ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Жаяу Сал 
БАТЫР БАЯН 
(Басы 4-5 санда) 
Өткен күн таң-тамашалар таңы ғой, 
Ерлері ертегінің өрт еді ғой. 
Айырылып от екпінді ерлерінен, 
Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой. 
Сонау дерт түгелімен ауып маған, 
Дариға, жүрегімді өртеді ғой! 
Ер көрмей, көрден басқа, сұр өмірде, 
Шерлі жан, шерлі кеңес шертеді ғой. 
Жадырап жаным, шерім тарқар еді, 
Кеңесім, тыңдаушыға сала алса ой. 
Күңіреніп ойлағанда, алаш жайын, 
Жанымды орай берсе, улы уайым. 
Кеудеме күннің нұры толғандай боп, 
Жырлаймын алты алаштың Абылайын. 
Арсызға асқандаймын, тәуап қылсам, 
Кебедей Абылайдың Бурабайын. 
Күңіренген жырымменен мен разымын 
Алаштың жоқтай білсем Баян-айын. 
Жырлаймын, күңіренемін өткенді ойлап, 
Кеудеме улы уайым толған сайын. 
Кірейін кеңесіме күңіренткен, 
Ер Баян, жөнелді енді Жолдыөзектен. 
Қамшыны көміп-көміп алды батыр, 
Ашуын алатындай тұлпар көктен. 
Мұңайып мәңгі, мұңды белдер қалды, 

93 
 
Жынды жел, сақ-сақ күліп сүйді беттен. 
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді, 
Иіліп әдеппенен сәлем еткен. 
Ер жұртты. Сәске болды, көзі көрді, 
Көкшені бал алысқан аспан көкпен. 
Көкшеде өңшең көкжал аялдаған, 
Қырандар қанаттарын жая алмаған. 
Ханына Абылайдай: "Болады!" - деп, 
Бір берген сөзден ерлер тая алмаған. 
Ерігіп, әңгіме қып өткен күнді, 
Қанішер Болат жайын баяндаған. 
Қайратқа құса болған сол қырандар, 
Алыста қара көрді аяңдаған. 
Жақындап, қара ордаға келген шақта, 
Шықты айғай топтан шулап. "Баяндаған! 
Аяңдап топқа тура келді Баян, 
Келді де, көпке сәлем берді Баян. 
Қудай боп құс төресі топ төрінде, 
Отырған Абылайды көрді Баян. 
Басқаға мойын бұрып, бір сөз қатпай, 
Абылайға балпаң басып жүрді Баян. 
Бәйтерек тұңғиыққа төнгеніндей, 
Алдында қол қусырып тұрды Баян. 
Тұрды да деді: "Алдияр, сөзім қысқа, 
Екенім, менің Баян алашқа аян. 
Алдияр, ел ағасы, - ханым дана, 
Алашқа ауыр күнде болған пана. 
Кешігіп, күнәлі боп, енді алдыңа, 
Келді ерің, іші жалын, жаны жара. 
Тұңғиық кез болды ғой кешуі жоқ, 
Болмаса, шыққанда "Аттан!" ер тура ма? 
Талқыға жан жарасын сала алмаймын, 
Мәнімді мен айтпайын, сен сұрама. 
Тілегім - енді жауға аттаналық, 
Қан көрсе, қас қыранда шер тура ма?!" 
Абылай, ерін күткен көптен зарығып, 
Қолынан Баян-айын алды тартып. 
Алдына отырғызып, күміс кернеу, 
Керсеннен көкжалына берді сарқыт. 
Берді де, бүгіп басын ойға кетті, 
Асқардай ой билеген мәңгі қалғып. 
Біраздан көтеріліп жан-жағына, 
Қарады жер жиһанның бәрін тар ғып. 
Қарады, қыран сөзі қысқа болды: 
"Таң ата жүреміз!" - деп берді жарлық. 
Ежелден Абылайда екі сөз жоқ, 
Сөз шықты: "Болады!" - деп, тарады топ. 
Топ тарап, ат-тұрманын даярлады, 
Біраздан дамылдады ел, мезгіл түн боп. 
Жібектей жұмсақ жылы жаздың түні, 
Бұлтымен құшақтады Көкшені көк. 
Керілді ерке Көкше, күміс Айға: 

94 
 
"Сәулеңді, сәулем, көбірек деп, төкші-төк!" 
Бетінде Бурабайдың ерке толқын, 
Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп. 
Түн өтті. Жер шетінде алтын таңды, 
Жорғалап, жүз бұралып, жел қарсы алды. 
Сарғайып сары белден таң атқан соң, 
Абылай қолға: "Аттан!" - деп хабар салды. 
Бәрі де болат тұяқ бедеу мініп, 
Батырлар қатар түзеп келіп қалды. 
Жөңкіліп, күздікүні көшкен бұлттай, 
Қап-қара, ортасы ой боп, қол қозғалды. 
Асырып ертегіше айтқан жанға, 
Қаранар қайыспайтын жер шайқалды. 
Жөңкіліп, көшкен бұлттай барады қол, 
Кейде қол, түнерген тау, қайғысы мол. 
Кей кезде, тентек толқын екпінімен, 
Шу қойып, шабуылдап алады қол. 
Шаң - бұлт, бұлт - шаңға айналған соң, 
Атаған ерлер жолын деп: "Шаңды жол". 
Тартты қол. Қалды ерлер. Қалды белдер. 
Бастаған Бұғыбай басшы қол көрмес шөл. 
Бірнеше тәулік бойы тынбай тартып, 
Қол енді жүрді бойлап бір айдын көл. 
Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан, 
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан. 
Қаратал, Аягөзбен - екі көзі, 
Еркесі - Іле өзені, ұзын аққан. 
Басы егіз ерке Іленің: Кеңес, Текес, 
Тәңірінің тентек Текес дәмін татқан. 
Бойында сол Іленің қалың қалмақ, 
Абайлап Абылайды күтіп жатқан. 
"Қайда, - деп, - қазақ?" бұрын желіккен жау, 
Көрген соң көп қазақты ойға батқан. 
Қазақтың қалың қолы ерлер кілең, 
Батырды көп қалмақты ойға терең. 
Қазақтан қулықпенен құтылмаққа 
Кеңесті қос қоңтайшы: Ұса, Церең. 
Жіберді кеңесті де, жеті қалмақ, 
Сөздері: "Абылайдан бар да тілен! 
Ағаттық бізден болды, кешсін Абылай, 
Ақ отау, айдаған мал - бәрін берем, 
Тағы да ер басына бір ару мен 
Қара нар - айыбымыз, қалы кілем". 
Жеті елші, осы сөзбен келген ханға, 
Қаратып өз жауабын ертең таңға, 
Салады мынау сөзді хан Абылай 
Би-батыр, қасындағы көп қыранға. 
Салса да, алдыменен өзі айтады: 
"Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға! 
Күні ертең не бергенін жолдан алып, 
Қалғанын алсақ, қолдан арғы таңда. 
Ерлерім, ойым осы! - деді Абылай, 

95 
 
- Бұл ойды, теріс дейтін адам бар ма?" 
Абылай айта қалса істің жайын, 
Би-батыр теріс дей ме Абылайын. 
Қалың топ тым-тырыс боп тұрған шақта, 
Дегендей: "Ерік неде, біздер дайын!" 
- Ерлігі алашқа аян батыр Баян, 
Тұрды да деді: "Алдияр, Абылайым, 
Мергеннің мылтығына қарсы жүрмес, 
Қырдағы адам түгіл құландайын. 
Сөзімді не кектерсің, не жұп терсің, 
Ойыңды теріс дейді Баян-айың! 
Талқыға салмай, шындық табылмайды, 
Құл ғана қожаны ылғи қабылдайды. 
Қу қалмақ, күні кеше алдамап па ед, 
Шоңқитып, Ой қытай мен Өр қытайды? 
Қытаймен күні бүгін жалғаспаса, 
Қытайға қалмақ неге қанат жайды? 
Абылай артық туған неге ұмытсын, 
Қазаққа қалмақ сыры аяндай-ды. 
Қалмақтың қарты түгіл, қалшасы да, 
Алдатпас, алдап кетер Абылайды!" - 
Тоқтады Баян. Абылай тағы өз сөзін, 
Қайта айтты, біраз шытып, кәрлі жүзін. 
Хан да екі, Баян да екі қайырысты, 
Алмастан бір-біріне тіккен көзін. 
Жиналып көздеріне қызыл жалын 
Қалса да, сыр беріспей қылды төзім. 
Қалың топ хан ашуын байқаған соң, 
Ағытты "әрине" - деп, сөздің бөзін.  
Шешілді сөз, қол енді күтіп қалды, 
Елшінің ертеңінде келер кезін. 
Алты алаш Абылайдай арғымағын, 
Алаштың аруағына пар қылатын. 
Бетіне Абылайдай ардагердің, 
Келуді алты алашқа ар қылатын. 
"Бетіне келген жанды соғар кие!" 
- деп жырау, жауырыншылар жыр қылатын, 
Баянның сөзін естіп қариялар, 
Ішінен ерін аяп: "А шырағым!" 
Десті де күрсінісіп, кесіп қойды: 
Қайтад, - деп, - осы жолы, Баян, бағың!" 
Серпілді, соныменен кеңес енді 
Қол күтіп, жатып қалды келер күнді. 
Жібектей жылжып өтіп жаздың түні 
Таң құлан, күн шығыста, иектенді. 
Алтын Күн алыстағы арайынан, 
Жарқырап, шығып жерге сәлем берді. 
Қол турды, ауқаттанды, хабар күтті, 
Ерлердің еріккені аңға жүрді. 
Қол күтті, уақыт өтті, ерікті ерлер, 
Ауыр ой биледі Абылай кемеңгерді. 
Қол күтті, уақыт өтті. Күн батар шақ, 

96 
 
Жерде еді қой көшіндей қалың қалмақ. 
Кең ойлы Абылайдай данышпанды, 
Қу қалмақ, кеткені ме шын-ақ алдап?! 
Күн кірді арайына, шапақ батты, 
Қап-қара толқындарға толды жан-жақ. 
Қол тынған бір толқынсыз тұңғиықтай, 
Мүшкіл боп, Абылайға бір сөз салмақ. 
Іңірдің соңын ала хан Абылай, 
Серпіліп ерлеріне қылды жарлық. 
Ерлерін жиып Абылай, ел ағасы, 
Сұрайды: "Мынау істің не шарасы?" 
Қырандар әрі-бері толқысқан соң, 
Қанайы Қарауылдың, топтың басы, 
Саңқылдап суырылып сөйлей берді: 
"Қытайдың қол ұсыным шекарасы. 
Қалмақты Қытай кірген зерттер болсақ, 
Қазақтың бірі қалмай мерт болады!" 
Тұнжырап қалсадағы хан Абылай: 
"Қайту!" - деп сөздің болды бәтуанасы. 
Таң ата, қол қозғалмақ кейін қарай, 
Ұрылған көңілі қаяу, хан Абылай. 
Қол жатқан, жым-жырт басқан, 
Тәңір таяу, Жалғыз-ақ жатқан ояу 
Баян бала-ай: "Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан, 
Жөңкіліп бүл қайтудың мәні қалай?" 
Деді де, атып тұрып топ ішінен, 
Ерлерден от екпінді, жолбарыстай. 
Жүз жасты жолдас қылып тарта берді, 
Таң ата: "Қайдасың, - деп, - қалың Қытай?" 
Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап, 
Тартады шабуылмен Іле бойлап. 
Алдында ақ сұңқардай батыр Баян, 
Екпіні қауға тиген өрттей ойнап. 
Бедеулер болат тұяқ желден ұшқыр, 
Алысып, ауыздықты қарш-қарш шайнап. 
Сәскеде сағымменен көрді Баян, 
Көп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап. 
Жүз бөрі аз дамылдап алысты да, 
Ат қойды қалың жауға "Абылайлап". 
Жүз қыран мың сан қолға араласты, 
Орғыған асқар таудан судай тасты. 
Шыдамай жүз екпінге, шулай беріп, 
Қалмақты ә дегенде қара басты. 
Біраздан есін жиып бөріккен ел, 
Қару ап, қара құрттай құжынасты. 
Аз болса, бір қазаққа жүз қалмақ кеп, 
Ат қойып, қиқу салып, қамаласты. 
Тер саулап тебінгіден, қылыштан қан, 
Шаң, түтін будақ-будақ аспанға асты. 
Аз қазақ, көп қалмаққа салды тойды, 
Көк аспан қара түтін шаңға тойды. 
Алдаспан ажалменен бәсеке боп, 

97 
 
Қанішер, қайқы қара қанға тойды. 
Жып-жылы адам қаны бүлкіл қағып, 
Қуалап жылжи берді ойдан-ойды. 
Көк көбе шүберектей шұрқ-шұрқ болып, 
Жыртқызды ерлер дал-дал тұла бойды. 
Анадай дөң басында Ұса, Церең, 
Қуыршақ Құдайына қасқа сойды. 
Шаңқай түс. Қызыл жалын бір жел ескен, 
Зәндем от, әуе айналып жерге түскен. 
От түбі тоқтап қалған, жылжымайды, 
Аспанда жоқ бір жапырақ бұлт та көшкен. 
Сол кезде қара бұлттай қалың қалмақ, 
Қажытты жүз қыранды жаннан кешкен. 
Қазақтың көбін аттан түсірген соң, 
Қалмақтың қуаныш пен қиқуы өскен. 
Сол кезде қалың топтың ортасында, 
Шықты шу: "Мұнда Баян! Баян!" - дескен. 
Қалың қол ортасында батыр Баян, 
Баянның батырлығы алашқа аян. 
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен, 
Аузынан көбік болып бұрқырап қан. 
Оң-солға алдаспанды сілтегенде, 
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан. 
Жанында жалғыз жолдас - жас Жанатай 
Қансырап зорға ғана кірпік қаққан. 
Түзеліп отыруға халі қалмай, 
Қисайып бара жатты құлап аттан. 
Жолдас дер ердің ері-ақ, қан майданда, 
Жол беріп, жолдасы үшін алдаспанға, 
Еңкейіп сүйемек боп батыр Баян, 
Жолдасы Жанатайға айналғанда, 
Бір қалмақ еңгезердей көк найзамен, 
Білмеген, сірә, тою қызыл қанға, -  
Қапыда қайран ердің сүбесіне, 
Бойлатып сұғып тұрып, бұлғағанда, 
Ер Баян Жанатайды алдына алып: 
"Қыларың, қатын қалмақ, тағы бар ма?" 
Деді де суырып алып, жау найзасын; 
"Алаштың әруағы, - деп, - қайдасың?!" 
Жыландай жарқ еткізіп алдаспанды 
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын. 
Бұлақтай аспанға атып, қан шапшыған, 
Жараға қып тұрып бармақ басын, 
Қасқиып қан майданда тұрып алды. 
Қайран ер, қайсар Баян, жолбарысым? 
Алайда, уақыт өтті, қулап түсті, 
Құшақтап Жанатайдай жан жолдасын. 
Жер мен көк шыр айналып араласты, 
Көз алдын қара түтін тұман басты. 
Тәтті бір жазғы таңда қалғығандай, 
Ер көзін оқтын-оқтын жұмып ашты. 
...Көргендей болды ашулы Абылайды, 

98 
 
Қалың қол: "Әне, Абылай!" - деп шуласты. 
Тағы ашты жұмған көзін, тағы көрді, 
Алдында жас ұлан мен толқын шашты. 
Екеуі құшақтасып жап-жақын тұр, 
Басымен ишара қып амандасты. 
Алдында Ноян менен Ақша маңдай, 
Жұлдыздай жымыңдаған сөнбей-жанбай. 
Сұлудың сексен сырлы жұмбақ жаны-ай, 
Ерніне әлде болса, күлкі алғандай. 
Жоқ... Күлкі жоқ... бетінде тамшы қан жоқ, 
"Ағалап", жан ұшырып жалбарғандай. 
Жоқ...өзі Жолды өзекте жортады-мыс, 
Алыста екі қара көз жалғандай. 
Ұмтылды оқ жыландай... садақ пен қан, 
Кезерген ердің ерні қозғалғандай: 
"Көзімнен, неге ақпайды қан боп жасым, 
Жан беріп, жазғаным ғой, жан жарасын. 
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе? 
Дариға, жазамнан да күнәм басым! 
Күнәмді Тәңірі кешпес, кешер бірақ, 
Жауында жан берген соң алты алашым!" –  
Қайран ер, аласұрып, жан ұшырып, 
Көтеріп, көз жұмулы, алып басын, 
Жан бауыры жас Ноянға ым қағып ед, 
Жас Ноян құша түсті толқын шашын. 
Екі жас қайғысы мол құп-қу жүзді, 
Екеуі құр қарап тур алмай көзді. 
Көкесі жан бергенде, бөбек Ноян, 
Тұрғаны мәні қалай құшып қызды? 
Дариға, беті қара сорлы Баян, 
Шығарған өз қолымен екі көзді: 
Іс өтті. Ажал жетті. Енді не бар? 
Қоштасып, айтысалық соңғы сөзді!  
Оң-солға алдаспанды сілтегенде, 
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан. 
Жанында жалғыз жолдас – жас 
Жанатай Қансырап зорға ғана кірпік қаққан. 
Түзеліп отыруға халі қалмай, 
Қисайып бара жатты құлап аттан. 
Жолдас дер ердің ері-ақ, қан майданда, 
Жол беріп, жолдасы үшін алдаспанға, 
Еңкейіп сүйемек боп батыр Баян, 
Жолдасы Жанатайға айналғанда, 
Бір қалмақ еңгезердей көк найзамен, 
Білмеген, сірә, тою қызыл қанға, -  
Қапыда қайран ердің сүбесіне, 
Бойлатып сұғып тұрып, бұлғағанда, 
Ер Баян Жанатайды алдына алып: 
"Қыларың, қатын қалмақ, тағы бар ма?" 
Деді де суырып алып, жау найзасын; 
"Алаштың әруағы, - деп, - қайдасың?!" 
Жыландай жарқ еткізіп алдаспанды, 

99 
 
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын. 
Бұлақтай аспанға атып, қан шапшыған, 
Жараға қып тұрып бармақ басын, 
Қасқиып қан майданда тұрып алды. 
Қайран ер, қайсар Баян, жолбарысым? 
Алайда, уақыт өтті, құлап түсті, 
Құшақтап Жанатайдай жан жолдасын. 
Жер мен көк шыр айналып араласты, 
Көз алдын қара түтін тұман басты. 
Тәтті бір жазғы таңда қалғығандай, 
Ер көзін оқтын-оқтын жұмып ашты. 
...Көргендей болды ашулы Абылайды, 
Қалың қол: "Әне, Абылай!" - деп шуласты. 
Тағы ашты жұмған көзін, тағы көрді, 
Алдында жас улан мен толқын шашты. 
Екеуі құшақтасып жап-жақын тұр, 
Басымен ишара қып амандасты. 
Алдында Ноян менен Ақшамаңдай, 
Жұлдыздай жымыңдаған сөнбей-жанбай. 
Сұлудың сексен сырлы жұмбақ жаны-ай, 
Ерніне әлде болса, күлкі алғандай. 
Жоқ... Күлкі жоқ... бетінде тамшы қан жоқ, 
"Ағалап", жан ұшырып жалбарғандай. 
Жоқ...өзі Жолды өзекте жортады-мыс, 
Алыста екі қара көз жалғандай. 
Ұмтылды оқ жыландай... садақ пен қан, 
Кезерген ердің ерні қозғалғандай: 
"Көзімнен, неге ақпайды қан боп жасым, 
Жан беріп, жазғаным ғой, жан жарасын. 
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе? 
Дариға, жазамнан да күнәм басым! 
Күнәмді Тәңірі кешпес, кешер бірақ, 
Жауында жан берген соң алты алашым!" –  
Қайран ер, аласұрып, жан ұшырып 
Көтеріп, көз жұмулы, алып басын, 
Жан бауыры жас Ноянға ым қағып ед, 
Жас Ноян қуша түсті толқын шашын. 
Екі жас қайғысы мол құп-қу жүзді, 
Екеуі құр қарап тур алмай көзді. 
Көкесі жан бергенде, бөбек Ноян, 
Тұрғаны мәні қалай құшып қызды? 
Дариға, беті қара сорлы Баян, 
Шығарған өз қолымен екі көзді: 
Іс өтті. Ажал жетті. Енді не бар? 
Қоштасып, айтысалық соңғы сөзді! 
"Келіңдер, қарақтарым, кешіңдер!" - деп, 
Ер Баян, әлсіз ғана қолын созды. 
Көз алды енді мәңгі тұман болды, 
Жабырлап, жан-жағына қалмақ толды. 
Баянды балағаттап, ісіп кеуіп, 
Бір қалмақ қалды теуіп созған қолды. 
Сылқ етіп, созылған қол жерге түсіп, 

100 
 
Жүзінін бірте-бірте нұры солды. 
Баянның басын бірі кесіп алып, 
Бұлғады найзаға іліп, оңды-солды. 
Қуанып қос қонтайшы - Ұса, Церең, 
Алғысқа көмді, елірген қалың қолды. 
Көңілінен Ұса, Церең кеткен қауіп, 
Қуанып, сырнай-керней қылды сауық. 
Алайда Абылайдан сескенген соң, 
Жөнелді ертеңіне Қытайға ауып. 
Алаштың ардагері батыр Баян, 
Бір қырда қала берді топырақ қауып. 
Жаудан да мейірімді боп жылады жел, 
Күңіреніп, ер денесін құммен жауып. 
Іленің толқындары әлі күнге, 
Айтады ерге жарау ауық-ауық... 
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, 
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. 
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған, 
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. 
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан, 
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. 
Ел үшін төккен ерлер, қанын жұтқан, 
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. 
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, 
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! 
М. Жұмабаев 
ЗАМАН ЕРКЕСІ 
(Роман) 
Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы, 
Салқын қуыс өмірі я қараңғы. 
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ, 
Өтерсіз қартаяр деп, біл балаңды. 
Бала мінез ойыншы бұрынғылар, 
Аңқау екен мазақтап соны санар. 
Артқа қарап, ақ пейіл шалға күліп, 
Әбүйірсіз, атақсыз көрге құлар. 
(Абай) 
Қоңыр күздің мезгілі. Сентябрьдің бас кезі еді. Ел орынға отырған уақытта, жарық айлы 
тыныштығы мол түнде қалың таудың ішімен үш салт атты келе жатты. Жүргіншілер келе 
жатқан  қабат-қабат  биіктің  арасында  бұралып  жатқан  жіңішке  жасыл  өзен  кейде 
тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз 
аяқ  жолдай  болып  жіңішкеріп,  жыланша  иірілді.  Қонарлық  жерге  кешігіп қалып,  жетуге 
асыққан жолаушылар осы өзекті өрлеп желіп келе жатыр. Жарық айлы, тынық түнде, шың 

101 
 
таудың ішіндегі улы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс тастақ жолмен жүріп келе жатқан 
аттылардың  тықыры  ғана.  Бұдан  бөтен  ешбір  дыбыс  жоқ.  Табиғат  тастай  қатқан,  жым-
жырт. Жолаушылардың үшеуі де жас жігіттер. Жақсы киініп, семіз ат мінген боз балалар 
еді.  Булардың  екеуі  Ырғайлы  болысының  оқыған  жігіттері.  Сыздық  пен  Сүлеймен, 
үшіншісі ел ішінің жігіті, балалардың жолдасы Есімжан еді. Қазіргі мезгіл елге тегіс ауыр 
тиген,  1916  жылдың  реквизициясы  күшіне  әбден  келіп,  дегенін  істетіп  жатқан  кезі 
болатын. Ырғайлының жігіттерін түп-түбімен прием жасап жатқан, Ақтас бекетіне кеткен 
алдын  алыпты  деген  хабарлар  ел  ішіне  келіп  жатқан.  Қалың  ел,  жалпақ  дала  басына 
келген  ауыр  күннің  қайғысынан  күңіреніп  күрсініп  жылағандай  еді.  Жалғызынан 
айырылған  кемпір-шал.  Сүйеніш  қалған  бауырынан  айырылған  апа-қарындас,  кетер 
жеріне  жаны  сүйген  жақындарымен  қоштасып  жылап  қалса  да,  әлде  болса  да,  үйде 
отырып  тілеу  тілеп  болымсыз  нәрселерді  үміт  қылып  зарлауда,  қайғы  қасіретте  еді. 
Оқыған жігіттер елдің бүл күйін көзімен көрсе де, жаңа да қырға келгендіктен, ағайын - 
туысқанды аралап қыдырып жүрген. 
Қазіргі  келе  жатқан  беттегі  көздеген  мақсаттары  қыз  көру.  Қатын  алуды  ниет  қылып 
жүрген Сыздық еді. Бүл жігіт жаз ортасында үйіне келгеннен бері қарай ағайын-туысқан 
жақындары:- Енді қыз көруде ұнатқан кісіңді бізге айт, келіншек әпереміз, - деп, ел ішінде 
тәуір деп жүрген екі-үш қыздың атын атаған. 
Сыздық ағайындарының сөзіне көнген соң, құрбы-құрдас, тілеулес жақындарының бәрі де 
әрбір қыздың атын атап келіп, әсіресе, мақтағаны Мақыштың қызы болатын. 
Жігіттер екі-үш күннен бері қарай осы Мақсұтпен бірнеше ауылда болса да, көңілге алған 
қыздарының  кейбірін  көре  алмай,  кейбірін  көрсе  де  ұнатпай  аяғында  әзіргі  кеште 
Мақыштың ауылына келе жатқан беті болатын. 
Бұлар  тау  бауырындағы  жазықта  отырған  елден  түс  ауған  мезгілде  шықса  да  жол  бойы 
әңгімелесіп, аяңдап жүріп отырып, Мақыш ауылына қоналғалық мезгілден кешігіп қалып 
еді. Сондықтан, тау ішіне кіргеннен бері қатты келе жатқан еді. Әзіргі жолаушылар жүріп 
келе жатқан тау Маралдың бөктер тауы болатын. 
Таулардың  ай  сәулесі  түсіп  тұрған  беттері  жарқырап,  самалдай  болып  анық  көрінеді. 
Көлеңке  түскен  теріскей  жақтағы  таулар  биік  жартастар  алыстан  қара  үңгірдей  болып, 
қарауытып көңілге салқын тыныштық пен болымсыз қауіп сезімін сіңіргендей болды. 
Жігіттер бөктер таудың ішінен бір сағаттай жүргесін бүл таудан өтіп, бір алаңға шықты. 
Алдынан Маралдының көлденең созылған үлкен биіктері, қатпарлы қабат-қабат шыңдары 
көрінді.  Айдың  жансыз  жарығыменен  сұрғылттанған  кең  аспанда  бір  шегін  көзден 
жасырып,  Маралдының  жотасы  қара  қошқылданып  болып  көрініп  тұр.  Үлкен  таудың  ет 
бөктеріне бір шақырымдай ғана жол қалды. Жігіттер бұрынғыша қатты желіп, жалғыз аяқ 
жолмен келе жатқанда, оң жағынан қалың тыныштық жым - жырттықтың ортасында саңқ 
етіп, үрген ит дауысы естілді. Жігіттер әуелгі келе жатқан бетінен жалт беріп бұрылып, ит 
дауысы  шыққан  жаққа  жүрді.  Біраз  жүріп  кішкене  төбенің  басына  шыққанда,  жарты 
шақырымдай  жерде  тұрған  ауылдың  тыстағы  жарқыраған  оты  көрінді.  Ауылдың  да 
қарауытқан су бойы байқалатын да еді. Әсіресе, ай сәулесімен шағылысқан ақшыл үйлер 
айқын көрінді. 
Жолаушылар  ауылға  жақындағанда  алдынан  көп  ит  шабаланып  үріп  шықты.  Иттер 
жолаушылар  ауылға  жақындаған  сайын  қатты  үріп,  өршеленіп,  қонақтар  шеттегі  ақшыл 
ауылдың сыртына келіп, аттан түскенге шейін басылған жоқ. 

102 
 
Ауылға  жақындағанда  жас  жігіттерге  жат  көрінген  бір  нәрсе  ұл  ауылдың  барлық  жаны 
топталып, шеткі үйдің сыртына жиылып, буларды күткендей болып тур екен. Жігіттер бұл 
халді ұға алмай жақындап келгенде, еркектермен аралас тұрған әйелдерді де көрді. 
Әйелдер  үйдің  жанында  кейінірек  тұр  еді.  Олар  келе  жатқан  қонақтың  бөтен  кісілер 
екенін  білген  соң,  үйге  қарай  тез  басып,  кетіп  қалды.  Сыздық  кетіп  бара  жатқан  екі-үш 
әйелдің ішінде ақ көйлек киген, басында оқалы найзаша тақия бар, жіңішке сұңғақ бойлы 
қыздың сыртын көріп қалды. Еркектер бұрынғы қалыбында тұрып  жолаушыларды күтіп 
алды. Бұлардың ортасында бурыл сақалды, жасы елудің шамасына келген келбетті үлкен 
кісі келген қонақтармен амандасып, танысқан соң, жас жігіттерді  үйіне ертіп жүрді.  Бүл 
Мақыш  ақсақал  еді.  Ауылдың  еркек,  ұрғашысы  тысқа  шығып  тұрған  себебін  Мақыш 
ақсақал  қонақтарға  айтып  берді.  Жалпақ  елге  келген  қайғы  булардың  басын  да  аман 
тастаған жоқ екен. Мақыштың аулынан паверкеге үш жігіт кетіпті. Соның бірі Мақыштың 
жалғыз азамат баласы екен. Жаңа келе жатқан үш салт  аттыны көргенде, ауылдың еркек 
ұрғашысының бәрі де кеткен жігіттері қайтып келіп қалды ма деп, құдайлап, тілеу тілеп 
қуанысып тур еді. 
Еткен  үміт  далаға  кеткендей  болып,  күткен  кісілер  бөтен  кісілер  болып  шыққан  соң, 
ауылдың  барлық  жаны  бұрынғы  жүдеген,  жабыққан  түсіне  қайта  түскендей  болды. 
Мақыштың дәулеті шағын болғандықтан, үй іші салтанатсыз қоңырқай еді. 
Қонақ  жігіттерге  Мақыш  мал  алғызып,  сол  үйдің  ішіне  қойшы  жігітіне  сойғызып,  өзі 
жігіттермен  әр  бір  жайды  әңгімелесіп  отырды.  Үйде  қонақтар  келгеннен  бері  қарай 
қозғалмай  отырған  Мақыштың  бәйбішесі  жүдеу,  сарғыш  тартқан  түсімен  баласының 
қайғысы  батқандағын  білдіріп  тур  еді.  Ешбір  сөзге,  ешбір  жұмысқа  араласпай  үндемей 
отырса да, анда-санда әжімді ашаң жүзі сұрланып, қабағы қайғыменен түйіліп, ауыр-ауыр 
күрсініп  қояды.  Мақыш  оқыған  жігіттердің  жайын  ел  ішінде  естіп  жүргендіктен,  бұрын 
түс  таныстығы  жоқ  болса  да,  жатырқамай  бұларды  күтпек,  сыйламақ  болған  ықыласын 
білдіріп,  іштегі  уайымын  жеңіп,  көңілді  болып  әңгімелесіп  отырды.  Мақыштың  жұмсақ 
ақырын даусында әдепті, сыпайы сөзінде жас жігіттерге үлкен құрмет көрсеткендей ниет 
сезіліп, жаратылысындағы мейірімді мінезділігі де көрінгендей еді. 
Жас  жігіттер  әңгіме  арасында  есік  ашылған  сайын  жасырын  үмітпен  қарап  отырса  да, 
көрмек  болған  кісі  бұл  үйге  келген  жоқ.  Қонақ  жігіттердің  ішінде  Сыздық  Мақыштың 
мінезін, сөзін өте ұнатқандай болып, өзгелерден гөрі көбірек әңгімелесіп отырды. Әңгіме 
казіргі ел басына келіп тұрған ауыр күннің жайына қарай ауысқан соң, Мақыш ел ішінде 
өздерінің айналасында болып жатқан қайғы қасіреттерді айтып келіп:  
- Бұл айтқан бас аман қалған кім бар дейсің? Қалың қазақ баласы қан  жалағандай болып 
тур  ғой.  Бұл  күнде  Қудай  өзі  жөндемесе,  қазақтың  елдігі  кетті  ғой.  Кімге  сеніп,  кімге 
сүйенері  де  белгісіз.  Бұрын  мұндай  ауыртпалықтың  кезінде  басшылық  етеді  деп  үміт 
қылатыны оқыған азаматтар болушы еді. Қолынан келгенін оқыған азаматтар бұл күнде де 
аяп жатқан жоқ шығар. Бірақ, ел байғұсқа кісі жаға ма? Осы күнде кейбіреулер: оқығандар 
қарсылық  көрсетпе  деп  кісіміздің  бәрін  тізгізіп  беріп  отыр.  Ешбір  көмегі  тиген  жоқ. 
Басшылық етем деп елді бөксе, басты қылды. Оқығанның тілін алмаған өзге ел әлі күнге 
жігіт бермей отыр. Үміт қылып жүрген оқығанымыздан не басшылық көрдің десе де, ел 
байғұс бала сияқты ғой. Біреуді жақсы көрсе де, тез жақсы көріп, өкпелеп, жек көрсе де 
тез болатын. Әйтсе де, оқығандар қазақтың барлық азаматын сатып, шен алайын деп жүр 
ме?  Қолдап  бұлқынғанымен  іс  келмейтінін  біліп,  көріп,  айтып  отыр  ғой  дейді  Сыздық, 
Мақыш ақсақалдың айтқан сөзіне әбден сүйсінгендей болып: 
-  Рас  айтасыз,  қазақтың  оқығанында  күш  қайрат  қазіргі  заманда  жоқ  болса  да,  елді  шын 
көңілімен  сүйетін  ақ  жүректік,  азаматтық  бар.  Жалпақ  елдің  халін  ойлап  басына  келген 
күйігін ескергенде, қай оқығаны тыныш отырды дейсіз. Бүл халді ойланғанда, оқығанның 

103 
 
бәрі  де  төсегінде  жатып  жүз  аунап  түсетін  шығар.  Рас,  елге  де  кінә  жоқ.  Оқығандардың 
сол  ниетінен  туған  ешбір  ісін  көрмеген  соң,  өкпелейді,  сөгеді  ғой.  Кісі  көп  үміт  қылған 
адамы  айтқан  жерінен  шықпаса,  көбірек  түңіледі  ғой.  Бірақ,  әлі  сыналатын  күніміз 
алдымызда деп білеміз, - деді. 
Осы сияқты әңгімемен бірталай уақыт отырған соң, қонақтар тамағын ішіп болып тысқа 
шығып, аттарын жайлатып келіп, сол бұрынғы отырған үйлеріне салынған төсекке жатып 
қалды.  Бүл  күні  жігіттердің  ойлаған  ниеті  орындалған  жоқ.  Қызды  ешқайсысы  да  көре 
алмады.  Бірақ,  тыста  өзді-өзі  оңаша  болған  уақытта  Есімжанға  таңертең  ертерек  тұрып 
жеңгесімен  сөйлесіп,  қызды  не  қылсаң  да  бізге  көрінетін  қыл  деп  тапсырып  қойды. 
Таңертең  оқыған  жігіттер  тұрып  киініп  тысқа  шыққанда,  Есімжан  атын  жайлаған  болып 
тыста жүр. 
Күн арқан бойындай көтерілген екен. Таңға жақын жерде басқан тау ішінің қалың тұманы 
жоғары  көтеріліп  қалған.  Жерді  қалың  шық  басқан.  Хауа  дымқыл,  салқын  еді.  Тыста 
қоңыр күздің сызы білініп тұрғандай, жерден көтерілген мұнар күннің жарығын әлсіретіп, 
жансыздандырып  түр. Мақыш ауылының іргесінде тұрған Маралдының үлкен қара биігі 
қазіргі  сағатта  өзгеше  түрде  тұрғандай.  Аласа  жерден  айығып  жоғары  көтерілген  мұнар 
қара  биіктің  тұсын  құшақтап  тұманды  сәлдедей  толқындатып,  бас  жағына  оралып  түр. 
Қою сұрғылт мұнардан таудың басы көрінбейді. Аспанда бұлтпен араласқандай болып қар 
ұшы көзден жоғалып тур. Жартасты зор кеуделі, үлкен биік ұзақ түнге созылып, сарылған 
салқын намаз улысы дұғадан басын қоршаған. Бұлт жоғары көтеріліп айыққан сайын, зор 
қабағын сабырмен ашқандай болып, ұйқылы көзді тұнжырап, етекте керіліп жатқан далаға 
қасын түйіп қарағандай болады. 
Жігіттер ауылдың сырт жағында 20-30 қадамдай жерде тұрған Мақыштың ескілеу кішкене 
қорасына  қарай  жүріп,  Есімжанның  көрген  білген  әңгімесін  сұрады.  Есімжан  қыздың 
жеңгесімен  сөйлеседі.  Оның  сөзінше,  жігіттер  шай  ішіп  болған  соң  қораға  келеді. 
Мақыштың баласының отауы тамға кірген екен. Қызбен жеңгесі сонда отырады. Жігіттер 
сол уақытта көрмекші. Бұл сөзге екі жігіт те қанағаттанып үйге келеді. 
Жігіттер  шай  ішіп  болып,  жүруге  қам  қыла  бастаған  уақытта  Мақыш  ақсақал  мал 
жайлатуға шығып кетіп еді. Сүлеймен мен Сыздық Есімжанды атқа жіберіп, өздері қораға 
қарай жүрді.  Аздан соң булар қораға кірген уақытта алдынан жіңішке ұзын бойлы ашаң 
жүзді  қара  сұрлау  келіншек  шықты.  Бүл  Мақыштың  келіні  Рабиға  еді.  Рабиғаның  отауы 
жалғыз  терезелі  кішкене  тарлау  там  екен.  Қонақтар  төрге  шығып  отырғанда  үй  ішінде 
бұлардың  көрмек  болып  келген  қызы  Жәмилә  төсек  жинап  жүр  еді.  Жігіттер  жас 
әйелдермен  амандасқан  соң,  қадалып  көз  алмай  қарағандары  Жәмилә  болды.  Жәмилә 
ұзын бойлы, жіңішке денелі, түсі ақшыл бетінің жұқалаң тұтас қызылы бар, қыр мұрынды, 
қара көз, сүйкімді пішінді, келісті қыз сияқты көрінді. Қадалып сынай қарап отырған екі 
оқыған  жігіттің  көздері  Жәмиләға  өлгенше  ауыр  тигендей  болды.  Ол  жігіттерге  тура 
қараған жоқ. Асығыңқырағандай болып тезірек қозғалып, төсек жиып жүргенде, екі бетіне 
ыстық қан дуылдап жүгіріп, қатты қызартып, төменшіктеп ұялғанын білдіріп тұрды. 
Жігіттер Рабиғамен бір-екі ауыз қалжың айтып сөйлеген соң, Жәмилә төсекті жиып болып 
шығуға айналып есікке қарай жүрді. Жеңгесі тоқтатпақ болып күлімсіреп: 
-  Қайда  барасың,  отыра  тұрсайшы  -  деп  еді,  Жәмилә  жауап  бермей,  ақырын  күліп  үйден 
шығып кетті. 
Аздан соң жігіттер де тысқа шықты. Аттары ерттеліп болған екен. Бұлар үйге кіріп киініп, 
бәйбішемен  қоштасып  тысқа  шыққанда,  бүл  уақытқа  шейін  төбенің  басында  жүрген 
Мақыш  ақсақал  келіп  қонақтарды  аттандырып,  бұрынғыдай  әдепті  жылы  пішінімен 
қоштасып қала берді. 

104 
 
Жігіттер  кешегі  келген  жолмен  ойдағы  елге  қарап  аяңдап  жүре  кетті.  Ауылдан  азырақ 
шыққан соң, бір-бір папиросты тартып әңгімеге кірісті. 
Әуел біріне-бірі қалжың айтып күлісіп, артынан жаңа көрген қыз туралы пікірлерін сұраса 
бастады. Мұндай істі көбірек көріп тіс қаққан Есімжан Сыздыққа:  «Сүлеймен мен менің 
сөзімнің бүл жерде керегі жоқ қой, өз көзіңмен көрдің, өз көңіліңмен сынадың, келіншек 
айттыратын  сенсің  айтатын  сөз  сенікі.  Күндердің  күнінде,  жаман  айтпай  жақсы  жоқ, 
Мақыштың  қызын  алып,  онымен  қас  қабағың  жараспай  жүрсе,  осыны  алуыма  жолдас 
құрбылардың  сөзі  қамшы  болып  еді  деп  өкінбесіңе  жақсы.  Бір  өзің  бірдеме  дегенше 
үндемейміз.  Өзің  әуелі  ойыңды  айт,  -  деді.  Оқыған  жігіттер  мұның  сөзін  мақұл  көріп 
күлісті. Сүлеймен де Есімжан сөзінен соң, айтпақ сөзінен тоқталып: 
- Енді өз ойыңды айтып шық, біз қосатынымыз болса артынан қоса жатармыз, - деді. 
Есімжан бұл сөзді қостап: 
-  Дұрыс  айтады,  біздің  сөзіміз  арыдан  айтылғаны  жөн.  Жалғыз-ақ  саған  айтатын  бір 
сөзіміз: Бұл қыз деген шіркіннің өзі көруге келгенде шетінен жақсы болып көрінетін, әке-
шешесінің аясында отырған оң жақтағы қыздың жаманы бола ма? Құрғырдың бәрі де жап-
жақсы  сияқтанады.  Бір  көргеннен  кісі  қайсысының  ішін  біліп  қояды?  Соған  қарағанда 
көріп алдым дегеннің көбі өзі бос сөз болып шығады. Кісі қатынды әуелі ақылмен ойлап, 
көңілін  бір  жерге  тоқтап  алып,  сонан  соң,  тәуекелмен  алады.  Әйтпесе,  әбден  мінездес, 
сырлас  болып  таныстығы  бар  қызды  алады.  Қалай  болса  да  кісіге  көңілін  бір  жерге 
байлайтын қанағат керек. Сонан соң, тәуекел деп бір нәрсеге бекінерсің. Жә! Енді, мына 
қыз туралы ойыңды айт, - деді. 
Сыздық  бұл  сөздерден  азырақ  қысылыңқырап,  күлімсіреп  өз  ойымен  ақылдасқандай 
болып ойланғанда жаңа көрген сұлу денелі, ақ түсті бетінің көрікті қызылы бар, сүйкімді 
қыз  есіне  түсіп,  соның  сыртқы  түсінен  көңіліне  арнаған  болымсыз  жылылық  сезімі 
жүрегінде қозғалғандай болды. 
Есімжанның  сөзі  күнде  айтылатын  сақтық  сөз.  Оны  Сыздықтың  өзі  де  айтатын.  Бірақ, 
мына  қыздың  түсінде  сондай  бірдемені  айтып  бөгелетін,  ойланатын  дәнеңе  жоқ  сияқты. 
Қызды  Сыздық  өз  көзімен  көрді,  сынады.  Бұған  ұнаған  жалғыз  ғана  түсі  емес.  Қыз 
үндемесе  де,  бүл  түстің  ар  жағындағы  мінезін  де  сынады.  Әкесі  өте  есті,  мінезді  адам 
сияқты. Жақсы тәрбие  беретін, үлгілі  әке осындай-ақ болады. Бұлар ауылы  мен малы  аз 
нашар адамдар да, өзге кедейлерге ұқсамайды. 
Мінездері, тәртіптері бұрыннан Сыздықтың қиял қылған, шын іздеген адамшылдығы мол 
кедейлеріне  ұқсайды.  Сыздықтың  алмағы  да  бай  қызы  емес,  осындай  адамшылығы  бар, 
момын  таза  мінез,  тау  жүректі  кедей  қызы  болатын.  Сол  қыздың  ауылы,  ауданы,  әке-
шешесі де және соның бәрінің үстіне Жәмиләнің өзі де көңілдегідей лайықты дәл келген 
сияқты. 
Сыздықтың  іздеген  қызы  осы.  Бутан  Есімжанша  әлденеше  түрлі  күдікті  ойды  көбейтіп, 
қобалжитын ешнәрсе де жоқ, тәуекел болса, тәуекел. 
Осы қызды Сыздық ұнатты. 
Осындай ойды ойлап шыққан соң Сыздық жолдастарына: 
-  Біз  оқып  жүрген  уақытта  қатындыққа  орыс  қызы  да,  ноғай  қызы  да,  тәртіпті  оқыған 
қазақ қызы да жарамайды. Қырда жақсы тәрбие алған, мінезі жақсы, адамшылығы бар ел 
қызын  алу  керек.  Соны  тәрбиелеп  адам  қылу  керек.  Кісіге  шын  дос,  шынымен  бас 
силайтын,  өзіңді  құрметтей  білген,  жаныңа  ауыртпалық  түсірмейтін,  қабағыңа  қарап  іс 

105 
 
қылатын  таза  жолдас  қыр  қызынан  шығады  дейтұғынбыз.  Соның  ішінде  әсіресе,  жақсы 
тәрбиелі  қыз,  жақсы  мінезді  қыз,  адал,  момын  кедей  қызы  болады  дейтұғынбыз.  Мынау 
көрген қыз, өз ойымша сол сынға толатын сияқты. Алдымен, пішімін айтсақ, менің өзіме 
сұлу сияқты көрінеді. 
Екінші,  түсінен  сынағанымда,  мінезі  де  жаман  болмас  деймін.  Адамшылықты  бағалай 
білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі  жылы, махаббатты адам болғандай. Онан соң, 
әсіресе,  маған  жақсы  көрінетін  әке-шешесі.  Әкесі  барлық  сөзі,  барлық  мінезімен  қырда 
отырып,  Толстойдың  жолын  тұтқан  адам  сияқты.  Толстойдың  бір  кристьяндар  ішінен 
шығатын  діншіл  мінезді  бауырмал,  рахымды,  жылы  жүректі  типтері  болушы  еді  ғой. 
Маған Мақыш нақ сол адамдар сияқты көрінді. Ақыры мен осы қызды ұнатқандаймын, - 
деді. 
Есімжан: 
-  Ұнатсаң  болды.  Менің  сөзім  саған  бір  ой  түсірейін,  айнытайын  деген  ой  емес,  -  деп 
күліп, - Қызды көрген жерде ұстап кететін бір қызба бастық болушы еді. Сол болмасын, 
өздерің айтқандай: салқын қанмен ойланып айтсын деген сөз. Жалғыз бұл жер емес, тағы 
да ойланайық. Қатын алу деген оңай жұмыс емес қой. Коп ойлану керек. Оқыған жігітке 
қатын тастағыш деген елдің жал асы бар. Өз басым бізді жас күнінде айттырдыңдар деп 
түсін  көрместен  жіберіп  отырсың,  сен  де  сол  жаладан  аман  емессің.  Үнемі  елден  жаман 
атана берген жақсы емес қой, жұрттың дәме қылған жігіттерісіңдер, ойланғаның жақсы, - 
деді.  Бүл  уақытқа  шейін  екі  жолдасының  сөзін  тыңдап,  үндемей  келе  жатқан  Сүлеймен 
Есімжанның  ендігі  айтып  келе  жатқан  сақтық  сөзінің  бәрін  орынсыз  көріп:  -  Енді  қария 
бола бергеніңді қойшы, жаным, ойланған деген осы. 
-  Бір  менің  ойымша,  Сыздықтың  айтқан  сөзінің  бәрі  де  дұрыс.  Қыздың  пішімі  сұлу 
болмаса  да,  сүйкімді  жақсы  түсі  бар.  Әкесінің  мінезділігі  осы  өзіміздің  бір  болыс  елге 
түгел белгілі. Қыздың өзі, қатын болуға жарайды. Ауылы, туған-туысқаны қайын болуға 
жарайды. Мен енді осыған тоқтау керек деп білемін, - деді. 
Жігіттер  Жәмилә  жайынан  біраз  әңгіме  қылып,  кейін  аяғында  осы  сөздердің  ретімен 
тоқтасты. Сыздық Жәмиләні алуды ниет қылды. 
Таудан  қайтып  ойдағы  елге  келген  соң,  бір-екі  күн  өтті.  Жігіттердің  Мақыштың  қызын 
ұнатып  келгенін  жақындарының  бәрі  білді.  Бірақ,  Сыздықтың  шын  тілеулес  жақындары 
оқыған  жігіттің  таңдауы  әбден  орнықты  болсын,  басқа  қыздармен  де  сүйген  қызын 
салыстырсын. Өзі әбден талғансын деп бұрыннан Мақыштың қызымен бірге аты аталып 
жүрген, ел ортасының бір байы Жұмақанның қызын да көріңдер деп, бозбалаларға ақыл 
берді. 
Сыздықтың  өзге  жолдастары  басқа  қыздарды  да  көруге  бұрынғыдай  ынталы  болса  да, 
Сыздық енді әрбір қызды барып көре беруді ыңғайсыз көре бастады. Оның көңіліне қатын 
алу деген адам өміріндегі ең бір мағыналы, ең ірі және ең қызықты іске бұның жақындары 
базардың  саудасындағы  сарамасаттық  әдетті  әкеп  сала  берген  сияқтанып,  үйлену 
жұмысындағы ыстық сезімді кеміріп, қызығын жадағайлатып жіберетіндей көрінді. Тағы 
да, қыз көруге көңілсіз болған бір себебі: Жәмиләні бір-ақ көріп кетсе де, соның артынан 
сөйлеген сөздің, ойлаған ойдың салдарынан ыстық қиялы Жамиләның суретіне байланып 
қалған сияқты еді. 
Бірақ,  коп  жолдас,  көп  туысқанның  талқысына  көніп  Жұмақанның  қызын  да  көрмекші 
болды. Арада тағы да бірер күн өткен соң, бұрынғы жігіттер қасына тағы бір-екі жолдас 
ертіп,  Жұмақандікіне  күндіз  келіп  түстенді.  Бұлар  Жұмақанның  үлкен  үйінде  көп  уақыт 
отырса да, қыз үстеріне келген жоқ. 

106 
 
Алғашқы келген үйден шығып, қыз отырған үйге барып көруге ауылда толып жүрген көп 
кісілердің көзінше ыңғайсыз көріп, Сыздық үйден шыққан жоқ. Аяғында түстеніп болған 
соң жігіттер қызды көре алмай жүріп кететін. 
Бүл  халге  Сыздықтың  көңілінде  көп  наразылық  болмаса  да,  қасына  еріп  келген 
жолдастары  әдейі  келген  қыздың  тым  болмаса,  пішімін  көре  алмай  кетеді  деген  не? 
Сыздық көре алмайтын болса, өзге бір екеуміз көрейік деп Сүлейменді алып, бір-екі жігіт 
қалып қойды. Сыздық Есімжанды ертіп жүріп кетті. Бұлар Жұмақанның аулынан шығып 
өз елдеріне қарай біраз жүрген соң, жолдағы бір белге шығып, аттан түсіп, темекі тартып 
кейінгілерді күтіп отырды. 
Аздан соң Сүлеймендер де қуып жетті. 
Бұлар келіп: 
- Қыз отырған үйге кіре алмадық. Қисыны келмеді. Сол қыз ба, жоқ ол емес пе білмедім, 
әйтеуір  сол  үйден  шыққан  бір  қызды  көрдік.  Оның  киімі  бай  кісі  қызығатын  түк  көркі 
жоқ. Қазақтың кәдімгі шөп желке қызының өзі, - дейді. 
Жігіттер  басында  көрген  қыздары  қай  қыз  екенін  білмей  күдіктенген  сияқтанса  да, 
артынан  Сыздықтар  анықтап  сұраған  соң,  анық  сол  қыз.  Жұмақанның  тегінде  қызын 
жаман киіндіреді дейтін енді, ол қызға алаңдайтын түк те жоқ десті. 
Сыздық  бүл  хабарға  көп  өкінген  жоқ.  Себебі  бүл  соңғы  уақытта  Жамиләдан  пәлен  қыз 
артық дегенге көп құлақ та қоймайтын және көңілі де ондай сөзді ұнатпайтын сияқты еді. 
Осының  артынан  оншақты  күн  өткенен  соң  жігіттер  әрбір  қызды  көріп  келіп,  аяғында 
ойланып, толғанып Жамиләға тоқтағандықтарын үлкендерге білдірді. 
Бұл  мезгілде  күзектегі  қосыла  қонып  отырған  елдің  бәрі  де  қыстау-қыстауына  тарай 
бастап, ел ортасы бір-бірінен алыстауға айналды. 
Қораға  қонып  орныққанша  күздің  жабдығымен  ауыл-ауылдың  үлкендері  әбігер  болып, 
пішен  тасу,  қораның  жыртық  тесігін  бүтіндеу  сияқты  бөгеттер  шықты.  Сыздық 
Мақыштың  қызын  ұнатқансын,  ағайындарына  білдірсе  де,  жақындары  Мақыштың 
ауылына  кісі  жіберген  жоқ.  Бұрын  жер  тарпып  жүрген  жақындарының  енді  сабырлы 
болып  қалғанына  жас  жігіт  өз  ішінен  наразы  болып,  қыздың  үйіне  сөз  салдыруға  асыға 
бастады.  Аяғында  ауыл  шаруасы  біраз  ыңғайланған  соң,  Сыздықтың  әкесі  Байсалбай 
өзінің  бір-екі  тәуір  ағайынына  бір  жолдасты  ертіп  беріп,  Мақышпен  құдалық  сөйлесуге 
жіберді. 
Арадан  4-5  күн  өткен  соң,  құдалық  сөйлескелі  кеткен  кісілер  Мақышпен  ұғысып  алып, 
берісетін малдарының санына да келісіп, қайтып келді. 
Мақыш ақсақалдың буларға айтқан сөзі: 
-  Мен  биылғы  жыл  жалғыз  ержеткен  балам  солдатқа  кетіп,  жабыққан  жылым  еді.  Кәрі 
көңілдің  үміті  үзіліп,  тірегі  сынғандай  болып  отырған  кезі  еді.  Бүгінгі  күні  Байсалбай 
сияқты  інім  болып,  Сыздық  сияқты  балам  болатын  болса,  мен  Құдайдан  одан  артық  не 
сұраймын.  Бүл  да  болса  жасымды  игені  шығар.  Мен  ырзамын.  Мал  деген  жағына  менің 
бөтен  айтатын  сөзім  жоқ.  Інім  мен  балам  мал  емес.  Жақын  болсам  бас  сүйісіп,  жақын 
боламын, - деп өзінің берік тұтынған адамшылығына ылайық сөздерін айтыпты. 
Осымен құдалықтың алғашқы сөзі піскен соң, аз уақыттың ішінде Мақыш пен Байсалбай 
бас сүйіскен тәтті құда болып, жақындаса бастады. 

107 
 
Екеуі  де  бірінің  ауылына  бірі  қатынасып,  сый  қонақ  болып,  құрметтесіп  жүріп,  әр 
қайсысының  туған  туысқанымен,  ауыл  аймақтарымен  танысты.  Мақыш  алғашқы  келген 
жолда  Байсалбай  қарғы  бауын  берді.  Артынан  келген  Мақыштың  жақындарына  қалың 
малын да беріп жатты. 
Сыздықтың  көңіліне  жақындық  жолымен  болып  жатқан  бүл  сияқты  істің  бәрі  де 
жарастықты, қызықты істей көрініп, әрбіріне ішінен сүйсініп жүрді. Сонымен бірге, ендігі 
асыққаны  қайнына  бару,  қалыңдығын  әбден  анықтап  көру,  көңіліне  анда-санда  таныс 
еместің себебінен туатын болымсыз күдікті жоғалту еді. 
Биылғы  жыл  қатын  алуды  ниет  қылып,  ол ниеті  осындай  болып  іске  асқан  соң,  Сыздық 
қалаға қайтатын мезгілі болса да, жүрісті кейінге қалдырып, ел ішінде қала берді. 
Бұрын, қаладағы сырлас жолдастарына берген сөзі: биыл оқуды бітіргендіктен, күздігүні 
қалаға қайтып келіп елге пайда келтіретін бір орында қызмет қылу еді. 
Бұл сияқты жолдастарының бәрі болмаса да, бірен-сараны бұрын ел қамы деген сөзді коп 
сөйлеп  жүргендіктен,  өздеріне  ең  болмаса,  бір  қызметке  отыруды  борыш  көргендей 
болып, қалада отырып кызмет қылып жүр еді. Сыздық бұлармен хат жазысқанда: 
-  Менің  биылғы  жылым  текке  өтуге  айналды.  Бірақ,  қатын  алу  деген  де  адамның 
өміріндегі  ірі  жұмыстың  бірі  ғой.  Биыл  қатын  алып,  ендігі  жылы  алаңсыз  болып 
кіріспекшімін,  -  деп  өзінің  іссіз  жүрген  күйіне  соны  жұбаныш  қылып,  жолдастарының 
алдында  ақталып,  хат  жазушы  еді.  Сыздықтың  бұл  байлауына  кейбір  жолдастары 
болымсыз  кінә  қойғандай  болса  да,  көпшілігі  бұның  жаңа  өмірге  қарай  басқан  қадамын 
құттықтап: 
Біз жаспыз ғой. Алдымызда бізден бұрын сыннан өтетін үлкендер де өз басының қамымен 
жүр ғой. Ел қамы дегенді бәрі де еріннің ұшымен ғана айтады. Шынында, өздері ақшаны 
күреп алып, баюға тырысып жүр. Көпшілігі ашықтан ашық ілінген жігіттерден пара алып, 
осы күнде лақылдаған бай болып кетті. Оған қарағанда, бізге тәуба қылу керек. Осындай 
тамам  ел  бұзылып  жатқан  уақытта  адамшылдығымызды  аман  сақтасақ  ол  да  олжа. 
Түбінде  біздің  сыналатын  күніміз  алдымызда  ғой.  Бірақ,  қырда  бір жола  отырып  қалып, 
адамшылығыңнан  айрылып  қалма.  Қыр  кісіні  бұзатын,  -  деп  шын  тілектес  көңілдерін 
білдіріп  турды.  Сыздық  өзін  сөгуші  дауысты  жолдастар  жағынан  естімеген  соң,  биылғы 
жылдың  қатын  алуға  беру  керек  деп  бекініп,  қыс  бойы  елде  қалмақшы  болды.  Қарлы, 
боранды  ұзақ  қыста  жабырқау  тартып  кірбеңдеген  елдің  ортасында  ешбір  дүниеден 
хабарсыз меңіреу мылқау болып жатпақ болғандығы, Сыздықтың өзіне тапқан көңіліндегі 
ермегі - жиі-жиі қайындап жүріп, қалыңдығын қызықтау. Ел аралап жүріп, кішкене бала 
күнінен  соң  көрмеген  елдің  қыстың  күнгі  өмірін  көру.  Мезгілімен  тауға  шығып, 
аңшыларға еру. Содан қолы бос болған уақытта қисыны келсе кітап оқу еді. 
Бұл, ниеттерінің бәрін ашып айтпай, ел ішіндегі сырт кісілерге қалаға бармаған себебім - 
денсаулығым нашар деп болымсыз бір сырқаттарға жала жабушы еді. 
Күздің айлары өтіп, қалың қар түсіп, суық қыс кірген уақытта Сыздық жарайтын семіз ат 
мініп,  жазғы  орысша  киімінің  бәрін  тастап,  қысқа  лайықты  саптама  етік,  түлкі  тымақ, 
қалың  ішік,  шапанды  киіп  қырдың  қалпына  түсті.  Осыменен  соғым  кезі  болды.  Қыстың 
суығы  қатайған  уақытқа  шейін  бұрынғы  арман  қылып,  ойлап  жүрген  қызықты  деген 
нәрселерінің бәрінің де аз - аздап дәмін татты. 
Маралдының  тауында  қысы-жазы  түлкі  сияқты  аңдар  коп  болғандықтан,  ырғайлының 
елінде құс салып, аңшылық құратын салт болушы еді. Сыздық өз ағайындарының ішінде 
аңшылыққа салынған екі-үш жігітке қосылып, қастарына ел ішінде қызық қуған қолы бос 

108 
 
бозбалалардан  4-5  жігітті  ертіп  алып,  сол  бұрынғы  қостап  шығып  көп  аңшылардың 
түбінде бір айдай жүріп қайтты. Биік шың таудың қия жартастары, терең құздары, үскіріп 
соққан  қатты  желі,  алай-дүлей  болған  ақ  түтін  борандары,  жер  көкті  қаптаған  ызғарлы 
қары  және  соның  бәрінің  ортасында  таңертеңнен  кешке  шейін  салпылдап  жүрген 
аңшылықтың бейнетті жүрісі аз күннен соң Сыздыққа ауыр тиіп, жалықтырғандай болды. 
Аңшыларға күнде еріп отыратын үнемі жолдас бола алмай, коп күндерде қостан шықпай 
жатып  алатын  болды.  Іші  пісіп  жалықты.  Сондықтан,  төрт-бес  түлкі  алған  соң, 
салбурынның қызығына қанып елге қайтты. 
Соғым кезі болғанда бұрыннан тағы бір арман қылған сияқтанып, көруге қызығып жүрген 
нәрсесі  -  қыста  жүрген  жылқышылардың  өмірі  болушы  еді.  Соғымшылармен  бірге  өз 
елдерінің  қасына  барып,  онда  да  біраз  күндеп  жүріп  қайтты.  Отардағы  жылқышының 
тұрмысынан  Сыздықтың  тапқан  ең  үлкен  қызығы  қостың  ішінде  өткізген  кейбір  түндер 
еді. Қыстағы жаққан отпен пеш ысталған іргесі, көмулі кішкене қостық ішінде төбе қызар 
қылып шала отынды жағып қойып, шыртылдап лаулап жанып жатқан үлкен қызулы оттың 
айналасында  арқаларына  қалың  киімдерін  жамылып,  жағалай  қақтанып  отырып  буы 
шығып қайнап жатқан. Енді, күтіп қос ішіндегі үлкен-кішінің айтқан әңгімесі, Сыздықтың 
көңіліне  қызықты  кездей  көрінді.  Онан  соң,  жылқышылардың  мол  қолдығы,  тамаққа 
мырзалығы  өзгеше  сияқтанды.  Күндіз-түні  болса  да,  қосқа  келген  кісі  болса,  аязданып 
тұрған  етті  балтамен  шапқылап  әкеліп,  үнемі  асулы  тұрған  үлкен  қара  бақырға  не 
шыжылдатып қуырдақ қуырып, не ет асып жатады. Қыс ішіндегі көңілді көрінген кездер 
осы  еді.  Қостан  шығып,  бірге  келген  жолдастарымен  өрісте  жүрген  қалың  жылқының 
ішіне  барғанда,  отардағы  тұрмыстың  жатыр  қаңқы  жүдеу  жағын  көргендей  болды. 
Арықтап жүні ұзарып, түсі кіртиіп, жаздыгүнгі сергектігінен айырылған жылқылар аппақ 
болған.  Мұңлы  ұзақ  далада  ақырын  қыбырлап  жүріп,  қалың  қарда  жолыққандай  болып 
тебіндеп жатқан түрлері ішті пысыратын ауыр суреттей болып көрінді. Жайылып жатқан 
жылқының  шет-шетінде  құйрығын  шошайтып,  ілпіп  жүрген  жылқышылардың  да  үсік 
шалған  беттері  күңгірттеніп,  қайғылы  даладағы  жалғыздық  жүдеулікті  еске  түсіргендей 
көрінді.  Сыздық  бұл  жоруының  бәрі  де  өзін  осыншалық  бейнетке  ықтиярымен  салып 
жүрген геройдай көрсе де, аяғында барлығынан жалығып, елге қайтуға асықты. Ойы мен 
қырдағы  бұрыннан  көрсем  деп  жүретін,  айрықша  қызығы  бар  сияқты  қалыптың  күйін 
көрді.  Бірақ,  ешбірінен  байлаулы  қызық  таба  алған  жоқ.  Бәрі  де  әңгіме  қылып  айтуға 
жақсы,  бір-екі  рет  көруге  жақсы,  бірақ,  соңына  түсіп  салынатын,  үнемі  айнымайтын 
қызығы бар ешбір ермекті таба алмады. 
Ендігі  ойына  алған  ермегі  күзден  бері  көңілінде  сөздей  қылып  сақтап  жүрген  ыстық 
қиялының  дегеніне  жету.  Қайынына  барып,  көңілінің  жаңа  сүйеніші,  жас  қалыңдығын 
қызықтау  еді.  Қайнына  бару  ниетімен  қыс  ортасына  жеткен  соң,  бір  күні  екі  жолдаспен 
кеңесіп,  сөз  байлап,  ауылының  үлкендерінен  тиісті  руқсатын  алып  қайнына  жүрді.  Ел 
салтына  лайықты  әдет  -  ғұрыптың  бәрін  мойындап,  Сыздық  бұл  жолы  ұрын  баратын 
болған.  Сондықтан,  қасына  құрбыларынан  басқа  екі-үш  үлкен  кісілер  де  еріп  барды. 
Оқыған  жігіт  қайнына  келгенде,  өлгенше  мәңгі  күйеу  болып  сызылмаса  да,  алғашқы 
келген  күндерінде  жас  қыздарды  балдыз  қылып,  қатындардың  кейбірін  жеңге  қылып, 
үлкенін  шеше  қылғандай  болып,  құрметтеп  сыпайылықпен  сыйлап  отыратын  болды. 
Алғашқы күні қалыңдықты булардың қасына әкелген жоқ. Ертеңіне маңайдағы елді жиып, 
Мақыш  той  қылды.  Жиылған  көрші,  елдің  қыз  келіншектері  Мақыштың  өзі  сияқты 
кедейлеу ауылдың әйелдері еді. Сондықтан, Сыздық оларды қорашсынбаса да, жанындағы 
Сүлеймен  сықылды  оқыған  жігіттер  және  салтанатты  сүйетін  бозбалалар  келген 
әйелдермен  коп  қызықтас  бола  алған  жоқ.  Ойын  ойнаса  Сыздықтың  көңілі  үшін 
ойнағандай  болып,  әйелдердің  өзімен  көп  әзілдесіп  жақындаспай,  бойларын  алысырақ 
ұстап, азырақ тәкаппарлықпен отырғандары да байқалғандай болды. 
Сыздық бұл күйді түсінді. Бірақ, ешкімге сыр білдірген жоқ. 

109 
 
Жолдастары көңілсіз болған соң, көбі ажарсыз, ақылсыз көрінген қыз-келіншектерден өзі 
де жалығып, көбінесе үндемей отырды. Қалыңдықты күйеулердің жанына кешкі шайдың 
алдында ғана алып келді. 
Сыздық Жәмиләні әуелі көрген соң, не сұлу, не сүйкімді, әйтеуір түсі жақсы деп көңілінде 
байлаған болса да, артынан тағы анықтап түсін көруге асығып еді. 
Қыз  жанындағы  екі-үш  келіншекпен  тағы  бір-екі  қыздармен  үйге  кіргенде  басында 
жамылған  қара  шапаны  бар  екен.  Сонымен  бетін  бүркеңкіреп,  түсін  шала  көрсетіп, 
Сыздықтың  төменгі  жағынан  келіп,  есікке  таман  қырындап  күйеу  жігітке  сыртын  беріп 
отырды. 
Шәй  ішіп,  ет  жеген  уақыттарда  Жәмилә  сол  қалпынан  түзелмей,  күйеу  жолдастарына, 
күйеуге  де  бетін  дұрыстап  көрсетпеді.  Сыздық  ішінен  қалыңдығының  бүл  мінезін 
қисынсыздау  көріп,  әлденеше  рет  соған  қарап  қалжыңдап,  небір  нәрселерді  сұраса  да, 
қалыңдығы  бұған  бұрылып  қараған  жоқ.  Сұраған  сөздеріне  ашық  жауап  бермей,  не 
қысылып  ұялғандай  болып,  төмен  қарап  жымиып  күліп,  не  болмаса  естімеген  кісідей 
болып үндемей отырып қала берді. 
Жәмиләнің бүл кештегі мінезі Сыздықтан басқаларға да ыңғайсыз көрінді. 
Бірақ, көпшілігі ішінен: әдеп сақтап ұялғаны ғой, беті ашылмағандық қой десіп кешірімді 
болғандай еді. Аз ғана салқындық жалғыз ғана Сыздықтың көңіліне орнап кетпей тұрды. 
Жәмиләнің  өте  ұялшақтық  қылып,  төменшіктеп  отырғанын  қасында  отырған  қыз, 
келіншектер  де  лайықсыз  көріп,  кейбірі  оған  бойы  үйренген  әдетін  істеп  көріну,  мазақ 
қылғандай  пішінмен  соқтығып,  қағытып  отырды.  Жәмилә  соларға  да  жауап  бере  алған 
жоқ.  Құр  ғана  ұялып,  күліп  қойды.  Қалыңдығының  бүл  мінезінің  бәрі  де  аяғында 
Сыздыққа  шын  күдікті  ойланатындай  көңілсіз  ойды  түсіре  бастады.  Асығып  аласұрған 
қиялға,  қызылды-жасылды  болып  қуантып  жүрген  үмітке,  жылылық  пен  атын 
құрметтеген  жүрекке  қалыңдығының  қазіргі  қалпы  ешбір  үйлеспейтін  сияқтанды. 
Жәмиләны әдептілік, сыпайылықты тіпті орынсыз жуастыққа, жасықтыққа жеткізгендей, 
өтсіз  адам  сияқты  көріп  қалды.  Бірақ,  бүл  ойдың  бәрі  байланған,  нығайған  ой  емес. 
Көңілдің  бір  кезі  туғызып  отырған  нәрсе  сияқтанған  соң,  Сыздық  ешбіріне  кеткен  жоқ. 
Көңілсіздеу  болып,  үндемей  отырды.  Түні  бойы,  ұзақ  уақыт  бірге  отырған.  Бірақ  мезгіл 
ғана Сыздық Жәмиләнің бетін қырынан көріп қалды. 
Бірақ,  бұл  көрінісіне  өзі  сенбегендей  болды.  Жәмилә  бұрынғы  Сыздық  ойлап  жүрген 
түсіне  тіпті  ұқсамайды.  Бұрын  Сыздық  ақ  деп  ойлап  жүрсе,  қазір  де  шикі  сары  сияқты, 
бетінің  қызылы  бұрын  жұқалаң,  ұнасымды  ақшыл  қызыл  сияқты  еді,  қазір  де  тұтасқан 
қаны шыққан, ең ұнамсыз жалпақ қызылдай көрінеді. 
Денесі  бұрын  жіңішке  сұңғақ  сияқтанса,  қазір  жуан  жауырынды,  икемсіз,  бір  нәзіктік 
белгісі  жоқ,  сүйкімсіз  сияқтанды.  Сыздық  өз  көзіне  сенбегендей  болып,  әлдекім  болып 
шықты  ма,  немене  деп  күдіктенгендей  көңіліне  «таңдаған  тазға  жолығады»  деген  мақал 
айнымайтын шын ақиқат сияқтанып сап ете түсті. 
Қыз  екінші  айналып  қараған  жоқ.  Осы  күйде  көп  уақыт  отырған  соң,  жататын  мезгіл 
болып, жұрттың бәрі тысқа шықты. 
Жәмиләні  бұрын  көрмеген  Сыздықтың  кейбір  жолдастары  көруге  асығып,  танысуға 
ынтық болған сияқтанып еді. Қазір бәрі де қызды көріп тысқа шыққанда Жәмилә жайынан 
бір ауыр соз айтқан жоқ. 
Бұл турада үндеген кісі болмауы, Сыздықтың көңіліне жолдастарының мінезі де ұғымды 
сияқтанды. 

110 
 
«Жолдастарым  ұнатпады.  Сондықтан  үндемей  тұр  ғой»,  -  деп  бұрынғысынан  да  жасып, 
төменшіктей  бастады.  Көңіліне  «адастым  ба,  шыныменен  қыз  таңдаған  үшін  тазға 
жолықтым  ба?  Неше  жылдай  қиял  қылып  іздеп  жүрген,  өмірлік  жолдас  деп  аңсағаным 
қырдағы коп кедейдің қатынының біріндей қызықсыз бір қыз болып шықты ма» дегендей 
күдікті сауалдар келсе де, артынан бұның бәрін орынсыз көріп, өзін өзі жұбатып: 
- Мен әлі Жәмиләмен сөйлескенім жоқ қой. Ақылын, мінезін білгенім жоқ қой, тіпті түсін 
де дұрыстап көргенім жоқ. Мен түңілетін не болып қалды, - деп өзінің күдікшілігін ішінде 
сөгіп,  көңілі  азырақ  тыныштанғандай  болып  үйге  кірді.  Ойы  оңаша  еді.  Оң  жақта  ақ 
шымылдықты  құрып,  соның  ішінде  Сыздық  пен  Жәмиләға  жеңгелері  төсек  салыпты. 
Сыздық жатқан соң, екі қатын Жәмиләні алып келіп кіргізді. Шамды өшіріп шығып кетті. 
Үйден жұрттың бәрі кетіп, шам өшкен  уақытта Сыздықтың көптен іздеген қараңғылығы 
мен  тыныштығы  үйдің  ішіне  орнағандай  болды.  Жалғыз-ақ,  тау  ішінің  қатты  желі 
Мақыштың  кішкене  қорасының  үстіне  келіп  екпіндеп  соғып,  құтырғандай  қатулы 
дауыспен ысқырып аласұрып түр. Сыздық жатқан үйдің кішкене терезесіне гуілдеп келіп, 
дауыл алмай үскіріп ұрып тұрған дыбыс білініп тұрды. 
Жәмилә жұрттың бәрі кетіп, үй-іші оңашаланса да, бір орында қозғалмай үндемей тұрды. 
Сыздық бұның ендігі мінезін анық жаратпаған кісідей болып, ішінен не қылсаң да еркің 
деп үндемей жата берді. Бір талаптан соң, Жәмилә шымылдықтың ішіне кіріп тағы біраз 
тұрып,  артынан  көп  уақыт  әрлі-берлі  қозғалып,  киімдерін  зорға  дегенде  шешіп  болып, 
Сыздықтың қасына келді. 
Сыздық  бұл  уақытта  да  қозғалған  жоқ.  Шалқасынан  байқамаған  кісі  сияқтанып  жата 
берді.  Аздан  соң  Жәмилә  бұның  жамылып  жатқан  көрпесін  ашып,  қасына  келіп  жатты. 
Жәмиләнің қазіргі қозғалысы да кексе қатындардың қозғалысындай, ешбір нәзіктігі жоқ, 
икемсіз сөлекей сияқтанды. 
Сыздық бүл уақытқа шейін қазақтың күйеуге істейтін әдеттерін, ырымын сыртынан тегіс 
жақсы  көріп,  өзгеше  жарастық,  жылылық,  сыпайылық  белгісі  бар  деп  жүрсе  де,  қазірде 
түкке  тұрмайтын  құр  ғана  надандық,  қараңғылық  салдары  екен.  Ешбір  сезім  жоқ. 
Саяздықтан туған  бояу  екен,  -  деп,  санай  бастады.  Бүл  ойды  туғызған  себебі:  күні  бойы 
ұялған  боп  майысып,  түзу  сөзге  жауап  бере  алмай,  қызарып,  қысылып  отырған 
қалыңдықтың енді қараңғы түн болды деп дүниедегі еркек пен ұрғашының арасындағы ең 
төмен,  ең  кірлі  қараңғы  іске  өзі  келгендігінен  болды.  Қазақ  әйеліндегі  сыпайылық, 
әдептілік, майысқан мінезділік сырттан көрінетін ғана бір жансыз сурет. Шынында, олар 
қысырақтың  айғырына  бола  матастырған  жас  байталдың  елегенінің  бәріне  көніп,  өз 
ықтиярымен еш нәрсені тілей алмай, істей алмай жөн болып баратын намыссыз, жігерсіз, 
отсыз жандай көрінді. Сыздық қазіргі уақыттағы өз халін тілсіз, мылқау ұрғашы малдың 
жанына матастырылған бір сыңарындай көрді. 
Бұл  ойдың  бәрі  мәдениеттің  сіңірген  нәзік  сезімдері  еді.  Соның  іштегі  азырақ  қозғалып 
күңкілдеген  даусына  құлақ  салғанда  басына  әлгіндей  ойлар  келіп,  ел  салтынан  сезімді 
жүрегін жиренткендей болды. 
Бірақ, бұл ойлар көңілінде ұзақ тұрған жоқ. Аздан соң, қасында жатқан қыздың жұмсақ еті 
денесіне тиіп, қызуы білініп Жәмиләнің толық жұмсақ санына бір-екі рет қолы тиген соң, 
Сыздықтың бойына ыстық қан тулап, ойнап жүгіре бастады. Осының алдында бірер минут 
бұрын  басына  келген  салқын  ой  аласұрып  құтыртқан  ыстық  соқыр  сезімге  жол  беріп 
жоғала бастады. 

111 
 
Сыздық  көзін  жұмып,  қызулы  күшті  құмарлық  теңізіне  барлық  ой,  барлық  сезімі  жан-
тәнімен  батып  кеткендей  болды.  Қалыңдығын  қатты  қысып  құшақтап,  жабысып  сүйіп, 
қытықсыз араласып кетті. 
Бірталай  уақыт  осы  күйде  жанып,  ыстық  құмарлық  сабасына  түсіп,  салқындаған  кезде 
күйеу мен қалыңдықтың ұзақ әңгімесі басталды. 
Қыздың сөзінде ақылдылық, өте сезімділіктің айрықша тұрған белгісі жоқ! 
Ел ішіндегі көп әйелдің әдеттегі сөздері, дағдылы жауабы сияқтанды. 
Қалыңдығын сағынған күйеудің алғашқы күні осылайша өтті. 
Таңертең тұрғанда Сыздық қалыңдығының түсін анықтап көрді. Дәл түсі күзді күні көрген 
түстей  болмаса  да,  кешегі  кешкі  көрген  түске  де  ұқсамайды  екен.  Жәмилә  таңқаларлық 
сұлу да  емес. Еркекті  ерітіп кеткендей сүйкімді  де емес. Бірақ,  сөгетін пішімсіз де емес, 
орта пішімді қыз екен. Барлық жүзінде ең артық жері - аласыз тұңғиықтау келген ажарлы 
үлкен  қара  көздері  еді.  Көзі  мен  бетінің  қызылы  қыздың  сынынша  Жәмиләні  сұлу  әйел 
дегізгендей  болса  да,  әйелдің  әр  қилысын  көріп,  көп  талғап  үйренген  Сыздыққа 
Жәмиләнің түсіне берген жұрттың бағасы артықша мырзалық сияқты көрінді. 
Таңертең тұрып тысқа шыққанда Сыздық қалыңдығы турасынан қандай ойға байланғанын 
өзі де анық білген жоқ еді. Неше түсті көмескілеу сезімдер көңілінен елестеп өтсе де, өз 
бойынан анық білген нәрсесі: қалыңдығын құмар болып сүйетін, ғашық болғандай болып 
елжірейтін түрдің жоқтығын байқады. 
Оның ойынша, ғашық дегендей бұл турада ауызға да алуға болмайды. Себебі, ол сезім көп 
уақыт ынтық болып жүргендей, қол жетпей бөгет көп болғанда әйел жағынан бірде үмітті 
жылы жауап есітсе, бірде тәкаппарлық бар салқын жауап естіп жүрсе, сондай кездерде көп 
уақыт таныстықтың артынан туады. 
Сыздық болса, көп бейнеттен соң барып қолыңа тиетін әйелдің ең үлкен қызығын әуелгі 
көрген  жерде-ақ,  таныс  болмай  бір  екі  ауыз  сөзді  сөйлеспей-ақ,  көріп  біліп  қойды. 
Сондықтан,  бүл  арада  бір  орнықты,  ұнасымды  сезім  жайында  сөйлеу  мүмкін  емес  деп 
білді. 
Бірақ, жолдастарына айтқаны: мінезсіз емес көрінеді. Ақылы да дұрыс, есті адам сияқты. 
Қазақ қызының ортасында қатын болуға жарайтын адам деген сынымыз коп, адасқан сын 
емес екен деді. 
Жолдастары  бұл  жайдан  көп  сөзге  кіріп  тартқан  жоқ.  Өзің  ұнатсаң  болады.  Қалыңдық 
күйеуге жақса, кісі онан артық не тілейді. Не болса да, қайырлы болсын десті. Осы ретпен 
Сыздықтың  қайнында  тағы  да  4-5  күн  жатып,  жас  жігіттер  еліне  қайтты.  Қайнынан 
кетерде қалыңдығы турасынан ойлаған Сыздықтың ойы жолдастарына ақырғы айтқан сөзі 
сияқты болды. 
Сол  күйде  оқыған  жігіттің  көптен  асығып  жүрген  шыдамсыздығы  басылып,  көңіліне 
тыныштық орнағандай болып еліне келді. 
Сыздық  бір  барып  қайтқан  соң,  арада  бір-екі  ай  өтсе  де,  қалыңдығына  баруға  асыққан 
жоқ.  Жәмилә  жайынан  бұрынғыдай  көп  сөйлеп,  көруге  асығатындығын  енді 
жолдастарына айтпайтын болды. Жолдастарымен қанша күн бірге болып, ойнап күліп, бір 
жерге  түстеніп,  бір  жерге  қонып  қызықтасып  жүрсе  де,  Жәмиләнің  аты  ешбір  уақытта 
аталмайтын  болды.  Жастар  бүл  турада  үндемей  жүріп  ішкі  жайды  түсінгендей  еді. 

112 
 
Осындай күйде жүргенде, Сүлеймен күзді күні өздері барған Жұмақанның ел жағына тағы 
да барып қайтып, Сыздықтарға бір жаңа хабар алып келді. 
Ол  хабары:  Сүлеймен  Жұмақандікіне  барып  қонып,  қызын  көріпті.  Күзді  күнгей  бүл 
жігіттердің көргені Жұмақанның өз қызы емес, жанындағы малшысының қызы екен. 
Жұмақханның қыз, келіндері жас жігіттердің қыз көргелі жүргенін алдын ала естіп, бұлар 
келгенде  үстіне  әдейі  келмей,  өздері  қисынын  тауып  келсін  деп  отырып  қалған  екен. 
Аяғында қыз көретін жігіттер атқа мініп кетуге айналғанын білген соң, малшының қызын 
әдейі шығарып: тым болмаса, жігіттерді сен көріп қал, оларды біз де сынап отырайық деп 
жіберген екен. 
Сүлеймен: 
-  Бұл  қыз  осы  ортадағы  барлық  әйелден  сұлу,  келбетті  киімі  өте  сәнді,  келісті қалыңдық 
екен, - деп өзінің әңгімесіне қызып, ендігі сөздерінің ыңғайсыз орынсыз екенін байқамай: 
керегі  не  күздігүні  қар  басып  көре  алмаппыз.  Қазір  де  шұбыртпалы  Садықтың  баласы 
айттырмақ болып сөз байлап қойыпты, - деді. 
Бұл әңгімені Сыздықпен бірге естіген жігіттер әңгіменің бетімен тегіс өкінгендей болып, 
әрқайсысы әр түрлі сөз айтып, өздерін кінәлап бармақтарын шайнады. 
Сыздық  бүл  сөздегі  кінәнің  бәрін  оз  мойнына  алса  да,  ешнәрсені  шығармай  үндемей 
отырып қалды. 
Қыс  өтіп,  жазғытұрымғы  кез  болғанға  шейін  Сыздық  қайнына  тағы  бір-екі  рет  барып 
келді.  Көңілде  өзгеріп  кеткен  жаңа  мінез  орнай  қойған  түбірлі,  орнықты  сезім 
байқалмайды. Үйлену әңгімесінде қате болса, жалғыз өз мойнында болғандықтан бір ауыз 
созбен  сыр  білдіруді  лайықсыз  көрді.  Енді  не  болса  да,  сол  Жәмиләны  аламын,  қатын 
қыламын,  көремін.  Кейінгі  күні  немен  тынатынын  көре  жатармын  деп,  тезірек  алуға 
бекінді. Өйткені, қайындап қызықтап жүре берем деген өзге себептен бұрын, Мақыштың 
кедейлігі,  ауылдың  ажарсыздығы,  маңайындағы  жақындарының  күнде  көріп  жүрген  көп 
кедейлердің  біріндей  көрнексіздігі  де  жас  жігіттің  көңілін  жалықтырғандай  болды. 
Әсіресе, солардың күйеуі болған болып, өзіне жақын кісінсітіп емексітіп жүргендігінде де 
бойынан  төмен  көре  бастады.  Олардың  ортасына  келгенде,  жасып  төмендеп  кететін 
сияқтанды. 
Аяғында  жиі  келуді  тоқтатып,  жаз  ортасында  бірақ  келіп  оншақты  күндей  ағайын 
туғандарымен жатып, қалыңдығын өз ауылына алып қайтты. Бұдан бұрын жазғытұрымғы 
уақытта  Сыздық  қырда  жүргенде  17-жылдың  ұлы  өзгерісі  болған  хабарын  естіп,  қалаға 
барып қайтып еді. Бұл барған уақытта қаланың тұрмысы қайнап жатқан қызулы базардай 
екен. Ел рухы көтеріңкі, қуанышты қазақ оқығандары бас біріктіріп, төңкеріс уақытымен 
пайдаланып, ұлт ұйымдарын жасап қуанысып жатқан. Жастар ортасында да толып жатқан 
қызықты үміт, үлкен сеніммен іске кіріскен екпінділік бар екен. 
Сыздық  жолдастарының  ортасына  келіп,  болып  жатқан  оқиғалардан  толық  мағлұмат 
алды.  Бұрын  өзгеріс  деген  аты  болмаса,  ешбір  нәрсені  естілмеген,  білмегендігін  өзгеріс 
деген хабарсыз, жұрт ешбір мағлұматы жоқтығын байқады. Бірақ, бұл күй жалғыз мұның 
басында  емес,  барлық  қазақ  оқығанның  басында  бірдей  бар  екен.  Сондықтан, 
жолдастарымен бірін-бірі жұбатып, араласып жүріп үйренеміз, қазаққа теңдік, бостандық 
әпереміз,  құлдықтан,  зорлықтан  құтқарамыз  деген  сөздеріміз  іске  асатын  болса,  осы 
заманда ғана асады. Әйтпесе, бұдан артық қазаққа келетін игілік жоқ десіп, енді бас алмай 
іс  істемек  болған  ниеттерін  айтысты.  Сыздық  қалада  жолдастарының  тобында  жүріп, 
болып жатқан облыстық сиезде болды. Оқығандардың ішіндегі үлкендері мемлекет ісіне 

113 
 
төселіп  қалғандай  болып  басшылық  етті.  Көлденеңнен  қарағанда,  қырдан  келген  ел 
кісілері  оқығандарды  шын  ниетімен  бастық  қылып,  өздері  артынан  еріп,  солардың 
сүйеніші  болғандай  түрлері  бар  еді.  Бұның  бәрі  рухты  көтеретін  өзгеріс  күндердегі 
қуанышты  суреттің  бірі  еді.  Сыздық  жолдастарының  рухына  түсіп,  қоса  қызып 
желіккендей болды. Бұрынғы уақытта жасалған жастар ұйымының жиылысын шақыртып, 
сонда  өзге  жұртқа  қызулы  сөздер  сөйлеп,  өзгеріс  толқынына  салынып  төселе  бастады. 
Жас  жігіттердің  көбі  бұрын  Сыздықтан  басшылық  күткендей  болушы  еді.  Бұл  қазір  де 
әрбір  жиында  сөйлеп  жүрген  сөздерімен,  әркімге  беріп  жүрген  орнықты  ақылымен 
жолдастарының  бұрынғы  үмітін  ақтағандай  болды.  Осымен  бір  ай  шамасында  уақытты 
қалада  өткізген  соң,  оқығандардың  көбі  сөйлеу  жұмсақ  болып,  әр  жерлермен  қатынас 
түземек болып жер жерлерге тарай бастады. 
Оқығандардың  үлкен  кішісінің  көбінде  төре  болып,  қазақтың  қалың  ішіне  барып  көріну 
және әртүрлі жұмыстарды сылтау қылып, жаздың қызықты кезінде елде болу мақсаты да 
бар  еді.  Бұлар  өзгерістің  сыртқы  түрін  толық  түсініп,  соның  қалпына  кірген  кісілер 
сияқтанса  да,  ішінде  қолдарына  тиген  кісілікті  қазақ  ұғымына  жанастырып  ұстамақ 
сияқты.  Бұрынғы  қиял  қылып  жүрген  көрнектілікті  естерінен  шықпаған  сияқты  еді.  Ұлт 
бақыты,  ел  қызметі  дегенді  оз  көңілдеріндегі  жасырын  тілекпен  де  жарастырып 
келістірмекші  болғандай  түрі  бар  еді.  Бүл  күйден  аман  кісіні  Сыздық  өз  көзімен  қазақ 
жігіттерінің  ішінен  көре  алмаған  сияқтанды.  Бірақ,  бұны  сөгуші  ісісі  де  шыққан  жоқ. 
Ежелден  төрешіл,  бақшыл  болып  үйренген  ел  кісілері  оқығандардың  әлгіндей  ауруын 
жарастықты істей көріп жүрді. 
Сыздық  қаладағы  болып  жатқан  ісінің  бәріне  көзі  қанған  соң  жолдастарымен  сөйлесіп 
ұғысып, әзірше қызметке кірмейтін болып еліне қайтты. 
Бұның  жолдастарына  берген  уағдасы,  қатынын  алып  жаздай  тұрып,  күздігүні  алаңсыз 
болып бір жолата қалаға келу болды. Осы бетімен елге келіп, жаз ортасы тақаған мезгілде 
келіншегін алып келді. 
Байсалбай  ауылы  отырған  жайлауда  жиыла  қонған  ел  көп  еді.  Өзгерістің  артынан 
былтырғы  жыл  солдатқа  алынған  жігіттер  елге  тобымен  қайтып  келе  жұрттың  бәрі 
қуанышқа  батып,  жиі  -  жиі  той  жасап,  ат  шаптырып,  айғыр  жарыстырып,  сансыз  көп 
қызыққа батып жатыр еді! Сол қызулы кездің үстіне бүл  ортаның еркелетіп үміт қылып 
жүрген оқыған жігітінің ойы түсетін болған соң, көрші елдің бәрі де көңілді болып ойын 
қызықтасты. 
Жаңа  түскен  жас  келінді  күндіз-түні  ауылға  жиылып  жатқан  қыз-келіншек,  бәйбішелер 
қамап  өз  бетінде  қызықтап  жатты.  Бірақ,  Сыздыққа  бүл  желіктің  бәрі  де  көңілді  эсер 
берген  жоқ.  Әсіресе  қалыңдығы  отырған  үйге  келгенде,  Жәмиләнің  барлық  отырыс, 
тұрысы, әлі күнге төменшіктеп бұғып ұялғаны бұған ыңғайсыз тиіп, көп отырмай шығып 
кетіп  жүрді.  Жәмилә  өзін  сынап  жүрген  көп  қатын-қыздың  ішінде  өзін  ұстай  білмей,  не 
өте жасық ұялшақ адам сияқтанып, не болмаса жұрт көзіне сөлекет айрықша үлгісіздіктік 
көрсеткендей болып Сыздыққа өз мінезімен көңілсіздік түсіргендей болды. 
Жәмиләдан басқа жиылып келген көрші елдердің, жақсы ағайындардың қыз-келіншектері 
өзін еркімен ұстап, қалжың айтса да, бір іс істесе де жарыстықпен, нәзіктікпен істегендей 
көрінді.  Жәмиләнің  үлгісі  бұлардан  көп  төмен  сияқтанды.  Бұл  әйелдердің  бірен-саран 
сұлу  қыз,  жақсы  келіншектері  Сыздықтың  бұрыннан  ойнап  күліп,  қызықтас  болып 
жүретін  адамдары  еді.  Қазір  де  Сыздық  солардың  қалжыңына  да  жөндеп  жауап  таба 
алмай, сөйлесуге ыңғайсызданып, көңілсіз болды. 
Той  күні  және  оның  артында  көп  қатын-қалаштың  жиылған  күндері  Сыздықта  ең  бір 
қызықсыз, ауыр күндер сияқты болып өтті. Осымен Сыздық келіншегінің жанында тұрып, 

114 
 
жазды  түгелімен  елде  өткізді.  Жәмиләні  өз  үйіне  алып  келгенсіп,  бұрынғы  уақыттарды 
айтатын  жалпы  өсиеттерін  қойып,  енді  күндегі  ұрыс  тұрысын  да,  барлық  мінезіндегі 
кемшіліктерінің  бәрін  оңаша  жерде  есіне  салып,  мұндайды  істеме,  байшылыққа,  есті 
адамға  үйлеспейтін  іс  деп  айтатын  болды.  Сыздықтың  енді  ойы  бұрынғы  қатын  алмай 
тұрған  уақытта айтып жүрген сөз бойынша: Жәмиләға жақсы, жаманды ұқтырып айтып, 
адамша тәрбиелеу еді. 
Күзге шейін осы қалыпта өмір өткізді. Бірақ, Жәмиләда ешбір өзгерісті, жақсы, жаманды 
оз ақылымен айыратын шырақтықты байқай алмады. Ол бұрынғысындай жасық, төменшік 
әдеп  дегендей,  ұқпаған  тәрбиесіз,  үлгісіз  сөлекет  адам  сияқты  болды.  Сыздық  қатын 
турасындағы көңілінде жүрген өзінің үлкен тілектерінің бәрін Жәмилә үшін кеміткендей 
болып: 
- Бұрын осыны қыр әйелінің ішіндегі ең маңызды, ең ақылды асылы деп түсініп едім. Бұл 
олардың алдыңғы қатарына қосылатын адам сияқты түрі жоқ. Енді ең болмаса, жібі түзу 
қатын  болуға  жараса  екен.  Көлденең  кісі  кемшілігін  көрмейтіндей  болса  екен  деп  соны 
тілек қылатын болды. Бірақ, Сыздық сол тілегінің өзінде де шек білмей, көп нәрсені тіледі 
ме, жоқ Жәмилә тіпті жібі бос босалаң адам  болды ма, әйтеуір  Сыздық  күндегі  отырыс-
тұрысынан, барлық қыбыр еткен қозғаласынан, қате ұйып қисынсыз, икемсіз істерді көріп 
отырғандай болды. Осы қалыппен жаз өтті. Шырмауықтың сабағындай созылып, айналып 
күннен-күнге  дүниені  сұрландырып  жүдетіп  күз  жетті.  Сол  мезгілде  Жәмиләнің  жерік 
бола бастағаны білініп, үй іші, ауыл ауданы қуаныш қылып жатты. Сыздық бүл уақиғаға 
қуанарын  да,  күйінерін  де  білмеді.  Жас  жігіт  келіншегінің  қасына  қалыпты  бай  болып 
жатып  тұрып  жүрсе  де  тегінде  келешек  ұзақ  өмір  қай  күйде  өтеді?  Қандай  өзгеріске 
ұшырайды? Жәмиләмен тұрмысы қандай болады? Оның ешбірін де анықтап ойлап, ашық 
бір байлауға келген кісі сияқты емес еді. Күндер өтіп жатты. Өмір ай артына, айды айлап 
жылжып,  сырғанап  кетіп  бара  жатыр.  Алдыңғы  күні,  белгісіздік  тумағымен  құр  жалған 
оны Сыздық білуге мүмкін емес. Сондықтан, Сыздық бір ойдың иесі болса да, ойымен бір 
нәрсеге  жекініп,  бір  қалыпқа  тоқтаған  жоқ.  Қатын  алмаған  күндей,  өзін  өзі  бос  деп 
ұққандай  болып,  бұрынғы  ерке  ойсыз  жүріспен  жүріп  жатты.  Осымен  жолдастарына 
берген  уағдалы  күні  жеткен  соң,  Жәмиләні  аулына  әке  шешесінің  қолына  тастап,  өзі 
қалаға  жүріп  кетті.  Қалаға  келіп  жайланып  тұрып,  жолдастарының  арасына  бұрынғыдай 
кеп  орналасқан  соң,  Сыздық  жаратылысындағы  зеректігі,  сөз  шешендігінің  арқасында 
жастардың  арасындағы  көрнекті  жігіт  бола  бастады.  Жиындарда  көбінесе  жастар 
ортасынан  сөз  сөйлеп  шығатын  Сыздық  болып,  кейде  ауыр  істердің  кезі  келгенде, 
үлкендерге  де  қызу  беріп  сөйлеп,  беркілмей,  қауіп-қатерден  қорықпай  іс  қылатын  отты 
жігіт сияқтанып көріне бастады. 
Сыздықтың  өз  көңілінде:  бұл  жалғыз  мен  ғана  емес,  елшіл  -  әлеуметшіл  болып  жүрген. 
Шын жүрегімен, барлық ойымен, пікірімен бұрынғы сөйлеп жүрген сөздерінің бетімен іс 
істеп  жүрген  сияқты  болды.  Сондықтан,  бүл  өзін  де  және  өзі  ұқсаған  жастар  да 
елшілдіктің  ертеде  орнаған  негізі  бар.  Ең  саф  таза  қызметкерлер,  өздері  де  біліп  жүрді. 
Сонымен,  қалада  тұрып,  көрнекті  орындарға  мініп  қызмет  істеп,  үлкендердің  тобына 
араласа  бастаған  соң,  бүл  бұрынғы  бетте  алыстап  жүріп,  үлкендер,  басшылар  деген 
сөздерін  өзгертіп,  сол  үлкендердің  әрқайсын  жеке-жеке  сынап,  кемшілігін  теріп  айта 
бастады. Шынында, барлық  жастардың ұғымынша да, үлкендер деп жүрген үміт қылған 
адамдардың  ішіндегі  талай  еңбексіз,  бейнетсіз  орын  алып,  мақтауға  ілініп  жүрген  басы 
артық  адамдар  көп  еді.  Мұндайлардың  кейбірі  бұрынғы  уақытта  тілмәш  болған.  Бірақ, 
қазірде  соны  өзгерістің  қаһарманы  қылып  жүрген  себебі,  ол  бұрынғы  тілмәш  болған 
уақытында  пара  алмаған.  Будан  басқа,  бұрынғы  күнде  де,  қазіргі  күнде  де  қазақ  үшін 
қыбыр  етіп,  іс  істеп  болмаса,  қамын  жеп  қайғырып,  бір  ауыз  сөз  сөйлеген  емес  еді. 
Осындай  адамдар  туралы  жастар  атынан  үлкендердің  ішіндегі  бастық  болып  жүрген 

115 
 
тазаларымен  сөйлескенде,  Сыздық  шынымен  тазаланып  қазіргі  халге  қанағаттанбаған 
кісінің пішінімен: 
- Біздің ортамызда үлкен деп сөйлегенде сақалы үлкен, жасы үлкен, патшадан алған  шені 
үлкен  дегені  болмаса,  ақылымен,  елге  істеген  қызметімен,  кейінгіге  берген  пікір 
жолындағы тәрбиесімен үлкен болған  жан бар  ма? Осы күні  адал, жақсы қызметкер деп 
жүрген  адамдарымыздың  көбінің  адалдығы,  жақсылығы  жалғыз  ғана  пара 
алмағандығында  болып  шығады.  Өзгеріс  замандағы  ел  басшысына  ұлт  қызметкеріне 
қоятын барлық требованиеміз сол ма екен? Наконец, олар, параны тазлықпен алмады ма, 
жоқ  қорқақтықтан  алмады  ма?  Жандарал  уезді  жақпақшы  болып,  лакей  болып,  жүріп 
алмады ма, онысын да анықтап білгеніміз жоқ қой. 
Солардың бәрі, осы күнде іс басында отырғанда баяғы қалыптай моп-момын болып, басқа 
ұрсаң  өлдім,  көтке  ұрсаң  көндім  дегеннен  басқа  не  біліп  отыр?  Бүгінгідей  замандарда, 
елдің  қызметкерлеріне  өзгерістің  толқыны,  требованиесі  бірге  өсіп  отыратын  екпін, 
жалын  керек.  Бізге  сары  түйменің ішінде  бір  қалпында  қатып  қалған  мумие  вовсе  керек 
емес.  Батагөй  қария  ел  ішінде  де  толып  жатыр  дейтін  еді.  Соған  басшы  жігіттердің 
жауабы: 
-  Қайтеміз,  басқа  табатын  қызметкеріміз  жоқ,  солардың  әр  қайсының  ел  ішінде  белгілі 
атағы бар. Біз олар түгіл, елдің де барлық жуаны, мырзасымен қол ұстасып істеп отырмыз. 
Елді  сондайлармен  ұстамасаң,  оқығанның  артынан  мен  оқыған  едім  дегенге  кім  ереді? 
Қазіргі  заманда  біз  ел  шеңберін  бұзбай,  жұртты  тұтас  қылып  ұстауымызға  керек  қой,  - 
дейтін жастар мен үлкендер арасындағы негізгі әңгімелер осы сияқты болушы еді. Бұндай 
сөздердің  кезінде  Сыздық  жаңа  пікір,  жаңа  сөздерді  тауып  айтқыш,  ашық  жарқын,  ой 
тапқыш  жігіт  болып  көрініп  жүрді.  Сыздыққа  өзгеріс  толқынына  араласып,  қызметке 
кіріп, іс істей бастағаннан бері қарай қалыптасқан негіз, нығайған пікір байқалғандай еді. 
Бұнысы  әркіммен  сөйлескен  әңгімесінде  көрінумен  бірге,  істеп  жүрген  істен  де  сезіліп 
жүрді. 
Сондықтан,  үлкен  жолдастарының  арасында  да,  ел  көзінде  де  үміт  қылған  жас  жігіттің 
алдыңғы  қатардағы  бірі  болып  санала  бастады.  Оқығандардың  бүл  заманда  елге  істеп 
жүрген  қызметінде  бұлардың  жанын  ауыртып,  қауіпке  басын  іліндіретін.  Бойындағы 
негізін, пікіріндегі салмағын санайтын іс болған жоқ. Мекемеде істейтін болса,  бәріне де 
көңілді, төрелікпен әлеуметшілдің тілегін қабат орындайтын қызықты, жылы, жайлы орын 
болуға айналды. Бүл уақыттағы қазақ жігіттерінің көпшілігі қызмет қылған орын - земства 
махкамелері еді. Сыздық та көппен бірге өзінің өміріне қанағаттанып, істеп жүрген ісіне 
ырза  болған  кісі  сияқтанып  жүрді.  Қазіргі  уақытта  қырдағы  тұрмысы,  қырдағы  жаңа  да 
алған жас келіншегі Сыздықтың көңілінен ұмытылғандай еді. Қыр жайынан сөз болғанда 
елде көрген көрікті суреттерді жақсы әңгіме қылып айтып жүрсе де, дәл өзінің үй ішіндегі 
тұрмысы  жайынан,  алған  келіншегімен  алдыңғы  өмірінің  не  болатын  жайынан  еш  бір 
нәрсе ойламаған сияқты еді. Оны ойлаудың орнына, жастық желігімен қызған көңілін басу 
үшін  қаладағы  қазақтың,  я  татардың  оқыған  қыздарымен,  жас  келіншектермен  қызықты 
жүріс  жасап,  шеті  ішкілікке,  жастардың  күнделікті  ойын  жиынына  араласып  жүрді. 
Уақытша болса да, өзін ырза қылған өмірінің жарастығын, жас жүрегінің күнделік тілегін 
орындаумен  түрлендіріп  жүрді.  Осымен  қазіргі  күндер  Сыздыққа  қызылды-жасылды 
қызықты  уақыттай болып, байқаусыз өтіп жатты. Жазғытұрымғы  уақытта Сыздық  елден 
хабар алып, Жамилә еркек бала тауыпты дегендей естігенде салқын түспен тыңдап «солай 
болып  па»  деді  де,  жүре  берді.  Будан  басқа  естіген  хабарымен  жалғас  көңіліне  ешбір 
бөтен ой келген жоқ. 
Бұл  хабардың  келген  уақыты  Сыздықтың  бір  қалыпты  жүрегіне  ыстық  оттай  болып  бір 
күшті  сезімнің  жаңадан  кірген  кезі  еді.  Мұндай  сезім  қазіргідей  күшімен  бұрынғы 

116 
 
уақытты  Сыздықтың  көңіліне  келмеген  сияқты  еді.  Сыздық  өмірінде  өзінің  сұлу 
пішінімен әйелге жұғымды, сүйкімді мінезімен көп әйелдің жүрегін билеген, жастықтың 
көп  қызығын  көрген  болса  да,  жан-тәнімен  сүю,  ашық  болу  деген  сөздерге  өз  жүрегін 
салқын тұратындай көруші еді. 
Қазірде  бұл  өзін  күн  сайын  сынап  жүрді.  Күнде  жүрегін  жаншып,  тыныштығын  алған 
күшті  сезім  толқынынан  бойын  жиып  алмақ  болды.  Бірақ,  барлық  еркі  қуатынан 
айырылғандай,  салқын  қаны  сүйген  әйелінің  тәтті  қылығынан,  нәзік  күлкісінен  жүрекке 
жылы  мінезінен  балқып  ерігендей  болды.  Бұл  барлық  қиялы  мен  барлық  ықтияры, 
үмітімен  бір-ақ  жанға  бағынғандай,  бір-ақ  тілектің  соңына  түсіп,  соның  толқынына 
батқандай  еді.  Жас  жігіттің  тыныштығын  алып,  жүрегіне  сүю  дертін  орнатуға  кінәлі 
болған  адам  -  бір  орыс  әйелі  Лусуская  ма  деген  еді.  Екатерина  Павловна  Лусуская 
орыстың бай оқымыстысы, тәрбиелі үйінен шыққан адам еді. Өзі де жақсы тәрбие алған 
оқымысты адам болатын. 
Осыдан 7-8 ай бұрын Екатеринаның жас күйеуі өлген соң, өзі еңбегімен тамағын айырмақ 
болып, бір мекемеге қызметке түсіп еді. 
Бұл әйел: жазық ақ маңдайлы, үлкен қара көк сұлу көзді, түзу мұрынды, беті жұқалаң, ақ 
қызылды  өте  сұлу,  айырықша  сүйкімді  кісі  еді.  Қою  ұзын  қоңыр  шашын  әрқашан 
бұйралап,  желке  жағына  түйіп  жүретін.  Лусускаяның  адамның  көзін  тартып,  ықыласын 
аударатын  жері  -  дөңгелек  толықшалау  денесі  еді.  Үлпілдеген  жұмсақ  етті  сұлу  денесі, 
ажарлы  ашық  түсті,  жеңіл  басып  жылдам  жүрген  кезінде  маңайында  бақыт,  махаббат 
желін  естіріп  кеткендей  болушы  еді.  Сыздық  бұл  әйелмен  бір  жолдас  бастық  болып 
отырған мекемеде таныс болып, алғашқы көрген жерде құмарлықпен ұнатып еді. Екі-үш 
айдай  кейде  сылтау  тауып,  кейде  сылтаусыз-ақ  сол  мекемеге  келіп,  ұнатқан  әйелімен 
қалжыңдасып, әңгімелесіп кетуші еді. Соңғы кездерде Сыздықтың сұлу түсі, әдепті мінезі, 
сезімді  шешен  тілі  Екатеринаға  да  ұнағандай  болып,  Сыздық  мекемеге  келген  сайын 
бетіне  дуылдап  қан  жүгіріп,  болымсыз  нәрседен  қысылғандай  болып,  бір  қалыпты  нәзік 
күлкімен қарсы алатын еді. 
Ақырында  бұл  өзінің  оңаша  туратын  үйіне  Сыздықты  шақырған  соң,  жас  жігіт  үйіне 
әлденеше  рет  барып,  15-20  күндей  соңына  түсіп,  салынып  күтіп  жүрді.  Бірге  театрға 
барып,  жаз  шыққан  соң,  жарық  айлы  күндерде  қолтықтасып  сейіл  құрып  жүріп,  ұзақ 
уақыттар  әңгімелесуші  еді.  Бірақ,  қалған  тілекке  жеткенше  Сыздыққа  бұл  уақыттардың 
бәрі  де  үміт  пен  күдіктің  кезек  жеңіп  алысып  жүрген  күні  болғандықтан,  шыдам 
жетпейтін ең ыстық, ең ауыр күндері болды. Жалғыз ақ, әр күні түнде айырылар уақытта, 
әйел  мен  жігіттің  екеуі  де  бірін  бірі  қимағандай  ұзақ  уақыт  қарасып  тұрып  қалатыны, 
сөйлесіп  ашылмағаны  болмаса  екеуінде  де  бір  туысқан  сезімнің  барлығын  білдіргендей 
еді. 
Ақырында,  бір  күні  апрельдің  аяқ  кезінде  жарық  айлы,  тыныштығы  мол  түнде  екі  жас 
Екатерина  үйінің  тұсындағы  өзен  жағасына  таман  келе  жатты.  Екеуінің  үстінде  де  жаңа 
киген  жазғы  турымның  жеңіл  киімдері  бар.  Қолтықтасып,  біріне-бірі  ығысып, 
жақындасып,  иықтары  ақырын  сүйенісіп,  аяқтарын  жай  ақырын  басып,  шала  жансар 
даусымен күбірлесіп сөйлесіп келе жатыр еді. Аздан соң, өзеннің жағасына жетті. Булар 
келген  жерде  өзен  жағасы  биік  жартас  болып  біткен  еді.  Мезгілсіз  кеш  уақытта  келген 
жастар жартастың үстінде тоқтап тұрып алдарына қарады. 
Жаңада  тасыған  үлкен  өзен  әлі  күнге  айықпаған  ашумен  ешбір  дыбыссыз.  Бүктетіліп, 
толқытып, суық  жыландай түсі  қоңырқай тартып, сұрланып қатты ағынмен ағып  жатыр. 
Төбеге  келіп  тұрған  толған  айдың  суға  түскен  сәулесі  кейде  айнаға  түскен  жарықтай 
созылып, жарқырап тұрып кейде өзен толқынымен шұбартып дірілдеп толып тұрған жас 
сұлудың бетіндей болып, жайнап су бетіне жайылып кетеді. 

117 
 
Қаланың дағдылы шуы басылғандай, өзеннің әр жақ шегінде қоңырлау түс пен құлазыған 
далада әр жерде жарқырап, жылтылдап жанып жатқан жүргіншілердің оты көрінеді. 
Маужыраған  ұйқылы  түн  желсіз  тынық  болса  да,  үлкен  өзеннің  дымқыл  салқыны  кей 
жартастың басында білініп, жастардың денесін жайлы тісімен тұңартып тұр. 
Түн ұйқы, тыныштық меңіреулік түні емес, ыстық сезім, нәзік қиял түні еді. 
Сыздық сезімді жүрегімен табиғаттың көмескі алып, жүрек толқынынан сұрланып, қаны 
қашқан ақ түсімен айға қарсы тұрып, алдындағы сүйгеніне бұрын айтып бітірмеген сөзінің 
аяғын: 
-  Тілегіме  ықыласыңызды  аударасыз  ба?  Мен  қайғылымын,  дертімді  ұғасыз  ба,  -  деп 
бітірді. Әйел басын ақырын ғана жоғары көтеріп: 
- Неліктен дертсіз? Қайғың не? Мен бастан аяқ ұққаным жоқ деді. 
Сыздық қасына жақындап келіп, қолынан ұстап: 
- Сіз мені, ұққыңыз келмейді. Түзу жауаптан қашасыз, - деді. 
-  Түзу  жауаптан  қашу  менің  ойымда  әзірше  жоқ.  Бірақ  менің  жауабым  сіздің  сауалыңыз 
сияқты  бытыраңқы  екені  рас.  Оған  кінәлі  мен  емеспін.  Сіз  сөзіңізді  айтпайсыз,  -  деп 
азырақ кінәлаған түспен жігітке қарады. 
Бұл сөзге келген кезде Сыздық бір ниетке келген кісінің түсімен: 
-  Олай  болса,  мен  Сізге  ғашықпын.  Сізді  алғашқы  көргеннен  бері  жүрегімді  жеген  дерт 
осы.  Менің  шын  махаббатымның  тілегіне  табыламысыз,  мен  сүйгендей,  сіз  мені  сүйесіз 
бе? - деді. 
Әйел үндемей жігіттің пішініне қарап: 
- Мен сіздің ақылыңызды, мінезіңізді жаратамын. Құрметтеймін, жүрегімде сізге деген бір 
сезім бар сықылды. Бірақ, оның аты не екенін білмеймін. Жүрегімді бүл турада әлі сынап 
тексеріп болғаным жоқ, - деді. 
-  Мені  көптен  білесіз,  сүйетінімді  де  көптен  сезгесіз.  Сондықтан,  әлі  күнге  өзіңізді 
білмеймін дегенше, сенбеймін, онда сүймеймін деген сөзіңізді неге айтпайсыз, - деді. 
Жас әйел біраз үндемей тұрып: 
- Сіз мені неге ондай сөзбен қинайсыз, өзіңіз ұқсаңыз болмай ма... 
- Мен қиналмай тұрмын ба? Менің халіме ем болатын ашық бір сөзіңізді неге айтпайсыз, - 
деп, аз тұрып қасына келіп, иығына иығын тақап тұрып, бетіне таман иіліп: 
- Сүйгенім, айтыңызшы байлаулы сөзіңізді, мен дерттімін. Қинамаңызшы, - деді. 
Екатерина  бүл  сөздің  кезінде  Сыздықтың  көзіне  сұлу  көзі  ерігендей  болып,  тұнжырап 
үлкен мағыналы жұмсақ түсіне қарап тұрып: 
-  Менің  көңілімде  өзіме  ұғымсыз  бір  сезім  бар.  Сол  әлде  сіздің  тілегіңіз  шығар,  -  деп 
ақырын даусымен:- ғашықтық, әлде сол шығар, - деді. Бұл сөзге келгенде Сыздық ашығын 
асығып тез құшақтап, сабырмен тосып тұрған ернін ұзақ сүйіп тұрып қалды. 

118 
 
Екеуі  бұдан  соң  барлық  сөзден  тыйылып,  барлық  дүниені  ұмытып,  өткен  уақытты 
сезбегендей болып, қайта-қайта біріне - бірі қысылып, жабысып ұзақ-ұзақ үндемей сүйісіп 
тұрды. 
Нәзік  тәрбиелі  сұлу  әйелдің  неше  түрлі  жарастықты  сәнмен  бұралып,  құшағына  елбіреп 
келіп,  сүйген  мойнына,  құшағына  артық  нәзіктенген  қозғалысы  Сыздықтың  көңілінен 
дүниедегі барлық әйелді ұмытқандай болды. 
-  Аяғында  бір  сағаттай  уақытты  үндемей  сүйісумен  өткізген  соң,  аяңдап  үй  жаққа  қарай 
жүрді. Үйге қарай жүргенде ашығын құшақтап келе жатып Сыздық: 
-  Неге  үндемейсіз?  Біз  сөзден  неге  тиылдық,  -  деді.  Әйел  жас  жігіттің  еркіне  көніп, 
әлсіреген даусымен: 
- Адам өмірінде барлық шешен сұлу сөзден өзінің мағынасымен артып кетіп, үндетпейтін 
көрікті минуттар болмай ма? Бізді билеген сол минут шығар деді. 
Бұл  кешпен  бірге,  Сыздыққа  жаңа  бақыт  күні  туғандай  болып,  соның  еркіне  барлық 
уақытын, барлық үміт мақсұтын беріп, түнді түнге қосып жүріп жатты. 
(аяғы бар)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет