Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#8842
түріПоэма
1   2   3   4

 

Құлагер 

 

Қайырып қыстай баптап Құлагерді, 



Осы астың дақпыртына Ақан келді. 

Мінгізіп бәйге бала, жайтаңдатып, 

Ауылына ас бергеннің тақау келді. 

Араға алты қонып, алыс жерді 

Алып ед жайлап жүріп Ақан сері. 

Хабары Құлагердің осы жаққа 

Келуші ед еміс-еміс кӛптен бері. 

Кӛз тігіп, тұрған күтіп Кӛкшетауға 

Даяшы шапты алдынан қарсылауға. 

«Қош келдің, Сері!» деген сәлемменен 

Түсірді Ақанды әкеп ақ отауға. 

Дегендей: шешен - дауға, батыр - жауға, 

Жүйрікті - бәйгеге,- деп бағалауда. 

«Дүлділі Кӛкшетаудың келді» десті,- 

Toп жарған, талай елге салған сауға. 

Кӛрмеге қойды байлап Құлагерді, 

«Маңайдан жан жүрмесін» деді сері. 

Кӛзінен неге таса қылсын Ақан, 

Іргені ат жақтағы түргіздірді. 

Дегенге «Кӛкшетаудан Құла келді», 

Кӛруге ынтызар боп ел жүгірді. 

«Біреудің тіл мен кӛзі тимесін» деп 

Дұға оқып, Ақан жерге түкірінді. 

Дыбысы Бұрын жеткен Керқұланың, 

Дегенге «келді» - түрді ел құлағын. 

Ac тегіс алды-артына қалды үймелеп, 

Кӛруге Кӛкшетаудың Кер пырағын. 

Жиылған Арғын, Керей жан-жағына, 



18 

Sauap.org 

 

Кӛрмеде қалғып тұрды арда Құла. 



He сыншы, не қырағы - жиылған жан 

Кӛздерін қалды сүзіп саңлағыңа. 

Салбырап тұр Құлагер байлауында, 

Қарасып Құланың бас, аяғына: 

Осы ма, Құлагерің?- деседі жұрт, 

Жүйрігі жануардың қай жағында? 

Салпы ерін, сала сүйек, салбыр тірсек, 

Қаты бас, қаншыр мойын, ит ӛндіршек. 

Бітімі ойқы-шойқы, орда-шорқы, 

Пішкендей жануарды олақ ӛлшеп. 

Алмайды мынау бәйге жылқы кӛрсек, 

Кӛк еті кедір-бұдыр, бӛлшек-бӛлшек. 

Кӛкшетау шолағын да мақтайтын ел, 

Осыған ит болайық бәйге берсек. 

Құлаға мініп қоян атар едім. 

Мен мұны жүргіншіге сатар едім. 

Болғанша асқа күлкі «ат қостым» деп, 

Үйімде тыныш қана жатар едім. 

Қойшыға мен мінгізіп қояр едім. 

Семіртіп мен соғымға сояр едім. 

Кемпірдің азасына әкеп салып, 

Бата оқып, ет, қымызға тояр едім. 

Сүйегі - сиыр сүйек, қиқы-жиқы, 

Сал бӛксе, жазық бауыр, ұзын тұрқы... 

Осы ма даңқы шыққан Құлагер?- деп, 

Ac тегіс Ақан атын қылды күлкі. 

Сыншының келіп керді отыз-қырқы, 

Күреңбай кӛріп деді: «Жаман сұрқы, 

Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, 

Артынан жӛнелгенде жетпес жылқы!» 

Сӛзіне Күреңбайдың жұрт таң қалды, 

He сыншы, не сұңғыла ортаға алды. 

Жылқының қырағысы, шежіресі - 

Күреңбай кӛзін сүзіп тұрып қалды. 

Күреңбай кӛзі тұнып кӛп қадалды, 

Айналып алды-артына кӛзін салды. 

Естуге Күреңбайдың байлау сӛзін, 

Тарқамай кӛптің тобы тұрып қалды. 

Күреңбай кӛріп тұрып артын, алдын: 


19 

Sauap.org 

 

– Жануар жүйрігі екен жылқы малдың, 



Жері ұзақ, күші алдында, ӛрен жүйрік, 

Бітімі ӛзі айтып тұр жануардың. 

Келіскен кескін мынау, омыраудың 

Ӛзі айтар: қаратам,- деп,- қазақ қауымын. 

Coм аяқ, быртық бақай, болат тұяқ, 

Тасындай шұбар ала Кӛкшетаудың. 

Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ, 

Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ, 

Қоян жон, жазық жая, жауырынды, 

Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ. 

Сіңірі, жер соғарлы, аяғы тік, 

Түлкі тӛс, тазы тізе, ит жіліншік

Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық; 

Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп? 

Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық, 

He қою, не болмаса емес сұйық! 

Бұтының арасынан ел кӛшкендей, 

Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық. 

Шүйделі, шоқтығы ӛргек, шідерлігі, 

Серке сан, желмаядай тілерсегі; 

Тау желін тартса жұтқан талыс танау, 

Тынысты, кенде жатыр кеңірдегі. 

Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, 

Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ. 

Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ, 

Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ. 

Қанында шығысың мен батысың жоқ, 

Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ. 

Қашаннан қазағымның қолтумасы, 

Араптың дүлдүлінің қатысы жоқ. 

Маңғұлдың мес аты емес тұқырынған, 

Бұл таза швед, шотлан тұқымынан. 

Жануар шапса жүйрік, мінсе берік, 

Озбайды жүгіргенде жылқы мұнан. 

Сүйегі жануардың жылқыдан жат, 

Бұл емес теке-жаумет, не қазанат. 

Күйкиіп кӛзге қораш кӛрінсе де, 

Шапқанда шалдырмастай бітер қанат. 

Екпіні үй соққандай пысқырғанда, 


20 

Sauap.org 

 

Шалдырмас кӛктен құсқа, жерден аңға. 



Жықпаса жалғыз қазық жануарды, 

Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға. 

Маңдайы жарқырап тұр жануардың, 

Ашылып тұр осы аста мұның бағы. 

Кӛзімнің кӛбеймесе бүгін ағы, 

Есімнен жаңылтпаса сайтан тағы. 

Егерде шын жылқыны мен танысам

Хақ мұның қырып-жойып бәйге алмағы! 

Пәлі! Ат таныдың! 

Таптың, сӛз-ақ! 

Деп оны ӛзге қазақ етті мазақ. 

Кӛмбеде кӛрісерміз, асықпаңдар! 

Сол күні Құлагердің сӛйлер ӛзі-ақ! 

Сол күні Құлагердің айтар ӛзі-ақ, 

Қайтейін онан бері сӛзді қозғап. 

Қазақы қолдың жүйрік жылқысы осы, 

Сау емес танымаған мұны - кӛзі ақ. 

Соны айтып кете барды сол Күреңбай. 

Ақанды ортаға алып би менен бай: 

Жарқыным, жалғызбысың? 

Елің қайда? 

Деп жатыр жабырласып жӛнін сұрай. 

Еліңе сауын айттық біздер ұдай, 

Тоймадық келісіңе сенің мұндай. 

Жетелеп жалғыз атты жеке кепсің, 

Ешкімді Қырауылдан жолдас қылмай. 

«Елі емес, Кӛкшетаудың аты келді, 

He керек онан басқа?- деді Сері.- 

Құлагер қосатыным, атым - Ақан, 

Таратсын, жаршы қайда, шақыр бері!» 

Ақанның айтуымен жаршы келді, 

Ол да бір зар қақсаған арсыз еді; 

Кӛктұйғын тыйған жүйрік осы жақты, 

Берместен бес жыл бәйге келе жатты. 

Жиында неше дуан жүйрік жиған 

«Шаппай бер, бәйгемді!» деп талай айтты. 

Жар салып шауып жүріп шартарапты, 

Құлагер келгендігін жар таратты. 

Құлағы Құлагерге қанық шіркін - 


21 

Sauap.org 

 

Иесі Кӛктұйғынның ішін тартты. 



Алтайда ұрпағы бар Бегайдардың, 

Бұлар да бір биігі біткен нардың. 

Баласы Бегайдардың Батыраш бар - 

Ӛр кӛңіл, жуан кеуде, бірі аусардың. 

Атты айттық жоғарыда бір Кӛктұйғын. 

Әкелген асқа Батыраш сол жүйрігін. 

Қағатын қанаттыны ӛрен жүйрік, 

Қоймаған қырдан жылқы, бұл бір қырғын. 

Берместен келе жатқан жанға бәйге, 

Бәйге алған кейде жетім, кейде түйе. 

Сілтідей Сарыарқаны тыйған тұлпар, 

Бәйгені бұл аста да «берем» дей ме? 

Иесі Батыраш бір кеппе кеуде, 

Үр-кӛппе, томырық мінез, намыс берме; 

Осы аста сағы сынып, бағы тайса, 

Ол ӛзін дап-дайын тұр «ӛлдім» деуге. 

Шулатқан Арғын елін, Арқа халқын, 

Естіген Батыраш та Құла даңқын. 

Сатылап сұрап еді кісі салып, 

Қолына түсіруге Ақан атын. 

Жамбыға, жесір, малға шағып нарқын, 

- Болам, - деп,- құда, тамыр кӛңіл жақын. 

Қызығып Құлагерге неше жылдай, 

Жіберіп Жексенбайды қолқалайтын. 

Жүрегі жаралған ер жүйрікпенен 

Сері Ақан сұрауына илікпеген. 

Сонан соң кегін сақтап кеткен Батыраш, 

Үкілеп Кӛктұйғынын «жүйрік» деген. 

Кӛк, Құла - екі арыста жүйрік деген, 

Дәл мұндай ӛзге жерде килікпеген. 

«Келіпті Құлагер ат» дегенінде, 

Мәні сол Батыраштың күйбіктеген. 

Ӛлгенде Сағынай шал ел шулатқан, 

Кӛктұйғын сонан бері ішін тартқан. 

Сұлы жеп, сүт сіміріп мәпеленіп, 

Белдеуде осы Кӛк ат қыстай қатқан. 

Кӛктұйғын күңірентіп талай шапқан, 

Бәйге алып шапқан сайын алғыстатқан; 

Осы аста бас бәйгені оймен алып, 


22 

Sauap.org 

 

Батыраш кӛптен бері үйде жатқан. 



Ниетпен дәл осындай Кӛк ат келген, 

Қашаннан «қап!» деп азу басып жүрген. 

Құлагер Кӛкшетаудан кеп қалған соң, 

Қызғанып Батыраштың іші ӛртенген. 

Елі шет, руы жат, жалғыз елден, 

Асқа Ақан ат қосып тұр алыс жерден - 

Барлығы Батырашқа болды толғақ, 

Хауіпилеп ажалындай Құлагерден. 



 

Егес 

 

Кӛлеңке үй, күрпілдетіп саба піскен, 

Ac қандай әңгімешіл қымыз ішкен. 

Әнші Ақан әсем әнін аяған жоқ 

Жиылған дауысын сұрап мәжілістен. 

Ақ отау топырлады Ақан түскен, 

Қалың жұрт кетті кӛріп сырттан, іштен. 

Шығады Ақан даусы әнге талып, 

Безелген ғашық жармен, қыран кұспен. 

«Ой қалқа, біздің кӛңіл қайда жатыр, 

Толқыған он тӛртінші айда жатыр. 

Aт тұрса, атан тұрса кӛз салмаймын, 

Арғымақ, асыл тұқым тайда жатыр. 

Хош иісі жадыратып кӛңіл ашқан 

Ақ кұйрық, мәмілелі шайда жатыр. 

Гүл шашақ, жасыл жібек жайлауында, 

Кӛңілім ел қонбаған сайда жатыр...» 

Ән тәтті Ақан салған Арқадағы: 

«Үш тоты», «Ақ саусақ», «Ақмарқалары». 

Салғанда «Сырымбеттей» сүйікті әнін, 

Қосына жиылған жұрт тарқамады. 

Арқаның жүйрігіндей ән салады, 

Ӛрге айдап, барып-барып жалтарады. 

Түйіліп түлкі кӛрген қырандайын, 

Қылмаңдап қос қанатын қомданады. 

«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы, 

Алдымнан сен бір шыққан марал-дағы; 

Пормыңа тӛңкеріліп жайдым қанат, 

Шарықтап ақиықгай Оралдағы. 


23 

Sauap.org 

 

Ертістің құба талы секілденіп, 



Алдымнан шық майысып, бұрал-дағы. 

Қызыл гүл сен болғанда гүлбақшада, 

Біз бұлбұл күйін шерткен Ирандағы. 

Қияның қиынында тұрсаң-дағы 

Қиғаштап қанатымды қонам-дағы...» 

Асырған айғай әнін алты қырдан 

Әкесі асқақ әннің әнші Біржан, 

Ақандай майда кӛмей, нәзік емес, 

Құлақгы Біржан ащы әнмен қырған. 

«Үш тоты», «Кӛкшетауым», «Ахау, арман», 

«Жайдарман», «Жайма қоңыр», «Кер Қашаған», 

«Ой, ерке», «Мейлің-мейлің» дегендердің 

Бәрі де - Ақан баптап салатын ән. 

Бақырмай, домбыраны кӛкке бұлғап, 

Аққудай әсем дауыс - үн сыңғырлап; 

Қышуын жаныңыздың майда қасып, 

Тербетер жан кӛңілін биязы ырғақ. 

Кӛкшеден құйылғандай бір бал бұлақ, 

Тәтті әнге халық қанды, ел сусындап. 

Соққандай жаздың желі Арқа жақта, 

Елжіреп жүрек әнге, жусап құлақ. 

Әндермен әсем-әсем Ақан серің 

Қаратты ауызына астың елін; 

Ӛлеңге сұлулықты қосты талай: 

«Ақмарқа», «Ардагерім», «Тастүлегім». 

Деп: «Әні тым тәтті екен тӛменгі елдің!» 

Ұмытты ӛзге әншілер ӛз әндерін. 

Машықтап Ақан әнге қосып отыр 

Ӛзінің айтып жүрген ӛлеңдерін. 

«Торыны талға байлап мінген қандай? 

Үкілеп, әсемдетіп жүрген қандай? 

Тұсынан қызды ауылдан ән шырқатып, 

Қалқаңа құрып жүрген сүлдер қандай?! 

Сӛз салып қалқа жанға жеңгесінен

Кұрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай? 

Ишарат, әзілменен сӛз қатысып, 

Қыз сырын жеңгесінен білген қандай? 

Сыланып сал торыны мінген қандай? 

Сай құлдап, жарды күтіп жүрген қандай? 


24 

Sauap.org 

 

Бір сайға торышаны байлап тастап, 



Артына ақбоз үйдің келген қандай? 

Алаңдап, алабұртып тұрғаныңда 

Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай... 

Қалқашың қосылғанда атқан таңдай, 

Кӛңілің шалықтаған шаттанғандай!.. 

Жамылып екеу-ара бір кӛрпені, 

Бастасып тар тӛсекте жатқан қандай? 

Сол жерде айтылмаған сыр қалар ма, 

Мысалы, абдыра ашып ақтарғандай. 

Ақырын үйден шығып таң алдында, 

Байлаулы тор құнанды тапқан қандай? 

Шылбырын сал торының қызға ұстатып, 

Шапқаны ерге қағып атқан қандай! 

Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар, 

Қасынан қалқа жанның аттанғандай! 

Ауылыңа ӛлеңдетіп сен қайтасың, 

Бәйгеден атың келіп мақтанғандай...» 

«Ақ шашақ», «Жайма шуақ», «Кербез керім»- 

Ақанның асты ұйытты осы әндері. 

Әсем тау, ат қызығы, ашық оты, 

Ән болып қыран құстың қу ілгені. 

Соққандай Сырымбеттің салқын желі, 

Отырды думан қылып, шалқып Сері. 

Жат елдің жаңа әніне соңырқасып, 

Отырды «Ой, пәле-айлап» астың елі. 

Қызықтап Ақан салып әр түрлі әнге, 

Мәжіліс боп отырды, елге әңгіме. 

Ән тоқтап, Ақан сӛзге айналғанда, 

Ауысты жұрт аңызы Құлагерге. 

-Қуанып қалдық сіздің ат келгенге, 

Құланы даңқы шыққан ап келгенге. 

Атыңыз бұрын кездеспеген шығар 

Алтайда алғыр тұйғын Кӛкпенен де? 

-Кӛктұйғын кӛптің алдын бермей-ақ тұр, 

Ӛзге мал онан озып келмей-ақ тұр; 

Шаптырмай жиын сайын бәйге сұрап, 

Бақ-талай Батыраш та, ерлеп-ақ тұр. 

Ырысы жануардың таймай-ақ, тұр, 

Батыраш аруақты ӛрге айдап-ақ тұр. 


25 

Sauap.org 

 

Алдына әлі күнге жылқы салмай, 



Бақытын бар жүйріктің байлап-ақ тұр. 

Ат шапса ішімізде, сыртымызда, 

Кӛктұйғын жеткізбей тұр жылқымызға. 

«Бас бәйге Батыраштың сыбағасы»,- 

Деп тегіс қойды ұйғарып жұртымыз да... 

Естігем бұрын даңқын Кӛк неменің, 

«Алтайдың жүйрігі онан жоқ»,- дегенін. 

Жолықпай иесіне жүрген болса, 

Осы жол Кӛк шолақты бӛктеремін! 

Ақанның осылай деп ектегенін, 

«Құламнан озар жылқы жоқ»,- дегенін 

Жеткізді Батырашқа бір қу ауыз, 

«Құлаға бӛктерілер Кӛк»,- дегенін. 

Есітіп, Батыраш боп бұлан-талқан, 

Кӛкжалды қысып кетті ашу, сайтан. 

Тепсініп ақ отауға келді кіріп, 

Жиған жоқ аяғын да жатқан Ақан. 

Қылған жоқ қорқауыңнан қауіп, қайқаң; 

Дауысы Батыраштың шықты қатаң. 

Қамшысын бүктеп шарта жүгініп шал, 

Ақанға сӛзі мынау сондағы айтқан: 

Қаңғырып Қарауылдан асқа кепсің, 

«Осы аста абұйырым басқа»,- депсің. 

Ӛзіңе ӛз аузыңмен бәйге әперіп, 

«Атыңды ӛзгелерің қоспа!»- депсің. 

Атаң аз, Алтайымнан қалай кӛпсің? 

Алдымнан бәйгемді алып кӛрген жоқсың. 

Сорпасы Сағынайдың бу болды ма, 

«Алтайдан озамын!»- деп, ...жепсің. 

Алтайда мен ақиық ұшқан қонбай

Қараңды кӛре алмайтын сендей торғай. 

«Бӛктерем Батыраштың Кӛк атын!»- деп, 

Оттапсың аузыңа ие болмай. 

Қарауыл, қайрат қашан бітті мұндай? 

Басуым кӛңіліңді тіпті оңай! 

Тӛренің атын ерттеп ӛскен ел ең, 

Ӛзіңе ат бітіпті-ау, байғұсым-ай! 

Ақанға батып кетіп шалдың сӛзі, 

Аңырып алғашқыда қалды да ӛзі; 


26 

Sauap.org 

 

У тілмен алды шалды шағып-шағып, 



Шaп берме, оның-дағы от мінезі: 

- Әңгүдік, әкірең қаққан, албыт сӛзді, 

... кӛк ешкінің жыртық кезді, 

Алтайдың кӛр жынындай бақылдаған, 

Кӛк сақал, азбансынған, бұл кім ӛзі? 

Ат біткен Құлагердей Ақанына 

Ол дайын Кӛкті жерге тақауына. 

Бәйгеден басы-кӛзін су қып озбай, 

Ат сенің қарай ма екен сақалыңа?! 

Би болсаң, би шығарсың Алтайыңа, 

Тілімді, терезем тең, тартайын ба?! 

Кӛгіңді бектермесем атым сенікі, 

Шапса да әкең мініп байталына! 

Тұтқыштай ӛңі күйіп қап-қара боп, 

Батыраш басқа сӛзді баптаған жоқ. 

«Батырып Батырашқа жіберді-ау»,- деп, 

Тым-тырыс үндемеді тыңдаған топ. 

Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ, 

Жүрегін жолбарыстан айнытқан жоқ. 

«Жат елде жалғыз жүрмін»,- деп именіп, 

Болар деп түбін қалай қайғырған жоқ. 

Жұрт сӛзді онан әрі жаңғыртқан жоқ, 

Қаңқулап, қағажулап, қағытқан жоқ. 

Насырға шабатынын біліп жиын, 

Шаппаған бәйге басын ауыртқан жоқ. 

Кӛгеріп Батыраш шал басы қалтақ- 

Қалтақтап жан-жағына етіп жалтақ; 

Біле алмай не қыларын үйден шықты, 

Халық та кетіп жатты үйден тарқап. 

Жүйріктей жиын жарған қағып жайтақ, 

Таңғалтып ән, атымен елді байтақ; 

«Ауылым қонған Сырымбет саласына!» 

Деп Ақан ән caп жатты басты шайқап. 

 

Көмбе 

 

Тауысып кӛл қымызды, таудай етті, 

Heшe күн Ереймен тау етке бӛкті. 

Күтіліп келген мейман тойынған соң, 



27 

Sauap.org 

 

Ат шауып, бәйге үлесер мезгіл жетті. 



Шаң басып қотарылған жер мен кӛкті, 

Арқаның елі тегіс ат ерттеді. 

Қарақшы қалай қарай тартатынын 

Хабар қып жаршылар да шауып кетті: 

«Ай, әлеумет, жарандар, 

Асқа жиын адамдар! 

Жарға құлақ салыңыз

Бірің қалмай, бәріңіз 

Айтқанымды біліңіз, 

Атқа тегіс мініңіз! 

Тарап кетті табақшы, 

Солай қарай жүріңіз! 

«Кӛмбе қайда? - десеңіз, 

Кӛзді салып кӛрсеңіз: 

Ӛркеш-ӛркеш кӛрінген, 

Орғылап су тӛгілген, 

Балдырғаны білектей, 

Балаусасы жібектей, 

Бүлдіргені кӛнектей, 

Ерейменнің тауында, 

Егізқызыл баурында, 

Жоламанның қасында, 

Жыландының басында, 

Кӛк жайдақтың шенінде, 

Боз ойнақтың белінде, 

Қайындының дӛңінде, 

Қарақұсақ кӛлінде, 

Сонда бәйге тӛбеге 

Жиыласыз кӛмбеге! 

Халқым, солай жүресіз, 

Қарақшыға ересіз. 

Тоғыз дуан тоғысқан, 

Сегіз дуан бас қосқан 

Сердебені кӛресіз!» 

Жаршылар осылайша кетті сарнап, 

Бәйгенің болар жерін жұртқа жарлап. 

Қара жер қайысқандай қалың жиын, 

Қыбырлап құмырсқадай жүрді қаулап. 

Лек-лек топ, ағытылды адам аңдап, 


28 

Sauap.org 

 

Теңіздей толқын жанға толды жан-жақ. 



Тұяқтан түтін болып жер менен кӛк, 

Бауырын Ерейменнің басты шаңдақ. 

Ұқсаған ен тоғайдың ағашына, 

Мол жиын таудың сайы, саласында. 

Түлкілер тұйықталып қолға түсті, 

Кісінің қалды қоян арасында. 

Адамның кӛз жеткісіз қарасына, 

Дегендей исі қазақ бәрі осында. 

Жауғандай Ерейменге жаңбыр кісі, 

Қусақтың тарпы тура жағасына. 

Әр түсті ат, алуан кісі мінуі де, 

Халықтың жазғы шӛптей киімі де, 

Бейне бір шегірткенің қонуындай, 

Қусақтың жұрт жиылды биігіне. 

Әркім-ақ әлем байлап жүйрігіне, 

Құйрығын сәйгүліктің түйді, міне. 

Жапсар ел жақын, кӛңіл тілектес боп, 

«Бәйгелі болсын!»- деп жүр бір-біріне. 

Шықты шаң, басты тұман Жыланды жақ, 

Сол шаңнан шығып жатыр ат қылмаңдап. 

Тұмарлап, үкілеген ӛңшең жүйрік, 

Жиылды жұрт алдына сүмбе сандақ. 

Жүргендер жұрттан озып, топтан таңдап, 

Жараған жыл ӛмірге осы асқа арнап. 

Алдырып жеті сайын желіктерін, 

Қатқандар бірі - қамшы, бірі - қармақ. 

Сақа аттар, cap кідірлер, сары тісті, 

Дәмелі дӛнен де бар, жүйрік бесті. 

Құсындай қырдың ӛңшең ап-ала боп, 

Жүйріктер жұртты үңілтіп кӛзге түсті. 

Ат саны барған сайын бірден ӛсті, 

Атқа еріп, тамашалап халық кӛшті. 

Аттарды жазып-сызып терешілер 

Санақшы санын бір мың үш жүз десті. 

Пәленше-түгеншеден озып бақсақ; 

«Осы асты кӛптен күтіп деген - шапсақ, 

Жүргенше жеке-жеке жүйрік болып, 

Арыстың асында бір бақ сынатсақ...»- 

Деген ой бәрінде де болып мақсат, 


29 

Sauap.org 

 

Жиылды қазақтағы ӛңшең жақсы ат; 



Қашаннан қарлығаштай жаршы міскін, 

Қызғыштай қалың топқа жүрді қақсап: 

«Кӛр, әлеумет, жарандар! 

Кӛмбедегі адамдар, 

Маған құлақ тігіңдер, 

Келген атты біліңдер! 

Айтайын қайсыбіріңді, 

Жиылды жүйрік, жиылды! 

Ойың менен қырыңды 

Жиған асқа бүгінгі 

Кімдер келмей қалысқан, 

Аяқ жетпес алыстан

Құлақ жетпес дабыстан. 

Жиылды осы кӛмбеге, 

Шапқалы түр бәйгеге 

Бӛкен санды бурылдар, 

Шапса мыңнан суырылар. 

Жылқы малдың жүйрігі, 

Серке санды Құла бар; 

Қозыбайдың дүлдүлі 

Серпінді Кек бұ да бар, 

Қайсыбірін айтайын 

Шапса желдей зулатқан, 

Шудың бойын шулатқан, 

Меруерт жалдас Ақсұр бар. 

Сырдың бойын сілтідей 

Тыйып түрген Қызқара, 

Осы жолы бақ сынар. 

Қайсыбірін айтайын, 

Бәйге бермес ұдайы 

Ұлытаудың Құбайы; 

Қашағанның құдайы 

Қаратаудың Құмайы, 

Қыпшақтың Ақбақайы, 

Қырғыздьң кӛктопайы, 

Ақдиатаудың Аласы, 

Кӛкшетаудың Құласы, 

Ертістен Елік-құбақан, 

Есілдің Қасқабұласы, 


30 

Sauap.org 

 

Айтайын қайсыбіріңді; 



Жиылды жұрт, жиылды, 

Аралдың Алаүйрегі, 

Жарылқаптың Жирені, 

Балқаштың бейпіл Бӛртесі, 

Семеңдің Сүрсеркесі, 

Тӛстен түлкі қоймаған 

Тобықтының тұйғыны - 

Жамбылторы осында, 

Жауғашардың жүйрігі. 

Қайсыбірін айтайын. 

Алатаудың басынан 

Ақ-қанат Кер келіп тұр 

Аузымен құс тістеген; 

Жалғыз қазық жықпаса, 

Жылқы озбайтын құспенен. 

Шапса екпіні дауылдай, 

Ала кӛйлек арудай 

Сыпыра басып, сылаңдап, 

Кӛкала жүр бұлаңдап. 

Қайсыбірін айтайын 

Алуан-алуан күліктің. 

Асқан-асқан жүйріктің. 

Қосылып тұр отыз боз, 

Жиырма жирен, қырық қара; 

Кердің ӛзі екі жүз, 

Тағы, тағы тағы да, 

Таласып тұр бағына: 

Тоқсан торы, жетпіс кӛк; 

Ала, құла саны жоқ...» 

Осындай хабарымен топқа соғып, 

Жаршы жүр жағы тынбай бәйек болып. 

Жиын жұрт жүйріктерді тамашалап, 

Аттардың алды-артына кетті толып. 

Әр жақтың саңлақтарын сұрап, кӛріп, 

Дүрілдеп ұмтылып жүр соңына еріп. 

Кеңесіп, керілдесіп, кеулеседі - 

Қой, қозы жамырасқан секілденіп. 

 

 


31 

Sauap.org 

 

Ат айдау 

 

Ақан да алып шықты Құлагерін, 

Салпитып саптыаяқтай тӛменгі ернін. 

Жай тастап тӛрт аяғын келді тұлпар, 

Оңаша жұрттан аулақ тұрды Серің. 

Талтайтып жимай тастап тілерсегің, 

Салпитып тұрды Құла үлпіршегін. 

Күреңбай Ақанға кеп сӛз айтады: 

Аласын астың алдын, Ақан серім! 

Құлаң бір дүлдүл екен, жануар-ай! 

Жүйрікке қолы жеткен жарығандай, 

Саған да ішім ырза, жолың болсын, 

Жылқыны жігітімсің танығандай... 

Күткен бір атым еді күнінен тай, 

Жолдасым осы ат менің неше жылдай... 

Ендеше бас бәйгені алып тұрсың! 

Айтқаның келсін, сыншым, аузыңа май! 

Батыраш танушы еді бұл да малды. 

Құлагер Кӛк атқа ажал сықылданды. 

Алғаш-ақ Құлагерді кӛрген күні 

Ауырып, ұйқы кӛрмей ыңқылдады. 

Кӛмбеде Құлагерге тағы барды, 

Шықты да алды-артына кӛзін салды: 

«Арқаның албастысы бұл шығар»,- деп, 

Ішінен Құлагерден қауіптенді. 

Батыраш бала жастан атқа құмар. 

Айқайшыл ат әперген баққа құмар. 

Арам ой, ата намыс ұр-шоқпары, 

Кір кӛңіл, сарайының батпағы бар. 

«Осы ма даңқы шыққан Құла тұлпар? 

Сүйегі бӛлек екен, сұмдық шығар! 

Арқаның алдын алған Кӛктұйғынның 

Алатын әзірейілі осы шығар. 

Жануар бітісің де ерек екен! 

Сүйегің алқа-салқа бӛлек екен! 

Кӛргем жоқ кӛріп жүріп мұндай атты, 

Жүгірсе шаба ма екен, желе ме екен? 

Бұл кәпір жылқы ма екен, немене екен? 

Осы аста алдымен-ақ келе ме екен? 


32 

Sauap.org 

 

Алдына ат салмаған Кӛктұйғынға 



Бір пәле Кӛкшетаудан келген екен! 

Жылқыдай селт етпейді, не мінезі? 

Жай, салаң, мінезі ме - бойкүйезі? 

Естуші ем сұмырайдың сырттан даңқын, 

Жайлы емес, не қылса да келген кезі. 

Отты екен жануардың екі кӛзі! 

Перінің пырағы ма мұның ӛзі?» 

Түтігіп, қап-қара боп тұрды Батыраш 

Жалғыз-ақ «Қап! Қап!» болып айтқан сӛзі. 

Осылай айтпағанмен ішінен сыр, 

Томсарып Батыраш кеп толғатып тұр. 

Кек қайнап, ыза кернеп, жауыққандай, 

Қалып тұр қаны қашып, сүлдесі құр. 

Шетсіз кӛп шегіртке жан қыбыр-қыбыр, 

Уда-шу, айқай-сүрең, ыбыр-жыбыр. 

Аттырып Ақан атын оқты кӛзге 

Тұрғанын білсін қайдан ажал құрғыр. 

He қылсын, Ақан оған қарасын ба? 

Жау, мейлі, жүре берер жар астында. 

Тұмарын Құлагердің шешіп алып, 

Сипап тұр аясы мен жаясын да. 

Қызыл шыт тартып беріп баласына, 

Кӛп аттың қоя берді арасына: 

- «Алдыңа бір-екі-ақ ат салып отыр, 

Келгенше сонау жердің шамасына. 

Бұл айдау - қырғын жорық, байқап отыр, 

Барғанша бұлаң құйрық, шайқап отыр; 

Жел жақта шаң қаптырма, ұрма, қалқам! 

Тек қана тізгін қағып жайқа да отыр. 

Қайтарда тізгініңді тежеп отыр, 

Тақымды қамшы салмай безеп отыр. 

Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба, 

Тек қана бір мӛлшерді кӛзде де отыр. 

Кӛрдің бе, сонау жатқан кӛк ӛзекті? 

Ӛткенде сол ӛзектен салшы тепкі; 

Қоя бер басын сонда, қарғатайым! 

Ӛзі алар онан кейін қалған бетті. 

Ал, күнім, сен де жӛнел, аттар кетті, 

Шаң басты, жел жаққа тарт, жер мен кӛкті; 


33 

Sauap.org 

 

Ажырап мен сендерден қалдым жалғыз, 



Алла ӛзің аман келтір екі ермекті!» 

Қалың ат, кӛп баланың арасында, 

Құшақтап Ақан сүйді баласын да. 

«Қош, аман келгеніңше күтемін»,- деп, 

Мойнынан құшақтады Құласын да. 

Алуан ат - торы осында, қара осында, 

He сандақ, сәйгүліктің бәрі осында. 

Күңірентіп, кең даланы дүбірлетіп, 

Тӛгілді ат Ерейменнің саласына. 

Екі атты екі айдаушы мінген жайлап, 

Аттарды дүркіретіп жӛнелді айдап. 

«Дау-дамай ат келгенде айрылсын»,- деп, 

Тӛреші келер жолға қойды сайлап. 

Сүзілген құйрық, жалы ӛңшең жайдақ, 

Балалар бәйшешектей шыттар байлап; 

Бәйгеде бәсекемен бақ сынасқан 

Қалың ат кӛлді айнала кетті қайнап. 

Атқа еріп ел тӛгіліп алыс кетті 

«Қайт!», «Қайттап» елге әңгірлеп шабар 

Кӛруге ат қайтқанша ӛзге ойынды 

Теңіз топ толқып, қалғып, бұрды бетті. 

Шулатып, маңыратып қойдай кӛпті, 

Қасына қарақшының айдап жетті. 

«Ел түссін, енді балуан болады»,- деп, 

Кәрі ояз тор қасқалы арс-ұрс етті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет