Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата09.03.2017
өлшемі3 Mb.
#8572
  1   2   3   4

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Инженерлік сызба 

 

Оқу құралы 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Орал, 2012 

 



УДК 744(073) 

 

 

Құрастырғандар:  



                                Хамзин Т.Ә.,  Молдашева Б.А. - көркем  

                                 қолданбалы өнер және кәсіби білім  

                                 кафедрасының аға оқытушылары   

 

 



Рецензент:  

                                Өтегенов И.Ө. - техника ғылымдарының  

                                 кандидаты, доцент   

 

 



Хамзин Т.Ә., Молдашева Б.А. 

Инженерлік  сызба:

  Оқу  құралы.



 

-  Орал:  М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2012. – 50 б. 

 

 

Жоғары оқу орнының қашықтан және сырттай оқу бөлімінің 

студенттеріне арналған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

                                       Хамзин Т.Ә., Молдашева Б.А., 2012 

                             М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2012 


 



МАЗМҰНЫ 

     КІРІСПЕ 

1.

 



СЫЗБАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ..........5 

 

Пішімдер..........................................................................................5 



 

Масштабтар.....................................................................................6 

 

Сызба сызықтары............................................................................6 



2.

 

СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ 



ПРОЕКЦИЯЛЫҚ СЫЗБА..............................................................7 

 

Проекциялау әдістері туралы жалпы түсінік...............................7 



 

Кескіндер – көріністер, тіліктер, қималар....................................8 

 

Сызбаларда кездесетін шығарма элементтер.............................14 



 

Кескіндерді орындаудағы шарттылықтар мен ықшамдаулар..15 

 

Аксонометриялық проекциялар..................................................16 



3.

 

БҰРАНДАЛАР..............................................................................20 



 

Бұрандалар туралы жалпы түсінік..............................................20 

 

Бұранда элементтері мен негізгі параметрлері..........................21 



 

Бұрандалар кескіні.......................................................................22 

 

Бұрандалардың белгіленуі...........................................................23 



 

Бұранданың қолданылуы.............................................................23 

 

Бұрандалы қосылыстар................................................................24 



4.

 

ТЕТІКБӨЛШЕКТІҢ ЭСКИЗІН ОРЫНДАУ..............................24 



 

Жалпы түсінік...............................................................................24 

 

Эскиздеу кезеңдері.......................................................................25 



5.

 

ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАСЫ............................................................29 



 

Негізгі терминдер.........................................................................29 

 

Жалпы жағдайлар.........................................................................29 



 

Сипаттізім......................................................................................30 

 

Құрастыру сызбасы......................................................................33 



 

Негізгі жазудың толтырылуы......................................................36 

6.

 

ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАЛАРЫН ОҚУ ЖӘНЕ БӨЛШЕКТЕУ....37 



7.

 

Әдебиеттер....................................................................................41 



8.

 

Қосымшалар..................................................................................42  



 

 

 



 

 

 



 

 



КІРІСПЕ 



 

Ғылым  мен  техниканың  дамыған  дәуірінде  техникалық 

білімді  болып  саналу  үшін  адамда  ең  алдымен  графикалық 

сауаттылық  болуы,  яғни  сызбаларды  оқи  және  орындай  білу 

шарт.  

Күнделікті  өмірде  кездесетін  бұйымдар,  машиналар, 



құрылыстар  туралы қаншалықты мәлімет жазбаша баяндалса да, 

оларды сызбадағыдай дәл және түсінікті етіп елестету қиын. Міне 

сондықтан  да  сызу  –  техниканың  тілі  деп  аталады.  Сызбаларды 

орындаудың  барлық  ережелері  мен  шарттылықтарын  меңгеру 

оларды дұрыс оқып, орындауға мүмкіндік береді. 

ЖОО  –  дағы  «Инженерлік  сызба»  курсы  –  маңызды 

техникалық  пәндердің  бірі  болып  саналады.  Мемлекеттік 

стандарттады меңгеріп, сызбаларды сала білу жалпы инженерлік 

және арнайы пәндерді оқуды жеңілдетеді. 

Стандарттар  сызбадағы  ережелер  мен  шарттылықтарды 

бекітеді,  яғни  оларды  міндетті  түрде  осы  заңдылықтарға  сүйене 

отырып орындаймыз.  

Бұл оқу - әдістемелік құралда жұмыс бағдарламасы бойынша 

оқытылатын  «Инженерлік  сызба»  курсы  тарауларының  қысқаша 

мазмұны  баяндалған.  Мақсаты  –  қашықтан  оқитын  студенттерге 

«Инженерлік  сызба»  курсын  меңгеруде  және  графикалық 

бақылау жұмыстарын орындауда көмекші құрал ретінде жасалған  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



1. СЫЗБАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ 



 

«Инженерлік 

сызба» 

курсын 


меңгеріп, 

графикалық 

тапсырмалар мен сызбаларды орындау үшін, оларды орындаудың 

ережелерін білу қажет. 

Сызбаларды  орындаудың  ережелері  машина  жасау  және 

техникалық  сызбалар  анықтамасында  берілген.  Тақырып 

бойынша  толық  мағұлмат  алу  үшін  ұсынылған  әдебиеттерді 

пайдалану керек. 

  

1.1.Пішімдер 

 

Негізгі пішімдер өлшемдері 1.1. кестеде көрсетілген. 



Кесте 1.1. 

 

Пішімдердің 



белгіленуі 

А4 


А3 

А2 


А1 

А0 


Пішім 

қабырғаларының 

өлшемдері, мм. 

210х297  297х420  420х594  594х841  841х1189 

 

Негізгі  пішімдердің  ең  үлкенінің  ауданы  (А0)  бір  шаршы 



метрге  тең.  Пішімдер  сызба  жиегімен  шектеледі  (1.1,  1.2  сурет), 

сол жағынан 20 мм – сызбалар жинағын тігуге арналған жиек, ал 

қалған  үш  жағынан  5  мм-ден  жиек  сызылады.  Оң  жақ  төменгі 

бұрышына  негізгі  жазу  (1.3  сурет)  орналастырылады.  Негізгі 

жазу бөлімдерінің толтырылу үлгісі сызба түрлеріне байланысты 

әрбір нақты жұмыс үшін әдістемелік нұсқауда беріледі. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Масштабтар 

Сызбада  кескінделген  нәрсе  өлшемдерінің  осы  нәрсенің 

нақты  өлшемдеріне  қатынасы  масштаб  деп  аталады.  Стандарт 

бойынша бекітілген масштабтар 1.2. кестеде көрсетілген. 

Кесте 1.2. 

Кішірейту 

масштабтары 

1:2  1:2,5  1:4  1:5  1:10  1:15  1:20  1:25  1:40  1:50 

Нақты шама  1:1 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Үлкейту 


масштабтары 

2:1  2,5:1  4:1  5:1  10:1  15:1  20:1  25:1  40:1  50:1 

 

 

 



Сызба сызықтары 

Нәрсе  сызбасы  оқуға  ыңғайлы 

болу 

үшін 


қолданылуына, 

қалыңдығына 

қарай 

түрлі 


сызықтармен 

кескінделеді. 

Сызықтардың  қалыңдығы  сызбаның 

өлшеміне, 

күрделілігі 

мен 


қолданылуына  байланысты.  Сызба 

сызықтарының  мемлекеттік  стандарт 

бекіткен  мынадай  түрлері  бар:  тұтас 

(жуан негізгі, жіңішке және ирек), үзік 

(жіңішке  және  жуандатылған),  үзік 

нүктелі,  іркісінді  (1  қосымша).  1.5 



 

суретте сызба сызықтарының қолданылуы көрсетілген. 



 

 

Сызба қарыптері 

 

Сызбадағы  жазулар  2.304-81  МСТ-ы  бойынша  қолмен 



орындалады.  

Сызбадағы  жазуларды  дұрыс  жазу  үшін  аталған  стандартты 

пайдалану  керек.  Қарыптердің  жазылу  үлгісі  2  қосымшада 

берілген.  

 

 

2. СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ 



ПРОЕКЦИЯЛЫҚ СЫЗБА 

 

2.1. Проекциялау әдістері туралы жалпы түсінік 

 

Проекциялық  сызу  сызба  геометриясы  негіздеріне  сүйене 

отырып,  кеңістіктегі  нәрселер  пішінін  жазықтықта  бейнелеу 

әдістерін оқытады. 

Проекциялық  сызу  –  машина  жасау  сызбасының  негізі. 

Проекциялық сызбада геометриялық денелерді кескіндеудің және 

оларды үйлестірудің практикалық әдістерін оқытады.  

Кеңістікте 

орналасқан 

нәрсенің 

нүктелері 

арқылы  

жазықтыққа жүргізілген сәулелердің жазықтықпен қиылысуынан 

шыққан  кескінді  нәрсенің  жазықтықтағы  проекциясы  деп 

атайды. 


Техникалық  сызбада  проекцияларды  тұрғызудың  төрт  әдісі 

қарастырылады: 

1). Сандық белгілерімен проекциялау әдісі

2). Орталық немесе перспективалық проекциялау әдісі (2.1. а 

сурет); 

3). Ортогональ немесе тікбұрыштап проекциялау әдісі (Монж 

әдісі), ( 2.1. в,г сурет); 

4). Аксонометриялық проекциялау әдісі (2.1. б сурет). 

 

 

 



 

 


 

 



 

Машина  жасау  сызбасында  кеңінен  қолданылатыны  тік 

бұрышты  (ортогональ)  проекциялар.  Мұнда  проекция  ортасы 

проекция  жазықтығынан  шексіз  қашықтықта  орналасқан, 

проекциялаушы 

сәулелер 

параллель 

және 


проекция 

жазықтығымен тік бұрыш жасайды (2.1. в,г сурет), тік бұрышты 

проекциялар деген атау осыдан шыққан. 

Өндірісте  сызбалар  тікбұрышты  проекцияда  орындалады. 

Нәрсенің  жазық  беттері  (мысалы,  қабырғалары,  қыры  мен 

жақтары)  проекция  жазықтығына  параллель  болатындай  етіп 

орналастырылады,  яғни  мұндай  жағдайда  беттер  проекция 

жазықтығына нақты шамасында кескінделеді. 

2.1.  в  суреті  нәрсенің  пішінінен  толық  мағұлмат  бермейді, 

сондықтан 

тікбұрышты 

проекцияларды 

бір 

проекция 



жазықтығында  емес,  екі,  үш  және  одан  да  көп  өзара 

перпендикуляр  жазықтықтарда  орындау  керек  (2.1.  г  сурет). 

Мұндай  сызбалар  бойынша  нәрсенің  пішінін  елестетіп,  оның 

барлық элементтерінің өлшемдерін табуға болады. 

 

2.2. Кескіндер – көріністер, тіліктер, қималар 

 

Нәрсенің  қараушыға  көрінетін  бөлігінің  кескіні  көрініс  деп 



аталады.  Мазмұны  мен  сипатына  қарай  көріністер  негізгі, 

қосымша және жергілікті болып бөлінеді. Кескіндер санын азайту 

мақсатында көріністерде нәрсе беттерінің көрінбейтін бөліктерін 

үзік сызықтармен сызуға болады.  



 

Негізгі  алты  проекция  жазықтығына  проекциялау  арқылы 



алынған  кескіндер  негізгі  көріністер  деп  аталады  (2.2  сурет). 

2.305-68  МСТ  бекіткен  негізгі  көріністер  атаулары:  алдынан 

қараған  көрініс  (басты  көрініс);  үстінен  қараған  көрініс;  сол 

жағынан  қараған  көрініс;  оң  жағынан  қараған  көрініс;  астынан 

қараған көрініс; артынан қараған көрініс (2.3 сурет). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 


Негізгі 

көріністер 

өзара 


проекциялық 

байланыста 

орналастырылады.  Мұндай  жағдайда  сызбада  кескіндер  атауын 

жазып қажет емес (2.4 сурет). Негізгі көріністердің үстіне атаулар 

мынадай жағдайларда жазылады: 

1.

 



негізгі 

көріністердің 

бірі 

басты 


көрініске 

қатысты проекциялық 

байланыста 

орындалмай  ығысып 

кеткен  болса  (2.4.  а 

сурет),  проекциялау 

бағыты  нұсқамамен 

көрсетіледі  де,  үстіне 

алфавиттің  бас  әрпі 

салынады  және  сол 

жердің 

кескінінің 



үстіне осы әріпті қайталап жазамыз. 

2.  нұсқама  өлшемдері 

2.5 

суретте 


көрсетілген. 

Әріптер 


биіктігі 

өлшем 


сандарынан  екі  есе  үлкен 

болуы керек. 

2.

 

негізгі 



көріністер 

проекциялық 

байланыста 

болғанымен, араларын басқа 

кескіндер бөліп тұрса. 

Қосымша 

көрініс 

– 

нәрсені  немесе оның бөлігін 



негізгі 

жазықтықтарға 

параллель  емес  қосымша 

проекция 

жазықтығына 

проекциялау 

арқылы 

алынған  кескін.  Егер  нәрсе 



бөлігінің 

пішіні 


мен 

өлшемдері  негізгі  проекция 

жазықтықтарына  бұрмаланусыз  түспейтіндей  болса,  онда  сол 

жердің қосымша көрінісін орындау қажет (2.6 сурет).  



 

11 


Қосымша  көрініс  өзі  тиісті  негізгі  көрініспен  проекциялық 

байланыста орналасса, оны белгілеудің қажеті жоқ (2.6 в  сурет). 

Өзге  жағдайларда  қосымша  көрініс  әріппен  белгіленіп  (2.6  а 

сурет),  онымен  байланысты  кескінге  қарау  бағытын  көрсететін 

нұсқама мен сәйкес әріп қойылуы керек. 

Сонымен  қатар,  қосымша  көріністі  нәрсенің  басты  кескінде 

орналасуын  сақтай  отырып  бұруға  болады,  мұндайда  әріпке 

(бұрылған) деген сөзді қоса жазу керек (2.6 б сурет). 



Жергілікті 

көрініс. 

Сызбада негізгі және қосымша 

көріністермен  бірге  жергілікті 

көріністі де қолдануға болады. 

Нәрсе  бетінің  жекелеген,  аз 

ғана  шектеулі  жерінің  кескіні 

–  жергілікті  көрініс  деп 

аталады (2.7 сурет). Жергілікті 

көріністің  шектелу  сызығын 

көрсетуге  (А)  де,  көрсетпеуге 

де (Б) болады. 

Жергілікті  көріністердің 

белгіленуі қосымша көріністің 

белгіленуіне ұқсас. 



Тіліктер.  Нәрсенің  ішкі 

пішіні түсінікті болу үшін сызбада көрінбейтін кескін сызықтары 

–  үзік  сызықтар  қолданылады.  Бұл  сызбаны  оқуды  қиындатады, 

кейде  қателіктер  жіберуге  де  себепші  болады.  Сызбаны  оқу  мен 

орындауды  жеңілдету  үшін  шартты  кескіндер  –  тіліктерді 

қолданады. 

Тілік дегеніміз – бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықтармен 

ойша  қиғанда  алынатын  нәрсенің  кескіні.  Бақылаушы  мен 

қиюшы  жазықтық  арасындағы  нәрсе  бөлігі  ойша  алынып, 

проекция  жазықтығына  нәрсенің  қиюшы  жазықтыққа  түскен 

және  оның  артындағы  кескіні  салынады.  Тілік  орындау 

нәтижесінде  үзік  сызықтармен  көрсетілген  нәрсенің  ішкі 

кескіндері  көрінетін  болады  да,  олар  тұтас  негізгі  сызықтармен 

сызылады. 

Қиюшы  жазықтыққа  түскен  кескін  2.306-68  МСТ  ережесіне 

сәйкес штрихталуы керек. 



 

12 


Әртүрлі  материалдарды  штрихтау  үлгісі  3  қосымшада 

берілген. 

 

Тіліктер классификациясы 

 

Қиюшы  жазықтықтардың  орналасуына  сәйкес  тіліктер 



көлденең,  тік  және  көлбеу  болып 

бөлінеді.  

Қиюшы жазықтық горизонталь 

проекция  жазықтығына  параллель 

болса,  көлденең  тілік  деп  аталады 

(2.8 сурет). 

Горизонталь 

проекция 

жазықтығына 

перпендикуляр 

қиюшы  жазықтықпен  орындалған 

тілік – тік немесе вертикаль тілік деп 

аталады (2.9 сурет).   

Егер  вертикаль  тілік  фронталь 

қиюшы  жазықтықпен  орындалса, 

фронталь  тілік  (А  –  А) 

(2.9 

сурет) 


деп, 

ал 


профиль 

қиюшы 


жазықтықпен  орындалса, 

профиль тілік (Б – Б) (2.9 

сурет) деп атайды. 

Қиюшы 


жазықтық 

горизонталь 

проекция 

жазықтығына  қандай  да 

бір 

бұрыш 


жасай 

 

13 


орналасса, көлбеу тілік деп атаймыз (2.10 сурет). 

 

Қарапайым тіліктер 



 

Қиюшы  жазықтықтардың  санына  қарай  тіліктер  қарапайым 

және  күрделі  болып  бөлінеді.  Бір  ғана  қиюшы  жазықтықпен 

орындалған  тілік  қарапайым 

тілік  деп  (2.11  сурет),  ал 

бірнеше  қиюшы  жазықтықпен 

орындалған  тілік  –  күрделі  деп 

аталады.  Нәрсенің  өлшемдеріне 

қатысты 

қиюшы 


жазықтықтардың  орналасуына 

байланысты  тіліктер  көлденең 

және ұзына бойлай деп бөлінеді. 

Қиюшы  жазықтықтар  нәрсенің 

ұзындағын  немесе  биіктігін 

бойлай  өтсе  көлденең.  ал 

нәрсенің  ұзындығына  немесе 

биіктігіне 

перпендикуляр 

бағытталған  болса,  олар  ұзына  бойлай  орындалған  тілік  деп 

аталады. 

 

Тіліктердің белгіленуі 



 

Қиюшы  жазықтықтардың  орны  сызбада  қима  сызығымен 

көрсетіледі.  2.303-68  МЕСТ  бойынша  қима  сызығы  үшін 

жуандатылған үзік сызық қолданылады. 

Қарапайым  тіліктер  үшін  қиюшы  жазықтықтың  бастапқы 

және шеткі сызықтары сызылады (2.11 сурет), ал күрделі тіліктер 

үшін  –  бастапқы,  бұрылған  жері  және  шеткі  сызықтары  (2.15, 

2.16 суреттер). 

Бастапқы  және  шеткі  қима  сызықтары  нәрсе  кескіні 

контурларын,  шығарма  және  өлшем  сызықтарын  қиып  өтпеуі 

керек.  Қима  сызығына  перпендикуляр  етіп  қарау  бағытын 

көрсететін нұсқама қойылады. Нұсқамалар сызық шетінен 2-3 мм 

қашықтықта салынады (2.5, 2.15, 2.16 суреттер). Әр нұсқаманың 

қасына бірдей бас әріп қойылуы керек. 



 

14 


Тілік үстіне қиюшы жазықтықты көрсеткен әріптер сызықша 

арқылы жазылады (2.11, 2.15, 2.16 суреттер). 

Егер  қарапайым  тілікте  қиюшы  жазықтық  тетікбөлшектің 

симметрия  жазықтығымен  беттеспесе,  белгіленеді  (2.11,  А-А 

тілігі). 

Егер 


қиюшы 

жазықтық 

тетікбөлшектің 

симметрия 

жазықтығымен беттесіп, сәйкес кескіндер сол бетке проекциялық 

байланыста  орналасса  және  олардың  арасын  басқа  кескіндер 

бөліп тұрмаса, қарапайым тіліктер белгіленбейді (2.11, фронталь 

және профиль тіліктер). 

 

Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру 

 

Сызбада 


бір 

кескінге 

көрініс  бөлігі  мен  тілік 

бөлігін 


біріктіріп 

орындауға  болады.  Мұндай 

жағдайда 

көрінбейтін 

контур 

сызықтары 



сызылмайды.  Егер  көрініс 

және 


оның 

орнына 


орындалатын 

тілік 


симметриялы 

фигуралар 

болса (2.11 сурет), онда тілік бөлігі 

мен  көрініс  бөлігі  симметрия  осі 

болып  табылатын  үзік  нүктелі 

сызықпен  бөлініп  тұрады.  Тілік 

бөлігі  симметрия  осінен  оңға 

қарай (2.11, а сурет) немесе төмен 

қарай 

(2.11, 


б 

сурет) 


орналастырылады.  

Симметриялы  тілік  бөлігі  мен 

көрініс 

бөлігін 


біріктіргенде 

симметрия  осімен  қандай  да  бір 

сызық  (мысалы,  қыры  2.13  сурет) 

беттессе,  онда  көріністі  тіліктен 

симметрия  осінен  солға  (2.13,  а 

сурет)  немесе  оңға  (2.13,  б  сурет) 



 

15 


қарай бөліп тұратын  жіңішке ирек сызықпен бөліп көрсетеміз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет