4
g. hantaniri@mail.ru.
2014 —Жылқы жылы, сенбі, 22 қараша
Заң және Сана
ЖАҢА ҚАДАМ— ЖАҢА ҮЛГІ
2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңадан шығарылған
қылмыстық заңнаманың және қылмыстық сот өндірісінің,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың және
қылмыстық атқару жүйесі бойынша, жаңадан қабылданған
заңнамалар қолданысқа енеді. Осыған орай, ауданымыздың әр
азаматы аталған заңнамалармен танысып, өзінің құқығын қорғай
білсе еліміздің өркениеттігі мен құқықтығы нығая түсер еді.
Қолданысқа енетін қылмыстық іс жүргізу кодексінің 180
бабы 3-бөлігінде, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар
мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ, сотқа
дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүргізу тәртібін Қазақстан
Республикасының Бас Прокуроры айқындайтыны көрсетілген.
Осы нормаға сәйкес Бас Прокурордың 2014 жылғы
22 тамыздағы №9/15 санды «Қылмыс туралы арыздар мен
хабарламаларды қабылдау тәртібі туралы» нұсқауы (әрі қарай -
Нұсқау) қабылданған.
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларда көрсетілген
мәліметтердің толық әрі жеткілікті болуы қылмыстық іс қозғау
туралы Заңды шешімді дереу қабылдау үшін өте маңызды. Тәжірибе
көрсеткендей, қабылданған арыздар мен хабарламалардың
басым көпшілігі бірнеше сөйлемдерден құралып, арыз берушілер
өздерінің толық анкеталық деректерін, тұрғылықты мекен-
жайын және басқа да қажетті мәліметтерді көрсетпейді. Сонымен
қатар, арызданушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 351-бабына сәйкес көрінеу жалған сөз жеткізу үшін
қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы кейде ескертілмей
қалады.
Осыған орай, Бас Прокурордың нұсқауымен жасалған және
дайындалып жатқан қылмыс
туралы арыздардың жаңа үлгісі
бекітілді.
Жаңадан енгізілген әдісті саралаудан өткізу мақсатында осы
жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап қылмыс бойынша арыздар
мен хабарламаларды жаңа үлгілері бойынша қабылдау жүзеге
асырылуда.
Бұл үлгіде жасалған және дайындалып жатқан қылмыстар
туралы толыққанды деректер ( жасалған қылмыстық әдіс-тәсілі,
уақыты мен орны), болжамды қылмыскер ( мекен-жайы, сыртқы
келбеті және ерекше белгілері, қылмыс жасаудың болжамды
себептері және т.б ), қылмыстан келген зардап ( алған дене
жарақаты туралы толыққанды сипат, залал шығыны, ондағы әрбір
қылмыскердің рөлі, т.б.) заттай дәлелдемелер (қылмыскердің
немесе қылмысқа қатысты заттардың, киімдер мен қалдырылған
іздер және т.б.), қылмыстың куәгерлері немесе көрген адамдар
(анкеталық деректер, мекен-жайы т.б.) – мұның барлығы
қылмысты ашу үшін заңды тұрғыда шешім қабылдауға, сондай-
ақ қылмысты тергеу мен ашу жұмыстарының тиімділігін арттыру
үшін маңызы зор.
Бүгінгі күні, жасалған және дайындалып жатқан қылмыстар
туралы арыздың үлгілері аудандық прокуратура және аудандық
ІІБ-нің ғимараттарында ілінген, бұл үлгімен танысуға толық
мүмкіндік бар.
Осыған орай, аудан халқына өз құқығыңыз бен міндеттеріңізді
біліп, оларды қорғау Сіздердің еркін өмір сүрулеріңізге әбден
септігін тигізеді демекпіз.
Т. ТөЛеГенов,
аудан прокурорының орынбасары,
кіші әділет кеңесшісі.
Қылмыстық Кодекс
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – Қазақстан
аумағында қылмыстылық пен жасаған әрекеттің жазалануын белгілейтін
Қазақстанның қылмыс құқығының негізгі және жалғыз көзі. Бәрімізге
белгілі Елбасы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінің
редакциясына қол қойды. Аталған Қылмыстық Кодекс 1998 жылдан бері
қолданыста болған бұрынғы Қылмыстық Кодексін алмастырып, 2015
жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Қылмыстық Кодекстің
жаңа редакциясы Жалпы және Ерекше бөлімге бөліне отырып, бүгінгі күні
тәжірібиедегі сұранысқа жауап беретін құрылымын сақтаған.
Жалпы бөлімде 7 бөлім, 98 бап қарастырылған, аталған бөлімде
қылмыстық жазалаудың жаңа түрлері, қылмыстық жауапкершіліктен
босатудың негіздері және тағы басқа өзгерістер көрсетілген.
Ерекше бөлімде 18 тарау 369 бап, салыстырар болсақ қазіргі
қолданыстағы кодекстен 57 бапқа көп, оның ішінде 24-і қолданыстағы
Қылмыстық Кодекспен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде
бұрын соңды болмаған. Жалпы жаңа Қылмыстық Кодексте 467 бап
қарастырылған.
ҚР Қылмыстық Кодексінің жаңа редакциясының ерекшеліктерінің
бірі – «қылмыстық теріс құлық» жаңа түсінігінің пайда болуы.
Қылмыстық теріс құлық екі өлшем бойынша белгіленетін болады:
жасалған қылмыстың қоғамдық қаупі және жаза, айыппұл және
әкімшілік қамау түрінде жаза көзделген. Осыған байланысты, айыппұл
ықпал шараларын және әкімшілік қамауды көздейтін осы құқық
бұзушылықтардың бөлігі қылмыстық теріс құлық ретінде Қылмыстық
Кодекске көшірілетін болады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық
кодексінен қылмыстық теріс құлыққа 58 әкімшілік құқық бұзушылық
енгізілді. Жалпы барлығы 171 қылмыстық құлық көзделген, оның ішінде
58 –і әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің құрамынан, 9 жаңа, 104 аса
ауыр емес қолданыстағы қылмыс құрамы келтірілген.
«Қылмыстық теріс құлық» институтының енгізілуі бұл қылмыстық
алдын - алудағы жұмысты күшейтіп, оның қоғамдық қауіптілік шегін
нақтылайды, тиісінше жазасында.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың (құлықтардың және
қылмыстардың) қос буынды жүйесі барлық Еуропалық елдердің
– Германия, Испания, Австрия, Голландия, Норвегия, Чехия, Албания,
Литва, Латвия, Түркия және тағы басқа Қылмыстық Кодекстерімен
көзделген. Қылмыстық теріс құлық жасағаны үшін жеңіл жазаның көп
түрлері қарастырылған, алдымен қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ, ең аз
ескіру мерзімі және соттылықтың болмауы.
Сонымен, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтардың қылмыстық-
құқықтық салаға өтуі соттылықтың өсуіне әсерін тигізбейді. Жалпы,
Қылмыстық Кодекстің жаңа редакциясы қылмыстық заңнаманы
ізгілендіруге және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті
қалыптастыруға бағытталған.
Талғат АбеКов,
аудан прокурорының аға көмекшісі,
1-сыныпты заңгер.
«бІЛе ЖҮрГен Жөн»
2015 жылдың 1-ші қаңтарына бастап, жаңадан қабылданған
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Кодексі күшіне енбек.
Аталған кодекс – Қазақстан аумағында әкімшілік құқық
бұзушылықпен жасаған әрекеттің жазалануын белгілейтін
Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық кодексі негізгі
көзі. Бұрынғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін
алмастырып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа
редакциясы жалпы және ерекше бөлімге бөліне отырып, бүгінгі
күні тәжірибедегі сұранысқа жауап беретін құрылымын сақта-
ған.
Осыған байланысты, айыппұл ықпал шараларын және
әкімшілік қамауды көздейтін осы құқық бұзушылықтардың
бөлігі қылмыстық теріс құлық ретінде Қылмыстық
Кодекс
ке
көшірілетін болады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық
кодексінен қылмыстық теріс құлыққа 58 әкімшілік құқық
бұзушылық енгізілді. Жалпы барлығы 171 қылмыстық құлық
көзделген, оның ішінде 58 –і әкімшілік құқық бұзушылық
кодексінің құрамынан, 9 жаңа, 104 аса ауыр емес қолданыстағы
қылмыс құрамы келтірілген.
Сонымен, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтардың
қылмыстық-құқықтық салаға өтуі соттылықтың өсуіне әсерін
тигізбейді. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің жаңа редакциясы кез- келген құқық бұзушылықтарға
мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.
р. САяТ,
аудан прокурорының көмекшісі.
ЖАҢА зАҢ АяСынДА
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi-
адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi,
қоғамдық тәртiп пен қауiпсіздiктi, мемлекеттік билiктi жүзеге асырудың
белгiленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен
мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ, олардың
жасалуының алдын алу.
Ағымдағы жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы әкімшілік-деликттік
заңнаманы жаңарту мен жаңғыртуға, азаматтардың қорғалуын және
мемлекеттің мүддесінің құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғалуын
арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексіне қол қойды. Жаңа редакциядағы Кодекс
мынадай негізгі бағыттарды іске асыру арқылы әкімшілік заңнаманы
реформалауға бағытталған. Бірінші. Шағын бизнеске қолдау көрсетуді
көздейтін ізгілендіру. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері
үшін айыппұлдар мөлшерлері орта есеппен екі есе азайтылды.
Сондай-ақ, әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы
кеңейтілді. Екінші. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға
уәкілеттік берілген органдардың құзыреті қайта қаралды.
Атап айтқанда, санкцияларында айыппұл түріндегі әкімшілік
жаза көзделген баптар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына
беру жолымен соттардың жұмысы жеңілдетілді. Үшінші. Әкімшілік
жауаптылыққа тарту рәсімін жаңғырту. Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу егер адам әкімшілік құқық
бұзушылық жасалған жерде хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша
айыппұл төлеу жүргізген жағдайларда қысқартылған іс жүргізу енгізіледі.
Яғни, адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіседі, өз кінәсін
мойындайды және өз еркімен айыппұл төлеуге дайын және ешқандай
наразылығы жоқ. Бұл ретте қысқартылған тәртіп үшін адамға хаттаманы
тапсырған кезден бастап жеті күндік мерзімде айыпұлдың жалпы
сомасынан 50 пайызын төлеуге мүмкіндік беру түрінде үйлестіруші тетік
көзделген. Адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіспеген
жағдайда, іс жалпы тәртіппен қаралады.
Сыбайлас жемқорлыққа бейім факторларды жою мақсатында,
сондай-ақ, қысқартылған іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін айыппұлдың
нақты айқындалған мөлшері көзделген. Өндіріп алудың қалған барлық
түрлері қатыстық-айқындалған (екі жақты) ретінде сақталған.
Судьяға, органға (лауазымды адамға) жеңілдететін мән-жайларды
белгілеу кезінде жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын
жалпы соманың 30 пайызына дейін қысқартуға мүмкіндік беретін
норманы енгізу аса елеулі жаңашылдықтардың бірі болып табылады.
Жаңа редакциядағы Кодекс 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі
К. КозыбАКовА,
аудандық әділет басқармасының бас маманы.
Әкімшілік құқық бұзушылық
Қазақстан Республикасының
жылжымайтын мүлікке құқық-
тарды мемлекеттік тіркеу жұмысын
ұйымдастыру қызметі туралы
көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға
жиырмадан отызға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеліп соғады.
Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін Актілерді мемлекеттік
тіркеу Қазақстан Републикасының 2003 жылғы № 442 жер кодексінің 4
бабының 1-2-3-4- тармақтарында көзделген тәртіпте жүргізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009
жылғы 30 наурыздағы № 428 – Қаулысымен бекітілген жедел тәртіппен
жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеге
тіркегені үшін алынатын алым ставакалары белгіленген.
Қаулы 30 наурыз 2009 жылы шығарылған болатын. Жеке және заңды
тұлғалардың өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды
және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жеделдетілген
тәртіпте екі жұмыс күні ішінде жүргізілуі үшін төленетін алымдар
белгіленген.
Жедел тәртіппен жылжымайтын мүлікке құықтарын тіркеу үшін
бір жеке тұлға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік
алым төлейді, ал заңды тұлғалар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
алым төлейді. Сондай ақ: 1. Меншік, шаруашылық жүргізу, жедел
басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану, құқықтарының
туындауын тіркегені үшін алым төлеген күні қолданыстағы есептік
көрсеткіш бойынша алым ставкасы белгіленген. 2. Көп пәтерлі тұрғын
үйге, шаруашылық құрылыстарына, құқықтарының туындауын тіркегені
үшін алым төлеген күні қолданыстағы есептік көрсеткіш бойынша алым
ставкасы белгіленген. 3. Гараждарға, құқықтарының туындауын тіркегені
үшін алым төлеген күні қолданыстағы есептік көрсеткіштің 50 пайызы
алым ставкасы белгіленген.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу базасына тексеру
жұмыстарын жүргізү мақсатында: аудан тұрғындарына , жылжымайтын
мүліктерінің құжаттарына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу
үшін, Райымбек аудандық Әділет басқармасының 5- кабинетіне келуін
сұраймыз. Өзімен бірге жеке куәлік, және жылжымайтын мүліктерінің
құжаттарын алып келуі тиіс.
еркін МурАДиЛов,
әділет басқармасының
инспекторы.
Заңы мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қатынастарға
қолданылады. Бұл заң 7 тарау, 61 баптан тұрады. Аталмыш заңның 21-
бабында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге» құжаттар қабылдау көрсетілген. Ал
24- баптың 3- ші тармағында көрсетілгендей – тазартып не қосып жазу
сызылған сөздер келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған
құжаттар қабылданбайды.
25- ші баптың 2-3-5- тармақтарында көзделгендей:
Нысандары мен мазмұндары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келмейтін құжаттар, өтініш нысандары дұрыс
толтырылмағанда қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу» туралы
Заңы 26 шілде 2007 жылы шыққан. Аталған заң мүлікке құқықтарды
және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу саласындағы
мақсаттарды , міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
Бұл Заңның 9 бабының 1-2-3- тармақтарында көрсетілгендей
тәртіпте жүзеге асырылады. 1. Осы баптың 1-тармағында - адам құқық
(құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдылық факт басталған, оның
ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі берілген сәттен
бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен
жүгінуге тиіс. 2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың
1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының
заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 3. Өткізіп алған мерзімді
қалпына келтіру сот жүзінде іске асырылады.
Алайда Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-
бабының 1- тармағына сай құжат иесінің кінәсінан өткізіп алған мерзімді
сот арқылы қалпына келтіре алмайды, яғни, алты ай мерзімі өткен
құжаттарды тіркеу туралы өтініш бере алмайды.
Сонымен қатар, 26 шілде 2007 жылы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексі 354-3 бабымен толықтырылған.
Аталған бапта: жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен
жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің
«жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу» туралы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген мерзімін бұзуы – жеке тұлғаларға айлық есептік
2014 жылдың 3 тоқсанына әлеуметтік жәрдемақыларды
тағайындауда негізге алынатын көрсеткіштер жайлы
Қазақстан
Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің 2014 жылғы
11 қыркүйектегі № 73 бұйрығы
бойынша,
2014
жылдың
4
тоқсанына арналған кедейлік
шегі Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігі
өткен тоқсанға есептеген ең
төменгі күнкөріс деңгейінің 40
пайызы мөлшерінде анықталды.
Алматы облысы бойынша 2014
жылдың 3 тоқсанында ең төменгі
күнкөріс деңгейінің шамасы 21142
теңгені құрайды.
Осыған
сәйкес,
Алматы
облысы бойынша 2014 жылдың
4 тоқсанына мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмекті тағайындау
үшін кедейлік шегі 8457 теңге
(21142 х 40%) мөлшерінде және
балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік
жәрдемақы
тағайындау
үшін
азық-түлік
себетінің құны 12685 теңге (21142
х 60%) мөлшерінде анықталды.
Райымбек ауданы бойынша
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі, 2014 жылдың
4 тоқсанына мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмекті және балалы
отбасыларға берілетін мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау кезінде осы
көрсеткіштердің негізге алынып,
есептелінетіндігін ескертеді.
Аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
әлеуметтік бағдарламалар
секторы.
Хантәңірі
5
g. hantaniri@mail.ru.
2014 —Жылқы жылы, сенбі, 22 қараша
Мемлекеттік бағдарламалар аясында: Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнесті дамыту— ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік
жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай
айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы
да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4
миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті
және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр.
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ.
Тасбұлақтың бел баласы
кәсіпкер Бақытжан Асқарбаев туралы бір үзік сыр
Егер сен біреудің қол астында
жұмыс істесең, онда оның екі
жағы бар. Яғни, біріншіден, ол
оңай. Өйткені сен оған арқа
сүйей аласың. Екіншіден, қиын.
Өйткені сен оған тәуелдісің.
Біздің заманда кәсіпкер болу
дегенің ол өзі би, өзі қожа болу.
Жақсы болып жарқырап атың
шығып мерейің өссе де, жаман
болып ісің өнбесе де өзіңнің
маңдайыңнан көресің. Бүгінде
жеке кәсіп ашып, оған бел шешіп
кірісу екінің бірінің қолынан
келмейді. Бұл кәсіпке жүрегінің
түгі бар, қанында батылдық
пен қайсарлық ойнаған, рухы
күшті адамдар ғана бара алады
деп ойлаймын. Ал жүрексінген
адамның ісі алға баспайды.
Оның болашағы да жоқ деген
сөз. Сондықтан да өзіңе-өзің
сенсең ғана арбаңды сүйреп алға
шығасың. «Не көрсем де өзімнің
маңдайымнан көремін, тәуекел»
деп белін буып, көзін жұмып,
қолын алға созған адам ғана
көздеген мақсаты мен мұратына
жетеді. «Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей» деген
Абай атамыз. Мына заманда адал
еңбек етіп, маңдай терін төккен
адам ғана ел экономикасын
көтеруге атсалысады.
Бақытжан да текті әулеттен
шыққан жан. Әкесі Асқарбаев
Мырзағали
есін
білгеннен
зейнетке шыққанға дейін ел
алдында жүріп, халыққа жақын
болып,
мал
шаруашылығы
саласында
талай
жылдар
тер төккен. Талды, Тасбұлақ
ауылдарында
зоотехник,
ферма
меңгерушісі
болып
жүріп ауылдың экономикасын
көтеруге, мал шаруашылығын
өркендетуге зор үлес қосқан
бірден-бір басшы осы кісі
екен. Сол шақтарда алдыңғы
орыннан көрінетін ауыл жайлы
айтатындар әлі де баршылық.
«Жақсы адамның ішіне аттылы
арба сияды» деген атадан қалған
асыл сөз осы Мырзағали ағаға
арналғандай
еді.
Төңірегіне
шапағатын
шашып,
көптің
құрметіне бөленіпті. Ақкөңіл,
қолы ашық, асқан мейірбан
аға өзінің ыстық ықыласы мен
жылы жүзінің арқасында халық
арасынан өзіндік орнын тауып
үлкен беделге ие болған кісі. Ол
ешқашан жазықсызды қаралап,
артынан ғайбат сөз айтпаған,
қызметін жеке басының мүддесіне
пайдаланбаған, қара халықтың
ғана жағдайын ойлаған арлы да
әділ басшы болған. Осындай
жақсы қасиеттері, адамдармен
тіл табыса білуі, оларға деген таза
пиғылы тек жақсы азамат ретінде
ел есінде қалуына септігін тигізіп,
«Асқарбаев»
деген
атының
өзімен ауыл адамдарының есінде
сақталып қалған ірі тұлғалы
азамат, білгір басшы, қарапайым
халықтың шынайы жанашыры
болған жан еді.
ХХХ
Ал «бастықтың баласы»
атанып жоқшылық көрмеген
Бақытжанның оқуға келгенде
онша қыры болмады. Ақыры
орта
мектепті
де
бітірмей
тастап кетті. Десе де бүгінгі күні
елден қалмай, көштен шықпай
жүріп
келе
жатқандығына
ата-анасының берген тәлім-
тәрбиесінің үлкен ықпалы болды
деп ойлаймын. Оның оқуға деген
құлшынысы болмаса да еңбекке
деген ынтасы бала кезінен-ақ
көрініп тұратын. Оқыса оқып-ақ
кетер еді ғой. Бірақ оқуға пиғылы
болмады.
Сөзшең
болатын.
«Аяқтыға жол, ауыздығы сөз
бермейтін» шешендігі әлі де
сақталған. Тасбұлақ бастауыш
мектебін бітірген соң Қарқара
орта мектебінде оқуымызды
жалғастырдық.
Нарық заманы туып, ел
дүрбелеңге ұшырағанда ол белін
бекем буып өзінің жеке кәсібімен
айналыса бастады. Бала кезінде
осындай
кәсіпкерлікпен
айналысамын деп ойлаған емес
екен. Бұл кәсіпке оны өмірдің
өзі итермелеп, үйретіпті. Қазір
оқып, жоғары білім алған
дипломы барларыңның аузын
бірақ
ұратындай
жағдайда.
Аты ауданға белгілі кәсіпкер.
Ұйымдастырушылық қабілеті де
зор. Марқұм әкесі Мырзағали
аға пәлен жыл еңбек еткен, терін
төгіп, жанын салып басқарған
шағын ауылды басқаратындай,
шыр көбелек етіп айналдырып
әкететіндей-ақ
қабілеті
бар
еді. Бірақ сол оқымағандығы
кесе көлденеңдеп алдынан
шықты. Әттең оқымай қалғаны
болмаса нағыз ауыл емес аудан
басқаратын-ақ басшы болар
еді. «Үлкенге сәлем берсең
көргендігіңді танытасың, ал
жолын кеспесең тәрбиелігіңді
танытасың» деген жақсы сөз бар.
Бақытжан да осындай ұлағатты
сөздерді құлағына құйып өскен,
үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсете алатын, қолынан келсе
жақсылығын аямайтын және де
сол жасаған жақсылықтары үшін
ешкімнен де ақы сұрамайтын
нағыз ақкөңіл, пейілі кең, жаны
жомарт
жан.
Балаларының
ішінде әкесіне көп ұқсайтын
осы Бақытжан болды. Мінезі
ардың-гүрдің болғанымен, өзі
істің адамы. Тасбұлақтың қайнап
шығатын бастауынан су ішіп,
жайнап шыққан ұл-қыздардың
бірі және бірегейі. Қазір ол
жерде қалып жатқан жоқ, елдің
алдында жүр. Кәсіпкерлікпен
айналысып
аудан
бойынша
алдыңғы қатардан көрініп келеді.
111 гектар жерге күздік бидай
ексе, 74 гектарға шабындық, 91
гектар жайылымдық, 17 гектарға
картоп егетін ол еңбектің көзін
тапқан. Ащыдағы мал қорасында
төрт түлікті өсіріп жатыр.
Жесең ет, ішсең сусын, мінсең
көлік болатын үйірлі жылқысы
мен табын сиыры, қора толы
қойлары алты ай қыс бойы
Ащыны қыстап шықса, көктем
шығып, жаз басталысымен-ақ
Иірсуға қарай жөңкіледі. Ата-
қонысы болған Тасбұлағын есте
қалдыру мақсатында Көкбиіктен
жайылымдық жер алып, жаз
жайлауы жасап отыр. Оның
Ащыдағы жылы мал қорасын
көріп-ақ берекелі шаруашылық
иесі екенін білуге болады.
Малшылары өздеріне арнайы
салынған биік те кең, жарық
та жайлы ақ үйде тұрып жатыр.
Апта сайын шомылып, кір-
қоңдарын жуатын моншасы да
дайын. Осыған қарап осы күнгі
малшылар да бақытты шығар
деп ойлаймын. Жайлауға шықса
Қытайдың күннен нәр жинайтын
аппараты арқылы жұмыс істейтін
теледидары бар. Таң атқаннан
кеш батқанға дейін таспаға
жазылған әсем әндерді тыңдап,
кешкісін жантайып жатып түрік,
корей, үнді халқының сан түрлі
телесериалдарын көре алады.
Электр қондырғымен (движок)
үйінің іші жап-жарық болып,
нұрланып тұрғаны сол. Жайлауға
барып демалғысы келгендерге
арнап алып қойған алты қанат
ақ үйі тағы да дайын. Ал қаладан
келетін
жора-жолдастарына
арнап қазіргі заман үлгісінде
салған Ащыдағы еңселі үйі
келген адамның көзін өзіне
тартып тұрады.
ХХХ
Өмір болған соң әрқандай
жағдайлар болады. Қуаныш пен
қайғының қатар жүретіні тағы
белгілі. «Тау теке тауға шықпаса
тұяғы қышиды» дегендей біреуге
қол ұшын бермесе жаны жай
таппайтын
Бақытжан
той-
томалақ болсын, өлім-жітім
болсын екі қолын түріп жіберіп
соның бел ортасында жүреді.
Қолғабысын жасайды, жәрдемін
береді. Ол жары Қарлығаш
екеуі Ермек пен Ерсін атты
ұлдарды өмірге әкеліп, бақытты
ғұмыр кешуде. Қарлығаш тау
құлап, тас жарылып жатса да
бір қозғалмайтын, салмақты,
артық сөзге жоқ жан екен. Ол
Бақытжанның бағына кездескен
ғой. Құйындай ескен жарының
бабын тауып, балаларын бағып,
үйін үй, күйін күй етіп отырған
осынау замандасыма қарап еріксіз
сүйсінемін. Ол қанша шаршап,
қалжырап жүрсе де қабағын
шытпай,
жайдары
қалпын
сақтап
тірлігін
жалғастыра
береді. Айлап Алматыға кеткен
Бақытжанды жоқтатпай, бала-
шағасы мен мал-жанына ие
болып Ащы мен Қарқараның
арасында шауып жүріп жатыр.
Ол Бақытжанның жыртығына
жамау, жанына жалау болып
жүрген жанға ұқсап тұрады.
Сосын бір байқағаным, оның
келіндеріне, яғни абысындарына
деген ниетінің түзулігі болды.
Үлкендігін көрсетіп қашан да
артынан ерген екі абысыны мен
екі қайнысының жағдайларын
жасап,
қабақтарына
қарап
жүргені маған қатты әсер
қалдырды. Бақытжанның өзінің
де олар десе шығарда жаны
жоқ екен. «Ағайын тату болса
ат көп, абысын тату болса ас
көп» деген аталы сөзді еске
алсам, бұл әулеттің де мінер
ортақ аттарының да, ішер ортақ
астарының да көп болатынына
көзім жетеді. Бүгінде Қарқараға
бара қалсам қазығына атымды
байлар
санаулы
үйлерімнің
бірі
осы
Бақытжан
мен
Қарлығаштың шаңырағы екенін
жасырмаймын.Тұңғыштары
Ермек мектеп бітіріп грантқа
оқуға түсті. Қазір Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
университеттің
физика-
математика
факультетінде
«Информатика»
мамандығы
бойынша 4 курста оқиды. Мінезі
Қарлығашқа келеді. Момын,
салмақты. Көп сөйлемейтін
мінезі
өзіне
жарасымды-ақ.
Ал іскерлігі аумаған әкесі.
Техниканың тілін біледі. Түбі
Бақытжанның шаруашылығын
осы баласы басқаратын шығар
деп ойлаймын. Ермектің сыр
сақтай білетін қасиетін жоғары
бағалаймын. Бұл өте сирек
кездесетін қасиет қой. Егер
Ермек осындай қалпынан аумаса,
кейін жайлы мінезімен жұртты
баурайтын биязы жан болып
қалыптасатыны сөзсіз. Ал Ерсінді
мінезіне қарап, Бақытжанның
тура көшірмесі дейсің. Құйындай
ұйтқып, желдей есіп жүргені
сол. Мектепте оқып жүргенде-
ақ
техниканың
құлағында
ойнайтын бала болды. Комбайн
дейсің бе, трактор дейсің бе,
жоқ әлде машина дейсің бе?
Әйтеуір тақымы тимейтіні жоқ.
Керек болса өзі бұзады, сосын
өзі жасайды. Ерсінге қарап мен
Бақытжанның бала кезін көрген-
дей боламын. Ол да бала кезінде
содырлау болды. Төбелеске тым
құмар еді. Төбелестің туын тігетін
ол әкесі бастық болған соң ба
екен, әйтеуір кеудесі ала қаптай
болып жүретін. Бірақ арамдығы
жоқ еді. Ақкөңілділігінде шек
жоқ болатын. Біреуге қолғабыс
беруге келгенде алдына жан
салмайтын. Кейін ел сенімін
ақтайтындай
азамат
болып
шықты ғой. Ерсіннің де түбі
бір жерден тесіп шығатынына
күмәнім жоқ. Нағыз қазіргі
заманға лайық болып туған бала.
Тек ол үшін әкесі секілді оқымай
қалмай білімге қаттырақ зейін
салуы керек.
Сол Бақытжан осыдан біраз
бұрын менің ұйымдастыруыммен
өткізген Тасбұлақтағы кездесуде
де үлкен жұмыс атқарды. Мен
сол кездесуді тек Бақытжанға
ғана сеніп тапсырып едім.
Алмас пен Жамалхандай іні-
қарындасын өзіне көмекші етіп
алып, мойнына артқан жұмысты
ойдағыдай алып шықты. Біздің
мақсат-мұратымыз орындалып,
ояу
жүрсек
ойымыздан,
ұйықтасақ түсімізден кетпейтін,
досымыз сүйініп, дұшпанымыз
күйінетіндей,
сағыныш
пен
қимастыққа
толы
керемет
кездесу жасадық. Ол кездесуіміз
«келген де арманда, келмеген де
арманда» деген жақсы атқа ие
болды. Біз талай жылдар бойы бір
көруге армандап, сағыныштың
отына күйіп, өзегі өртеніп
жүрген
тасбұлақтықтардың
аңсау мен сағынышқа, өксік пен
қимастыққа толы кездесуінің
куәсі болдық. Балаларымыз бен
балаларымыз,
немерелеріміз
бен немерелеріміз табысып,
елсіз, жансыз қалған, қурай мен
тікенге, бақа мен шіркейге орда
болған
туған
ауылымыздың
топырағына жан бітіріп, аспанын
әнге, жерін сәнге бөлеп, ата-
баба әруақтарының алдында
перзенттік
борышымызды
орындап, ел- жұрттың риза-
шылығын, үлкен батасын алып
қайттық. Бізге одан артық
ешнәрсе де керегі жоқ еді. Міне,
осы бір игілікті істің барысында
алдыңғы
қатарда
тағы
да
Бақытжан жүрді. Ол өзінің
үлкен адамгершілігін, кіршіксіз
таза пейілін, Тасбұлаққа деген
шынайы көңілін білдірген еді.
«Жалғыздың үні, жаяудың шаңы
шықпас» деп жүргенде менің
жалғыздығымды
білдірмей
қасымнан табылды. Алматыда
Қанан мен Қасен, Шелекте
Тұрлығожа,
Бөлексазда
Құралбек, Қарқарада Алмас пен
Жамалхандар
қолғабыстарын
беріп біз «бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығардық».
Әркімнің атамекен, туған жері
өзіне қашан да ыстық болып
тұрады. Біздер Тасбұлақ деген
ауылда туып-өстік. Қазір ойлап
отырсам бізді - тасбұлақтықтарды
байланыстырып тұратын көп
жағдайлар бар екен. Біз тату-тәтті
едік. Біздің арамызды қазіргідей
есепке құрылған емес, таза
көңіл байланыстырып тұратын.
Мүмкін содан да болар әлі күнге
бір-бірімізді іздеп, кездесе қалсақ
аңқылдап құшағымызды ашып
жататынымыз. Жалпы біздің
санамызда да, көз алдымызда
да Тасбұлақ туралы әдемі ойлар
мен көріністер көп қалған.
Басымыз қосылған кездерде
балалық
шағымыз
өткен
Тасбұлағымызды сағынышпен
еске аламыз. Мен туған ауылым
жөнінде, сол ауылда өмір сүрген
ата-апа, аға-жеңге, әпке-жезде,
замандастарым жайлы, тай-
құлындай тебісіп бірге өскен,
балалықтың
бал
күндерін,
жастықтың жалынды шақтарын
қатар өткізген, жаныма жақын,
көңліме ыстық тартатын бір топ
достарым туралы есте қалған
естеліктерімді шама-шарқымша
жазып «Жұмақ мекен, талбесігім
Тасбұлақ» атты кітап шығардым.
Бұл менің туған жерге деген
перзенттік парызымнан туып
еді. Менің бала кездегі Қанан,
Қасен, Жұматай, Раиса, Күләш,
Бақытжан, Жүзімжан, Жақатай,
Нағашыбек, Сейсехан, Тілеухан,
Ауғали, Омар, Балқия, Еркін,
Базархан,
Мәулеш
сияқты
достарым
бүгінде
бір-бір
отбасының иесі болып, ардақты
ата, аяулы әже атанып отыр.
Оларды ойласам көз алдыма
қызыл аяқ қыр кешіп, жалаң
аяқ жар кешіп, шашымыз
жалбырап
жүретін
балалық
шағымыз оралады. Бәріміз бірге
ойнап, бірге өскен болатынбыз.
Жұбымыз
жазылмап
еді.
Бәріміздің арамызда үзілмес асыл
жіппен жалғанған достығымыз
болды. Татулық пен ынтымақтың
арқасында
тату-тәтті
күн
кештік. Кешегі күнгі балауса-
балғын қыз-жігіттер бүгінде
ақылымыз ойымызбен тоғысқан
азаматтар мен азаматшалармыз.
Отбасын
құрып,
балалы-
шағалы болып, немере сүйдік.
Міне, қазір алпыс деген асуға
жақындап қалсақ та, арамызды
жалғаған сол асыл достығымыз
ескірмей, жамандықты кешіріп,
жақсылыққа ұмтылып, пасықтық
пен
надандыққа
пысқырып
та
қарамай,
мақтаншақтық
пен дөрекілікке жол бермей,
кеудеміздегі намысымыз бен
бойымыздағы
арымызды
жоғары көтеріп келеміз. Егер
осы бетімізбен жүре берсек,
онда біздің артымыздан ерген
ұрпақтарымыз да тура жолдан
таймайтын,
еліне
сыйлы,
ағайынына ардақты, сенімін
серік еткен жандар болып
қалыптасады. Әлі де болса
біздің
арамыздағы
адалдық
пен адамдық, азаматтық пен
парасаттылық, бір-бірімізге деген
шексіз ілтипат қалған өмірімізге
серік
болып
артымыздағы
ұрпақтарымызға беріледі деп
ойлаймын. Бір өкінішіміз — тай-
құлындай тебісіп бірге өскен
адал достарымыз Тастан мен
Ауғалидың ертерек көз жұмып
кеткені
ғана.
Балаларының
нағыз қызығын көретін шағында
өмірден өтіп кеткендері жаны-
мызға батады. Өкінішпен еске
аламыз.
Өкінгенмен
шара
бар ма? Өткен нәрсе қайтып
келмейді екен. Қазір біздің
арамызда
ағынан
жарылып
әңгіме
айтатын,
ақкөңіл,
әзілкеш достарымыз жоқ. Бірақ,
олар туралы көкірегімізде әдемі
ойымыз, жақсы пікіріміз, жылы
ниетіміз қалды. Осы күндерде
Тасбұлақ туралы ойласақ ерекше
қуанамыз да, ерекше сағынамыз.
Тасбұлақта өткізген сол бір
тәтті шақтарды ешнәрсемен де
айырбастауға келмейді екен...
Сол бір шақтарда кімде
ғашықтық сезім, бала махаббат
болмады дейсің?!... Ол сезім
бәріміздің де басымыздан өткен.
Сондай сезімді басынан өткізген
жанның бірі осы Бақытжан
еді. Ол да балаң жүзі бал-бұл
жанып, кекіл шашы желбіреген
қара көзді қызға ғашық болған.
«Алғашқы»
деп
басталар
махаббаты алыста қалса да кейде
жұмыстан қажыған кездерінде
ол Тасбұлақ жаққа көзін тігіп,
терең ойға шомады. Ешнәрседен
алаңсыз балалық шағын есіне
алады. Ондайда ойына ақын
жазған мына бір шумақ өлең
жолдары оралады:
«Жол тоса ма қара көзі
мөлдіреп?
Кездесуге аз-ақ қалды енді
деп.
Асығамын ғашығыма жете
алмай,
Ащы жақта жүргендеймін
мен жүдеп»,- деп алыста қалып
кеткен қаракөзін іздейді. Алпыс
деген асуға жақындап қалса да
ылғи түсінде Тасбұлаққа келіп
оттай қызғалдақтар ішінде бала
күнгі достарымен жолығысып
жүреді. Бірақ қазір ол қараған
жақта туған ауылы да, қаракөз
ғашығы да, бала күнгі достары
да жоқ. Қаракөз ғашығы басқа
үйдің отын жаққан. Достары
сан-тарапта. Ал ауылының тек
қалың шөптерге оранған жұрты
ғана жатыр...
Бүгінгі күні салауатты өмір
салтын сақтап ірі кәсіпкер
атанып отырған, өзі айтпақшы
«Тасбұлақтың қайнап шыққан
бастауының суынан ішіп жайнап
шыққан» санаулы азаматтардың
бірі болып тек әулетінің ғана емес
туған ауылының экономикасын
көтеріп жүрген, туған жеріне туын
тігіп ауылының ажарын келтіріп
жүрген ақкөңіл де адал досыма,
бір сөзбен айтқанда кіндігін
ауылға байлаған және біржолата
байлаған азамат, Тасбұлақтың
бел баласына алдағы күндерде де
жайнап жүре бергін деген тілек
айтқым келеді.
С. ӘБдІХАлыҚоВА,
Достарыңызбен бөлісу: |