Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#8842
түріПоэма
1   2   3   4

 

Балуан бәйге 

 

Құжынап құмырсқадай сала-сала, 



Мұнда жоқ қатын-қалаш, бала-шаға. 

Ояздың тәртібімен иірілді жұрт, 

Бодан ел, «тақсырлаған», жақ аша ма? 

Шытырлап ат байланды қалмақшаға, 

Жӛңкіліп жаяу халық келді ортаға. 

Балуанды түсетұғын тағы жарлап, 

Жаршылар жағы сембей жүр қақсауда. 

Алапқа алқа-қотан отырды жан

Жері жоқ ине шаншар, адам тұрған. 

Жаяулап тай шаптырып жерге келді, 



34 

Sauap.org 

 

Алыста аттар қалды байластырған. 



Ояздың тәртіп қылып айтуынан, 

Басқарып кісі шықты ата ұлынан. 

Кӛк дӛңге дүрбі салып ояз отыр, 

Басына кӛлеңкелеп шатыр құрған. 

Кең жазық, майса кӛгал ортасында, 

Жиылды жұрт Қусақтың жотасына. 

Күреске кең ашықты сайлады жұрт, 

Арналған алыптарға айқасуға. 

Ұқсаған жазды күнгі жауқазынға, 

Тізілді ел Ерейменнің алқасына; 

Алысып Арғын, Найман күш сынасып, 

Атты айдап, азаматпен шайқасуға. 

Даурығып қарсы жақ та қобырасты, 

Балуанын шешіндіріп дабырасты. 

«Тез шығар, Балуаныңды!»- деген дауыс 

Атойлап, қыр кӛрсетіп, жамырасты. 

Ауылда едіреңдеген қымыз масты 

Сескентіп мынау думан кӛңілін басты. 

Кей балуан кісі ӛлгендей жер шұқылап, 

Жүрегі жігіттердің үрке қашты. 

Балуаны шешінген жақ дікең қақты, 

«Кісіңді шығар! Шығар!» - деп-ақ бақгы. 

Шыдамай шешінуге нелер балуан, 

Самай тер шекелерден шып-шып ақты. 

Аттатып, атандайын алшаңдатып, 

Ақситып бір балуанды арсаңдатып, 

Аруақтап жетелеген бір қараның 

Ноқтасын сыпырды әкеп, талтаңдатып. 

Кӛргенде мұны халық қалды қатып, 

«Мынаған шыға алмас, - деп, - ешкім батып!» 

Қораға түскен жалғыз жолбарыстай, 

Ол тұрды, кӛрген кӛзді таңырқатып. 

Бұл асқан алып еді, мықты қара, 

Талқандап таудай дәуді жықты қара. 

Шошытып бар жігітке мысық болып, 

Тышқан қып іннен інге тықты қара. 

Бура сан, бұқа мойын, түкті қара, 

Күмбездей кӛрінеді күпті қара, 

Борбаңдап жолбарыстай жонын беріп, 


35 

Sauap.org 

 

Майданға бір тізелеп шӛкті қара. 



Алдырмас тірі жанға алып, берік, 

Шошынды бұл қарадан халық кӛріп. 

Біледі алуан түрлі әдісті де, 

Ӛткізген талай күрес, талай цирк. 

Боз шолақ мінген жаршы және келіп, 

Балуанды баяндады сӛзге теріп. 

Тыңдасты астың халқы құлақ қойып, 

Бір-бірін басып, жаншып, ентеленіп. 

- Мынау, мынау, мынау ер! 

- Піл сүйекті, бұлан ер, 

Арыстандай айбынды ер, 

Жолбарыстай жуан ер. 

Ертістің бойын сіліккен ер, 

Еділдің бойы үріккен ер. 

Ірбіт, Алтай, Мекерже, 

Жәрмеңкеде шыққан ер. 

Алатаудың алыбын 

Алып жерге соққан ер. 

Қаратаудың алыбын 

Қағып жерге тыққан ер. 

Аюбайдың асында, 

Онда он алты жасыңда, 

Атаң жыққан алыпты 

Апжыландай жұтқан ер. 

Бұқа мойын, бура сан, 

Бұғалық бермес шу асау, 

Талайлар қорқып бұққан ер. 

He нәндерді бӛріктей 

Қағып сілкіп циркті, 

Қалаларды құртқан ер. 

Алды-артына бірдей ер, 

Алысқанға дүрдей ер. 

Адамзатқа сырттан ер, 

Қолы құрыш қорғасын, 

Алысқаның оңбайсың, 

Алып жерге тыққан ер. 

Алысқанның кӛк етін 

Сықпа құрттай сыққан ер. 

Айқасқанның терісін 


36 

Sauap.org 

 

Шаранадай жыртқан ер. 



Әзіреті Әлінің 

Әдіс күшін тұтқан ер. 

Жаршының бұл айтқаны бекер де емес, 

Осылай етіп отыр кӛп те кеңес. 

Адамның бурасына адам батып 

Батылдық күресуге етер де емес. 

Жаршының жырлағаны жалған да емес, 

Шыны сол, ӛтіріктен зарлау да емес. 

Кӛңкек тес, кең жауырын, үңгір қара - 

Ӛзге жан бұл тұрғанда балуан да емес. 

Келіп еді осы қара әлдеқайдан, 

Күресті қуған жігіт кішкентайдан. 

Қаланы жығып, қырды ағалаған 

Бір асқан алып еді заты Найман. 

Ac беріп алты арысқа даңқын жайған 

Тауып ед бауырды бұл Сағынайдан. 

Жатыр ед күшін әдейі кӛрсеткелі, 

Керейде қонақ болып бір-екі айдан. 

Шығатын зор қараға бір жан болмай, 

Жігіттер қоян болды, жүрек қалмай. 

Сібірдің цирктерін сілкіп шыққан 

Осыны алып отыр ояз қолдай. 

Қаратау кӛрген емес зорды мұндай, 

Жетісу кісі таппай болды жымдай. 

Балық боп Арал, Балқаш ауызын ашты

Хауып қып қорғалады Семей, Торғай. 

Қарсы жақ кісі таппай болды жүдеу, 

Кек темір болды жасып алмас егеу. 

Салбырап бетмоншағы балуандардың, 

Теп-тегіс тӛмен қарап - болды күйеу. 

Бітік кӛз, үрпек сары, дӛмбелшелеу 

Шешініп қарсы жақтан шықты біреу. 

Қораштау кӛрер кӛзге, балуан дерге, 

Аруақтап Оқас жағы қылды тілеу. 

Атағы бұл сарының балуан Жақып, 

Шыңыраудан түйе тартып алған Жақып. 

Әдісқой, алысқанда дӛңгеленіп, 

Топтарды талай жығып, жарған Жақып. 

Асына Абақ, Керей барған Жақып, 


37 

Sauap.org 

 

Онда да бас бәйгені алған Жақып. 



Мойынын қашағанның үзген талай, 

Дейтұғын Баянауыл Таутан Жақып. 

Бұл Жақып әлде жалшы, әлде малшы, 

Болмаса Оқасқа ерген бір итаршы. 

Жүректі, кім болса да күшті жігіт, 

Сияқты би қолында жезді қамшы. 

Жеп-жеңіл қаршығадай, сары шаршы, 

Әйелмен, үлкен дәуге жүрді қарсы. 

Айнала кӛптің алдын қыдырыстап, 

Безектеп таныстырды тағы жаршы: 

- Мынау, мынау, мынауым, 

Сексеуілден бұрауым. 

Алысқанда шақ келмес 

Алыбың мен дырауың. 

Түсті Арғынның тобынан, 

Құтылу жоқ қолынан. 

Албастысы алыптың, 

Әз-әзілі әдістің. 

Шоршыған да, ыршыған, 

Шегіртке сары, оқ жылан. 

Бӛденелер бӛріктей 

Қаққанынан соғылған. 

Азулысы алыптың 

Ашуланса тістеген; 

Айласына кӛз жетпес, 

Астына жанның түспеген. 

Салған жерден сырттаған, 

Еш пендеден ықпаған. 

Тиген жерден тіктеген 

Бұғалыктап толғаса, 

Қашағанды бүктеген. 

Ығына келіп қалғанда 

Ықтыжарды күтпеген. 

Шалуға адам сайтаны, 

Шапшыған да шоршыған 

Шалқар кӛлдің шортаны; 

Сең соққандай сілкінді. 

Балуанға түскенде 

Балықтайын бұлқынды; 


38 

Sauap.org 

 

Ұстау қиын шіркінді. 



Басым күшті, ер жүрек, 

Балуандардың әкесі, 

Таудың тарғыл текесі - 

Секірсе сексен қадамға

Ұстатпайтын адамға. 

Қарсы алдына келгенде 

Қақпандайын серперлі; 

Жан жыққан жоқ ӛрт ерді. 

Алыптарды аударды, 

Еңгезерді еңсерді. 

Келсап-келсап білектің 

Талайын талай тӛңкерді; 

Алысса бура шӛккені. 

Адуын алып кӛк бӛрі, 

Арыста талай бәйге алып, 

Айқасты талай кӛп кӛрді. 

Айқайда талай түсе қап, 

Асқынғанды бӛктерді. 

Аптықты талай басқындап, 

Алыста талай бӛксерді. 

Айтып-айтпай немене, 

Аңсағанға сусаған, 

Алысуға дӛп келді. 

 

Күрес 



 

Құз қара тұра келді алас ұрып, 

Сарыны қорапсынып, баласынып. 

Тап берді қара қабан capы мысыққа, 

Байғұсқа болды тым-ақ жан ашырлық. 

Ышқынтып сыбызғыны, дабылды ұрып, 

Екеуін қоя берді шабындырып; 

Алысты арс-үрс етіп екі арыстан 

Таласты, бірін-бірі алып, жұлып. 

Сарыны ешіктіре, жауықгыра, 

Арсаңдап омыраулады алып қара; 

Түспеді ол допша қарғып, мысықша ырғып, 

Дегендей «Күшің болса алып қара!» 

Ол-дағы ӛз әлінше алып қана, 



39 

Sauap.org 

 

Әркімді жығып жүрген шалып қана. 



Бұлтылдап жыққан жерде жатпайтұғын, 

Басқаға бастырмайтын балық бала. 

Желкілдеп қара сақал шудадайын, 

Бұлқынды алып қара бурадайын. 

Шабынды қаңтардағы күйі түсіп, 

Дегендей «Алып соғып, жұлмалайын». 

Бұлқынды шайнастырған бурадайын, 

Жұлқынды жұтпақшы боп суда жайын. 

Тасындай тиірменнің тастасып жүр, 

Қарысып кұшақтары барған сайын. 

Сияқты бірі жуан, бірі жұқа, 

Ӛкіріп сүзісіп жүр екі бұқа. 

Таласты ел алдында екі арыстан, 

Алысып, арс-ұрс етіп сілке, жұлқа. 

Сарыны сол жағына алып қымқа, 

Қайқайтып қара балуан шалды қырқа. 

Жата ма, серке сары, кетті шоршып, 

Жерді шаң, езін қан қып, етін жырта. 

Жейдедей жалаңаш ет жыртылуда, 

Сүйтсе де, ол, ойланып жүр ұмтылуға. 

Сіресіп оң жағына қырындайды, 

Арқалап, қырына алып, жерге ұруға. 

Жақыптың жатыр күші оң жағында 

Оңбайды түскен адам ол жағына. 

Иыққа «Ап!» дегенде алып қалды. 

Сықырлап азар алды қол, қабырға. 

Айласын балуан Жақып қылып қалды. 

Ӛңкиіп ӛгіз қара мініп қалды. 

Дӛңгелек айналдырып, сереңдетіп, 

Жерге алып ноқталыны ұрып қалды. 

Ду етіп Арғын жағы күліп қалды. 

Аңырып Найман жағы тұрып қалды. 

Аруақтап, әулекілер айғай салып, 

Қорқақтар қояндайын бұғып қалды. 

Күрс етіп жүнді қара жерге түсті, 

Үстіне балуан сары міне түсті. 

Бастырмай тізесімен қақты қара, 

Алып қой, бӛрі басар ол да күшті. 

Екі айғыр бір-біріне салды тісті, 


40 

Sauap.org 

 

Қараның кӛрінеді алды күшті. 



Таласты тамашаға қос құтырған, 

Мәз қылып қырдағы үлкен мәжілісті. 

Аударып және Жақып, және басты, 

Допша атып бірін-бірі домаласты. 

Лақтырып бірін-бірі бӛрікше атып, 

Екеуі жығыса алмай, қайта ұстасты. 

Ұстатты аяқтары басқан тасты, 

Кӛк қырқа жұлмаланып, шаңдақ басты. 

Қопақтап отыра алмай қойдай шулап, 

Екі жақ «А, құдайлап», аруақтасты. 

Сарыны қара кӛкпар ылақ қылды, 

Ұршықтай үйіргенде ылақтырды. 

Екеуі ӛлерменге жеткен кезде, 

«Айыр!» деп, халыққа, ояз жұбап қылды. 

Арғын жақ «Жығылды!» деп, шулап тұрды, 

Найман жақ «Жыққан жоқ!» деп, жанжал қылды. 

Сірескен шайнасумен екі арланды, 

Кӛреші кісілер кеп екі айырды. 

Баян жақ«Бәйге бер!» деп келді оязға; 

«Бәйгесін, кім жыққанын жаз қағазға!» 

Керей жақ бергізбестен кетті кернеп: 

«Итжығыс! Мынаның да жыққаны аз ба?» 

Тимеді сүйтіп бәйге Оқас тазға, 

Оларға күш қыларлық қайда оязға! 

Болмады ояздікі елге бітім, 

Мұндайда әңгірлейтін әулекі аз ба? 

«Жықты, - деп желіккен жақ , - біздің қара!» 

Болмады омыраулап жанжал қыла. 

Бәйгені - біздікі, - деп тұрып алды, 

«Түсті, - деп, - алғаш жерге сары бала!» 

Қоймады «Күресем» деп жүнді қара, 

Аусарлау әугіп, даңғой, жынды қара. 

«Дәл жықпай, даулы бәйгені алмаймын» деп 

Байлауды бітпес дауға қылды қара. 

Жақыптың жағы жатыр «күреспе!» деп, 

«Жетеді осы абұйыр, тіреспе!» деп. 

«О да олжа бас бәйгені бӛліп берсе, 

Бұл қара асқан алып, сырдесте»,- деп. 

«Екеуін тағы, тақсыр, күрестір» деп, 


41 

Sauap.org 

 

Ояздан Оқас, Шабдан қылды тілек. 



«Ӛздерің білесіңдер!» деп ояз отыр, 

Болды жұрт қайта екеуін күрестірмек. 

Екідай болып тұрды елдің жағы, 

«Шық! Шық!»- деп жүнді қара шабынады. 

«Шықпалап» Баян жағы бәйек боп жүр,- 

«Абұйыр осы жолы қағылады». 

«Шық!» деген ер қорлыққа намыстанды, 

Шешінді нeгe сары алысқалы; 

Жаманат қорықты деген, қорлық, сірә, 

Күреспей қайда қояр жабысқанды?! 

- «Шығамын, нар тәуекел, тағы барам, 

Жықсам алам, жықпасам тағы қалам. 

Болмастан ӛкіректеп ол тұрғанда, 

Сесімді кӛрсетейін мен де бәлем. 

Мен де адам, расында ол-дағы адам, 

Бір-бір қой шешемізді қалжалаған. 

«Шығар!» деп дәу қараның дікектеуі 

Тимейді тіпті жеңіл ол да маған...» 

Халқыңның сырын ӛзің білесің де, 

Ісіне күйесің де, күлесің де; 

Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп, 

Әйтеуір сол халықты сүйесің де. 

Созылған сӛз құйылды жүйесіне, 

Байланды тағы қайта күресуге. 

«Ананы еркек болса алып кел!» деп, 

Отырды жүнді қара жүресінде. 

Тап берді теріс азу бір-біріне, 

Бұқадай сүзгіледі жүнді, міне; 

Сарт етіп нeгe сары іштен шалып, 

Қаршыға қазды қағып ілді, міне. 

Сарының қаршығадай ілуіне, 

Аруақтап Баян жақтың күлуіне, 

Қараны қайыстырып бұрағанда, 

Күрт етті... бір гәп болды жілігіне... 

Сылқ етіп жүнді қара жерге түсті, 

Үстіне тұйғын сары міне түсті; 

Шегіртке атып кетті бастан ыршып, 

Жүндіге жан жабырлап жүгірісті. 

Осыған екідай боп елеуресті, 


42 

Sauap.org 

 

Үйткені етке тойып, қымыз ішті. 



Құтыртып қораздайын қырқыстырып, 

Дағдырын қос аусардың сүйтіп шешті. 

Ыңыранып жүнді жатыр ӛкпе соғып, 

Сермеліп екі қолы, жанын қорып. 

Бұралып қалған екен сол аяғы, 

Сыныпты жіліншігі күл-күл болып. 

Оқас тұр шоқтығы асып, жеңген болып, 

Ояз тұр үңірейіп шылым сорып; 

Сӛйлейді біреу аяп, біреу қажап, 

Жаралы жіліншікке шаншу болып. 

Кӛгеріп жатыр балуан қаны қашып, 

Кӛргеннің бәрі аясты, жаны ашып. 

Балуаны жыққан Арғын шуылдап жүр, 

«Аруақ қолдады» деп, кӛңілі тасып. 

Оязға Оқас кеп тұр маң-маң басып, 

«Беріңіз, бәйгемді!» деп баяндасып. 

Тоғызды түйе басты үлесті жұрт, 

Таласып суыртпаққа жанжалдасып. 

Бір тайды бара жатыр біреу алып, 

Бір қойды кетіп қалды біреу қағып. 

Жұлысып бір шаршыға екі сақал, 

Бір-екеу ырылдасты ит сықылданып. 

Жақын жоқ, жанашыр жоқ, жалғыз қалып, 

Құз қара зарлап жатыр, дір-дір қағып. 

Бәйгені ас етіндей жұлқылап жүр, 

Біреудің жіліншігін малға шағып. 

Осындай не дейсіңдер әлеуметті, 

Ac беріп алыстырған сол әдетті? 

Сӛксеңіз, соқсаңыз да болды солай, 

Мен ӛзім осындайдан кӛрдім кӛпті. 

Сонымен балуанның бәйгесі ӛтті, 

Оташы мертіккенді бебеулетті. 

Бұл да бір ел қыдырған есер екен, 

Сорлыны атқа ӛбектеп алып кетті. 

 

Ат қайтқанда 

 

Жасымнан жылқы десе менің жаным, 

Атырдым жылқы ішінде ӛмір таңын. 


43 

Sauap.org 

 

Жапанда жел жылқының үстінде ӛскем, 



Мекендеп ӛміріме аттың жалын. 

Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім, 

Жырым - жылқы, жүйрік ат - салған әнім. 

Аспан асты, жер жүзі - кең сақара 

Күн кӛріп атам қазақ келген мәлім. 

Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын, 

Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым. 

Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы, 

Білген жан бекер демес аттың жайын. 

Бірге ӛскен бала күннен құлын, тайым, 

Top кұнан кӛшке мінген күн-күн сайын. 

Аптада ағарса да сақал, шашым, 

Атымды не бетіммен ұмытайын! 

Бұл күнде автом да бар, атым да бар, 

Бәйге алу самалетпен салтымда бар. 

Бізде жоқ Сағынайдың сасық асы, 

Тойына Октябрьдің атым шабар. 

Сауықты, салты қызық халқым да бар, 

Жылқымда асылданды қолтумалар; 

Түрлеңді қазағымның қалың малы, 

Аттарым асыл тұқым жарқыл қағар! 

Қызығы қырдың үлкен бәйге шапқан, 

Күңірентіп кӛк жайлауды, атты тартқан. 

«Бала, - деп, - әрі пысық, әрі жеңіл» 

Иесі талай аттың мені тапқан. 

Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қақтым, 

Мінгемін не саңлақка сумаң қаққан. 

Кӛп атты талай-талай тастап кейін, 

Қыр құсын тақымымда қылмаңдатқам. 

Сәйгүлік мыңнан озған, ӛңкей саңлақ, 

Қырғындап қайтар жерге жетті шаңдап. 

Айдаушы тырна қатар тегіс тізіп, 

Қайтуға ыңғайланды айдалған ат. 

Қаз қатар, мың үш жүз ат жайды қанат, 

Балалар бір-біріне «Алақ! Алақ!» 

«Ал қайт!» деп қашан қолын сілтейді деп, 

Бар бала айдаушыға тұрды қарап. 

Шығар деп қашан даусы «Қайт! Қайттаған», 

Ӛзім де талай-талай жалтақтағам. 


44 

Sauap.org 

 

Болар ма ат үстінен қырда қызық, 



Жалғанда арман бар ма ат қайтқаннан! 

Ат қайтты әлде неше он шақырымнан, 

Кӛп атты қайырмады жақын бұдан. 

Жӛнелді түтіндетіп мың үш жүз ат, 

Шаң кетті кӛкке шапшып сапырылған. 

Арыста ағалаған нелер саңлақ, 

Қашаннан қатып-семген бәйгеге арнап. 

Ұрандар бәйге шапқан бала халқы, 

Күңірентіп жердің жүзін кетті шаңдап. 

Шаңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ 

Балалар ұран салып, безді зарлап. 

Шапқан ат, салған ұран - күңіренді Арқа, 

Уда-шу, ұлан-азар болды жан-жақ. 

Күңірентті ойды, қырды ӛңшең күлік. 

Арқаны дүбірлетті дүбір қылып. 

Кӛшіріп жерді, кӛкті келеді аттар, 

Керілген кең даланы бүліндіріп. 

Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп, 

Адақгап барған сайын шықты жүйрік. 

Тӛртеудің мың үш жүзден мойны озып, 

Құлагер келе жатты тістеп құйрық. 

Артында тӛртеуінің мың ат қалды, 

Балалар барған сайын шулап қалды. 

Жер шіркін барған сайын бауырын жазып, 

Шаң шіркін барған сайын будақталды. 

Шаң кӛкке ӛртенгендей шумақталды, 

Ат терге шомылғандай суды ақтарды. 

Күн шілгер, адам, айуан судан кеуіп, 

Түтігіп талай аттар құлап қалды. 

Құдықтан, жерошақтан қазақ қазған 

Жұлдыздай жалт етеді жүйрік жазған. 

Шынайы жел жүйріктер қырға біткен, 

Деген сӛз былшыл біздің жылқыны «азған». 

Тӛрт тұлпар соқты желдей мыңнан озған, 

«Жетсең ал!» деген есеп мұнша созған. 

«Армансыз болсын аттар» деп әңгірлеп, 

Қазақтар қоюшы ма ед құрты қозған?! 

Жарысты ӛңшең тұяқ жолды сойып, 

Тӛрт кетпен келе жатыр дабылды ойып. 


45 

Sauap.org 

 

Тӛрт тұлпар шаңын бӛліп, ұзай салды, 



Жолшыбай аттың бәрін қырып-жойып. 

Ӛссем де атқа шауып, бала болып, 

Айтуға жетпейді әлім мұны толық. 

Бір сӛзбен бүктеп айтып, байлағанда, 

Осы айдау бопты қатты қырғын жорық. 

Үстінде Құлагердің қандай бала? 

Тастап ек баяндамай оны шала. 

Ақанның елден келген бір жолдасы, 

Кетелік оны да айта осы арада: 

Бұл ӛзі елдегі бір жетім бала, 

Ақанға бауыр басқан ӛкіл бала. 

Кӛзіндей Құлагердің күтеді Ақан, 

Бейбаққа Ақан сері секілді ана. 

Ол кезде жетімдер кӛп қақтығатын. 

Мынаны Ақан сүйіп, жақтыратын. 

Асырап аш, жалаңаш қалдырмастан. 

Біреуге еліндегі бақтыратын. 

Бәйгеге қосар болса Ақан атын, 

Мінгізіп бұл баланы апаратын. 

Тақымы жетімектің құтты болып, 

Құлагер қосқан сайын бәйге алатын. 

Құланың біліп алған бала сырын, 

Серінің келтірмейтін және ашуын. 

Қалың ел, аспан, жердің арасында, 

Ақан деп білетін ол жанашырын. 

Ақан да әкесіндей баласының

Жоқтығын жоқтатпаған анасының. 

Қорғайтын ол ӛмірде үш-ақ затты: 

Құласын, баласын, кӛз қарашығын. 

Сонымен Ерейменге тӛрт ат кетті, 

Тӛрт бала барған сайын құзап кетті. 

Қара үзіп қала берді ӛзге бала, 

Қалғанды қорлық теуіп, ыза ап кетті. 

Жүйріктер жүндей сабап жолды түтсін, 

Ат солай бара берсін, бұл сӛз бітсін. 

Келейік кӛмбедегі кӛпке тағы, 

Сарылып кеткен атты қанша күтсін. 

Айғай, шаң аттан шыққан кӛкке кетсін, 

Екпіні жел соққандай дүрілдетсін. 


46 

Sauap.org 

 

Жел жүйрік Сарыарқаны домбыра қып, 



Тӛрт тұлпар тұяғымен жерді шертсін. 

 

Ат шаңы 

 

Айнадай мӛлдіреген Кусақ кӛлі, 



Осы еді Ерейменде жердің сӛлі. 

Ел жайлап, мал жайылып, думан болған, 

Жайдырған жасыл кілем, жұмақ жері. 

Тӛбесі осы кӛлдің биік жері, 

Кусақтың мӛлдірі еді кӛкше кӛлі. 

Бәйгесі Балуанның тарқағанда, 

Асықты атты тосып астың елі. 

Айдалған астың аты алыс жерге, 

Болар ма Қызқашқанды жақын дерге. 

Шықты шаң кӛз құшында ақ шүйке боп, 

Құлдырап ат ойысты Кусақ кӛлге. 

Кім жетсін тау бауырынан соққан желге, 

Дәл сондай аңқыды аттар жазық жерде. 

Тау тӛсін дүсірлетіп, дүбірлетіп 

Таласты осы тӛрт ат Ерейменге. 

Жанына еліміздің жылқы жаққан, 

Жылқыға жетпеген кӛз жаутаң қаққан. 

Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы; 

Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. 

Атты артық кӛрген елміз мінген тақтан, 

Қызық-ақ біздің бәйге қырда шапқан! 

Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей, 

Аттарға шаң шығарып келе жатқан. 

Ұзақ жол, талай қырқа, талай қабат 

Тауысып шыққан жоқ па келатқан ат! 

Қайта ма Қызқашқаннан шауып жылқы, 

Жетпесе, тегі бұған, ұшып қанат! 

Қадалып шыққан шаңға үңілді кӛз, 

Ӛзара дауылдасқан басылды сӛз. 

«Кім де атқа мінсе жазалы!»- деп, 

Жарлықты және берді үңірек ояз. 

Жарқырап жатыр Қусақ келі сайрап, 

Жас қайың жағасында желмен ойнап. 

Шаң қылаң кӛз ұшында берген кезде, 



47 

Sauap.org 

 

Қобырай бастады жұрт кӛзі жайнап. 



Тыйды ояз «Тыныштал!» деп қатты айғайлап, 

Қазақты қауызға айдап, жіпсіз байлап. 

Қусақтың кер жол асқан кезеңіне 

Қылт етіп келе жатқан ат шықты қайнап. 

Бұрқ етті кезең асып шұбалған шаң, 

Қобалжып қозды құрты астағы жан. 

Ойысты үш-тӛрт қара үздік-создық, 

Алдыңғы ат бірі - қылаң, бірі - баран. 

Кӛргенде кӛз ұшында келе жатқан 

Қараны қоя ма кӛз күн-түн баққан? 

Жасаурап екі кӛзі тұра алмады, 

Құласын құлдыраған танып Ақан. 

Созылды осы тӛрт ат кӛл айнала, 

Алдына екі ат шықты жеке дара. 

Ӛтетін ат қылт етіп Жыланды ӛзек, 

Суы жоқ, бұтасы кӛп - жырақана. 

Күткен кӛп қайтқан аттан кӛрсе қара, 

Жынданбай жанды қазақ тұра ала ма? 

Деп тұрып: «Тоқта! Тоқта! Шаппа! Шаппа!» 

Топалаң болмаушы ме ед тұра-бара? 

Сорғалап сол ӛзекке ат та құлап, 

Жоғалды жұрт кӛзінен келе жатқан ат. 

Ӛзектен үздік-түйдек үш ат шықты

Алдыңда қылт еткендей болды бір ат. 

Елде жоқ осы кезде ұшар қанат, 

Қайтсін-ау қазақ кӛңіл құмарланат; 

Ақанның не болғанын білгеміз жоқ, 

Алдыңғы ат баранданбай, қылаңданат... 

Жұрт кӛрді: ат үшеу-ақ, бірі қалды; 

«Баран жоқ бағанағы!»- деп шулады. 

Тырмысқан тӛске таман үш желді аяқ. 

Дегенше әні-міне келіп қалды. 

Кӛктұйғын келе жатқан екен алды, 

Жануар, қанат қағып ӛрге салды; 

Талассыз керешіден кемел ӛтіп, 

Қайқайып қарақшыға кете барды. 

Алтайдың қосқан аты асып аруақ, 

Кӛк аты Батыраштың келді заулап. 

Дауысы баласының азар шығып, 


48 

Sauap.org 

 

Шырылдап ӛте шықты «Бегайдарлап»! 



Аяғы бұраң қағып, бота маймақ, 

Айтпақтың күреңі ӛтті: «Тӛлебайлап». 

«Шормаңдап» кӛр, шораяқ бурыл ӛтті. 

Лап ұрып, қозып кетті, жұрт айқайлап. 

Ел шіркін бұл аттарды қанша күтті, 

Ат қайтты алып бар қызық, бар үмітті... 

Жүгірді аттарына қаптап жаяу, 

Енді ұстау осыларды қылмыс тіпті... 

Ұрандап мың үш жүзден үшеу ӛтті, 

Қара жоқ ӛзгесінен, қайда кетті? 

Аспан шу, жердің бетін шаңыт борап, 

Біреуді біреу тіпті білмей кетті. 

Қысылған бағанадан қысталаң боп, 

Тәртібін ояздың ел ұстаған жоқ. 

Алуға атын әркім жолдан іздеп, 

Жарысып ат алдынан ұшпаған жоқ. 

Тек Құла астың алдын шайқаған жоқ, 

Бәйге алып, жиын жарып, жайқаған жоқ. 

Айрылып Ақаннан да қалдық, міне, 

Кеткенін қалай қарай байқағам жоқ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет