңге – біздің 

дербес ел болғанымыздың белгісі. басқаның валютасына тәуелді болу – барлық 

байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік 

деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді 

қамтамасыз етеді.

экОнОмикалық 

ДербесТікТің кепілі

 

„

2012 жылғы 26 қарашадағы №56-V «микроқаржы ұйымдары туралы» қазақстан республикасының 



заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес, микроқаржы ұйымын есептік тіркеу дегеніміз микроқаржы ұйымын 

микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосуды білдіреді.  заңның 27-бабы бойынша, қазақстан 

республикасының Ұлттық банкі уәкілетті орган ретінде микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуін 

жүзеге асырады.

микроқаржы ұйымын есептік тіркеу үшін не қажет?

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу ҚР 

Ұлттық  Банкі  филиалдарымен  мемлекеттік 

қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.

Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу 

тәртібін  жүргізу  Заңмен,  ҚР  Ұлттық  Банкі 

Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №71 

қаулысымен  бекітілген  «Микроқаржылық 

ұйымдарды  есептік  тіркеу»  мемлекеттік 

қызмет стандартымен және ҚР Ұлттық Банкі 

Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы 

№386  қаулысымен  бекітілген  Микроқаржы 

ұйымдарын  есептік  тіркеуден  өткізу  және 

микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу 

қағидаларымен реттеледі.  

Заңның 14-бабына сәйкес, микроқаржы ұйымы 

есептік тіркеуден өту үшін ҚР Ұлттық Банкінің 

филиалына келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтінішті;

2)  жарғылық  капиталдың  төленгенін  рас-

тайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ 

меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің 

сақталғаны туралы ақпаратты;

3) ішкі бақылау қызметі туралы ережені (бар 

болса);

4) микроқаржы ұйымы қызметінің стратеги-



ясын, микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық 

сегментінің айқындамасын, қызмет түрлерін, 

маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспа-

рын, ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін 

ашып көрсететін бизнес-жоспарды;

5)  өтініш  берген  күннің  алдындағы  күнгі 

жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) 

туралы, атқарушы органның бірінші басшысы 

(мүшелері), бас бухгалтер (болған кезде) туралы 

мәліметтерді;

6)  микрокредиттер  беру  қағидаларының 

көшірмесін;

7) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік 

бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 

сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың 

көшірмесін  және  кредиттік  тарихтарды 

қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің 

қатысушыларына  қойылатын  талаптарға 

сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесін береді.

Ұсынылатын  құжаттардың  көшірмелері 

микроқаржы ұйымдарының осындай құжаттарға 

қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының 

қолдарымен және микроқаржы ұйымы мөрінің 

таңбасымен (бар болса) расталады.

ҚР  Ұлттық  Банкі  есептік  тіркеуден  өтуге 

арналған өтінішті құжаттардың толық топта-

масы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс 

күні ішінде қарайды.

Уәкілетті  орган  белгіленген  мерзімде 

м и к р о қ а р ж ы   ұ й ы м ы н   м и к р о қ а р ж ы 

ұйымдарының  тізіліміне  енгізуге  және  оны 

осы шешім туралы хабардар етуге не есептік 

тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша 

түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

Есептік тіркеуден бас тартуға негіз ретінде 

ҚР Ұлттық Банкінің филиалымен микроқаржы 

ұйымы  ұсынған  құжаттарға  құжаттамалық 

тексеру  жүргізу  кезінде  келесі  бұрмалаулар 

анықталған жағдайлар себеп болып табылады:

1) ұсынылған құжаттар заңнаманың талапта-

рына сәйкес келмеген;

2)  анық  емес  мәліметтер  мен  ақпараттар 

берілген;

3) егер микроқаржы ұйымы әділет органда-

рында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) 

күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден 

өту туралы өтініш жасамаған;

4)  егер  микроқаржы  ұйымы  басшысының 

немесе құрылтайшыларының бірінің өтелмеген 

немесе алып тасталмаған соттылығы болған, 

сондай-ақ  уәкілетті  орган  осы  микроқаржы 

ұйымын  тізілімнен  шығару  туралы  шешім 

қабылдағанға  дейін  бір  жылдан  аспайтын 

кезеңде тұлға бұрын микроқаржы ұйымының 

бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болған;

5) берілген микрокредиттер бойынша табы-

стар мен корпоративтік табыс салығының есеп-

телген сомасы көрсетілген, соңғы үш жылдағы 

салық декларациясының көшірмесін ұсынбаған 

жағдайда.

Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, 

микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды 

тұлға отыз жұмыс күні ішінде есептік тіркеуден 

өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін 

жүргізу қағидаларына сәйкес қайтадан өтініш 

беруге  құқылы  немесе  атауын  өзгерту  не 

қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім 

қабылдауға  міндетті.  Уәкілетті  орган  қайта 

берілген  өтінішті  отыз  жұмыс  күні  ішінде 

қарайды.

  Егер  микроқаржы  ұйымы  ҚР    Ұлттық 

Банкінің  филиалында  уақытылы  есептік 

тіркеуден  өтпесе,  онда  микрокредиттер 

ұсыну  қызметымен  айналысуға  құқығы 

болмайтындығын атап өту керек. Сондықтан 

микроқаржы  ұйымы  тіркелген/қайта 

тіркелгеннен кейін заңнамалармен белгіленген 

мерзімде есептік тіркеуден өту үшін барлық 

шараларды қолдануы керек.  

Өтініштерді  қабылдау  «Электрондық 

үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе 

кеңсе арқылы күн сайын жұмыс күндері сағат 

9.00-ден  18.00-ге  дейін  жүзеге  асырылады. 

Осыған байланысты, өтінішті ұсыну үшін ҚР 

Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына келесі ме-

кенжай бойынша тікелей жүгіну керек: Тараз 

қаласы,  Қазыбек  би  көшесі,  137.  Байланыс 

телефоны: 8 7262 45-85-82.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет