Жәңгір:
Басты кеспек болса да,
Тілді кеспек жоқ деген!..
Айтарыңды айтып қал,
Жазаламан текке мен!..
Жауапкер:
Олай болса айтайын...
Қолымды шеш, кісендеулі құл емен!
Жалғыз кісі қолын байлап,
Сақтанады кілең маңғаз бұ неден?
Жәңгір ишара етеді. Қолын шешеді.
Жауапкер:
Ей Жәңгір хан!
Сіздің үйде де ана бар,
Анадан туған бала бар.
Біздің үйде де ана бар,
Анадан туған бала бар.
Олар да құдай пендесі.
Елден қуып бездірсе,
Жын жайлауы қара сор,
Қоныс қыл деп сендірсе,
Қайда барып паналар?..
Патшасы бар ханы бар
Ӛз елін неге алалар...
Жаз жайлаған жайлауды,
Қыс қыстаған қыстауды
Бір балаң тартып ол алды.
Қайын атаң Қарауыл
Отау тіккен тӛбемді,
Әкем жатқан моламды,
Тартып алып ӛзімнен
Жалға бермек орысқа...
Кәпір қонбақ қонысқа!..
Айтшы осы дұрыс па?..
Жәңгір:
Мына қара қазақтың
Маған арыз айтпақ ойы жоқ,
Жауаптағысы
келгендей,
Ханнан қорқар сойы жоқ!
Иесіне түсер бүркіттей
Сұсты қарашы, қабағындағы!
Қорғасындай балқытылған
Сӛздерді қарашы тамағындағы!
25 дүре соғыңдар да, қайта алып келіңдер,
Сосын оның қандай қыран екенін кӛріңдер...
Жауапкерді дүрелеуге алып кетеді.
Исатай:
Уа, хан
-
ие!
Сабырлы бол, ӛзгеден артық тусаң,
Қасыңда кім қалады бәрін қусаң?..
Панасыз хан бола ма, қарасына,
Торғайға пана болған бір түп жусан.
Пақырдың анасы бар, баласы бар,
Кете ме, кӛрген қорлық, ӛкпе –
жусаң?..
Жәңгір:
Айқындап айт
ойыңды,
Ашып айтқын, Исатай?..
Исатай:
Ашып айт десең айтайын.
Айтқаны әлгі қазақтың
Кӛкірегіндегі зары еді.
Қимағаны
Ата қонысы, жері еді.
Қорғамағы
Азамат деген ары еді.
Соншалық қорлағандай
Не жазығы бар еді?
Кӛп ішінде абыройын ашқызбаңыз,
Ұялатын келіні болар,
Кӛп кӛзінше тәніне дүре басқызбаңыз,
Намыс қуар інісі болар.
Уа, тақсыр хан, тақсыр хан!
Бүгінгі мына ісіңіз
Сорақысы болды
-
ау мазақтың.
Ауыры болды
-
ау азаптың.
Содан барып басталар
Тӛресіз елді, сұлтансыз жерді
Аңсауы қара қазақтың,
Патшасыз, хансыз, азат күн!
Жәңгір:
Исатай!
Бақылап ал басына шығар тӛбеңді!
Айыпты болдың,
Артық сӛз айтып, кӛп, енді.
Исатай жауап бергелі ыңғайланады, бірақ үлгере алмай қалады.
Жәңгір бас сарбазға:
Жәңгір:
Қайда әлгі жауапкер?
Бас сарбаз шығып кетеді.
Екі кісі
сүйемелдеп жауапкерді алып келеді.
Жәңгір:
Бірі хан алдана келдім деп
Жүрегі толқып сескенбейтін,
Бірі хан қасында отырдым деп,
Дәрежелідей аспандайтын,
Құтырған екен шетінен
Иба сақтап жасқанбайтын,
Шеттерінен батылын,
Үгіттейді екен жат үнін!..
25 дүре аздық еткен жоқ па,
Қалай екен батырым!
Жауапкер:
Қорладың
-
ау Жәңгір хан,
Кӛп ішінде абыройымды ашқызып.
Зорладың
-
ау Жәңгір хан,
Жылы кӛбік қанымды
Ӛзіме тірі ішкізіп!..
Бірақ тірі жүрсем мен
Қайтарармын есесін.
Қылармын мен бір іс қызық.
О, Тәңірім!
Айырмады ғой басымыздан
Мына хан, әңгір, таяқты,
Тірілей сойды міне енді,
Тәнімді қанмен боятты.
Сақ бол енді Жәңгір хан
Ызаны әбден ояттың.
Жәңгір:
Ұрған сайын мынаның
Барады ғой тілі ұзарып.
25 дүре тағы да...
Соған тілін тартпаса,
Соғылсын сосын, жүзі, анық.
Жауапкерді алып кетеді.
Исатай:
Тыңда бізді, тақсыр хан
Аспаннан түскен ешкім жоқ,
О да атаның баласы.
Ауызда сӛзі, бойда қан
О да адам шамасы.
Уа, тақсыр хан, тақсыр хан
Хандыққа қарсы ешкім жоқ,
Орынсыз тілді кестің кӛп.
Ойламадың бұ халық
Ӛз ханын сүйіп ӛссін деп.
Тақсыр, тақсыр дегенге
Шығып кеттің жобадан.
Ақылға кел, әйтпесе,
Қалады
-
ау кеміп со бағаң!
Кешірім бер пақырға
Жаңылған шығар тобадан.
О да ӛзіңдей кәдімгі,
Сұйек пен еттен жаралған,
Мына біздей тірі адам.
Терісін тірі сойдырған,
Қазақта жоқ, мынау қай қылық?..
Орынсыз қамшы сілтемей
Іс етсеңіз еді жайды ұғып.
Жәңгір:
Ей, Исатай!
Хан бұйрығын қайырма,
Басыңды бақтан айырма.
Қайта
-
қайта сӛз бұзып,
Сынағаның ба тӛзімді...
Тым жоғары бағалап
Кеткен секілдісің ғой ӛзіңді!..
Ханға
қатты сӛз айтқан,
Ата
-
баба әдетінде бар ма қазақ?..
Сені Исатай еткен –
мен,
Соны түсінбедің
-
ау –
сен, «Арда қазақ!»...
Тоқтат... Сӛзіңді! «Арда қазақ!»...
Исатай:
Мен, Мен едім, Мен едім,
Хан алдында қаймықпай,
Ойдағымды айта алар,
Мойындағы борышты
Үстемелеп қайтарар,
Елге еңбек еткенде
Тұла бойым жай табар –
Исатай атты ер едім!
Исатай ендігі сӛзін сұқ саусағын Жәңгірге кезеп тұрып
сӛйлейді.
Тас лақтырдың
-
ау Жәңгір тұныққа,
Осы сӛзіңді, сірә, ұмытпа!
Сезім де сатқын ӛзіңдей,
Биліктің рахатына сонша құнықпа!
Арда деп мені сӛккенің –
Ар
-
намысымды тӛккенің!
Атаң Тәуке болғалы
Қалмаған сірә ӛктемің!
Арда деген ауыр сӛз,
Арда болып ар аттап,
Анаңа бар ма еді менің шӛккенім!..
Адамдар: «не дейді», «ауыр сӛз ғой мынасы», «қорықсын ба
Исатай», «сыяз болады, дау шешіледі» деп жүргенімізде, мына Ұялы
сыязы жаман басталды
-
ау!..
Жәңгір ханның тілі байланып қалғандай... Сӛйлегісі келгенмен
үнін шығара алмайтындай... Ол қасындағы Шонты биге қарайды.
Шонты би билерге қарайды. Билер тӛмен қарайды...
Шонты би:
Астафралла, астафралла!
Ұят болды
-
ау Исатай!..
Ұят болды
-
ау Исатай,
Ардалығыңды білдірдің...
Аузың сенің іріпті,
Сӛзің сенің шірікті.
Бір құмалақ ежелден
Бір қарын майды шірітті.
Әлгі сӛзің кӛрдегі,
Қурап қалған сүйегі,
Аруақ ананы тірілтті.
Ұят сӛз айттың Исатай,
Айтпас сӛз адам білікті.
Балқы би:
Исатай!
Сабыр сақта жарқыным!
Исатай!
Қорладың
-
ау ел арын!
Ойламадың
-
ау, Исатай
Артының не боларын.
Басын бастап бердің
-
ау,
Ел бұзылар зобалаңның.
Ұят болды
-
ау,
Таңба болды
-
ау, бетіне кӛп адамның.
Исатай:
Ей
Шонты би, Балқы би!
Кеш жүгіндіңдер ұятқа,
Әлгі қара қазақтың
Ұятын ашып түргенде,
Хан мен сұлтан бірігіп
Бұқа болып сүргенде
Жүгініп пе едіңдер ұятқа!
Сонда ұяттарың қаяқта?..
Шімірікпеп едіңдер
-
ау,
25 дүре, таяққа!..
Менің сӛзімді шірік десеңдер,
Жәңгір
аузынан у аққан!
Зәһәрін елге таратқан!
Сорлады ғой мына ел...
О Тәңірім!, ӛзің емес пе ең,
Қара қазақты да, ханды да,
Адам ғып бірдей жаратқан!..
Шонты би:
Хан мен қараны
Теңестіріп сӛйлеуіңді
Қоймадың
-
ау, Исатай!
Сол бір бүлік мінезіңді
Жоймадың
-
ау, Исатай!..
Сен...
Жәңгір қолын кӛтереді. Шонты би сӛзі үзіледі.
Жәңгір:
Шонты би!
Шонты би!
Тыңдап тұрмын, хан
-
ием!
Жәңгір:
Бұлар былай бастаса,
Ендігі сӛз басқаша...
Қатты тиер жазасы,
Қараны ханы жасқаса...
...Дайындала бер Исатай,
Иттей қылып байлатармын!
Сонау суық Сібірге,
Бұтыңда шынжыр,
Талтаңдатып айдатармын!
Осында қалған жұртыңа,
Жын ойнағы шайтан сордан,
Қоныс беріп, жайлатармын!
Ащы сордың суымен,
Малыңды пұшпақ етермін,
Әлпештеген қызың мен,
Ұлыңды тышқақ етермін!
Ендігі жерде антым –
бұл!,
Тұқымыңның түбіне жетермін!
Әлгі әдепсіз сӛзің үшін
Солай сенің сорыңды қайнатармын!
Сібірге айдатармын!
Сорыңды қайнатармын!..
Жәңгір қалшылдап, шаршап қалады.
Исатай:
Қалай екен Жәңгір хан!
Сӛз сүйектен ӛте ме?
Жер
-
жебіріңе жете ме?..
Сен тек қана мен емес
Мынау қалың елімді
«Арда қазақ» деп сӛккенде,
Маңдайыма тепкенде,
Бар қазақтың абыройын тӛккенде –
Үндемеуім керек пе еді?..
Сенің әкең Бӛкей мен
Менің атам Тайманның
«Мәңгі достыққа деген» анты бар еді,
Анттың жолы тар еді,
Ант аттадық,
Күнәһармыз екеуміз,
Енді біздер
кетісерміз,
Ант жазасын тартып ӛтісерміз...
Енді екеуміз кетісерміз...
Күбірлеп
Кетіскен соң не етісерміз?..
Атам қазақты «Арда» дегенде,
Үндемеуім керек пе еді!
Кетісуге бір ауыз сӛз себеп пе еді?..
Жәңгір:
Жетер енді!
Тыңдамаймын сӛзіңді!
Менің қасымда жүрдім деп,
Асқан екенсің ғой!
Тасқан екенсің ғой!
Тасқандығың соншалық
Келіпті ғой,
Хан анасына артылғың!
Дәмесін қара батырдың!
Әліңді білмей Исатай,
Есептей бер ӛзіңді
Енді ақта болып, тартылдың!
Қайда анау сарбаздар!
Түйедей
қып тіздеңдер,
Бурадай ғып буыңдар,
Піштіріңдер, сосын ақта ғып!..
Бура болып кӛп жүрді,
Атан боп та күн кӛрер!..
Шонты би!
(бас сарбазды жұмсайды):
Шақырып кел сарбазды,
Алып кетсін мынаны!
Сақ болсын де, бұл асау,
Басылмаған жын әлі.
Піштірсін сосын апарып,
Сонымен іс тынады...
Үш
-
тӛрт сарбаз кіреді.
Адамдар ортасынан: « Атаңның басын байларсың!» деген
дауыс саңқ ете қалады. Тӛрт
-
бес жолдасымен Махамбет ілгері
шығады.
Махамбет:
Атаңның басы,
Байламақ па едің арыстанды
Елдің туған бағына!
Исатайға
зақым салам деп,
Тӛндіріп алма бір қатер,
Анау алтындатқан тағыңа!
Жәңгір
( билерге қарайды):
Мынауың кім тағы да?..
Балқы би:
Махамбет.
Махамбет:
Менің атым –
Махамбет!
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісіңнен болдым құса
-
дерт!
Менің атам Ӛтеміс,
Елдің қамын жеді ғой!
Сенің атаң Бӛкей хан,
Соны кӛзі кӛрді ғой.
Халық саған баға берген:
«Хан Бӛкейдің тұсында
Секер шайнап, бал іштік.
Хан Жәңгірдің тұсында
Қасықпен қара қан іштік»...
Мен айтқам жоқ бұл сӛзді,
Қара қазақ елі айтқан.
Қазақта хан кӛп болған
Ешкімді емес сені айтқан.
Қыларың болса аяма,
Менің атым –
Махамбет!..
Жәңгір:
Махамбет!
Байқаймын, ӛзіңше сенде ірісің,
Бірақ анау Исатайдай
Кӛп қазақтың бірісің!
Қолыңда ісің бардай,
Артыңда күшің бардай,
Ұнамай тұр, маған мына жүрісің!
Күш кӛрсетердей сен кім
едің?
Махамбет:
Танымайсың ба, Жәңгір хан,
Танытайын онда ӛзімді,
Маған тура қарасаң,
Адырайтайын кӛзіңді...
...Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жарық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын,
Қапы да дұшпан кездессе,
Тартынбай сӛйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды кӛріп қуанған,
Мен –
Ӛтемістің баласы,
Махамбет атты батырмын!
Жәңгір жауап таппай абдырап қалады. Шонты биге қарайды.
Шонты би!
Айыптыға ара түстің Махамбет!
Бұны бір деп біл.
Ханға қару жұмсамақсың,
Екі де.
Жұрт алдында ханды сӛктің,
Үшеу де.
Енді ӛзге түгіл ӛз басыңды,
Қалай ақтап аласың?
Ара түстің, айыпкерге,
Содан қандай пайда табасың?..
Балқы би:
Хан алдында айыптыға ара түсіп
Махамбет қалай тасындың?
Ал айтшы қалай ақтап аласың,
Ойламайсың ба,
Амандығын басыңның?
Махамбет:
Ай билер
-
ай, билер
-
ай!
Елден ерек
Амандық бола ма, асылда,
Елден бӛлек
Аман сақтар
Бас бола ма, батырда.
(Исатайға қарап):
Ау Исатай ағамыз!..
Ханның қасын паналап,
Би мен бекті жағалап,
Тапқаныңыз осы ма?..
Құр сандалыпсыз босына!
Одан да аға болыңыз
Қараның тіккен қосына!
Хан қасында қайыр жоқ,
Ол үміт босқа, далбаса.
Исатай аға ойлашы
Ақ жұмыртқа сары уыз
Әлпештеп қолда ӛсірген,
Туған ұлдан не пайда –
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса!
Мынау қазақ еліңнің
Байтағынан не пайда –
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған,
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса!
Назарын Жәңгірге аударады.
Ау, Жәңгір хан,
хан Жәңгір
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қарып пенен қасерге
Туралық ісі болмаса...
Хан билеген қазақтың
Елдігінен не пайда,
Жетім менен жесірдің
Қанды жасын тыймаса...
Махамбет Исатай қасына жетіп барады.
Ел ағасы Исатай,
Таста мынау орданы
,
Бола біл елдің қорғаны.
Ӛзгерді заман ниеті,
Аспанды бұл торлады.
Қасында бол халқыңның,
Бір дүбірдің жақын толғағы.
Махамбет пен Исатай кӛпшілік жаққа ӛтеді.
Жәңгір:
Ей қара қазақтар!
Ел бірлігін тәркі ғып,
Осы істерің дұрыс па?,
Мені мұқатам деп тырыспаң.
Айтқаныма кӛнбесең,
Айдаған жаққа жүрмесең,
Естеріңді жиғызам,
Бастарыңды қиғызам,
Алдырып әскер орыстан.
Исатай:
Е, Жәңгір хан, Жәңгір хан
Сенің сырың ашылды...
Кӛпшілікке қарап
Хан үмітті ақтар деп
Бекер екен дәмеміз,
Таптық нені, кәне, біз?
Хан орысты жақтайды.
Елдің қамын ойламай
Ішіне түйін сақтайды.
Ханнан жәрдем күткендер
Әділшілік таппайды.
Қазақта кеткен ата кек
Түсіріп еске жоқтайды...
...Дұрыстық қалай істесін,
Есіне неғып түспесін,
Қазақтардың қолынан
Есімнің қаза тапқаны?
Айқай салып «алаштап»
Нұралы ханды шапқаны.
Әбілқайыр бабасын,
Тіле шауып сабасын
Барақ батыр ӛлтіріп
Мұқата тауын шаққаны.
Қалың қазақ біріксе
Шығар мінез оғашын.
Сенің сырың ашылды
Кегіңді менен алмақ па ең?
Түсірмек пе еңсемді
Хан дәрежелі салмақпен?
Ата жауым ежелгі,
Сүйек шатыс қалмақпен.
Біз бір
-
бірімізді енді кӛрмеспіз!
Орысың да кӛрген жау,
Қалмағың да кӛрген жау,
Соңыңнан сенің ермеспіз,
Намысты қолдан бермеспіз!..
Шымылдық
Достарыңызбен бөлісу: |