Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ №1
Тақырыбы: Неліктен мен химия мұғалімі болуды таңдадым?
Тексерген : Бусурманова Ақкенже
Орындаған : Мұратова Даяна
Ақтау 2022ж
Ұстаз – ұлы тұлға. Мұғалім болу өте қиын жұмыс. Біздің елімізде педагогикалық мамандықтың иелері аз емес, бірақ та, барлығына бірдей мұғалім атағы беріле бермейді.
Мұғалім – баршаға қажет адам. Өркениетті әлемде қалыпты өмір сүру үшін барлық мамандықтар маңызды. Ал мұғалімсіз дәрігер де, инженер де болмайды. Сондықтанда, мұғалім барлық мамандықтың негізін қалаушы деп есептелінеді.
Мұғалімге көп қасиеттер керек: мейірімділік, шыдамдылық, ақылдылық және балаларға деген сүйіспеншілік.
Балалар күннің көп бөлігін мектепте өткізеді. Ата-аналар балаларын таңертең және кешке көреді. Мұғалім күні бойы баланың қасында болады, оны оқытып қана қоймай, тәрбиелейді. Мұғалім шәкірттеріне үлгі, өнеге болуы керек.
Мен алғашқы рет мектеп табалдырығын аттағанымда, бірінші ұстазым маған жылы қабақ танытып,ыстық ықыласына бөлеген. Жоғарғы сыныпқа өте келе, менің ынтам химия пәніне арта түсті. Ол кездері мен дәрігер болам деп армандадым. Бірақ уақыт өте келе, денсаулығым сыр беріп,төсек тартып жатып калдым. Осы жағдайдан кейін дәрігер болам деген ойдан бас тарттым. Сол уақыттарда ұстазым үлкен қолдау көрсетті. Сол жағдайдан кейін, мұғалім деген жанға өзгеше қарап, әп-сәтте мұғалім болуды арман қылдым.
Барлық пәннен өзімді сынап көрдім. Өзіме химия ұнағандықтан химия пәні мұғалімі боламын деген шешім қабылдадым. Алайда, ойымда "мұғалімдікті таңдауым қателік емес пе?"- деген қорқыныш болды. Кейін практика жүзінде мектепке барып, оқушылардың алдында тұрғанда дұрыс таңдау жасағанымды түсіндім.
Мұғалімнің басты міндеті – кішкентай адамның тұлға болып қалыптасуына, қоғамға бейімделіп, өз орнын табуға көмектесу екенін түсіндім. Мұғалім оқушының дарындылығының дамып, өсуіне бар күш-жігерін салып, оның талпыныстарын дұрыс жолға бағыттап, неге ұмтылу керектігін көрсетуі керек екен.
Мұғалімнің екінші бір міндеті – оқушыға өз пәнін меңгерту. Химия пәнін көп оқушы қиынсынады, бірақ оны оқытудың жеңіл және түсінікті әдістері бар. Сол әдістерді химия мұғалімі пайдалана білу қажет. Оқушыларды химия пәніне қызықтырудың бірден-бір тәсілі – химиялық эксперимент. Болашақта оқушыларымды химия пәніне қызықтыру менің мақсатым.
Достарыңызбен бөлісу: |