Арайлым ШАБДЕНоВА
Иә, 1993 жылдың қазан-қараша ай-
ларында еліміз рубль аймағынан
толықтай шығып, 15 қараша күні теңге
ресми айналымға шыққан болатын.
Республиканың Жоғарғы Кеңесінде
және Үкіметінде өткізілген ұлттық
валютаның атауы туралы кеңейтілген
жабық пікірталастың нәтижесінде
Жоғарғы Кеңестің жоспарлау-бюджет
комиссиясының сол кездегі төрағасы
болған С.Тәкежановтың ұлттық валютаны
теңге, ал оның жүзден бір бөлігін тиын
деп атау туралы ұсынысы қабылданып,
теңгенің дизайнын дайындау құрамында
суретшілер Тимур Сүлейменов (жетекші),
Меңдібай Әлин, Қайролла Әбжәлеловтер
және Ағымсалы Дүзелханов (дизайнер-
лер) бар авторлық ұжымға тапсырылған.
О баста тарихи тұлғалардың бейнесімен
шығарылған ақшалар бертін келе өзінің
дизайнын өзгертті. 1993 жылы алғашқы ти-
ындар қағазбен басылып шыққан болатын.
Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айна-
лымнан алынып тасталып, олардың орнына
монета нысанындағы тиындар айналымға
жіберілді. Жалпы қағаз ақшаға қарағанда,
металл ақшаның тарихы тереңде. Шамамен
алғанда, біздің заманымызға дейінгі XII
ғасырда Қытайда, VII ғасырда Жерорта
теңізі мемлекеттерінде салмағы, көлемі
және қоспаларының құрамы бірдей металл
ақшалар пайда болған. Олар біртіндеп
дөңгелек пішінде жасала бастаған. Монета-
лар – өзіндік ерекшелігі бар және маңызды
тарихи жәдігер. Олар арқылы бізге тарихи
тұлғалардың, түрлі ескерткіштердегі
бейнелердің сурет галереясы жетті.
Қазіргі уақытта мемлекеттер ескерткіш
монеталарды тарихи оқиғаларды, мәдени
ескерткіштерді, көрнекті қайраткерлерді
есте қалдыру үшін, айтулы күндерді атап
өту мақсатында пайдаланады. Керемет
дизайны мен жоғары дәрежедегі соғылу
сапасының арқасында отандық монеталар
халықаралық деңгейде зор жетістіктерге
жетті. Сирек кездесетін металдарды,
асыл тастарды пайдалану, дизайнерлердің
ұшқыр шығармашылығын үйлестіре оты-
рып, көркем соғу отандық монеталарды
әлемдік даңққа жеткізді. Халықаралық
беделді наградалардың коллекциясы-
соның бір айғағы. Шектеулі таралыммен
және бір рет шығарылатын мұндай сирек
монеталар тамаша сыйлық, жақсы инве-
стиция болып табылады, себебі олардың
құны жыл өткен сайын өседі. Біздің
елімізде осы уақытқа дейін ескерткіш
монеталар «Қазақ халық ертегілері»,
«Қазақстанның Қызыл кітабы», «Қазақтың
әдет-ғұрыптары», «Қазақтың ұлттық
ойындары», «Қазақстанның қалалары»
сынды бірнеше сериямен шығарылды. Бұл
нейзельбер қоспасымен, алтын және күміс
сынды бағалы металдардан шығарылған
монеталарды ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстан
теңге сарайы» шығарады. Қазақстандағы
барлық монеталар Өскеменде орналасқан
теңге сарайында дайындалып шығады.
қараша айының алғашқы күні өткен ашық есік күні м.Х.Дулати
атындағы Тарму «экономика» факультетінде білім алатын
50-ден аса студент жастар қалалық кірістер басқармасының
Жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың
ақпараттарын қабылдау, тіркеу және өңдеу орталығы
бөлімдерінің жұмысымен танысты.
Тараздықтардың салық мәдениеті
артып келеді
Ашық есік күні барысында жастар салық
есептілік нысандарын электронды түрде тапсыру,
тоқтату, қайта жалғастыру, қызмет түрін өзгерту,
секілді қызмет түрлері электронды түрде жасала-
тынына көз жеткізді.
- Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы салық қызметінің 32 түрін элек-
тронды түрде көрсетеді. Өткен 9 айда Мемлекеттік
кірістер басқармасы бар қызметінің 87 пайызын
электронды түрде көрсетті. Ал салық төлеушілердің
94,7 пайызы салық есебін электронды түрде
тапсырды. Өткен жылға қарағанда, электронды
есеп өткізетіндер әлдеқайда көбейген. 2016 жылы
электронды есеп-шот жазып беру 3 есеге артқан.
Ал азаматтардың салық мәдениетінің деңгейін
дүкендерден де көруге болады. Өткен жылы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің бастамасымен барлық облыстар
мен қалаларда өткізілген «Түбіртекті талап ет!»
акциясы халықтың салық саясатын жіті түсініп,
өздерінің де тұтынушы ретінде қалыптасқан
құқықтарының барын түсінуге септігін тигізді,-дейді
Жеке кәсіпкерлерді тіркеу, ақпараттарын қабылдау
және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Ғазиз
Рахымбердиев.
Кірісшілердің қазіргі таңдағы басты мақсаты –
салық төлеушілерді салық заңнамаларын мүлтіксіз
орындауға талпындыру. Тараз қаласы аумағында
алкоголь және мұнай өнімдерін сататын 980 салық
төлеуші онлайн режимде мәліметтер қорына ақпарат
беретін функциясы бар бақылау-кассалық машина-
ларын тіркеген.
Жыл басынан бері 383 салық төлеушіге онлайн ре-
жимде мәліметтер қорына ақпарат беретін функциясы
бар бақылау-кассалық машиналарын қолданулары
керектігін ескерту мақсатында хат жолдап, 133
салық төлеуші онлайн режимде мәліметтер қорына
ақпарат беретін функциясы бар бақылау-кассалық
машиналарын қойды. 49 салық төлеуші өздерінің
қызмет түрін өзгертті. 92 салық төлеуші уақытша
қызметін тоқтатып, 124 салық төлеуші әрекетсіздер
қатарына қосылды.
- Мұнда салықтан жалтару деген түсінік болмай-
ды. Демек, билік тарапынан жасалған жағдай салық
мәдениетінің өсуіне сеп болып тұр. Өз кезегінде
мемлекет қазынасы да тола түседі. Ал мәдениеті
жоғары елдің мәртебесі биік болатыны айтпай-ақ
түсінікті, - дейді бөлім басшысы Рауан Қуаныш.
2016 жылдың 9 айының қорытындысымен
мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы
112,4 пайызды құрап отыр, яғни белгіленген 20528,6
млн. теңге болжам сомасының нақты түскені 23081,9
млн. теңге. Немесе 2553,3 млн. теңгеге артығымен
түскенін көрсетті. 2015 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 124,1 пайыз немесе түсімдер 4487,3
млн.теңгеге артқан. Республикалық бюджетке түсуі
тиіс белгіленген болжамдық тапсырма 7486,8 млн.
теңге болса, бұл сома 8651,8 млн.теңге көлемінде
немесе 115,6 пайызға орындалды. Өткен жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 3026,8
млн.теңгеге өсті немесе өсу қарқыны 153,8 пайыз.
Жергілікті бюджет 110,6 пайызға орындалып, яғни
белгіленген болжамдық тапсырма 13041,7 млн.теңге
болса, түскені 14430,1 млн.теңге. Есепті кезеңге
жергілікті бюджеттен 2015 жылдың осы кезеңімен
салыстарғанда түсімдердің өсу қарқыны 1460,6 млн.
теңгені құрады.
Облыстық бюджетке болжам сомасы 7438,3 млн.
теңге болып белгіленсе, нақты түскені 8509,4 млн.
теңге немесе 114,4 пайыз. Ал қалалық бюджетке
берілген болжамдық тапсырма 5603,4 млн.теңге
болса, нақты түскені 5603,4 млн.теңге, яғни 105,7
пайызға артығымен орындалды. Өткен жылдың
есепті кезеңімен салыстырғанда облыстық бюджеттің
өсу қарқыны 113,1 пайыз немесе 987,2 млн. теңгеге
артқан, ал қалалық бюджет бойынша 108,7 пайыз
немесе 473,4 млн. теңгеге түсімдер түскен.
Ашық есік күніне қатысқан студент жастар эконо-
мика және салық саласы бойынша өздерін мазалаған
сұрақтарға жауап алды.
құдайберген ЫРЫСДӘУЛЕТ,
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы.
қазақстан республикасының
Ұлттық банкі 2016 жылғы 29 шілдеде
«банкноттардағы портреттер» монеталар
сериясынан номиналы 500 теңгелік,
«рroоf» сапалы алтыннан және күмістен,
номиналы 100 теңгелік нейзильбер
қоспасынан «Әбілқайыр хан» ескерткіш
монеталарын айналымға шығарды.
қр Ұлттық банкі айналысқа шығарған
монеталары туралы
«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш мо-
неталар коллекциялық құны бойынша сатуға
арналған. Монеталар кәдесыйлық ораумен
шығарылады және мемлекеттік, орыс және
ағылшын тілдеріндегі Қазақстан Республика-
сы Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертифика-
тымен жабдықталған. Монеталардың дизайны
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003
жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта
банкноттары мен монеталары дизайнының
тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Монеталар:
1) 999 сынамды алтыннан жасалған, масса-
сы – 7,78 гр, диаметрі – 21,87 мм, дайындау
сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана;
2) 925 сынамды күмістен жасалған, масса-
сы – 31,1 гр, диаметрі – 38,61 мм, дайындау
сапасы – «рroof», таралымы – 3 мың дана;
3) нейзильбер қоспасынан жасалған,
диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 гр, таралы-
мы – 100 мың дана.
Монеталардың бет жағында (аверсінде)
орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде
монетаның номиналын білдіретін сан алтын
және күміс монетада «500», нейзильбер
қоспасынан жасалған монетада «100» және
«ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ
бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір
деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік
тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және
орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН»
деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі
орналасқан. Монеталардың сырт жағында
(реверсінде)
орталық
бөлігінде
Әбілқайыр
ханның
портреті
бейнелен-
г е н . А й -
налдыра
мемлекеттік
тілде
«ӘБІЛҚАЙЫР
ХАН» деген жазу,
соғылған жылын білдіретін «2016» деген
сан және банкноттан алынған графикалық
элементтер бар. Жоғары бөлігінде моне-
та дайындалған металды, оның сынамын
және массасын білдіретін жазу алтын мо-
нетада «Au 999 7,78 g», күміс монетада
«Ag 925 31,1 g» бар.
Монеталардың бет және сырт жағындағы
бейнелер мен жазбалар бедерленген. Ай-
налдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Респу-
бликасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге
сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
дайындаған.
Монеталарды Ұлттық Банктің Жамбыл
филиалында сатып алуға болады. Мекенжай-
ымыз: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137
үй, тел: 45-16-60, 45-09-92.
мөлдір мАмЫРБАЕВА,
қР Ұлттық Банкі жамбыл
филиалының маманы.
// «Жамбыл - Тараз» // №45 (1333), 9 қараша 2016 Жыл //
ҚазыНа
9
монеталар - өзіндік ерекшелігі бар
және маңызды тарихи жәдігер. Олар
арқылы бізге тарихи тұлғалардың, түрлі
ескерткіштердегі бейнелердің сурет
галереясы жетті.
Теңгелерге Тіл біТсе...
2007 жылы бангкок қаласында өткен
«Currency Conference» валюта конфе-
ренциясында Қолма-қол ақшамен жұмыс
департаментінің бас дизайнері Меңдібай
******'>Әлиннің авторлығымен дүниеге келген 10 000
теңгелік банкнот «ең үздік жаңа банкнот»
сыйлығын иеленді.
******
Қр Ұлттық банкінің ең қымбат монетасы –
VII Азия ойындарына арналған 50 мың теңге
номиналды алтын коллекциялық монетасы.
*****
ең ірісі - күміс «Тұңғыш ғарышкер»
монетасының салмағы 41,4 г, бағасы 15 500
теңге. осы бестіктің ішіндегі ең қолжетімдісі-
«бразилиядағы «FIFA-2014» футболдан әлем
чемпионаты» - 5200 теңге, «бекет-Ата»
ғибадатханасы» және «Сұңқылдақ аққу» күміс
монеталары – 5700 теңге, «д.А. Қонаевтың
туғанына 100 жыл» - 5900 теңге, «Жылан
жылы» 6600 теңге тұрады. Алтын және
күмістен жасалған мерейтойлық және
ескерткіш монеталар 1000-5000 данамен, ал
нейзильбер қоспасынан жасалатын монеталар
50000-100 000 данамен шығарылады.
Олардың дизайнын Ұлттық Банктің банк-
ноттар мен монеталар дизайны бөлімінің
бастығы В.Ивженко басқарған
дизайнерлер
тобы жасайды. Жыл сайын ҚР Ұлттық
Банкінің теңге сарайы қазақстандықтарды,
әсіресе отандық және шетелдік нумиз-
маттарды жаңа ескерткіш монетала-
рымен қуантуда. Қазақстандық ұлттық
валюта үшін мерейтойлық 2013 жылы
18 жаңа монета айналысқа шығарылса,
бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.
Мәселен, осы жылдың қаңтар айынан
бастап бірнеше жаңа ескерткіш күміс
монеталар айналымға шықты. Оның
ішінде тік бұрышты, зерәйнек гүлшоғы
түріндегі композиция бейнеленген
«Монета-сыйлық» монеталар сериясы-
нан «8 наурыз», Олимпиада ойындарын
өткізу жылын білдіретін «2016» белгісі
бар «Баскетбол. Олимпиада ойында-
ры-2016», «Буран» ғарыш кемесінің жер
маңындағы орбитаға шығуы бейнелен-
ген «Ғарыш» монеталар сериясынан
«Буран», туылғанына 100 жыл толуына
арналған «Шәкен Айманов» бейнесі, «Ұлы
қолбасшылар» монеталар сериясынан
«Әмір Темір» және «Дала қазынасы»
монеталар сериясынан «Тайқазан» мо-
неталары бар. Сондай-ақ «Есте қалатын
оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар
сериясынан «Хамит Ерғалиға 100 жыл»
естелік монеталары және «Әбілқайыр хан»
мен «Күлтегін» монеталары жарық көрді.
10
// «Жамбыл - Тараз» // №45 (1333), 9 қараша 2016 Жыл //
БіліМ
бір белесТі бағынДырған
қОс мекТеп
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Аталған мектеп-гимназия өз оқушыларына
есігін 1991 жылдың қазан айында айқара ашқан.
Тәуелсіздік алар тұста білім көкжиегін кеңейте
бастаған мектептің Ы.Алтынсариннің есімімен
аталуы тегін емес. Өйткені мектептің ашылу
салтанаты қазақтың тұңғыш педагогының
150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген.
Сондықтан мектепке ұлы ағартушының есімі
беріліпті.
Ширек ғасырда іргесі бекіп, керегесі
кеңейген, ырысы тасып, бүгінде «мектеп-гим-
назия» статусын иемденген білім ошағының
25 жылдығына орай арнайы салтанатты шара
өтті. Жиынға қалалық білім бөлімінің бас-
шылары, мектептің ардагер ұстаздары мен ең
алғашқы түлектері қатысты. Тәуелсіздігіміздің
25 жылдығымен тұспа-тұс келген мерекелік
шара мектеп оқушыларының орындауындағы
«Егемен Қазақстан» әнімен басталды. Мұнан
соң сөз алған мектеп-гимназия директоры
Дариға Жұмаділова білім ошағының ширек
ғасырда қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі
тыныс-тіршілігі туралы баяндады.
- Биыл мектебіміз Тәуелсіздікпен қатар өз
25 жылдығын атап өтіп жатыр. Өмірде
өшпейтін іс – балаға берген білім, мейірім,
қамқор пейіл екен. Әр жыл сайын мектептен
түлеп ұшқан шәкірттер ұстаз еңбегін ақтап, аға
буын салған жолды абыроймен жалғастырса,
мектептің ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның
мақтанышына айналса, біз үшін қуаныш
сол. 25 жылдық тарихы бар мектеп-гимназия
ұстаздары, егемен елдің бәсекеге қабілетті
азаматтарын тәрбиелеуде қиын да қызықты
жұмыстарымызды әрі қарай жоғары деңгейде
жалғастыра береміз, - дейді мектеп басшысы.
Салтанатты шарада мектептің қалыптасуына
білімі мен күш-қуатын сарп еткен, алтын ұяның
алғашқы басшысы болған, марқұм Ғалым
Агисов бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Аталған мектепке әр жылдары басшылық
еткен және қызмет жасаған ардагер ұстаздар
сахна төріне көтеріліп, білім ошағы туралы сыр
шертті. Сондай-ақ еліміздің әр жерінде еңбек
етіп жүрген түлектері білім алған мектептеріне
жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымына
шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде
мектеп мұғалімдері мен өнерлі оқушылары
салтанатты шараны әсем әндерімен ажарлан-
дырып, көркем билерімен көріктендіре түсті.
25 жыл ішінде мектеп-гимназияны 1886
оқушы бітірген болса, оның 79-ы «Алтын
белгі» төсбелгісіне, 6-ы үздік аттестаттарға
ие болған. Қазіргі таңда мектеп-гимназияда
1814 оқушыға 174 мұғалім білім береді. Со-
нымен қатар, 2010 жылы мектеп жанынан 100
балаға арналған «Күншуақ» шағын орталығы
ашылып, мектепке дейінгі білім беру үстінде.
Бүгінде білім ошағының жеткен жетістіктері
де ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен,
өткен оқу жылының қорытындысы бойынша
«Чемпиондар мектебі» аталымын жеңіп алған
болса, қаладағы 59 білім беру мекемелерінің
рейтинг көрсеткішінде алғашқы 5 мектептің
қатарында. Сондай-ақ биылғы мектеп бітіруші
оқушылардың 92 пайызы жоғары оқу орында-
рына түссе, оның 33 пайызы оқу гранттарын
жеңіп алған. Мектеп оқушылары облыстық,
халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми
Оқушыларға озық білім мен саналы тәрбие беруде алдыңғы қатардан көрініп
келе жатқан ы.алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясына 25 жыл.
№8 гимназияда қаладағы жаратылыстану-математика бағытындағы
пәндердің мұғалімдері бас қосты.
инновациялық даму – білім саласында
Сейділдә ТӨРЕН
Тараз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің ұйымдастыруымен
Төле би атындағы №8 гимна-
зияда жаратылыстану-матема-
тика бағытындағы пәндердің
мұғалімдері үшін «Инновациялық
Қазақстан: әлемнің 30 дамыған
мемлекетінің қатарына ену»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
орай ұйымдастырылған шараға
қ а л а л ы қ б і л і м б ө л і м і н і ң
әдіскерлері, қаламыздағы жоғары
оқу орындарының оқытушылары,
жалпы білім беретін мектептердің
ұстаздары қатысты.
Жиынды Төле би атындағы №8
гимназияның әдіскері Гүльфия
Жолдасова ашып, жүргізіп отыр-
ды. Ол ұстаздар қауымын келе
жатқан Тәуелсіздік мерекесімен
құттықтап, өткізіліп отырған
ш а р а н ы ң м а ң ы зд ы л ы ғ ы н а
тоқталды. Келесі кезекте аталған
гимназия директорының орынба-
сары, тарихшы Әзімбай Әлішер
тәуелсіздігімізді жариялаған
мерзім ішінде көптеген елеулі
табыстарға қол жеткізгенімізді
айта келіп, қастерлі құндылығымыз
болып саналатын егемендіктің
баяндылығы және ұлттық мүдде
жолында жұдырықтай жұмылып
қызмет етуіміз керектігін атап
өтті. Шара барысында Әзімбай
Әлішердің, №1 гимназияның
жоғары санатты физика пәнінің
мұғалімі Гүлмира Помашеваның,
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ
классикалық гимназияның хи-
мия пәнінің мұғалімі Алтынкүл
Қалдарованың, Пушкин атындағы
№41 көп салалы гимназияның
химия пәнінің мұғалімі Виктория
Непшаның тақырып аясындағы
баяндамалары тыңдалды.
Мектептің кешегісі мен бүгінгісі. суретті түсірген г.есмаханова
жоба жарыстарына, түрлі мәдени-спорттық
байқауларға да үздіксіз қатысып, жүлдесіз
қайтқан емес.
Бір айта кетерлігі, мектеп-гимназия ұлы
ағартушы Ы.Алтынсариннің ұлы мұрасын
зерттеу және насихаттау мақсатында қала
көлемінде «Ы.Алтынсарин оқулары» байқауын
жүйелі түрде 2 жылда бір рет өткізіп тұрады
екен. Биыл бұл шара ұлы педагогтың 175
жылдық мерейтойына орайластырылыпты.
Байқауға қала мектептерінен 135 оқушы
қатысып, 63 оқушы 4 аталым бойынша
жүлдегер атанған.
шағын ортадағы үлкен шара
Білімнің бастауы һәм қайнар көзі – баста-
уышта. Облыс орталығындағы бастауыш
мектептердің бірегейі №58 бастауыш мектебі
«Қызыл Абад» шағын ауданында орналасқан.
1986 жылдың қазан айында шағын ғана
ауылдың балаларына білім бере бастаған мек-
теп алғашқы жылдары Жамбыл ауданының
білім бөлімі Құмшағал орта мектебінің бір
бөлігі ретінде жұмысын бастаған. Кейіннен
тікелей ауданның білім бөліміне қарап,
бастауыш мектеп ретінде құрылған. Мек-
теп алғашқыда 2 мұғалім, 1 қызметкерімен
шағын ауыл балаларын 4 жылдық білім
нәрімен сусындатқан. Бастапқыда кадр
жетіспеуіне байланысты бір мезетте екі сы-
ныпты қатар оқытқан екен. Аталған мектептің
алғашқы меңгерушісі Оразкүл Телғазиева
бастауыш білім беру ошағының ыстығына
күйіп, суығына төзген жандардың бірі.
Мұнан кейінгі жылдары мектепке Нұржамал
Бурнакова, Ақмарал Даукуловалар басшылық
етіп, аядай ғана мектептің аяққа тұруына
өзіндік үлестерін қосқан. 2012 жылы «Қызыл
Абад» шағын ауданы Тараз қаласының
аумағына кіріп, мектеп «№58 бастауыш
мектебі» болып өзгертілді. Бүгінде мектепке
Әлия Мамбеталиева меңгерушілік етеді. Онда
қазіргі таңда 9 мұғалім 70-ке жуық оқушыға
білім беруде. Мемлекеттің білімге деген зор
қолдауының арқасында бастауыш мектеп
қабырғасын нықтап, керегесін кеңейтіп
келеді.
Білім беру ошағының 30 жылдық мерейтой-
ына орай мектеп ардагерлері мен мұғалімдері
өткенге салауат айтып, дастархан басында бас
қосты. Сондай-ақ шараға ауыл қариялары да
шақырылып, мектептің өткені мен бүгінін
әңгімеге арқау етті. Онда бастауыш мектептің
алғашқы меңгерушісі, зейнеткер Оразкүл
Телғазиева өткеннен сыр шертті.
- Мен бастапқыда Құмшағал орта мектебінде
қызмет ететін едім. Ол кезде қазіргідей
көліктің қолжетімді кезі емес. Қызыл Абадтан
Құмшағал ауылына дейін оқушыларыммен
жаяу қатынайтын едік. Қыстың көзі қырауда
бастауыш сыныптың оқушылары да соншама
жерді омбы қарды кешіп, барып келетін. Уақыт
өте келе өзіміздің ауылдан бастауыш мектептің
кірпіші қаланып, жағдайымыз жеңілдене түсті.
Бұл мектептің ашылуының арғы жағында
қаншама адамның өлшеусіз еңбегі жатыр. Оны
ұмытуға әсте болмайды, - дейді ардагер ұстаз.
Сондай-ақ ол мектептің бүгінгі кескін-келбеті
мен білім беру үдерісіне көңілі толатындығын
жеткізіп, мектеп ұжымына ақ батасын берді.
Сөз кезегінде мектеп меңгерушісі Әлия
Мамбеталиева оқу ошағының жеткен
жетістіктері мен бүгінгі тыныс-тіршілігі ту-
ралы хабардар етті.
Отырысқа қатысушылар 12
жылдық білім беруді кезең-кезеңімен
енгізу, заманауи мектептердегі
технологиялардың мазмұны мен
өзгерістерінің инновациялық сипат-
тарын қосымша білім беру есебінен
күшейту мәселелері төңірегінде ой-
ларын ортаға тастап, пікір алмасты.
Пікірлер тоғысқан алаң. суретті түсірген н. Тұрғынбек