1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне


бастап,  шығара  бастадың.  ең  алғаш  жазған



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата09.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#8730
1   2   3   4   5   6   7

бастап,  шығара  бастадың.  ең  алғаш  жазған 

өлеңің есіңде ме?

-Алғаш  өлеңді  он  үш  жасымнан  бастап, 

жаза  бастадым.  Алғашқы  өлеңім  өзімнің  анама 

арналған  болатын.  Жүрегімнен  шыққан  алғашқы 

өлеңім болған соң ба, әлі күнге есімде. Өсе келе, 

алдымыздағы  аға  буын  ақындардың  өлеңдерін 

оқып, ақылдарын тыңдағаннан кейін талантымды 

ұштау  керек  екенін  түсіндім.  Ақиық  ақын 

Мұқағали:  ақынға  керек  қасиеттер:  Талант,  ұят, 

қарапайымдылық, түйсік, еңбек деген екен. Міне, 

осыдан-ақ  ақын  болғысы  келетін  адам  алдымен 

іздену  керек,  оқу  керек,  еңбектену  керек  деп 

ойлаймын.

ең алғашқы жетістігің есің де ме?

 

-Ауылымызда  Асылбек  ағамызды  еске 



алуға  арналған  жыр  мүшәйра  болған  болатын. 

Алғаш  рет  сол  мүшәйраға  қатынасып,  өзімнің 

өлеңімді  оқыған  едім.  Сол  жыр  додасында 

номинациямен марапталдым. Осы жетістігім маған 

әлі күнге дейін ыстық болып көрінеді. Қанша жыл 

өтсе  де,  алғашқы  туындымды  халықтың  алдына 

шығып оқыған сәтім есімнен кетпейді. 

сен үшін ең жоғарғы жетістік?

-Мен  үшін  ең  жоғарғы  жетістік  киелі  сахнаға 

шығып,  елдің  ықыласына  бөлену.  «Әй,  балам 

жарадың»-деп үлкен адам келіп, арқаңнан қақса, 

содан артық бақыт бар ма?

 Өмірде мақсатың қандай? армандау дегенді 

қалай түсінесің?

-Мақсатсыз адам болмайтын шығар. Менің де 

алдыма қойған мақсаттарым өте көп. Мақсатым, 

болашақта  жоғарғы  оқу  орнына  түсіп,  ел  үмітін 

арқалар  азамат  болу.  Өмірде  өжеттер  ғана 

мақсатына  жетеді.  Сондықтан  мақсатыма  жетер 

жолда  мен  кері  шегінбеймін.  Өмірден  түйгенім, 

арманға  жету  үшін  армандай  білу  керек  екен. 

Және сол арманға жетер жолда тайсалмау керек. 

Армандар орындалады..... (күліп)



 

Пір  тұтатын,  еліктейтін  адамың  бар 

ма?

-Айнабек 

ағамыз: 

«Тектіге 

еліктеуден 

арланбаймын»-  деген  еді.  Сол  секілді  менде 

еліктегенге  арланбаймын,  менде  біреуді  пір 

тұтамын.  Пір  тұтатын  ақыным  Талғат  Мықи. 

Өлеңді алғаш жазып жүргеннен бастап, сол кісіге 

еліктей бастадым. Кейін Талғат аға айтысқа шығып 

кетті. Ол кісі айтыста да өз орнын таба білді деп 

ойлаймын. 



болашақта айтыскер ақын болу ойыңда бар 

ма?

-Айтыс-халықтың асыл қазынасы. Мен айтысты 

жоғары  бағалаймын.  Айтысқа  келетін  болсам, 

Закария  ағамыздың  бір  айтқаны:  «Кез-келген 

айтыскер ақын поэзияның, кез-келген поэзияның 

ақыны  айтыскер  ақын  бола  алмайды»-деген  еді. 

Енді  қайсысы  маған  жақынырақ  десе,  бұның 

жауабын  өзім  де  біле  алмай  келе  жатырмын. 

Бірақ ертең-ақ біреуінің ғана жолына түсемін. Бәрі 

өз уақытымен болады ғо.. .

Данияр  сұхбат  бергеніңе  үлкен  алғысымды 

білдіремін. 

Армандарыңның 

орындалуына 

тілектеспін. Рахмет!

сұхбат жүргізген: Жадыра досЖаноВа

Айдархан орта мектебінің тәлімгері

Жаңажол ауылы, Жаңақала ауданы,

Сөзмерген танымдық  ойыны

    Баланың  ақыл-ойын,  интеллектісін  дамыту,  ана  тілін  құрметтеп,  қастерлеу 

мақсатында  Бөрлі ауданының білім бөлімінің  бастауыш сыныптар әдіскері Қорағойшина 

Сапия  Нұрғалиқызының ұйыдастыруымен Ақсай қаласының №2орта мектебінде  аудан 

мектептерінің  екі  қазақ сынып оқушыларының арасында «Сөзмерген», екі  орыс сынып 

арасында  «Орысшаң қалай»  атты танымдық ойыны өткізілді. Танымдық ойын алты 

кезеңнен тұрды: 1. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды ...» 2. «Ойлы болсаң озып көр»  

берілген мақал-мәтелдер жалғасын табу. 3. «Тапқыр болсаң тауып көр» екінші бағандағы 

сөздің бірінші  бағандағы қай сөзбен байланысты екендігін табу. 4. «Жүйріктен  жүйрік озар 

жарысқанда ...» бірінші бағандағы сөздің ішінен екінші бағандағы қатысты сөзді тауып, 

соларға байланысты мақал айту. 5. Мақалшылар сайысы ( оқу, білім, кітап туралы). 6. 

«Сөзмерген» берілген сөзге бірнеше сөз құрастыру, бір сөзді таңдап, шағын әңгіме  құрап 

жазу болды.  «Сөзмерген» танымдық ойынының жеңімпаздары  бас жүлде  Спорт Гүлім 

Ақбұлақ ЖОББМ , Өтеулі Тамирлан І орын Григорьев МБК , ІІ орын Камешова  Айша  

Бөрлі  ЖОББМ,  Наурызбаева 

Асель  АқсуЖОББМ,    ІІІ орын ға 

Айсагулова Алтынгүл Қызылтал 

ЖОББМ, Бауыржанов Абылхаир 

№6  ЖОББМ,  Хамиев  Ералы 

№1ЖОББМ  ие болды. Сонымен 

қатар 

белсенді 



қатысқан  

оқушылар      сертификатымен  

марапатталды.

«Орысшаң  қалай»  танымдық 

ойынының  бас    жүлдегері  

Хасанов  Карим  №4  ЖББОМ, 

І  орын  Золотарь  Анастасия 

№5  ЖОББМ,  ІІ    орын  №1 

МБК  Безикова  Виктория  мен 

Пугачев  МБК  оқушысы    Мухаметказиев  Степан  иеленсе,    Заремба  Сабина  Бурлин 

ЖББОМ, Мартин Ева №3 ЖОББМ, Александров МБК-нің оқушысы Осьмушкина Дарья   

ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.



 а.бернИЯЗоВа

Қызылтал ЖББОМ-нің  бастауыш сынып мұғалімі

 Бөрлі ауданы. 

Тіл  жанашырлары

      Кеңсуат  негізгі  мектебі  

2001  жылы  ғана  орта  мектеп  

болып    ашылды.  Сол    кезден  

бері  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  

пәнінен      үш  мұғалім    сабақ  

беріп    келеді.  Олар:  Ақыбаева 

Бағдагүл 

 

Қаратайқызы, 



Ихсанова Шолпан  Қуанышқызы  

және    Еламанова    Райхан  

Мақсотқызы.  Қашан    көрсеңіз 

де    үш    апайымыздың    жұбы  

жазылған    емес.  Оқу  жылы 

басталысымен  жыл  бойғы 

жалғасатын білім сайыстарында  бірлесіп дайындалады. Шәкірттері Абай, 

Мұқағали, Қадыр  оқуларының  жеңімпаздары.  Бағдагүл  Қаратайқызының  

оқушысы      Әсем      Боранбаева  2010жылы    республикалық    «Ақ    бота»  

марафон – турниріне  қатысып, І орын  алып, Алматы  қаласына он күндік  

демалысқа  барса, 2011 жылы  осы  жолды  Шолпан  Қуанышқызының  

оқушысы Тұрсынгүл  Айтмағанбет жалғастырды. Ол  да  І  орынға  ие  

болып, Астана  қаласындағы  «Горное  солнце»  лагерінде  тегін  демалып  

қайтты. Райхан  Мақсотқызының  шәкірті  Арайлым  Айтмағанбеттің білім 

сайыстарында  жеңісі  жетерлік.Оның    облыстық    «Жарқын    болашақ» 

ІҮ    «KATEY» олимпиадасына  қатысып білімсайысының биігіен көрінуі  

мектебіміздің  мерейін  асқақтатты. Ал   9 – сынып  оқушысы  Айымгүл 

Базарбаева биыл аудандық ҮІІІ Мұқағали  оқуында жүлделі  І  орынды  

қанжығасына  байлады.  Ал, Бағдагүл  Қаратайқызының  шәкірті  Е.Өтен 

аудандық  ІІІ  Қадыр  оқуында  ән  жанры  бойынша ІІІ  орынды  иеленсе,   

6 – сынып  оқушысы  Гүлсана Мақсотова    аудандық  ХҮІІ  Абай  оқуында  

«Өлең – сөздің  патшасы  сөз  сарасы»  бөлімі  бойынша  бас  жүлдені  

иеленді.

        2004  жылдан  бері біздің  мектебіміздің  оқушылары  ҰБТ – ға  

қатысып  келеді. Әр  жылдағы  тест  қорытындысына  қарасақ,  мектебіміз  

ауданымыздағы  25 мектептің  ішінде  алдыңғы  бестіктен  көрініп  жүр. 

Ал  жекелеген  пәндерге  тоқталсақ, қазақ  тілінің  шоқтығы  биік.  Шолпан  

апай 2001  жылдан  бері  мектебіміздегі директордың   оқу – тәрбие  ісі  

жөніндегі орынбасары   қызметін  атқарса, Бағдагүл  апай  он  жылдан  

астам уақыт  қоғамдық – гуманитарлық  пәндер бірлестігінің  жетекшісі  

болды.  Райхан  апайымыз    І  деңгейлі    мұғалім.  Үш    мұғаліміміз    де 

-  жаңалыққа  жаны  құмар  жандар.Үнемі  баспасөзбен  тығыз  қарым 

– қатынаста  болады. Шәкірттерінің  шығармалары  облыстық «Самал»  

газетінде    жарияланса,  өздерінің    мақалалары    да    аудандық    «Жайық  

таңы», облыстық  «Самал»  газеттерінде  басылып  тұрады.         

                      Менің    де    арманым  -  ұстаз    болу.    Болашақта    қазақ    тілі 

мен  әдебиеті пәні  мұғалімі  болсам  деймін. Қазақта  «ұстазы  жақсының  

ұстамы  жақсы»  деген  сөз  бар. Мен  де  мұғалімдерімнің  өзіме  деген  

сенімдерін  ақтап,  олардың  мәртебесін  одан  әрі  асқақтатсам  деймін. 

Лайым  ұстаз  деген атқа  лайық  жандар  көбейе  берсін. 



айымгүл баЗарбаеВа

Кеңсуат  ауылы, Ақжайық ауданы



«Ұлты мақтаған ұлы тұлғалар»

           Жайық өңірінің ақын-жазушылары

(поэзия кеші)

Восход  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебінде  1-4  сыныптар  аралағында 

Жайық  өңірінің  ақын-жазушылары 

«Ұлты 

мақтаған 



ұлы 

тұлғалар 

тақырыбында»  сыныптан  тыс  шара 

поэзия кеші өткізілді. Шараға  ұстаздар 

оқушылар    мектеп  кітапханашысы, 

жоғары  сынып  оқушылары  және 

ауылдық 

кітапхана 

меңгерушісі 

Гүлжан  Бегилова  апай  қонағымыз 

қатысқан  болатын.  Шара  барысында  мектеп  кітапханашысы  Гүлсара  апай  Ұлы 

тұлғалардың Қадыр Мырзалиев, Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Дариға 

Мұштанованың жаңа туындыларынан көрме жасап, оқушыларға ұсынды.

І бөлімде Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева мен Дариға Мұштанова 

және Фариза Оңғарсынованың  өмірі шығармашылығы слайдтан көрсетілсе,ІІ бөлімде 

Қадыр  Мырзалиев  атамыздың  «Қадыр-  балалар  жазушысы»  тақырыбында  кешіміз 

жалғасты.  1слайд  Қадыр  атамыздың  бейнекөрінісінен  өзі  айтып  кеткен  өсиетінен 

көрсетілді.  Кеш  барысында  ақындарымыздың  төл  туындыларын  бастауыш  сынып 

оқушыларына жоғары сынып оқушылары мәнерлеп оқып ұсынған болса, жүргізушілер 

4-сынып оқушылары Айкөркем мен Рамина  Қадыр атамыздың балаларға арналған 

өлеңдерін  қазақ  эстрада  жұлдыздарының  өлеңдерін  ұсынды.  Оқушылар  Қадыр 

атамыздың  жұмбақтарын  шешсе,  жаңылтпаштарын  жатқа  айтты.  1-сынып  оқушысы 

Оразай Асылбекұлы Қадыр атамыздың өлең шумағын нақышына келтіріп оқып, «Жас 

ақын»аталымына ие болды.

Ұстаздар, оқушылар кешімізден зор әсер алып, соңында сөз кезегі Гүлжан апайға 

беріліп  балаларды  кітапханаға  жаңа  туындыларды  көруге  шақырды.  Ұстаздар  

оқушылармен бірге «Ұстазым» әнін шырқап, кеш соңында Қадыр атамыздың сөзіне 

жазылған Ескендір Хасанғалиев атамыздың әніне жазылған «Атамекен» әнімен әдеби 

кешіміз аяқталды.

сандуғаш ХамИ

Восход орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

Теректі ауданы

Өлең мені тербейді бесігінде

Әдебиет пен мәдениет


№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

5

 «Қат


Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндігі мол

 Біздің жетістігіміз, ұстаздардың жеңісі  

Жуырда аудандық жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары арасында ХVІІ республикалық Абай оқуларының, 

«Туады ерлер Ел үшін...»  ІІ  республикалық қазақ батырлық эпосы  жыршыларының байқауыныңжәне VІІ республикалық 

Махамбет оқуларынының аудандық кезеңі өткізілді. 

ХVІІ Абай оқулары«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай 

және  Шәкәрім  шығармаларын  жатқа  оқу  бойынша  өтті.  Біздің 

мектебімізден  ұлы абайдың және он Шәкәрімнің өлеңін жатқа 

оқыған 5-сынып оқушысы Нұрзат Сыйлыбек І орынды иеленді. 

«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін 

орындаушылар    конкурсы  бойынша  өзім  Абайдың  «Көзімнің 

қарасы» әнін үш тілде орындап ІІІ орынды иелендім.«Жүйріктен 

жүйрік  озар  жарысқанда»  -  жас  дарындар  конкурсы  (өз 

шығармаларын  орындау)  бойынша  мектебімізден  9-сынып 

оқушысы  Гүлімай  Нұрлыбаева  қатысты.    ІІ  республикалық 

жыршылар  байқауының  аудандық  кезеңі  екі  бөлім  бойынша 

өткізілді«Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын 

жыршылар  мақамымен  жатқа  орындау  конкурсы.  бойынша 

9-сынып  оқушысы  Думан  Ілиясов  1200  жолды  жатқа  орындап,  

ІІ орынды иеленді.

VІІ  Махамбет  оқулары  үш  бөлім  бойынша  өткізілді.  «Ел  құтқарар  ер  едім...»  -  Махамбет,  Мұрат  Мөңкеұлы, 

Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Бойынша 5-сынып оқушысы Дияс 

Амантаев  қатысып  алғыс  хатпен  марапатталды.  «Ұлы  арман»    -  Махамбеттің  күйлерін,  Фариза  Оңғарсынованың 

өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы. бойынша  6-сынып оқушысы Бейісова Мөлдір Фариза 

Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Айша бибі » әнін орындап, алған алғыс хатпен мараптатталды.  «Тартынбай сөйлер 

асылмын...» - жас дарындар конкурсы бойынша 9-сынып оқушысы Жайна Сағындықова алғыс хатпен марапатталды. 

Қорыта келгенде Үшағаш мектебінен қонкурсқа жеті оқушы қатысып үшеуі диплом,қалғандарымыз алғыс хат иеленіп 

қайттық.  Бұның  бәрі  ұстаздарымыздың  еңбегі.  Бізді  дайындаған,  осындай  жетістіктерге  жеткізген  ұстаздарымыз 

Сенгалиева Татяна Таупихқызы мен Губайдуллина Назипа Нұртайқызына айтар алғысымыз шексіз.

 дильназ болаТоВа

Үшағаш НОМ-нің  6-сынып оқушысы

Үшағаш ауылы, Қаратөбе ауданы

Қазіргі  таңда    ауытқушылығы    бар  балаларды  

тәрбиелеп  отырған  отбасыларға  көптеп көңіл бөлінуде. 

Психикалық  және дене  ақауы бар  балаларға  диагноз 

қойылған  және оларды  алдағы уақытта  тәрбиелеу мен 

оқыту  мәселесі  туындаған  кездегі  ата –ананың  күрделі  

ахуалына  түсіністікпен  қараған  жөн.  Мүмкіндігі шектеулі  

балалар    тез  шаршайды,  өйткені    олар    шамадан  тыс 

қозғалғыш    болып  келеді,  ұжымдық    қызметке    үнемі  

бағына  бермейді,  сондықтан  олар дәрігерлік емдеуден  

басқа,  олармен  педагогикалық-психологиялық  түзету  

жұмыстарын жүргізуді  қажет етеді.

Бүгінгі    күні    білім  беру    жүйесі    мүмкіндігі  шектеулі   

балалардың    мұқтаждығына    әлі  де    болса    осал  

бейімделген,  қоғам,  оның    ішінде    барлығы:  педагогтар, 

ата-аналар  мүгедектерді  әлеуметтің  толыққанды мүшесі  

ретінде    қабылдауға    дайын  емес.  Мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың    білім  беру    қызметін    толық  пайдалануға  

қол    жеткізуінің  шектеулі  болуы  да    проблема    болып  

табылады.  Сондықтан  «кәдімгі»  балалардың    ата-

аналарының  «ерекше»    балалармен    бірге  оқытуға  

дайындығын    қалыптастыру    бойынша    педагогикалық  

жұмыстың      қажеттілігі    өткір    мәселе    болып  отыр. 

Сондықтан    педагогтардың  алдында  ата-аналардың 

«ерекше»  балаларды  «кәдімгі»  балалармен    тең 

қабылдауға  дайындығын  қалыптастыру міндеті тұр. 

№ 45 «Нұрсәт» бөбекжайында балаларды  сүйемелдеуге 

жауапты  педагог,  әрбір  проблемалық    жағдаяттарды  

тәрбиеленушіге  барынша  пайда  әкелетіндей  етіп шешуге, 

яғни  «Нұрсәт» бөбекжайда да  отбасындағыдай  оңтайлы  

жағдайлар  жасауға  ықпал етудеміз. Көптеген  ата-аналар 

педагог  немесе  тәрбиеші  уақыттарын  үнемі «ерекше»  

балаларға  жұмсайтындықтан, денсаулығы  бар балаларға  

жеткіліксіз  назар  аударады  деп  уайымдайды. Алайда 

біздің бөбекжайда  кәдімгі  топтарға ерекше  қажеттіліктері 

бар  2-3  баладан    артық    қосылмайды  және    педагог  

денсаулығы бар балаларға  қанша  уақыт бөлсе, оларға  

да  осындай    уақытын    бөледі.  Біздің  мамандар  арнайы 

курс оқып ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың 

психологиялық-педогогикалық  технологияларына,  оны 

түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістерін  

үйретеді,  сондай-ақ  оларға  психологиялық  қолдау 

көрсетеді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың қолдарына түрлі 

ойыншықтар, жаттықтырушы доптар беру арқылы саусақ 

бұлшық  еттерінің  жұмыс  істеуін  қадағалаймыз.  Мұны 

психолог,  дефектолог,    логопедтермен  бірлесе  отырып 

жүргіземіз.№45  «Нұрсәт»  бөбекжай  тәрбиешісі  ретінде 

мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен  жұмыстана  отырып 

олардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін түсінеміз.Осындай 

балаларға өз білімдерімізді жеткізе отырып, қолымыздан 

келген көмегімізді беріп, білгенімізді үйретеміз.  

алия адуШеВа

№45 «Нұрсәт» бөбекжайының тәрбиешісі

Орал қаласы

Алтын ұя, мекенім –«Балбұлақ»

Бүгінгі жас ұрпақ болашағының іргетасының берік қалануы үшін балабақшада 

берілетін  тәлім  –тәрбиенің  маңызы  зор.  Кішкентай  балдырғандарымыздың 

алғашқы  даму  кезеңі,  білім  мен  тәрбие  берудің  бірінші  сатысы  болып  отырған 

ауылымыздағы  «Балбұлақ»  балабақшасының  үлесі  мол.  Бұл  балабақша  2005 

жылы ашылды. Ұжымды білікті басшы Сарқыт  Садыққызы басқарады. Балабақша 

ғимаратының    іші    таза,  жарық,  бірнеше  бөлмелерден  (жатын  бөлме,  асхана, 

ойын бөлмелері толыққанды жабдықталған.Бүлдіршіндер екі топқа тәрбиеленеді.  

Тәрбиешілердің барлығы да жоғары және арнайы орта білімді  мектепке  дейінгі 

бөлім  мамандары.    Балабақшада  балалар  тек  тәрбиеленіп  қана  қоймай,    үш 

тұғырлы  тілді  (қазақ  тілі,  ағылшын,  орыс  тілі)  үйренуде.    Балаларымыз    көп 

уақытын  балабақшада өткізеді. Тәрбиешілеріміз Шынаргүл Диярқызы мен Сания 

Мұратқанқызы - бар балаға ықыласы мен мейірімін төгіп жүрген жандар.

    «Бала тілі – бал» демекші, менің қуыршақтай қызым Дильназ осы атаулы 

балабақшаға  барғанына  бір  жылдай  уақыт  ішінде  көп  нәрсені  үйренді.  Қазір 

қызым  ән  айтып,  би  билейді,  тілі  жатық,  өлең  шумақтарын  жатқа  айтады,  түр 

мен  түсті  айыра  біледі  және  қазақша,  ағылшынша  санай  алатындығына  тәнті 

болып  отырмыз.  Дастархан  басында  тамақтанудың  ережелері  мен  тәртібін,  ас 

ішіп болған соң ас қайыру, рахмет айту қағидаларын айтып, көрсетіп отырады. 

Ауылымызда  осындай  балабақша  барына  мен  өте  қуаныштымын.  Қызымыз 

мектепке барғанша үйде отырмай, балабақшаға  барғаны оң жол деп есептеймін. 

Өйткені, бала сыртқа шықса, айналасындағы ортаға үйренеді, балалармен тез тіл 

табыса алады. Балабақша ең әуелі баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді.

   Міне, осындай білімді, жан-жақты дамыған, Отансүйгіш, адамгершілігі мол 

ұрпақ  тәрбиелеген  ұжым  басшысына,  бүлдіршіндердің  сүйікті  тәрбиешісіне  

айналған жандарға  шексіз алғысымды білдіремін.  

Г. ТемірғалИеВа

Қамысты ауылы,Жәнібек ауданы

Әдіскер болу қиын да жауапты жұмыс

Березов  мектеп-  балабақша  кешенінде  «Нұрлы  болашақ»  бүкіл  қазақстандық  акциясы 

шеңберінде  тәрбие  ісі  меңгерушісі  Д.Шоханованың  ұйымдастыруымен  аталмыш  тақырыпта 

үлкен  іс  -  шара  өтті.  Мерекенің  негізгі  желісі  тәуелсіз  еліміздің  негізгі  жетістігі  –  ұлтаралық 

келісім мен татулық болды.

ҚР 


Тәуелсіздігіне 

жиырма 


бес 

жылдығына арналған оқушылардың өнерін 

тамашадауға    оқушылар  мен  педагогтар 

ұжымы,  қатысты.  «Балдәурен»  ән-хор 

үйірме мүшелері (жетекшісі М.Балмулдин) 

ұстаздарына арнап, «Ұстазым», «Алғашқы 

ұстаз», «Мектебім» атты әндерін шырқады, 

«Бейбітшілік  сақталады»,  «Мәңгі  Жаса 

Отаным»әндерін  орындалған  әндерде 

балалар даусы естіліп, дәстүрлі ұлттық рух, 

сонымен  бірге  жаңарудың,  жеңістің  рухы 

сезілді.Көрермен  қауымды  өзөнерлерімен 

«Айналайын»  би  тобының  мүшелері 

шаттандырды.  «Весенний  вальс»,  «Танец 

с  лентами»,  «Текемет»,  «Я,  ты,  он,  она», 

«Катюша» 

би 

композицияларымен 



таңғалдырып, бізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнан кейін 4-сынып оқушылары ағылшын тілі 

мұғалімі Ж.Даулетованың ұйымдастыруымен  театрландырылған көріністерін ұсынды.

Концерт соңы ақ тілек, ыстық лебіздермен жалғасты. Березов мектеп балабақша кешенінің 

директоры  Ж.Жақсығалиева  қосымша  білім  беру  педагогтарына,  өнерлерін  көрсеткен 

оқушыларға қосқан лайықты үлесі, сонымен қатар үлкен рахметін айтып, шынайы тілегі мен 

ризашылығын білдірді. 



И. сүГірбаеВа,

Березов МБК-нің тәрбие ісі меңгерушісі, Бөрлі ауданы,

Жарайсың, «Көздіғара» 

командасы!

Орал  қаласында  Қазақстан  КВН  одағы  Батыс 

Қазақстан 

облыстық 

филиалы 


-Ақжайық 

КВН 


лигасының  ұйымдастыруымен  облыстық  премьер  лига 

жайдарман  чемпионатының 1/4 финалдық ойыны өткен 

болатын.Аталмыш  ойынға  Сырым  ауданы,  Көздіғара 

ауылының  ЖББ  Көздіғара  негізгі  мектебінің  7,8-сынып 

оқушыларынан құралған  «Көздіғара» құрама командасы 

қатысты.Нәтижесінде  аймақтар арасында өтіп отырған, 

жайдарман ойындарында «Көздіғара» құрама командасы 

өздерін  жан-жақты  көрсетіп,  жүлделі  1орынды  иеленді. 

Бұдан бұрын да  өздерін аудандық байқауларда бақ сынап, 

жақсы көрсеткіш көрсетіп жүрген болатын. Барлық аймаққа 

«Құмды  ауылдың  топырағына  аунап,  Қадыр  Мырза 

Әлінің  жырларын  жаттап  өскен»,  «Көздіғара»  құрама 

командасы ретінде танытып,ауылдың мәртебесін көтеріп 

жүр.Жайдарманда  бақ  сынап  жүрген  топ  құрамы  қыз 

балалардан  тұрады.Осы  қыздарымыздың  жайдарманға 

деген қызығушылықтарын оятып, жетекшілік етіп жүрген-

Көздіғара негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі: 

Ойшыбаев Жасұлан Русланұлына оқушылардың алғысы 

шексіз.Өзін тек  мектеп ұстазы ғана емес, алғыр жетекші 

ретінде  жан-жақтылығымен  көзге  түскен,    жас  маманға 

және осы «Жайдарман» ойындарына демеушілік көрсете 

білген,  ата-аналарға,ұстаздарға  және  «Серік»  шаруа 

қожалығының басшысы: Мүтиев Серік Тарғынұлына көп-

көп алғысымызды білдіреміз. 



айнұр ТналИеВа

 Көздіғара негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаратөбе ауданы



№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

6

Ұлы Женіс күнін 

тойладық

 Ұлы  Жеңістің  71  жылдығына  орай,    Жаңақала 

мектеп- гимназиясының 1 «б» сыныбында «Ешкім де, 

ешнәрсе де ұмытылмайды» атты ашық тәрбие сағаты 

өтті.  Шара  барысында  сынып  жетекшісі  Төлегенова 

Жанасыл  Нәсіпқалиқызы  Ұлы  Отан  соғысының 

басталуы туралы баяндап, соғыс кезіндегі Бауыржан 

Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметованың ерліктері туралы слайд көрсетті.

Шығыстың    қос  шынары  Әлия  мен  Мәншүк,  1945  жылдың  30  сәуірінің  кешінде  Жеңіс 

туын тіккендердің бірі – Рақымжан Қошқарбаев ерліктері  еске алынып «День Победы» әнін 

балаларымыз хормен орындады. Оқушылар С.Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар»  

әнін айтып, «Катюша», «Смуглянка» билерін билеп, қатыгез соғыстың әр отбасының бақытын 

ұрлағаны  туралы  өлең-тақпақтарын  айтып  ұйымдастырылған  концерттік  бағдарлама 

қонақтарға қуанышты көңіл сыйлады.                         



Гүлнар мҰраТоВа

Жаңақала мектеп-гимназиясының оқушысы                                                                                             

Сұпығали Каринаның   ата-анасы

Жаңақала ауданы

«Ер есімі-ел 

есінде»


М.Горький  атындағы  №  16 

қалалық кітапханасында Ер есімі-ел 

есінде» атты тәрбие шарасы өтті. 

Бұл  шараға  №  16  кітапхана 

филиалының меңгерушісі Байжанова 

Айжан Хамидоллақызы,кітапханашы 

Бактиярова  Райхан  Жұмағалиқызы 

қатысты.Кітапханашы  апаларымыз  сөз  кезегінде  Ұлы  Жеңістің  бізге  оңайлықпен 

келмегенін  айтып  берді.Аға,апаларымыздың  ерлігі  туралы  әңгімеледі.Оқушылар 

кітапханада ұйымдастырылған көрмені қызығушылықпен тамашалады. Бұл шараға 

№ 20 орта жалпы білім беретін мектептің 1 « б» сынып оқушылары зор үлестерін 

қосты.Олар тақпақтар айтып, «Катюша» биін биледі. «Соғыстан қайтқан солдаттар» 

атты  көрініс  көрсетті.  2  «а»  сынып  оқушысы  Әсем  Бакитова  «Әзербайжан  биін» 

көпшілікке тарту етті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет