№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Жалғасы. Басы өткен нөмiрде
Шариат». Егемен болғалы, жа
ңа дан ештеңе таппағанымыз тұ
рып ты, барымыздан айырылып жа
тырмыз. «Шариат» – әлде орыс тан
ауысты, әлде кәдімгі дүмшелік көрі
нісі. Қазақта барлық заман, барша
әдебиетте – «шариғат». Жүз сан
мы сал келтіруге болады. Ғарабы
нұс қада «и» мен «а» аралығында
көмейлік «айн» дыбысы бар, қазақ
қашанда ұяң дауыссыз «ғ» арқылы
берген – «шариғат». Сондайақ, «ға
лым», «ғұлама», тағы басқа да үй
лес дыбысты сөздер.
Тізбелей берсе, тіл мәдениетіне
қатысты реніш пен кейістің шегі
жоқ. Осы орайдағы көрнекі мы
сал – бүгінгі әдебиет пен журна
листика тілінде қалыптасқан, тіпті,
ілкідегі әжептәуір жазушылардың
өзінде ұшырасатын өрескел бір
қателікке назар аударайық. Табиғи
қазақ тілінде көптік сан есімнен
соңғы анықтауыш сөзге көптік жал
ғау тіркелмейді. Мәселен, «өз
елін де тұратын он бір миллион қа
зақ тар» емес, «он бір миллион қа
зақ». Біздегі «екі жүз жиырма мың
немістер» емес, «екі жүз жиырма
мың неміс». Сондайақ, «төртбес
кі сілер», «қырықелу кісілер» емес,
«төртбес кісі», «қырықелу кісі»;
мың қой, жүз жылқы, отыз сиыр,
он да ған құрылыс, жүздеген завод
фабрика, тағы осы ретпен.
«Бір қайғы мың қайғыны қозғай
ды» деген. Тіл төңірегінде уайым
көп. Мен қазақ тілінің қолданыс
аясы, бүгіні мен болашағы тура
лы қам жемеймін. Бұрын да та
лай айтқам, жазғам. Бір заман
да қазақ әлемдегі ең үлкен отыз
халықтың бірі болды дедік. Со
вет кезеңінде тікелей геноцидке
ұшырады, әдейі ұйымдастырылған
аштықтан қырылды, айдалды, атыл
ды, жер ауды, алпауыт жат жұрттар
арасындағы еріксіз майданға түсті,
өз жерінде қуғынға ұшырап, қорлық
күн кешті. Алайда, ҚазақАта осы
сұмдықтың бәрінен аман өтіп, қа
зіргі деюре, сөз жүзіндегі болса
да тәуелсіз заманға жетті және ХХ
ғасырдың соңғы қырық жылында
еселей өсіп, бүгін де ептепсептеп
төңірегін толтырып, әлемдегі саны
көп, ең ірі алпыс халықтың қатарына
қосылды. Қазір өз қонысындағы жал
пы жұрттың кем дегенде жетпіс пай
ызын құрайды, алдағы он жылдықта
жетпіс бессексенге иек артуға
тиіспіз. Және маман эксперттердің
түйінді пікірі бойынша, өкіметіміз,
рас, мүлде басқа бір дабырамен ем
сеп отырған 2030 жылы – 90 пай
ыздан асуы анық! Ал жай ғана бай
балам емес, үлкен қасірет болып
тұрған орыстілділік – уақытша ғана
құбылыс. Баяғыда жазғанбыз, бір
ауыз орысша білмеген қазақтың
немерелері енді қазақ тілінен мүлде
мақұрым шықса, бүгінгі орыстілді
қазақтың немересі неге қазақша біл
меске деп.
Бұл мақала жоғарғы дәрежелі тіл
мәдениетінің бір ғана тармағы, онда
да шетқақпай мәселе – лексикалық
қордың бұзылып, бұрмаланып кет
кен жекелеген жағдайларына ар
нал ды. Баспасөз бетіндегі, кейбір
әдеби нұсқалардағы, шала ғай
лықтан сауатсыздыққа бейім кілти
пан – жекелеген бір сөз, ұғым
дардың мүлде басқаша мағына
алып бара жатқан мысалдары.
Әлде қалай көзімізге шалынған ерек
ше сорақы жағдайлар. Бұзылған
сөз, теріс, басқаша қолданыла бас
таған ұғымдар мен тіркестер. Айта
берсең, әңгіменің ұшықиырына
жетпейсің. Тек қана «кеңес» ата
уының өзі неге тұрады. Жетпіс
жыл бойы «совет» болып еді. Ша
ласауат, жалған ұлтшылдар мен
шалағай жазармандар бірақ күнде
«кеңес» қылып шығарды. «Кеңес
өкіметі». Өз өкіметің екен. Ете
не жақын, тілге жағымды сөз – ту
ған өкімет. «Хан кеңесі», «билер
кеңесі», «ақыл, кеңес»,
«Кеңес
күйі». Осының ешқайсының совет
өкі метіне қатынасы жоқ еді, енді
сол советтің өзін кеңеске теңедік.
Кезінде бұл туралы да жеткеріп
жазғанбыз. Амалсыздан қайталауға
тура келді. Өткен жетпіс жыл бойы,
күні бүгінге дейін, арғы, бергі та
рихта жер жүзі түгел «совет» деп
айтады, жазады. Ағылшын да,
неміс пен француз, испан мен ита
льян – барлық Еуропа халықтары.
Ағылшын, неміс, француз, испан,
басқа да әлемдік тілдердің ғұзыры
жетпегеннен емес, тарихисаяси
термин болғандықтан. КСРО де
ген қандай сөлекет. «Кеңестік Со
циалистік Республикалар Одағы»
екен. «Кеңесті» қабылдайық, онда
неге «Социалистік», неге «Рес
пуб лика» – «Ортақтастық», неме
се «Әлеуметтік», «Қоғамдастық»
һәм «Жұмхұрият» емес пе!? Жер
жи хан қабылдаған, тарихқа енген,
әлемдік барлық тілде қолданыста
тұрған, үрейлі, қанкешті «КГБ» ата
уы – жүрекке жақын «МҚК» болып
шықты. Тағы соншама сорақы жағ
дайлар. Айтып түгесе алмайсың.
Тәуелсіздіктің кеуде көтеріңкі алғаш
қы жылдары, баспасөз бетінен
алғаш рет «ұжымшар» деген сөзді
ұшыратқанда, бұл не болды деп
аңы рып қалғаным бар. Тәрізі, жа
ңа заманда жаңадан көтеріліп, жа
ңа ша құрылып жатқан әлдебір қа
уым дастық шығар деп ойладым.
Ізінше, бәлкім, бірталайдан соң
«кеңшар» дейтін пәлеге көзім түс
ті. Сонда ғана шатысқан миым
ның бар талшықтарын іске қосып,
не керемет екенін анықтап едім.
«Ұжымшар» – колхоз екен, «ұжым
дас қан шаруашылық», «кең шар»
жөні тіпті оңай – «кеңес шаруашы
лығы!» Даналықтың шегі бар де
седі, ал осыған қарамақарсы мағы
надағы ғаламаттың шегі жоқ екен.
Бізден бұрынғылар айтқан. Сөйте
тұра Бораттың мазағы ұлттық на
мысымызды қоздырып, жаппай
ашуыза туғызады. «Кеңеспен»,
«кеңшармен» тоқтасақ жөн ғой.
Күн делікті тұрмыстағы «әптек» пен
«рес торанға» дейін қазақшаланды
–
«дәріхана»,
«мейрамхана»;
«ойын ханамыз» тағы бар – кази
но». Әлемдік қолданыста жүрген,
онсыз жөндем сауатыңыз не,
орта мектеп шегінен өте алмай
тын ғылымитехникалық термин
дер түгелге жуық «ұлттық патри
от», «тіл жанашырларының» қорыс
батпағына араласып, өз тілінде
оқыған қазақ үшін жоққа сайды.
Әзірше сол терминдер қолда ны
латын «физика», «алгебра», «хи
мия», «математика» дейтін пән ата
улары ғана өз орындарында тұр,
күні ертең бұлар да «ана тілімізге»
қотарылып жатуы ғажап емес, мә
селен, «математика» өзіненөзі
сұ ранып тұр: «есеп», әлде «есеп
қисап», бәлкім, «санамақ»; қалғанын
қазақшалауға біздің қауқарымыз
жетпесе, кейінгілер қисынын таба
ды, мүмкін тауып та қойған шығар.
Бүгінгі «озық заман, егемен
елі мізге» лайық жаңалықты құбы
лыс тар өз алдына, енді өткен та
рих пен әдебиетті түзете бастадық.
Мәселен, «Октябрь революциясы»
– «Қазан төңкерісі» болып шықты;
«төңкерісіміз» түсінікті, орыстардың
өзі осылай өзгертіпті – «перево
рот» – «Октябрьский переворот» –
ал «Қазанның» ешбір қисыны жоқ.
Айнақатесіз «Октябрь төңкерісі»
болуға тиісті. Саяси, тарихи атау.
Ал біздің жаңашыл, санасы жоғары
қауым бәрін белінен басып жатыр.
Ең соңғы мысал – «1916 жылғы Мау
сым жарлығы» – бар тарихта «Июнь
жарлығы» ғой. Есеп емес. Өтіп кет
кен іс, мен күнтізбедегі ай атта
рын жаңғырту – оқыс қате болды
деп санаймын. Рас, өзім он жылға
тақау жерін жерлеп, суын ішкен
чех жұрты да бұрнада өз тілдеріне
ыңғайлаған екен: январь – леден,
апрель – дубен, май – кветен, но
ябрь – листопад дегендей. Жалпы,
халықаралық терминдерден қашу
– өзіне сенімі аз, ұсақ халықтарға
тән, кемшілікті санадан туындаған
ғадет. Мейлі дейік. Алайда, бұрнағы
әдеби нұсқаларда, журналистика
да, сол замандағы ресми атау бой
ынша жазылды ғой. Оң ба, теріс пе,
тарихи құжат екені өз алдына, ол
кезде ешкім де «Маусым жарлығы»
деп мәймөңкелеп тұрған жоқ, ай аты
орыс нұсқасында, өз қалпында өтті.
Ең кереметі – осы іспеттес белсенді,
жанкешті надандық (орысша «воин
ствующие невежество») өткендегі
мұраларға да зардабын тигізіп жа
тыр. Совет тұсында жазылған,
басыл ған, таралған мәтіндерге
«Қазан төңкерісі» деген түзету жа
са сақ не болып шықпақ. Бұл да
мүмкін екен. Мәселен, Міржақып
мақалаларындағы ай аттарын білгір
редактордың қалай түзеткенін өз
көзіммен көрдім. Мұндай өңдеуге
түскен – жалғыз Жақаң ғана бол
маса керек. Яғни, ХХ ғасырдың
басы ғана емес, одан соңғы жетпіс
жыл бойғы мұра атаулы түгелдей
«дұрысталып», жаңартылуы әбден
ықтимал. «Түйені жел шайқаса, еш
кіні аспанда көр» демекші, кейінгі
қаламгерлердің жарасы тіпті оңай.
Нақты бір куәлік – мына менің
өзімнің бұрынғысоңғы жазбала
рым. Өте көп білетін, азатшыл,
ұлт шыл редакторлар, саяси сау
аты ғана емес, ұлттық танымы да
бізден артық корректорлар сыр
тымнан, өз қалаулары бойынша,
еркін түзеткенін және сол қалпында
журналға, кітапқа шыққанын алғаш
көргенде құтырып кете жаздадым.
Әр жылда әлденеше рет қайталанған
жағдай. Әрқайсы бір тауарих. Есі ме
түссе әлі күнге дегбірімнен айы
ры лам. Сен таңбалаған ақи қат
«совет» атаулының жаппай «ке
ңеске» айналуы тұрыпты, ешқа шан
ешкім айтпаған «кеңес адамдары
на» ұшырысқанда сабыр сақ тау
қиын. Түзу сөзіңді қисайта бұ рап
жібергені, күрделі, құрмалас сөй
лемдерді бөлшектеп, екпінді, қысқа
сөйлемдердің арасын іл мек теп
қосып қоятыны, мәнді, мағы налы
тыныс белгілерін, ең аяғы жақ
шаның ашылу, жабылуына де йін
жылжытып, сені жақсарту жолын
да жасалған қыруар еңбекті тү
гендеп шығу мәнсіз. Өйткені әзір
ге барсың, тірісің, кейінгі бір ба
сылымдарда қалпына келтірдің,
қал ғанын түзетіп, оңдап қойдың,
әде биетші, мұрагер балаңа мұқият
тапсырдың. Әйткенмен, көңіл алаң.
Тіл тазалығы жолындағы күрескер
қауым осымен тоқтаса жөн ғой. Ең
сұмдығы – бүгінің тұрыпты, ғұмыр
бойы тінтінектеп құраған барлық
жазуыңды нендей хикмет күтіп
тұр? Жалғыз сен ғана емес, ХХ ға
сырдағы қазақтың озық әдебиеті
– Мұхтар Әуезовтен бастап, Ілияс
Есенберлинге дейінгі ұлттық мұраң
қандай кепке түспек? Мұраны ай
тасың, бай да бағлан, оралымды,
икемді, әсерлі, мағыналы, кенеусіз
бай қазақ тілінің өзі қандай қоқысқа
толмақ? Жалғызақ алданыш қалды.
Дамыған халықтарда «әдеби тіл»
және «сөйлеу тілі» дейтін екі бөлек
ұғым бар. Бүгінгі күнге дейін қазақта
бұл екі тараптың өзара айырымы
болмады. Ұлттың тұтастығының,
тіл бірлігінің көрінісі. Енді... манағы
«туылған» мен «өлінген» және
басқа да ғажайып, сілімтік сөздер
саржағал басылым, сауатсыз жа
зармандар үлесіне өтіп, ежелгі жы
раулар мен эпос, Абай мен Әуезов,
оларға жалғас қазіргі және кейінгі
үлгілі әдебиеттің тілі, соншама бы
лыққан ұшан мұхиттағы шалғай
арал есебінде болса да, әуелгі саф
таза қалпында сақталып қала ма
деген үміт қана көңіл жұбатады.
Әзір ше «туылғандардың» екпіні
тым қатты, қазақ руханиятының
төрт бұрышын түгел басып барады
және жуық заманда «өлінетін» түрі
байқалмайды. Әйтсе де, «Үмітсіз
– шайтан», алдамшы емес, ақиқат
болашақ деп сенейік. Тас та уаты
лады, тау да құлайды. «Туылған»
рас болса, «өліну» де күмәнсіз. Өз
еркі, өз бетімен «өлінбейді», азды
көпті білігі бар жалпы жұрт жап
пай жұмылып, жардан құлатып
жібермесе. Ертеңнен озып, арғы
күндерден бастап, ақыр түбінде.
Дегенмен, адам да, қоғам да
ең әуелі бүгінгі күн аясында ғұ мыр
кешеді ғой. Тіл бұзарлықтан құты
лудың, шын мәнісіндегі, тым құрса
орташа сауатқа жетудің қандай
жолдары бар? Оқу, білім, үйрену,
тағы тағылар деп бас ауыртпай
ын. Ең оңай жолын айтайын. Орыс
ша «Толковый словарь», қазақша
«Түсіндірме сөздік» деген бар. Бір
томдық және көп томдық. Біздегі
бір томдық мен елде жүргенде,
1999 жылы басылып шықты. Сарап
шы ғана емес, жартылай редактор
ретінде қолжазба нұсқаның толым
ды бір бөлігін қадағалап, пікір, кеңес
айтуға тартылып едім, менімен қа
тар белгілі жазушы Қабдеш Жұма
ділов, тәжірибелі аудармашы Нияз
Сыздықов қатынасқан. Тіл білімі ин
ституты дайындаған еді. Қазақ тілінің
біршама толымды тізбегі – 50 мың
сөз қамтылыпты. Ойдан құралмаған,
қазақ әдебиеті нұсқаларынан ай
ғақты мысалдар негізінде. Қайыр
сыз «қайманадан» бастап, бірталай
сөздің дәлмедәл, нақты мағынасын
опоңай табасыз. Бұдан гөрі күр
делірек және артық сенімді – он
томдық «Түсіндірме сөздік» және
бар. 1970–1980 жылдарда шыққан.
Ғылым Академиясы Тіл білімі инс
титутының Сөздік бөлімінің тура
ширек ғасырлық тыңғылықты, ба
жайлы жұмысының нәтижесі. Қазақ
лингвистикасының үлкен маманы,
ана тілінің білгірі академик Ақмәди
Ысқақовтың басшылығымен жүзеге
асырылған. Кез келген атау сөздің
нақты анықтамасы мен соған
сәйкес бірнеше мысал – белгілі
әдеби нұсқалардан алынған дәйекті
және әрқилы қолданыс айғақтап
көрсетіледі. Бұл он томдық кейінгі
бір жылдарда толығып, қайыра ба
сылыпты деп естимін. Рас болар.
Негізінен осы көптомдыққа жүгінген
жөн. Ол қолға түспесе, манағы бір
томдық тұр. Бәлкім, ол да жаңадан
басылған шығар. Мүмкіндігінше,
дүниеден үмітті әрбір жазарманның
қолында тұрса артық емес.
Мен өзім Шыңғыстау, Сары
Арқа – алаштың ежелгі лұғатының
қаймағы бұзылмаған қалың ортасын
да туып, өстім, көз ашқан кезімнен,
ескілікті ертегі, аңыз, көне эпос,
қиссахикаят үлгілерін тыңдап,
зердеме құйып, өспірім шағымда
халық әдебиеті нұсқаларын, бұ
рын ғысоңғы елеулі жазушылар
шы ғармаларын мұқият оқу, ақыр
түбінде Түрік қағанаты заманынан
басталатын қадыми мұраларды иге
ру, Шағатай әдебиетінің ұлағатын
байыптау, бұрнағы ақын, жырау
лар шығармаларын зерттеу, Ғы
лым Академиясының архивіндегі
қолжазба ескерткіштерді қарастыру,
тіпті, туыстас татар, қырғыз, но
ғай, қарақалпақ әдебиетіне үңілу
– тынымсыз, табанды ізденіс нәти
жесінде, ана тілім – қазақ тілін
мүмкін болған ең жоғарғы шегінде
біліп шықтым деп ойлаймын, соған
қарамастан, күні бүгінге дейін, әл
денендей күмән туған, тіпті, анық тай,
жеткере түскім келген жағ дайда осы
«Түсіндірме», және де «Аймақтық»
һәм «Синонимдер», Абай мен «Абай
жолы» сөздіктеріне жүгініп отыраты
ным бар. Қанша жетіктім десең де,
қисапсыз бай туған тіліңнің қадір
қасиетін тани түсесің, барыңа сенімің
артады. Қашанда білместік – ең
үлкен айып емес, білуге ұмтылмау
айып. Манадан бері біз санама
лап өткен жаңсақ қолданыстар –
түзетілуі опоңай кінәрат еді, азмаз
талап қылса. Амал жоқ, көпекөрнеу
жағдаяттар төңірегінде осыншама
таусылып сөй леуге мәжбүр болдық.
Америка Құрама Штаттарынан.
Көкек, 2016
Мұхтар МАҒАУИН
№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
«Күтімсіз гүл де солады,
ағаш та қурайды. Мейірім
нәрін молынан сіңірген мәуелі
ағаш жемісін көбірек салады.
Күретамырдан тараған қуат
күшін әр бұта өзіне қажетті
мөлшерде қабылдай алмаса,
жапырақ сарғаяды, бұта да
сынады, алып ағаш та құлайды.
Адам да солай... Берекебірлік,
татулық болмаған отбасында
жүрек жылуы қайдан болсын?!»
Әлімбек Оразбековтың «Бір
түп алма ағашы» қойылымы
осы ойды меңзесе керек.
Нартай Бекежанов Қызылорда
музыкалық драма театрында
өткен спектакль отбасы
құндылығын жоғалтқан қоғамды
бейнелейді. Қойылымның
режиссері Т.Жүргенов атындағы
Ұлттық Өнер академиясының
түлегі, талантты жас – Ақтөре
Оразалы. Бір түп алма ағашынан
тарағандай бір отбасының
өсе келе бірбірінен жерінген
берекесіз тіршілігін баяндаған
қойылым көрермендердің
көңілінен шықты. Театр
көрерменге лық толы болды. Иә,
өмір шындығын көрсеткен бұл
драмадан көз жасына ерiк
бермеу мүмкін емес.
Қойылымнан ерекше әсер алған
көрермендер тік тұрып қошемет
көрсетті. Сондайақ, спектакль
туған елмен, туған жермен қатар
туған шаңырақ пен атаана
алдындағы перзенттік парызды
паш етті.
Спектакльде туған ауылдың
тұрмысы, ананың қаладағы
балаларына деген сағынышы,
арбаға таңылған Мақсаттың
бауырмалдылығы, қайсарлығы
бейнеленген. Сондайақ, қалада
тұратын балалардың кереғар
тірліктері жаныңды күйзелтіп,
көңіліңді мұңға бөлейді.
Ауылдағы ананың махаббаты,
бала күннен қол арбаға
таңылып, тағдыр тауқыметін
тартса да, алдына мақсат қоя
білген жігіттің өмірі, қаладағы
балаларының бірбіріне деген
қатыгездігі байқалады. Анасының
туған күнінде Мақсат туған
ауылына жиі келе бермейтін
бауырларының басын қосты.
Ақыры әрқайсысы өз тұрмыс
тіршілігін, өмір қатыгездігін,
мейірімсіздік пен барға қанағат
етуді ұмытқан бауырларын,
жоғары білімі болса да жалақысы
жоғары жұмыстың болмағанын,
жатақханадағы ауыр тұрмысты
сөз етті. Ал арбаға таңылған жас
жігіт анасының, бауырларының
жағдайын ойлады. Спектакльде
отбасы мың кірпіштен қаланған
үй секілді. Әгәрәки, бір кірпіш
құласа, үйдің қабырғасы сөгіліп,
шаңырағы ортасына түсуі бек
мүмкін. Өзімшілдік бар жерде
бірлік жоқ. Бірлік жоқ мекенде
бүлік көп. Ал бүліктің түбі – өлім.
Бүгінгі қоғамдағы боямасыз
шындық – ағайындылар
арасындағы алауыздық. Бір
жатырға сыйғандардың бір
шатырға сыйыспауы – зор
қасірет.
Қойылымдағы Дәметкен
ана рөлін ойнаған мәдениет
қайраткері Алмагүл
Қарықбаеваның, көрші рөліндегі
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Кәмила Әбжанованың
шеберлігінде мін жоқ. Үлкен
ұлдың бейнесіндегі Сырым
Әбдіразақов нағыз тасбауыр
ағаның бейнесін көрсеткендей.
Әлия мен Ләйла рөліндегі
мәдениет қайраткері Айгүл
Байдалиева мен Мөлдір
Кенжәлі өз рөлдерін сәтті алып
шыққан. Әсіресе Зарқымбектың
бейнесіндегі Асхан Оразалиев
көпшілікті тағы бір тәнті етті.
Мүгедек бала Мақсаттың
рөлінде – Манап Алқабай.
Мақсат өзінің ролін жақсы сомдап
шықты. Өмірдің маңыздылығы
байлықпен емес, бауырмен
өлшенетінін ұмыттыруға
тырысты. Бауырларының бәріне
қолдау көрсетіп, бір шаңырақ
астына жинап тұруға, қарым
қатынастарын жақсартуға күш
салды. Өзі бала кезден арбаға
таңылса да, өмірге басқа
көзқараспен қарады. Алға
ұмтылды, етік тігіп, ауылдағы
анасына қолғабыс етті.
Түйін: Адамның санасына,
адамгершілік, бауырмалдылық,
жанашырлық ұялатқан
қойылымның жастарға берер
әсері мол. Отбасыңды құрып,
шаңырақ көтерген жағдайда
да өзіңнің туған үйіңді,
бауырларыңды, бастысы,
адамдық қасиетті жоғалтпауға
үндейтін спектакль көкірегінде
сәулесі бар жанды ойлантпай
қоймайды.
Қазақ қашанда жақсы
жарымен, жақсы атымен, жақсы
баласымен мақтанған. Бала
дегеніміз – ол біздің айнамыз
әрі болашағымыз. Бүгінгі күні
бауырынан өрбіген он баласынан
25 немере 10 шөбере сүйген
Мақатаевтар отбасы талай
сындардан сүрінбей өтіп, өнегелі
өмірімен өзгеге үлгі болған құтты
шаңырақ. Тұрмыс тауқыметін
тартып, жоқшылық көрсе де,
отбасы жылулын сақтап қалған
Балжамал әжей ұлды ұяға, қызды
қияға қондырып, бақытты өмір
сүріп жатқанын айтты. «Тұрмысқа
шыққан сәттенақ қиыншылықты
көп көрдім.
Шаңырақ көтергеннен кейін
отағасы әскерге кетті, ал
мен екі енеммен, күйеуімнің
бауырларымен бірге қалдым.
Нан табар жан атам екеуміз ғана
болдық. Үй шаруашылығымен
қоса үш жерде жұмыс жасадым.
Сол арада үйге кесек құйып қана
қоймай, көршілерге де ақысына
кесегін құйып беретінмін. Күйеуім
бес жылдан соң үйге оралды.
Сол уақыт аралығында күріш
ектім, тігін фабрикасында
жұмыс жасадым. Нан тауып,
үйдегілерді асырап, барлық
ауыртпашылықты көтеруге тура
келді. Қазіргі таңда, шүкір, ұл
қыздарым, немере, шөберелерім
бар. Осылардың арқасында
қиынқыстау сәттерді ұмыт
қалдырғандаймын. Өткен өмірімді
есіме алсам, түс көргендей күй
кешемін. Енем көп көмектесті,
жөндіжөнсіз тұстарымды айтып
отырды. Өзінің қызындай қамқор
болды. Тіпті тұрмыс құрып, алғаш
шаңыраққа аяқ бассам да, сол
кісінің көрегенділігінің арқасында
күйеуімнің бақандай бес жыл
уақыт қасымда болмағанын
аңғармай да қалыппын», деді
әжей жылы шыраймен.
Әңгіменің қызғаны сол,
үлкен кісінің бөлмеге кіргенін
де аңғармай қалыппыз. Атайды
да сөзге тартқан едім. Тату
тәтті шаңырақ астында тұрып
жатқанына ризалығын жеткізді.
«Ұлқыздарым, немере,
шөберелерім бар. Солардың
ортасында үлкен шаңырақ иесі
болып отырған жайымыз бар.
Бүгінде шаңырақтың түтінін
түзу ұстап отырған келінім
мен ұлыма біздің жасымызды
берсін. Міне, отасқанымызға 58
жыл болды. Еске алар қызықты
сәттер де, бақытты күндеріміз
де көп болды. Ұлқыздарымның
барлығы дерлік тәрбиелі,
әрқайсысы бірбір маман иесі.
Қазақтың салтдәстүрін жақсы
біледі. Жоралғыларды да ұмыт
қалдырмайды. Менің байлығым –
балаларым», дейді атай.
Өзің өсірген жемісіңнің
құнарына қарап не қуануың
не өкінуің мүмкін. Сондықтан
баланың ақылды, білімді,
инабатты, иманды болып өсуі
үлкендердің қолында. Жеке
отбасы – мемлекеттің ғана
емес тұтас адамзаттың бір
бөлшегі. Үлгілі де өнегелі отбасы
мемлекеттің дамуына ғана
үлес қосып қоймайды, барлық
адам баласының өркениетіне
өзіндік ықпалын тигізеді. Олай
болса ортамызда жақсы, өнегелі
отбасылар көп болсын.
Лайым еліміздің барлық
отбасылары аман, түтіні түзу
болғай!
МӨЛДІР САБЫРЖАН
ОТБАСЫ –
ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ.
ЕЛІМІЗДІҢ САЛТДӘСТҮР МЕН
ӘДЕТҒҰРЫП, АДАМГЕРШІЛІК
ҚАСИЕТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛІП
ҚҰРЫЛҒАН ШАҢЫРАҚТАРЫНДА
ҒАНА ШАТТЫҚ БОЛАДЫ. ШАТТЫҒЫ
МЕН ШЫРАЙЫ ЖАРАСҚАН МҰНДАЙ
ӘУЛЕТТЕР АРАМЫЗДА ЖЕТЕРЛІК.
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
ӨСІМІНЕ ҮЛЕС ҚОСУШЫЛАРДЫҢ БІРІ –
МАҚАТАЕВТАР ОТБАСЫ. КАМАЛ МАҚАТАЕВ
1933 ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛСЕ, ӨМІРЛІК
ЖАРЫ БАЛЖАМАЛ МАҚАТАЕВА 1938 ЖЫЛЫ
ТУҒАН. БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА ТАТУ
ТӘТТІ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАНЫНА БИЫЛ – 58
ЖЫЛ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҮЛГІЛІ, АБЫРОЙЛЫ
ШАҢЫРАҚ ИЕЛЕРІ. АҒАЙЫНТУЫСТЫҢ
ОРТАСЫНДА ОҢ МЕН СОЛЫН АЖЫРАТА
БІЛЕТІН, ЖӨН ЖОРАЛҒЫНЫ ЖЕТІК
МЕҢГЕРГЕН, САЛТДӘСТҮРДІ
БЕРІК ҰСТАНАТЫН ОТБАСЫ
БҮГІНДЕ КӨПШІЛІККЕ
ҮЛГІ.
БАЙЛЫҒЫМ – БАЛАЛАРЫМ
ШАҢЫРАҚ СӨЗДІГІ
Аунату
Үйіне келіп қонақ болған аталы сөзі бар
адамдар отырған не жатқан жеріне «баламыз
осы атасына тартсын, бойына осы атасының
қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып
алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат
кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде
халық, туған-туыстары, дос-жарандары оны
сол жердің топырағына аунатып алған.
ӨМІР ЖӘНЕ ӨНЕР
«БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ»
немесе СПЕКТАКЛЬДЕН КЕЙІНГІ ОЙ
№ 42 (164) 20 ҚАЗАН, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ
Қазақ халқы революцияға
дейін негізінен көшпелі сипат
алған. Яғни елін, жерін сыртқы
жаулардан қорғау үшін әрбір
қазақтың ұлы жауынгер болуы
тиіс еді. Жауынгер күшті де, ай
лакер болмаса, ол жауынгер
емес, мінекей, осы тұрғыдан
әрбір қазақтың қара домалақ ба
ласы күреспен айналысатын. Той
домалақтар немесе бас қосулар
күрессіз
өтпейтіні
дәстүрге
айналған. Жай балуан мен түйе
балуан арасындағы күрес өнері
шеберлерінің есімдері марапат
талып, оларды халық төбесіне
көтерді .
Ұлттық өнерімізді сөз еткен
де алдымен ілігетіндерінің бірі –
қазақша күрес. Ертеденақ қазақ
халқының, бір жағынан, көңіл
көтеретін ұлттық ойыны болса,
екінші жағынан, жауынгерлерді
жаумен бетпебет шайқасқа алдын
ала осы қазақша күрес арқылы ба
улитын болған. Қазақша күресте
тік қалыпта аяқпен қимыл жасай
жүріп, қос қолды қарсыласының
белінен немесе арнайы жасалған
белбеуден, киімнен ұстап жығуға
әрекеттер жасалады. Техникалық
жағынан қазақша күрестің қалып
тасқан әр қилы әдіс айлалары
өте көп. Бұл көбінесе қазіргі еркін
және классикалық күреске ұқсас.
Аяқтан қаға іліп шалып, бастан
асыра лақтыру, жамбасқа алу,
сондайақ шалқая бере кеуде
арқылы лақтырып жіберу сияқты
әдістерді ауылда өскен әрбір
қазақ баласының білетіні сөзсіз.
Бұрын қазақша күрестен өт
кен жарыстар ешқандай салмақ
дәрежелеріне қарамай өткізіле бе
ретін. Өзінен әлдеқайда сал мақ
ты қарсыласымен күресу әрине
қолайсыз болды. 1938 жылы Алма
тыда өткізілген қолхозшылардың
тұңғыш республикалық спарта
киа дасының
бағдарламасына
қа зақша күрес те енгізілді. Осы
спартакиадада балуандар алғаш
рет үш салмақ дәрежесі бой
ынша жеңіл салмақ – 65 келіге
дейін, орташа салмақ – 75
келіге дейін, ауыр салмақта – 75
келіден жоғары күресті. Салмақ
дәрежесі бойынша С.Адасқанов,
К.Алтыбасаров және И.Түменов
жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпи
он тәжін киді. 1939 жылы Семей
қаласында тұңғыш рет республи
ка біріншілігі өтті. Бұл жолы да ба
луандар үш салмақ дәрежесі бой
ынша күресті. Салмақ дәрежелері
бойынша
жеңіл
салмақта
Құрбанбаев, орташа салмақта
Досқалиев, ауыр салмақта Мусин
жеңіс тұғырынан көрінген.
Жалпы, қазақша күрес – ұлт
тық спорттық өнеріміздің ішіндегі
күрделісі. Сондықтан мұнда жан
жақты дайындығы мол, күшті тө
зімді, қайратты, епті балуан бол
май жеңістен жеңіске, табыс тан
табысқа жету мүмкін емес. Кілем
үстінде белдес кен екі балуанның
қайсысында жоға ры да айтылған
қасиет мол болса, сөз жоқ, со
нысы жеңіске же теді. Қазақша
күреспен айналысатын балуанның
бойында күш қайратпен қатар, ол
өте сезімтал болу керек. Себебі
кейбір белдесу аз уақыттың ішінде
көзді ашып жұмғанша өте шығады.
Белдесулер кезінде адамның бо
йындағы сан қасиеттер сынға
тү седі. Бірнеше секундқа, кей
де 10 минутқа созылатын жек
пе жектерде, жаттығу барысын
да бойға жинаған әдіс айла, күш,
шап шаңдық, бәрібәрі сынға тү
седі. Сондықтан балуанның жан
жақты дайындығы туралы әңгіме
қозғағанда оның тактикалық, пси
хологиялық дайындығын және
жыл дамдық, төзімділік сияқты қа
сиеттердің бірлесе бас қосуын ай
тамыз. Міне, өмірде осындай жан
– жақты дайындықтан өткен балу
ан ірі жарыстарда табысқа жетіп,
жақсы өнер көрсететінін байқап
жүрміз. Жанжақты дайындығы
жақ сы балуандар белдесу кезінде
тактикалық айлатәсілдерді де дер
кезінде қолдана алады.
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҒЫ
ТАБЫСТЫ СПОРТШЫЛАР
АНЫҚТАЛДЫ
30 жасқа дейінгі әлемнің ең табысты спорт шылар тізімі
анықталды. «For bes» сайты ның мәліметінше қомақты
қа ра жат табатын спортшы лардың тізімін аргентиналық
футболшы Лионель Месси бастап тұр. Оның жылдық
табысы 73,7 млн евроны құраған. Тіпті атақты Кевин
Дюрант пен Новак Джоковичтың жылдық табысынан көп.
30 жасқа дейінгі әлемнің ең табысты спортшы
ларының ондығы төмендегідей:
1. Лионель Месси (футбол) — 73,7 млн евро
2. Кевин Дюрант (баскетбол) — 50,8 млн евро
3. Новак Джокович (теннис) — 50,5 млн евро
4. Кэм Ньютон (америка футболы) — 48 млн евро
5. Джордан Спис (гольф) — 47,8 млн евро
6. Рори Макилрой (гольф) — 38,5 млн евро
7. Рассел Уилсон (америка футболы) — 37,8 млн евро
8. Себастьян Феттель (Формула1) — 37,1 млн евро
9. Неймар (футбол) — 33,9 млн евро
10. Гарет Бэйл (футбол) — 32,5 млн евро
Достарыңызбен бөлісу: