Баспасөз – 2015 ҚҰрметті оқырман! Төл газеттерiңiз – «хантәңiрiне»



жүктеу 7.05 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата09.03.2017
өлшемі7.05 Mb.
  1   2   3   4   5

Баспасөз – 

2015

ҚҰРМЕТТІ  ОҚЫРМАН! Төл газеттерiңiз – «ХАНТәңIРIНЕ»  

 2015 жылға  жазылу жүргізілуде.  Аудандық газетке тiкелей  редакция мен қоғамдық таратушылар арқылы жазыла аласыздар.   Жазылу бағасы жеке 

адамдар үшiн бір жылға — 3570 теңге 84 тиын.  Индексi 66543.  Шаруашылық, мекеме, кәсiпорындар үшiн– 4212 теңге 84 тиын.

 Индексi 16543. «Хантәңiрiне» ертерек, бiр жылға жазылсаңыздар тиiмдi.

Ол мына есепшотқа аударылуы керек: 

 АО «Казпочта»   ИИК  KZ 14563В351400000101.    БИК  KPSTKZKA.   РНН  092200004277.  БИН 010841003446.  

“Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған 

республикалық  бюджеттің  параметрлерін  қайта  қарадық.  Бұл  дұрыс,  өйткені,  біздің  экспорттық 

шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып 

келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік 

міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр”.       



Н. Ә. НАЗАРБАЕВ.

Баспасөз – 

2015

Жеделхат

Аудан халқының өмірі мен тыныс тіршілігін көпшілікке 

насихаттап  отыратын  ауданымыздың  айнасы  «Хантәңірі» 

газетіне  аудандық    электрлендіру  жүйесі  мекемесінің 

қызметкерлері  100  дана  төл  басылымға  жазылғандығын 

Бас  редактор  Шыңғыс  Тұрсынов мырзаға!

Аудан  тұрғындары  Елбасы  Жолдауын  қызу  талқылауда



Райымбек  аудандық  қоғамдық - саяси  газет

№43  (7845).   2014 —  Жылқы  жылы,  сенбі,  22  қараша

        

g.hantaniri@mail.ru.

Газет 1931 жылдан 

шығады


Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың    «Нұрлы  Жол—  болашаққа 

бастар  жол»  атты  2015  жылға      Қазақстан  халқына  арналған 

Жолдауын М.Орманов атындағы орта мектептің ұстаздар ұжымы 

көгілдір экраннан зор ықыласпен тыңдап, мерзімдік баспасөздер 

арқылы  толық  танысты.  Жолдауда  алға  қойылған  міндеттерді 

мектеп ұстаздары қызу талқылауда.

Елбасының  кезекті  Жолдауында  «Бізде  ырғалып-жырғалуға 

уақыт  жоқ.  Бүгін  айтылатын  шараларды  2015  жылдың  1 

қаңтарынан  бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын 

алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз»-

деп,  басты-басты  салаларда,  оның  ішінде  білім  саласында  да 

алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға айрықша көңіл бөлініп 

отыр.

Иә,  Елбасы  Жолдауында  атап  өтілгеніндей:  «Әркім  өз 



жұмыс  учаскесі  үшін  жауап  береді.  Тек  білекті  сыбанып,  іске 

кірісу  керек».      Бұл  орайда  біздер,    ұстаздар  қауымы,    еліміздің 

болашағы—жас  ұрпақтарға  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беруге 

тиіс  екенімізді  ешқашан  да  назардан  шығармауға  тиіспіз. 

Сондықтан да М.Орманов атындағы мектепте Елбасы Жолдауын 

жүзеге асыруда барлық мүмкіндіктер пайдаланылады.

Мектептің 

ұстаздар 

қауымының 

көпшілігі 

Елбасы 

Жолдауының  маңызын    халыққа  жете  түсіндіретін  ақпарат 



–насихат  тобының  мүшелері.  Олар  өздеріне  бекітілген  шағын 

аудандарда 

тұрғындарға 

үгіт-насихат 

жүргізуді 

тұрақты 


қолға  алды.    Елбасының  сыртқы,  ішкі  саясаттағы  сындарлы 

бағытының  нәтижесінде  елімізде  тұрақтылық  пен  бірлік  ең 

бастысы бейбітшілік сақталып отыр. Ал, бейбітшілік-әке мен ана 

қуанышы,  ата  –аналар  және  балалардың  бақыты,  жанұяларды 

еңбекпен қамтамасыз етіп, елімізді нығайтатын жалпыхалықтық 

іс.  Олай  болса  М.Орманов  атындағы  орта  мектептің  ұжымы  да 

Елбасы Жолдауында алға қойылған ауқымды міндеттерді жүзеге 

асыруға өз үлестерін қоса береді.



Е.МАлғАРАЕВ,

 М.Орманов атындағы орта мектептің директоры.   

Нұрлы  жол— болашаққа  бастар  жол

Елбасының  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауы 

стратегиялық  маңызы  бар  құжат  болып  табылады.  Себебі, 

бұл  Жолдау  бүгін  де  дүрбелеңге  толы  дүниеде  ешбір 

сына  қағылмастай  тұтас  болуы  маңызды  болып  тұрған 

мемлекетіміздің  әлеуметтік-  тұрмыстық  жағдайлардың 

барлық  сұрақтарына  нақты  жауап  берген  бірден  бір  тарихи 

құжат.  Тәуелсіз  мемлекетіміз  үшін  Жолдаудың  өзі  айтып 

тұрғандай  «Нұрлы  жол»  елімізді  кедергісіз  келешекке 

бастайды. Осындай тарихы терең Жолдауда біздерге,  яғни, 

қазақстандық жастарға деген сенім тағы бір мәрте арта түсті. 

Қазақ халқының өткен тарихына тағзым ете отырып, бүгініне  

мақтанышпен  қарайтын  Мемлекет  басшысы  бабалардан 

мирас  болған  ұлы  мұраларды  қадірлеуді,  оны  көзіміздің 

қарашығындай  сақтауды  еліміздің  жастарына  жүктеді. 

Мемлекетіміздің  тұрақтылығы  мен  тұтастығын,  бірлігі  мен 

татулығын  сақтаушы  күш  ретінде  ұлттық  тарихымызды 

ұлықтауды аманат ете отырып, әсіресе, жастарға ел бірлігін 

сақтауды талап етті. Бұл тұралы Елбасымыз өз Жолдауында: 

«... Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – 

Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз 

әрбір жастың бойына сіңіре беруге тиіспіз»-деп атап көрсете 

келе, Нұрлы Жолға бастар жолда жастардың жауапкершілігін 

арттыруды  ерекше  атап  өтті.  Осылайша  жастарға  үлкен 

жауепкершілік жүктелді. Сондықтан салт дәстүрімізді көздің 

қарашығындай  бағып  жүретін,  көптің  көкейіне  үміт  отын 

жағып  жүретін,  адамзаттың  озық  ой  көгінде  ағып  жүретін 

біз. Жастар Жолдаудағы әрбір идеялардың іске асырылуына 

барлық күш- жігерімізді салып, еш аянбастан еңбек етеміз. 

Ол  біздің  қолымыздан  келеді.  Себебі,  біз  –  қазақ  елінің 

тәуелсіз  мемлекет  атанып,  көк  туы  желбіреген  жұлдызды 

сәтін өз көзімізбен көрген бақытты ұрпақпыз. Біз— жастар 

дүниеде  тәуелсіз  елі  бар,  әлемде  Егеменді  Қазақстаны 

бар,  оның  көп  ұлты  тату,  ынтымақшыл  халқы  бар,  қуатты 

экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы бүгіннен 

нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар, жасампаздық жолында 

үлкен  міндеттерді  шеше  алған  тәуелсіз  Қазақстанымызбен 

мақтанамыз. 



Г.КЕңЕсқыЗы,

аудандық жастар саясаты

 орталығының жетекшісі. 

Қуаттаймыз! Қолдаймыз! 

Қуаттаймыз! Қолдаймыз! 

Жеделхат

хабарлаймыз.  Газетке  жазылуда  Несіпкүл  Инағымбаеваның 

үлесі зор. 

И. ЖАҚСЫБАЕВ,

аудандық электрлендіру жүйесінің бастығы.  

ЕлБАсы  НұРсұлтАН  ӘБішұлы  НАЗАРБАЕВтың 

«НұРлы  жОл  –  БОлАшАққА  БАстАР  жОл»  Атты 

қАЗАқстАН  хАлқыНА  жОлдАуы  АудАН  тұРғыНдАРы 

АРАсыНдА қОлдАу тАБудА.

«НұР ОтАН» пАРтиясы АудАНдық филиАлыНың 

КЕңЕйтілГЕН    сАяси  КЕңЕсіНің  АКтиВіНЕ  АудАН 

ӘКіМіНің  ОРыНБАсАРлАРы,  АппАРАт  жЕтЕКшісі, 

БөліМ,  МЕКЕМЕ,  ұйыМ  БАсшылАРы,  Ауылдық  ОК-

РуГ  ӘКіМдЕРі,  АудАНдық  МӘслихАт  дЕпутАттАРы, 

жАстАР  ұйыМы,  АқсАқАлдАР  АлқАсы,  МЕдициНА 

қыЗМЕтКЕРлЕРі, МЕКтЕп диРЕКтОРлАРы, қОғАМдық 

ұйыМдАР МЕН БАспАсөЗ өКілдЕРі қАтысты.

«НұР  ОтАН»  пАРтиясы  АудАНдық  филиАлы  сА-

яси  КЕңЕсіНің  КЕңЕйтілГЕН  МӘжіліс  АКтиВіН 

АудАН  ӘКіМі  пАРтия  филиАлыНың  төРАғАсы  жА-

НАт жОлдАспЕКұлы тӘжиЕВ Ашып, жүРГіЗіп ОтыР-

ды.  «НұРлы  жОл—  БОлАшАққА  БАстАР  жОл»  Атты 

қАЗАқстАН  хАлқыНА  жОлдАуы  туРАлы  пАРтия  

төРАғАсыНың  БіРіНші  ОРыНБАсАРы  БАяНдАМА    

жАсАды.

құрметті  қауым!  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев:  “Біз  Жалпыұлттық 

идеямыз  –  Мәңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп,  тәуелсіздігіміздің  даму 

даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, 

келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз 

керек. Mәңгілік Ел – елдің бірік-

тіруші  күші,  ешқашан  таусылмас 

қуат көзі”- деп атап өтті.  Бүгінде 

бүкіл  әлем  жаңа  сындармен  және 

қатерлермен 

бетпе-бет 

келіп 

отыр.  Әлемдік  экономика  әлі  де 



жаһандық  қаржы-экономикалық 

дағдарыс салдарынан айыға қойған 

жоқ. Қалпына келу өте баяу және 

сенімсіз  қадамдармен  жүруде, 

ал  кейбір  жерлерде  әлі  құлдырау 

жалғасуда.  Геосаяси  дағдарыс 

пен 

жетекші 


державалардың 

санкциялық 

саясаты 

әлемдік 


экономиканы  қалпына  келтіруде 

қосымша кедергілер туындатуда.

Таяудағы  жылдар  жаһандық 

сынақтардың  уақыты  болады. 

Әлемнің 

бүкіл 


архитектура-

сы  өзгереді.  Барлық  елдер  осы 

күрделі  кезеңнен  лайықты  өте 

алмайды.  Бұл  шептен  тек  мықты 

мемлекеттер, 

жұдырықтай 

жұмылған  халықтар  ғана  өтетін 

болады. 


Қазақстан, 

әлемдік 


экономиканың  бір  бөлшегі  және 

геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, 

барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді.    (жалғасы 2 бетте).


Хантәңірі

2

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,    сенбі, 22   қараша

(Соңы. Басы 1- бетте). 

Нәтижесінде  әлемдік  нарықтарда  баға  құлдырауда  және 

тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.

Экономиканы  дамытуда  жаңа  сыртқы  тәуекелдерді  есепке 

ала отырып, бізге іскерлік белсенділік және жұмыспен қамтуды 

ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық 

Саясаттың Тұғыры мен бүгін жарияланған Инфрақұрылымдық 

дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 

100-ден  астам  шетелдік  компаниялар  ниет  білдіріп  отырған 

ҮИИДБ-ны  жүзеге  асырудың  Екінші  бесжылдығына  сәйкес 

келеді.  Жалпы  инвестициялық  портфель  6  триллион  теңгені 

құрайды, мемлекеттің үлесі – 15 пайыз.

Қазақстан–  ұшқан  құстың  қанаты  талатын  ұлан-ғайыр 

аумақтың  иeci.  Сондықтан,  аталған  жоспар  орасан  қаражат 

пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін 

барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне 

мүмкіндік береді.

Төртінші.  Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  пен  су 

және  жылумен  қамтамасыз  ету  желілері  инфрақұрылымдарын 

жаңғырту.    Инвестицияларға  жалпы  қажеттілік  қаржылан-

дырудың  барлық  көздерінен  2020  жылға  дейін  жыл  сайын  ең 

азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені 

құрайды.

Бүгін  ТКШ-ны  жаңғыртуға  инвестициялар  салуға  Еуро-

па  Қайта  құру  және  даму  банкі,  Азия  даму  банкі,  Ислам  даму 

банкі,  сондай-ақ,  жеке  инвесторлар  үлкен  қызығушылық  та-

нытып  отыр.  Ұзақ  мерзімді  инвестициялық  тарифтер  ұсыну 

арқылы  олардың  барынша  тартылуын  қамтамасыз  ету  қажет. 

Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жо-

баларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған бай-

Аудан  тұрғындары  Елбасы  Жолдауын  қызу  талқылауда

жұмыстар  жалғасады. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 

2015-2017  жылдары  жалпы  сомасы  155  миллиард  теңге  несие 

желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пай-

далану қажет.

Құрметті қауым!

Алда  үлкен  де  жауапты  жұмыстар  тұр.  Толысқандықтың 

жаһандық  сынынан  өту  үшін  біздің  топтаса  білуіміз  қажет.  Біз 

барлық  қазақстандықтар  арасындағы  сенімді  нығайтуға  тиіс-

піз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек. Оны біз үшін ешкім 

ешқашан  сырттан  келіп  жасамайды.  Біздің  жастарымыз  жаңа, 

тәуелсіз  елде  өсіп  келеді.  Бүгінгі  буын  90-шы  жылдардағы 

этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. 

Сондықтан  көпшілігі  Қазақстандағы  тұрақтылық  пен  қолайлы 

өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды.

Тұрақтылық  пен  келісім  дегеніміз  не?  Ол  отбасылық  әл-

 Нұрлы  жол— Нұрлы  БолашаҚ

ауқат, 


қауіпсіздік, 

баспа-


на.  Бейбітшілік  –  әке  мен 

ана  қуанышы,  ата-аналар 

денсаулығы 

және 


біздің 

балаларымыздың 

бақыты. 

Бейбітшілік – тұрақты жұмыс, 

жалақы  және  ертеңгі  күнге 

деген  сенім.  Бейбітшілік  пен 

тұрақтылық  –  күн  сайынғы 

еңбекпен  қорғап,  нығайтуды 

қажет  ететін  жалпыхалықтық 

жетістік.    Жастар  –  біздің 

болашағымыз. 

Мемлекет 

жаңа 

буынның 


алдында 

барлық  есіктер  мен  жолдарды 

ашты.    «Нұрлы  Жол»,  міне, 

біздің 


креативті 

ырғақты 


жастарымыздың 

күш-жігер 

жұмсап, құлаш сермейтін тұсы 

осы.


Алдағы  жылы  біз  Кон-

ституцияны  қабылдаудың  және  Қазақстан  халқы  Ассамблея-

сы  құрылуының  20  жылдығын  салтанатты  түрде  атап  өтеміз. 

Осы  даталарды  атап  өте  отырып,  бізге  қазақстандықтарды  ру-

хани  тұрғыда  бұрынғыдан  да  гөрі  күштірек,  топтасқан  және 

бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. «Қазақстан, тек алға!» 

атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті 

орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болады. 



Қадірлі  қауым!  Біз  Жалпыұлттық  идеямыз  –  Мәңгілік  Елді 

басты  бағдар  етіп,  тәуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы 

Жолға  айналдырдық.  Қажырлы  еңбекті  қажет  ететін,  келешегі 

кемел  Нұрлы  Жолда  бірлігімізді  бекемдеп,  аянбай  тер  төгуіміз 

керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас 

қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI 

ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас  идеялық  тұғыры!  

Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! 

Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биік-

терімізді  бағалау  тұрғысынан  мерейлі  белестер  жылы.  Қазақ 

хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен 

Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын 

атап өтеміз. 

Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді 

ұрпақ  жадына  сіңіруде  айрықша  рөлге  ие.  Біз  2015  жылды 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылы  деп  жарияладық.  Елдің 

тұтастығы  мен  бірлігі,  татулығы  мен  тыныштығы  ең  басты  на-

зарда.

Ел  бірлігі  –  біздің  барша  табыстарымыздың  кілті.  Тұрақты 



дамудың  қазақстандық  моделі  бүгінде  бүкіл  әлемге  үлгі. 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  мерейтойын  және  халықаралық 

ЭКСПO-2017  көрмесін  табысты  өткізіп,  еліміздің  әлеуетін 

әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз 

жарқын  болсын!  Баршаңызға  «Нұрлы  Жол»  Жолдауын  жүзеге 

асыруда табыс тілеймін!  

Баяндама  бойынша  жарыссөзге  қатысқан  аудандық  арда-

герлер  кеңесінің  төрағасы  Совет  Оразаев,  Нарынқол  ауылдық 

аурухананың бас дәрігері саяси кеңес мүшесі Алмас  Тлеулиев, 

Абай орта мектебінің директоры Гүлзат Көшімбаева, аудандық 

жастар  жетекшісі  Гауһар  Кеңесқызы  Елбасы  Жолдауында 

айтылған  қағидалар  мен    бағдарламаларды  жүзеге  асыруға  бір-

кісідей атсалысатындарын білдірді.

Саяси  кеңестің  кеңейтілген  мәжілісін  аудан  әкімі,  партия 

филиалының төрағасы Ж. Тәжиев қорытындылады.

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы  саяси  кеңесінің 

кеңейтілген  активі  қаралған  мәселе  бойынша  қаулы  

қабылдады. 

ланысты жылу- және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту 

қарқынын  жеделдету  үшін  бюджетте  қарастырылған  қаржыға 

қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды бо-

лады.


Бесінші.  Тұрғын  үй  инфрақұрылымдарын  нығайту.  Агло-

мерациялар  қалыптастыру  айтарлықтай  тұрғындар  ағынымен 

қатарласа  жүреді.  Бұл  еңбек  нарығы  мен  қалалардың 

инфрақұрылымына,  соның  ішінде,  тұрғын  үй  қорына  қысым 

туғызады.  Сондықтан  жалға  берілетін  тұрғын  үй  құрылысына 

көзқарасты  өзгерту  керек.  Мемлекет  әлеуметтік  жалдама-

лы  баспананы  салып,  оны  тұрғындарға  сатып  алу  құқын  бере 

отырып,  ұзақ  мерзімді  жалға  ұсынады.  Баспананы  тікелей, 

делдалдарсыз  және  несиеге  барынша  төмен  пайызбен  ұсыну 

оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы 

жарнаның  болмауы  мен  ипотека  үшін  төмен  пайыздар  баспа-

наны  қазақстандықтардың  көптеген  жіктері  үшін  қолжетімді 

ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін 

тұрғын  үй  құрылысын  қаржыландыру  қосымша  180  миллиард 

теңгеге  ұлғайады.

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.

Осы мәселе бойынша  бірінші кезең, бұл – апатты мектеп-

тер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – «Нұр 

Отан»  партиясының    Сайлауалды  тұғырнамасының    негізгі 

индикаторларының  бірі.  Үшжылдық  бюджетте  қарастырылған 

қаржы  бұл  проблеманы  2017  жылға  дейін  шешуге  мүмкіндік 

бермейді. Сондықтан Үкімет қосымша 70 миллиард теңгені осы 

салаға  бағыттайды. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа 

мәселе.  Мектепке  дейінгі  мекемелерде  орындар  тапшылығын 

түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге 

бағытталады.  Индустрияландыру  бағдарламалары  шеңберінде 

базаларында  ғылымның  экономика  салаларымен  және  ма-

мандар  дайындаумен  байланысы  қамтамасыз  етілетін  10  ЖОО 

анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге 

бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-

техникалық базасын қалыптастыру керек.

Жетінші.  Шағын  және  орта  бизнес  пен  іскерлік  белсен-

ділікті  қолдау  бойынша  жұмысты  жалғастыру  қажет.  Бүгінде 

Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 

100  миллиард  теңге  толықтай  игерілді.  Бұл  4,5  мың  жұмыс  ор-

нын  құруға  мүмкіндік  берді.  Бұл  қаржыға  сұраныс  ұсыныстан 

23  миллиард  теңгеге  асып  түсті.  Бизнесті  10  жылға  бар-жоғы  6 

пайызбен  несиелеудің  бұрын-соңды  болмаған  шарты  жасалды. 

Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-

ты  экономикалық  өсімнің  драйвері  ретінде  дамыту  және  оның 

үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша 

білгің  келсе,  жолына  қара» 

деген  қағида  қалыптасқан. 

Барыс-келіс  пен  алыс-беріс-

те  жол  қатынасы  айрықша 

маңызға  ие.  Көне  замандарда 

ірі қалаларымыздың көбі Ұлы 

Жібек  жолын  жағалай  қоныс 

тепкен.

Қазір де қайнаған тіршілік 



күре  жолдардың  бойында. 

Жол  –  шын  мәнінде  өмірдің 

өзегі, 

бақуатты 



тірліктің 

қайнар көзі. Барлық аймақтар 

теміржолмен, 

тасжолмен, 

әуе  жолымен  өзара  тығыз 

байланысуы  керек.  Астанада 

тоғысқан  тоғыз  жолдың  тора-

бы  елорданың  жасампаздық 

рухын тарататын өмір-тамырға 

айналуы  тиіс.  Аймақтардың 

өзара  байланысын  жақсарту 

елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-

саттығын,  экономикалық  байланыстарын  нығайтады.  Ел  іші-

нен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі 

Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.

Ол  үшін  бірінші  Көліктік- логистикалық инфрақұрылым-

дарды  дамыту.  Ол  макроөңірлерді  хабтар  қағидаты  бойынша 

қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, 

инфрақұрылымдық  қаңқа  Астанамен  және  макроөңірлерді  ма-

гистральды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла 

қағидаты  бойынша  өзара  байланыстырады.  Бірінші  кезекте, 

негізгі  автожолдар  жобасын  жүзеге  асыру  қажет.  Бұлар  Батыс 

Қытай–  Батыс  Еуропа;  Астана–  Алматы;  Астана–  Өскемен; 

Астана–  Ақтөбе–  Атырау;  Алматы–  Өскемен;  Қарағанды  – 

Жезқазған – Қызылорда; Атырау– Астрахань тас жолдары.

Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және баты-

сында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс 

бағытта  Каспий  порты  арқылы  экспорттық  әлеуетті  арттыруға 

Құрық  портынан  ауқымды  паромдық  өткел  және  Боржақты  – 

Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, 

Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз портта-

рында  терминалдық  қуаттар  салу  немесе  жалға  алу  мәселесін 

ойластыру өте қажет.

Екінші.  Индустриялық  инфрақұрылымдарды  дамыту. 

Инфрақұрылымдық  жобаларды  жүзеге  асыру  құрылыс  матери-

алдарына,  көліктік-коммуникациялық,  энергетикалық  және 

тұрғын  үй-коммуналдық  салалар  үшін  өнімдер  мен  қызмет 

көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.

Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы 

экономикалық  аймақтарда  инфрақұрылымдар  қалыптастыру 

жұмыстары аяқталуы керек .

 Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша 

инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар 

салу  мәселесі  қолға  алынады.  Туризм  үшін  инфрақұрылым 

– жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын 

көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс ор-

нын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.

Үшінші.  Энергетикалық  инфрақұрылымдарды  дамыту. 

Өткен  5  жылда  энергетикада  индустрияландыру  бағдарламасы 

шеңберінде  үлкен  жұмыстар  жүргізілді.  Соған  қарамастан, 

магистральдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде 

электр  энергиясының,  орталық  және  шығыс  облыстарында 

табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жоба назарға  

алынады. Олар  «Екібастұз – Семей – Өскемен» және  «Семей 

– Ақтоғай – Талдықорған – Алматы» бағыттарында жоғары кер-

неулі  желілер.  Бұл  қазақстандық  электр  стансаларының  елдің 



2014 —Жылқы  жылы, сенбі,  22   қараша

3

g.hantaniri@mail.ru.



Хантәңірі

«Қазақстан  Республикасындағы 

жергілікті  мемлекеттік  басқару  және 

өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы 

23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы 

Заңының  6-бабының  2-3  тармағына 

және  «Әлеуметтік  көмек  көрсетудің, 

оның  мөлшерлерін  белгілеудің  және 

мұқтаж 

азаматтардың 



жекелеген 

санаттарының  тізбесін  айқындаудың 

үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 

жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  қаулысына 

сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Осы  шешімнің  қосымшасына 

сәйкес Райымбек ауданының әлеуметтік 

көмек  көрсетудің,  оның  мөлшерлерін 

белгілеудің  және  мұқтаж  азаматтардың 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет