№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Жаңақорған ауданы, Талап ау
ылы тұрғындарының бірі егінде,
енді бірі төрттүлікті түгендеп
жүр. Болат жолдың бойында
еңбек ететіндер де бар. Бұл қызу
тіршілікті мектеп пен емхана
қызметкерлері жандандырып жүр.
Таңнан қара кешке дейін тыным
сыз тіршілік көрініс тапқан ауыл
да жұмыссыз жүрген ешкім жоқ.
Әсіресе жастар қай істе болмасын
белсенді. Бұрынғыдай бұрыш
бұрышта арақ ішіп, бірбірінің
жа ға сын алып жатқан жастарды
көрмейсіз. Себебі уақыт көші ал
ға жылжыған сайын жастардың
өмір ге деген көзқарасы да бөлек.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мақсат Құлмырзаев – Талап ауыл
дық округі әкімі аппаратында Жастар ісін жүргізу жөніндегі
әдіскер. Осы қызметке келгелі Мақсат ауылдағы барлық 333 жа
спен толық таныс. Әрбір жастың қайда, не істеп жүргенін жақсы
біледі. Жастардың ойы мен ұсынысын да билікке жеткізуші өзі.
«Жастарды жұмыссыздықтан құтқарудың жолы кәсіпке бау
лу. Күнделікті жұмысы бар адам алға ұмтылады. Армандай
ды. Ауылдық округте үш жас өз кәсіпкерлігін тіркеп, еңбек ету
ге кірісті. Ауыл әкімдігі тарапынан қолдаймыз. Бәрі де кәсібін
дөңгелетіп әкетсе, ауылдың өркендеуіне үлес қосар еді», дейді
Мақсат Төлегенұлы.
Мақсат бастаған белсенді жастар ауылда түрлі мәдени
көпшілік ісшаралар ұйымдастырады. Жастардың басқосуында
мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, шапағатын көруге
шақырады. Ауылдағы №247 орта мектептің математика пәнінің
мұғалімі Сержан Қонақбаев та әркез Мақсатпен бірге жастардың
бел ортасында жүреді. Мемлекеттік жастар саясатын жақсы
түсінетін жалынды жастар – жақсылықтың жаршысы. «Бесарық
бекетінде жаңа үлгідегі мәдениет үйі ашылды. Әр сенбі, жексенбі
күндері жастарға арналған би кеші болады. Түрлі спорттық сай
ыстарды жиі ұйымдастырамыз. Ауылда қарап жүрген жігіт
не қыз жоқ. Бәрінің өз шаруасы бар. Өз өзін қамтамасыз ет
кен жастар да жетерлік. Спорттық сайыстарға жиі шақыратын
себебіміз, олардың бізбен байланысын үзбеу. Мемлекетімізде
оқимын, еңбек етемін деген әрбір жасқа жағдай жасалған. Өзі
ізденіп талпынса, бәрі қолжетімді», дейді ауылдағы жастар ісі
жөніндегі әдіскер.
«Мәңгілік ел мұраты – Тәуелсіздік» атты облыстық жастар
форумы аймағымыздағы белсенді жастардың басын қосқаны
белгілі. Жас көшбасшылар жиналған басқосуда Мақсатты да
кезіктірдік. «Жастар форумы – үлкен тәжірибе алаңы. Мен өз
жұмысымды одан әрі жандандыру үшін көп нәрсе үйрендім.
Мемлекеттік бағдарламаларды ауыл жастарына дұрыс
жеткізудің әдістері мен маргинал жастармен байланыстың қыр
сырын ортаға салдық. Форум жұмысы мені жігерлендірді. Ауылға
барып үлкен күшпен жұмысқа кіріспекпін», дейді ол.
Мақсат 1989 жылы 22 маусымда Бесарық бекетінде дүниеге
келген. Көпбалалы шаңырақта тәрбиеленген. Өзі де шаңырақ
көтеріп, жұбайы Ләйла Әзімбайқызымен бірге Әлихан, Мирас
есімді екі ұл тәрбиелеп отыр.
«Мен өз болашағымды ауылсыз елестете алмаймын. Ауыл
– тіршіліктің қайнар бұлағы. Егін егіп, мал бағып, мол өніммен
мерейі үстем болған халықтың ортасында өстім. Мақсатым –
қашанда адал еңбек ету. Елдің, ауыл тұрғындарының ыстық
ықыласына бөленіп, ақ батасын алып абыройлы азамат болу»,
дейді жас көшбасшы. Ауыл жастарының тіршілігін үйіріп отырған
жалынды замандасымызға біз бір ғана тілек қостық. Мақсатыңа
жет, Мақсат!
Гүлбану ҮСЕНҚЫЗЫ
МАҚСАТ –
АУЫЛ МАҚТАНЫШЫ
Бүгінгі мектеп оқушыларының тәр
бие шісі, ұстазы саналатын мұғалімдер ге
қо ғам үлкен сенім артады. Бұл марапат –
ұстаздарымыздың сол сенім үдесінен шыға
білгенінің бір дәлелі. Ұстаз жұмысының қыр
сыры мол, қиын да жауапты шығармашылық
еңбек екені және оның шеберлігі мен жетіс
тігі сапалы білім, жақсы тәрбие алған шә
кіртінен байқалатыны баршаға аян. Ли
цей оқушылары облыстық, респуб ли калық,
халықаралық олимпиадалар мен ғылыми
жоба жарыстарынан оза шауып, жүлделі
орындар алып, біті ру ші түлектері жоғары
оқу орындары на түсіп, грант иегері атанып
жатса, білімді де парасатты, байсалды да
ұс тамды, бала жанының бағбаны – ұла ғат
ты ұстаз еңбегінің ақталғаны.
– Дүниеде кім бақытты? деп сұ рапты
ертеде бір данышпаннан.
Сонда данышпан:
– Дүниеде көп адамды бақытқа кенелт
кен адам бақытты, деп жауап бер ген екен.
Қаншама шәкіртіне бақыт кілтін ұс тат
қан біздің ұстаздарымыз да – ба қытты жан
дар. Әрқашан мұғалімге қо йы лар талап та
жоғары, жүктелер міндет те күрделі. «Ел
ермен, ер елмен көгерер» деген даналық
ой ға ден қойған ұстаздарымыз лицей
абыройын асыруға үлес қоса береді деп
сенеміз. Марапат иелерін құттықтай оты
рып, дендеріне саулық, отбасына амандық,
тәуелсіз еліміздің бола шақ азаматта
рын тәрбиелеудегі еңбек тері не зор табыс
тілейміз.
Базаркүл РАМАНҚҰЛОВА,
№9 Дарынды балаларға арналған
облыстық қазақтүрік лицей
интернатының мұғалімі
Осындай шаралардың бірі – қа
зақ тілінің көркемдік ерекшелігін, Абай
шығармашылығын насихаттау арқы лы
қазақтың тілі мен әдебиетіне, мә де ние
тіне деген этнос өкілдерінің ықы ласын арт
тыру әрі еліміздің руха ни бірлігін нығайту
мақсатында өт кі зіл ген «Абай оқулары»
облыстық байқауы болатын. Облыстық
байқауда Абай шығармаларын жатқа
мәнерлеп оқу, М.Әуезовтің «Абай жолы»
романынан үзіндіні көркем шеберлікпен
орындау және Абай әндерін орындауда
үздік деп танылған Қызылорда му зы калық
колледжінің ІІ курс студенті Руслан Рыз
манов республикалық бай қауға қатысуға
жолдама алды. Сонымен қатар, үш тілді
қатар меңгерген жастардың арасында
өткізілген «Тіл – тұнық ойдың кәусары»
облыстық олимпиадасының жеңімпазы,
Қазалы ауданындағы №226 гимназияның
ағыл шын тілі пәнінің мұғалімі Фариза Қа
ра жанға республикалық байқауға қаты суға
жолдама берілді.
Облыстық байқаулардың жеңімпаз
дары жуырда Арқа жерінде Қазақстан
халқы тілдерінің фестивалі аясында
өткен республикалық байқауларға қа ты
сып, жүлдемен оралды. Атап айт қанда,
Астана қаласында өткен «Абай оқулары»
республикалық байқауында Р.Рызманов
жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, Ақмола об
лысы, Бурабай ауда нында үш тілде өткен
«Тілдарын» рес пуб ликалық олимпиа
дасында Ф.Қа ра жан жүлделі ІІІ орынды
иеленді.
Жеңімпаз жерлестерімізге алдағы
уақыт та да сәттіліктер тілейміз.
М.ДӘУЛЕТБАЕВА,
облыстық ішкі саясат
басқармасының әдіскері
ТІЛДІ МЕҢГЕРУ – ТАБЫС КЕПІЛІ
Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – тіл саясаты. Тіл
саясатын жүргізуде Тілдерді дамыту мен қолданудың 20112020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама ая
сында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін артты
ру, сонымен қатар, үш тілді меңгерген жастарды анықтап, ынталандыру
мақсатында бірқатар шаралар өткізілуде.
ШӘКІРТІНЕ БАҚЫТ КІЛТІН ҰСТАТҚАН
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолындағы табыстары мен
оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Құрмет грамотасымен №9 Дарынды балаларға арналған облыстық
қазақтүрік лицейинтернаты директорының оқутәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Нұрсұлу Қуантаева мен лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыткүл Ер
манова, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен лицейдің математика пәні мұғалімі
Айдар Мандибаев марапатталды.
және ҚАНАТТАНДЫРУ
жастардың қоғамдықмәдени
өмірін қалыптастыруға байланы
сты бірқатар ұсыныстілектерін
жеткізді.
Аймақ басшысымен кез
десуден соң А.Тоқмағанбетов
атындағы мәдениет үйінде об
лыс әкімінің орынбасары Рус
лан Рустемовтің қатысуымен
пленарлық отырыс өтті. «Біз
«ағадан – ақыл, ініден – ізет» деп
кейінгі толқынға сенім артатын
халықтың өкіліміз. Сыр өңірінде
жастар мәселесі бір сәт те на
зардан тыс қалып көрген емес.
Бүгінде Қызылорда қаласындағы
және аудандардағы жастар
ресурстық орталығында жастар
мен жұмыс жасайтын маман
дар нәтижелі жұмыс жасауда. 20
мыңнан астам жас «Дипломмен
ауылға», «Жастар тәжірибесі»,
«Жасыл ел» мемлекеттік
бағдарламаларының қатысушысы
атанған. Құрметті форум де
легаттары, біздің мақ са тымыз
– жастарға жағдай жасап, жұмыс
тауып беру және басқа да қажетті
қолдау көрсету», деді Руслан
Рустемов.
Жастар ресурстық орталығы,
жастармен жұмыс жасайтын ар
найы мамандар, білім беретін
жастар ұйымдары мен жастар
комитеті NEET санатындағы жа
стармен жұмыс істеуде. Жас
тар саясатының басты мәселесі
– осы санаттағы жастардың
санын төмендету, оларды
көпшілік ортаға баулу, жұмыспен
қамтумен қатар қоғамдағы орнын
айқындау. Пленарлық отырыс
барысында «Студент жастардың
еңбек жасағы облыстық шта
бы» қоғамдық бірлестігінің
үйлестірушісі Айдос Сәдіров
Қызылорда қаласында көркем
гимнастикамен айналысатын ар
найы спорт кешендерін салуды,
«Қызылорда облысының жастар
одақтары» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Әбіл Серік жастар
ұйымдарына арналған ғимарат
салуды ұсынды. Сондайақ
әр түрлі салада қызмет жасап
жүрген 30 жас желтоқсан ай
ында Астана қаласында өтетін
республикалық жастар фо
румына делегат ретінде сай
ланды. Сондайақ, тәуелсіздік
жастарының үндеуі қабылданды.
Гүлбану МАҚАЖАН,
Ерасыл ШӘРІБЕК,
Мөлдір САБЫРЖАН
Жомарт Құлжанов, Қармақшы ауданы,
Алдашбай ахун ауылдық округінің жастар
ісі жөніндегі маманы:
– Ауылдағы жастардың жағдайы жақсы.
Соңғы бесалты жылда көп ілгерілеу бар.
Ауылдағы 239 жас менің жіті назарымда.
Ауыл жастары жиі бас қосып, сценарий
құрып, ауыл тұрғындарына концерт
қойып, өзөздерін қаржыландырып жүр.
Түскен қаржыны қайырымдылық ша
раларына жұмсаймыз. Мұнан бө лек
өзімнің жұмыс жоспарым бар, соған
сәйкес түрлі шаралар өткіземін.
Жастар көбіне бос уақытын «Қай
нар» спорттық аула клубында өткі
зеді. Ауыл жастарын ынталанды
рып, түрлі байқаулар өткіземіз. Алайда
оларды естелік сыйлықтармен ма ра
пат тауға қолымыз қысқа. Жастар арасында өткізілетін сайыс
тар ға қаржы бөлінсе құбақұп болар еді.
БӘРЕКЕЛДІ!
БӘРЕКЕЛДІ!
БӘРЕКЕЛДІ!
№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
ОҚЫТЫП ЖҰМЫС ҰСЫНАДЫ
«Қылмыстық жазаны және қыл
мыстыққұқықтық ықпал ету шара
ларын орындайтын органдар мен
мекемелер қызметіне жәрдемдесу,
сондайақ қылмыстық жазаларын
өте ген адамдарға әлеуметтік және
өзге де көмек ұйымдастыру бойын
ша» Қы зыл орда облысы әкімдігі жа
нындағы консультациялықкеңесші
орган бұл мәселені күн тәртібінен
түсірген емес. Кеңесші органға ке
ліп түскен ұсыныстар дер кезінде
қаралып, билік тарапынан қолдау
көрсетілуде. Қызылорда облысы
әкімінің орынбасары Қуанышбек
Ысқақов, Қызылорда облысы бой
ынша қылмыстықатқару жүйесі
де партамен тінің бастығы Ғанибек
Отарбаев ЗК169/5 мекемесінде
бо лып, сотталушылармен, жұмыс
берушілермен кездесті.
ЗК169/5 мекемесінде 734 сот
талған азамат жазасын өтеуде.
Олардың 520сы еңбекке жарам
ды. Қазір 70 пайы зы яғни 365
адам ақылы еңбекпен қам тыл
ған. «Қызылорда құрылыс жә не
биз нес колледжінде ағаш ұс та
сы ма ман ды ғы бойынша биыл 25
сотталған (2015 жылы 19 сот
тал ған), Қызылорда по ли тех ни
ка лық колледжінде электр дәне
керлеуші мамандығы бойынша 25
сотталған (2015 жылы 23 сот
тал ған) білім алды. Оқушылар са
бақ тарын уа қы тылы өткізуде.
Бі тірген соң оларды жұмыспен
қамту мәселесі оңтайлы жолға
қойылған», дейді Қызылорда об
лысы бойынша қылмыстықатқару
жүйесі департаментінің ЗК169/5
меке месі бастығының орынбасары
әділет майоры Кадрбек Остаев.
«Еңбек» РМК Қызылорда фи
лиалы арқылы мекеменің шаруа
шы лық жұ мыс тарына және жеке
кәсіпкерлерді тарту арқылы жүр
гізілген бірқатар жұ мыстарға оң
баға беруге болады. Жаза сан
өтеушілерді жұмыспен қам ту ға
көптеген кәсіпкерлер ниет біл дір
ген. Бүгінде 196 сотталған жұ мысқа
орна ласқан. «ЕңбекҚызылорда»
филиалында 96 сот талған жұмыс
істейді. Меке менің өндірістік ай
мағында тігін цехы, ағаштан жа
салған қол өнер бұйым дарын дай
ындау цехы жұмыс жа сап тұр.
Ғи маратқа газ жүргізумен қатар,
газбен кірпіш күйдіруге ар налған
жаңа өндіріс ор ны іске қосыл
мақ. «Ержас –2013» серіктестігі 15
сотталған аза матты жұмыспен қам
тып отыр. Кә сіпкерлер Қызылорда
об лысы кәсіпкер лік және туризм
басқармасымен бірле сіп, «Биз
нестің жол картасы–2020» бағ
дар ламасы шеңберінде «Даму»
кә сіп керлерді дамыту қорынан
15 млн теңге көлемінде несие
алып, газоблок шығару цехын іс
ке қосқан. Өнім Қы зыл орда об
лыстық мемлекеттік сертификаттау
орталығынан сертифика тын алды.
Қаламыздағы түрлі құ рылыс нысан
дарына және же ке тұрғындардың
сұранысына сай өнім шығаруда.
«Ай мақта салынып жатқан құры
лыс ны сан дарына жергілікті шикі
зат өні мін қол дануға үлкен жол
ашыл ған. Облыс әкімдігі тара пы
нан кәсіпкерлікке қолдау бар. Мә
селен, біз өткен жылы қала дағы
1000 пәтердің құрылысына га
заблок жеткіздік. Биыл бой кө
теретін жаңа 3000 пәтерлі тұр
ғын үй құрылысына да үлес қо су ға
мүм кіндік алсақ, соттал ған дарды
тұрақ ты жұмыпен қам та масыз
етер едік. Сұраныс болса екінші
ауысымды жұ мыс тобын іске
қосуға дайынбыз», дейді серік тес
тік директоры Сәлімгерей Бижанов.
ОЛИМПИАДАҒА СПОРТШЫЛАР
ДАЙЫНДАҒЫМ КЕЛЕДІ
Бостандықта жүргенде ере
жесіз жекпежектен спорт шебері
атанып, тепсе темір үзер ерлерді
жұмылдыра білген Ербол Ділім
бетов «бұзақылықтың соңы те
мір торға тіреді» деп өкінеді. Бү
гін де жазасын өтеп жатқан ол
– газаблок це хы ның бригадирі.
«Мемлекеттің біз ді қоғамға қай
та оралуымызға жәрдем десіп
жат қанына қуанамыз. Қарап жат
пай еңбек етіп, жалақы алудамыз.
Біз жұмыс жасамасақ, өзөзімізді
қам та масыз етпесек, үйдегілер
тап қантаянғанын бізге таситын
еді. Ең бектің арқасында қолдан
келсе жа қын дарымызға салмақ
түсірмесек екен деп жүрміз. Отба
сым, бес балам бар. Барлығының
жауапкершілігін сезіне мін. Темір
дей тәртіп, оқшау өмір ме ні көп
өзгертті. Темекі тартпаймын.
Бес уақыт намаз оқып, Аллаға
құл шы лық етіп жүрмін. Бұл жер
ге қай та оралғым келмейді. Аман
есен отба сым мен қауышып, үй
тұрғызып, ба қыт ты ғұмыр кеш кім
келеді. Жат тық тырушы болып,
олимпиадаға спорт шылар дайын
дағым келеді», дей ді Ербол.
Ремент Елеусінов – абақтыдағы
кә сіпкер. Сотталған азамат қазір
түрменің өндіріс аймағынан екі
бірдей цех ашып, өзі секілді ағаш
шеберлерін маңына жинап кәсіп
қылуда. Өнімнен түскен қаржыны
теңдей бөліп алады екен.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТАПТЫРМАС
МҮМКІНДІК
Бағлан Мұсабаев – «Жұма
баев» жеке кәсіпкерлігі дирек то
рының орынбасары. Түрмедегі
өн діріс аумағынан қолөнер цехын
ашқан. Онда 25 жазасын өтеуші
жұмыс жасап жүр. Ағаштан дайын
далған бұйымдар және гипс тен
ертегі кейіпкерлері, әр түрлі мү
сін дер, кәдесыйлар мен гүлзар
қауашақтары дайындалады. Бола
шақта брусчатка өндірісін іске
қо суды жоспарлауда. Мәс кеу қа
ла сында өз қаржысымен мү сін
құю өнерімен жіті танысып, білім
жетілдіріпті. Енді ол білгенін жа
засын өтеушілерге үйретіп, қазір
олар цементтен, гипстен түрлі
бұ йымдар жасауда. Ал кәсіпкер
Нұрлыбек Жаров дәнекерлеу це
хын ашып, 25 жазасын өтеуші жұ
мысқа орналасқан. Дайындайтын
өнімдері – темір қақпалар, тере зе
темір торлары, балаларға арналған
әткеншектер, скамейкалар, су
мен жылытатын пештер, темір
есіктер және т.б. темірден жасала
тын бұйымдар. Қосымша өндірісін
кеңейту мақсатында ағаш өңдеу це
хын ашуға қажетті құрал жабдықтар
жеткізуде.
Кәсіпкер Қанат Оразбаев өз
кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, жа
засын өтеуші лерге жәрдемдесіп
жүр. Қазір екі ағаш өңдеу цехын
іске қосқан. 40 адам ды жұмыспен
қамтамасыз етіп, жал ақыларын
уа қытылы аударып отыр. Күн сай
ын ағаштан түйін түйген шеберлер
қолынан шыққан домбыра, сан дық,
кә де сыйлар секілді түрлі бұйым
дарды на рық қа шығарып, сатуға
қол ұшын беруде.
Өңірдегі кәсіпкерлер үшін ЗК
169/5 мекемесінің өндірістік айма
ғында кә сіп ашу тиімді. Себебі
жалға алу ақы сын төлемейді. Тек
жұмсаған шығы нын уақытылы тө
лесе жеткілікті. Бос ғи маратты се
німгерлік басқаруға алып, жұмыс
көзін ашамын деген кәсіпкер лерге
қолдау бар. РМК «ЕңбекҚызыл
орда» филиалының теңгеріміне
беріл ген аумақтың жалпы ауданы –
5,47 га. Бүгінде мекеменің өндірістік
аймағында аумағы 240 шаршы
метр болатын бос бір ғимарат бар.
Мекемедегі өндіріс орындарын ара
лап, тіршілікпен таныс қан облысы
әкімінің орынбасары Қуанышбек
Ысқақов пен Қызылорда облысы
бойынша қылмыстықатқару жүйесі
департаментінің бастығы Ғани бек
Отарбаев кәсіпкерлерге қолдау
білдіретінін айтып, бірігіп жаңа жұ
мыс орындарын ашуға шақырды.
РЕПОРТАЖ
СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ!
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ
СЫР ЕЛІНІҢ САРБАЗЫ САПТАН ОЗДЫ
Отанды қорғау, елдің тыныштығы күзету, ҚР әскери заңдарына
сәйкес «қатардағы жауынгер» атағына лайық болу – әрбір қазақстандық
азаматтың міндеті.
Осы орайда, Астана қаласында көктемгі нау қан барысында мемлекеттік
күзет қызметі, обьек тілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкі»
0112 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге жолдама алған
Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының тумасы Ғафуржан Берістемов
алдыңғы қатардан көріне білді. «Айбын» Президенттік полкі 0112 әскери
командирі Т.Сарсекеев пен өзге де командирлердің айтуынша, Ғафуржан
әскери қызметтегі алғашқы күндерінен бастап, әскери өмірдің қыры мен сы
рын үйренуге үлкен ынта білдірген. Сонымен қатар, жауынгерлік кезекшілікте
әрдайым қырағылық танытып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай
орындаған. Осындай тиянақтылықпен жауапкершіліктің арқасында жақсы
жетістіктерге жетіп, достарына үлгі бола білді. Ғафуржан секілді азамат
әскерде ғана емес, өзге де жастарға үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: